БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕКТІҢ МЫНА ЖАЗБАЛАРЫ БІР АДАМНЫҢ ӨМІРІНЕ АЗЫҚ БОЛАТЫН ҒИБРАТ ЕКЕН...(жаны Жаннатта болсын)
ЖҮРЕКТІ САҚТАЙЫҚШЫ, ӨЗІМІЗДІКІН ДЕ, ӨЗГЕНІКІН ДЕ...
Тауға шығу қиын: төзім, жігер, күш, уақыт керек. Бірақ келесі шыңға көтерілу үшін қайта етекке түсуге тура келеді. Төменге түсу оңай, зу ете қаласың.
***
Өзгелерге “үйт-бүйт” деп ақыл айту оңай. Өмірде ең қиыны – өз кемшілігіңмен күресу, нәпсіңді ауыздықтап ұстау.
***
Орта жасқа келгенде білім алу ұят емес, білім алмау ұят,
Жар іздеу намыс емес, жалғыз өту намыс,
Өзіңді өзгерту әлсіздік емес, өзгерте алмау әлсіздік,
Ал өміріңді өзгертуге талпыныстың өзі – өміріңді өзгерту.
***
“Өмір – күрес” деп жиі айтамыз ғой. Бұл дүниедегі ең қастерлі күрес бала бақыты, бала тағдыры, бала денсаулығы үшін күрес болар. Бұл күрестің бір ғана жеңімпазы болады, ол – бала. Бұл күрестің ең үлкен олжасы – баланың бақытты өмірі.
***
Біреуді сынағың, айыптағың, жамандағың келіп тұрса, сол адамды жасына қарай өзіңнің әкең, бірге туған бауырың, қаны бір қарындасың, не балаң деп ойлап көр. Содан кейін төмпештей бер. Өйткені алдағыны бір Алла біледі. Сондай жағдай сенің жақыныңның басына келмесіне кім кепіл?!
***
Менің де жастықпен, мастықпен басқалар туралы ғайбат айтқан кездерім болған. Бірақ кейінгі 10 жылда өзіме ешкімді ЖАМАНДАМАУ, ЖАЗҒЫРМАУ, АЙЫПТАМАУды ұстаным етіп алдым. Өйткені өзімнің де, өзгелердің де періште емес екенін түсіндім. Әркім өз түсінігі, білімі, ақылы, тәрбиесі, пайдасы тұрғысынан әрекетет етінін ұқтым.
***
Түйенің қомында, аттың жалында жүріп, бес қаруы қолынан түспеген біздің бабалар мына өмірді БЕС КҮН ЖАЛҒАН дей салған. Содан ба, өміріміз өтірікке толы. Өтірік айтамыз. Өтірік мақтаймыз. Өтірік күлеміз. Өтірік құндылықтармен өмір сүреміз. Фонограмманы қосып қойып, ерінді жыбырлатып, өтірік ән айтамыз. Бұлардың бәрінің өтірік екенін білеміз. Білсек те өтірік білмегендей жүреміз. “Кемені қалай атасаң, солай жүзеді”, – дейді. Мүмкін мына өмірді БЕС КҮН ШЫНДЫҚ деп айтармыз. Сонда бәрі өзгерер… Сіз қалай ойлайсыз?
***
Жамандық термеңдер. Біреуге тигізер пайдаң болмаса, зиян тигізбе. Тіптi біреу сені даттап жатса да қатты ашынба, ашуланба. Жалпы, өзгені сөз қылмаңдар, кектенбеңдер. Қажет болып жатса, ол адамға көмектесіп жіберiңдер. Барлық сәтте түңілуге емес, түсінуге тырысыңдар!
***
Бұлай теңеген дұрыс болмауы да мүмкін, бірақ маған футбол мен Ораза ұқсас сияқты көрініп кетті. Футбол – бәсеке, сын. Екі команда ұзақ уақыт дайындалады, жеңіс үшін жанын салады. Мұнда бақ деген көп роль атқара бермейді. Бабы келіскені ғана жеңеді. Жеңгені – барлық марапатты алады. Жеңілгені қалады.
