Статистика ВК сообщества "ҰБТ Академиясы"

0+
ҰБТ-ға онлайн дайындауда №1.
Количество постов 2 113
Частота постов 65 часов 18 минут
ER 18.15
Нет на рекламных биржах

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

📌 СЕН КҮТКЕН ХАБАРЛАМА! 😍
💬 Өз университетіңді комментарийде белгіле! ⬇

106 128 ER 0.7859
📌 КӨЗ АЛДЫҢА ЕЛЕСТЕТ! ҰБТ тапсыратын күн де жетті.

Тапсыру пунктіне ерте келіп, тексеруден өтіп, аудиторияға кірдің.

Бірнеше минуттан кейін ҰБТ-ны тапсырып бастадың.

Сұрақ артынан сұрақ кетіп жатыр. Білетін сұрақты көрсең, қуанасың, білмейтін сұрақ кезіксе, әттеген-ай деп шамалап белгілеп кетесің. 😌

Солай берілген уақыт та аяқталуына шамалы қалды.

УАҚЫТ БІТТІ. ҰБТ-ны аяқтағаныңды растау терезесі шықты. ⚠

Егер жыл бойы дайындалған болсаң, нәтижеңді білуге асықсың.

Ал егер аз уақыт қалғанда әрең дайындалып үлгерген болсаң, нәтижеңді көруге қорқасың. АЗ АЛЫП ҚАЛСАМ ШЕ? 😕

Жүрек дүрсілдеп, аяқ дірілдеп, демің тоқтап қалардай сезімде тұрсың.

Бір сәтке көзіңді жұмып, не болса, о болсын деп ҰБТ-ны тапсырғаныңды растау батырмасына бастың.

ШЕШУШІ СӘТ! Көзіңді ашсаң, ҰБТ-да өзің күткен нәтижеге жетіпсің! 🥳

Қуанышыңда шек жоқ. Қуаныштан көзіңе жас келді, не өз еңбегіңе сай нәтижеге жеткеніңе іштей риза сезімде болдың.

Иә-иә, бір оқып, алда өз басыңнан өткеретін жайттарды оқып, алай-дұлай сезімдерден тұла бойың түршігіп кетті ме? 😬

Түсінемін. Енді өзің қалаған нәтижеге жетуге шамалы-ақ қалғанда босаңсымай, дайындықты қазірден күшейт! 🤗

Назар аударып, соңына дейін оқығаныңа рақмет!

Жазба ұнаса, лайк басып, қолдауыңды көрсет! 💜

32 17 ER 0.4261
📌 Саған арналған кішігірім ескертулер 😉
💬 Ескертулердің қайсысы ұнады? ⬇

63 12 ER 0.4187
— ҰБТ-дан аз балл жинап, грантқа түсе алмағандарға
— ҰБТ көп балл алып грантқа іліне алмай іші ашып, грантқа түскендерді қарғап сілеп, "ол сатып алды", "ол тупой негізі", "за что так?", "өмір неге әділетсіз?", "где справедливость?" және т.б. деп өзін іштей жеп, мұңайып, қайғырып, өмірге келгеніне өкініп, бұл өмірде ең бақытсыз адамдай болып жүрген

ЖӘНЕ

— ҰБТ-ны айырып тастап (көп балл алып), грантқа түсіп, қуанып, бұл өмірдегі тірлікті істеп тастағандай, көкірегін көкке керіп, адам танымай, менсінбей жүрген қыз жігіттерге арналған пост...

Ассаляму алейкум, достар! Менің атым Шалхар. Жасым 25-те. Мен мектепті (Шымкент КТЛ) 2010 жылы үздік аттестатпен бітірдім. ҰБТ-дан 121 балл жинадым. Ол кезде максимал балл 125 еді. СДУ-ға, өзім қалаған мамандыққа (научная математика) түстім. Қосымша экзамендер (SAT, IELTS) тапсырып, Назарбаев университетіне түстім. Бәрі керемет, иә?))

