Статистика ВК сообщества "Заманауи Қазақстан"

0+
www.instagram.com/adyrna.kz

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Олимпиада ойындарындағы сәтсіздіктен кейін әлеуметтік желідегі көпшілік жұрт спорт саласын басқарға Дәулет Тұрлыхановты ұсынып жатыр екен. Несі бар. Өте жақсы ұсыныс деп есептеймін. Қолдаймын. Дәулет осы саланың білікті маманы. Ең бастысы, елін сүйетін шынайы патроит азамат. Бұл ұсынысты сіздер де қолдасаңыздар, төменге пікір қалдырып кетсеңіздер.

0 41 ER 0.4667
Чехия мен Ресейдің қарым-қатынасы күрделене түсті. Чех сыртқы істер министрлігі бүгін елден орыстардың 18 дипломатын шығарып жіберетінін мәлімдеді.
Бұл шешім 2014 жылғы жарылысқа байланысты боп отыр. Сол жылы елде оқ-дәрі қоймасы жарылған екен, 2 адам қаза тауыпты. Үкімет орыс дипломаттарының сол жарылысқа қатысы бар, дәлел де жеткілікті деп отыр.
Сол жылы, сол уақытта әлгі Петров пен Боширов (Ұлыбританияда Скрипальдарды Новичокпен улаған екі жендет) та Чехияда жүріпті. Енді екеуіне іздеу жариялады.
Үкіметінен бөлек саяси белсенділері де Ресейді көп сынайды. Кеше Прагадағы Ресей елшілігі ғимараты алдында "Путинді дәретханаға отырғызып" кетті.

7 73 ER 0.4811
Алла шипасын берсін. Ағамыз тез жазылып кетсін. Әумин🤲

0 39 ER 0.4001
Ұлтық киім киген қазақ қызына бір-бірден лайк басып, жылы лебіз білдірейік! Қазақтың ұлттық киімдері арабтың, еуропаның киімдерінен артық қой. Келісесіздер ме?

1 22 ER 0.3670
«Қазақ титан» тағы да таңқалдырды. Көпшілік арасында Қажымұқан атанып кеткен Алмат Жұманов бұл жолы тағы бір рекорд қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Арқасына 280 келі түйені көтерген алып, 4 тонна 68 келі болатын үш көлікті 13 метр жерге дейін сүйреп гиннес кітабына өз атын қалдырды. Мұндай әдісті алғаш рет өзі ойлап тапқан. Түйе көтеру қалыпты болғаннан кейін, осындай жаңа әрекетке бардым деп отыр. Бұл жолы Алмас бір айға жуық дайындалған екен.

Естеріңізге сала кетейік, Алмат бұған дейін 108 тонналық пойыз вагондарын тартып рекорд қойған болатын.

Сонымен қатар Айдын Нұржұмаұлы да елді елең еткізер әдіспен көлік тартып өз атын рекордтар кітабына қалдырды. Төс сүйегіне ілгіш іліп неміс автомобильін 63 метр жерге сүйреген азамат бұл әдіс үшін талай еңбек еткенін де атап өтті. Өйткені, төс сүйегімен небәрі 10-15 келі салмақты ғана тартуға болады екен.

Осылайша, қазақтың қос алыбы өз есімдерін гиннес кітабына жазып, енді жаңа белестерді бағындыру үшін ары қарай да шыныға береміз деп отыр.

3 14 ER 0.2729
2021 жылдың 4 мамырында Батыс Африкадағы Мали елінің тұрғыны бірден тоғыз баланы дүниеге әкелді. Оның бесеуі қыз және төртеуі ұл, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, анасы мен жаңа туған нәрестелер өздерін жақсы сезінеді.

Жүктілік кезінде Мали астанасы Бамако ауруханасында екі апта болғаннан кейін Халима Сиссе ел Президенті Ба Ндаудың Жарлығымен Марокко клиникасына ауыстырылған.

Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, жаңа туған нәрестелердің анасы 25 жаста.

