Статистика ВК сообщества "Ақын жүрек"

0+
👇Телеграм каналыма өтетін сілтеме

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Өткенмін мен

Ұлықтап әлемдердің мәңгі Иесін,
Сан сүйесің жүрегім,сан күйесің.
Жар таңдауда болашақ ұлым менен
Қызымның ойлап жүрмін тәрбиесін.

Айналама асықпай қараймын да ,
Талай баққа кез болам,талай мұңға.
Ақыл айта алмаймын аруларға
Ақылын тыңдамаған Абайдың да.

Барымды бағалайтын бұл өмірде,
Салиқалы адал жар тілегім де.
Көркемділік көздерге көрінбеуде
Әдемілік адамның жүрегінде.

Қыздар-ай қызықтырған өткен күнмен,
Сұлулықты шетелмен шектеп жүрген.
Соска болып алдымнан шықпаңдаршы
Балалықпен қоштасып кеткенмін мен.
Ондайдан өткенмін мен...

Жәнібек Салқынбек
23.05.2022 23:06

2 1 ER 0.3386