Статистика ВК сообщества "Көркем Дағуат ﷽"

0+
Әбу Ханифа-бұл үмметтің нұры🍂

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Жұма күні мыналарды атқарған жөн:

1. Ғұсыл құйынып, жуыну.
2. Тырнағын алу.
3. Хош иістер себіну.
4. Жақсы киімдерін киіну.
5. Жұма намазына ерте бару және алдыңғы қатарлардан бос орынға жайғасу.
6. Ықыласпен уағыз тыңдау. Жұма намазын оқу.
7. Аз да болса, садақа беріп, мұқтаждарға да жұма күндік мереке сыйлау.

13 2 ER 0.2025
Риуаят бойынша ана құрсағына жауап беретін бір періште бар. Аталық ұрық ана жатырына келіп түскенде әлгі періште оны алақанына салып:

– Аллам менің! Мына ұйыған тамшы жаратылыс бола ма әлде болмай ма? – деп сұрайды.

Егер Алла Тағала «Болмайды», - десе періште ұйыған тамшыны қанға айналдырып жібереді де бала болмайды. Егер Алла Тағала «Болады», десе періште қайтадан былай сұрайды:

– Йа, Раббым! Ұл бола ма әлде қыз бола ма? Жазмышы мен өмір жасы қандай болмақ?

Сонда Алла Тағала:

– Аналық Кітабына қара, - деп айтады.

Аналық Кітап – Алла Тағаланың құдіретті қаламұшымен адамдардың тағдыры жазылған қасиетті тақта және де адамның Тозақтық немесе Жұмақтық болатынын да осында жазылған. Әлгі періште Қасиетті тақтаға қарап, сәбидің өмір жасы мен пешенесіне не жазылғанын біледі. Содан кейін періште оның жерленетін жерінен бір шымшым топырақ алып, оны ұйыған тамшымен араластырады. Содан соң періште оның маңдайына несібесін, өмір жасын әрі оған жазылған барлық жаман, жақсы нәрселерді жазады.

Алла Тағала жер мен көктің ортасында сырты жұмыртқаның ақ қабығымен қапталғандай қала жаратқан. Бұл қалада жетпіс мың қақпа бар және әрбір қақпасында адам кейіпіндегі мың періште тұрады. Жұма күні бұл періштелер былай деп дұға жасайды:

– Аллам менің! Кімде-кім жұма күні дәрет алып, жұма намазына барса, соны кешір де жарылқай гөр.

Әбу Хурайра (р.а.) мен Әбу Саид Әл-Худри (р.а.) келесіні келтірген:

– Жәбірейіл (ғ.с.) былай айтқан: «Жетінші көкте жерден жетпіс есе үлкен бір періштені көріп, одан:

– Сен бәрін білесің бе? – деп сұрадым.

Сонда әлгі періште маған былай жауап берді:

– Екі нәрседен басқаның бәрін білемін. Оның біріншісі, "Әшхаду ан ля иляха илляллах уа ашхаду анна Мухаммадан абдуху уа Расулюху" куәлігін айтқаны үшін қандай сый болатынын білмеймін. Екіншіден, дін жолында қарсы тұратынға берілетін сауап маған беймәлім.

Мұны естіген Жәбірейіл (ғ.с.) Алла Елшісіне (ﷺ) келіп, бәрін түсіндіріп береді.

Әбу Тәліп Мекки былай айтқан:

– Әр күні төрт жақтан төрт періште төрт түрлі нәрсені айтады. Солардың бірі:

– Уа, жақсылық жасаушы! Көп жақсылық жаса да зиян келтірме.

Екіншісі: «Жаратушы! Кімде-кім өз нанын басқа біреуге берсе, Сен оған одан да көп ризық бер. Ал кімде-кім несібесімен бөліскісі келмесе, оның несібесін құрт», - деп айтады.

Үшіншісі: «Сендер бұл дүниеде мәңгі қалатындай болып ішіп-жейсіңдер, бірақ жолдың соңында өлім күтуде. Салған мына ғимараттарыңды уақыт талқандайды», - дейді.

Төртіншісі былай айтады: «Ішіңдер де жеңдер! Соңында есеп болады».

Алла Тағала бұл жөнінде Құранда былай айтқан:

«Негізінен сендерге әлбетте бақылаушылар бар. Ардақты жазушылар» (82:10-12).

Мұфассирлер былай түсініктеме береді:

– Адамның оң және сол жағында періште бар. Оң жақтағы періште оның жақсы амалдарын жазса, сол жақтағы періште жаман амалдарын жазады.

Ибн Аббас (р.г.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген:

– Әрбір адамның бес періштесі бар. Оң жақтағы біреуі оның жақсы амалдарын жазады. Сол жақтағысы – жаман амалдарын жазады. Үшіншісі алдында жүріп оған жақсылыққа апаратын жолды көрсетеді. Төртіншісі соңынан жүріп оны зұлымдықтан қағады. Бесінші періште оның маңдайында болады, әр кез адам салауат айтқанда, әлгі періште жазып алып оны Алла Елшісіне (ﷺ) жеткізіп отырады.

