Статистика ВК сообщества "Сұлтанстан | Хикаялар әлемі"

0+
Оқиғаның бәрі автордың қиялынан туындаған.Рұқсатсыз, немесе авторды белгілемей көшіруге тыйым салынады✓

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Махаббат мекені.

1-бөлім.

Даниярдың жалғызбасты әке атанғанына бес жылдай болды.Бір ұл және бір қызы бар.Қызы тоғызда болса,ұлы бес жасар.Ата-анасының айтуымен ерте үйленген еді,бар болғаны он тоғыз жасында.Қазір жасы отыздан асып барады.Екі бүлдіршінінің тамағы мен оқуы,тәрбиесі де жалғыз өзінің мойнында.Ата-анасы анда-санда ғана келіп тұрады.Отбасында екі ұл болған соң інісі қара шаңырақта қалған.Әне міне дегенше ол да келіншек әкелуге әзірленіп жүр.

Данияр балаларын ұзақ уақытқа жалғыз қалдырып кетпеу үшін жұмысты жақын маңнан іздейді.Өзі тұратын кішкентай ғана Темір деген қалашықта тұрақты жұмыс та жоқ.Сондықтан жалдамалы жұмыстарды жасауға мәжбүр.

Бір күні Даниярдың қызы Әмина жарысқа баратынын айтып үйге қуанып келді.Жарысы болса облыс орталығында екен.Әжептеуір қаржы кетеді.Әмина каратеге қатысатын.Біраз жүлделері де бар.Қызының таудай талабын көріп жүрген ол,бармайсың ақша жоқ деп бетін қайтаруға дәті бармады.Сондықтан жан-жақтан дұрыс жұмыс іздеп жүрді.Бірақ ешкімде тәуір жұмыс та,қарызға ақша да табылмады.Салы суға кеткен Данияр тығырыққа тірелді.

Бірде Даниярдың достары бір ерекше ұсыныспен келді.Ұсыныс болғанда да қылмыс әрекеті бар.Шыңғыс пен Бахтиярдың шығармайтындары жоқ еді.Кейде тіпті Даниярды ұрлыққа да сүйрейтін.Ондай кездері ол сыпайы түрде ғана бас тартады.
- Тыңдашы досым,-деп бастады Шыңғыс әңгімесін. - Түкте емес,әлгі елімізге танымал әнші бар ғой Дана деген,сол екі күннен кейін біздің қалаға келеді екен.Бір дөкейдің тойына.Соны ұрлап кетеміз,содан соң босату үшін ақша талап етеміз,олар сұраған ақшамызды берген соң босата саламыз қызды,-деді.
- Біздің өміріміздегі ең жеңіл ақша болады жігіттер,-деп күле қостады оны Бақтияр.
- Бұл жарамайды жігіттер,барып тұрған қылмыс қой бұл,-деді Данияр.
- Ой қайдағы қылмыс досым,біз оған тиіспейміз ғой,бар болғаны уақытша ұстаймыз.Біз Бақтияр екеуміз-ақ істейтін едік,сенің қыз сияқты сызылатыныңды білгенде.Бірақ сенде көлік бар.Сондықтан амал жоқ саған жүгінуге тура келді.Оның үстіне саған да ақша керек емес пе?! - деген Шыңғыс Даниярдың арқасынан қағып қойды.
- Керегіне керек қой ақша,міне Әмина жарысқа барам деп отыр,көлігімді сатуға қойдым,мүмкін ол уақытқа дейін өтіп кетер-деп Данияр үнсіз басын қасылады.
- Әне көрдің бе,ақша керек.Ал көлік туралы ұмыт,ол ескіңді ешкім де алмайды.Мына жұмысқа келіс.Сонымен қатар бұл өте жеңіл іс.Өкінбейсің,тез әрі таза жасаймыз.Қызың да жарысқа барады,өзіңе де ақша қалады,-деп Бақтияр да қоймады.
- Мақұл әншіні ұрлап кеттік делік,кім еді аты..?
- Дана..
- Дана,сол Дананы ұрладық ал,сосын не істейміз,ақшаны кімнен талап етеміз айтыңдаршы?
- Ей сен қызықсың осы Данияр.Ол жалғыз жүреді дейсің бе?Менеджер дей ме,сонысы бар,әлгі продюсері бар,ақша жетеді оларда.Шу шығып кетпеу үшін бірден ақша бере салады.Дананың жоғалғанын халық естісе олардың басы кетеді түсіндің бе,-деді Бақтияр ақылдысынып.
- Ал полиция ше? Егер продюсері полицияға шағымданса ше?
- Ой шағымданбайды полицияға.Естіген жоқсың ба жаңа Бақтиярдың сөзін,Дана жоғалғаны прессаға жетсе басы кетеді олардың,сотталады.
- Олар неге сотталады,олар болмаса егер ұрлаған?
- Туй мынау да бір бір түсінбейтін адам екенсің,қысқасы хабарын бер біз кеттік.Екі күннен соң келеді Дана.Келіссең звондап айтасың,келіспесең өзіміз-ақ шешеміз,-деп Шыңғыс Бақтиярға кеттік дегендей ишара білдірді.Сосын екеуі шығып кетіп қалды.Бұлардың ойлары жақсылыққа апармайды деп шешкен Данияр бұл іске араласпаймын деп ойлады.Содан қайта жүмыс іздеуге кірісіп кетті.

Данияр бұл жолы ешқандай жұмыс тапқан жоқ.Содан амалсыз үйіне қайтты.Үйінде жөндеуі бітпеген екі-үш бөлмесі бар еді,соларды жәйлап ретке келтіре бастады.Ақша қайдан табамын деп қалың ойға шомып кеткен.Содан столға шығып үйдің төбесін әктей бастады,сол кезде "папааа" деп айқайлап Әмина кіріп келді. Оқыс дауыстан,оның үстіне ой үстінде тұрған Данияр шошынып столдан құлап түсті.
- Есің дұрыс па,қызым.Адамды сонша шошытқаның не,-деп Данияр белін ұстап түрегелді.Әмина сықылықтап бір күлді де:
- Папа жарысты біздің облыс қабылдамайтын болыпты,енді ол Грузияда өтеді екен.Тамаша жаңалық емес пе,айтыңызшы,-деп қуанышы қойнына сыймай тұрды Әминаның.
- Әрине қызым,жақсы жаңалық екен,-деді Данияр жасанды жымиып.
- Әрине жақсы жаңалық,қыдырып қайтатын болдым бір жағынан.
- Тек қыдырып емес,жүлде алып келесің қызым,-деп Данияр қызының екі бетінен еркелете шымшылады."Ураа Грузияға барам" деп шаттанып Әмина бөлмеден шығып кетті.Данияр болса өзі құлаған столға қисайып тұрғанына қарамай отырып алды.Отырды да ойға шомды.Енді қайтемін,облысқа баруына ақша таппай жүрген кезде,шетелге баруына қайдан табар екенмін дейді іштей.Қанша ойланса да амалын таппады.

Кеш болып қалған кезде Әминаның тәрбиешісі хабарласты.Даниярдан қызын жарысқа жіберуін сұрап,сонымен қатар жарысына қаржы тауып бере алатынына қауқарлы ма жоқ па,соны білгісі келген екен.Данияр келісімін беріп,жолға қажетті сомманы тауып беруге уәде берді.Содан бір аптадан соң жолға шығатындарын айтып тәрбиеші телефон тұтқасын қойды.

Амалы таусылған Данияр Шыңғысқа хабарласты.Өткендегі айтқан жұмыстарына келісетіндігін жеткізді.Ол қуанып қалды.Содан екі күннен соң үшеуі түнделетіп көлікке отырып бір мейрамхананың алдына келді.Біраз күтіп шыдамы таусылған Бақтияр Дананың мейрамхана ішінде екеніне көзін жеткізбек болып ішке енді.Арада бес минуттай уақыт өткенде Дана сыртқа шықты.Телефонмен біреумен ұрысып жатыр.Содан оның артынша жүгіріп Бақтияр шықты.Бақтиярдың шалт қимылынан бір нәрсені ұққан Шыңғыс "бас газды" деді досына.Данияр Дананың дәл қасына тоқтады.Сол бойда Бақтияр қызды көтеріп алып көлікке атып ұрды.Сосын жігіттер көлікпен зулай жөнелді.Шошынған қыз айқайға басып еді,"өлтірем даәысыңды шығарма" деген Шыңғыстан қорқып үндемей қалды.Түсі де суық әлгі жігіттің ашуын одан сайын тудырмайын деп әліптің артын бағуға көшті.Үшеуі тоқтамаған күйі алдын-ала дайындалып қойған қоймаға келіп тоқтады.Сосын қыздың қолын байлаған Бақтияр,оның телефонын алып:
- Звонда,-деп айқайлады.
- Кімге,-деді қыз.
- Продюсеріңе.Бір миллион теңге бермесе сені өлтіреміз,-деді Шыңғыс.Қыздың көзі шарасынан шығып кете жаздады.
- Қорықпа,саған тиіспейміз,бізге тек ақша керек,продюсеріңе хабарлас,ақшаны алып келген бойда сені босатамыз,- деп Данияр қызды жұбатқандай болды.
- Қандай продюсер?Менде продюсер жоқ,мен өзім продюсер,өзім әншімін,сендер қателескен сияқтысыңдар жігіттер,- деп Дана шыр-пыр болды.
- Өтірік айтпа,- деп Шыңғыс қыздың бетінен шапалақпен тартып қалды.- Звонда деймін тез,-деп тағы айқайлады.
- Шын айтамын,менде продюсер жоқ жігіттер.
- Ақша ше?
- Ақша да жоқ,бір танысым осындағы тойда бес жүз мың теңге береді деген соң келгенмін.Әнімді айтып болған соң гонорарымды алмақ болып едім,сөйтсем той иесі жоқ боп шықты.Таппадым.Содан жаңағы танысыма хабарласып жатқанымда сендер келдіңдер.Міне осы бар болғаны,-деді Дана.Жігіттер абдырап қалды.Не істерін білмей тілдерін жұтты да қалды.

Содан кейін тағы да біраз ақша кімнен алуға болатынын сұрап еді,оларынан да түк шықпады.Дана олардың өлтірем деп айта бергеніне ашуланып, өлтіріңдер ендеше деп айқайлады.Ол да қасарысып алды.Бұл ойлары қателік болғанын түсінген Шыңғыс пен Бақтияр ашуланып сыртқа шығып кетті.Даниярға қараған Дана: - Не күтіп тұрсың,өлтір қанекей,- деп көзіне тіке қарады.- Бір тиын да алмайсыңдар менен.
- Саған ешкім тиіспейді,қорықпа,-деді Данияр.
- Қорықпа,мен сендер сияқты жатып ішер шіріктерден қорқады деп ойлайсың ба?
- Олай деме.
- Енді кімсіңдер,айтшы қане.Өз адал еңбектеріңмен ақша таппай,бишара қорғаусыз қызды қорқытып ақша сұрап тұрсыңдар.Білесің бе,сендер қайыршысыңдар.
- Не? Тыңда бері ханым,бәрі сен сияқты алтын жұмыртқаның ішінде туылған жоқ.Біреулер үшін тіпті бір үзім нан табу да уайым.Біз сен сияқты ханның қызы емес,тазшаның баласымыз.Сондықтан сен көрген өмір мен мен көрген өмірді салыстырма.
- Сен көрген өмірмен сәлістірмә,бәле саған.
- Ей сенің өзі аузың жабыла ма жоқ па?
- Ұрсайшы ұр,сендердің қолдарыңнан қызды ұрғаннан басқа не келеді.
- Мен ешқашан қызды ұрмағам.
- Сен ұрмасаң да достарың ұрды емес пе,сен олардан алыс кетпеген шығарсың,-деді Дана жақтырмай қарап.Достарың деген соң Даниярдың есіне әлгі екеуі түсіп кетті.Бұл екеуі неге жоқ боп кетті деп қоймадан шықты.Шыңғыстар қойманың артында сөйлесіп тұр екен.Қастарына бара беріп еді,"ол біздің түрімізді көріп қойды" деген сөзді естіп тоқтап қалды.
- Енді не ойың бар,-деді Шыңғыс.
- Өлтіреміз,басқа не істейміз,-деді Бақтияр.
- Өлтірмес бұрын әбден көңіл көтермедік па,әнші қызды күнде көріп жатқан жоқпыз ғой.
- Тамаша идея,ақшасы жоқ екен,басқа жолмен өтесін ендеше,- деді Бақтияр күле.Бұл сөздерді естіп шошыған Данияр бірден қоймаға кіріп,қызды көлікке отырғызып алды.
- Не болды тазшаның баласы,-деп түйреп өтті Дана.Данияр үндеген жоқ.Көлігін жүргізіп қойманың есігін қағып өте шықты.Содан зулады.Артына қарап-қарап қояды.Тура екі досы соңдарынан қуып келе жатқандай көрінеді.Әлгі сөздерді естіп өзі де қолы дірілдеп келе жатыр.Бір уақытта қатты жылдамдықпен келе жатқан көлікті басқару қиынға соғып,рөлді игере алмай қалды.Жолдан шығып кеткен көлік тура бір ағашқа барып соғылды.

