Статистика ВК сообщества "Бала мен балабақша"

0+
«Ба­ла­ны тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, ке­ле­шек за­ма­ны­на лайық қылып шығару ке­рек» Мағжан Жұмабаев

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Балкерім б/б балабақшасы.Тәуелсіз елім.
Садыкова Жанат.

1 0 ER 0.0766
"Ф. Фребель" технологиясы
Фребель сыйы жиынтығы ойын барысында пайдалануға болады
Балалардың есте сақтау қаблеті, зейінін, логикалық ойлауын дамытады, қызығушылығы артады.

6 2 ER 0.0754
Тұңғыш Президент күні мерекесі құтты болсын! Балалар біздің болашағымыз өмірлері жарқын болсын 🇰🇿

0 0 ER 0.0511
Қызылода қаласы .КМҚК "Заңғар"бөбекжай-бақшасы
Тәрбиеші -педагог :Кәртай Лаура Өмірбайқызы
"Не?Қайда?Қашан?"интеллектуалды ойыны.
Ата аналарды педагогикалық қолдау.

1 3 ER 0.0596
Құрметті оқырмандар, енді канал "тәрбиешіге көмек" каналы приватный канал болады. Тегін ұстайын десем, еңбегімді бағаламайды екен(ақылды адамдар сатып жүр наработкаларды) Каналға кіру «1000» тенге.1 рет төленеді,шексіз пайдалана бересіз.
Каналды әрдайым толықтырып отырамын. 🌷+77475331876 Салтанат С. Каспиге төлем жасайсыз, чек жібересіз. Сосын сізге кіруге ссылка берем.

Уважаемые подписчики теперь канал "тәрбиешіге көмек" закрытый, я вынуждена так поступить, иначе не цениться мой труд и время(особо умные люди продают мои работы) Вход на канал "1000" тг, оплачиваете 1 раз и пользуетесь безгранично. Канал буду постоянно пополнять, обновлять, если увижу что продаете а не для себя пользуетесь, то бан и удаление из канала🌸 спасибо за понимание. Мой ватсап +77475331876 так и каспи на этом номере Салтанат С. Оплату скрин отправите, потом даю ссылку приглашение.

3 5 ER 0.0593
Еңбек, еңбекқорлық
Ер дәулеті — еңбек.

Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.

Еңбексіз өмір жок.
Ауырсыз жеңіл жоқ.

Қойшыны таяғы асырайды,
Қасқырды аяғы асырайды.

Атан түйе жүк астында қартаяр.

Түйір нан — тамшы тер.

Жері байдың — елі бай.

Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.

Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.

Малды тапқанға бақтыр,
Отынды алғанға жақтыр.

Еңбексіз тапқан мал,
Есепсіз кеткен мал.

Берген алар, еккен орар.

Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.

Күн шыққан соң суарған суды
Күн жұтады.
Күн батқан соң суарған суды
Жер жұтады.

Бір тал кессең, он тал ек.

Мал семіз болса, төл егіз.
Жер семіз болса, дән егіз.

Еңбексіз өмір — сөнген көмір.

Жер құтты болса,
Мал сүтті болады.

Азығымен жер мүсінді,
Еңбегімен ер мүсінді.

Қыста малынды бақ,
Жазда шөбінді шап.

Жаңбырмен жер көгерер,
Еңбекпен ер көгерер.

Ақ қар көп болса — ақ нан көп.

Қолы қимылдаған адамға Кедейлік жоқ.
Аяғы қимылдаған адамға
Алыстық жоқ.

Диқан жерін анасындай сүйеді,
Жер диқанын баласындай сүйеді.

Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.

Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.

Еңбегіне қарай өнбегі.

Жер тоймай, ел тоймайды.

Келген дәулет,
Кеткен бейнет.

Қой шелді болмай,
Төлді болмайды.

Мандайы терлемегеннің,
Казаны қайнамайды.

Ерте түрған әйелдің
Бір ісі артық,
Ерте тұрған еркектің
Ырысы артық.

Қолы қимылдағанның аузы қимылдар
Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.

Еге білсең, егін тасқа да бітеді.

Етікшіні балға мен біз асырайды,
Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды.

Бәйгеден ат келмейді, бап келеді.

Тұлпар шаба жетіледі,
Сұңқар ұша жетіледі.

Мал баққанға бітеді.

Еңбектің көзін тапқан,
Байлыктың өзін табады.

Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.

Жер — ана,
Ел — бала

Ердің атын еңбек шығарады.

Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.

Бакыт кілті еңбекте.

Жер көңді жақсы көреді,
Ат жемді жақсы көреді.

Кім еңбек етсе — сол тоқ.

Көп еңбегі көңілді.

Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді.

Отырған жерден отын кескен.
на русском

Сүйіп істеген іс шаршатпайды.

Жұмысы жемістінің — өмірі келісті.

Су патшасы — мұрап,
Түн патшасы — шырақ.

