Статистика ВК сообщества "National Geographic Qazaqstan"

0+
Қатарымызға қосылыңыз, әлемді бірге өзгертейік!

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

«Шымкент ажары» экспедициясы

7 маусым күні Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «National Geographic Qazaqstan» редакциясының «Шымкент ажары» экспедициясы басталды. Негізгі мақсат – тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына арналған Шымқаланың даму қарқынын паш етіп, ару шаһардың архитектурасы мен ландшафтын, тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын бүкіл әлемге көрсету. Аталмыш экспедиция үшін әйгілі National Geographic фотографы – Герд Людвиг (@gerdludwig) арнайы шақырылды.

Сондай-ақ, шығармашылық топ құрамында редакция мен еліміздің бетке ұстар фотографтары мен тілшілері де бар.

Ал экспедиция серіктесі Astana Motors ұсынған Subaru Forester Sport кроссоверімен арнайы әзірленген маршрутты дер кезінде аяқтауға толық мүмкіндік бар!

Экспедиция барысы мен қорытындысы «National Geographic Qazaqstan» басылымының бүкіл ресурстарында жарияланатын болады.

PS. Қатарымызға қосылыңыз, шырайлы ару қаланың тынысына бірге құлақ түрейік!

#natgeo #natgeoqaz #gerdludwig#shymkentajary #shymkentazhary #wymkentajary #wymkentazhary #натгео #натгеоқаз #шымкентқаласыәкімдігі #шымкентәкімдігі #astanamotors #astana_motors #subaru #subaru.kazakhstan #subaru.motor.almaty #субару #фото #фотоөнер #фотография #сурет #туынды #шымкент #шырайлышымкент #шырайлышым #шырайлышымқала

1 2 ER 0.0811
Аккаунтымызды қайтарып алдық!

Құрметті оқырман мен жазылман, 14 маусым күні әзірге белгісіз хакердің шабуылынан кейін National Geographic Qazaqstan журналы инстаграмдағы [club105859349|@natgeoqaz] парақшасынан айырылған болатын. Уашингтондағы штаб-пәтердің көмегімен Instagram компаниясына тікелей шығып, екі аптаға созылған тергеу амалдарынан кейін аккаунтымызды қайтарып алғанымызды қуана хабарлаймыз!

14-29 маусым аралығында жарияланған бүкіл пост пен сторис жойылды! Осы уақыт аралығында жарияланған дүниелер біреудің шамына тисе, редакция атынан кешірім сұраймыз!

Алаңдаушылық білдіріп, телефон арқылы хабарласып, поштамызға жазған бүкіл оқырманға алғысымыз шексіз!

PS. Арамдық алға, өтірік сөз өрге баспайды!

0 1 ER 0.0507