Статистика ВК сообщества "ЖАН ДОСЫМ"

0+
💞💞💞Қасымызда болғанда сынаса да, ел алдында үнемі бізге жақтасатын ЖАН ДОСЫМ тобының жан достары аман болсын😘😘😘
Количество постов 26 182
Частота постов 145 часов 16 минут
ER 17.48
Нет на рекламных биржах

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Нурлы ғалам
Сырлы ғалам
Кудретине гажайып жетер ме маган
Асыл алем
Жасыл алем
Тагдырынды коргайды махаббат гана
ал Алдымызда арман жол
Алдымызда сан белес
Журегинде аяла арманы бир сол
Конилинде шалкып куй
Журегинде нур тонип
Махаббат бен сезимнен Алемди шын суй

Сезим сикырлы галамат
Бул журектеги шапагат
Манги алемди коргайды
Махабат тек пак махабат

Алдымызда арман жол
Алдымызда сан белес
Журегинде аяла арманы бир сол
Конилинде шалкып куй
Журегинде нур тонип
Махаббат бен сезимнен Алемди шын суй

4 2 ER 0.1160
ЖЫЛАМАШЫ ЖҮРЕГІМ

Іздеймін сені жарығым,
Төксе деп маған таң нұрын.
Неліктен сені таба алмай,
Ғаламды кезіп сабылдым.

Тағдырға айтып сырымды,
Көзіме жасым тығылды.
Сағынып жүрмін сағынып,
Аңсаумен сенің үніңді.
қ-сы:
Сені ойлап дәйім ғашығым,
Теңіздей толқып тасыдым.
Аңсаумен сені сүйгенім,
Жылайды менің жүрегім.
Оралмас өткен күндерім,
Жылама менің жүрегім.

Мұңымды кімге шертемін,
Түсінші мені сүйгенім.
Оралмасыңды білсемде,
Келмейді саған хош дегім.

Өкініш өртеп ойымды,
Жүрсемде жинап бойымды.
Мәңгілік жаным мен саған,
Тілеймін бақыт баянды.

Авторы Сайфутдинов Фазиль.

1 0 ER 0.0864
Сағат бес болып жатыр 29.07.2022 жыл, сағат 4.30 оянып кеттім, палатада төртеуміз жатамыз, есік жанында жататын 25 жасар жігіт қиналып отыр простинаны екі қолына орап алып түйіндеп судоргасы ұстап отыр кезекші дәрігерлерді шақырып келдім, жанымдағы екеуіде оянып кетіп дәрігер қызға үшеуміз жәрдемге кірістік укол салуына тамырдан науқасқа ауа жетпей жатыр, ауа беретін апаратты қостық, жаурап қалшылдап, қол аяғы тырысып қалған кәдімгі наркомандардың ломкасы....
Осы посты жазамын деген ойда жүргемін, науқас шамалы тынышталған соң жаза бастадым посты, басынан бастайын сіздерге түсінікті болу үшін. Аурухананың неврология бөліміне дүйсенбі күні порталмен келіп жаттым, жас жігіт науқас ол кезде жатыр екен, алдында әйелі, осы төрт күн ішінде төрт рет ломка ұстады күндіз және таң ертең. Әйелінен сұрадым күйеуіңе не болған деп, ол ГОРИЛАНЫҢ кесірі ғой деді көзіне жас алып, менде ары қарай сұрамадым, жас жігіттің өзінен сұрармын сосын пост жазармын деп ой түйдім. Күні кеше жігіттің көңіл күйі жақсы кезде сұрадым өзінен, ол күрсініп мұның бәрі гориланың кесірі ғой көке деді. Жұмысым жақсы компютерде жұмыс істеймін, бес алты банка горила жұмыс орнымда тұрады, түскі асқада бармай тек горила ішіп отыра беретінмін жұмысымды істеп деді күрсініп, міне бір жылдан асты аурумын, горила ішпеймін іздемеймін, бірақ азабын көріп жатырмын жүрегім екі рет тоқтап қалды, екі жасар қызым бар соны қимаймын деді күрсініп. Мен осыдан енді жазылып кетсең горила ішесіңба десем. Беті құрысын енді ішпеспін деп басы салбырап кетті тұнжыра ойлана, ары қарай қалай гориломан болып кеткенін әңгімеледі, менің диагнозым дәрігерлер қойған энергозависимост деп күрсініп. Міне бүгін бесінші күн біргеміз приступ ұстағанда тек бақылаушы болып отыратын ем, ал дәл бүгін қазір жанымдағы кеше келіп жатқан екі жігіт үшеуміз реанимироват етуге белсене қатыстық. Қалай қиналғанын айтпай ақ қойайын, тек көзі алақтап көке мені әкетпесінші айтыңызшы дегені көз алдымда тұр!
Ал құрметті оқырман нотация жазып сіздердің миларыңызды қатырмайын, осы жазбамды әлеуметтік сайтта бөлісіңіздер қазақтың қара көз балалары, ару қыздары оқып ой түйсін, ал үкімет шара көрмесе энегетически сусындарға жаңа қазақстан емес науқас жарымжан ұрпақпен қандай қазақстан құрамыз?!

