Аттілі (Аттила) немесе Еділ батыр туралы аңыз
Аттілі ( Аттила ) – түркі-қазақ тілінде осылай аталуы тиіс. Ежелгі қазақтар көне заманда көшпелі халық болған соң, балаларының есімін төрт түлік малдың атымен атай берген. Бұған таңғалуға болмайды: ұлдарын «Тұяқ», «Нарбұқа», «Кетбұқа», «Қойбағар», «Қозыбақ», «Наржігіт», «Тайжігіт» атаса, қыздарына «Еркетай», «Құлан», «Бөрте», «Бота», «Ақбота» «Нарқыз» деген есімдер берген. Еділ бойындағы (Волга) ғұндардан шыққан соң, қазақтар Аттіліні жалпы түрде Еділ батыр деп те атайды.
Өздерін «Күн» немесе «Ғұн» деп атау сол замандағы көшпелі Алаш жұртында көнеден қалыптасқан. Ю.Яковецтің «История цивилизации» монографиясында былай дейді: «Их предки были свободными людьми – детьми великих степей, их называли гунны или хунны. Сами они называли себя детьми Солнца или самим солнцем – Кун, Гун, что по гунский и по казахски означает солнце». Еділ (Волга) өзенінің бойынан кәрі құрлыққа қарай әлемге әйгілі даңқты жорығына шыққанда, Аттілі (Аттила) жолында қазіргі Русьті кездестірмеген. Ол кездерде солтүстіктегі көршіміздің мемлекеті тұрмақ, князьдықтары да құрылмаған. Ормандарда өз денесінен шығатын зәрімен беті-қолын жуып, балық аулап, аңшылықпен айналысып, ормандарда жабайы түрде күн көрген. Бұл Еуропа ғалымдарының дәлелдеген шындығы. Осы дәстүрді олар қазіргі күнге дейін ұстанады. Бойына қотыр шықса немесе бір жерін жырып кетсе, «насыбайларының суын» пайдаланады. Сонымен, кәрі құрлық жеріне шаңдатып кірген Аттілі бастаған ұлы жорық төрт ғасырлық Рим империясына оңдырмай соққы берді. Көшпелі Ұлы қағанаттың күш-қуаты мыңжылдық Римді шошытып жіберген еді. Егер орыс тілінде айтатын болсақ, «Рим – вечный город», – был национальной идеейРимской империи. Көшпелі ғұндардың соққысынан кейін бұл мәтел жайына қалды. Сол бір уақытта Рим империясының қарамағында 100 миллиондай халық болған екен (Патрик Ховорд. «Аттила – король гуннов. Человек и миф»).
Қалай десек те, Аттіліне қарайтын ғұндар соншалықты көп емес еді. Бірақ жауынгерлері соғысқа қабілеті жағынан римдіктерден екі-үш есе асып түсетін. Ат үстінде шебер соғысатын. Рим империясына қарайтын жауынгерлер көбіне жаяу жүріп, флангалық ұрыс жүргізетін. Тек темір сауытты рыцарьлары болмаса. Шауып келе жатқан ғұн сарбазы оларға жақындамай-ақ шалма лақтырып, атынан аударып түсіретін. Римдіктер қанша ғасыр бойы Еуропаның барлық ұлттарын үйіндегі итіндей бағындырып, олардың санасына «біз құлдармыз» деген сөзді сіңіріп, қалыптастырған еді. Жеке халық болып, дербес мемлекет құруды ой-санасынан біржолата сығып тастаған. Көшпелі ғұн империясы адам шошырлық гладиаторлар соғысын ойлап тауып, кісінің қанын судай шашып, өздері содан кереметтей ләззат алып, адам баласын мазақ қылған Ұлы Римнің күлін көкке ұшырды. Каталаун жазығындағы (қазіргі Франция аумағында) мың жылда бір болатын ұлы шайқас тұтас Еуропа ұлттарын мәңгілік құл қылып ұстаған Римді оңдырмай бүк түсірді. Герман, Пари, Гот, Норман, Викингтер және тағы басқа толып жатқан ұлттар мен ұлыстар өз бостандығын алып кетті. Осы арада аздап шегініс жасап, мынаны айта кеткенді жөн көрдік: Атақты ғалымымыз Әлкей Марғұлан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының дүниеге келгеніне 4000 жыл болған» деп жазыпты. Сонда бұл дастан сақтар заманында туған ғой. Осыған қарап, біздің қазақтар ежелден сақтар, ғұндар, түркілер және Алаш жұрты болып қазіргі заманға түрлі атаулармен жеткен десек, қателеспегеніміз. Ендеше осыны басшылыққа ала отырып, Аттілі немесе Еділ батыр қазақтың төл баласы болғанына 100 пайыз сенуіміз керек қой. А.Н.Бернштам былай деп жазады (сіз бен бізге нақтырақ болсын деп, орысшасын келтірдік): «Гунны сыграли свою историческую роль,приняв участие в крушенииогромной многоэтничной и разнородной Римской империи, на политической карте Европы появились новые государственные образования.Вот в этом то и была главная заслуга гуннов и гения Аттилы перед мировой цивилизацией». Аттілі (Аттила) – Еділ батырға өткен жылдары 1600 жыл толды. Кәрі құрлықтағы адамзат тарихында ерекше орны бар ұлы Рим империясын құлатып, ондағы бодандықта жүрген жүздеген ұлттарға азаттық алып берген ұлы ханға және батырымызға Алматының Көктөбесінен немесе Нұр-Сұлтан қаласының орталық алаңдарының бірінен алып ескерткіш тұрғызып, бүкіл әлемге мақтанышпен көрсетуімізге болар еді.