27 1 ER 0.1280
Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан: «Жұмақтағылар, тозақтағыларға: «Раббымыздың бізге уәде еткенін тура таптық. Сендер де Раббыларыңның уәде еткенін тура таптыңдар ма?»,- деп айғайлайды. (Олар): «Әрине» дейді. Сонда олардың араларында бір айғайшы: «Алланың қарғысы залымдарға» деп айғайлайды» (7:44).

Келешекте орын алатын әңгімелерден сабақ алыңыздар!

Жұмақ пен Тозақ жаратылып қойған, олар бар. Олар Алла Тағаланың көптеген жаратылғандарынан да бұрын жаратылған. Тіпті Жұмақ пен Тозақ мекендеушілері анықталып та қойған. Алла Тағала тек қана Жұмақ пен Тозақты сипаттап қана қоймай, сонымен қатар, Құранда оларды мекендеуші адамдардың сұхбаттарын да айтып берген.

Осы мақалада күндердің күнінде өзіміз қатысушылары болатын бірнеше диалогтар келтірілген. Өзіңізден сұрап көріңізші – әлі орын алып көрмеген сұхбаттардан өзіңіз үшін сабақ алуға дайынсыз ба?

1: Қажырлы еңбек

Алланың қалауымен, Жұмаққа кіріп өз орныңызға қарай беттеп бара жатқаныңызды көз алдыңызға елестетіңізші. Ең бірінші болып сізге періштелер сәлем беретін

болады. Қиын-қыстау кезде сабырлық танытқандар, Алла тыйым салғаннан шыдамды түрде бойларын аулақ ұстағандар, төзімді түрде Алланың басшылығын ұстанғандар әрі өзге адамдарға қатысты сабырлық танытқандар – сабырлықтың нәтижесін көретін болады.

Сабырлық қажырлы еңбекті талап етеді, сол себепті Жұмақта періштелерден төмендегі сөздерді естігілеріңіз келсе, бұл дүниеде сабырлы болыңыздар: «Ал Раббыларына қарсы келуден сақсынғандар, топ-топ жаннатқа жолданады. Сондай-ақ олар оған барғанда оның есіктері ашылады. Оларға оның сақшылары: “Сендерге сәлем. Қош келдіңдер, жаннатқа мәңгі қалатын түрде кіріңдер” дейді!» (39:73). 2: Алла Тағалаға Оның басшылығы үшін шүкір айтыңыздар

Алла Тағала сізді Өзінің хақ жолын ұстанушылардан етікені үшін Оған сансыз шүкірлер айтып, үнемі өзіңіздің алғысыңызды білдіріп жүріңіз.

Алланың қалауымен, егер Жұмақ мекендеушілерінің қатарында болсаңыз, былай айтар едіңіз: «Барлық мақтау бізді осы тура жолға салған Аллаға тән. Егер Алла бізді тура жолға салмаса еді, тура жолды таба алмайтын едік. Расында Раббымыздың елшілері, шындықты келтірген еді» дейді. Және оларға: «Міне амалдарың себепті мұрагері болған жұмақтарың осы» делінген түрде дабысталады» (7:43).

3: Әл-қуатыңыз барда Алла Тағалаға сиыныңыз

Мүмкіндік, денсаулық пен уақыт барда Алла Тағалаға сиыныңыз. Кез-келген жағдайда – қуаныш пен қайғыда немесе кез-келген қиындықта Аллаға сиыныңыз. Алланың сізді Тозақ Отынан сақтауын тілеңіз.

«Оттағылар, тозақтың сақшысына: “Раббыларыңнан тілеңдер. Азабымыздан бір күн жеңілтсін” дейді. (Тозақ сақшылары): “Сендерге елшілерің мұғжизалармен келмеді ме?”- дейді. Олар: “Әрине!”- дейді. (Сақшылар): “Ендеше жалбарыныңдар, кәпірлердің тілегі мүлде зая кетуде” дейді» (40:49-50).

4. Намаз оқыңыз, мұқтаж жандарға көмектесіңіз, тіліңізге ие болыңыз және Қиямет күнін есіңізден шығармаңыз

Құранды оқи жүріп, Жұмақ пен Тозақ мекендеушілерінің пікірталасына куә бола жүріп, мүміндерге бір қателіктен сабақ алып, жақсы амалдар жасауға талпыну қажет. Жұмақ мекендеушілері Тозақ мекендеушілерінен не себепті мұндай жаман халге түскендіктерін сұрағанда, тозақтағылар намаз оқымағандықтары себепті деп жауап берген екен. Намаздың маңыздылығын енді түсінген боларсыздар?..