Мен де сол кезде солай ойлағанмын...

Алайда, оқуға "әне кетем, міне кетем" деп жүрген кезімде, абайсызда жарақат алып, омыртқам сынып, мүгедек болып қалдым. Бәрі қалды жайына... Оқуға түсе алмай қайғырып сен отырсың, мен оқуға грантқа түссем де, оқи алмадым. Орыстар айтпақшы, "почувствуй разницу"... Ненің әділетті, ненің әділетсіз екенін түсініп алсай бірінші!

Айналайындар-ау, Құдайдың берген денсаулығына шүкіршілік етсеңдерші! ҰБТ-мен өмір бітпейді ғой. Егер, " жоқ, мен тек грантта оқуым керек ", "платныйға ақша жоқ" десеңдер, ендігі жылы ҰБТ тапсырып түсіңдер.

"Ойбааай, 1 жыл күтемін ба тағы" , "жүрейін сол щеголдармен ҰБТ тапсырып" дейтіндерге айтарым, АНЫҚ ГРАНТ КЕРЕК БОЛСА, жүресің, күтесің!!!

Егер денсаулығым жарап тұрса, 7 жыл өтсе де, ҰБТ қайтадан тапсырып, универ оқыр едім. Оған талпындым да. Осы группа ашылған жылдары (2-3 жыл бұрын) мен де ҰБТ-ға дайындалдым. Абылай ағайларың куә. Сабақтарына да қатысқам. Бірақ маған қызық болмады сабақ деп антиреклама істеп кетсең иә)))) Әзіл ғой .. )))) вопшым не керек, ҰБТ тапсыру сәті түспеді.

Грантқа ілінбегендерге тағы бір вариант, әр универдің ректорының гранты деген болушы еді ғой. Соған талпын.

Вообще то, универ обязательно оқу керек деген заң бар деп кім айтты?)))) Қаншама миллиардерлер, ғалымдар, атақты кісілер универдің гранты түгілі платныйын да оқымаған. Ол ол ма, мектепті де тастап кетіп керемет жетістікке жеткен адамдар бар ғой!

Қарапайым мысал — Абылай ағайларың. "ҰБТ-ға оқушыларды дайындау" деген факультетті грантпен, қызылмен бітіріпті ма?))

Сұрайықшы өзінен. Жоқ, әрине. Математика мамандығы бойынша университетті бітірді. О жақта ҰБТ-ға оқушыларды дайындау туралы мұғалімдер бір де сөз айтпайды)

Өзі ізденіп, еңбектеніп, осы кішігірім бизнесін ашып алды. ҰБТ-сының бұған дым қатысы жоқ. Білуімше, бірнеше универдің магистратура грантын ұтып алып, бір семестрден кейін оқуды тастап кеткен. Бірақ, сол ағайларыңның өзі жақсы табысқа жетіп жүр ғой, солай ма, Абеке?))

Негізі әр адам өзінің еккен егісінің жемісін көреді ғой. мен КТЛ-де оқығам. Білесіздер, ктлде жақсы білім береді. сыныптастарымның бәрі дерлік грантқа түсті. бірақ ,қазір өз мамандығы бойынша жұмыс атқарып жүргендері бірең сараң. Әлі күнге дейін жұмыссыз жүргендер бар. көбісі , мамандықтарын ауыстырған. міне,солар да бірнеше жылдарын заяға кетірді. диплом бар. бірақ, пайдасыз. сендерге келесі жылға қалып,грант алуларыңа
не кедергі? айтайын дегенім, ең бастысы дұрыс таңдау жасау. өзіңе ұнайтын мамандық таңдау...