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК
Количество постов 6 233
Частота постов 63 часа 10 минут
ER
3.38
Нет на рекламных биржах
Графики роста подписчиков
Лучшие посты
Тәуке ханға жазылған хаттар Иран мұрағатында сақталған
ІІ Сефевид Аббас Шахтың Тәуке ханға жазған хаты.
***
Қазақстандық тарихшылар үшін еліміздің байырғы тарихынан хабар беретін эпистолярлық мұраларға ғылыми зерттеу жүргізу қажет. Мұндай жәдігерлер шет мемлекеттердегі бірқатар кітап қамбаларында, архивтерде, музейлерде сақталған.
Иран мемлекетінің бірнеше кітапханасында Қазақ хандығы тарихын зерттеп жүрген ғалымдар үшін аса құнды болып саналатын қолжазбалар бар. Солардың арасында «Муракка-и макатиб» («Хаттар альбомы»), «Муншаат» («Эпистолярлық және әдеби шығармалар»), «Байаз-и НаМаһа» («Хаттар дәптері»), «НаМаһа» («Хат») және тағы басқа еңбектерді ерекше атап айтуға болады.
Қазақ зерттеушілерінің қызығушылығы аумаған бұл қолжазбаларда ресми құжаттардың мәтіндері – шах жарғылары, мемлекетаралық келісімдер, дипломатиялық хронологиялар сақталған. Дипломатиялық корреспонденциялардың қатарында ирандық билеушілер мен көрші мемлекеттердегі, оның ішінде Қазақ хандығының билеушілерінің хаттарының мәтіні бар.
Ирандық тарих зерттеушісі Ирадж Афшар сефевидтік шахтардың қазақ ханы Тәуке ханға жолдаған хаттары туралы бірінші болып мәселе көтерген. Бұл хаттарға белгі соғылған жылдар қатары келесі (Хижра жыл санауы бойынша): 1072 (1661/1662 ж.ж.), 1101 (1689/1690 ж.ж.), 1104 (1692/1693 ж.ж.), 1105 (1693/1694 ж.ж.).
Бұл хаттарда Тәуке ханнан бөлек Тұрсын хан мен Болат сұлтанның да аты аталады.
2006 жылы аталмыш пистолярлық еңбектерді шығыстанушы Қ.Қари қазақ тіліне аударып, «Жұлдыз» журналында жарияланады. Өкінішке қарай, аты дардай журналымызда қазақ ханының атына жазылған құжаттың толық нұсқасы берілмепті.
Зерттеушінің айтуынша, ІІ Сефевид Аббас Шахтың Тәуке ханға жазған хаты жылнамашы Мана-Мұхаммед Мухсенхан толтырған жинақта сақталыпты. Ал бұл жинақтың қолжазбасын Исфахан қаласының тұрғыны Сейіт Мұхаммед Әли Рузати деген кісі сақтап келген.
Қазақстандық зерттеушілердің Иран Ислам Республикасының Мәжіліс кітапханасына жасаған сапарында «Сефевид дәуірінің хат жинақтары» қолжазбасының көшірмесіне қол жеткізеді. Хат мәтіні араб акценті қосылған парсы тілінде жазылған. Зерттеушілер оны қолма-қол орыс тіліне тәржімалаған. Біз өз оқырмандарымызға хатты қазақ тіліне аударып ұсынамыз.
ХАТТЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІ
«1072 жылдың джумади ал-аввал айында Исфахан шаһарында Жәңгір ханның ұлы, қазақтардың билеушісі Тәуке ханға хат.
Аса мейірімді әрі даңқты сұлтан билігінің иесі, ұлы хан Тәуке ханға!
Аса құдіретті Жаратқан Иенің сүйіспеншілігіне бөленген, Шыңғыс әулетінің ұлы ұрпағы, билік пен даңқтың иесі, тақ билеушісі, ұлылық пен халық қорғанына өзара достық пен тығыз қарым-қатынасты білдірмек мақсатта жазылды.
Бұл жазба Патшалардың Патшасы билік пен даңқтың шарықтау шегінде отырған аса бақытты әрі қайырымды уақытта жазылып отыр.
Осы хаттың мейірімді иесі Әміршінің сеніп көрсетіп, жазбаның шынайы әрі ынтымақтастық мазмұнына иланып қайыра жауап беретінінен үмітті. Әмірші тарапынан біз жаққа назар түссе, ол күн нұрының шыны ыдысқа шағылысқан сәтіндей аса жарық әрі аса маңызды құбылыс болар еді.
Осы құбылыс орнаған сәтті екі ортада достық пен махаббат салтанат құрып, сенімсіздік пен күдіктің пердесі жойылып, қос тараптың талаптары өзара келісім бойынша қанағаттандырылмақ.
Осы жазба арқылы біз Сіздің ұлылығыңызды мойындай отырып, гүлденген елдің салтанат биігіне көтерілген сәтінде өзара достықты нығайтып, соғыстардың алдын алуды көздейді. Егер Сіз осы ұсынысымызды мақұл көрсеңіз, біз әмәнда игілік пен достық жолына адал ұстанымда болуға ниеттіміз.
Сұлтан әулетіне және Аса Ұлы Әміршіге даңқ пен күш, ұлылық сәулесінің ұлғаюын және бақытты күндер тілейміз!»