2 1 ER 0.0634
ЖҮРЕГІМ ЖЫЛАМАШЫ.

1). Іздеймін сені жарығым,
Өзіңді ойлап жүр жүрегім.
Неліктен сені таба алмадым,
Көз жасым тоқтаусыз ағып жатыр.

Сені ойлап жүрмін әлі ғашығым,
Сені қимай жүр жүрегім.
Сені талай жыл күтім сүйгенім,
Ойлап сені жылайды жүрегім.
Жылама менің жүрегім,
Оралмайды ол енді білемін.

2). Әтең ай неге маған жолықтың,
Сен жүрегімді қинап менің кеттің.
Тағдырға айтып сырымды,
Көзіме жас келіп түйілді.

3). Қимай саған қош дедім,
Өмірге мұңымды шертіп.
Қиналсада менің жүрегім,
Мен сені ұмытам деп шештім.

4). Айлы түн саясында,
Жаным мені қимай барасыңба.
Сүйем деген сөзіңді,
Арнап басқаға сен барасыңба.

Авторы Сайфутдинов Фазиль.

2 0 ER 0.0556
ҚАРЫНДАСЫМ

Әкем мен шешем ас үйде сөйлесіп отыр. Ауық-ауық дауыстары қатты шығып кетеді. Әңгіменің кім жайлы екенін ішім сезеді. Он жасқа жаңа толсам да оң-солымды ажырата аламын. Өзім солай ойлаймын. Әке-шешенің дауыстары көтерілген сайын бесікте алаңсыз ұйықтап жатқан қарындасыма қараймын. Сүп-сүйкімді өзі. Пыс-пыс етеді. Дүниеге келгеніне үш ай ғана болды. Үйде бесеуміз. Қарындасым әзірге кенжеміз. Ас үйдегі екеудің дауысы бұл жолы қаттырақ шықты.
-Аузыңнан қағынып берем деген өзің!-деді шешем, -Енді қайтпексің? Осыдан сөзіңде тұрмасаң Орақ сені о дүниеде де көрмей кетеді. Қанша жылдан бері бірге жүрген досың. Бүгін кешке келеміз депті. Бір шешімге келейік. Ал, не дейсің?
Әкем ұзақ уақыт үнсіз қалды. Мына жақта отырып мен жан таппай кеттім. Орақ-әкемнің жан досы. Біздің ауылға Мақпал тәте екеуі жас маман болып келіп, жұмыс істеп жүр. Әкем екеуі қашан, қалай танысқандарын білмеймін, әйтеуір, мен ес білгелі біздің үймен жақын араласып келеді. Шешем қарындасыма жүкті кезде Орақ аға мен Мақпал тәте біздің үйде қонақта болған. Сол кезде Орақ аға қызып отырып бір әңгіменің шетін шығарған.
-Сықа, екеуміздің төс түйістіріп, дос болғанымызға он жылдан асыпты. Осы уақытта мен сенен ештеңемді аянған жоқпын. Сен де! Керек болса бір-бірімізге жүрегімізді жұлып беруге даярмыз. Солай ма?
-Солай!- деді әкем досын құшақтап, - Менің барым -сенікі!
-Олай болса бір өтініш айтайын, -деді Орақ ағам досын құшақтап, -Мына Мақпал екеумізде жалғыз ұл бар. Құдайдың онысына да тәуба! Өзің білесің, дәрігерлер Мақпалға енді бала көтеруге тиым салды Болмайды! Ана ұл жалғызсырамасын десең...ертең дүниеге келетін балаңды маған бер!
Әкем анама қараған. Ол төмен қарады. Орақ ағам еңкілдеп жылап отыр. Оған Мақпал тәтем қосылды. Соңы баланы беретін болған...
...Ас үй жақтан әкемнің дауысы естілді. Бір шешімге келген сияқты.
-Сол күні Орақтың көңілін қимаған едім. Оның үстіне қызып қалды ғой. Ертесі ойланар дедім. Енді білмеймін. Кешке келсе келсін! Оған дейін айтар жауабын ойланармын,-деді әкем.
-Ойлансаң ойлан! Жауабын өзің бер! Менің де жүрегім қан жылап тұр. Бергім келмейді. Досыңды да жоғалтып алма!-деді шешем дауысы дірілдеп.