15 16 ER 0.2938
Әлеуметтік желіде қысқатолқынды пештің нұсқаулығында орысша жазылмады деп қазақ халқына тіл тигізіп сөйлеген орыс жігітінің тағы бір бейнежазбасы пайда болды. Бұл жазбада ол өткендегідей емес, істегеніне өкініш білдіріп кешірім сұраған.

Ол бұл жазбасында қазақ тілін аздап түсінетінін де мойындаған.

«Сол қысқатолқынды пешті алған күні ішімдік ішіп алған едім. Мастығымның кесірінен орысша жазылған нұсқаулықты байқамай қалыппын. Содан қазақ тіліндегі нұсқаулықты түсіріп, Tiktok-қа салып жібердім. Мұндай қылығыммен біреуді ренжітіп аламын деп ойламадым. Есімді жиып, таңертең салған видеоны көріп, бірден өшіріп тастадым. Мұным ойланбай істеген әрекетім болды.

Өзім қазақша аздап түсінемін. Өйткені жолдастарымның тең жартысы – қазақ. Өмір бақи әй-шәй деспей араласып келеміз. Оның үстіне жұмыс бабымен де қазақша сөйлесіп жатады. Өзім осы жердің тумасымын, әке-шешем де осы жердікі. Билікке де ештеңе айтарым жоқ. Сондықтан құрметті отандастар, мені кешіріңіздер!» – делінген жігіттің жазбасында.
Журналист Максим Рожин мұндай әрекеттерге тоқтау салатын уақыттың жеткенін айтады. Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында жариялады.

«Ееех бауырым ау, қазақ тілін осындай ұятты жағдайда үйренгенше, абыройыңды айрандай төкпей, арты бетің майнкрафтталып кешірім сұраумен жалғасты. Дұрыс жағдайда үйренуге болар еді ғой былай қылмай...

Не болды мынау енді? Тілге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру керек, ал мынау енді ұят нәрсе...

Айтсаң өзіңе тиеді!

Негізі осы тенденция жақсы емес жігіттер, айтып алып артынан кешірім сұрау деген қазақта «жігіттің екі сөйлегені – өлгені» немесе «ойланбай сөйлеген ...

Ары карай facebook аудармашы дұрыс аудара алмай калу мүмкін адамдарды шошытып, түсіндіңдер ғой бұл макаланың мәнін...», - деп жазған

4 21 ER 0.2379
28 БАТЫР – ОЙДАН ШЫҒАРЫЛҒАН ЕРТЕГІ

«Отыз жыл өтірік айтып келемін. Құдайдан ұят. Жиырма сегіз батыр да, елу танкі де – бәрі-бәрі өтірік. Атып тастаса да – шындық осы...». Совет Одағының Батыры, 28 панфиловшының бірі – Иван Шадриннен дәл осындай сөз шығады деп кім ойлаған? Екі күн ұстай алмай, үшінші күні әзер дегенде кездесіп отырған батырыма қою үшін дайындап келген сұрақтарым далада қалды...

