Статистика ВК сообщества "ЖҰЛДЫЗДАР"

0+
Авторлық ән салғыңыз келсе: Бас админге немесе топтың "сообщение"-сіне шығыңыз.⬇️

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Amre & Erke — Бірге ТЕКСТ | ЖАҢА ӘН🔥

Жүздестік талай
Бұрын көңіл бөлмеп едім бұлай
Кенеттен мен ғашық болдым қалай
Сезіміме жауабың бар қандай
Менде де солай
Түсінсеңші көздеріме қарай
Тым себепсіз болмайды ғой олай
Ойлайсың ба болады деп оңай

Қайырмасы:
Екеумізге де
Кедергі емес ештеңе
Өкпелеме өткенге
Болайық бірге

Сұлуым менің
Жылуым ба едің
Баурады мені еркелегенің
Өртеді сезім
Сүйемін дедім
Сезінші маған
Нәзік жүрегің

Сөзіңе сендім
Сенгенімнен құшағыңа ендім
Өміріме құстай ұшып келдің
Жүрегімді өз қолыңа бердім

27 6 ER 0.0933
Instagram saken_maigazyev:

"Шыныңды айт, балам..." деген сурет. АЛЛА ұлық!

0 0 ER 0.0589
Жолдасбек Әбдіхан & Индира Елемес — Сен де білдің 2021 (текст) ЖАҢА ӘН🔥

Соңы қалай боларын
Сен де білдің
Соңы қалай боларын
Мен де білдім
Сенсіз жүрек сенбесін
Қайта бақыт келмесін
Сен де білдің, мен де білдім

Қайырмасы:
Көздеріңнен білдім мені арбағаныңды
Сөздеріңнен білдім мені алдағаныңды
Сұрадым тілсіз, жыладың үнсіз
Сен өзгені білдім таңдағаныңды

Өзіңді-өзің алдаумен
Сен де жүрдің
Үмітімді жалғаумен
Мен де жүрмін
Өкініш боп өткен күн
Келмейтінін көктемнің
Сен де білдің, мен де білдім

24 6 ER 0.0700
Қуандық Рахым — Сені сүйем (ТЕКСТ)

Көңіл күйім түсті бүгін
Тағы да сағынтып жүр мені үйім
Жүрегімнің шектері ойнап осы күйін
Қандай түйін екенін шешу қиын

Қайырмасы:
Сені сүйем, маған ешкім ұнамайды
Сені сүйем, жаныңда ешкім тұра алмайды
Жүрек тұра алатындар көп деп алдайды,
Сені сүйем.

19 10 ER 0.0695
Ернар Айдар — Есімде (текст) ЖАҢА ӘН🔥

Тағдырдан таптық жеңіліс мен де, сен де
Жүректі уақытпен алдап, емдесең де
Мен саған әлі ғашықпын сенбесең де, жаным

Қайырмасы:
Есімде, есімде бәрі, бәрі есімде
Сырласқан сәт көктемнің кешінде
Сағыныштың самалы есуде
Өшірме, сен де жүрегіңнен өшірме
Келсек те мейлі қандай шешімге
Сезімнен жасалмайды көшірме
Сенен басқаны сүйсем кешірме

Махаббат кейді күрсінтіп кеш гүлдейді,
Сүймегенге сезім үні естілмейді.
Шын ғашықтардың жүрегі ескірмейді, жаным.

