Статистика ВК сообщества "КPУ им. А. Байтурсынова"

0+
По всем вопросам обращайтесь на инстаграм страничку

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Практика на заводе КАМАЗ

17 студентов Костанайского регионального университета им. А. Байтурсынова отправились в г. Набережные Челны для прохождения производственной практики на ПАО «КАМАЗ». Прежде всего - это студенты выпускных курсов, обучающиеся по образовательным программам «Электроэнергетика», «Технологические машины и оборудование» и «Транспорт. Транспортная техника и технология».

Студентов сопровождает руководитель практики от университета, который на протяжении двух месяцев с 24 января по 31 марта – будет находиться вместе с ними на предприятии и курировать весь процесс.

Такая возможность выпала студентам, благодаря межправительственному соглашению между Республикой Казахстан и Российской Федерацией в области машиностроения, в рамках которого в июне 2021 года Костанайский региональный университет им. А. Байтурсынова и Набережночелнинский институт Казанского федерального университета (КФУ) подписали меморандум о сотрудничестве, в рамках которого предусмотрена целевая подготовки кадров для машиностроительной отрасли Казахстана.

Партнеры университета создали для костанайских студентов идеальные условия: бесплатный проезд из Костаная в г. Набережные челны и обратно на комфортабельном автобусе, трехразовое бесплатное питание, бесплатное проживание в комфортабельном общежитии. Кроме этого, в выходные дни для казахстанских студентов будут организованы досуговые и культурные мероприятия, экскурсии по городу и т.д..

Для практикантов предусмотрен 5-дневный 8-часовой рабочий день с двумя выходными, зарплата при таком графике предусматривается в размере 42 тысяч рублей ( примерно 200-230 тысяч тенге) в месяц. Помимо этого, при сверхурочном графике работы – в вечернее время или в субботу с одним выходным днем зарплата достигнет 60-70 тысяч рублей. Практику студенты будут проходить на заводе по сборке двигателей.

Напомним, для костанайских студентов это уже вторая практика на заводе КАМАЗ. Напомним, в июне прошлого года 30 студентов Костанайского регионального университета им. А. Байтурсынова прошли практику на ведущем российском предприятии ПАО «КАМАЗ» , тогда наши студенты работали в современных сборочных цехах завода КамАЗ.

3 0 ER 0.1953
Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері Набережные Челны қаласынан оралды. «Электр энергетикасы», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» және «Көлік. Көлік техникасы мен технологиясы» ББ-ның студенттері 24 қаңтар мен 31 наурыз аралығында «КАМАЗ» ЖАҚ-да өндірістік тәжірибеден өткен болатын. Олар келесі аптаның басында университет басшылығымен кездесіп, тәжірибеден түйгендері жайлы есеп береді, сапардан алған әсерлерімен бөліседі.
—----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сегодня студенты Костанайского регионального университета им. А. Байтурсынова вернулись из г. Набережные Челны, где с 24 января по 31 марта они проходили производственную практику на ПАО «КАМАЗ». Прежде всего - это студенты выпускных курсов, обучающиеся по образовательным программам «Электроэнергетика», «Технологические машины и оборудование» и «Транспорт. Транспортная техника и технология».
Довольные, но уставшие они сегодня вернулись в Костанай, а уже вначале следующей недели состоится встреча с руководством университета, где они смогут предоставить отчет и поделиться своими впечатлениями о поездке.