сосын анау, грантқа түскен студенттерге айтарым : жақсы оқыдым , білімдімін,"звермін " деп басқаларды менсінбей ,звезда болып, жаныңдағы әке шешең бауырларыңның төбесін теспеңдер. білімің өзіңе,өзің үшін оқыдың и оқисың. жақсы оқығаныңды міндетсінбе.
мен де дәл сендер сияқты күй кешкенмін. ешкімді менсінбей,өзімді "намба уан" деп санап,басқалардан ақылды санап,әке шешеме қарсы келгенім бар еді... соңы не болғаны белгілі... менің қателігімді қайталамаңдар . жо жоқ,бұлай істегендер міндетті түрде мүгедек боп қалады дегім келмейді. бірақ басқаша жазалай алады ғой ОЛ .
сондықтан, бір Аллаға сиынып ,кел балалар оқылық))
көп жазып,миларыңды ашытсам кешірім сұрайм. Амандықта жолығайық,достар!!!!

p.s егер маған жандарың ашыыыыып жатса ,тағы осындай мотивациялық пост шыққанын қаласаңдар Лайкты ,Репостты аямай басыңдарш,әтәснәлет)))) группадағы басқа посттарының лайктар санымен жарысам!) Егер осы пост көп лайк жинаса, Абылай маған сюрприз жасаймын дейді))) деп қораға тықсам қалай?)

p.p.s. сосын комментарийге "ойбай, байғұс", "мне жаль", "обалын-ай", "жазылып кет" деп жазбаңдаршы! Іштеріңнен айтсаңдар да жетеді)

15 27 ER 0.3015
ҮЛКЕН ӨМІРГЕ АЯҚ БАСПАС БҰРЫН НЕНІ БІЛГЕН АБЗАЛ?

Мектеп бітіру кешінде сынып жетекшім «Қымбатты түлектер, сіздер осы сәттен бастап үлкен өмірге қанат қағасыздар. Қанаттарыңыз талмасын, биіктерге шырқаңыздар. Мектеп өмірі артта қалды, алдарыңызда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өтулеріңізді тілеймін» дегені бір ерекше әсер бергені ме, әлі күнге есімде қалып қойыпты.

Ол сәтте мен әлі бала едім. Мектеп бітіріп, үлкен өмірге аяқ басу керектігі мені қатты толқытқан-тұғын, себебі мен бұған аса дайын да емес едім.

Өкінішке орай, мектеп те, университет те адамға үлкен өмірде шынымен қажет болатын білім мен дағдыларға үйретпейді.

Cоңы бәріне өзің үйренуге тура келеді немесе өмір өзі «таяқпен» үйретпек.

Бірақ мен сенің өмірден көп «таяқ жегеніңді» қаламаймын. 😉 Cондықтан үлкен өмірде қажет болатын білім мен дағдылардың тізімін бекіттім.

1. Үсті-басыңды таза ұстау, тамақ дайындау және киім үтіктей білу;

2. Өмір сүруге қажет ресурстарды таба білу. «Нан таба білу» (жұмыс табу);

3. Қаржылық сауаттылықтың негіздерін білу (маңызды!);

4. Өз алдыңа мақсаттар қойып, соларға жете білу;

5. Өз өмірің үшін жауапкершілікті ала білу. Өз істеген істеріңе, сөйлеген сөздеріңе өзің жауапты екеніңді білу және оны сезіну;

6. Өз-өзіңді психологиялық тұрғыда реттей білу. Қиындықтар мен сәтсіздіктерге берілмей, төзімді болу;

7. Еңбекақысы төмен жұмыс күшіне (қара жұмысшы) айналмауға тырысу. Жаңа білім салаларын меңгеру. Әрқашан даму үстінде болу;

8. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу;

9. Ақпаратты іздеп, табу, оған талдау жасап, іс жүзінде қолдана білу;

10. Өз-өзіңді бақылауда ұстай білу. Нәпсіге берілмеу;

Бұл менің ойыма алғаш болып түскен жауаптар, ретсіз түрде жазуға тура келді. Ал жалпы айтсақ, қазіргі заман адамы өмір бойы тұрақты түрде оқып, білім алып, дамып, алға жылжуға тиісті, онсыз болмайды. Cен, мен, біз өмір сүріп жатқан ақпараттық қоғамның талабы осындай.

