Бүгінгі түн Қадыр түні болуы мүмкін!
لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ
«Қадыр түні мың айдан да қайырлы» (Қадыр сүресі, 3 аят)
ابي هريرة رضي الله عنه أن النبي صلى الله عليه وسلم قال: "من قام ليلة القدر إيماناً واحتساباً غُفِر له ما تقدم من ذنبه" خرّجه البخاري
ومسلم،
Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын): Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім Қадыр түні иманмен және сауабын үміт етіп құлшылық етсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі» (Бұхари риуаяты).
Қадыр түні қай түні екені белгісіз болуымен де қадірлі. Қадыр түнінің бар екендігі хақ. Бірақ ол Рамазанның соңғы тақ түндерінің біріне жасырылды. Оның нақты қай күн екендігі жайлы Пайғамбарымыздан ﷺ әртүрлі деректер жеткен. Ал, сахабалардан жеткен риуаяттарға сәйкес, ғұламалар арасында 23 түрлі пікірлер айтылған. Оның арасында 21-ші түні деген деректерде кездеседі.
Осыған қатысты Ғұбада ибн Самит: «Алла елшісі ﷺ Қадыр түнін хабарлауға шықты. Осы кезде екі мұсылман кісі жанжалдасып қалды. Сонда ол ﷺ: «Негізінде, сендерге Қадыр түнін айтқалы шығып едім, пәленше мен пәленше жанжалдасып (тұрғанын көріп), (ол) есімнен көтеріліп кетті (оны ұмытып қалдым). Бәлкім, бұл сендерге қайырлы болар, (енді Қадыр түнін) жетісінде, тоғызында немесе бесінде (Рамазанның соңғы ондығының жетінші, тоғызыншы және бесінші түндерінде) іздеңдер»,—деді» (Бұхари риуаяты).
Алла Елшісінің ﷺ өзі де Рамазанның соңғы он күндігінде ерекше ынтамен құлшылықты күшейтетін болған. Бұл туралы Айша анамыздың «Рамазанның соңғы он күндері келгенде, Алланың Елшісі ﷺ түндерін намазбен өткізетін, отбасы мүшелерін де оятатын және құлшылықтарында ерекше ыжтаһадтылық танытатын» ,‒ деп айтқан (Бұхари мен Муслим риуаяты).
Жалпы жалпы мұсылман баласы осы соңғы 10 күндіктің тақ түндерін ерекше құлшылықпен өткізуге тырысу керек. Өйткені, 27-ші түн деген риуаят мәшһүр болса да, хадистегі «оны соңғы он күндіктің тақ түндерінен іздеңдер» тіркесі соңғы тақ түндердің кез келгені қасиетті Қадыр түні болуы әбден мүмкін екендігін білдіреді.
[club198166409|@Mihrab_kz]
Количество постов 5 812
Частота постов 98 часов 14 минут
ER
33.63
Нет на рекламных биржах
Графики роста подписчиков
Лучшие посты
Пайғамбарымыз ﷺ бір сөзінде: «Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істеген күнәлары кешіріледі», – деген.
Сондай-ақ, Алла Елшісі ﷺ тағы бір хадисінде: «Рамазанның басы –рахмет, ортасы – кешірім, соңы – тозақ отынан құтылу», – деген екен.