0 0 ER 0.1176
Друзья! Все фотографии с вручения дипломов вы можете найти в наших альбомах

1 0 ER 0.1370
Ресей ғылым академиясымен бірлескен халықаралық жоба

Қостанайға А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің халықаралық қатынастар және шетелдік студенттерді тарту бөлімінің шақыруымен Ресей ғылым академиясының Сібір филиалы Жануарлар систематикасы және экология институтының (Новосибирск) аға ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы Сергей Соловьев келді. Ол студенттермен бірге «Орталық Азия, Бараба орманды даласы мен Солтүстік Еуразияның Қостанай даласындағы ұшу жолының фаунасы мен құстар популяциясының қазіргі жағдайын зерттеу» атты бірлескен халықаралық жобаны жүзеге асыруда.
Бұл жобаның бірінші кезеңінде, қыста, университеттің ғалымдары, студенттері мен оқытушылары Қостанай қаласының тұрғын және саябақ бөліктеріндегі құстардың санын және таралуын анықтаумен айналысады. Бұл сирек кездесетін және жойылып бара жатқан құстардың, сондай-ақ басым құс түрлерінің санын анықтау үшін жасалады. Сонымен қатар қаланың санитарлық-эпидемиологиялық жүйесін бағалауға мүмкіндік береді.
Жобаның екінші кезеңінде Ресей ғылым академиясының Сібір филиалы Экология және өмір туралы ғылымдар институтының Чановский станциясының базасында және Қостанай қаласында бірлескен ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар, тағылымдамалар және эксперименттік материалдарды талдау және толықтыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Ресейлік ғалым далалық зерттеулермен қатар эколог студенттерге «Қоршаған ортаны басқару экологиясы» және университетіміздің ғалымдары үшін «Экология тарихы. Мәселелерге заманауи көзқарас» атты дәрістер оқиды.

1 0 ER 0.1174
Ректор наградила участников фестиваля мобильного кино

Видеограф Медиа-службы университета Алина Сейдахметова и магистрантка кафедры Журналистики и коммуникационного менеджмента Регина Хасанова получили диплом ректора за участие в фестивале мобильного кино.
Фильм девушек называется «Айша», так зовут главную героиню. Имя выбрали не случайно, с арабского языка оно переводится как «жизнь». На борьбе за жизнь и победе жизни над смертью строится сюжет. Регина выступила в качестве актрисы главной роли и сценаристки, Алина занималась режиссурой. Также в актёрский состав вошли Эльдар Меербеков, студент 4 курса и Алина Никонова, выпускница нашего университета. К сожалению, работа девушек не получила главный приз на самом фестивале, но ректор университета Алма Дощанова решила наградить дипломами и призами понравившиеся работы.
Мы же, в свою очередь, поздравляем девушек и желаем не останавливаться на достигнутом, развивайтесь в творческой и профессиональной деятельности!

0 0 ER 0.0973
ҚӨУ студенттері – республикалық турнир жеңімпаздары

5-6 маусымда Алматыда «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогы үшін XIX Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнир өз өңірінің іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары атанған республиканың түкпір-түкпірінен ең мықты 16 команданы жинады.
Біздің облыстың атынан А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің студенттері, «Ахмет ұрпақтары» дебат клубының мүшелері Диас Ержанов пен Азамат Камза қатысты. Жігіттер жақсы ойын нәтижесін көрсетті, 4 іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша ширек финалға жолдама алды. Ширек финалда Ақтөбелік, жартылай финалда Нұр-Сұлтан қаласының командаларымен бақ сынасты. Бұл додада да жеңімпаз атанған ҚӨУ-нің пікірсайысшылары финалда Петропавловск қаласының командасымен жарысқа түсті. Финалдық ойын тартысты болды, бірақ біздің жігіттер жеңісті қолдан бермей, турнирдің жеңімпазы атанды!
Турнир – республикадағы ең мықты турнирдің бірі, сондықтан біздің студенттер аталмыш сайыстың жеңімпазы болғанына мақтанамыз!

