Статистика ВК сообщества "ҰБТ-2022 MegaMath Online | Математика | Физика"

0+
ҰБТ-ға 1 айда ОНЛАЙН дайындаймыз :)

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Физика формула жинақ 7-11 сынып аралығы🔥

Жоғалтып алмас үшін қабырғаңа сақтап қой және достарыңмен бөліс👍😊

141 0 ER 0.5802
❗️ҰБТ-ға кіретін түлектерге өте маңызды кеңес

Тестке барарда, алдын-ала өзіңді-өзің іштей тыныштандыруға дағдылан.

Тестілеу барысында, ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама, керісінше өзіңе жеңіс картинасын суретте.

Біреуден көмек болар деп жалтақтама, ол саған кері ықпалын береді. Біреуге қатты сеніп қалсаң, өзің оқыған ақпараттарға күмән ұстап, ұмытып қалуың мүмкін, бәлкім былай шығар деп, уақытыңды жоғалтасың және есебің қате шығып қалу ықтималдығы жоғары, былайша айтқанда шатаса бастайсың.

Жеңілден ауырға деген принцип бойынша, алдымен толық білетініңді белгіле, солай көп сұрақтарға тез тез жауап беріп, артынан шәй ішіп отырып тұнық миіңмен қиын сұрақтарға көшкен абзал.

Егер қиын сұрақтан немесе қиын пәннен бастап, уақытыңды дұрыс емес пайдалынып, ұзақ отырып қалсаң, онда өзіңді іштей жей бастайсың, сосын оңай сұрақтардың өзі қиынға соғып кетеді!

ҰБТ-ке кіретін кезде қобалжыма, өз ойыңды жинақтап, ең жақсы меңгерген пәніңнен бастайғой.

Мен сендерге сенемін, бұйырса алда басталатын ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, осы кеңестерді естен шығармаймыз✊😊

Іске сәт құрметті мектеп бітіруші түлектер! 🤲

Сұрақтарың н/е пікір болса комментарий-ге жаза кет

[id211148098|Маргулан Амирбеков]

9 5 ER 0.2332
Өзіңді құрметтейсің бе? 🤔

❗️Әуелі өзгелерді не үшін құрметтейтінімізді еске алайықшы.

Мысалы, біреу сенен 500тг алып,”кешке әкеп тастаймын” деп айтып, сөзінде тұрып, кешке сол ақшаны әкеп тастаса, қуанып қаласыңғой. Сол адамға деген құрметің артады. Былай қарасаң, 500тг деген үлкен сома емес. Бірақ әлгі адамның айтқанын орындағаны - үлкен іс.

👉🏻Сол сияқты біз де өз-өзімізге берген сөзімізде тұрсақ, өзімізге деген құрметіміз артады. Ол бір үлкен іс болуы міндетті емес. Мысалы, күн сайын 10 рет отырып-тұруды өзіңе міндет етіп алып, соны орындасаң өзіңді құрметтеп, көңіл күйің күшті болып жүреді.

Үлкен мақсат қоймай-ақ, осы сияқты істеуге жеңіл істерді жасап-ақ “ самооценка”-ны көтеріп аласың.

Айта кету керек,бұл жердегі механизм мынандай:

1. Бір істі істеуге бекінесің
2. Уақытын белгілейсің
3. Істейсің

Сол кезде “ самооценка”, өзіңе деген құрметің артады. Мысалы, бүгін 30 есеп шығарам деп мақсат қойдың, істедің, молодец😊🔥

Ал мақсатсыз жай отырып 20-30 есеп шығара салсаң ондай әсер бермейді.

Осылай өзің белгілеген күнделікті мақсаттарды орындап бастасаң, көңіл күй күшті болып, өзіңді тірі сезініп, құрметтей бастайсың және “самооценка” жоғарлай береді.

Ең маңыздысы мақсаттарың орындала береді және сенімді түрде алға жылжи бересің🔥😊

Пост ұнаса өзіңдей керім лайк басып, жылы лебізіңді қалдыра кет❤👍

6 3 ER 0.1693
Математика пәнінен Тасқын ағайдан жазбаша нұсқа талдау 🔥

Көзді ашып жұмғанша ҰБТ 2021 аяқталып, ҰБТ 2022 келе жатыр ал сен дайындықты қазір бастамасаң өкініп қаласың 😤