Ораза да сын. Әр адамның кеудесіндегі Рух пен Нәпсінің айқасы. Көбіміздің бойымыздағы Рух 11 ай бойы ұйықтап жатады. Жаттықпаған, шынықпаған, тезге түспеген дүниенің бос, сылбыр тартатыны бар емес пе? Оның қарсыласы Нәпсі болса, жыл он екі ай бабында.
Әлімсақтан ең құдіретті күш болғанымен Рухтың кей кезде ұтылып жататыны осы себептен шығар…
***
Ел жақсы көрсе, сенен өзін көріп, саған сенгендіктен шығар?!
***
Тележүргізушінің табиғи болғаны бағы ғой. Одан жаман болмайды, бұған қанша рет көз жетті. Ал экранды “сэлфи” жасағандай өзіңе бұрып алсаң, бітті, ары қарай өзіңді “көрсетумен” айналысып кетесің. Елдің проблемасы да, жай-күйі де “қайтсем керемет көрінеміннің?” тасасында қалып қояды. Сосын дұрыс болмайды…
***
Өмір деген – Құдайдың түсірген киносы.
***
Неге екенін білмеймін, кешірім сұрағым келді. Қарбаласпен жүріп талай жақын адамымның, достардың, туыстардың, таныстардың көңілін қалдырдым. Қуанышына бара алмадым, қайғыда қасында бола алмадым, тіпті туған күндерінде қанша адамға телефон да шалмадым… Қазір ойлап отырсам, соның бәрінде өзімді “жұмыстан қол босамай жатыр ғой” деп ақтап алыппын. Көңіл дейтін өте нәзік, адам деген өте қымбат, өмір деген өте қысқа дүние екенін ұмыта жаздаппын…
***
Жастарға: БАР! ТЫҢДА! ТОҚЫ!
Кейде мықты маманның бір ауыз сөзі бүкіл өміріңе азық болады.
***
Былтыр көкеміз сырқаттанып, қорқытқан еді. Енді тәтем ауырыңқырап жүр. Жүрегі екен… “Жігітіңіздің денсаулығын уайымдап, ауырғансыз ғой”, – деймін көңілін көтермек болып. Іштей бұл жолы жеңіл-желпі дүние емес екенін сезіп тұрсам да… Жүректі сақтайықшы. Өзіміздікін де, өзгенікін де…
***
“Қарекетке” жаңадан келген жастарға бірден “ЖҰМЫСТАҒЫ ЖЕТІ АТАМЫЗДЫ” түсіндіреміз. Оның бірі – Дінмұхамед Қонаев атамыз. Ол кісінің ұрпаққа үлгі болар керемет қасиеті көп қой. Біз кішіпейілділігі мен ізеттілігін таңдап алдық. Кәдімгідей көмектеседі. Өзім де кейде іштей көтеріліп бара жатқанымды сезсем, бірден көз алдыма Димаш атам келеді. “Әй, батыр! Мұның не?” – деп тұрғандай көрінеді. Дереу басыламын.
Журналист қызметімізге байланысты күнде жүздеген адам хабарласады. Біреу үй алуына көмектесуді сұрайды. Біреуге денсаулығына байланысты квота керек, соның жолын білгісі келеді. Енді бірі өз мәселесін көтеріп, хабарға шыққысы келеді. “Көре, көре, көсем, сөйлей, сөйлей, шешен боласың” дегендей тыңдайтыңдай маман болып аласың. “А” деп ауыз ашқаннан проблемасының түп-төркінін, оны кімнің шеше алатынын, қайда баруы қажет екенін біліп тұрасың. Уақытың тығыз болса да соның жолын сілтейсің. Керек телефон нөмірін жылдам тауып бересің, мекенжайын, жолын айтасың.