Құдай-ай, не істесем екен? Орақ ағаның мінезін білемін. Бір кетсе қатты кетеді. Әкеммен ат құйрығын үзіп, көрмей кететіні анық. Әкемді білем ғой! Түсі суық болғанмен мінезі жұмсақ. Көңілшек. Өзі де отыз алты жасқа дейін бала көрмей, тағдырдың теперішін көп көрген. Досының көңілін қимай қарындасымды бере салса ше? Өз ойымнан өзім шошып, терлеп кеттім. Қарындасыма қарағанмын. Пысылдап ұйықтап жатыр. Өзі сондай сүйкімді.
...Ас үйдегі екеу әлі сөйлесіп отыр. Бір байламға келе алмай отырғандары анық. Шешемді түсінемін. Қай ана баласын біреуге көтертіп жібере қойғысы келеді дейсің. Өзін өзі қоярға жер таппай аласұрып, әкеме әлденені дәлелдеп бағуда. Әкем! Әкем алтын ғой менің! Әлемде одан мейрімді, одан ақылды адам жоқ мен үшін. Барлығын да сабырмен шешеді. Осы жолы қателеспесе екен...
...Сыртта ит үрді. Сосын қақпа ашылып, біреудің кіргені білінді. Жүгіріп барып терезеге үңілгенмін. Күлімхан апам! Әкемнің қарындасы. Көрші ауылда тұрады. Әкелері соғыстан қайтпаған соң менің әкем қарындасын өзі жетектеп жүріп өсірген. Адам қылған. Күлімхан апам да әкемді әкесіндей көреді. Бір дауыс көтеріп сөйлегенін естімеппін. Ағалап тұрғаны. Апам ас үйдегілермен амандасып, қарындасым екеуміз отырған бөлмеге өтті. Мойнына асыла кеттім. Ол да құшақтап,мені құшырлана иіскеп жатыр.
-Амансың ба, күнім! Мыналар ренжітіп жүрген жоқ па? Сені иіскесем шешемнің иісі келеді. Марқұм сені жеті жасыңа дейін қойнына алып жатты ғой. Әжеңді ұмытқан жоқсың ба? Сен мыналардың емес,әжеңнің баласысың. Ұқтың ба?
Күлімхан апам сөйлеп жатыр, сөйлеп жатыр... Мойнынан құшақтаған егіліп жылап мен тұрмын.
-Әй, Әбөу, не болды саған? Жылап тұрсың ба?- деді бір кезде апам, -Кім саған тиіскен? Қане, айта ғой.
Жаңағы жылағаным түк емес, енді боздап қоя бердім. Апам шошып кетті. Әкем мен шешем де жүгіріп келді.
-Мыналар!-дедім әке мен шешені көрсетіп, -Қарындасымды Орақ ағаға берейін деп жатыр. Ол әлі кішкентай ғой. Ол менің қарындасым ғой! Апа, айтыңызшы! Бермесінші, апа!
Күлімхан апам әуес әкем мен шешеме қарады. Олар үндемеді. Қайтадан ас үйге кетті. Апам басымнан сыйпап, күрсінді.
-Бұларға бала ойыншық болған ба? Жеңгемді қойшы, ағама не жорық? Мойнына бұршақ салып жүріп, Алла тағаладан әзер сұрап алған балаларын басқаға бергені не сұмдық?! Жылама, күнім! Қарындасыңды ешкімге бермейміз! Мен бүгін осы үйде қаламын. Қасыңда боламын!
Күлімхан апам ас үй жаққа қарай кетті. Кәдімгідей жеңілдеп қалдым. Әке-шешеме де Орақ ағаға айтатын сылтау керек болып отыр еді. Апамның келгені жақсы болды. Қарындасыма қарағанмын. Манағы шудан оянып кетсе де жыламай моп-момақан болып жатыр. Әлде, әңгіменің өзі жайлы екенін сезіп жатыр ма? Кішкентай ғана қолдарын қыбырлатып, маған қарап күліп қояды. Сүйкімді өзі.