Данияр біршама уақыттан соң есін жиды.Көләк іші түтін толған.Әупірімдеп жүріп өзі шығып,Дананы да шығарып алды.Қыздың маңдайы қанап кетіпті.Бірақ тамыры соғып тұр.Жедел жәрдем шақыруға батылы бармады.Оның үстіне достарынан да қорқады.Олар ауруханаға барып өлтіріп кетсе ше.Сонымен қатар полицияға не деп айтады.Ойына дұрыс ештеңе келмеген соң қызды көтеріп үйіне жаяу тартты.Түн түсіп қалған соң оларды ешкім байқай да қоймады.

Түнгі үштерде үйіне жетті.Балалары ұйықтап қалған екен.Сосын бірден өзінің таныс бір зейнеттегі дәрігерін шақырды.Ең сенімді адам сол еді.Дананың басын таңып біраз қараған дәрігер бөлмеден шықты.
- Данияржан,бұл қыз кім деп сұрамай-ақ қояйын,ақылсыз жігіт емессің ғой.Сондықтан үндемеймін.Ал қызға келер болсақ,аздап миы шайқалған сияқты.Жүгіріп кетеді біраз күнде.Аса уайымдайтын ештеңе жоқ.Кейін дәрігерге қаралуды ұмытпасын бастысы.Сосын тағы бір айта кетерлік жәйт,егер қыз оянғанда сені танымаса онда бірден дәрігерге қарат.Бұл ол кезде есін уақытша жоғалтқан болуы мүмкін.Ұмытпа осыны,-деп дәрігер үйден шықты.

Данияр Дананың қасында біраз отырды.Жедел-жәрдем шақыртсам ба жоқ па деп өз ойымен арпалысуда.Егер бұл қыз полицияға шағымданса ше,мені қамап қойса ұл-қызыма кім қарайды дейді тағы бір ішкі ойы.Таңға жуық ойын орынынан атып тұрған Дана бұзып жіберді.Тұрған бойда ол,- Сен кімсің,-деп Даниярға бақырая қарады.
- Кімі несі,күйеуіңмін,- деді қобалжып не айтарын білмей қалған Данияр.

2 11 ER 0.3475
Тағдыр ойыны.

5-бөлім.

Айдын Бекзаттың түріне еніп Германиядан оралғанына бір айдын асты.Пластикалық отаның нәтижесі таң қаларлықтай.Тіпті туған ата-анасы да оның өздерінің ұлдары екеніне күмәні болмас еді.Тура Бекзаттың өзі.Енді Ақылбек оған Бекзаттың дауысымен сөйлеуді үйретіп жатқан болатын. -Егер Рахым менен Бекзат қана білетін бір нәрсені сұраса не істеймін,- деп сұрады Айдын Ақылбектен.
- Ондай ештеңе жоқ деп ойлаймын,Бекзат Рахымға жақында ғана келген.Сондықтан уайымдама.Ал Айдынның денесі қайда деп сұраса,қаланың шетіне апарып көміп тастадым деп айт,болды.
- Түсіндім.
- Бастысы Бекзаттың отбасына көрінбе.Әке-шешесі,әпкесі және бір қарындасы бар.Қазір суреттерін көрсетемін.Егер оқыс бір жағдай болып қалса ғана олармен сөйлесесің.Олар сені ажырата алмайды деп ойлаймын.
- Мен олардан аулақ жүремін,түсінікті ме,сондықтан қажеті жоқ олардың суреті,-деп Айдын қабақ шытты.Ақылбек түсіндім дегендей басын изеп қойды,басқа үндемеді.

Бұл уақытта Айбек Айдынды бүкіл облыстан іздеп жүрген болатын.Бауырының ұшты-күйлі жоқ боп кеткеніне қарап,ол бір сұмдықтың болғанын іштей сезіп жүрген болатын.Сонда да іздеуін қоймады.Содан сұрастырып жүріп Айдын соңғы уақытта Рахымға жұмыс істегенін білді.Кезінде осы Рахыммен араласу бір жамандыққа әкеліп соқтыратынын Айбек ескерткен болатын.Бірақ Айдын оны тыңдамады.Тыңдағысы келмеді тіпті.Солай жәйлап бауырдардың арасына сызат түскен болатын.

Айбек бауырын іздестіру жұмыстары барысында, Айдынның жоғалуына тура осы Рахымның қатысы бар екенін ұқты.Сосын оның үйлерінің бәрін кезек-кезек бақылай бастады.Рахымның Шымкентте оншақты зәулім үйі бар болатын.Солардың бірінен Рахымды қолға түсіруді көздеді.Бірақ мұнысы оңай бола қойған жоқ.Өйткені Рахымның қандай көлікпен жүретінін ол біле алмады.

Бәрде Рахымнан Айдынға қоңырау келді.Ақылбек оған телефонды ұсынып сөйлесуін бұйырды.Рахым көп сөйлеген жоқ.Бірден үлкен үйге кел деді.Сосын Айдын аталған үйге тартты.Операция осылай басталып кетті.

Айдын Рахымның үлкен үй деп отырған үйді жақсы біледі.Сондықтан қиындық туған жоқ.Ақылбек оған бір нәрсе болса баяндап тұруын бұйырып қалды.Үлкен үйдің алдындағы күзет Айдынды рациямен "Бекзат келді" деп хабарлап күтіп алды.Айдын іштей қобалжып тұрған еді,бұл сөздерден соң кішкене басылды.Өзін Бекзат етіп бұларды сендіргенде,Рахым сенбей қалмас деді іштей.Бір кезде күзет кіре бер деді.Айдын үйге кірді.Төргі бөлмеде Рахым мен Еркін стол басында вино ішіп отыр екен.Айдын екеуімен амандасып болып,ол да жайғасып отырды.
-Тез келдің ғой,-деді Еркін түрін бозарта қарап.
- Не асықпай келу керек пе еді,-деп Айдын оған тіке қарады.
- Еркіннің айтпақ болғаны мынау ғой Бекзат,мен саған біраз уақытқа қаладан кет деп едім,ал сен кетпегенге ұқсайсың.Тез келдің дегені осы,-деп Рахым жымиды.
- Өзің айтқандай қаладан кеттім,Ташкентте болдым.Ол жақтан келген бойым осы.Екі сағаттық қана жол.Егер біраз күннен соң кел десең мен кете берейін,-деп Бекзат орынынан тұра беріп еді, Рахым күліп жіберді.
- Жарайды ренжіме,Бекзат.Ешқандай кете беру деген жоқ.Енді жұмыс істеуіміз керек.Ал сен қолыңнан іс келетін жігіт екеніңді дәлелдедің.Айдынның орыны енді сенікі,-деді Рахым.Рахым іштей күліп басын изеді.Еркін болса үндеген жоқ.Содан соң тағы біраз сөйлеске соң Айдынға Арудың қасына баруын бұйырды.Сосын ол жақта қарындасын күзетіп жүрген басқа да адамдар бар екенін айтты.Сонымен қатар Арудың қауіпсіздігі үшін басымен жауап беретін де ескертіп қойды.Айдын іштей Аруды көретініне қатты қуанды.Сосын солай қарай жол тартты.

Айдын шығып бара жатқан кезде,бірнеше көлікпен Рахымның үйіне біреулер келген болатын.Айдын оларға назар аудармай кете берген.Содан Айдын Еркін берген көлікпен зулатып кетіп бара жатқанда оның телефоны шырылдады.Қараса Ақылбек екен.
- Алло,- деді Айдын телефонын көтеріп.
- Қайда бара жатырсың,- деді оған Ақылбек бірден.
- Қаланың бір шетінде Рахымның үйі бар екен,мені сонда жіберді.
- Қалай болды бәрі,ешкім күдіктенген жоқ па?
- Жоқ,бәрі дұрыс.
- Ал анау үйге не үшін жіберді.
- Қарындасы,яғни Аруды күзету керек.
- Біз сені ол жаққа бұрынғы сүйіктіңді күзету үшін жіберген жоқпыз.
- Енді маған не істе дейсің? Рахымның өзі солай бұйырды.
- Жарайды.Тек сезімге беріліп Аруға өзіңді ашып қойма.Ешкім білмеуі керек.
- Жарайды уайымдама.
- Сенің Рахымның қасында болғаның керек еді негізі,дәл қазір оның үйінде Мирас отыр.Екі қылмыскердің ортасында не бар екенін білуіміз керек еді.
- Кім ол Мирас деген?
- Ол да бір бандит.Сонымен қатар Заңғарды өлтірген сол деп ойлаймын.
- Аа иә,жаңа мен кетіп бара жатқанда біреулер келген болатын.
- Иә сол Мирас деген.Олардың не жайлы сөйлесетіні қызық еді.
- Рахым Бекзатқа сенбейтін сияқты.Өйткені сенетін болса мен қазір солардың қасында болар едім.
- Сендіреміз.Бір амалын табамыз.Әзірге сол айтқан жерінде жүре бер,-деді де Ақылбек тұтқаны қойды.Ал Айдын зулап ары қарай жүре берді.

Мирас үйге кірген соң біраз үнсіз отырып, - Мен неге сенің алдыңа келуім керек Рахым?Айтшы,сен кімсің мен үшін,- деді Мирас.
- Сен менің үйіме келдің,сондықтан менің қонағымсың.Әзірге қонағымсың.Сенің келген себебің сол,сені мен шақырттым.Шақыртудың да түр-түрі болады.Біреу өз еркімен келеді,ал біреу керісінше.Сен өз еркіңмен келдің,сондықтан қонақ бола тұра дауысыңды көтерме,ұят болады,-деді Рахым,Мирасқа қолын ұсынып.Мирас оның қолын алды да, - Бірден іске көшейік,не үшін шақыртқаныңды айт,-деді.
- Міне нағыз істің адамы,жарайсың!
- Сонымен...
- Былай Мирас,сен менің рұқсатымсыз біраз іс жасап жүр екенсің.Мұның жарамайды.
- Біріншіден,мен сенен ешқандай да рұқсат сұрауға міндетті емеспін,- дей берген Мирасты Еркін ішінен бір теуіп тізерлетіп отырғызып қойды.Сосын басына тапанша тақады.Мираспен еріп келген адамдарды Рахымның нөкерлері тырп еткізбеді.
- Сыпайылықты тағы да ұмытып тұрсың Мирас.Менің үйімде дауыс көтерме дедім саған,-деп Рахым оның басынан түртіп жіберді.Сосын бір орындық әкеліп оның қасына отырды да, - Саған қаладан жоқ болып кетуіңе бір апта уақыт беремін,сені енді көрмейтін болайын.Ал егер тілімді алмасаң өзіңнен көр.Денеңді ит-құсқа жем қылатын боламын.Осыны ұмытпа,-деді Рахым.Мирас амалсыз басын изеді.Содан кейін Еркін оны желкесінен көтеріп орынынан тұрғызды.Мирас адамдарын ертіп Рахымның үйінен шықты.

Сосын есік алдындағы күзеттің бір адамы олардың қаруын бермей қойды.Оған ашуланған Мирас оны бір ұрып құлатты.Екінші бір күзетші жүгіріп келіп оны тоқтатты.Тоқтатпағанда Мирас оны тіпті өлтіріп қояр ма еді,өйткені Рахымға қатты ашуланған ол,бар ашуын сол адамнан алмақ болып кіріскен еді.Облыста оның сөзімен біраз адам санасады,ал мұнда тіпті Рахымның күзетшісі де оны басынып тұр.Соған да қаны қарайғандай ашуға мінген болатын.

Мирасты сыртынан Ақылбек те,Айбек те бақылап отырған болатын.Ақылбек сол жерде қалды,ал Айбек Мирастың көлігінің артынан кетті.