Адам болған соң аласы да құласы да кездеседі. Оныңды қанағат тұтпай, не айтқаныңды ұқпай, жарты сағат жағаңнан жібермей тұрып алатындар да болады. Бірақ олардың бірде-біріне артық сөз айта алмаймыз. Өйткені соншама биікке көтерілсе де, алдына келген үлкенге де, кішіге де кішіпейілдік пен қарапайымдылықтың үлгісін көрсетіп кеткен Димаш атадан әулие емес екенімізді жақсы білеміз…
***
Ұстазым жиі айтатын: “Бұл өмірде ақшадан да, биліктен де құдіретті дүние бар. Ол – ниеттің, тілектің, батаның күші”, – деп. Осы сөз рас екен.
***
Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі – жарты бақыт.
***
Біреуден ЕКЕУ,
Екеуден ҮШЕУ,
Үшеуден ТӨРТ,
Төрттен КӨП жақсы.
Көптің бірлігі болса, тіпті керемет.
***
Өмірдің өлшемі – өлім! Кімнің кім екені өлгенде белгілі болады..........
Количество постов 41 476
Частота постов 54 часа 56 минут
ER
5.46
Нет на рекламных биржах
Графики роста подписчиков
Лучшие посты
Біздің ауылда бір кемпір баласын арқалап, мақтанады да жүреді екен.
Ел:
- Әй, жаман балаңды әлдеқандай қылмай жіберсеңші, - десе:
- Менің балам - жаман емес. Өскен соң бастық болады, ақ самаурынмен шай береді, сары мейіз, қызыл мейіз жегізеді. Самолетпен ұшады, - деп қоймайтын көрінеді.
Ел күледі де қояды, "жынды кемпір" деп. Расында, ол бала кейін ел басқарып, анасының айтқанындай азамат болған.
Тағы бір кісінің жалғыз ұлы болған. Баласы балабақшаға жалаңаяқ келеді екен, өкшесі жарылып кеткен, мұрнынан суы ағып. Соны көріп балабақша тәрбиешісінің бірі:
- Өй, мына баланы кіргізбеңдерші, мұрнынан аққанын қарашы, - десе, баланың анасы да сол балабақшада жұмыс істейді екен:
- Сен білмейсің, ол баланың мұрнынан алтын ағып тұр, - деп жылайды екен.
Расында, сол бала кейін әлемді аузына қаратқан спортшы болды, спорт федерациясын басқарды. Алтын медальдың талайын алды, анасын алтынға малындырды.
Жалпы, ата-ананың мақтауын естіп өскенге не жетсін!
Ескіде ағайынды Кеннедилердің анасы таңертең балаларын: "Граф, тұрыңыз, сізді ұлы істер күтіп тұр" деп оятады екен. Сол екі азамат та АҚШ-тың лайықты ұлдары болды. Біреуі президент, екіншісі сенатор болған еді.
Ұрпағыңа жақсы тілек тіле, ол санасы бар жан болса - соны орындауды алдына мақсат етіп қояды. Ал, жамандап,үмітсіз қылып, сен болмайсың десең - болмайтын бағытқа шығады....
Ел:
- Әй, жаман балаңды әлдеқандай қылмай жіберсеңші, - десе:
- Менің балам - жаман емес. Өскен соң бастық болады, ақ самаурынмен шай береді, сары мейіз, қызыл мейіз жегізеді. Самолетпен ұшады, - деп қоймайтын көрінеді.
Ел күледі де қояды, "жынды кемпір" деп. Расында, ол бала кейін ел басқарып, анасының айтқанындай азамат болған.
Тағы бір кісінің жалғыз ұлы болған. Баласы балабақшаға жалаңаяқ келеді екен, өкшесі жарылып кеткен, мұрнынан суы ағып. Соны көріп балабақша тәрбиешісінің бірі:
- Өй, мына баланы кіргізбеңдерші, мұрнынан аққанын қарашы, - десе, баланың анасы да сол балабақшада жұмыс істейді екен:
- Сен білмейсің, ол баланың мұрнынан алтын ағып тұр, - деп жылайды екен.
Расында, сол бала кейін әлемді аузына қаратқан спортшы болды, спорт федерациясын басқарды. Алтын медальдың талайын алды, анасын алтынға малындырды.
Жалпы, ата-ананың мақтауын естіп өскенге не жетсін!