Намаздағы Алламен байланысыңыздан бөлек, үмбетпен байланысыңызды есіңізден шығармаңыздар әрі мұқтаж жандарға көмектесуді өз міндетіңіз деп біліңіз. Кімнің көмекке зәру екенін анықтап, әлгі адамның өзіңізден жақын не алыс тұрғанына қарамастан оған қаражатыңыз бен уақытыңызды бөліңіз.

Ең бастысы, өз әрекеттеріңізді бақылауда ұстау үшін әрі күнә жасап қойған болсаңыз уақыт созбай тәубеге келу үшін Қиямет күнін үнемі есіңізде ұстаңыз.

«Олар жаннаттарда сұрасады! Қылмыстылардан: “Сендерді тозаққа кіргізген не нәрсе?” Олар: “Біз намаз оқушылардан емес едік.” “Әрі міскінді тамақтандырмайтын едік.” “Бұзықтыққа кірісушілермен бірге кірісіп жүрген едік.” “Қиямет күнін өтірік деген едік.” “Өзімізге өлім келгенге дейін” (осындай едік)» (74:40-47).

5: Сізге нәсіп етілген нығметті жете түсініңіз.

Алла Тағала сізге нәсіп еткен нығметтерді бағалай біліңіз. Тіпті бір жұтым су үшін де Алла Тағалаға шүкірлік білдіріп жүріңіз.

«Тозақтағылар, жұмақтағыларға: “Бізге суларыңнан немесе Алланың сендерге берген несібесінен төгіп жіберіңдер” деп айғайлайды. Олар: “Расында Алла, ол екеуін де кәпірлерге арам еткен” дейді» (7:50). 6: Кімнің соңынан еру керектігін мұқият таңдаңыз

Қазіргі заманда біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) сүннетін ұстанудан гөрі, бұқаралық ақпарат құралдарының беретін ақпараттарын ақтару, әншілер мен актерлердің өмірін қызықтау немесе сән жолын қадағалау көпшілігімізге жеңіл де жағымды жайт болып кеткені өтірік емес. Келесі жолы сүйікті актеріңіз не болмаса әншіңіздің өмірінен қызықты жайттарды білуден бұрын Тозақ мекендеушілерінің өздері үшін жалған бағыт-бағдар ұстанғаны үшін өкініп, опық жейтінін есіңізге алыңыз. Солардың өздеріне пір тұтып, табынардай болып бар жан-тәндерімен жақсы көрген адамдары оларға қол ұшын беріп, оларды зардаптан құтқара алмайтындығын ұмытпаңыз.

«Расында Алла кәпірлерге лағынет етті. Және оларға жалындаған тозақты әзірледі. Олар онда мәңгі қалады. Не дос, не көмекші таба алмайды. Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: “Әттең! Бізге не болды? Аллаға бой ұсынып, Елшісіне көнген болсақ еді” дейді!» (33:64-66).

Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алла Тағала бізді Жұмақ мекендеушілерінен болуға нәсіп етсін!

12 7 ER 0.1128
«Кімде-кім ораза ұстаған күйінде қайтыс болса, Жәннатқа кіреді» (Әл-Баззар. «Сахих әл-жәми’» 6224).

2 2 ER 0.0754
НАМАЗДА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР
Субханәкә
سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَ بِحَمْدِكَ وَ تَبَارَكَ اسْمُكَ وَ تَعَالَى جَدُّكَ وَ لاَ اِلاَهَ غَيْرُكَ

«Субханәкә Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәрәкә-смука уә тә'ала жәддукә уә лә иләһә ғайрук»

Мағынасы: Уа, Аллаһым! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак. Және де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.

Әт-тахият
اَلتَّحِيَّاتُ لِلَّهِ وَ الصَّلَوَاتُ وَ الطَّيِّبَاتُ* اَلسّلاَمُ عَلَيْكَ اَيُّهَا النَّبِىُّ وَ رَحْمَةُ اللَّهِ وَ بَرَكَاتُهُ* اَلسَّلاَمُ عَلَيْنَا وَ عَلىٰ عِبَادِ اللَّهِ الصَّالِحِينَ* اَشْهَدُ اَنْ لاَ اِلاَهَ اِلاَّ اللَّّهُ وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَ رَسُولُهُ

«Әт-тахияту лилләһи уас-салауаату уа-таййбәәт, әс-сәләәму ’аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллааһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму ’аләйнә уа ’алә ’ибәдилләһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ’абдуһу уә расуулуһ».

Мағынасы: Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаһқа лайық. Уа, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Аллаһтың рақымы мен берекеті жаусын! (Уа, Раббымыз!) Сәлем бізге және Аллаһтың салиқалы құлдарына болсын. Мен Аллаһтан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне, хазіреті Мұхаммед Аллаһтың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

Аллаһумма салли
اَللَّهُمَّ صَلِّ عَلىٰ مُحَمَّدٍ وَ عَلىٰ اٰلِ مُحَمَّدٍ كَمَا صَلَّيْتَ عَلىٰ اِبْرَاهَيمَ وَ عَلىٰ اٰلِ اِبْرَاهِيمَ اِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ

«Аллаһумма салли ‘алә Мухаммәдин уа ‘алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә ‘алә Ибраһимә уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид»

Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына салауат еткенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына салауат ет. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы.