Айдын Рахым айтқан үйдің алдына келген кезде оны екі жігіт күтіп алды.Сосын оғвн Арудың далаға шықпвуын қадағалау керектігін ескертті.Айдын бір сәтке Аруға бәрін түсіндіріп айтып қаладан оны алып қашып кетуді ойлады.Сосын Рахым бәрін түсініп қойып, оның ата-анасына зиянын тигізуі мүмкін екенін ұғып ол ойдан айныды.Ару Айдынды көрген бойда оның жағасына жармасып,- Оңбаған Айдын қайда,не істедің оған,-деп айқай салды.Айдын үндеген жоқ.Сол бойып қатып тұрды да қалды.Ару бір нәрселерді тоқтаусыз айтып жатыр,ал Айдын оны тіпті естіп те тұрған жоқ.Аруды қатты сағынып қалған.Бір сәтке құшақтап алғысы келеді.Бірақ олай болмайды.Тағдыр олармен ойын ойнап жатқанын түсінәп тұр.Қарсы алдында сүйіктісі тұр,сүйіктісінің қайда екенін сұрап.Бірақ оның алдында шырылдап сұрап тұрғаны тап осы екенін байқұс қыз қайдан білсін.Білсе де сенер ме екен.Өйткені бұрынғы Айдынның жаны ғана өзіне тиесілі,түрі басқа адам.Түрі Бекзат.Сол алдында Айдын еуеуін ағасына ұстап берген Бекзат.Жанды ауыртатыны да сол.Басқа емес,Ару айлар бойы қарғап келген Бекзаттың сұлбасына енгені өзекті өртейді.
Бір кезде барып Ару Бекзаттың бетінен екі рет шапалақпен ұрды да,есінен танып қалды.Айдын сонда ғана өзіне келді.Құлап бара жатқан Аруды ұстап алды да,әлгі жүрген екеуін айқайлап шақырды.Жүгіріп келген олардан, -Ару талып қалды,не болды мұндайы бар ма еді,-деп сұрады.
- Жоқ алғаш рет,-деді біреуі.
- Мүмкін тамақ жемегеннен шығар,бес-альы күннен бері нәр татпады,-деді екіншісі.
- Неге тамақ жемей жүр,-деп Айдын оларға ашулана қарады.
- Білмейміз..
- Білмейміз дейсіңдер ме?! Бар дәрігер шақырыңдар,егер бұл қызға бір нәрсе болатын болса екеуіңнің де бастарың кетеді.Рахым тірі қалдырмайды,-деді Айдын.Екеуі жалма-жан телефондарына үңіліп жүгіре кетті.

Дәрәгер келіп Аруға укол салып кетті.Тамақ ішпегеннен ағзасы әлсіреген,сосын қатты шаршаған,бірақ уайымдайтын ештеңе жоқ.Өзіне келген соң тамақ жеп күш жинауын қадағалаңдар деді ол.Ал Айдын Арудың қасында оның қолын ұстаған күйі отыр.Бәрін айтайын ба,әлде қажет емес пе деп өз ойымен арпалысуда.Кешке қарай Ару көзін ашты.Жанына қараса көзін жұмып ұйқысырап "Бекзат" отыр екен.Қолын ұстап алыпты.Ару қолын бірден тартып алды.Селт ете қалған Айдын да көзін ашты.
- Есіңді жиыпсың ғой,-деді Айдын күлімдеп.
- Не өліп қалады деп ойладың ба,-деп Ару суық жауап берді.
- Жоғаа..
- Айдын қайда?
- Ау?
- Айдын қайда деймін саған?!
- Айдын???
- Өтінемін айтшы,тірі ме әйтеуір?
- Тірі..
- Тірі ме? Шынымен бе? Уфф Аллаға шүкір.Айтшы ол қазір қайда? Мен оны көруім керек!
- Болмайды,әзірге болмайды,өзің де түсінесің деп ойлаймын.Ағаң мені аямайды.
- Жарайды түсіндім.Әзірге тірі екенін білгенім де жеткілікті,-деп күлімдеді Ару.
- Түсінгеніңе қуаныштымын.
- Неге бізді ұстап бердің алдында,соны айтшы,-деді Ару сосын қайта сұрақ астына алып.
- Олай жасамасам болмас еді,өйткені еркін де біліп қойған болатын.Мен айтпасам Еркін айтар еді.Сосын мен де құритын едім.Өзім үшін қорықпаймын,жақындарым үшін қорықтым,-деп Айдын ойдан бір нәрселерді құрай бастады.Арудың сенгіш екенін біледі.
- Түсіндім онда,сен де ағамның қармағында екенсің ғой,-деді Ару күрсініп.
- Иәә..
Бұрын ағам ондай емес еді,өте момын әрі жақсы адам болатын.Оны байлық құртты деп ойлаймын,қазір өте қатыгез болып кеткен,-деп Ару Айдынға қарады.Айдын үндеген жоқ.
- Қатты қорықтың ба,-деді Ару сосын.Айдын түсінбегендей кейіп танытты. - Жаңа деймін,мен талып қалған кезде,-деп Ару жымиды.
- Аа иә,әрине қорықтым.
- Аха,қорыққаның сонша қолымнан ұстап алыпсың ғой,-деп күлді Ару.
- Кешір..
- Жоға ештеңе етпейді,қорқақ,-деп Ару сықылықтап күле бастады.Арудың күлгеніне қарап Айдын да қуанып,күле жөнелді.Сүйіктісінің аман екенін білген арудың көңіл-күйі қатты көтеріліп тұр еді.
- Жейтән бір нәрсе әкелші,әйтпесе қазір тағы да талып қаламын,-деді Ару күлуін жалғастырып.Айдын қазір деп жүгіріп ас бөлмеге кетті.

Мирас бір кафеден тамақтанып шығып келе жатқан кезде алдынан Айбек шықты.Қарсы алдынан шыға келген оны Мирастың адамдары қауіпке теңеп итеріп жібермек болып еді,Айбек біреуін өзі алғаш боп ұстап алып ары қарай итеріп құлатты.Тағы біреуін іштен теуіп отырғызып қойды.Сосын жүгіріп келген тағы біреуін ұрып құлатып төмпештеп жатты.Айбектің жекпе-жектен хабары бар,жаттыққан адам екені көрініп тұр.Содан кейін Мирас "тоқтатыңдар" деп бұйырды.Бәрі үстерән қағып орындарынан тұрды.
- Сен мені өлтіру үшін келген болсаң,ендігі мен тірі тұрмас едім,сенде мүмкіндік болды.Сондықтан бірден іске көшейік,кімсің қайдан келдің,не үшін келдің,-деді Мирас Айбекке қарап.
- Сенің Рахымның үйінен шыққаныңды көрдім,-деді Айбек.
- Не бопты оның үйінен шықсам?
- Ашулы болдың,ол саған ұнамайтыны көрініп тұр.
- Маған көп адам ұнамайды.Сонымен не үшін келдің?
- Мен Рахымды қолға түсіруім керек.Ол саған кедергі келтіріп жүргенге ұқсайды,ал маған бірнеше сұрақтарға жауап беруі тиіс.Сондықтан бір-бірімізге көмектесу керекпіз,-деді Айбек.Мирас ары қарай жүріп кетті де,машинасының қасына келіп кілт тоқтап артына қарады.Сосын Айбекке, -Отыр көлікке,-деп шақырды.

1 7 ER 0.2895
Махаббат мекені.

2-бөлім.

- Сен не деп тұрсың,мен сені танымаймын,қандай күйеу тағы,-деді Дана таңдана.
- Есің дұрыс па сенің өзі,әлде әдейі жасап тұрсың ба? - деп Данияр өтірігін жалғастыра түсті.
- Қандай әдейі,әдейі жасап тұрған адамға ұқсаймын ба?
- Білмеймін ғой енді,өз күйеуіңді танымаймын дегенің қай сасқаның?
- Басыма не болған,неге таңып қойғансың,-деді Дана басын ұстап.
- Аа үй әктеп жүріп құладың,басың жарылды ма бір нәрсе болды.
- Бір нәрсе болды? Басым неден жарылды сонда?
- Үй әктеп жүріп құладың.Айттым саған қоя бер деп.Өзім әктим өзім әктим деп,не болды енді,басың жарылды міне,- деп Данияр қулығын асыра түсті.
- Ештеңе есімде жоқ,мүмкін сол құлағаннан бір нәрсе болды ма екен?
- Мүмкін содан миың айналып қалған шығар.
- Қалай қалай сөйлейсің өзі,сен расында менің күйеуімсің ба?
- Иә әрине.
- Атым кім сонда,жасым нешеде?
- Атың Жанар,жасың жиырма тоғызда.Маған он жеті жасыңда тұрмысқа шықтың,-деп Данияр ойына келгенді құрай бастап еді, - Дана ше,басқасын білмесем де атымның Дана екенін жақсы білемін,-деді қыз.Данияр кішкене ойланып қалды да, - Ой ол сенің өтірік атың ғой,анау бір Дана деген әншіге қатты ұқсағандықтан сені солай айтып кеткенбіз,- деді Данияр саспай.
- Миым ашып кетті,барып су ішейінші,-деп Дана орнынан тұра беріп еді, Жат жат,өзім әкелемін,саған біразға дейін орнынан тұрмасын деген дәрігер,- деп Данияр орынынан атып тұрып бөлмеден шығып кетті.Дана қайта төсегіне жатты,ары ойланып,бері ойланып есіне ештеңе түсіре алмады.

Данияр Әмина мен Айдостың бөлмесіне келді.Сосын екеуін оятып алды да,- Әмина,Айдос сендерге бір нәрсе айтуым керек,тек мұқият тыңдаңдар деді.Ұйқыларын әрең ашқан екеуі көздерін ашып-жұма бастарын изеді.
- Үйде бір әйел жүр,біраз уақытқа дейін ол біздің үйде тұрады.
- Не үшін,-деді естияр болып қалған Әмина.
- Үйі жоқ екен.
- Үйі жоқ болса осында тұру керек пе,-деді Әмина ұйқысы шәйдай ашылып,дауысын көтере.
- Енді солай болып тұр,бастысы сендер оны мама деп атауларың керек.
- Нее,неге олай дейсіз папа,біз тек өз мамамызды мама деуіміз керек,бөтен әйелді емес,- деп Әмина ашулана кетті.
- Қызым мен үшін солай жасаңдаршы,бұл жасап жатқанымыз жақсылық деп ойлаңдар,оның үстіне кішкене ауыратын адам,тез жазылып кету үшін солай істеуіміз керек.
- Біз оны мама десек ол тез жазыла ма сонда?
- Иә.
- Ал мама демесек ше?
- Онда мені полиция қамап қояды.Мені полиция қамағанын қалайсыңдар ма?
- Жоқ.
- Онда мен айтқанды жасаңдаршы.
- Жарайды,жарыс не болды баратын болдым ба?
- Қызым ренжімеші,ақша таппадым,басқа жолы барасың уәде берем.
- Ой қойшы ештеңе тыңдағым келмейді,үнемі сөйтесің,-деп Әмина теріс бұрылып көрпесін жамылып жатып қалды.
- Ал ол маманы сүюге бола ма,-деді жәй дауыспен Айдын бүлдірлеп.Көп нәрсені әлі түсіне бермейтін жасында.Тек мама деген сөздің өзіне көзіне жайнап кеткен.
- Әрине ұлым,арыстаным,әкесінің қолғанаты,жұбанышы,әрине болады,-деп Данияр ұлының беттерін кезек-кезек сүйіп алды.

Данияр жүгіріп барып су алды да Данаға апарып берді.Шөлдеп қалған қыз суды тауысып ішті де,- Есіме ештеңе түсіре алмадым,- деді.
- Уайымдама,бәрі жақсы болады,-деп Данияр оны жұбатқандай болды.
- Біз ерлі-зайыпты болсақ папа-мамамызбен бірге тұрамыз ба,-деді Дана.
- Папа- мама ауылда тұрады,біз төртеуміз тұрамыз,сен мен,қызымыз және ұлымыз,-деді Данияр жымия.
- Біздің балаларымыз бар ма сонда,-деді Жана одан сайын таңдана.
- Әрине,бір ұл бір қыз.
- Ал менің папаммен мамам ше?
- Олар жоқ.Жанар сен детдомда өскенсің,-деді Данияр еш амал таппай.Тағы бар деп айтсам олармен сөйлесем деп жүрер деген оймен.
- Ужас,ары қарай есіме ештеңе түсіргім келмейді,сен айтқан сайын өмірімнің быт-шыт екені анықталуда.Болды ештеңе айтпашы,-деді Дана басын ұстап.
- Неге олай дейсің,сенің жолдасың бар,тәп-тәтті балапандарың бар,біз барда өмірің қалай быт-шыт болады.
- Сол сендер есімде болмасаңдар қайтейін.Көңілімнің бір бұрышында мен балаларды онша ұнатпайтынымды сезем.Бірақ балаларым бар екен,қызық.
- Болды әр нәрсені ойлай бермей қойшы болды,жүр шәй тамағымызды ішейік,-деді Данияр сосын зілді үнмен.
- Маған тұруға болмайды ғой.
- Енді тұруға болмайды деп тамақ жемей,әжетханаға бармай жата бермейтін шығарсың,жүр болды кеттік,-деді Данияр.Жарайды деп Дана орынынан тұрып Даниярдың соңынан ерді.

