Бір кісі Құранды жаттай алмаса да, оны қайта-қайта оқи береді екен. Күндердің күнінде ол кісінің ұлы:
- Əке, не үшін Құранды жаттай алмасаңызда қайта-қайта оқи бересіз?- деп сұрапты. Сонда əкесі:
- Ұлым, көмір таситын себетті алып, су алып кел,- деді. Ұлы таң қалып, " бұл мүмкін емес қой" деді.
- Амалдап болса да су алып кел,- деді əкесі.
Бала арықтан су толтырып алды да, жүгіргенше əкесінің алдына келді, бірақ себетте су қалмаған еді. Осылай 5-6 рет қайталанды. Бірде-бір рет су əкеле алмаған ұлы:
- Əке, айттым ғой, мұның сірə амалы жоқ. Себет суды ұстап тұра алмайды, су лезде ағып кетеді, -деді.
Əкесі:
- Ия ұлым, мұның басқа амалы жоқ. Бірақ себеттен қандайда бір өзгеріс байқадыңба? - деп сұрады.
- Ия əке, себет көмір таси бергеннен қарайып кеткен болатын, су құя бергеннен тазара бастады, - деп жауап қайырды ұл.
- Міне көрдіңбе балам?! Дүниенің тіршілігі деп жүрегіміз қарайып кетеді, ал мына Құран - су сияқты қарайған жүректі ағартып, мөлдірлік, тазалық, тұнықтық қасиеттермен безендіреді, - деген екен..
Количество постов 2 224
Частота постов 152 часа 37 минут
ER
5.65
Нет на рекламных биржах
Графики роста подписчиков
Лучшие посты
1624. Өнегелі сөз.
Кешірімі кең Аллаһтан кешірім тілеңдер...
Аллаһ Тағала қасиетті Құранда былай дейді:
﴿قُلۡ یَـٰعِبَادِیَ ٱلَّذِینَ أَسۡرَفُوا۟ عَلَىٰۤ أَنفُسِهِمۡ لَا تَقۡنَطُوا۟ مِن رَّحۡمَةِ ٱللَّهِۚ إِنَّ اللهَ یَغۡفِرُ ٱلذُّنُوبَ جَمِیعًاۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡغَفُورُ ٱلرَّحِیمُ﴾.
﴾(Ей, Мұхаммед!) Өздеріне зиян беруде (күнә жасауда) шектен шыққан құлдарыма айт: «Аллаһтың мейрімінен үміт үзбеңдер. Ақиқатында, Аллаһ күнәлардың барлығын кешіреді. Сөзсіз, Ол – Кешірімді (Әл-Ғафур), Мейрімді (Әр-Рахим)»,- деп﴿.
Зүмәр сүресі, 53-аят.
Басқа бір аятта былай деген:
﴿وَمَن يَعمَل سوءًا أَو يَظلِم نَفسَهُ ثُمَّ يَستَغفِرِ اللهَ يَجِدِ اللهَ غَفورًا رَحيمًا﴾.
﴾Ал, енді кім жамандық жасаса немесе өзіне зұлымдық қылса (күнәға барып қойса), сосын артынша Аллаһтан кешірім тілесе, Аллаһты Кешірімді әрі Мейірімді күйде табады﴿.
Ниса сүресі, 110-аят.
Осы аяттың тәпсірінде ұлы сахаба Абдуллаһ ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын) былай деді:
«..وَلَوْ كَانَتْ ذُنُوبه أَعْظَم مِنْ السَّمَوَات وَالْأَرْض وَالْجِبَال».
«Егер ол адамның күнәлары аспандар мен жерден үлкен болса да, (Аллаһ Тағала тәубеге келген құлының күнәларын) кешіреді».
Тәфсир әт-Табари (8235).

1613. Өнегелі сөз.
﴾Рамазан айы – адамдар үшін тура жолға басшылық əрі Фұрқанның (ақиқат пен жалғанды ажыратудың) анық дəлелі ретінде Құран түсірілген ай﴿.
Бақара сүресі, 185-аят.
﴾Рамазан айы – адамдар үшін тура жолға басшылық əрі Фұрқанның (ақиқат пен жалғанды ажыратудың) анық дəлелі ретінде Құран түсірілген ай﴿.
Бақара сүресі, 185-аят.
Оразаның денсаулыққа тигізер 10 пайдасы:
Жасушалар жаңарып ескілері жойылады;
«Қант» ауруына тосқауыл болады;
Артық салмақтан арылуға әсерін тигізеді;
Тері ауруларына пайда;
Тұз байлану аруына пайда;
Қан қоюлануының алдын алады;
Адам ағзаларын улы заттардан тазартады;
Ас қорыту жүйесі дем алады;
Жағымсыз тәуелділіктерден арылады;
Қан қысымын түсіру мен бас ауруына пайда.
Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!🤲🏻