Аллаһумма бәрик
اَللَّهُمَّ بَارِكْ عَلىٰ مُحَمَّدٍ وَ عَلىٰ اٰلِ مُحَمَّدٍ كَمَا بَارَكْتَ عَلىٰ اِبْرَاهَيمَ وَعَلىٰ اٰلِ اِبْرَاهِيمَ اِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ

«Аллаһума бәрик ‘алә Мухаммадин уа ‘алә әәли Мухаммад, кәмә бәәрактә ‘алә Ибраһима уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжид»

Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына берекет бергенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына да берекет бер. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы.
Хазіреті Мұхаммедтің Аллаһтың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

Раббәнә әтинә

رَبَّنَا اٰتِنَا فِى الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِى اْلاٰخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّار

«Раббәнәә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә ‘азәбән-нәр»

Мағынасы: Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!

Құныт дұғасы
أللهُمَّ اِنَّا نَسْتَعِينُكَ وَ نَسْتَغْفِرُكَ وَ نَسْتَهْديكَ وَ نُؤْمِنُ بِكَ وَ نَتُوبُ اِلَيْكَ وَ نَتَوَكَّلُ عَلَيْكَ وَ نُثْنِى عَلَيْكَ الْخَيْرَ كُلَّهُ نَشْكُرُكَ وَ لاَ نَكْفُرُكَ وَ نَخْلَعُ وَ نَتْرُكُ مَنْ يَفْجُرُكَ.
أللهُمَّ إيَّاكَ نَعْبُدُ وَ لَكَ نُصَلِّى وَ نَسْجُدُ وَ إليْكَ نَسْعَى وَ نَحْفِدُ نَرْجُو رَحْمَتِكَ وَ نَخْشَى عَذَابَكَ اِنَّ عَذَابَكَ بِالْكُفَّارِ مُلْحِقٌ

«Аллаһумма инәә нәстә’иинукә уә нәстағфирукә уә нәстәһдик, уә ну’мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә нәтәуәккәлу ’аләйкә уә нусни ’аләйкәл-хайрә күлләһу нәшкурукә уә ләә нәкфурук, уә нахла’у уә нәтруку мән иәфжурук.
Аллаһумма иййәәкә нә’буду уә ләкә нусалли уә нәсжуду уә иләйкә нәс’а уа нахфид, наржу рахмәтәкә уа нахшә ’азаабәкә иннә ’азаабәкә бил куффари мулхиқ».

Мағынасы: Аллаһым, біз күмәнсіз Сенен жәрдем және кешірім тілеп, тура жол, һидаят сұраймыз. Саған иман етіп, күнәларымыз үшін тәубе етіп, Өзіңе арқа сүйейміз. Сені барлық жақсылықтармен мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске шығарып, олармен мүлдем байланысымызды үземіз.
Аллаһым! Біз тек Саған ғана құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, сенің разылығыңды алу үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз. Күмәнсіз, азабың кәпірлерді қамтиды.

НАМАЗДАН КЕЙІНГІ ДҰҒАЛАР

Парыз намазы оқылғаннан кейін:

{أللهُمَّ اَنْتَ السَّلامُ وَ مِنْكَ السَّلامُ تَبارَكْتَ يا ذَالْجَلالِ وَ الاكْرَامِ}

«Аллаһумма әнтәс-сәләәму уә минкәс-сәләәм, тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икраам»
Мағынасы: Аллаһым! Сен сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті – Сенсің. Уа, құдірет пен жомарт иесі Раббым.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) Муазға әр намаздың соңында оқы деп өсиет еткен дұғасы:

أللهُمَّ أعِنِّى عَلَى ذِكْرِكَ وَ شُكْرِكَ وَ حُسْنِ عِبَادَتِكَ

«Аллаһумма, а’инни ‘алә зикрикә уә шукрика уә хусни ‘ибәдатик»
Мағынасы: Уа, Аллаһ тағала! Сені әрдайым еске алуымды, Саған шүкіршілік етіп, Өзіңнің талабыңа сай құлшылық етуімді нәсіп ете гөр!

رَبَّنَا اغْفِرْ لِى وَ لِوَالِدَىَّ وَ لِلْمومِنِيْنَ يَوْمَ يَقُوْمُ ألْحِسَاب

«Раббанәғфирли уәлиуәлидәййә уә лилмуминиинә иаума иақумул-хисәәб»
Мағынасы: Уа, Аллаһым! мені, әке-шешемді және мұсылмандарды қиямет күні кешіріміңе бөлей гөр!