...Күлімхан апам әкем мен шешеммен ұзақ сөйлесті. Мән-жайға қанықты. Сүт қатқан күрең шайды да көп ішті. Мен де бұл кезде дастарханның шет жағына отыра кеткенмін. Шешем жақтырмай қараған. Әкем отыра берсін деді. Ол менімен үнемі үлкен адамдай сөйлесетін. Баласынбайтын. Бұл жолы да үлкендердің әңгімесін тыңдасын, өмірдің бала ойлағандай жеңіл еместігін, күрмеуі қиын сәттері де көп екендігін түйсіне берсін деген шығар.
-Аға, мен қазір ауылға қайтамын -деді апамыз әкеме, -Ешқашан бетіңізге келіп, қатты сөз айтып көрмеп едім. Айтпаймын да! Мына қызды бермеңіз! Жерде жатқан бала жоқ!
-Күлімхан,сенікі дұрыс!- деді әкем босаған кесесін шешеме ұсынып жатып, -Мен де сенің сөзіңді жерге тастай алмаймын. Сен болмасаң мына өмірден қубас болып, тіземді құшақтап өтер ме едім. Ағама алданыш болсын деп бір ұл, бір қызыңды үйге өзің жетектеп әкелгеніңді ел біледі...
Әкем үнсіз қалды. Үйдегі үлкен ағам мен әпкемнің Күлімхан апамнан туғанын мен де білемін. Біз тумай тұрғанда әкем асырап алыпты. Әкем ешқашан оларды бізден бөлген емес. Шешемнен де соны талап ететін.
-Аға, мен сол үшін қызды берме деймін,-деді апам күрсініп, -Олардан бөлек он балам бар. Бірақ, осы екеуін шиеттей кезінде өз қолыммен әкеп бергеніме әлі өкінемін. Қандай жақыныңа берсең де туған ананың мейіріндей болмайды, аға! Солардың екі ортада жалтақтап жүргендері менің жанымды ауыртпайды дейсіз бе? Өмірде шын әкесінің, туған анасының атын атай алмаудан өткен қорлық бар ма! Менің қателігімді сен қайталама! Өкінесің!
Апам сөзінің соңын шешеме қаратып айтты. Бұдан соң ешкім үндемеді. Үнсіз дастархан жиналды. Сәлден соң мені маңдайымнан сүйіп Күлімхан апам ауылына қайтты.
Түстен кейін әкем қора-қопсыны аралап көп жүрді. Үйге кірмеді. Тек күн батар шақта сырттан шешеме дауыстады.
-Мен Орақтың үйіне өзім кеттім, -деді, -Алдынан өтейін,түсіндіріп көрейін. Түсінбесе өзі білер. Әй,қиын болды-ау!
Әкем тез оралды. Көңілсіз. Кешкі шайын ішті де жатып қалды. Орақ аға оңдырмай сыбаған сияқты. Тіпті енді бір-бірін көрмейтін де шығар. Мейлі, араласпай-ақ қойсын! Әкеме дос табылар. Қарындасым үйде қалды! Оны Орақ ағаға бермеді. Мен үшін бұдан артық қуаныш жоқ. Осыны ойлап жатып ұйықтап кеттім.
...Орақ аға шынымен де біздің үйге келмейтін болды. Әкем де оны іздемеді. Бір-біріне қатты ренжігендері анық. Осылай бір жыл өтті. Бір күні кешкісін сабақтан келсем әке-шешем барларын киіп, қонаққа жиналып жатыр. Үйде бала көп. Қонаққа барғанда біреуі ғана, онда да кезекпен ілесіп барады. Менің кезегім еді. Жат та кеп жабыстым.
-Орақтың үйіне барамыз. Тез киініп шық!-деді әкем, -Мақпал тәтең қыз туыпты!
Жанталасып киініп жүріп Мақпал тәтенің қызын ойладым. Ол кісіні тумайды деп ғой. Өзі туса менің қарындасымды неге сұраған? Мақпал тәтем туса әкемдер перзентханаға барар еді ғой? Сырттан әкемнің дауысы қатты шықты.