РАМАЗАН - сауап артық жазылып, күнәлар кешірілетін ай. Жүректің нұрға толып, көңілдің құлпыратын айы. Жаның тыныштығын тауып, тәнің тазаратын уақыт. Осы бір берекелі де мерекелі айда жасаған дұға-тілектеріңіз орындалып, жақсы ісіңіз жалғасын табуына шын жүректен тілектеспіз! Ниетіңіз қабыл болсын
РАМАЗАН АЙЫНЫҢ СОҢҒЫ ОН КҮНДІГІ БАСТАЛДЫ
Пайғамбарымыз (ﷺ) хадисінде былай дейді: «Рамазан айының соңғы он күніне кіргенде, Алла Тағала көп мұсылманның мойындарын тозақ отынан сақтайды (босатады)». Сонда сахабалар: «Я, Расулулла! Неге, дәл ең соңғы күні тозақтан босатады?»,- деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Сендер жұмысшыларды көрмедіңдер ме? Олар бір ай бойы жұмыс істейді, ал айдың аяғында олар еңбектерін алмай ма?»,- деп жауап берді. Міне, бір ай бойы ораза ұстағандарға, сонымен бірге намаздарды тастамай Алла Тағаладан күнәлардың кешірілуін сұрағандарға сый дайын. Енді, сол еңбек үшін Алла Тағала адамзаттың бұрынғы күнәларын кешіріп, тозақ отынан сақтап жәннатқа кіргізеді. Сондықтан, Пайғамбарымыз (ﷺ) мұсылмандарға түсінікті болу үшін осындай мысал келтірген.
Алла елшісі (ﷺ) Рамазан айының соңғы күнінде не істеуші еді?
Ол (ﷺ) соңғы он күнінде түнді құлшылықпен өткізуші еді. Айша анамыздан: «Пайғамбар (ﷺ) (рамазанның соңғы) ондығы келгенде изарын буынып, түнін сергітіп, отбасын ұйқыдан оятатын» (Бухари).
Соңғы он күнде уақытты тиімді өткізудің жолдары:
Тарауық намазына келу, яғни бұл намазды қалдырмау;
Құран Кәрімді осы он күн ішінде хатым ету;
Тахажжуд (түнгі) намазды тастамай оқу. Өйткені, бұл Алла мен пенденің арасында болған байланыс. Бұны ешкім көрмейді, сонымен бірге Алла Тағала күнде аспаннан жерге періштелерді түсіреді. Пенделері кешірім сұрап жатқан болса, кешіреді. Ал, кім тәубе етіп жатса, оның тәубесін қабыл етеді. Сұрап жатқан кісінің сұрағанын береді. Сондықтан тахажжуд намазын өткізбеу керек;
Садақа беру;
Ағайын-туыспен жиі хабарласу, көршілерге жылы қабақ таныту;
Осы он күн ішінде жасырынған Қадір түні мен ораза айт мерекелеріне ықылас қойып, дайындалу. Мұнда айт күні тойып ас жеуді емес, оразаны аман-есен толығымен өтеп шығуға, мол сауапқа кенелуге дұға ету.

ЕҢ ЖАҚСЫ БАҒБАННЫҢ ГҮЛДЕРІ ҒАНА ЕҢ ӘДЕМІ БОЛЫП ӨСЕДІ!️
⠀
Ер адам өз әйелін өте нәзік, қамқор, өзгелерге мейірімді әйел ете алады немесе керісінше суық, барлық нәрсеге немқұрайлы қарайтын қатігез ете алады;
⠀
Ер адам өз әйелін үнемі жылата алады немесе керісінше үнемі көзі күлімдеп тұратын көңілді, жайдары ете алады;
⠀
Ер адам әйелін асыл уақытты бағалап, әр минутын аялап өткізетін парасатты адам ете алады немесе күні-түні теледидар көріп, өмірін пайдасыз істермен айналысумен өткізетін селқос ете алады;
⠀
Ер адам әйелін білімге ынтық, жаңалыққа құштар ете алады немесе жалқау, еш нәрсеге құлықсыз ете алады;
⠀
Ер адам әйелін сыпайы, жаны тыныш байсалды жар ете алады немесе керісінше жүйкесі жұқарған ашуланшақ ете алады;
⠀
Ер адам бір-ақ ауыз сөзімен әйелін қуанта алады немесе бір-ақ ауыз сөзімен оны мұңайта алады;
⠀
Ер адам әйелін құлшылыққа құлшындыра алады, оның иманының көтерілуіне, дұрыс шешім қабылдауына жәрдемдесе алады.
⠀
Бір сөзбен айтқанда, ер адам - әйел үшін әлем, әйел үшін өмір! Әйел – ері үшін дінінің жартысы, ал ер – әйелі үшін Жәннаты не тозағы. Алла оларды осылайша байланыстырып, осылайша бір-біріне байлап қойған
⠀
Әр жанұяны белгілі бір бағытты көздеген бір-бір көлікке теңер болсақ, оның жүргізушісі – отағасы. Күйеуі рульді қалай бұрса, ондағы адамдар да сонымен бірге сол бағытқа баратынын ұмытпағанымыз жөн.

Намаз –сауапты сауда
Сенің намазың – атқарар қызметің мен жүргізер саудаң секілді. Жұмысыңа уақытында келіп, уақытында қайтсаң, оны талапқа сай атқарар болсаң, еңбекақыңды ай соңында толығымен аласың. Ал, жұмысыңнан көп қалып, міндетіңе немқұрайлы қарар болсаң, айлығың кесіліп жұмыссыз қалуың мүмкін ғой?! Саудаң да, қалта қампайтар табысқа қол жеткізу үшін тынымсыз еңбек пен үздіксіз әрекетті талап етеді. Кімде-кім Раббысының алдына намазсыз барып жәннәтқа кіремін десе нағыз ақымақтардан болар еді.
Бауырым, намаз – аурудың температурасын оқтын-оқтын тексеріп тұратын дәрігердің ісі секілді, адам баласы намаз бен намаз арасында өз амалдарын таразылап отырады. Атқарған амалдары ізгі болса, намаз оған: «Осы бетіңнен айныма!», - десе, жаман іс жасаған болса: «Қайт та, өзіңді-өзің қолға ал!», - дейді. Намазын үзбей оқушы адамнан, тіпті кейде одан жаман іс-әрекет жасап жүрген жан болса да, әрқашан жақсылық күтуге болатындығына еш күмәнсіз сен. Себебі, оның намазы міндетті түрде күндердің бір күнінде оны бұл істерінен тыяды. Себебі ол намазында Алланың сөзі – Құран аяттарын оқиды. Қанша жерден сөз ұқпас ғапылдардан болса да, міндетті түрде сол аяттардың мағынасына ой жүгірткізіп, жүрегіне қозғау салып, бойынан жақсылықтың нышандарын оятатын сәттің өтері хақ. Сол себептен Алла Тағала өзінің кітабы Құранда:«Ақиқатында намаз арсыздық пен жамандықтан тыяды» («Әнкабут» сүресі, 45-аят) деген. Ал, кім намаз оқымаса ол Құран да, аят та оқымайды, Құраннан еш пайда да ала алмайды. Ол өз күнәлі істерінің кіріне былғанып, балшығына белшесінен батып қала бермек.