P.S. Осы жазбам сен үшін қызықты әрі пайдалы болған болса, лайк бас! 💙

42 23 ER 0.3014
📌 «Telegram» мессенджерінің негізін қалаушысы Павел Дуровтың саған беретін пайдалы кеңестері:

— Мен үйренуге уақытымды жұмсаған шет тілдерінің арасында тек ағылшын тілі ғана жемісін берді. Ағылшын тіліне баса көңіл бөлген дұрыс.

— Ешқашан теледидар көрме.

— Ешқашан жаңалықтар оқыма.

— Әлеуметтік желілердегі лентаңды фильтрден өткіз. Тек өзіңнің қызығушылықтарыңа сәйкес контентті тұтын.

— Өз-өзіңді тәрбиелеуге уақыт бөл.

— Өзіңнен ақыл-ойы төмен адамдарға уақытыңды азырақ жұмса.

— Ешқашан және ешбір жағдайда алкоголь сусындарын ішпе.

— Ақшаға қарағанда жоғары құндылықтарың болсын.

— Ешқашан ойыңды өткенге немесе алыс келешекке бағыттама.

Егер жазба ұнаса, міндетті түрде лайк бас. 😉

35 4 ER 0.2683
📌 КӨРУГЕ ҰСЫНАМЫЗ!

• Қазақстан тарихынан сәуірде өткен практикалық курстың 4-ші сабағы

• Қазанда өткен Дүние жүзі тарихы курсының 18-ші сабағы

Көр, пікір қалдыр, достарыңмен бөліс 😉

85 2 ER 0.3067
💬 Егер қайтадан бірінші курс студенті болсам, қандай қателіктерді жасамас едім? — Бірінші курс студенттеріне кеңестер
📢 Жоғалтып алмас үшін қабырғаңа сақтап қой

• Жатақханаға немесе пәтерге түскен күні міндетті түрде сенімен бірге тұратын қыз-жігіттермен таныс. "Атың кім болады?", "Қай жақтан боласың?", "ҰБТ-ны қалай тапсырдың?" және т.б. "Кейін танысармыз" деп танысып-білісу сәтін кейінге қалдырып жүрме. Ертесі сен шамалап кімнің кім екенін, кім қандай екенін, кіммен бірге жүруге болатынын және т.б. білетін боласың. Сөзіме сен, бұл маңызды.

• Алғашқы күндерден оқуды қалдырмай, сабақтарға белсенді қатыс. Сабақ үстінде мұғалімдерге тақырыпқа қатысты сұрағыңды қойып отыр, сабақ процесіне белсенді аралас, сабақ аяқталғаннан соң қосымша сұрақтарың болса, қорықпай мұғалімнің жанына барып сұра, cонымен қатар, БӨЖ (білім алушының өздік жұмысы) берсе, қалдырмай орында. Не үшін? Өйткені алғашқы әсердің маңызы зор, мұғалім сені ыждағатты студент ретінде есінде сақтап қалады. Өмірде түрлі жағдайлар болып тұрады. Сен жұмыс істеймін деп оқуға көңіл бөлмей кетуің мүмкін. Сонда емтихан күндері аз дайындықпен келіп, тапсырсаң да, саған тапсыра алмаған басқа топтастарыңа қарағанда анағұрлым жоғары баға қоюы мүмкін. Айтқаныма сен. Егер мен бұны сабақ басталмай жатып ескергенімде, бірінші курс анау айтарлықтай қиын болмас та еді.

• Босаңсыма. Ата-анасының қанатынан шығып, басқа қалаға оқуға кеткен көптеген студенттер еркіндікті сезініп, ойына келгенін істеп, жаман әдеттерге бой үйретіп жатады. Қаншама таныс қыз-жігіттер жаман әдеттерге үйір болды десеңші! Біреуі, мектепті үздік бітірген жігіт, кейін жоғары оқу орнындағы еркіндікті сезді ме, алкоголь сусындарын ішіп бастады. Соңы жоғары оқу орнынан шығарылып, қазір дүкенде сатушы болып жұмыс істеп жүр. Ал тағы бірі "өмірімде темекі шекпеспін" деген адам еді, ал қазір аузынан темекі түспейді. Қысқасы, "әй" дейтін әже, "қой" дейтін қожа жоқ деп босаңси көрме! Жаман әдеттерден аулақ бол!