-Мына бала шыға ма, жоқ па? Қой, өзіміз кете берейік...
Шала-шарпы киініп соңдарынан зыттым. Әлі ойлап келемін. Мақпал тәте шынымен туды ма екен?
Орақ ағаның үйіне біраз адам жиналып қалыпты. Өзі өте көңілді. Әкеммен құшақтасып амандасты. Өткендегі өкпесін ұмытқан сыңайлы. Әлде Мақпал тәтем босанған соң кешірді ме екен?
Дастархан басында ағыл-тегіл тілектер кетіп жатты. Бәрі Орақ ағам мен Мақпал тәтемді қызды болуымен құттықтайды. Екеуі де мәз. Түпкі бөлмеден сәбидің жылағаны естіледі. Ондайда Мақпал тәтем сүріне-қабына жүгіріп бара жатады. Соңынан ере кіргенмін. Кішкентайды көргім келіп...Перзентханадан кеше келген сәбиге ұқсамайды. Үш -төрт айлық шамасы. Шырқырап жылайды. Мақпал тәтем басында емізігі бар құтыны аузына салып әлек. Сәби сәл сорады да қайта шығарып тастайды. Тағы жылайды. Үлкендер түгілі мен түсіндім. Мақпал тәтем бұл қызды тумаған. Асырап алған...
...Қонақтан үйге қайтып келеміз. Әкем мен шешем сыбырлап сөйлейді. Мен түсініп қоймасын деп астарлап айтады.
-Жақсы болды!-дейді әкем шешеме, -Досымның арманы орындалды. Жанталасып кетіп еді...Мақпалдың туған сіңлісі деді ме?
-Иә, Талғар жақта тұрады деп естігенмін, -деді шешем күрсініп, -Жақсысы жақсы ғой! Балаға жүрегім ауырып кетті. Жатырқап жылай береді. Сіңілісі де ана жақта жай таппай жатқан шығар? Ерте емшектен шығарып жіберіпті тағы...
-Өй, саған не болған? Өз қызыңды бергендей езіліп келесің ғой! Орақ досым аман болса ол қыздың өмірі керемет болады, -деді әкем, -Үлде мен бүлдеге орап өсіреді оны.
-Бермегенім жақсы болған!- деді шешем естілер естілмес.
"Бермегені жақсы болған" дедім мен де ішімнен. Осы сәтте үйде қалған қарындасымның еске түскені. Әке- шешені артқа тастап үйге қарай ұшып келемін. "Бермегені жақсы болған! Бермегені жақсы болған!". Алып-ұшып үйге кіріп қарындасымды іздегенмін. Монтиып ұйықтап жатыр. Өзі сондай сүйкімді.
...Көп ұзамай Орақ ағам қалаға көшті. Үлкен бір қызметке тұрды деп естідік. Қалаға барғандар Орақ ағама соғып, әкеме оның сәлемін жеткізіп жүрді. Әкем де досына ауылдың дәмін жиі жіберетін. Бір күні сабақтан келсем әкем есік алдында мал сойдырып жатыр екен.
-Тез киіміңді ауыстырып шық!-деді маған, - Мал союға көмектес, есіктің алдын тазала! Орақ досым келе жатыр. Бала-шағасы да бірге көрінеді.
Үйге кіріп, киім ауыстырып жатып Орақ ағамның қызының есіме түскені. Атын Айгүл қойып еді. Жасы да беске шамалап қалды-ау. Қалай жүр екен?