Совет үкіметінің ең дүбірлі үш мерекесі болды. Бірі – Ұлы Қазан төңкерісі. Қызығы – «Қазан төңкерісін» қарашада тойлайтынбыз. Екіншісі – 9 Мамыр – Жеңіс күні. Бұд да қызық. 2 мамыр неміс жеңілгеніне қол қойды. 9 мамырда тойлайтынбыз. Үшіншісі – 1 Мамыр – Еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күні. Үшеуіне де дайындық жарты жыл бұрын басталатын. Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газеті редакциясының әр бөлімі өз алдына жоспар жасап, кәдімгідей бәсекелесіп жататынбыз.
1975 жылы аталып өтетін Жеңістің 30 жылдығына дайындық тіпті ерте басталды. Редакцияның жалпы жоспарына сәйкес біздің Хат бөліміне Совет Одағының Батыры Иван Шадрин туралы мақала жазу тапсырылды. Құдай бір құпияны маған білдіргісі келді ме екен, бөлім бастығы Жұмақан ағадан осы материалды әзірлеуді сұрап алдым. Университетті тамамдап келгеніме екі жылға жуықтаған: «мен мықтымын» деп тұрған кезім ғой. Жұмекең келіскен.
Енді мынадай қапелімге тап болдым. Аузыма сөз түсер емес. Абырой болғанда, батырдың келіншегі қол үшін бергені.
– Иван, жап-жас жігітті шошытпай, бәрін ретімен айтып берсеңші. Жігітім, әңгіме былай – Ваня ағайың ендігәрі шындықты айтамын деп шешкен. Себебі отыз жыл ішқұса болып жүр. Иван, ал, айт!
– Москва түбіндегі Дубосековоны қарашаның ортасында қорғадық, – деп бастады Ваня ағай сөзін. – Бұл шындық. Қалғаны түгел өтірік. Жазып жүргендей 28 емес, күшейтілген рота едік. Бір ротада жүзге жуық жауынгер болады. Біздің ұзын санымыз бұдан да көп. Рас, қару жетіспейтін, екі- үшеуімізге бір мылтық немесе бір автомат. Әлгі «29 екен, біреуі сатылып, атып тастады» дегенін көрген де, білген де емеспін. Күн суық. Аздап жұтып алғанымыз бар. Аяқ асты қайдан шыққанын ұға алмай қалдық: екі-үш танкісін алдыға салған, бірнеше машина және оншақты мотоциклге мінген немістер тура бізге беттегені. Өздері жайбарақат. Шабуылдайын, разъезді басып ала қояйын деген ниеттері де жоқ сияқты. Біздің окопта тығылып отырғанымызды білмесе керек. Үстімізден түспесе, өз беттерімен кете беретін сыңайы бар. Бірақ алдыңа келген жауды атпасаң, таптап кетеді. Амал жоқ, атысты бастап жібердік. Тырылдаған автомат пен мылтық танкіге не істей қойсын? Бір танкі окоптың сонау басынан сыңар табанымен түсіп алды да, жауынгерлерді езе бастады. Нағыз батыр Нарсұтбай ғой! Есеболатовты айтамын. Өзі үнемі күбірлеп жүретін. Түсінеміз ғой – құдайға сиынып, құран оқып жүргенін. Ішпейтін. Сол Нарсұтбай бір орам гранатаны алып, тұра ұмтылды. Тоқтатпаса, бәрімізді таптап тастайтынын ұқты. Сөйтті де танкінің астына кіріп кетті. Құлақ тұндырған жарылыс. Танкі быт-шыт. Нарсұтбай осылай қаза тапты. Батыр, нағыз батыр – Нарсұтбай! Қалғанымыз жан-далбаса атысудамыз.
Бір танкі бізді айналып өтіп, артымызға шығып кетті. Қысқасы – қоршап алмақ. Боратып оқ атты. Енді бір танкіге «молотовтың коктейлі» тисе керек – өртене бастады. Немісің – өте мықты, айлалы жау. Ой-шұңқырға жата кетіп, бас көтертпей қойды. Гранаталары окопқа түсіп жарылып жатты. Соның бірі менен үш-төрт қадам жерге түскенін көріп, басымды бұғып, құлап үлгердім. Ар жағы есімде жоқ. Немістің тұтқынында өзіме-өзім келдім. Міне, нағыз шындық осы.
– Тұтқынға жараланып түскен екенсіз ғой.
– Иә. Жарылыстан контузия алыппын.
– Ротаның басқа жауынгерлері...
– Ешкімді тірі қалдырмаған шығар деп ойлағанмын. Сөйтсем, үш-төртеуіміз аман қалыппыз ғой.
– Сонда, сонда... политрук Клочков «Россия кең байтақ. Бірақ шегінерге жер жоқ! Артымызда – Москва!» деген жалынды ұранды қай кезде айтты?
– Сен алдымен менен Клочков дегенді білесің бе деп сұрасаңшы?! Біздің рота ондай политрукті танымайды. Политругіміз сол күні арамызда жоқ секілді еді. Клочков дегенді елге келген соң естідім ғой. Пионерлермен, оқушылармен кездесуде соның фамилиясын есіме түсіре алмай жаңылысқан кездерім де болды. Контузияны сылтау етіп құтылатынмын. Қайдағы ұран? Дарылдаған танкі зеңбірегінен оқ атып, дүниені жаңғыртып жатса, автомат пен мылтық тарсылдап жатса, неңді естисің? Қып-қызыл өтірік! Болған емес Клочков деген политрук. Жазушының ойдан шығарғаны!
Осы сәттерде әзірлеп келген сұрақтарымның бір жағы ойға оралды.
– Генерал Панфиловты көрдіңіз бе?
– Жоқ, бетпе-бет келмеппін. Бірақ өте мықты әскери қолбасшы, өте жақсы адам екен.
– Ваня ағай, Панфиловпен жолықпасаңыз, ол кісінің қандай екенін қайдан білесіз?