• Егер ата-анаң саған ақша жіберіп тұратын болса, оны ақылмен жұмса. Айына өзіңе қалыпты жүріп-тұруға, өмір сүруге шамамен қанша қаражат керек екенін анықта. Әрине, қаражат жетіспей қалатын күндер болады, бірақ бұл ақша қолға түскен күні жұмсап тастауға қарағанда жақсы.

• Бейтаныс қалада түнге жақын тентіреме (иә! мама дұрыс айтады). Қайтадан өмірлік тәжірибеме сүйеніп айтып отырмын. Көптеген студенттер өздерін түнге жақын қалада серуендеуге жеткілікті ересекпіз деп ойлайды, бірақ жергілікті бұзақылар мен сотқарлардың басқаша ойлайтыны айдан анық.

• Жоғары курс студенттерімен таныс, қарым-қатынас жаса. Олардан университеттегі оқу, мұғалімдер жайлы сұрап ал. 1-2 курста қандай пәндерге көңіл бөлу керек? Қандай пәндерге онша көңіл бөлмеуге болады? Қандай пәндерді қатал мұғалімдер береді? Қысқасы, олар бұдан сеннен бұрын өткен, сондықтан олардың тәжірибесін біліп, жасаған қателіктерін қайталамауға тырыссаң болады.

• Ең бастысы, өз мақсаттарыңды ұмытпа. Әрине, бейтаныс қала, жаңа орта, топтастарыңмен көңіл көтеру және т.б. жақсы, бірақ сен мұнда не үшін жүргеніңді ұмытпауың қажет. Алғашқы күндерден жоғары оқу орнына не үшін келгеніңді, мақсаттарың қандай екенін есіңнен шығарма.

Сонымен, жаңа оқу жылының басталуына да бір апта+ уақыт қалды. Бұл жазба бірінші курс студенттеріне ескертуім болсын. Бұл оқу жылын сәтті бастап, аяқтаңдар!

Егер жазба ұнаса, міндетті түрде лайк бас. 💚
Жазба жайлы өз ойыңмен комментарийде бөліс.

34 18 ER 0.2700
📌 Сенің түнгі ұйқыңды бұзатын 6 зиянды әдет

Уақыт түнгі сағат үшке таяды. Ертең қаншама істі бітіру жоспарыңда бар. Бәріне үлгеру үшін таңертең ерте тұруың керек, бірақ сенің әрі-бері аунап, ұйықтай алмай жатырғаныңа екі-үш сағаттан асып кетті. Ойың сан-саққа жүгіріп, ұйқыға кетуге маза бермеген соң смартфонға көңіл аударып едің, уақыттың қалай зуылдап өтіп кеткенін байқамай қалдың.

Қазір сені бір сұрақ қана ойландырады. Таңның атуына екі-үш сағат қалса да кішкене көз шырымын алуға тырысып көрейін бе? Әлде мүлде ұйықтамай-ақ қояйын ба? Ақыры күннің шығуына шамалы-ақ қалды емес пе?!

Ғаламшарымызда күнде миллиондаған адам ұйқысыздық мәселесіне тап болады. Қаншама уақыт бойы ұйқы мәселелері көбінесе ересек адамдарға қатысты деп саналып келгенімен, соңғы жылдары ұйқысыз жасөспірімдер қатары артып жатыр. Түнде дұрыс ұйықтай алмаған жасөспірім қалай білім алады? Күні бойы қандай көңіл-күйде болады? Ойланып көрдің бе?