Намаз – мәңгілік азаптан сақтап, мәңгілік рақатқа жолдама беруші.
Алла Тағала маған бергендей, менің намаздан алыс жүрген жолдастарыма да көп игілік-жақсылықтар берген. Тіпті оның саны мен мөлшері оларда артықтау болуы да мүмкін. Бірақ мен оның бәрін Алла бергенін мойындап шүкірлік етем, ал олар бұл жетістікке өз ақылымызбен жеттік деп ойлайды. Сондықтан, олар Аллаға құлшылық етпейді. Олар дүниеге келген кездері мен қолдарында түк болмаған хәлдерін ұмытқан еді. Жалғандағы бар жиғанын артқа тастап бұ дүниеден қабірге көшетін күндерін естен шығарған еді. Олар қалай ғана Жаратушыларына батылдары барып тәкаппарлық етеді. Алла Тағала Құранда: «Ақиқатында, маған құлшылық етуден тәкаппарлықпен бас тартқандар тозақ отына өкірген күйде кіреді» («Ғафыр» сүресі, 60-аят) деген. Ендеше, ей, бауырым! Алланың мәңгілік азабынан сақтан!
Намаздан алар пайдаң – тек қана жақсылық. Намаз пайдаларын қаламмен жазып бітіру, санап тауысу мүмкін емес. Себебі ол, Раббымыздың өзі таңдап бізге бекіткен ғибадаты. Құранда Алла Тағала былай дейді: «Иман келтірген құлдарыма айт: Намаз оқысын!» («Ибраһим» сүресі, 31-аят). Ішіндегі бар жақсылықты аз ғана сөзбен, қысқа бір түрде баян етіп былай деді: «Ақиқатында, намаз арсыздық пен жамандықтан тыяды»(«Әнкабут» сүресі, 45-аят).
Бауырым! Сөз соңында айтарым, мен намаз оқимын және сенің де намаз оқушы мұсылмандардан болғаныңды шын жүрегіммен қалаймын. Алла Тағаланың Құранда айтқан мына бір әміріне мойынсұн: «Намаздарға, сондай–ақ ортаңғы намазға (екінті) бекем болыңдар және намазда Аллаға бойұсынған күйде тұрыңдар» («Бақара» сүресі, 239-аят).
Алла Тағала мені және сені насихатқа құлақ асып, дұрыстыққа бет бұрғандардан қылсын! Әмин!

Жүректің тазалығы...
Алла Тағала кітабы Құран Кәрімде былай дейді.
"Тақуалар жұмақ бақшаларында, бастаулардың басында болады. (Оларға): Есендікпен, (һәм үрей мен уайымнан) арылған күйде (жұмаққа) кіріңдер" деп айтылады. Біз олардың көкіректеріндегі ыза, өшпенділік, қызғаныш секілді жағымсыз сезімін алып тастаймыз. Сөйтіп олар бір-біріне бауыр болып, жұмсақ төсектердің үстінде біріне-бірі жылы шыраймен қарасып (әңгіме-дүкен) құрып отырады". (Хижр сүресі, 45-47 аяттар)
Байқап қарасаңыз мұсылманның мұсылман бауырына деген "жүрегінің тазалығы, шын жанашырлығы" жұмақтық қасиет. Һәм Алланың құзырында жеке өз алдына құлшылық болып бағаланады. Қазіргі таңда біз осы "өшпенділік, қызғаныш, ыза" сынды жағымсыз мінезден арылуға аса зәруміз.
Аса Құдіреті, Жасаған Жаббар Ием сіз бен бізге жүрек тазалығын нәсіп етсін! Ниетіміз бен пейіліміздің дұрыс болуын нәсіп етсін!