Бөлмеден шыққан бойда " мамааа" деп Айдос жүгіріп келіп Дананы құшақтады.Ыңғайсызданған Дана танып тұрмаса да баланың бетінен сүйді.Сосын қолынан ұстап өзінің қасына ертіп алды.Ас бөлмеде Әмина шәй ішіп отыр екен.Дана көзінің астымен бір қарады да," мынау әнші Дана Бегалиева емес па" деп таңданды.Бірақ үндеген жоқ.Әкесінің қызым мамаңмен амандассай дегеніне де қараған жоқ.Данияр күліп ренжіп жүр деді.Дана да жымия салды.

Бір уақытта Әмина,- Папа не тамақ жейміз,құр шәй ішеміз бе,-деп әкесіне қарады.
- Оны неге маған айтасың,мамаңа айтсаңшы,-деді Дананы меңзеген Данияр.
- А мен қазір бір нәрсе жасай қоямын,- деп Дана орынынан ұшып тұрды.Бірақ не жасаймын деп іштей ойланды.Есіне қандай да бір тамақ жасау әдісі түспейді.Бір кезде көзі газдың қасында тұрған жұмыртқаға түсті.Бірден май қыздыра бастады.Бірақ жұмыртқаны әрі ұрады,бері ұрады жара алмайды.Қолы ебедейсіз.Әйтеуір бірін күйдіріп,бірінің қабығын түсіріп пісіріп алып келді.
- Мынаны қабығымен де қуыра бере ме,- деп Әмина вилкаға ілген тамағын тарс еткізіп қойды.
- Өмірі тамақ істемеген ажам сияқтымын шынымды айтсам,қолымның икемі келмейді,-деді Дана.
- Ой мамаларыңды білесіңдер ғой тамақ тәтті жасайды,тек ауырып қалған соң осындай болған ғой,-деп тұзы удай жұмыртқаны Данияр өзі жей бастады.

Дананы жақтыртпай қарап отырды Әмина.Оны Дана да сезіп отыр.Бір кезде есіне бір нәрсе түсті де теледидарды қосты.Клиптер беретін арнаға біраз қойып қойды.Бұл арнадан Дананың да клипін беретінін біледі.Оның ойын ешкім байқамады да.Бір кезде Дананың клипі басталды.Әмина қолымен Данаға теледидарды нұсқады.Қараса Дананың дәл өзі.Ұшып орынынан тұрған Дана айнаға барып бір қарайды,теледидарға бір қарайды.Түк түсінбейді.Даниярдың денесі селт ете қалды.Бірақ түр берген жоқ.Сосын барып Әминаның қолынан пультті тартып алып теледидарды өшірді де,- Қызым анаңның ашуына тие бермесей болды,білесің ғой мамаң Дананы жақтырмайтынын деді.Дана өз орынына отырды.Бағана Дана деген әншіге ұқсайсың деп еді,осы болды ғой онда деді іштей.Бірақ қатты да ұқсамайды екенмін деп қояды,мынау әнші сұлу екен,мен мынау басым жарылған,көзім іскен бір түрлімін дейді.Сол кезде ашуының соңғы шегіне шыққан Әмина, - Ол менің мамам емес,- деп айқайлады да жүгіріп кетіп қалды.Бәрі тым-тырыс боп қалды.
- Неге ол мені мамам емес дейді,- деді Әмина Дағиярға қарап.
- Саған қатты ренжулі,-деді Данияр түк саспай.
- Не үшін?
- Бір аптадан соң жарысқа баратын еді,бара алмайтын болды.
- Не себепті?
- Сен жинап жүрген ақшамызды жаратып қойдың.
- Мен бе? Қалай?
- Ішіп қойдың.
- Ішіп қойдың?
- Иә.
- Нені ішіп қойдым?
- Ақшаны да.Бәріне арақ алып ішкенсің ба немесе жоғалтқансың ба,сондай қысқасы.Сен келгенде ақша жоқ болып шықты.
- Мен сонда арақ ішемін бе?
- Иә.Күнде емес енді.
- Мен арақ ішемін бе?
- Иә деймін.Содан емес па құлап жүргенің,мас болып кеп үй әктим үй әктим деп.Өзің де жарадар болдың,ақша да жоқ.Қыздың жарысы да қалды.Айтам ғой саған ішпе ішпе деп.Далаға шықсаң болды ішіп келесің.
- Ужаасс.Мен арақ ішемін бе?!
- Болды енді далаға шықпайсың,бір елі есіктің алдына аттап баспайсың.
- Мен жаңа сен суға кеткенде жүзіктеріме қарадым,бәрі алтын екен.Арзан тұрмасы анық.Мойнымдағы да.Мүмкін соларды сатып Әминаны жарысқа жіберерміз.
- Қыруар ақшаға сатып әпердім ғой мен оларды.
- Жарайды енді,тағы әперерсің бір жолы.Қыз қалмасын жарысынан.Сатып келші барып.Мен ешқайда бармайын,-деді Дана,бұл өтіріктердің бәріне сеніп.Өз-өзін жек көріп кетердей болып тұр.
- Жарайды.Ия сен енді ешқайда бармайсың,- деді Данияр.

Сосын Дананың бар алтынын алып ломбардқа жол тартпақ болды.Істеп жатқан ісі,айтып жатқан өтірігі адам шошырлықтай болса да,қызы үшін бұл ар алдындағы азапты ысырып қоюға бекінді.Кейін ақшасын қайтарып берем деп өзіне уәде берді.Өтірік өтірікті тудыртады дегендей,әр айтқан өтірік сөзі оны тығырыққа одан сайын тақай берді.Бірақ әзірге сытылып шығып кетіп жүр.Қашанғы бұлай жалғасар екен.

Данияр киініп щыға бергені сол еді,есіктің қоңырауы қағылды.Ашып қараса арғы бетте екі формалы кісі тұр.Полициялар.

0 8 ER 0.2809
Махаббат мекені.

3-бөлім.

Полиция қызметкерлері Даниярдың көлігін тауып алған екен.
- Амансыз ба өзіңіз,жол-көлік оқиғасына тап болыпсыз,-деді бір полицей.
- Иә аманмын,сол түнде асығып келе жатып жолдан шығып кеттім,- деді Данияр.
- Көлікте қан болды,жарадар болған екенсіз.
- Иә мұрынымды рөлге ұрып алдым,басқа айтарлықтай жаралы болмадым.Көліктің менікі екенін қайдан білдіңіздер?
- Ол таң қаларлық жағдай емес,нөміріңізді базаға салып сізге тиесілі көлік екенін білдік,-деді екінші полицей.
- Аа рахмет,көлікті қайдан алсам болады енді.
- Біздің айып тұрақта тұр,бір қағаздарға қол қоясыз да алып кете бересіз.
- Жарайды рахмет,- деп Данияр екеуін шығарып салды.Соңдарынан шыққан Дана, - Не болды апатқа түскенсің бе,-деп сұрады.
- Иә сені құлап қалды дегенде асығыс келе жатып көлікті соғып алғанмын,бар үйге кір,шықпа үйден,-деп Данияр Дананы үйге кіргізді де,өзі ломбардқа қарай кетті.

Дананың жүзіктері де,алқасы да кәдімгі қымбат асылтастардан жасалған екен.Екі сақинасының өзі қыруар қаржы болды.Сосын Данияр қалғанын сатпай қалтасына салып қойды.

Ломбардтан кейін бірден айып тұрағына барып көлігін алып кетті.Оны бір көлік жөндеушілерге қалдырды.Ал көліктің ішінде Дананың сөмкесі артқы орындықта қалып қойған екен.Оны өзімен бірге алып алды.

Бір саябаққа келіп отырған Данияр қыздың сөмкесін ашты.Қараса біраз суреттері бар екен.Сонымен қатар төлқұжатын және телефонын алып алды.Дананың төлқұжаты бойынша жасы жиырма жетіде екен.Сосын сөмкесін бір жерге жасырып кетті.Өзі бір танысына барып фотошоппен өзін Дананың суреттеріне қостырды.Екеуін үйленген сияқты той киімімен де сурет шығартты,үлкен етіп.Содан кейін үйіне қарай жол тартты.

Данияр үйге келсе Дана әктелмей қалған бөлмені әктеп жүр екен.Қасында Айдос былдырлап әңгіме айтып жүр.Данияр оны көріп: -Ей не болды,тағы құлайын дедің бе,-деді.
- Мен осы жерде құладым ба,- деп сұрады Дана.
- Иә,оңбай түстің ғой баспен.
- Мүмкін тағы құласам есіме бір нәрсе түсер ме екен деген ойым ғой,- деді Дана жымиып. - Оның үстіне үй жаман боп кетіпті,біраз жинастырып қояйықшы,- деді жан-жағына барлай қараған Дана.
- Иә сен ішіп кеткен соң үйге қарауды қойдың ғой,-деді Данияр.
- Еркек адам ішетін еді,әйелдің ішкенін алғаш естуім,мен өзімнің ішкіш екеніме әлі сене алар емеспін,-деді Дана.
- Сүре берсең көре бересің деген осы ғой.
- Иәә,енді ішпеймін.Үйіме,балаларыма қарайын.
- Дұрыс,саған үнемі солай айтамын.Әмина қайда?
- Әминаға көмектесші деп едім,сен менің мамам емессің деп есігін іліп алып ашпай қойды.
- Реніші басылмаған ғой.Қазір оған жарысқа баратынын айтам,қуанып қалсын.
- Иә сөйтші,саттың ба жүзіктерді?
- Иә,жарайды жұмысыңды абайлап істей бер,- деп Данияр бөлмеден шығып кетті.

Содан соң өзі жасатып әкелген суреттерді альбомға жайғастырып салды.Ал тойда түскен сияқты үлкен суретін рамкаға салып іліп қойды.Сосын Әминаның бөлмесіне барды.Есігін тоқылдатып еді,қызы үндемеді.
- Қызым,Әмина.Есікті ашшы,бір күшті жаңалығым бар,-деді Данияр.
- Керек емес ештеңе,мазамды алмаңыздаршы,-деп айқайлады Әмина.
- Аша ғой енді қызым,жарысқа баратын болдың,-дегені сол еді Даниярдың,өызы жүгіріп келіп есікті ашты.
- Рас айтасыз ба папа,жарысқа баратын болдым ба,-деді Әмина қуанышы қойнына сыймай.
- Әрине барасың қызым.
- Рахмет папа,рахмееет,-деп қызы әкесінің мойынына асылды.
- Рахметті маған емес,Данаға айт,сол жүзіктерін сатып сені жарысқа жіберіп жатқан,-деді Данияр.Қуанып жүріп ештеңеге мән бермеген Әмина Данаға жүгіріп барып оны құшақтап алды.Бетінен қайта-қайта сүйіп, - Рахмет мама рахмет,сізге көп рахмет мені жарысқа жібергеніңізге,- деп жүгіріп қайта шығып кетті.

" Мама " деген сөзді Дана алғаш рет естіп тұр.Мүмкін өзі мама деп талай айтқан шығар.Бірақ оның өзін мама деп махаббатпен атап тұрған алғашқы рет сияқты.Мейірімі бір сәтке оянып кеткендей көрінді.Көзіне жас алып қалды.Бөлмеге кіріп келе жатқан Данияр оны байқап,тоқтап тұрып қалды.Бір уақытқа қызға қиянат жасап жүрмін бе,осыным дұрыс па,өз қорқынышым үшін біреудің өмірін өтірікке толтырғаным бәрінен жаман қылмыс емес па екен деп ойлады.Мұным жарамас,бәрін айтайын деп шешті бір кезде.
- Не боп қалды тағы,-деді бір уақытта Данияр,көз жасын сүртіп тұрған Данаға жақындап.
- Қызымның мама дегеніне көңілім босап кетті,-деді Дана сәл жымиып.
- Ол сенің қызың емес,түсіндің бе,қызың емес,-деді Данияр салған жерден.Дана оған тіке қарап тұрып, - Жарама тұз себе бермеші енді,мен өткен өмірімді есіме түсіре алмай жүрген шығармын,бірақ тырысып жүрмін,- деді көзіне тағы да жас ала.
- Бірақ...
- Иә білемін,ішіппін.Ол үшін өзімді кешірмеймін.Бірақ ол қайталанбайды.Балаларым үшін өмір сүрем,мейлі ештеңе есіме түспесін.Бірақ олардың мама дегені мен үшін жеткілікті,- деген Дана әктеп жатқан щёткасын тастап кетіп қалды.Томпаңдап соңынан Айдос та кетті.Данияр ештеңе демеген күйі қалды.Айтарға мүлдем сөз таппады.Өтірігін ашу соншалықты қиын деп ойламапты.