35 21 ER 0.2856
Белгілі айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов елдегі әлеуметтік жағдай туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Мемлекетте тұрғындарына қарап баға беріледі. Мемлекеті озып, адамы қалып кеткен мемлекет жоқ. Адамы байып, мемлекеті кедейленді деген де жоқ. Үйдің жиһазына қарап, иесінің тұрмыстық жағдайын байқайсыз. Біздің елде шалқыған бай да, қара нанды көз жасына шылап жеп отырған кедей де бар. Біздің елде орта тап жоқ. Біздің ел бай мен кедейден құралған. Еліміз автобусқа жол билетіне ақша әзер тапқан адамдар мен Лексус 570 мінген адамдардан құралған. Осы екі аралықта ғана өмір сүріп отырмыз. Мемлекет қуатты болу үшін ортаңғы тап көп болу керек. Мемлекетімізде бәрі керемет, бәрі дамып кетті деген таза өтірік. Бәрі жаман деген де өтірік. Құдай екі көз берген соң, жетістікті де, кемшілікті де қатар көру керек. Елімізде халыққа қызмет көрсету орталығында жетістіктер бар. Бірақ, быт-шыт болып құлдырап жатқан салалар, идеология, руханият бар. Халықтың тұрмысы нашар», - деді ол Нұрмахан Мұқанұлына берген сұхбатында.

5 9 ER 0.2099
8-13 қараша аралығында Өзбекстанда әл-Фергани атындағы халықаралық физика олимпиадасы өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, зияткерлік сайысқа әлемнің 18 елінен, соның ішінде Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Румыния және т.б. 130 бала қатысты.

Байқау жазбаша және практикалық жұмыстардан тұратын екі кезеңнен тұрды.

Ұлттық құрама Қазақстанға екі «алтын», алты күміс және үш қола медаль әкелді. Әлішер Еркебаев пен Нұрдәулет Назарбаев жеңімпаз атанды. Күміс жүлде Даниил Шатохин, Оразхан Хайдар, Дінмұхаммед Сапыбек, Ердәулет Нахип, Бернард Шамғонов, Диас Эспанға бұйырды. Бексұлтан Шәріп, Асқар Қасымов және Нұржан Хасенов «қола» алды.

Мектеп оқушылары өздерінің жеңістерін туған ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнағаны атап өтілді.

Олимпиададағы бәсекелестік өте жоғары болды, өйткені қатысушылардың көпшілігі Халықаралық физика олимпиадасының (IPhO) рейтингінде жетекші орындарда. Біздің жігіттер тамаша нәтиже көрсетіп, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты танытты. Қазір Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» орталығы оқушыларымыздың халықаралық олимпиадаларға қатысуына барлық жағдай жасау үшін түрлі деңгейдегі олимпиадалар өткізу бойынша жұмыстар жүргізуде», - деді Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

"Адырна" ұлттық порталы

3 9 ER 0.1985