38 7 ER 0.0762
Әбдіжаппар Әлқожа — Неке туралы куәлігіміз (текст) ЖАҢА ӘН🔥

Сағынсам уақыт қатып қалады
Батыл жүректер бақыт табады
Бақытымды іздеп барайын саған
Қиялдай беру уақыт алады
Көнген жан болып көріне алмаймын
Өзге жүректен орын алмаймын
Туу туралы куәлігіміз
Бөлек екен деп бөліне алмаймын

Қайырмасы:
Шаттанып талай шығар үніміз
Солай болсам деп дұға қылыңыз
Бір күні бізді біріктіреді
Неке туралы куәлігіміз

Жадырап жаның гүлдей болсыншы
Жарқырап жүзің күндей болсыншы
Егіз жүректей бірге болайық
Фамилиямыз да бірдей болсыншы
Сергелдең болып сері көңілім
Сені күтуде менің өмірім
Жүргізіп жүрген көлігімнің де
Артынғы орны сенің орының

21 1 ER 0.0551
Ерке Есмахан — Кел, кел ТЕКСТ | ЖАҢА ӘН🔥

Іздесең сен мені
Ізімнен кел бері
Мекенім көкте емес
Жұлдызбын жердегі
Көз салған бақшама
Сөз салған жас бала
Жұлдызбын мен бірақ
Өзіңнен басқаға

Қайырмасы:
Кел, кел
Гүлдеріңді бер, бер
Әндеріме дем бер өнер жолында
Кел, кел
Жүрек отын бер, бер
Сенсің жаным сенер өмір жолында

Сен мені сағынба
Мен бармын жаныңда
Жаныңда болмасам, теледидарыңда
Жұлдыз деп ойлама
Теңеме Айға да
Қызымын қазақтың
Еркемін жай ғана.

5 1 ER 0.0448
Қуандық Рахым & Дидар Қамиев — Адал достық ТЕКСТ | ЖАҢА ӘН🔥

Сырлас едік жан досым бала кезден
Қиялымыз ұшқыр түн дала кезген
Арындаған жастық шақ асау мініп
Қалай ғана тез ұштық қара көзден

Қайырмасы:
Дос болудың жүгін бірге көтердім
Азаматын бөле жармай осы елдің
Жаратқанның сыйы екен адал дос
Саяқ жүріп мұратына жетер кім?
Сені іздеп жанарыма жас келді
Қалған кезде кеше астында нөсердің

Үзілмейтін достықтың жібін өрдің
Дос қуанса кіргіздің сәнін төрдің
Әр пендеге бұйырмас адал достың
Абай айтқан сыйпатын сенен көрдім

Ызғарынан қалтырап қара күздің
Көк майсалы көктемнен күдер үздім
Жан досыма жар бол деп қиын сәтте
Бір Алладан дұғаңды тілеп жүрдім

17 0 ER 0.0491
Қуандық Рахым — Сағынбайды деймісің ТЕКСТ | ЖАҢА ӘН🔥

Күліп жүрген ғашықтар
Шын күліп жүр деймісің
Бақытына асыққан
Үлгеріп жүр деймісің
Өмір бізден басқаны
Сынамайды деймісің
Көздерінен жас тамып
Жыламайды деймісің

Қайырмасы:
Сүйіктім-ау сабыр қыл, жаңылмайды деймісің
Сені сүйген жаным бұл, сағынбайды деймісің
Таусылғанда жігерім, жүдемейді деймісің
Саған бақыт жүрегім, тілемейді деймісің

Тұрса көзге мұң қатып
Жанға жайлы деймісің
Көңіл бөліп бір уақыт
Арнамайды деймісің
Көңіл бөлген жігіттер
Алдамайды деймісің
Үміт беріп үмітпен
Арбамайды деймісің

18 1 ER 0.0485
Әділет Жауғашар — Әппақ баламын ТЕКСТ | ЖАҢА ӘН🔥

Түн ұйқысын төрт бөлген
Ұйқысыз түн көп көрген
Ақ анамды сағынғасын
Әнмен бірге жырды төгем

Қайырмасы:
Мен сені көзіңнен танып аламын
Мен сол баяғы қап-қара, қара баламын
Алақанға салып мені сүйіп өсірген
Ақ анашым үшін мен әппақ баламын

Жалғастыр деп мұраны
Анам келін сұрады
Ақ анамның орамалы
Бір сұлуға тағылады

7 2 ER 0.0367