أللهُمَّ وَفِّقْنَا إلَى مَا تُحِبُّ وَ تَرْضَى

«Аллаһумма уаффиқнә ила мә тухиббу уа тәрда»
Мағынасы: Уа, Аллаһым! Бізге өзің жақсы көретін және разы болатын істерді нәсіп ете гөр!

ТАЗАЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ДҰҒАЛАР

Дәретханаға кірерде оқылатын дұға:

{ألَّلهُمَّ إنِّي أعُوذُ بِكَ مِنَ الْخُبْثِ وَالْخَبَائِثِ}

Аллаһумма инни ә’узу бика минәл-хубси уәл-хабааис».
Мағынасы: Аллаһым, ластықтан және лас нәрселерден саған сиынамын (сақтай гөр).

Дәретханадан шыққанда:

ألْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أذْهَبَ عَنِّي الاَذَي وَ عَافَاني
«Әлхамду лилләһил-ләзи әзһәбә ‘аннил-әзә уә ‘аафәни»,
Мағынасы: Қиындықтан арылтып, жеңілдік берген Аллаһқа шүкір.

Дәрет дұғасы

بِسْمِ الله

«Бисмил-ләәһ»
Мағынасы: Аллаһтың есімімен.

Дәрет алып болғаннан кейін оқылатын дұға:

أللهُمَّ إجْعَلْنِى مِنَ ألْتَوَّابيْنَ وَ إجْعَلْنِى مِنْ ألْمُتَطَهِّرْيْن

«Аллаһумма иж’ални минәт-тәууәбинә уәж’ални минәл мутатаһһириин»
Мағынасы: Уа, Аллаһ тағала! Мені тәубеге келушілер мен күнәдан пәк жандардың санатына қоса гөр!

17 0 ER 0.0894
АШУДЫ АУЫЗДЫҚТАЙТЫН 5 ӘДІС

«Ашу бар жерде ақыл тұрмайды» деп қазақ бекер айтпаған. Иә, ешкім ашулайыншы, осы мен бір мінез шығарып, дауыс көтерейінші демейді ғой. Бірақ кейде адам өз қалауынан тыс ызаға ерік беріп қоятыны жасырын емес. Жер қозғалса да қозғалмайтын сабырлы адамның өзі бір күн болмаса да бір күні шыдамы таусылып, дауыс көтеруі мүмкін. Себебі, жазушы Оралхан Бөкей айтпақшы, тоғайдағы торғайда да ашу бар. Солай емес пе?
Иә, ашулану деген – адамның еркінен тыс болатын тосын дүние. Бірақ бұл ашуды ауыздықтауға болмайды деген сөз емес. Ашуды жеңуге болады! Қалай? Міне, бүгін сол сұрақтарға жауап беріп көрмекпіз.
🍃 1. Ашу шайтаннан екенін біліңіз. Ол адамды жетегіне алып, дегеніне көндіргісі келетіндіктен, мұндай кезде адам ақылымен емес, эмоциясымен шешім шығарып қоюы әбден мүмкін. Себебі, мұндай жағдайға түскен адам өз-өзін бақылауда ұстай алмайды. Сондықтан ашу қысқан алғашқы сәтте, ең алдымен, қуылған шайтанның кесірінен Аллаға сыйыну керек. (Аъузу билләһи минәш-шайтанир-ражиим)
🍃 2. Дәрет алыңыз. Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, ашу – шайтаннан, ал шайтан оттан жаралған, отты сумен өшірмей ме, сондықтан, егер араларыңда біреу ашуланса, дереу дәрет алсын», - деген. (Ахмад)
🍃 3. Жағдайыңызды өзгертіңіз. Тұрған болсаңыз, отырыңыз. Жүріп бара жатқан болсаңыз, тоқтаңыз. Отырған күйде ашуланған болсаңыз, жата қалыңыз немесе далаға шығып кетіңіз. Бұл әдіс болып жатқан келеңсіз жағдайды сәл де болса ұмытып, көңіліңіздің аулануына жол ашады.
🍃 4. Ашулы күйде ештеңе айтып қоймауға тырысыңыз. Себебі, эмоцияға ерік берген адам өзі қаламаған сөздерді айтып қойып, кейін бармақ тістеп қалуы әбден мүмкін. Әлгі ілгерідегі ғалымдардың «үндемеген кезім үшін өкінген емеспін» деген сөзі есіңізде ме? Үндемей қалу – көп жақсылықтың кілті. Сондықтан да Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер ашулансаң, үндеме. Егер ашулансаң, үндеме. Егер ашулансаң, үндеме», - деп өсиет еткен. (Ахмад)
🍃 5. Ашу адамның еркінен тыс дүние болғандықтан, үнемі «Иә, Алла, менің түр-сипатымды әдемі еткеніңдей, мінез-құлқымды да көркем ете гөр!» деп дұға жасап жүріңіз. Сонымен бірге жақсы мінез қалыптастыратын мына дұғаны айтып жүруіңізге де болады:
«Иә, Алла! Мені ең жақсы мінездерге жетелей гөр. Өйткені, оның ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды. Және оның жаманын менен бұрғайсың. Өйткені, оның жаманынан мені Сенен басқа ешкім де айықтыра алмайды. (Ибн Әби Шәйба)
«Аллаһуммаһ-дини ли әхсәнил-әхләәқ, фә иннәһу лә йәһди ли-әхсәниһә иллә әнтә, уәсриф ъанни сәий-әһә лә ясрифу ъанни сәийәһә иллә әнт».
اللَّهُمَّ اهْدِنِي لأَحْسَنِ الأَخْلاقِ، فَإِنَّهُ لا يَهْدِي لأَحْسَنِهَا إِلا أَنْتَ، وَاصْرِفْ عَنِّي سَيِّئَهَا لا يَصْرِفُ عَنِّي سَيِّئَهَا إِلا أَنْتَ
Бұл – ашуды ауыздықтаудың 5 түрлі әдісі. Бір рет қолдана алмай қалуыңыз мүмкін, екінші рет тағы ашуыңыз жеңіп кетер. Бірақ бұл әдістер күндердің күнінде міндетті түрде өз жемісін беретініне сеніңіз!
Ашуымызды ауыздықтай білейік! Ешкімге кек сақтамай, қуанып жүргенге не жетсін!