Содан Данияр да біраз тұрып Данаға қарай барды.Дана той суреттеріне қарап тұр екен.Қасына жақындап қолын иығына салып қызды құшақтады да,- Бұл кезде сенен сұлу ешкім болмады,-деп жымиды.
- Не қазір менен сұлу біреу бар ма не,-деп Дана Даниярдың бүйірінен түртіп қалды.
- Бар әрине,- деп күлді Данияр.
- Аа бар ма,кім ол,айтшы қане,- деп күле қарады Дана.
- Қызың бар,Әмина.Сенен өтіп кетті,-деп күлді Данияр.
- Аа иә,қызым бәрінен әдемі,- деді Дана жымия.Сосын басын жігіттің иығына қойды да,- Маған сенің қолдауың керек түсінесің бе,солай ғана мен бәрін есіме түсіре алам.Сен бағана бір жерге кеткенде үйден кетіп қалғым келді.Мүмкін сендер менің отбасым емес шығарсыңдар деп те ойладым.Бірақ Айдос мама мама деп қасымнан шықпай қойды.Сонда ғана менің үйім осы екенін түсіндім.Енді ешқайда кетпеймін,-деді Дана.Данияр үндеген жоқ.Жәй басын өзіне қарай жанастыра берген қыздың шекесінен бір сүйді де қойды.

Дана қайтадан барып әктеу жұмысына кірісті.Данияр қалған жүзіктерді,алқаны,төлқұжат пен телефонды үйдің бір жеріне жасырып қойды.Сосын Данаға көмектеспек болып бара жатқан кезде есіктің қоңырауы қағылды.Барып ашса Шыңғыс пен Бақтияр екен.Екеуі кірмек болып ентелей бергенде,Данияр есікті көлегейлеп жауып қалды.
- Не болды досым,ішке кірейік тұрсай,-деді Шыңғыс.
- Кірмейсің кетіңдер,-деді Данияр қатқыл үнмен.
- Не боп қалды Данияр,-деді ештеңе түсінбегендей болған Бақтияр.
- Қылмыскерлермен байланысқым келмейді.
- Кім қылмыскер,біз бе, досым сен бір нәрсе шатастырып алған жоқсың ба,-деді Шыңғыс.
- Мен кеше сөздеріңді естідім,оны өлтірмек болдыңдар,менен аулақ жүріңдер енді.
- Ой соны айтасың ба,досым біз жәй әзілдедік қой,сенің келе жатқаныңды көрмеді дейсің бе,не істейді екен дедік,ал сен қашып кеттің қызбен,бізді соншама қанішер деп ойлайсың ба,-деді Бақтияр бір күле,бір қабағын түйе.
- Мені қызықтырмайды әзілдедіңдер ме жоқ па,болды көзіме көрінбей кетіңдер,-деп Данияр есікті жауып қойды.Екі досы амалсыз үйге кірмей кетті.

Кешке телефонмен рецептін көріп жүріп Дана палау пісірді.Бұл асты өзі талай істеген шығармын деп ойлағанымен,шын мәнінде өзі алғаш рет істеп жатыр.Сосын үйдегі бәрін жинап асқа шақырды.Кейін жеймін деген Әминаны да ертіп әкеліп стол басына отырғызып қойды.
- Оо бүгін палау жейміз бе,-деп күлді Данияр.
- Ура палау жейміз,-деп қуанды Айдос.
- Отырыңдар,жақсылап тамақтаныңдар,ас болсын,-деп Дана асын түсірді.

Үйге әйел адамның кіргеніне бір-ақ күн болды.Соның өзінде үйдің іші де,тұрғындарының жүздері де жайнап кетті.Жан-жақтары жиналып,тазаланып қалды.Дәл бұлай жиналып бірге ас ішпегендеріне де біраз болған.Мамам деп айтпаймын деген Әмина да бала емес пе,мама мама деп сүйсіне сөйлесіп отыр.Оның үстіне жарысқа баратынына да қуанып жүр.Сомен күліп-ойнап отырып астарын ішіп болды.

Әмина мен Айдос ұйықтап қалды ма деп тексермек болып барды Дана,барса ұйықтап жатыр екен.Екеуін де сүйіп сүйіп алды.Әмина Дананың келгенін біліп үндемей өтірік ұйықтаған болды,оның сүйгеніне қарап тұра алмай құшақтап алды.Сосын,- Сіз енді ешқайда кетпейсіз бе,-деп сұрады.
- Қайда кетемін қызым,сендердей тәттілерім тұрғанда ешқайда да кетпеймін.
- Уәде беремін.
- Сізді жақсы көрем,жарысқа жібергеніңізге рахмет,-деді Әмина.
- Жарайды күнім,ұйықтай ғой,-деп Дана екеуін тағы да сүйіп бөлмесіне кетті.

Барса Данияр жерге төсек салып қойыпты.Дана түсінбей қалды.
- Мұнда кім жатады,-деді Дана.
- Сен жатасың жаным,-деп жымиды Данияр.
- Неге? Біз бірге жатпаймыз ба,тағы мен білмейтін бір құйтырқым жоқ шығар енді.
- Бұл менің шығарғаным емес Жанар,өзің ішіп кеткен соң қырық күн бір төсекте жатпаймыз,әбден тазарайын деп айтатынсың,сені ластағым келмейді деп.Әлде ұмытып қалдың ба?
- Ұмытып қалғаны несі? Менің ештеңе есімде жоқ қой,- деп күйінді Дана.Данияр жымиып бір күлді де,диванға көрпесін жауып теріс қарап жатып қалды.

Мен қандай адам болғаным өзі деп Дана тағы да ойланды.Есіне ештеңе түспейді.Тіпті ұйқысы қашып кетті.Сосын кішкене кино көрмек болып телефон қолына алды.Сосын бір кезде, - Данияр мынаны қарашы,-деді.
- Нені қарайын,-деді Данияр.
- Интернетте жазып қойыпты.Әлгі маған ұқсайтын әнші бар ғой Дана,сол жоғалып кетіпті,- деді телефонды Даниярға қаратып.

0 7 ER 0.2571
Ассалаумағалейкум!

Баршаларыңызды келген Рамазан айымен құттықтаймын 🌹

0 1 ER 0.2173
Қасиет.

1-бөлім.

Жоңғар шапқыншылығы енді бірігіп келе жатқан қазақ даласына жаңа қасірет әкелді.Елдің іші азаматтарынан айырылып азан-қазан боп жатқанда,сұлтандар мен төрелер таққа таласып елдің есін екі есе шығарды.Әр ауылдың бақуаттары өз қарамағындағы халықты өз меншігі ретінде көріп,өздерін хан жариялап әуре боп жатқан кез еді.Мұндай сынаққа еттері үйреніп қалған қарапайым халық,амалсыздан өлместің қамымен күн кешіп жүре берді.Сол халықтың ішінде Жәңгір де болды.Ол өзінің аз ғана жылқысын бағып күн көретін.Бұрын бір үйір болған жылқысынан қазір ондай ғана жылқы қалған.Жартысын жоңғарлар тартып алса,жартысын соғысқа пайдаланамыз деп Өткір сұлтан алып кеткен.

Жәңгірдің төрт ұлы болған,үшеуі соғыста опат болды.Жалғыз ұлы Ақтай ғана қалды.Ол енді ғана ер жетіп келе жатыр.Алла пендесіне өмір берерде кезеңді таңдасын ба,Жәңгірдің бәйбішесінің жаратқанның қалауымен тағы да аяғы ауыр.Әне-міне дегенше босанғалы отыр.

Жәңгір күнделікті тіршілігімен айналыспақ болып таң азанымен жылқыларын жаюға шықты.Түсте ішетін тамақтарын алып ұлы екеуі жолға шықты.Ауылдан сәл аса бере жігіттерімен жүйіткіп Өткір сұлтан келді.
- Ассалаумағалейкум Жәңгір, - деді сұлтан ат үстінен.
- Уағалейкумассалам Өткір,қалың қалай, - деді Жәңгір күннің шағылысынан қолын көлегейлеп қойып сұлтанға қарап.
- Кім үшін Өткір,кім үшін сұлтан, - деді жағымпазданып Тайпақ Жәңгірге қамшы салмақ ниетте оқталып.Тайпақ сол Өткірдің шабарманы.Қаражан ауылының халқының қанын ішіп біткен сұлба.
- Жә қой,Жәңгір өзі сондай адам,мүләйімсіп сөйлемейді,- деп Өткір араша болды.Жәңгір үндеген жоқ. Содан соң барып, -Не жоқ іздеп жүрсіңдер, -деп жөн сұрады Жәңгір.
- Жәңгір іске көшейік,сен Қаражан ауылында беделді ел ағаларының бірісің,сенің сөзің халықтың сөзі.Сондықтан алғаш болып ат басын өзің жаққа бұра келдім.Менің мақсатым сол хан болу.Мына тарыдай боп шашырап жатқан елге бір бас керек.Сен сол мәселені көтер.Ел еңсесі түсіп жүрген шақта бір дүркіретіп той жасайық, - деді Өткір.
- Той жасаған жақсы ғой,бірақ хан болам дегенің қай сасқаның? Бас басыңа бай қайда дегендей,қайда барлығыңа тақ.Кіші жүзде отыз хан,ұлы жүзде отыз хан.Енді орта жүздің ішін бөліп бүлік шығармақсыңдар ма? Хан Жарас бар емес пе,Орда хан ше?Қанша хан болу керек өзі?Есебінен жаңылдық қой, - деп Жәңгір ашулана қарады.
- Жарас та,Орда да әлсіреді,қазір осыны пайдаланып хан болып алсам,арғы жағында бүткіл орта жүздің ханы болармын деп отырмын.Сен сенімді серіктесім боласың.Ал қалай қарайсың бұл сөзіме, - деді Өткір.
- Әй өздерің біліңдер,әрқайсың өз төріңнен тақ істеп алып хан бола беріңдер,менің енді онда шаруам жоқ,-деп Жәңгір жүруге ыңғайланды.
- Ей сілімтік сен сұлтанға дауысыңды көтерме,- деді бір кезде Тайпақ мұрнын шүйіріп: - Ажалыңды менің қылышымнан табасың әйтпесе.
- Сенің беліңе байланған қылыш біздің де белден табылады,әкеме сен де дауысыңды көтерме,аямаймын,- деп Ақтай қылышын қынабынан суырды.
- Ей күшік не деп шиқылдап тұрсың,келші бермен тіліңді кесейін,- деп Тайпақ тұра ұмтылған еді,Ақтай оны ат үстінен оңай аударып жіберді.Басқа жігіттер бозбаланы қоршай бастағанда оларды Өткір тоқтатты. - Жетер қойыңдар болды,- деп жекіп тастады ол жігіттеріне.Жас балаға әлі кездесерміз дегендей жаман көзімен қарап Тайпақ атына қонды.
- Енді сенен көмек күтпейін бе Жәңгір,соңғы сөзіңді айтшы,- деді Өткір сұрана.
- Менен не сөз сұрайсың,маған сен хан боласың ба жоқ па бәрібір,билермен келіс,молдалар бар,болыстар жүр,менде не билік бар дейсің,- деп Жәңгір бұрылып ұлын ертіп,жылқыларын айдап кете барды.

Өткір сұлтан үндеместен қалып қойды.Жәңгірдің айтқан би мен болыстарында билік болғанымен,олардың халыққа түк сүйкімі жоқ.Оны ол біледі.Ал Жәңгірді ел сыйлайды.Оның сөзі сөз.

- Мынау ит басынғаны несі сізді мырзам,жетіп барып бастарын алайық,- деді Тайпақ тағатсыздана.
- Қазір емес,оның да уақыты келеді, - деп Өткір Жәңгірді көзімен шығарып салып тұрды.

Кеш бата үйлеріне оралған Жәңгір мен ұлы тамақтануға отырды.
- Ел ішінде әңгіме тарап жатыр,Өткір сұлтан хан болмақшы екен,- деді бәйбіше кесемен көже ұсынып жатып.
- Ее де, - деді де қойды Жәңгір.
- Әкем екеуміз көргенбіз оны таңертең,анау жылпөс төбет Тайпақ екеуін.Әкеме мені қолда деді,әкем бас тартты.Түрін көрсеңіз ғой сондағы сұлтанның.Боп-боз болған күйі қалды, -деді Ақтай күліп.
- Әй бір зияны тиіп жүрмесін,аулақ жүріңдерші ол пәлекеттен.Кикілжіңге келмеңдер.Не дегенмен сұлтан деген аты бар ғой.Құдай сақтасын,хан болса болсын,елге зияны тимесе болды,- деп шыр-пыр болды бәйбішесі.
- Ақмоншақ оны қайтесің,төсек салшы шалқайайын.Ат үстінде жүре беріп белімді ала алмай отырмын.Мызғып алайын, түннің екінші бөлігінде оятуды ұмытпа,қақпанды көріп келейін- деді Жәңгір ол тақырыптың оған қызық емесін білдіріп.Иә деп бәйбішесі күйеуіне жатар орнын дайындап берді.Төсек салып жүріп Ақтайға тағы да Өткір сұлтаннан аулақ жүруін өтінді.