Ескіде ағайынды Кеннедилердің анасы таңертең балаларын: "Граф, тұрыңыз, сізді ұлы істер күтіп тұр" деп оятады екен. Сол екі азамат та АҚШ-тың лайықты ұлдары болды. Біреуі президент, екіншісі сенатор болған еді.
Ұрпағыңа жақсы тілек тіле, ол санасы бар жан болса - соны орындауды алдына мақсат етіп қояды. Ал, жамандап,үмітсіз қылып, сен болмайсың десең - болмайтын бағытқа шығады....
×××××× ×××××× ××××××
Жаным, айтшы..
Бақыттың түсі қандай.
Түсі қандай,
Жүрмін ғой, түсіне алмай.
Қабағыңды мұң шалса..
Тыпыршимын.
Жүрмін сірə..шын бақыт ұсына алмай,
Не, өзімнің қолыма түсіре алмай.
Шар- əлемді шаттыққа толтырам деп,
Өн- бойымның барады, күші қалмай..
Бірде жетпей дүние, бірде жетіп..
Түндер өтіп барады, күндер өтіп.
Көкіректі кернеген уайымдар,
Адам тұрмақ..екен ғой, жерге де жүк.
Əлдекімнің бағына қызықсаң да,
Қызғанышпен қызынып тілдеме түк.
Өзіме айтшы..
Сен күткен сол бақытқа,
Тірі жүрсек жетерміз бірдеңе етіп.
Мехнат Теміртасқызы
Жаным, айтшы..
Бақыттың түсі қандай.
Түсі қандай,
Жүрмін ғой, түсіне алмай.
Қабағыңды мұң шалса..
Тыпыршимын.
Жүрмін сірə..шын бақыт ұсына алмай,
Не, өзімнің қолыма түсіре алмай.
Шар- əлемді шаттыққа толтырам деп,
Өн- бойымның барады, күші қалмай..
Бірде жетпей дүние, бірде жетіп..
Түндер өтіп барады, күндер өтіп.
Көкіректі кернеген уайымдар,
Адам тұрмақ..екен ғой, жерге де жүк.
Əлдекімнің бағына қызықсаң да,
Қызғанышпен қызынып тілдеме түк.
Өзіме айтшы..
Сен күткен сол бақытқа,
Тірі жүрсек жетерміз бірдеңе етіп.
Мехнат Теміртасқызы
ЕСКІ ҮЙ
Еске түссе ауылдағы ескі үйің,
Сағыныштан тыным таппас еш миың.
Ал қалаға зәулім сарай соқсаң да,
Оның құны салыстырсаң бес тиын.
Бала шағың өткен сонау үйіңде,
Жүрген кезің аңғал-саңғал күйіңде.
Сол бір үйде өсіп-өндік таласып,
Үлкендерге сыймай қалған киімге.
Сол бір үйде болды шіркін қандай бақ,
Өмір сүрдік еш алаңсыз жан жайнап.
Анамызды сыйлағаннан үй жинап,
Әкемізден қорыққаннан мал жайлап.
Сол бір үйде - бақыт таптық, бапталдық,
Сол бір үйде - күліп-ойнап, шаттандық.
Сол бір үйде оқуға да бет түзеп,
Сол бір үйде әскерге де аттандық.
Сол бір үйде - тіршілікке үйрендік,
Сол бір үйде - той жасадық, үйлендік.
Сол бір үйде - көршілермен сыйласып,
Сыйласудың не екендігін игердік.
Сол бір үйде - қалды тәтті сәттерің,
Сол бір үйде - қалды шіркін, әттеңің.
Бір бұрышта сыймай қалған етігің,
Бір бұрышта басталмаған дәптерің.
Сол бір үйді аңсап тұрар қайран жан,
Алпыс екі тамырымыз байланған.
Әр бөлмесі біздер үшін бір тарих,
Қайта келмес сағынышқа айналған.
Туған үйің!!!
Еске түссе ауылдағы ескі үйің,
Сағыныштан тыным таппас еш миың.
