Статистика ВК сообщества "Қазақша Монолог"

0+

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Бір ауыз сөз, тағдырынды шешеді,
Бір ауыз сөз, жүректі мүгедек етеді.
Бір ауыз сөз, айтылған сөз атылып,
Жүрегіңнің қақ төріне жетеді.

Бір ауыз сөз, бір соғысты тоқтатқан,
Бір ауыз сөз, қан майданды бастатқан.
Бір ауыз сөз, бұйрық болып келгенде,
Әскерде жоқ сарбаз одан бас тартқан.

Бір ауыз сөз, бір ауылды көшірген,
Бір ауыз сөз, айыптыны кешірген.
Бір ауыз сөз, айтылғанда қажыға,
Сөздің шыны өзегінді өлтірген.

Бір ауыз сөз, бақыттарға бастаған,
Бір ауыз сөз, жамандыққа жақ салған.
Бір ауыз сөз, хақтан шықса бір асыл,
Жүрегінді ластықтан қайтарған.

Бір ауыз сөз, жағар жанға үмітті,
Бір ауыз сөз, көбейтеді күдікті.
Бір ауыз сөз, бір ауылды айналып,
Ел ішінде, ірітеді бүлікті.

Бір ауыз сөз, жанға бақыт сыйлаған,
Бір ауыз сөз, арға тиіп қинаған.
Бір ауыз сөз, бәсенденіп шыққанда,
Елі оны қайтаруға қимаған.

Бір ауыз сөз, көктем қылар өмірді,
Бір ауыз сөз, күзге салар көңілді.
Бір ауыз сөз, таңғажайып сиқырлы,
Маған да бір, айтындаршы бір сөзді.

Абзал Батырханов

4 0 ER 0.0552