Ертесінен халық арасында әлі де сенімге ие бола алмай жүрген Өткір жиналыс өткізді.Қарамағындағыларды жинап алып хандыққа тек өзі лайықты екенін халыққа үгіттеуді тапсырды.Жақын уақытта өзінің хан болатынына өте сенімді.

Бір күн аш бір күн тоқ жүрген халыққа Өткірден түк пайда жоқ.Одан да Жәңгір оларға жақын еді.Аңға шықса да олжасын халықпен бөліседі,тіпті асырайды.
Ол халыққа бізге Өткірдей хан керек десе болды,бәрі оны қолдайтыны анық.Бірақ Жәңгір айтқанынан қайтпасы анық еді.

Түскі уақыт тақағанда ел ішінен келген Тайпақ Өткір сұлтанға келіп, - Мырзам,Әлгі Жәңгір алдына барған халыққа бізге Өткірдей хан керек емес,оны қолдамаңдар дейтін көрінеді.Керек болса бірігіп елден қуып шығамыз депті,мұны бұлай қалдыруға болмайды, - деді дірілдеп.Бірақ бұл сөздері өтіріктің нағыз өзі еді.
- Мұнысы тым шектен шыққандық,көмегі тимесе де,кесірін тигізбегені абзал еді,енді өзінен көрсін, - деді Өткір тістеніп. - Барыңдар түздегі жайылып жүрген барлық жылқысын тартып алыңдар, -деп бұйырды Өткір.Осы сөзді күткен Тайпақ оқ жыланша орынынан атылып тұрып жүріп кетті.

Кешкі уақытта Жәңгірдің шаңырағына көршілері Шуақ жүгіре кірді.
- Әй сайтан қуды ма не болды Шуақ, - деді Ақмоншақ таңданып.
- Анда,ауыл сыртында жылқыларыңды Тайпақ айдап кетті, - деді ол дауыс көтере. Ақтай орынынан бірден тұрып төрде ілулі тұрған қылышын алды.
- Ұлым әкең келгенше күте түрсайшы,бірге барарсыңдар,асықпашы,- деп анасы тоқтатпақ болды.
- Уайымдамаңыз апа,қазір ол Тайпақтың сазайын тартқызамын, - деп Ақтай тыңдамай шығып кетті.
Алла өзің жар бола көр деп анасы қалды тілеуін тілеп.

Ақтай біршама уақыттан соң Тайпақтың соңынан қуып жетіп қалды.Оны аңғарған ол қасында жігіттері болса да қорқа бастады.Ақтай бозбала болса да өте батыр болатын.Оларды оңай жайпап тастары анық еді.Соны ұққан ол жетіп қалған Ақтайға садағымен бір жебені жібере салды.Тура көкіректен тиген оқтан Ақтай ат үстінен аударылып түсті.

Ақтайдың онсызда тірі қалмасы анық еді.Соны көре тұра Тайпақ оны ат құйрығына байлап сұлтанына жеткенше сүйреп келді.Неге өлтірдің деген Өткірге жылқыны бермей қарсыласты деп соға салды.

Үйіне жетіп бар жағдайды білген Жәңгір шауып отырып Өткірдің сарайдай үлкен киіз үйіне келді.
- Жылқыларда нең бар Өткір,онсызда бәрін сен алдың емес пе?Жетпеді ме, -деді Жәңгір байсалмен.
- Өзің білесің елде соғыс жағдайы болды қазір де сондай жағдай.Олардың бәрін мен жейді дейсің бе, - деді Өткір.
- Жарайды құрып кетсін,ұлым қайда?
- Ұлың жігіттеріме қарсы шығып күш қолданыпты.
- Ұлым қайда деймін..
- Оның содан көзін жоюға тура келді.Ол өлді, - деді Өткір.
Сол бойда Өткірге тұра ұмтылған Жәңгір оны бір теуіп құлатты.Содан ары қарай ештеңе істей алмады.Сұлтанның шабармандары оны ұстап қалды.
- Мені тепкен аяғын шауып тастаңдар, - деп айқайлады ашудан булыққан Өткір.Тайпақ оны бірден орындады.Жәңгірдің оң аяғын шауып тастады.

Содан кейін арбаға Ақтайдың мәйітін артып,өзін де сол арбаға отырғызып жіберді.Кетіп бара жатып Жәңгір:
- Ұлымның кегін қайтармай қоймаймын Өткір,кекті жарымжан болсам да мен алармын,болмаса жақында туылатын ұлым ағасының өлімі үшін есеп айырысуға шаңырағыңа келеді әлі.Күт,бір көзіңді ашып ұйықтап түнің өтеді.Мазаң кетеді.Кек қайтпай қоймаймын, - деп кетті.

Жәңгір кеткен соң Тайпақ сұлтанға келіп:
- Шынында мырзам,бауыры бауырының кегін алмай қоймайды бұл заманда.Тыныш ұйықтағыңыз келсе оның көзін құрту керек, - деді ол.
- Кімнің? Әлі туылмаған нәрестенің бе? Есіңнен адастың ба сен,туыла сап менің үйіме шаппас.Күтейік,сосын көрерміз.
- Нені күтесіз,бірнеше жылдан соң біреудің кеп мойныңызға пышақ тақағанын ба?Қазір олар көз алдымызда,ертең қайда кетіп қалатыны беймәлім.Бір дұшпан түзде жүрмесін,- деді ол қоймай.Тайпақтың сөзінің жаны барын түсінген Өткір:
- Онда бар,орында, - деді Өткір қолын сілтеп.

Тайпақ жүйрігімен зулап келіп Жәңгірдің қар үй алдына келді.Ат дүбірін естіп ұлы мен күйеуін уайымдап күтіп отырған Ақмоншақ солар екен деп есікке асықты.Ашып қалғанда алдында Тайпақ тұр еді.Бұл не істеп жүр мұнда деп ойлап үлгергені сол еді,көз алды қарауытып бара жатты.Көзін төмен түсіріп қарап еді,тура іштен сұғылған қанжарды көрді.Одан ары құлай кетті.Басқасына әлі болмады,торғай жаны денесін суытып шырылдап шығып бара жатты.

Жәңгір ұлының мәйітін құшақтап отырып есін жоғалтпай үйіне әрең жетті.Аяғынан сорғалаған қан да біраз аққан.Бірақ бар азап оны үйінде күтіп тұр еді.Босағада тұрған Шуақ көршісі жүгіріп шығып бір аяқсыз Жәңгірді,жансыз Ақтайды көріп еңкілдеп жылап жіберді.Сосын Жәңгірді қолтықтап сүйеп ішке кіргізді.Сонда Жәңгір қанға боялып жатқан жарын көріп есінен танып қалды.Есінен танып бара жатып жалғыз қалғаным қалай,жаратқаным мені де алып кет сонда деп тілеп үлгерді.

Көршілердің біразы шаңырағы азан-қазан болған Жәңгірдің үйінде жүр.Тура бәрі түс сияқты,ешқайыссы әлі не болғанын түсіне алар емес.Бір кезде Ақмоншақтың денесінен қанжарды суырмақ болған бір кемпір " Астапыралла" деп айқайлап жіберді.
- Әй Ақмоншақтың іші қимылдап жатыр,- деді ол қорқа айқайлап.Шуақ жүгіріп барды.
- Шарана тірі, -деді Шуақ.Сөйтіп Ақмоншақтың қарнын жарып баланы шығарып құйрығынан салып қалды.Сол кезде ол іңгәлай жөнелді.
- Қыз балаа, - деп шу ете қалысты әйелдер жағы.

1- бөлімнің соңы.
2-бөлім +99💙

1 0 ER 0.1600
Қасиет.

2- бөлім.

Жәңгір есін жиғанда перзентінің тірі қалғанын естіп қатты қуанды.Бірақ туылғаны қыз бала екенін білгенде көңілі түсті.Бауыры мен шешесінің кегін қуатын ер бала болса ғой деп ойлаған еді.Бірақ перзентінің батырлар туылатын өз руының аңызы бойынша қасиетті санайтын күнінде туылғаны оған кішкене жұбаныш сыйлады.Содан атын Қасиет деп қойды.

Арада қырық күн өтті,ас беріліп жатқан уақ еді.Содан соң елдің ішінде әңгәме тарап,Өткірдің құлағына баланың тірі екені жетіп жүрер деп сақтанған Жәңгір,нәрестесін басқа жаққа жібермек болды.Сосын қасына көршісі Шуақты оңаша шақыртып алды.Астың басы-қасында жүрген Шуақ асығып тұрған сыңай танытып, - Айта бер Жәңгір, - деді тізе бүкпестен.
- Отыр Шуақ,асықпа.Басқалар бар ғой,сенімен бір келісетін әңгіме болып тұр, - деді Жәңгір.Шуақ көршісінің қасына жайғасты.
- Бұрыннан бері көршімсің Шуақ,құдай қосқан.Сенен бөтен сенерім де серігім де қалмады,жалғыз өзің ғана қазір маған көмектесе алатын.
- Бар ыңғайыңа жарармын көрші,айта бер.
- Мені сол Өткірдің әлі жайсыздығы мазалайды,баланың тірі қалғаны оған жетсе,ол қайта келері анық.
- Иә оның сөз көрші.
- Иә.Айтайын дегенім Шуақ Алланың жазуы болар, сенің не малың не балаң жоқ.Қайырылардай қақыңды көріп тұрғам жоқ.Перзентімді саған берейін.Сен алып алысқа кетіп қал.Өткір мен әлгі шибөрі Тайпақ таппайтындай болсын.Менің халімді көріп тұрсың,қос аяқпен болсам өзім бірдеңе қылар едім,жарымжан болып алыс кетпеспін.Бар жиған алтынымды өзіңе берейін,- деді көзіне жас ала Жәңгір.
- Бамқа жағдайда келіспес едім,бірақ бұл айтуың дұрыс-ақ.Перзентті аман ап қалудың жалғыз жолы осы боп тұр қайтемін.Ертең-ақ жолға шығамын, - деді Шуақ.Көршісінің қолдауына жүрегі жылынған Жәңгір оны құшақтап алды.Сөйтті де қызына барып оны құшағына қысып маңдайынан сүйді.

Құлыным,ертең-ақ бой жетерсің,сонда түсінерсің ниетім сені тірі жетім ету емес екенін деп еңкілдеп қоя берді Жәңгір.

Ертесімен таң азанда Шуақ барлық заттарын алып Жәңгірдің үйіне келді.Мен дайынмын деді сосын көршісіне.
- Шуақ,қызым он беске толғанда мұнда болған барлығын айтып бер.Не үшін мұндай қадамға барғанымды түсіндір.Ағасы мен шешесінің қаны Өткір сұлтан мен Тайпақтың мойнында екенін де айт.Кек қуам демесін,ол қыз бала,сол күні ақ жер құшады.Өзім аман болсам олардың жанын алмай қоймаймын.Өткір мен Тайпақ өлмей елге келуші болмаңдар, - деп жеткізді.Шуақ бәрін ұққанын айтып Қасиетті орап алып Қаражан ауылынан шығып кетті.

Жарас хан мен Орда хан жоңғарлармен соғысып,одан қалса бір-бірімен қырылысып жүріп күштері азайды,әлсіреді.Осыны пайдаланған Өткір бірінші Қаражанның,одан соң бүткіл Орта жүздің ханы болып алды.Қарамағына қаншама ауылдарды қосып үлкен бір хандыққа қол жеткізді.Құрамына кірмеген ауылдар мен қорғандарды,одан ары қалаларды қырғынға ұшыратты.Ел жоңғардан емес,ендігі қорлықты өз хандарынан көре бастады.Оның жауыздығының қасіретін тіпті басқа жүздер де тарта бастады.