21 1 ER 0.0802
Намаздың шарттары:

Намаздың 12 шарты

Намаздың парыздары - он екі. Бұлардың алтауы - сыртында, алтауы - ішінде. Бұлар намаздың шартары деп аталады.

Намаздың сыртқы 6 парызы:

1. Хадасаттан тазару;

2. Нәжістен тазару;

3. Әурет жерін жабу;

4. Құбылаға бет бұру;

5. Уақыт;

6. Ниет.

Намаздың ішкі 6 парызы:

1. Ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі;

2. Қиям (тұру);

3. Қырағат (оқу);

4. Рүкүғ;

5. Сәжде;

6. Ақырғы отырыс.

Намаз оқудың мәкрүһ уақыттары

- Күн көкжиектен шығып, найза бойы көтерілгенге дейінгі уақыт. Бұл шамамен 40-45 минуттай уақыт.

- Күннің дәл тас төбеде тұруы. Яғни, күннің ең биікте болған кезеңі. Бұл уақыт бесін уақыты кіргенге дейін созылады.

- Күннің сарғайып батуға бет алған уақыты.

Дәретті бұзатын нәрселер

- Үлкен-кіші дәрет, қан, мәни, мәзи, уәди секілді нәжіс немес қандай бір сұйық, не қою нәрсенің шығуы;

- Мұрынна немесе дененің кез-келген жерінен қан, ірің секілді нәрселердің шығуы. Ауыздан келген қан егер түкіріктің көлеміндей немес түкіріктен көп болса, дәретті бұзады. Аз болса бұзылмайды. Дененің басқа жерінен шықан қан айналасына жайылса, дәретті бұзады.

- Жел шығу;

- Аузы толып құсу. Ауыз тола су, тамақ, қан, запыран секілді құсықтар дәретті бұзады. Қақырық түкірік секілді болғандықтан дәретті бұзбайды.

- Намазда дауыстап күлу. Бұл - жанындағы адамға естілетіндей күлу.

- Ұйықтау, ақылына нұқсан келу, талу, мас болу, ақыл есінен айыратын жағдайлар;

- Жыныстық қатынаста болу;

- Мәсілерге мәсіх етілгеннен кейін жергілікті тұрғынға бір күн, бір түннің, ал жолаушыға үш күннің өтуі немесе мәсіх етілгенне кейін сол уақыттың ішінде мәсінің біреуін болсын шешуі.

- Үзірлі адамның алған дәретінің уақытының шығуы.

- Тәйәммүм жасаған адамның суға қолы жетуі.

Намазды бұзатын жағдайлар

- Намазда сөйлеу;

- Ішіп-жеу;

- Қатарынан бірнеше іс-әрекет жасау;

- Құбыладан бұрылу;

- Намазда әурет жерінің ашылуы;

- Намаз оқыған адамның дәретінің бұзылуы;

- Дауыстап күлу;

- Талып қалу;

- Намаз ниетін ауыстыру;

- Намаздың бір парызын тастау;

- Намаз оқыған ер адамның арасында бір адам сиятындай орын болмай немесе перде, дуал, т.б. бөлінбей әйелмен бір сапта намаз оқу;

- Тәйәммүммен намаз оқыған адамның су көруі;

- Намаз бітпей жатып сәлем беру;

- Парыз, уәжіп намаздарының уақыты шыққанда;

- Мәсіге тартылған мәсіх уақытының аяқталуы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.