Ал қалаға зәулім сарай соқсаң да,
Оның құны салыстырсаң бес тиын.
Бала шағың өткен сонау үйіңде,
Жүрген кезің аңғал-саңғал күйіңде.
Сол бір үйде өсіп-өндік таласып,
Үлкендерге сыймай қалған киімге.
Сол бір үйде болды шіркін қандай бақ,
Өмір сүрдік еш алаңсыз жан жайнап.
Анамызды сыйлағаннан үй жинап,
Әкемізден қорыққаннан мал жайлап.
Сол бір үйде - бақыт таптық, бапталдық,
Сол бір үйде - күліп-ойнап, шаттандық.
Сол бір үйде оқуға да бет түзеп,
Сол бір үйде әскерге де аттандық.
Сол бір үйде - тіршілікке үйрендік,
Сол бір үйде - той жасадық, үйлендік.
Сол бір үйде - көршілермен сыйласып,
Сыйласудың не екендігін игердік.
Сол бір үйде - қалды тәтті сәттерің,
Сол бір үйде - қалды шіркін, әттеңің.
Бір бұрышта сыймай қалған етігің,
Бір бұрышта басталмаған дәптерің.
Сол бір үйді аңсап тұрар қайран жан,
Алпыс екі тамырымыз байланған.
Әр бөлмесі біздер үшін бір тарих,
Қайта келмес сағынышқа айналған.
Туған үйің!!!
ӨКІНІШ
Бір іс көрдім түсімде өткен түні,
Ұмыт болған еске алмай көптен бұны.
Маңыраған бір дауыс еткізді елең,
Қыр астынан әлсіздеу жеткен үні.
Талай тасқа жүрсе де тиіп шекем,
Кейде осылай сәл іске күйіп кетем.
Бір қара тұр қасқайып қыр үстінде,
Қасқыр ма әлде, адасқан киік пе екен?
Қарсы жүрдім сонда да үрікпейді,
Қауіп барын тұрса да біліп мейлі.
Түстің бар ғой тылсымы біз түсінбес,
Түсіне алмай мендегі ой бірікпейді.
Ит- құс десем үлкен бір бөкен екен,
Еркін өскен, иесі бөтен мекен.
Қарсы жүрді ол киік, ал мен болсам,
Артын күтіп сабырды бекем етем.
Асығыстан мұндайда төзім күшті,
Істейтұғын сабырмен кезім істі.
Жақын келіп алдыма тоқтағанда,
Сол бір мезет көзіне көзім түсті.
Көзім түсті мөп-мөлдір жанарына,
Қандай мұңлы тұңғиық жанар мына.
Неге менен қорықпай жанымда тұр,
Қолбала ма, әлде аң жаралы ма?
Мөлдіреген көзінде таныс бейне,
Көзімнен ұқ, сырыммен табыс дей ме?
Не тілейді ақбөкен, ұқпадым мен,
Біз түсінбес тылсым ғой тағы іс кейде.
Қызыл жонды бауыры ақ, өкпесі көк,
Жолақ өткен арқамен шектесе кеп.
Ұқпасам да еш сырын ішім қимай,
Тілеп тұрмын жанымнан кетпесе деп.
Мазалайды санамды бір үн мына,
Таныс жай ма, естелік бұрынғы ма?
Ұқпасымды көзден сыр түсінді ме,
Бөкен кетті ақырын бұрылды да.
Келмесе аңның не шара ойы тілге,
Қолдан келер, Алла ісін жою кімге?
Бір дыбысты қалдырып сыңғыр еткен,
Сіңе берді секіріп қою түнге.
Таусылды ма мендегі сабыр құрғыр,
Үзілгендей ішімде соңғы шынжыр.
Құлағымнан кетпеді сыңғырлаған,
Қою түнде естілген сол бір сыңғыр.
Кездер аз-ау сүрінбей құламайтын,
Өзіңді- өзің өкініп кінәлайтын.
Еске түсті сол мезет әлгі дауыс,
Қоңырауы екенін құралайдың.
Сол құралай баяғы қолымда өскен,
Қалай ғана шығардым оны естен?