Оқырмандарымыздың көп бөлігін жасөспірімдер құрайтынын ескеріп, бұл жазбада түнгі ұйқыны бұзатын 6 зиянды әдетпен бөлісуды жөн көрдік.

1. Кез келген уақытта ұйқыға жатуды доғар. Саған күні бойы өзіңді сергек сезініп жүру үшін қанша сағат ұйқы жеткілікті екенін анықтап, қай уақытта нақты ұйқыға жататыныңды белгіле. Не себепті: сен әртүрлі уақытта ұйқыға жатқаныңмен, саған күнде сабақ, спорт, жұмыс және т.б. істерге үлгеру үшін белгілі уақытта ұйқыдан тұру керек, салдарынан қалаған уақытыңда ұйқыға жатып үйреніп қалсаң, көз шырымын жеткілікті мөлшерде алмауың мүмкін.

2. Ұйықтар алдында ойын ойнау, сериал көру және т.б. қызықтырып әкететін істермен айналысуды доғар. Бұлай сен ұйқы уақытын одан бетер жылжытып жібересің. Кешкісін сериал көріп бастасаң, дер кезінде стоп деу оңайлыққа соқпайды, сол секілді шамалы ойын ойнайын деп бастап, уақыты келгенде өзіңді тоқтата алмай, түні бойы экранға телміріп, ұйықтамауың мүмкін. Сол үшін ұйқыға жатарға жарты не бір сағат қалғанда демалыс сағатын белгіле. Тісіңді тазала, ертеңгі киіміңді дайында, аяқ киіміңді сүртіп қой, оқуға жеңіл кітап оқы, тыныштандыратын классикалық (не кез келген сөзі жоқ) музыка тыңдап, ұйқыға кетуге дайындал. Демалыс сағаты қандай тамаша уақыт!

3. Ұйықтар алдында интернетті қолдануды доғар. Үшінші кеңеске қосымша ретінде ұсынамын. Әсіресе, түнге жақын интернетпен әлеуметтік желілерде отыру зиянды, себебі Tiktok, Instagram және т.б. бір кіргеннен кейін ондағы контентті ақтара беруден өзіңді арашалап алу өте-мөте қиын, сондықтан да демалыс сағаты жақындағанда компьютер/ноутбукті өшіріп, телефоныңды төсектен алшақ жерге қойып, бір сағат болсын гаджеттерден демал!

4. Ұйықтар алдында кофеин ішпе (кофе, шай, энергетикалық сусындар және т.б.). Құрамында кофеин бар сусындар ұйқыға кетуге кедергі жасайды. Оның орнын шөптерден дайындалған шаймен (травяной чай) ауыстыр.

5. Ұйқыға жату уақыты жақындағанда жаттығу жасауды доғар. Не себепті: физикалық белсенділік кезінде дене температурасы жоғарылап, ұзақ уақыт бойы нормаға түспеуі мүмкін, нәтижесінде ұйқыға кету қиындайды.

6. Бүгін бейберекет болса, оны ертеңге қалдырма. Өзің елестетші: таңертең ерте тұрып, асықпай жаттығу жасап, медитация, аффирмация айту секілді ритуалдарды орындап, жаңа белестерді бағындыруға жақсы көңіл-күймен аттанудың орнына сен ұйқыдан тұра сала кеше жуылмай қалған ыдыстарды жуып, үй тазалап, таңертеңнен күйбең тіршілікке басыңмен батып кетесің. Сосын күні бойы ештеңе бітірмегендей сезіммен жүресің. Мұндай жағдай орын алмас үшін уақытында тазалық жұмыстарын жүргізген жөн.

Сонымен, жоғарыда сенің түнгі ұйқыңды бұзатын 6 зиянды әдеттер жайлы жазып өттік. Берілген кеңестерді жүзеге асырасың деген сенімдеміз!

Назар аударып, соңына дейін оқығаныңа рақмет!

