Статистика ВК сообщества "Қарапайым тағам түрлері | Пайдалы кеңестер"

0+
тіркеліңіздер, біз сіздерге бәрін үйретеміз.

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Курметти халайык. Осы бала жайында акпарат керек. Ким биледи. Кай жердин баласы, кай болницада, есими ким екенин? Куйеуим екеумиз осы баланы асырап алгымыз келеди.

1 19 ER 0.0630
ФУНЧОЗА САЛАТЫ

Қажетті заттар:
- 1 бума фунчоза
- 50 гр ет
- 1 шт тұздалған қызыл перец
- 2 ас қасық жіңішке үккіштен өткен сәбіз
- 4 ас қасық жіңішке үккіштен өткен редька
- жарты кішкентай пияз
- кинза (зелень) (дәміне қарай)
- 1 ас қасық соя соусы
- 1 шәй қасық фунчоза арналған чим-чим
- 3-4 ас қасық сұйық май
- қызыл бұрыш (дәміне қарай)

1. Алдымен фунчоза лапшасын сыртында көрсетілген тәсілмен қайнатып аламыз. Салқын суға жуып алған соң, үстіне аздап сұйық май тамызып, қолмен жақсылап араластырамыз (бұл тәсіл лапша бір-біріне жабысып қалмас үшін). Қайнаған лапшаны өткір пышақпен майдалап турап жібереміз.
2. Табаға сұйық майымызды құямыз да, қыздырып, жіңішкелеп туралған етімізді қызартып қуырамыз.
3. Ет қызарып қуырылған да, жіңішке туралған пиязымызды қосып, аздап қуырып жібереміз.
4. Оның үстіне редьканы қосып, аздап қуырамыз да, сәбізді қосамыз.
5. Сәбіз бен редька қуырылып болды ау деген де, жіңішке туралған тұзды перецімізді қосамыз. Аздап қуырып жібереміз. Есте сақтаныз: салатқа тұз қоспаймыз. Перецтің тұзы-ақ жеткілікті.
6. Перецті аздап қуырып болған соң, соя соусы мен қызыл бұрышты қосып, соя соусы біркелкі араласқанға дейін отта ұстаймыз. Араласып болған соң, отты жылдам өшіреміз.
7. Еңді қайнаған дайын лапшаның үстіне қуырылған көкеністерімізді саламыз да, майда туралған кинза, чим-чим приправасын қосып, жақсылап араластырамыз. Салат дайын.
Асыңыз дәмді болсын!

6 0 ER 0.0205
ДӘМДІ ЖӘНЕ ТОЙЫМДЫ САЛАТ

Қажетті заттар:
- 150 гр колбаса
- 150 гр ірімшік
- 300 гр қияр
- 1 банка жүгері
- 1 банка жасыл бұршақ
- майонез
- картофель пай

1. Колбаса мен ірімшікті жіңішкелеп тураймыз немесе ірімшікті үккіштен өткіземіз.
2. Қиярды ірімшік пен колбасаға қарағанда 2-3 есе жуандап, соломка ретінде тураймыз. Туралған заттарға банкі жүгері мен бұршақты ашып қосамыз да, майонезбен араластырамыз.
3. Араласқан салатты тәрелкеге саламыз да, бетіне алдын ала қуырылып, дайындалған картоп пайды саламыз.
Салат дайын!
Асыңыз дәмді болсын!

10 0 ER 0.0235
БАУЫРДАН ЖАСАЛҒАН ПИРОГ

Қажетті заттар:
- 4 жұмыртқа
- 200 мл сүт
- 100-150 гр ұн
- қара бұрыш, тұз
- 700-800 грсиыр бауыры
Салмасына:
- 1 бас сарымсақ
- 4 шт пияз
- 4 шт сəбіз
- сұйық май
- қара бұрыш
- майонез
- тұз
1. Бауырдын сыртындағы пленкасын алып тастап, еттартқыштан өткіземіз.
2. Өткізілген бауырға жұмыртқа, сүт, тұз, ұн, қара бұрыш қосып, жақсылап араластырамыз.
3. Табаға 1 ас қасық май құйып қыздырып, 1 ожау бауыр массасын құямыз да, құймақ секілді пісіреміз.
Бауыр құймағын табанын бетің жауып, 2-3 минуттан пісіреміз.
5. Енді салмасын дайындаймыз: пиязды жіңішкелеп тураймыз жəне сәбізді үккіштен өткіземіз. Табаға қажетінше сұйық майды құйып, қуырып аламыз. Дəміне қарай тұздаймыз.
6. Дайын салманы салқындатып, оған езілген сарымсақ, қара бұрыш жəне майонезді қосып, жақсылап араластырамыз.
7. Енді дайын бауыр құймақтарын аламыз да, арасына салманы жағамыз. Бетіне де салманы жағып, үстіне аскөк себіп, жарты сағатқа салқын жерге қойып қоямыз.
Бауырдан жасалған пирог дайын.
Асыңыз дәмді болсын!