Жетім қалған лақ еді анасынан,
Туа сала тағдыры жолын кескен.
...Мамырдың бір жаңбырлы күні еді,
Ышқынып жел шығардай күллі демі.
Араласқан жер мен көк кең даладан,
"Құралайдың салқыны" білінеді.
Қарлы жаңбыр төпелеп ұйып жерлер,
Ернеуінен асады тұйық көлдер.
Қайталанар жылдағы мамыр соңы,
Лақ өргізіп, осы кез киік төлдер.
Жыр етейін өткенгі болған жайттан,
Бұл — шындық...
әңгіме емес ойдан айтқан.
Сол бір күні өңгеріп құралайды,
Атам алып келгенді қойдан қайтқан.
Өте әлсіз, сырқат па, ашыққан ба?
Әлде, қатал тағдыры жасытқан ба?
Сұлық жатты қозғалмай пеш түбінде,
Екі аяққа иегін басып таңға.
Аң атпайтын мезгіл ғой төл түлеген,
Қандай жауыз анаңды өлтір деген?
Бала көңіл босады, құралайдың,
Көздерінен жас көріп мөлтілдеген.
Жер бетіне жүр жауыз сыйып талай,
Атады екен көздері қиып қалай.
Деген оймен алысып таң атқанша,
Лақ жанында отырдым ұйықтамай.
Пенде емес қой біздердей есе қуған,
Ұмыт қылар балғын шөп жесе нудан.
Тәлтіректеп тұрған соң ертеңгілік,
Еміп алды ешкіні кеше туған.
Сол бір күннен басталды біздің достық,
Болашақтан мейірім ізгі үн тостық.
Бірге ойнап, табиғат заңын бұзып,
Адамзат пен арасын түздің қостық.
Дала кезіп жарыстық тыным алмай,
Сонда ұқтым достықтың құны қандай?
"Мөлдірім"- деп атадым, көзі үшін,
Айна көлдің тап-таза тұнығындай.
Жаратса да сананы көлемді етіп,
Ойламаппын жастықпен өрем жетім.
Қыр басынан көрінсе бір топ киік,
Қалатұғын Мөлдірім елең етіп.
Тамыз туған жайқалған шуақ бағы,
Біз білмедік келерін сынақ тағы.
Бір күн кешке Мөлдірім кете барды,
Топ киікке қосылып суаттағы.
Жанұшыра жүгірдім есім кете,
Мейлі, біреу бұл істі десін қате.
Түнді өткізіп далада ертесіне,
Құралайым оралды бесін өте.
Аң болса да достыққа екен берік,
Мен бекерден қорқыппын секемденіп,
Сонда-дағы қораға қамап қойдым,
Тағы қашып кетер деп бөкенге еріп.
Осы күннен өзгерді бәрі мүлде,
Салды бізді Мөлдірім әбігерге.
Жатып алды су ішпей, ауырды ма?
Көмектесе алмады дәрігер де.
Елеңдеумен өткізді түнді өткен,
Еститіндей алыстан үнді жеткен.
Бір-ақ күнде жасаурап мөлдіреген,
Жасқа толған жанары мұңды неткен.
— Еркін аң ғой, -деді әкем, қысадан тұл,
Ауру емес ешқандай, құсадан бұл.
Қамасаң да тағыны алтын торға,
Сезінеді өзін ол - тұсаған құл.
Деді әкем:
— Киіктің күйі міне,
Көңілді бөл, ақылдың түйініне.
Босқа өледі құсадан үй қамақ боп,
Ертең қосып жібер деп үйіріне.
Дала үйі бұл аңның құндақ шешкен,
Бетпақдала самалы қымбат ескен.
Мөлдірімді босатпақ болып шештім,
Әке сөзін ұл едік тыңдап өскен.
Алғаш сездім екенін өмір даулы,
Қимас сезім тырнайды омырауды.
Жылдар өте кездессек танимын деп,
Байлап қойдым мойнына қоңырауды.