...Көп кешікпей Орақ ағамдар да жетті. Есік алдына тоқтай қалған су жаңа "Жигулиден" алдымен ағаның өзі шықты. Сосын Мақпал тәтем де көрінді. Барлығының соңынан шашын әдемілеп өріп қойған, қызыл ала көйлек киген кішкентай қыз секіріп түсті. Аппақ! Күн тимеген секілді. Құдды қуыршақ дерсің! Біздің үйдің бес-алты кір-қожалағы аузымызды ашып қарап қалыппыз. Таңданысымыз мұнымен бітпеді. Орақ аға мәшиненің жүксалғышын ашып қызының заттарын түсіре бастады. Алдымен киімдерін, сосын ойыншықтарын...Құдай-ау, не жоқ дейсің мұнда! Ауыл баласының түсіне ғана кіретін түрлі қуыршақтар, ағашқа байлай салып тебе беретін әткеншек, несін айтамын, әлгілерді шығарып жатыр, шығарып жатыр...Ең соңында үш дөңгелегі бар кішкентай белесебет (біз жақта оны "үшаяқты" дейді) шықты. Бес-алты кір-қожалақтың естен танғандай болғаны рас енді.
Қонақтар үйге кіріп шәй ішті, сәлден соң ет желінді. Ескі достар қызу әңгімеге кірісті. Балалар есік алдында ойнап жүрді. Орталарында Орақ ағамның қызы-Айгүл. Айгүл ақылды қыз болып өсіп келе жатқанға ұқсайды. Ойыншықтарын қызғанбай, өзімен тетелес менің қарындасыма да ұсынып қояды. Қарап отырсам екеуі екі түрлі әлем! Жаз кезі ғой. Біз жақта ойын балалары көбіне аяқ киім кимейді. Қарындасым жалаңаяқ. Көйлегі де көнетоз. Оның қасында Айгүлді әлдебір елдің ханшайымы дерсің. Күн шалмасын деді ме екен, басына әдемі қамыс қалпақ кигізіп қойыпты. Аяқ киімі жалт-жұлт етеді. Манадан бері менімен бірге осының бәрін бақылап отырған інім Абылай мырс етті. Кішкентайынан тілі қыршаңқы болатын.
-Осы қызды Орақ ағама бере салуымыз керек еді, -деді қарындасымызды нұсқап, -Қазір ғой ана қыздың орнында жүрер еді. Не ішем, не кием демейді. Рахат емес пе?
-Кетші-ей!-дедім жыным ұстап, -Басынан алтын саулатып өсірсең де өз қызыңдай болмайды. Сен не білесің!
Інім бірдеңе деп жауап бергенше орнымнан тұрып, үйге кіріп кеттім. Ол да сөйлей береді екен. Қарындасымды бермегені бәрібір дұрыс болған!
Ертесі әке-шешем қонақтарды "көкке" шығарды. Біз жақта "пикникті" осылай дейді. Ауыл сыртындағы өзен жағасына қазан-ошақ көтеріліп, көрпе жайылып, дастарханға дәмнің түр-түрі қойылды. Үлкендер сол жерде арқа-жарқа әңгімелерін айтып, балалар өзен жағалап ойнап жүрді. Тау өзенінің ағыны қатты болғанмен онша терең емес. Он бес жастағы менің өзім жаяу кешіп өте беремін. Кішкентай балаларды суға жақындатпасаң болғаны. Басында Орақ ағам бізге сенбей Айгүлін өзі қарап, тексеріп жүрді.
-Қызым, өзенге жақындама! Жүрші, менің қасымда отыршы!-деп кәдімгідей алаңдады.
-Папа, осында отырайыншы! Мұнда әдемі тастар көп екен! Қалаға барған соң аквариумға саламын! Жинап алайыншы! -дейді қызы қиылып.
-Жарайды, -дейді Орақ ағам жадырап, -Жинай ғой! Әй, сендер де қарап отырмай менің қызымның аквариумына әдемі тас жинаңдар! Кім көп жинаса ақша беремін!
Аквариумның не екенін білмесе де шуылдақтар әдемі тас жинауға кірісті. Өзеннің шетіндегі құмда ондайдың неше түрі бар. Тапқандарын ханшайым қызға көрсетеді. Қыз ұнатса қалтаға салып қояды. Ұнатпаса лақтыра салады. Тас жинаудың қызығымен өзен бойлап ұзақтау кетіп қалған екенмін, жоғары жақтан шу шықты.
-Ойбай, кетті!
-Ойбай, мынау Айгүл ғой!
-Құрыды-ау, құрыды! Төменде иірім бар...