Бірде Тайпақ Өткір ханның ордасына жүгіре кіріп, - Хан ием айтарым бар деп алдына құлай кетті.
- Иә айт, - деді Өткір хан.
- Әлгі Жәңгірдің бәйбішесін өлтіргенде,ішіндегі шарана аман қалыпты,- деді ол айқайлап.
- Сенің ісіңнің салғырттығы да,оны неге маған айтасың, - деді хан ақырып.
- Бұлай болады деп еш ойламаппын,мүмкін емес жағдай ғой,ішіне сұғылған қанжардан ана да бала да өледі емес пе,түсінсем бұйырмасын,- деді Тайпақ.
- Істі аяғына дейін жеткіз енді,өз ұсынысың еді,енді өзің шеш,- деді Өткір.
- Жәңгір перзентін бір көршісіне беріп қашыртып жіберіпті.Қыз бала туылыпты.Енді оны табу қиынға соққалы тұр.
- Қыз бала?
- Иә қыз бала.
- Онда оны іздеудің қажеті жоқ.Қыз баладан ажалым келмесіне сенімдімін.Қоя бер,- деді хан күліп. - Қыз болса оны қашыртпаса да тимес едім,тіпті Жәңгірдің өзіне де тимес едім.Қырсығып тұрып алды емес пе,мені қолдамай.Оның бар ойы сол Орда ханның үш жүзге хан болғанында еді.Ол оның алыс туысы болып келеді.Бұрынғы аталары екі егіз болыпты.Хақназар және Бақназар.Хақназардан тараған Орда болса,Бақназардан осы Жәңгір.Ел жұрт біле бермесе де,аңызды ұмытпақ емеспіз.
- Аңыз демекші хан ием,олардың сол аңызы шын ба екен?
- Оларда аңыз көп қой,қайсібірін айтасың?
- Әлгі оларда жүз жылда бір батыр ұл мен қыз бір күнде анасының қарнын жарып дүниеге келеді дегені.Егер екеуі біріксе адам сенгісіз күшке ие болады дегендері.
- Ол өтірік,бұрын сондай батырлар болған деп жыр етеді ақындары.Бірақ талай өзен тасып өтті көзімен көрген ешкім жоқ,тек аңыз.
- Бірақ Орда ханның шынында сол қасиетті күнде баласы туылды.
- Егіз бе?
- Жоға,тек ұл.
- Онда несін айтасың,аңыз бойынша егіз туылуы керек.
- Бірақ ел-жұрт анасының қарнын жарып туылды дейді, - дей бергенде, - Болды доғар,- деп Өткір хан жекіп тастады.
- Бар білетінім олар қара,міне сен сияқты қара,сондықтан хан болмау керек Орда.Мен сияқты сұлтандар тұрғанда оларға төр қайда,- деді сөзін жалғап.Тайпақ аузын жауып қалды.

Арада жылдар өте берді.Шуақ Қасиет екеуі қалың орманның ішінен қоныс тепті.Содан уақыт өте Қасиет те құлпырып өсе берді.Қаннан дамыса керек садақ тартуға шебер болды.Жасы онда болса да жүгірген аң мен ұшқан құс оның жебесінен құтылмайтын.Бірде аң аулап жүріп бір баланы кезіктіріп қалды.Жасы өзімен шамалас еді.Сөйлесе келе таудың басында ата-апасымен бірге тұратын Нұрперзент деген бала екен.Қызық деді іштей Қасиет.Бұрын қалай көрмегенмін деп таң қалды.

Нұрперзент пен Қасиет күнде бірге ойнайды.Бірге аң аулайды.Солай дос болып алды.Толық күнді бірге өткізеді.Солай қамсыз балалық шақ өте шықты.

Қасиеттің жасы он беске толды.Шашы атпен жүрсе де төксе жерге сүйретіліп жүретін.Қараған жанның көзін соқыр қылатындай сұлу қыз болды.Нұрперзентпен дос болып жүріп соңы махаббатқа ұласа бастады ма,әйтеуір екеуі де бір түрлі сезімдерді бастан кешіре бастады.Содан бірде орман ішінде екеуі қыдырып жүріп сөзге келіп қалды.
- Сен неге ренжи бересің осы маған,- деді Нұрперзент Қасиетті тоқтатып.
- Саған ренжімеймін,бірақ өте қорқақсың,налимын соған.Аңды қуу керек,одан қашпау керек,соны түсін.Аңға шығу біздің кәсібіміз,- деді Қасиет.
- Мен аңды өлтіре алмаймын,- деді Нұрперзент.
- Қалай өлтіресің садақ ата алмасаң,не қылыш қолдана алмасаң.Не білесің өзі,- деді Қасиет.
- Сені жақсы көретінімді білемін, -деді Нұрперзент салған жерден.
- Мұның мұнда не қатысы бар,- деді де Қасиет кілт тоқтап қалды.Кенет беті бояуланып қызыл қан жүгіре кетті.
- Не дейсің, - деді содан кейін жәй дауыспен.
- Сені жақсы көремін деймін,- деп Нұрперзент Қасиеттің қолын шап беріп ұстап алды.Қыз ыңғайсызданып қалды.
- Қасиет білемін сенің де сезімің бар,кет әрі емессің.Сенде жассың менде жаспын,бүткіл өміріміз алдымызды.Бірге болайықшы,отау құрайық.Міне орманда,тауда,бүткіл әлем де біздікі болады.Сенің енді қасымда болғаныңды қалаймын,- деді Нұрперзент.Жігіттің жауынгердей емес,тіпті қорқақтау болса да,расында оны Қасиет ұнататын еді.Оның бұл ұсынысы кенеттен болған соң ба сөйлей алмай қалды.Сосын барып, Ағама не деймін, -деді.
- Не дейсің тұрмыс құрам де, қыз баласы өз үйінде қартаймайды ғой,түсінеді.Менің де ата-апам бар.Қашанғы жүреді олар,үй болғанымызды көріп қуансын.Көздері барда оңаша шығарған оларға да дұрыс,- деді жігіт.

Ойланып көрермін деп Қасиет атына қонып жүріп кетті.Жүрегі алып ұшып келе жатыр.Бұрын байқалмаған сезім,білмеген сезім.Жүрегі қарс айырылып кеудесінен шығып кететіндей күйде.Жол бойы гүлдер теріп шашына байлап қуанып үйіне жетті.Сосын Шуақ ағасының мойнына асылып ас ішесіз бе деп сұрады.
- Не атып әкелдің тағы,-деді Шуақ.
- Ештеңе.
- Қуанышың қойныңа симай келдің ғой,-деп Шуақ жымиды.
- Жәй бүгін бір ерекше күн болды,- деді де қойды Қасиет.
- Қылышпен жаттықтың ба?
- Жоқ.
- Неге?
- Қолым босамады Шуақ аға.Оның үстіне қылышпен ағаш ұра берудің маған не керегі бар.Мен қыз бала емеспін бе,ертең тұрмыс құрсам бәрі қалады ғой,- деді Қасиет бұртиып.
- Бұл не дегенің,қане айт.Менен не жасырғаның бар,- деді Шуақ бір нәрсені сезгендей болып.
- Тұрмыс құрсам деймін аға,- деді Қасиет ұялып тұрса да жеткізіп.
- Бұл не дегенің?Бала емессің бе әлі.
- Сіздің рұқсатыңызбен ғана.
- Менен рұқсат сұрасаң жоқ рұқсат.
- Себеьін білсем бола ма,- деді Қасиет сызылып.Шуақ ұзақ бір күрсінді де,бәрін айтпақ болып шешті.

- Қарғам,сен Жәңгірдің соңғы тұяғысың.Ұл боп тумадың екен деп үнсіз қалар мен емеспін.Мойныңда жүк бар.
- Жәңгір деген менің әкем бе?
- Иә.
- Ол не қылған жүк аға?
- Алынбаған кек бар.Әкең ол кекті қайтармай о дүниеге аттана алмайды,жүрегі тынышталмайды.Ол қазір қарт болған,қолынан түк те келмейді.Сондықтан ол жүк сенің мойныңда.
- Айта беріңіз аға,- деді көзі жасқа орана бастаған Қасиет.
- Өткір деген сұлтан,қазір менің білуімше хан,қолшоқпары Тайпақ арқылы ағаң Ақтай мен анаң Ақмоншақты өлтіртті.Анаң аттанар алдында саған аяғы ауыр еді,әне-міне дегенше босанып қалар уағы болатын.Жауыздарды ол тоқтатпады.Сенің көрер жарығың бар екен,анаңның қарнын жарып аман алып қалдым.Сезуімше бекер тірі қалмадың,атқарар ісің көп әлі,қыз бала болсаң да саған артқан сенімім мол,- деді Шуақ.
- Кешіріңіз аға,- деді Қасиет ағасының алақанынан сүйіп.- Сенің еш кінәң жоқ,- деді Шуақ орнынан тұрып жатып.- Мен барып айналып келейін,ал сен ойланып не шешкеніңді айтарсың,- деп Шуақ шығып кетті.

Қуанып келген Қасиеттің көңілі су сепкендей басылды.Аяқ астынан мойнына ауыр бір жүк асылып қалғандай болды.Енді ойлананатын түк жоқ деп шешті ол.Кек қайтарымсыз қалмауы тиіс.

Шуақ кешкісін үйіне келді.Есік алдында қылышпен жаттығып жатқан Қасиетті көрді.Қолаң шашын қақ мойнынан кесіп тастапты.Сүйсінен сыртынан қараған Шуақ сәл жымиып қойды.

0 1 ER 0.1309
Тағы екі-үш күте тұрыңыздар,бөлімдер шығады.Қол босамай кетті.Түсіністік танытайық!

0 3 ER 0.1097
Қасиет.

5- бөлім.

Нұрперзенттің денесі түршігіп кетті.Өткенде халық аузында жүрген батыр,одан қалса Өткір ханды өлтірмек болғанда осы Қасиет болғаны ма.Одан қалса бірге өсіп бірге жүрген сүйікті қызы.Ал оны жаралағанын есіне алып тіпті есінен адаса жаздады.Содан соң ойын бірден жинақтап Жәңгірге қарады да: - Қасиеттің қайда екенін білесің бе? деп сұрады.
- Білмеймін,білсем де айтпас едім,- деді Жәңгір шорт кесіп.
- Тыңда шал,ол үш жүздің ханы Өткір ханға шабуыл жасады,оны қазір хандықтағы ең жауыз адам Тайпақ іздеп жатыр.Ол тапса қызың аман қалмайды.Сондықтан мен оны бірінші табуым керек.Менің зияным тимейді оған.Мен Қасиетпен бірге өскенмін,ол менің досым,- деді Нұрперзент жалма- жан.
- Ал сен кімсің,қай елсің,- деді Жәңгір басын көтеріп.
- Хақназар ұрпағымын,Орда ханның ұлы Нұрперзент боламын.Анығында әкем қазір хан емес, - деді Нұрперзент өз сөзін түзеп.
- Хақназар ұрпағымын дейсің бе,е айналайын солай демейсің бе,мен Бақназар ұрпағы Жәңгірмін.Әкеңмен туыстық қатынасымыз бар,- деді Жәңгір жүзіне шырай кіріп.
- Кешіріңіз аға,білмедім.Маған расында Қасиетті тезірек табуым керек.Оған көмек керек,ол қазір қайда?
- Расында білмеймін.Оны көрмегеніме жиырма жылдай болды.Туылғанда ақ Өткір ханның қуғынынан қашыртып жібергенмін Шуақ деген көршіме беріп.Содан көргенім жоқ.Шуақ оған кек қуалатып қойғанға ұқсайды.Сондықтан қарындасыңды тез іздеп тап.Қылышын жартасқа ұрмасын.Өзің қорға,саған аманат,- деді Жәңгір көз жасына ерік беріп.Нұрперзент Жәңгірге уәде берді де атына мініп жүріп кетті.Амандық тілеп Жәңгір қалды.

Алмас ел- жұртты сұрастырып жүріп Шуақтың үйі қайда екенін тауып алды.Себебі Өткір ханға шабуыл жасаған Қасиет екенін де біліп алған еді.Сосын орман ішінде орналасқан ағаш үйді сыртынан бақылап күтіп отырды.Шуақты ол жас кезінде жақсы танитын.Аяқ астынан көзден таса болғанын түсінбей жүрген еді.Себебін бүгін білді.

Қасиеттің қаруын асынып жиналып жатқанын көрген Шуақ,оның қайда бара жатқанын сұрады.
- Хандыққа барып қайтамын,- деді Қасиет.
- Әлі толық жазылған жоқсың ғой,асықпасаңшы,- деді Шуақ.
- Аға мені тоқтата алмайсыз,баруым керек,- деп Қасиет сөзінен қайтпайтынын танытты.
- Жарайды,абай бол.Сыртынан ғана бақыла.Өткірді өлтірем деп әзірге ойлама,ол қазір өткендегіден кейін қорғанысын күшейткен болу керек.Бшс қолға түсесің,- деді Шуақ.
- Уайымдамаңыз аға,шаппаймын.Тек түн ұйқысынан айырамын.Мазасын алам,- деп Қасиет шығып кетті.