Киіктер жүр ойпаңда үйіле өріп,
Жон арқасы қызарып күйі келіп.
Мөлдірімді босаттым, аман жүр деп,
Кете барды секіріп үйірге еріп.
Сол кеткеннен Мөлдірім оралмады,
Жылы жаққа кетті ме, боран алды.
Жалғызсырап мен жүрдім көпке дейін,
Иесі жоқ қаңырап қорам қалды.
Жылдар өтті...
Ерге айналдық жасамыс, қылықты ұлдан,
Өң де өзгерді секілді сынық құмған.
Өткен түнгі түсіме кірген бөкен,
Естелікті жаңғыртты ұмыт болған.
Қайта оралдым балалық өткеніме,
Мөлдіріммен бірге өткен көктеміме.
Түсімдегі көздері өте мұңды,
Сағыныш па, әлде ол өкпелі ме?
Айдай әсем көз еді таң шомылған,
Өртенердей түнгі көз жан шоғынан.
Адамзатқа сенгіш ед(і) әлде, байғұс,
Мерт болды ма қатігез аңшы оғынан.
Көңіл алаң сол күннен әлденеге,
Ойға орала береді әрне демде.
Кім кінәлі?!.
Еркіндікті аңсаған құралай ма,
Ажалына босатқан әлде, мен бе?!...
Ұмыт қылып бір күндік күйбеңімді,
Жыр қып жаздым түсімнен түйгенімді.
Сынға салып пендені қатал тағдыр,
Түсіріп жүр өкініш, күйге мыңды.
Бармағыңды тістелеп қалмас үшін,
Күресе біл, жіберме сүйгеніңді!!!
ЕРКІН ОРАЛБАЙҰЛЫ 14.03.2022
Бір іс көрдім түсімде өткен түні,
Ұмыт болған еске алмай көптен бұны.
Маңыраған бір дауыс еткізді елең,
Қыр астынан әлсіздеу жеткен үні.
Талай тасқа жүрсе де тиіп шекем,
Кейде осылай сәл іске күйіп кетем.
Бір қара тұр қасқайып қыр үстінде,
Қасқыр ма әлде, адасқан киік пе екен?
Қарсы жүрдім сонда да үрікпейді,
Қауіп барын тұрса да біліп мейлі.
Түстің бар ғой тылсымы біз түсінбес,
Түсіне алмай мендегі ой бірікпейді.
Ит- құс десем үлкен бір бөкен екен,
Еркін өскен, иесі бөтен мекен.
Қарсы жүрді ол киік, ал мен болсам,
Артын күтіп сабырды бекем етем.
Асығыстан мұндайда төзім күшті,
Істейтұғын сабырмен кезім істі.
Жақын келіп алдыма тоқтағанда,
Сол бір мезет көзіне көзім түсті.
Көзім түсті мөп-мөлдір жанарына,
Қандай мұңлы тұңғиық жанар мына.
Неге менен қорықпай жанымда тұр,
Қолбала ма, әлде аң жаралы ма?
Мөлдіреген көзінде таныс бейне,
Көзімнен ұқ, сырыммен табыс дей ме?
Не тілейді ақбөкен, ұқпадым мен,
Біз түсінбес тылсым ғой тағы іс кейде.
Қызыл жонды бауыры ақ, өкпесі көк,
Жолақ өткен арқамен шектесе кеп.
Ұқпасам да еш сырын ішім қимай,
Тілеп тұрмын жанымнан кетпесе деп.
Мазалайды санамды бір үн мына,
Таныс жай ма, естелік бұрынғы ма?
Ұқпасымды көзден сыр түсінді ме,
Бөкен кетті ақырын бұрылды да.
Келмесе аңның не шара ойы тілге,
Қолдан келер, Алла ісін жою кімге?
Бір дыбысты қалдырып сыңғыр еткен,
Сіңе берді секіріп қою түнге.
Таусылды ма мендегі сабыр құрғыр,
Үзілгендей ішімде соңғы шынжыр.
Құлағымнан кетпеді сыңғырлаған,
Қою түнде естілген сол бір сыңғыр.