9 0 ER 0.0624
Алланың төрт жазасы.....
Әли (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Адамдар кедейлерді жек көріп, байлықтарымен мақтанып, өздерін тиын-тебен жинауға ғана арнап бастаған кезде Алла Тағаланың оларға төрт жазасы болады. Олар: сұрапыл уақыт, әділетсіз билеуші, билеушінің өтірікші өкілі және қүшті жау».

9 0 ER 0.0562
ЖАНКЕШТІЛІК ДЕП ОСЫНЫ АЙТ...(Ғибратты оқиға)

Ертеде егіншілікпен айналысатын екі бауыр өмір сүріпті. Үлкені үйленген, балалы-шағалы болса, кішісі жалғызбасты бойдақ екен. Алайда олар соған қарамастан жыл сайынғы егін өнімін өзара тең бөлісіп отырады екен. Күндердің бір күнінде кіші бауыр: «Мен осы не істеп жүрмін? Ағам болса жанұялы, балалары көп. Ал мен жалғызбын. Ішіп-жеміме көп кетпейді. Онымен өнімді бұлайша тең бөліп жүргенім еш әділдікке жатпайды ғой», - деп, сол түні қамбасынан бір қап дән әкеліп, ағасының ұрасына білдірмей төгіп кетеді. Осы әдет бірнеше күнге жалғасады.
Осы күндері ағасы да інісің жайын уайымдап, ойға кетеді. «Мен осы не істеп жүрмін? Менің сүйеу болар әйелім мен жәрдемдесетін балаларым бар. Ал інім жалғыз. Оған болашағын реттеп, жағдайын жасау үшін көбірек өнім керек емес пе?!», - деп, ол да әр түні білдірмей інісінің қамбасына бір қап дәннен таси бастайды.
Осы сарынмен арада біраз уақыт өтеді. Алайда екеуі де қанша күн өтсе де өз ұраларындағы дәннің ортая қоймайтынын байқайды. Сол күні түнде екеуі де өз қамбаларын тексеруге шыққанда кенеттен бір-біріне жолығып қалады. Жағдайды бірден түсінген олар қолдарындағы қаптарын тастай салып, көздеріне жас алған күйі құшақтаса кетеді.

Кеңпейілдік деген – бұл өмірде хош иісті әтірдің ыдысы секілді болу. Ол ішіндегісінің барлығын өзгелерге сыйлап, босап қалған күйде де жағымды иісінен ажырамай тұрады.

7 1 ER 0.0513
НАМАЗДА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР
Субханәкә

سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَ بِحَمْدِكَ وَ تَبَارَكَ اسْمُكَ وَ تَعَالَى جَدُّكَ وَ لاَ اِلاَهَ غَيْرُكَ
«Субханәкә Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәрәкә-смука уә тә'ала жәддукә уә лә иләһә ғайрук»

Мағынасы: Уа, Аллаһым! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак. Және де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.

Әт-тахият

اَلتَّحِيَّاتُ لِلَّهِ وَ الصَّلَوَاتُ وَ الطَّيِّبَاتُ* اَلسّلاَمُ عَلَيْكَ اَيُّهَا النَّبِىُّ وَ رَحْمَةُ اللَّهِ وَ بَرَكَاتُهُ* اَلسَّلاَمُ عَلَيْنَا وَ عَلىٰ عِبَادِ اللَّهِ الصَّالِحِينَ* اَشْهَدُ اَنْ لاَ اِلاَهَ اِلاَّ اللَّّهُ وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَ رَسُولُهُ
«Әт-тахияту лилләһи уас-салауаату уа-таййбәәт, әс-сәләәму ’аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллааһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму ’аләйнә уа ’алә ’ибәдилләһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ’абдуһу уә расуулуһ».

Мағынасы: Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаһқа лайық. Уа, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Аллаһтың рақымы мен берекеті жаусын! (Уа, Раббымыз!) Сәлем бізге және Аллаһтың салиқалы құлдарына болсын. Мен Аллаһтан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне, хазіреті Мұхаммед Аллаһтың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

Аллаһумма салли

اَللَّهُمَّ صَلِّ عَلىٰ مُحَمَّدٍ وَ عَلىٰ اٰلِ مُحَمَّدٍ كَمَا صَلَّيْتَ عَلىٰ اِبْرَاهَيمَ وَ عَلىٰ اٰلِ اِبْرَاهِيمَ اِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ
«Аллаһумма салли ‘алә Мухаммәдин уа ‘алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә ‘алә Ибраһимә уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид»

Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына салауат еткенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына салауат ет. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы.