Қасиеттің шыққағын көрген Алмас,Шуақтың жалғыз қалғанына көзі жетіп үйге кірді.
- Ассалаумағалейкум Шуақжан,- деді Алмас қолын соза.Шуақ таң қалды.Бұл таңсық кездесуді күтпегені анық еді.
- Амандаспайсың ба,- деді Алмас қолын жинап.
- Сені күтпеген едім,ренжіме,- деп Шуақ қолын өзі беріп амандасты.
- Иә жәй жүрсің бе,- деп Шуақ отыр дегендей төрді нұсқады.Екеуі жайғасты.
- Жәй.Тіпті не дерімді де білмей тұрмын.Бірақ саған кездейсоқ жолыққам жоқ.
- Оны менде түсіндім.
- Ендеше әңгімені өзің бастарсың.Басынан..
- Не бастайын Алмас.Бәрін өзің де көріп-біліп келдің ғой.Сол Қасиетті Өткір ханның қаһарынан қорғау мақсатында осында орын тептім.
- Жаңағы шыққан Қасиет қой.
- Иә.
- Қасиетті қорғап жүрмін дейсің,сонымен қатар Өткір ханға өзің жібергенің қалай?
- Ол енді жас емес Алмас.
- Иә білемін,кек қуған жан оңбасы анық.Оны өзің де түсінесің.
- Түсінем,бірақ басқа жол жоқ.Ақмоншақ пен Ақтайдың кегін алуы тиіс.Қазақ итің жаман дегенге намыстанады.Ал қан төгілгенде оны тек қан жуады.Солай Алмас.
- Оныңмен келіспеймін...
- Менімен келіс демеймін.Мені кінәлауға келдің бе,сен көрген өмірді мен де көргенмін.Оданда өз ініңе көз қырыңды салмайсың ба? Ол не істегенін білесің бе?
- Ол Қасиетті жаралады.Оқ атты.
- Әрине.Сол іс оң ба?Оның үстіне Орда хан Өткірдің өшіккен жауы еді,енді қызмет етіп жүргендерің қалай?
- Алғаш Нұрперзенттің Қасиетті танымағанын түсін,қыз тұмшаланып киінген.Содан кейін Орда амалсыз бас иді,халық амандығын сақтауды басты міндеті көргеннен осықадамға барды.
- Оның бәрі сөз Алмас.Енді ештеңені өзгерте алмаймыз.Уақыты келгенде Өткір хан да,оның айналасындағылар да жазасын алады.
- Артық кетпе Шуақ,мен мұнда жау іздеп келгем жоқ.
- Кімді іздеп келгеніңді мен білмеймін.Ағаң мен інің Өткір ханның табалдырығында жүргенде сенімді көрінем деп ойлайсың ба?
- Сенімен сөйлесіп жарытпайтын сияқтымын әзірге.Ашуыңды бас,сосын тағы бір келермін.Қасиет абай болсын.Қамалдың іші сырты бәрін Тайпақтың адамдары қарап жүр.Қолға түсіп жүрмесін.Ескерттім.
- Оған уайымдама,- деді Шуақ жақтырмастан.
Сосын орнынан тұрып бара жатқан Алмас,есіктен шықпай тұрып кілт тоқтады.
- Қасиет қалай аман қалғанын айтып берші,- деді жәй дауыспен.
- Ақмоншақ жан тапсырғанда шарананы байқұстың ішін жарып алдық.Көрер жарығы бар екен,аман қалды,- деді Шуақ.
- Анасының қарнын жарып туылды дейсің ғой,- деді Алмас ойлана қарап.
- Не дейсің, -деп Шуақ түсінбей қалды.
- Әлгі жүз жылда бір қасиетті күнде туылатын батыр туралы есіткен бе едің,анасының қарнын жарып туылатын.
- Иә ол аңызды есіткем..
- Иә әрине,аңыз ғой,- деп бір жымиды да Алмас шығып кетті.Шуақ ұзақ ойланып сол қалпында тұрып қалды.

Қасиет жолда келе жатып бірнеше бала ерткен жұпыны киінген адамдарды көрді.Атынан түсіп жәй сұрасты.
- Неткен жансыздар,не істеп жүрсіздер,балаларыңыз аш- жалаңаш жүр.
- Ее қарағым не дейін,базарға азын аулақ ұсақ малымызды сатпақ болып келгенбіз.Содан Алдияр деген саудагер малымызды тартып алып,өзімізді адамдарына қрғызып қудырып жіберді,- деді мән- жайды түсіндірген орта жастағы кісі.
- Ол Алдиярды қайдан тапсам болады,- деді Қасиет.
- Базардағы бәрі таниды сұрасаң,- деді әлгі кісі.
- Олай болса осында күте тұрыңыздар,- деді Қасиет атына қонып.
- Не істемек ойың бар қарағым,- деді кісі таңданып.
- Күте тұрыңыздар,- деп Қасиет шауып кетті."Байланыспай-ақ қойсаңшы" деп соңынан айқайлады қасындағы әйел адам.

Қасиет базарға кіріп біреуден - Алдиярды іздеп жүр едім,- деп сұрады. - Әне тұрған кісі Алдияр деген,- деп әлгі адам қолын шошайтып біреуді көрсетті.Қасиет солай қарай басты.Сосын Алдиярдың қасына барып: - Алдияр деген сенбісің,- деп сұрады.
- Менмін,не қылайын деп едің,- деп Алдияр бақырая қарады.
- Осыдан біршама уақыт бұрын бір кісілердің малын алып төлемін бермепсің,соның төлемін қайтар,- днді Қасиет зілді үнмен.
- Ал қайтармасам не істейсің,- деп айқайлады Алдияр.
- Өміріңмен қош айтысасың.
- Аа солай де,қазір көреміз,жігіттерр,- деп Алдияр дауыс көтерді.Қастарына еңгезердей екеу жетіп келді.Қасиет ол екеуін әп-сәтте құлатып жарадар етті.Бірақ өлтірмеді.Сосын қылышын Алдиярдың мойынына тақап біраз тұрды да,жәймен төмен түсіріп белінде тұрған алтын толы әмиянды кесіп жіберіп қылыштың ұшымен көтере қағып алды.Содан кейін қылыштың жанымен бір тартты да жүріп кетті.Аман қалғанына қуанған Алдияр біразға дейін өзіне келе алмады.Содан кейін болған жағдайды Өткір ханға жеткізбек болып сарайға қарай асыға жүгірді.Ал Қасиеттің бұл ісіне куә болған сондағы халық "қасиетті батыр тағы келді" бұл қасиетті батыр бізді жауыз ханның азабынан құтқарады" деп бір- біріне сүйінші сұрағандай жамырап айтып жатты.

Қасиет әлгі кісілерге келіп бір әмиян толы алтынды берді.- Керектеріңізге жаратыңыздар,- деді Қасиет өз ісіне риза болып.Сосын базардан ала кеткен екі дана алманы екі бүлдіршінге ұсынды.Олар бір жағынан қорқа қарап тұрып еді,аналары ишарат білдіргенде жымия рахмет айтып алмаларын алды.
- Көп рахмет саған қарағым,бұл үшін өзің жапа шегіп жүрмесең болар еді,- деді кісі қысылып.
- Уайымдамаңыз,маған ештеңе болмайды,- деді Қасиет.Одан кейін атының басын Қаражанға бұрып кете барды.

Өткір хан Алдиярдың айтқанын тыңдап болып қасына Тайпақты шақыртты.Кіре сала бас салып айқайлады. - Әлгі Жәңгірдің күшігі қалаға тағы келіпті,сарбаздарың қайда қарап жүр.Тура күндіз Алдиярдың бар алтынын алып адамдарын жаралап кетіпті,- деп ақырды.
- Іздеп жатырмыз хан ием,жақында тауып басын аламыз,- деді Тайпақ басын төмен сала.
- Жооқ,ол маған тірідей керек.Жанын кеудесінен өз қолыммен суырып аламын.Ал онымен сөйлескен,байланысқан адамдардың бәрін өлтіріңдер,-деді Өткір.
- Құп болады хан ием.
- Әлгі Нұрперзент қайда?
- Әлі Қаражаннан келген жоқ.
- Қараанға бар,оны осында ертіп алып кел.Бұйрықты орындамаудың қандай болатынын көрсетейін оған,- деді Өткір хан.Тайпақ басын изеп шығып кетті.

Қасиет әкесінің үйін тауып алса да,үйге кіруге бата алмай сырттай бақылап тұрды.Бір уақытта ішінен бір кісі шықты.Қолын алға салып жүр,соған қарағанда көзі көрмейтін тәрізді.Оның әкесі екенін Қасиет бірден сезінді."Әке" деп сырттай айтып үнсіз жылап тұра берді.

Біраз уақыттан соң аттылы бірнеше кісі келді.Бір нәрсе айтып жатты әкесіне.Сол кезде әкесінің "сені өлтіремін Тайпақ" деп айқайлап жатқанын анық есітті.Қанжарын оңды-солды сілтеп тұр екен.Әлгілер күліп жатты.Мынау Тайпақ болғаны ғой,мұндай мүмкіндік күнде туа бермейді деп ойлаған Қасиет атына мініп олардың қасына шауып барды.Бара сала біреуін ат үстінен шауып түсіріп,екіншісін тартып құлатып,Тайпаққа қылышын сермей бергені сол еді,өзіне қарай оншақты аттылы сарбаздың шауып келе жатқанын көрді.Жалма-жан Тайпаққа қылыш сермеп еді,ол тигізбей шегініп қалды.Одан көп қалуға болмасын ұққан Қасиет шауып қаша жөнелді.Әлгілер соңынан қуды.

Біраз уақыт соңынан қалмаған Тайпақ пен оның адамдарын орманға кіргенде адастырып кетті.Қасиеттің тығылған жері орманның ішінде екеніне көзі жеткен Тайпақ,қалаға қарай шауып кетті.

Үйге ентіге кірген Қасиетті Шуақ қабағын түйе суық қарсы алды.
- Ал не істедің қасиетті батыр,- деп мысқылдай қарады ол.
- Не қажет болса соны істедім,- деп Қасиет те суық жауап қатты.
- Ақымақ,ақымақсың,- деп айқайлады Шуақ. - Не бүлдіргеніңді білесің бе өзің?
- Не бүлдіріппін аға,Қаражанға бардым,әкемді көргім келді.Солуақытта Тайпақ келіп қалды.Өлтірмек болып едім сытылып кетті.Сосын олар мені өлтірмек бодды,көбейіп кетті.Қашып осында келдім.Бары осы,- деді Қасиет ағасының көзіне тура қарап.
- Ал базардағы саудагердің не үшін алтынын тартып алдың?
- Ол алтындарды тиесілі адамдарға бердім.Ал сіз мұны қайдан біліп алдыңыз,- деп таңданды Қасиет.
- Білемін.Ал сол сен алтын берген адамдарың қазір қайда екенін білесің бе?
- Онда шаруам жоқ,мен алтындарын қайтардым.Басқасы өз шаруалары.
- Шаруаң болмаса да айтайын,олар қазір базар алдында дарға асылып тұр,- деп жекіп берді Шуақ.
- Не дейсіз аға?Дарға асып қойған ба?
- Иә,тіаті екі бүлдіршін балаларын да.
- Мүмкін емес,- деп көзіне жас алды Қасиет.
- Көрдің бе ойланбай жасаған әрекеттің соңы неге әкеліп соқтыратынын?Мен сені осылай тәрбиеледім бе?Сол қамсыз әрекеттің кесірінен жазықсыз адамдар жапа шекті.
- Жапа шекті менің кесірімнен,- деп Қасиет Шуақтың сөзін қайталады. Содан кейін барып, - Әлгі Алдиярды өлтіремін,- деп қайта шығып бара жатты.
- Есің дұрыс па,қазір сені мың сарбаз күтіп отыр.Кек алам деп жүріп қаза боласың.Ақылға салсаңшы кішкене,- деп соңынан Шуақ шықты.
- Мені тоқтата алмайсыз аға,жіберген қатемді түзеуім керек,оны бағана сол жерде- ақ өлтіруім керек еді,- деп Қасиет айтқанынан қайтпады.Сол уақытта аттылы бір кісі шауып келді.Мұны Тайпақтың адамдарының бірі деп ойлап қалған Қасиет қылышын қынабынан суырып шығарды.
- Басыл Қасиет,мен соғысатын адамың емеспін,- деді әлгі аттан түсіп жатып.
- Бұл Алмас,жау адамы емес,солай ойлаймын,- деді Шуақ Алмасқа қарап.
- Шуақ мен сендерді баяғыда-ақ ұстап берер едім,ал соңдарыңнан ешкім келген жоқ,сондықтан сенімің толық болсын,- деді Алмас.
- Солай- ақ болсын.Ендеше айтшы не себеппен келдің,- деді Шуақ Алмасқа қарап.
- Мен ескертуге келдім.Жоңғар бізге соғыс ашыпты.Ал сендер тура солардың өтетін жолында қоныс тепкенсіңдер,- деді Алмас бір күрсініп.

0 0 ER 0.0970