Есім шығып кері қарай жүгірдім. Сәл жоғарыда өзенге бір батып, бір шығып келе жатқан Айгүлді көрдім. Өзен жағалап жүгіріп келе жатқан топтан Орақ ағам бөлініп шықты да суға қойып кетті. Төмендегі иірімге жүз қадамдай ғана қалған еді.
...Гүрілдеп ағып жатқан тау өзені таяз болғанмен ағыны қатты дедім ғой. Орақ ағам су астынан ырсиып шығып тұрған үшкір тастарға сүріне, қабына қызына жетті-ау, әйтеуір. Ағынды су Айгүлді иірімге апарып тастай салса не болар еді? Құдай сақтады. Қызын көтеріп жағаға шыққан Орақ аға оны құстырып жатыр. Суды көп жұтып қойған сыңайлы. Қызы көзін ашып, жылап қоя бергенде ғана Орақ ағам басын ұстап отыра кетті.
-Күнім-оу, айырылып қала жаздадым ғой!- деп егілді, -Сенің табаныңа кірген шөңге менің маңдайыма кірсін деп жүрмін ғой. Жаратқан, өзің бердің ғой... Неге алып кете жаздадың? Тиіспеші! Айгүлімнен ажыратпашы мені!
Ағамды әзер тоқтаттық. Айгүл дін-аман. Ал, ағамның көйлегі де, шалбары да жыртылап, ар жағынан қан көрініп тұр. Маңдайын да тасқа ұрған секілді. Қатты жырылған. Дереу ауруханаға апарды. Аяқ-қолы тілінген, миына зақым келген депті. Орекем ауылда оншақты күн емделіп, сосын ғана қалаға қайтып кетті. Содан мектеп бітіргенше ол отбасын көрмедім.
...Арман қуып Алматыға аттанып барамын. Шығарып саларда әкем Орақ досына сәлем айтып, үйіне кіріп, шығуымды тапсырды. Көзі мөлтілдеп тұрған қарындасымды құшырланып бір сүйіп, күтіп тұрған мәшинеге отырып қалаға бет алдық.
... Орақ ағамның үйін тез таптым. Қоңырауын басып едім біразға дейін ешкім аша қоймады. Сәлден соң есікті Мақпал тәтем ашты. Маңдайымнан сүйіп, қуанып жатыр. Маған бәрібір көңілсіз көрінді. Жылағаннан ба, көзінің алды ісіп кетіпті. Үйде басқа ешкім жоқ сияқты. Ауыл, аймақтың амандығын білген соң тәтем ас бөлмеге шәй қоюға кетті. Орақ ағам қайда екен? Айгүл көрінбейді ғой? Ұлы қайда? Ойланып қалдым.
-Ұл сабақта, -деді тәтем менің ойымды оқып қойғандай, -Ағаң жүрегі сыр беріп, ауруханада жатыр.
Айгүл жайлы айтпады. Мен де сұрауға бір-екі рет оқталдым. Батпадым. Шәй ішіп отырғанда тәтем өзінен өзі жылап қоя берді.
-Айгүл кетті ғой, -деді егіле жылап, -Енді келмейді. Әке-шешесін тапты! Ана бәлелер үндемей жүріп құлағына сыбырлай беріпті. Қыз да бізге білдірмей тыңдай берген...Өткенде сіңілімнің үйіне қонуға қалдырғанбыз. Содан келмеді. "Бармайды" деп сәлем айтыпты аналар...
Жүрегім қысылып кетті. Не деп жұбатарымды білмедім. Орақ ағама обал болды-ау! Бәсе, жүрегі мықты еді ғой... қызының қайғысы алып ұрған шығар? Тәтеммен асығыс қоштасып сыртқа шықсам Алматының ақ жауыны төпелеп құйып тұр екен...
...Көп ұзамай Орақ ағам өмірден өтті деген қаралы хабар жетті. Досының қазасына ауылдан әкем де, шешем де келді. Жаназасына жиналғандардың қарасы өте көп болды. Бірақ, Айгүл мен оның шын әке-шешесі көзіме түспеді. Оны жиналған жұрт та күбірлесіп айтып тұрды.……………