Уақытты қадірлеп сапалы дайындал🔥

22 0 ER 0.1756
🔥Жаңа нұсқа талдау Марғұлан ағаймен | ҰБТ 2021 Megamath

Тез кіріп қарап шық👍🏻😊

❗Жоғалтып алмас үшін қабырғаңа сақтап қой және достарыңмен бөлісіп жүр

10 0 ER 0.1073
🔥ФИЗИКА МАУСЫМ 2021 жаңа есептері СЛИВ Нағыз ҰБТ 2021 База

Уақытыңды бос жібермей шәй ішіп отырып қарайғой😊👍🏻

13 0 ER 0.1054
📖 Жаңа нұсқа талдау
📌 Математика

Тасқын ағаймен ҰБТ 2022-ге дайындық🔥

Жоғалтып алмас үшін қабырғаңа сақтап қой және достарыңмен бөліс😊👍🏻

13 0 ER 0.0981
📗 Жаңа нұсқа талдау
📌 Математикалық сауаттылық

ҰБТ 2022-ге дайындық🔥

❗️Нұсқа талдау ұнаса лайк басып, жоғалтып алмас үшін қабырғаңа сақтап қоюды ұмытпа

16 0 ER 0.0983
😬 Есте сақтау қабілетінің төмендеуі қазіргі таңда екінің бірінде кездеседі. Күнделікті өмірде қарапайым нәрселерді қажет кезінде еске түсіре алмай немесе ҰБТ-ға дайындық барысында оқыған, жаттаған ақпараттарымыз ұмытылып жатады🤯Оны қалай жеңеміз?

👇🏻Оларға тоқтала кетсек:

1️⃣ Дұрыс тамақтану
🤔 Тамақтану әдісі есте сақтау қабілетіне қатысы жоқ деп ойлайтындар көп. Бірақ олай емес. Себебі, біздің миымыз энергетикалық тамақтарды көп қажет етеді. Есте сақтау қабілетін арттыруға көк шай, асқабақ дәні, жаңғақтар🥜, майлы балық, 🐠теңіз өнімдері, брокколи мен зәйтүн майы жақсы көмектеседі.

2️⃣ Жоспарлы түрде жұмыс істеу
👨💻Компьютердің жады сияқты адамның санасында да ақпарат толып қалуы мүмкін. Сондықтан, миымызды қажетсіз ақпараттан тазартып, санамызға жеңілдік жасап отыруымыз қажет✔
Мысалы, 📖 күнтізбеге жоспарлаған істеріңді немесе маңызды шаруалардың тізімін жазып қойсаң, ұмыту ықтималдығы азаяды.

3️⃣ Миды шынықтыру
🧠Мидың жұмысын жаттықтыруға арналған жаттығулар өте көп. Мысалы логикалық сұрақтар мен сөзжұмбақтар шешу, ойша санау, өлең жаттау, шет тілдерін меңгеру. Сананың жалқаулығын жеңіп, шынықтыру арқылы есте сақтау қабілетін жақсартуға болады. 🤔Тіпті, тіст бүгін басқа қолмен тазалаудың өзін ми жаңа нәрсе деп қабылдайды. Сондықтан миға әрқашан сергектік сыйлап тұру қажет

4️⃣ Жаттап алмау керек
✖️Құр жаттаңқылық  оң нәтиже бермейді. Бір нәрсенің мән-мағынасын түсінбей жаттаған нәрсе, мида аз уақыт қана жүреді де, тез ұмытылып қалады. ✔️Оны шешу үшін ассоциация жасап көр. Мысалы, бір адам атын айтатын болса, сен оны бір танымал адамның атымен жаттап ал. Сонда оны ойлау барысында бірден есіңе түседі.

5️⃣ Спортпен айналысу
Миннесота университетінің профессоры Дэвид Якобсон өзінің зерттеу қорытындысында жас кезінде спортпен шұғылданған адамдардың басқа адамдарға қарағанда есте сақтау қабілеті жақсы екені дәлелдеген. Әсіресе, жүзу 🏊‍♀️ мен жүгірудің 🏃‍♂️ ми жұмысын жақсартатыны анықталған. Спорт миға келетін қанның көлемін арттырады, соның нәтижесінде есте сақтау қабілеті жақсарып, ұмытшақтықтан арыла аласың✔

☺️Ал сен есте сақтау қабілетін жақсартудың тағы қандай әдістерін білесің? Комментарий-ге жаза кет👇🏻

9 0 ER 0.0784
📕 Физикадан жаңа жазбаша нұсқа талдау

Марғұлан ағаймен😎
ҰБТ 2022-ге дайындық🔥

✅ Нұсқа талдау пайдалы болса лайк басып, қабырғаңа сақтап қоюды ұмытпа

16 0 ER 0.0962