Егер жазба ұнаған болса, лайк басуды ұмытпа. 😉

30 8 ER 0.2402
📌 Әдемі сөйлеп үйрену — 6 жаттығу
📢 Жоғалтып алмас үшін қабырғаңа сақтап қой

1. Сөздік қорды байыту

Қандай да бір текстты алып, дауыстап оқы. Текстты оқып отырғанда, ақырындап сөздерді өзің білетін синонимдеріне ауыстырып отыр.

Алдымен, зат есімдерді, одан кейін етістіктер мен сын есімдерді.

Егер қиындық туындаса — синонимдік сөздіктерді қолдан.

Талмай жаттықсаң, бірте-бірте сөздікті де сирек қолданатын боласың → сөздік қорың байиды.

2. Жүйелі сөйлеу

— Кез келген затты таңдайсың (мысалы, есік, кітап, телефон және т.б.)
Сосын сол зат жайлы текст құрастырып, оны дауыстап оқисың. Мысалы, егер телефон жайлы текст құрастыратын болсаң, оған сипаттама бересің, яғни телефонның моделі, түсі, операциялық жүйесі, функциялары, ерекшеліктерін көрсетесің, басқа телефондардан айырмашылықтарын анықтайсың.

Текст құрастырмай да, ойыңды ауызша жеткізуіңе де болады, бірақ бұған біраз жаттығу керек, сондықтан алдымен текст құрастырып, дауыстап оқып үйренген жөн.

Тыңдаушы адамды таба алсаң, тіпті жақсы. Тыңдаушы монологқа баға беріп, қандай кемшіліктер бар екенін анықтап береді.

— Ойша өзіңе бүгінгі күннің оқиғаларын әңгімеле. Ойларың жинақы, жүйелі болсын.

3. Сезіммен сөйлеу

Алдымен, айнаның алдына тұр, кез келген рөлді таңда да, соны сомда.

Мысалы:
— сатып алушылардың назарын аударуға тырысып жатқан базардағы сатушынының рөлі
— оқушыға жаман қылығы үшін ұрысатын мектеп мұғалімінің рөлі және т.б.

Кейін жаттығуды күрделендіруге болады: бір ақ парақ қағазға рөлдердің атауларын жазып, әрқайсысына бір жарым минуттан бөле отырып, кезек бойынша ойнау.

4. Жылдам сөйлеу

Газеттегі бір мақаланы алып, оқып баста. Мақаланы оқып жатқанда, өзіңді көпшіліктің алдында тұрғандай елестет.

Көпшіліктің алдында сөйлегенде, білеміз, тек қағазға қарап оқып тұруға болмайды, сол себепті арасында көпшілікке де көз тастап тұрған жөн. Сен де солай жаса.

Сонда сен оқығанда, біршама алдыға оқып қоюға үйренесің: үзінділерді байқап, есте сақтайсың.

5. Дауыс тереңдігі

Жаттығу отыра жасалынады.

Басты төменге түсіріп, кез келген дауысты дыбысты дауыстап
айтасың, «и» дауысты дыбысын жаттықтырған жақсы.

Басты жоғары көтергенде, «и» деп қайталаймыз, сонда тембр жоғарылайды.

Бұл жаттығуды жасаудағы мақсат — жаттығуды көп қайталап, тембрдың бірқалыпты, төмен, терең болып қалғанына қол жеткізу.

6. Интонация

Қандай да бір фразаны аласың, мысалы: «Таңертең мама ыдыс-аяқ жуды». Кезекпен әрбір сөзді баса айтып отырып, фразаны бірнеше рет қайталайсың. Мысалы:

«ТАҢЕРТЕҢ мама ыдыс-аяқ жуды».
«Таңертең МАМА ыдыс-аяқ жуды» және т.c.c.

Бұл жаттығулардың көмегімен әдемі сөйлеп үйренуге болады. Қарапайым әрі оңай. Кез келген адам жасай алады.

Егер жазба ұнаса, міндетті түрде лайк басуды ұмытпа. 💙

83 0 ER 0.2928