Егін піспей, қам сайла.

Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.

Байлықтың атасы — еңбек, апасы — жер.

Жақсы жұмыс — жанға тыныс.

Қыстағы қар — жерге ырыс,
Жердегі ылғал — елге ырыс.

Еңбек — ширатады,
Өмір үйретеді.

Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді.

Есесі қайткан еңбек — игі.

Еңбек патшалықты асырайды.

Еңбек шаһар түзетеді,
Еңбексіздік оны жүдетеді.

Еңбек өмірді ажарлайды.

Еңбек адамның екінші анасы.

Жалқаулық аздырады,
Еңбек оздырады.

Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кетірер.

Терең құдықтың суы тәтті.

Қой семізі қойшыдан.

Кедейлік кетсін десең, еңбек ет,
Молшылық жетсін десең, еңбек ет.

Жақсы бастама — істің жартысы.

Мал баққандікі,
Жер жыртқандікі.

Казанға не салсаң,
Шөмішіңе сол ілінер.

Адал еңбек елге жеткізер,
Арам қулық елден кеткізер.

Тек жүргенше тегін істе.

Көз қорқақ, қол батыр.

Бай мейірінен күн мейірі.

Мақтаның анасы — жер, атасы — су.

Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.

Қызметте туыстық болмайды.

Көктемде жерге түскен бір дән,
Күзді күні мың дән болады.

Жер байлықтың көзі,
Еңбеккер иесінің өзі.

Еңбек пен бақыт — егіз.

Су — ырыстың көзі,
Еңбек - кірістің көзі.

Жайлауы жақсының әр бутасының түбі
бір кесек ет.

Қара жер карыз арқаламайды.

Ешкі егіз туып, койдан көп болмас.

Малды баға білмеген пайданы таба білмейді.

Қолыма жұмыс бергенің —
жаныма тыныс бергенің
.
Күндіз қойын күтерсің, кешке жүнін түтерсің.

Тігіншіні инесі асырайды.

Ерінбей еңбек етсең — ерінің асқа тиеді,
Ерініп ілбіп кетсең — иегің тасқа тиеді.

Қора оңды болса, қойың қоңды болар.

Ащы еңбектен төтті нан.

Тары болса, тауық табылады.

Сөз қуған болеге жолығар,
Шаруа қуған қазынаға жолығар.

Жаман іс жоқ, жаман ісші бар.

Екпіндінің үйі көрікті келеді.

Еңбек етсең емерсің, ерінбесең жеңерсің.

Жеріне қарай астығы.

Жерің отты болса, малың сүтті болады.

Малды іріктемесең, тұқымы азады,
Қонысты жаңартпасаң, өрісі азады.

Малдың тамағына қара,
Малшының табағына қара.

Жер тойынбай, ел тойынбайды.

Диқан бабаның кетпенінен,
Шопан атаның таяғынан.

3 0 ER 0.0436
Қайырлы күн!
Мына хештегтерді өз қабырғаңызға сақтап алыңыз.
Бұл сізге қажет ақпаратты тез арада тауып алуға септігін тигізеді.
#_didaktika_@balamenbalabaksha
#_makal_matel_@balamenbalabaksha
#_jumbaktar_@balamenbalabaksha
#_boyamak_@balamenbalabaksha
#_sheberkoldar_@balamenbalabaksha
#_olender_jinagy_@balamenbalabaksha
#_zhyl_mezgilderi_@balamenbalabaksha
#_janyltpashtar_@balamenbalabaksha
#_teatr_@balamenbalabaksha
#_makala_@balamenbalabaksha
#_ashyk_sabak_@balamenbalabaksha
#_oiyndar_jinagy_@balamenbalabaksha
#_oformlenie_@balamenbalabaksha

5 0 ER 0.0480
Тараз қаласы. "Мүбарак Мөлдір" балабақшасы "Гүлдер" мектепалды даярлық тобы Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік. Тәрбиеші: Оспанова Назгуль Артыкбаевна

0 0 ER 0.0284
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН 4К МОДЕЛІМЕН СМАРТТАЛҒАН
🔘 Кіші топ
🔘Орта топ
🔘ересек топ
🔘МАД топтарына
ЦИКЛОГРАММА ПЕРСПЕКТИВА БАР.
ВАЦАП 87783679273

Балабақша тәрбиешілеріне
2017-2018
2018-2019
2019-2020
2020-2021
2021-2022
оқу жылына арналған АТТЕСТАЦИЯДАН өткен құжаттар бар.
Қажет болса вацапқа шығыңыз.
87783679273

Балабақша психологтарына
Балабақша әдіскеріне арналған құжаттар бар
87783679273

#жарнамабаламенбалабақша

3 0 ER 0.0363
Балабақшамен қоштасу. Алматы облысы Панфилов ауданы Нұркент қалашығы

3 0 ER 0.0363