5 0 ER 0.0159
ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА КРУАССАН

Қажетті заттар:
- 1 стақан жылы су
- 1 стақан жылы сүт
- 0,5 стақан сұйық май
- 1 жұмыртқа + 1 жұмыртқа ақуызы
- 1 шəй қасық тұз
- 3-4 ас қасық қант
- 5 стақан ұн (қамыр қолға жабыспайтын жұмсақ болуы қажет)
- кез-келген шоколад пастасы (ортасына салу үшін)
- сары май (арасына жағу үшін)
- 1 жұмыртқа (бетіне жағу үшін)

1. Бір ыдысқа сүт, су, қант жəне ашытқыны салып, араластырамыз да, 10-15 минуттай бетін жауып тұрғызамыз. Сосын сұйық май, тұз, жұмыртқа жəне ақуызын салып араластырамыз да, ұн салып, жұмсақ қамыр илейміз. Содан кейін қамырдың бетің жауып, көтерілгенге дейін жылы жерге қоямыз.
2. Қамыр көтерілгенде бірдей 24 бөлікке бөліп, аздап жаямыз да, алдын-ала ерітілген сары майды жағып, бірін үстіне бірің қоямыз. Қамырдың араларына майды жақсылап жағамыз. Сосын бірін үстіне бірі қойылған қамырларды қолымызбен басыңқырап, целлофанға саламыз да, міндетті түрде жарты сағатқа тоңазытқышқа салып қоямыз.
3. Сосын қамырды алып, əрбір 6 бөліктерін жұқалап жаямыз. Жайып болған соң пышақпен үшбұрышты қылып, 12 бөлікке кесеміз. Шет жағын аздап кесіп, шоколад пастасын саламыз да, ораймыз. Қалған қамырларды да солай жасаймыз.
4. Бəрің орап болғаннан кейін, бетіне жұмыртқа жағып, формаға саламыз да, 180-200 градуста қызарғанға дейін пісіреміз. Мына рецеппен 48 дана круассан шығуы тиіс.
Круассан дайын.
Асыңыз дəмді болсын!

3 1 ER 0.0137
ӘДЕМІ ЖӘНЕ ДӘМДІ САЛАТ

Қажетті заттар:
- 150 гр қызанақ
- 150 гр қияр
- 150 гр брокколи
- 150 гр гүлді капуста
- 1 шт сары бұрыш
- 1 шт қызыл бұрыш
- 150 гр редиська
- 50 гр пияз
Араластыру үшін:
- 2-3 ас қасық соя соусы
- дәміне қарай тұз
- дәміне қарай қызыл бұрыш
- уксус
- көлеміне қарай сұйық май

1. Алдымен брокколи мен гүлді капустаны қайнап тұрған суға 4-5 минуттай қайнатып аламыз да, ағып тұрған суық суда ыстығы кеткенше жуамыз.
2. Сосын барлық көкеністерді суреттегідей тураймыз. Пиязды жіңішкелеп тураймыз.
3. Бәрің бір ыдысқа саламыз да, тұз себіп, заправкамызды қосып араластырамыз.
4. Заправканы дайындау үшін: сұйық майға қызыл ашты бұрыш, соя соусы, уксус қосып араластырамыз да, салатқа құямыз.
5. Ескеретін нәрсе: салатты дастарқанға ұсынар алдында араластырамыз.
Салат дайын!
Асыңыз дәмді болсын!