Аллаһумма бәрик

اَللَّهُمَّ بَارِكْ عَلىٰ مُحَمَّدٍ وَ عَلىٰ اٰلِ مُحَمَّدٍ كَمَا بَارَكْتَ عَلىٰ اِبْرَاهَيمَ وَعَلىٰ اٰلِ اِبْرَاهِيمَ اِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ
«Аллаһума бәрик ‘алә Мухаммадин уа ‘алә әәли Мухаммад, кәмә бәәрактә ‘алә Ибраһима уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжид»

Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына берекет бергенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына да берекет бер. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы.
Хазіреті Мұхаммедтің Аллаһтың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

Раббәнә әтинә

رَبَّنَا اٰتِنَا فِى الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِى اْلاٰخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّار
«Раббәнәә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә ‘азәбән-нәр»

Мағынасы: Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!

Құныт дұғасы

أللهُمَّ اِنَّا نَسْتَعِينُكَ وَ نَسْتَغْفِرُكَ وَ نَسْتَهْديكَ وَ نُؤْمِنُ بِكَ وَ نَتُوبُ اِلَيْكَ وَ نَتَوَكَّلُ عَلَيْكَ وَ نُثْنِى عَلَيْكَ الْخَيْرَ كُلَّهُ نَشْكُرُكَ وَ لاَ نَكْفُرُكَ وَ نَخْلَعُ وَ نَتْرُكُ مَنْ يَفْجُرُكَ.
أللهُمَّ إيَّاكَ نَعْبُدُ وَ لَكَ نُصَلِّى وَ نَسْجُدُ وَ إليْكَ نَسْعَى وَ نَحْفِدُ نَرْجُو رَحْمَتِكَ وَ نَخْشَى عَذَابَكَ اِنَّ عَذَابَكَ بِالْكُفَّارِ مُلْحِقٌ
«Аллаһумма инәә нәстә’иинукә уә нәстағфирукә уә нәстәһдик, уә ну’мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә нәтәуәккәлу ’аләйкә уә нусни ’аләйкәл-хайрә күлләһу нәшкурукә уә ләә нәкфурук, уә нахла’у уә нәтруку мән иәфжурук.
Аллаһумма иййәәкә нә’буду уә ләкә нусалли уә нәсжуду уә иләйкә нәс’а уа нахфид, наржу рахмәтәкә уа нахшә ’азаабәкә иннә ’азаабәкә бил куффари мулхиқ».

Мағынасы: Аллаһым, біз күмәнсіз Сенен жәрдем және кешірім тілеп, тура жол, һидаят сұраймыз. Саған иман етіп, күнәларымыз үшін тәубе етіп, Өзіңе арқа сүйейміз. Сені барлық жақсылықтармен мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске шығарып, олармен мүлдем байланысымызды үземіз.
Аллаһым! Біз тек Саған ғана құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, сенің разылығыңды алу үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз. Күмәнсіз, азабың кәпірлерді қамтиды.

НАМАЗДАН КЕЙІНГІ ДҰҒАЛАР

Парыз намазы оқылғаннан кейін:

{أللهُمَّ اَنْتَ السَّلامُ وَ مِنْكَ السَّلامُ تَبارَكْتَ يا ذَالْجَلالِ وَ الاكْرَامِ}
«Аллаһумма әнтәс-сәләәму уә минкәс-сәләәм, тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икраам»
Мағынасы: Аллаһым! Сен сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті – Сенсің. Уа, құдірет пен жомарт иесі Раббым.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) Муазға әр намаздың соңында оқы деп өсиет еткен дұғасы:

أللهُمَّ أعِنِّى عَلَى ذِكْرِكَ وَ شُكْرِكَ وَ حُسْنِ عِبَادَتِكَ

«Аллаһумма, а’инни ‘алә зикрикә уә шукрика уә хусни ‘ибәдатик»
Мағынасы: Уа, Аллаһ тағала! Сені әрдайым еске алуымды, Саған шүкіршілік етіп, Өзіңнің талабыңа сай құлшылық етуімді нәсіп ете гөр!

رَبَّنَا اغْفِرْ لِى وَ لِوَالِدَىَّ وَ لِلْمومِنِيْنَ يَوْمَ يَقُوْمُ ألْحِسَاب

«Раббанәғфирли уәлиуәлидәййә уә лилмуминиинә иаума иақумул-хисәәб»
Мағынасы: Уа, Аллаһым! мені, әке-шешемді және мұсылмандарды қиямет күні кешіріміңе бөлей гөр!

أللهُمَّ وَفِّقْنَا إلَى مَا تُحِبُّ وَ تَرْضَى

«Аллаһумма уаффиқнә ила мә тухиббу уа тәрда»
Мағынасы: Уа, Аллаһым! Бізге өзің жақсы көретін және разы болатын істерді нәсіп ете гөр!

ТАЗАЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ДҰҒАЛАР

Дәретханаға кірерде оқылатын дұға:

{ألَّلهُمَّ إنِّي أعُوذُ بِكَ مِنَ الْخُبْثِ وَالْخَبَائِثِ}
«Аллаһумма инни ә’узу бика минәл-хубси уәл-хабааис».

9 1 ER 0.0524