0 0 ER 0.0982
Ұжымдық монографияның тұсауы кесілді

Бүгін Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Жобалық кеңсесі базасында республикалық деңгейдегі іс-шара – Қазақстан халқы Ассамблеясының Қостанай облысы бойынша ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті.
Отырысты Қостанай облысы бойынша ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, философия ғылымдарының кандидаты Денис Качеев ашып, 2020-2021 жылдарға арналған ғылыми-сараптамалық қызметінің қорытындылары туралы баяндама жасады.
Ал Мемлекет тарихы институтының (Нұр-Сұлтан) директоры, тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ғылыми-сараптамалық қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Қостанай облысы ҚХА ҒСТ мүшесі, филология ғылымдарының докторы Марьяш Кадралинова Қазақстан дамуы тұрақтылығының негізі болып табылатын ұлтаралық келісім мен ұлттық бірлікті сақтаудағы мемлекеттік саясатқа назарын аударды. Сондай-ақ «Қоғамдық Келісім» КММ (Нұр-Сұлтан) директорының орынбасары Хадиша Ерсейітова Қостанай облысы бойынша ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жұмысын жоғары бағалады.
Шара соңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері: қазіргі жағдайы мен болашағы (Қостанай облысының материалдары негізінде)» атты ұжымдық монографияның тұсауы кесілді.

1 0 ER 0.1166
ҚӨУ-нің үздік 10 студентінің есімі белгілі болды

Жаңа жыл қарсаңында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де студенттер үшін ең көп күткен оқиға – «ТОП-10 жүлдесі» байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау болды.
Айта кету керек, бұл жыл сайын өткізіліп тұратын байқау, онда үздік студенттер лайықты марапатқа ие болады.
Көптің арасынан іріктеліп алынған, университеттің ғылыми, спорттық және шығармашылық өміріндегі табыстары үшін
ТОП-10 сыйлығына ие болған студенттің есімдерімен таныс болыңыздар:
1. Кирилл Кунильский – Экономика және құқық институтының 3-курс студенті;
2. Аружан Сарсенбаева – Экономика және құқық институтының 3-курс студенті;
3. Даниил Банщиков – Инженерлік-техникалық институттың 4-курс студенті;
4. Алия Тюлегенова – Экономика және құқық институтының 4-курс студенті;
5. Алина Борунова – Инженерлік-техникалық институттың 3-курс студенті;
6. Анастасия Тян – Экономика және құқық институтының 4-курс студенті;
7. Сағындық Садық – Инженерлік-техникалық институттың 4-курс студенті;
8. Махаббат Казбекова – Педагогикалық институттың 3-курс студенті;
9. Тимур Ахметов – Экономика және құқық институтының 4-курс студенті;
10. Карима Рекенова – Педагогикалық институттың 3-курс студенті.

Өкінішке орай, 2020 жылы енгізілген карантиндік шараларға байланысты бұл байқауды өткізу мүмкін болмағандықтан, марапаттау рәсіміне өткен жылдың жеңімпаздары да шақырылды. Олар:
1. Айгерім Төлепова – Экономика және құқық институтының түлегі;
2. Карина Аймухамбетова – Ауылшаруашылық институтының түлегі;
3. Аягоз Макатова – Педагогикалық институттың түлегі;
4. Перизат Гиса – Ауылшаруашылық институтының 4-курс студенті.

Сондай-ақ «Жыл белсендісі» номинациясы бойынша 6 студент марапатталды:
1. Тамерлан Туктамысов – Экономика және құқық институтының 3-курс студенті;
2. Расул Әбілмәжинов – студент, 4 курса ИТИ;
3. Муратхан Шуйншибаев – Инженерлік-техникалық институттың 4-курс студенті;
4. Оғабек Шамитдинов – Педагогикалық институттың 3-курс студенті;
5. Мерей Сахиев – Экономика және құқық институтының 4-курс студенті;
6. Заманбек Сейл – Инженерлік-техникалық институттың 4-курс студенті.