1 0 ER 0.0403
2012 жыл. 21 маусымы. Ақтөбе қаласында үш азамат такси жүргізушісіне шабуыл жасаған, ал оған көмекке келген жол полиция қызметкерін өлтіргені туралы оқиға елді елең еткізді. Екі күннен соң қылмыстық топ табылып, өз еркімен берілу туралы ұсынысқа қарамай оқ жаудырған. Болған атыс салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алып, екі экстремист қаза болды. Оқиғаға қатысы бар 17 жасар жергілікті тұрғын ұсталған болатын.
Міне ҚР Қылмыстық кодекстің 9 бірдей бабымен айыпталған Ғабиттің биыл қапасқа қамалғанына да тоғыз жыл. Ол колледжге түскен жылдары деструктивті діни ағым мүшелерімен танысып, экстремистік уағызшылардан дәріс алады.
Сол уағыздың ықпалымен такси жүргізушісіне шабуыл жасап, полиция қызметкерін өлтіреді.

Қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан Құрманқұловтың санасын «емдеу» теологтарға тапсырылды.

0 2 ER 0.0369
Өмірден алынған...

Кеше автобуспен үйге бара жатқанмын. Бiр аялдамадан шамасы төрт жасар бала мен отыздан асқан жас жiгiт кiрдi. Бала әкесiнiң
тiзесiне басын қойып жылай бастады.Көпшiлiк еркелеп тұрған қыңыр бала болар шамасы деп мән бере қоймады. Әкесi де шаршаған, тұнғиық ойға шомған көздерiн терезеден алар емес. Сәлден соң бала:
~Әке, сен анамды жақсы көремiсiң?~ дедi. Осы сөздi естiгеннен~ақ әке жүрегi елжiреп көзiнен жас тамды:
~ Иа балам, қатты жақсы көремiн! ~Олай болса, оны неге жерге көмiп тастадық? Ендi мүлдем көрмеймiз бе?~ деп мөлдiрей қарағанда, жолаушылардың төбесiне жай түскендей болды. Әкесi үнсiз баласын
қолдарымен қатты құшақтады, бауырына қысып өзiн~өзi ұстауға тырысқанымен дәрменi жетпедi. Автобустағылардың да көзiне ерiксiз жас келдi. Бәрi де тауқыметтi тағдырдың ащы дәмiн сезгендей болды. О пенделер, бес күндiк фәниде бiр~бiрiмiздi бағалай бiлейiк, қамқор болайық! Бәрiмiзге берiлгенi қысқа ғұмыр, сол уақыт iшiнде бір бірлеріңізге жылулық қуаныш сыйлаңыздар ағайындар………………….

1 1 ER 0.0346
Медбике қызға
Атыңды қалдырсам ба екен мәңгілік
Ел құлағында тұратындай жаңғырып
Айналдырып ноталарға саз қылып
Қалдырсам ба екен сезімді, ән қылып

********
Құлағыңның құрышын бір қандырып
Атқанша бозғылтанып ақ таң күліп
Бір жыр арнап кетейінші, мен саған!!!!
Өшпейтұғын бір хатымды қалдырып

*******
Ғашықтық, ол мүмкін бір заңдылық
Атыңды қалдырсам ба ән қылып,
Тыңдап бұл жырымды бір оқушы
Айтып жүрер жазған деп бір әңгүдік!!!!! (Жалғасы бар)
Авторы: Алмабекұлы Ерлан

0 0 ER 0.0173
Жасым 23 те отбасы куру максатында танысам озим ажырасканмын астана каласында турам маган манызды емес жасы и бурын турмыста болса да баласы болса да отинем мени дурыс тусиндерши озим жумыс истеймын (((((( Алла разылыгы ушин комектесендерши

0 0 ER 0.0115