11 1 ER 0.0197
МАЙОНЕЗБЕН ӨТЕ НƏЗІК ЖƏНЕ ДƏМДІ КЕКС

Бұл өте керемет! Міндетті түрде дайындап көріңіздер!
Рецепт үшін маған əлі рахмет айтатын боласыздар 😉😉

Қажетті заттар:
- 3 ірі жұмыртқа
- 3 ас қасық майонез
- 120 гр қант
- 120 гр ұн
- 0,5 шəй қасық қамырқопсытқыш
- ванилин
1. Жұмыртқаға қантты қосып, жақсылап көпіргенге дейін миксер көмегімен шайқаймыз.
2. Оған майонез қосып, тағы аздап шайқаймыз.
3. Сосын қамырқопсытқыш пен ванилинді қосып, бір аккуратно араластырып аламыз да, ұннан аздап қосып тұрып, өте аккуратно қасықпен араластырамыз.
4. Формаға құйып, 180 градуста сарғайғанға дейін пісіріп аламыз.
Дəмді кекс дайын.
Асыңыз дәмді болсын!

1 0 ER 0.0083
ӨТЕ , ӨТЕ ДƏМДІ БАУЫРСАҚ!!!

1 банка қойытылған сүт + аздаған тұз + 2 жұмыртқа + 0,5 шəй қасық сода + қажетіне қарай ұн.
Қолға жабыспайтын қамыр илеп, кіші саусақ секілді домалатып, майдалап кесеміз. Үлкен жасамаймыз, қуырылып жатқанда жарылып кетеді.
Көп мөлшердесұйық майға бауырсақ секілді қуырып аламыз. Болды дайын.
Асыңыз дәмді болсын!

2 0 ER 0.0061
ТІСБАСАРҒА ДӘМДІ ҚҰЙМАҚ

Қажетті заттар:
- 0,5 сүт
- 200-250 гр ұн
- 4-5 ас қасық сұйық май
- 3 шт жұмыртқа
- 1 ас қасық қант
- 0,5 шәй қасық тұз (дәміне қарай)
- 1 шәй қасық сода
- 1 бума көк пияз
- 100 гр колбаса
- 2 шт қияр
1. Жылы сүтке қант, тұз, жұмыртқаны қосып, жақсылап араластырамыз. Сосын електен өткен ұнды қосамыз да, кесек қалмай, біркелкі сұйық қамыр болғанға дейін жақсылап араластырамыз. Сосын сұйық майды қосып, тағы да араластырамыз. Енді соданы қосуға болады.
2. Құймақ қоспасы дайын болғанда, майда туралған көк пияз, колбаса, қызанақты қосып араластырамыз.
3. Енді бір қалыпты отта қызып тұрған табаға жұқалап құямыз да, екі бетін аударып пісіріп аламыз. Піскен құймақты майонез, кетчуп немесе қалаған соусымызбен дастарқанға ұсынамыз.
Асыңыз дәмді болсын!

1 0 ER 0.0045
ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ҚЫТЫРЛАҚ (КФС) ҚАНАТТАРЫ

Қажетті заттар:
- 10 шт тауық қанаттары
- сұйық май (қуырғанға)
Тұздығына:
- 1 л су
- 50 гр паприка
- 1 шәй қасық қара бұрыш
- 1 ас қасық тұз
- 2-3 ас қасық соя соусы
- 5-6 тіс сарымсақ
- 150-200 гр ұн
Панировкасына:
- 0,5 кг ұн

1. Тауық қанаттарын жуамыз да, бөліктейміз.
2. Тұздығын дайындаймыз. Салқын суға жоғарыда жазылған ( ұннан басқа) заттарды қосамыз. Сарымсақты ұсақ үккіштен өткізіп қосамыз. Жақсылап араластырамыз. Алдын ала дайындалған тауық қанаттарын салып, тағы да араластырамыз. Бетін жабамыз да, аз дегенде алты сағатқа салқын жерде қалдырамыз.
3. Уақыт өткенде қанаттарды судан аламыз да, майлықтың үстіне қойып, суын жақсылап майлыққа сіңдіріп аламыз.
4. Қалған тұздығына ұнды қосып, кесек қалдырмай жақсылап араластырамыз. Кляре дайын. Басқа құрғақ ыдысқа жарты кило ұнды саламыз.
5. Еңді майды қыздыруға қоямыз. Тауық қанаттарын алдымен кляреге саламыз. Сосын ұнға саламыз да, жақсылап аунатып аламыз.
6. Орташа отта қызып тұрған майға салып, шамамен 9-10 минуттай уақытта аунатып пісіріп аламыз.
Қытырлақ КФС қанаттары дайын.
Асыңыз дәмді болсын!

2 0 ER 0.0045