«Жыл көшбасшысы» арнайы номинациясы Ауыл шаруашылығы институтының 3 курс студенті, «Аялы жүрек» еріктілер клубының төрағасы Әділхан Серікбаевқа берілді.
Экономика және құқық институтының 2-курс студенті Анель Пимичева «Жыл жаңалығы» номинациясының жеңімпазы атанды.
«Жыл таңдауы» номинациясы бойынша жетістіктері мен университет өміріне белсенді қатысып, студенттік ұжымның оң имиджін қалыптастыруға ықпал еткен студенттер мен түлектер марапатталды:
1. Яна Лантух – Экономика және құқық институтының түлегі;
2. Думан Казез – Педагогикалық институттың түлегі;
3. Диас Ержанов – Экономика және құқық институтының түлегі;
4. Руслан Пушкарёв – Ауылшаруашылық институтының түлегі;
5. Жасұлан Нүсіпқан – Инженерлік-техникалық институттың 3-курс студенті;
6. Аблайхан Осипов – Экономика және құқық институтының 4-курс студенті.
Сондай-ақ, институт белсенділері мен көшбасшылары мақтау қағаздарымен марапатталды.

1 0 ER 0.0974
Жаңа балабақша ашылды

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Sweet baby» балабақшасының ашылу салтанатында болды. Балабақшаны А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті жеке кәсіпкер, Гүлім Ахметоваға жалға берген. Бұл жерде университетіміздің студенттері педагогикалық тәжірибеден өтетін болады. «Sweet baby» мектепке дейінгі ұйымы педагогикалық институт кафедраларының филиалы болмақ. Университет оқу үдерісіне дуалды оқыту қағидаттарын белсенді түрде енгізуде, ал балабақша педагогикалық мамандықтар студенттерінің балалармен жұмыс істеуде практикалық дағдыларын қалыптастыратын алаңға айналады, ал мұғалімдер үшін бұл мектепке дейінгі тәрбиедегі педагогикалық шеберлік әдістерін жетілдіру мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар 52 адам жұмыспен қамтылды.
Балабақшада тәжірибеден өткен студенттердің кейін осы жерге жұмысқа тұру мүмкіндігі де қарастырылған.
Балабақша 250 орындық. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 100 бала, коммерциялық топтарда 50 бала бар. Бюджеттік орындарға қабылдау әлі де жүріп жатыр.
Облыс әкімінің айтуынша, мемлекет үшін жаңа нысандар салғаннан гөрі, шағын кәсіпкерлікті қолдау тиімді. Сондай-ақ облыс әкімі ҚӨУ-нің ректоры Алма Дощановаға облыстың әлеуметтік саласына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың 2021 жылғы 19 ақпандағы бейінді емес активтерді аутсорсингке беру туралы тапсырмасын орындау үшін, бюджеттік қамтудың тиімділігін арттыру мақсатында біз ауданы 1900 шаршы метрді құрайтын шейпинг-орталық пен профилакторий ғимараттарын жалға берген болатынбыз.
Балабақша заман талабына сай жабдықталған, топтар жарық, заманауи үлгіде безендірілген. Бақшада тіпті бассейн мен сауна бар. Барлық бөлмелерде бейнекамералар бар. Университет қызметкерлері «Онлайн-ана» сайтын әзірлеуде, бұл сайт арқылы ата-аналар онлайн қосылып, балаларын сырттай бақылай алады.

0 0 ER 0.0778
Бүгін А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері маусым айының 5-де өтетін референдумдағы өзгерістерді талқылады. Оқу орнының заңгерлері, Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының оқытушылары Конституцияның өзгеріске ұшырайтын тармақтары туралы түсіндірді. Бүгінгі жиынға қатысқан оқытушылар мен студенттер қауымының өкілдері өз орталарында, топтарында референдумның қажеттілігі мен маңызы туралы ақпарат береді.
*********************************************************************
Сегодня преподаватели и студенты КРУ имени А. Байтурсынова обсудили поправки к конституции, вынесенные на референдум, который состоится 5 июня 2022 года. Преподаватели кафедры теории государства и права подробно разъяснили статьи Конституции и пункты, которых коснутся изменения после референдума. В свою очередь, студенты и преподаватели, принявшие участие в сегодняшней встрече, проведут встречи, где будут говорить о необходимости и важности проведения референдума.

0 0 ER 0.0588