Кездер аз-ау сүрінбей құламайтын,
Өзіңді- өзің өкініп кінәлайтын.
Еске түсті сол мезет әлгі дауыс,
Қоңырауы екенін құралайдың.
Сол құралай баяғы қолымда өскен,
Қалай ғана шығардым оны естен?
Жетім қалған лақ еді анасынан,
Туа сала тағдыры жолын кескен.
...Мамырдың бір жаңбырлы күні еді,
Ышқынып жел шығардай күллі демі.
Араласқан жер мен көк кең даладан,
"Құралайдың салқыны" білінеді.
Қарлы жаңбыр төпелеп ұйып жерлер,
Ернеуінен асады тұйық көлдер.
Қайталанар жылдағы мамыр соңы,
Лақ өргізіп, осы кез киік төлдер.
Жыр етейін өткенгі болған жайттан,
Бұл — шындық...
әңгіме емес ойдан айтқан.
Сол бір күні өңгеріп құралайды,
Атам алып келгенді қойдан қайтқан.
Өте әлсіз, сырқат па, ашыққан ба?
Әлде, қатал тағдыры жасытқан ба?
Сұлық жатты қозғалмай пеш түбінде,
Екі аяққа иегін басып таңға.
Аң атпайтын мезгіл ғой төл түлеген,
Қандай жауыз анаңды өлтір деген?
Бала көңіл босады, құралайдың,
Көздерінен жас көріп мөлтілдеген.
Жер бетіне жүр жауыз сыйып талай,
Атады екен көздері қиып қалай.
Деген оймен алысып таң атқанша,
Лақ жанында отырдым ұйықтамай.
Пенде емес қой біздердей есе қуған,
Ұмыт қылар балғын шөп жесе нудан.
Тәлтіректеп тұрған соң ертеңгілік,
Еміп алды ешкіні кеше туған.
Сол бір күннен басталды біздің достық,
Болашақтан мейірім ізгі үн тостық.
Бірге ойнап, табиғат заңын бұзып,
Адамзат пен арасын түздің қостық.
Дала кезіп жарыстық тыным алмай,
Сонда ұқтым достықтың құны қандай?
"Мөлдірім"- деп атадым, көзі үшін,
Айна көлдің тап-таза тұнығындай.
Жаратса да сананы көлемді етіп,
Ойламаппын жастықпен өрем жетім.
Қыр басынан көрінсе бір топ киік,
Қалатұғын Мөлдірім елең етіп.
Тамыз туған жайқалған шуақ бағы,
Біз білмедік келерін сынақ тағы.
Бір күн кешке Мөлдірім кете барды,
Топ киікке қосылып суаттағы.
Жанұшыра жүгірдім есім кете,
Мейлі, біреу бұл істі десін қате.
Түнді өткізіп далада ертесіне,
Құралайым оралды бесін өте.
Аң болса да достыққа екен берік,
Мен бекерден қорқыппын секемденіп,
Сонда-дағы қораға қамап қойдым,
Тағы қашып кетер деп бөкенге еріп.
Осы күннен өзгерді бәрі мүлде,
Салды бізді Мөлдірім әбігерге.
Жатып алды су ішпей, ауырды ма?
Көмектесе алмады дәрігер де.
Елеңдеумен өткізді түнді өткен,
Еститіндей алыстан үнді жеткен.
Бір-ақ күнде жасаурап мөлдіреген,
Жасқа толған жанары мұңды неткен.
— Еркін аң ғой, -деді әкем, қысадан тұл,
Ауру емес ешқандай, құсадан бұл.
Қамасаң да тағыны алтын торға,
Сезінеді өзін ол - тұсаған құл.
Деді әкем:
— Киіктің күйі міне,
Көңілді бөл, ақылдың түйініне.
Босқа өледі құсадан үй қамақ боп,
Ертең қосып жібер деп үйіріне.
Дала үйі бұл аңның құндақ шешкен,
Бетпақдала самалы қымбат ескен.
Мөлдірімді босатпақ болып шештім,
Әке сөзін ұл едік тыңдап өскен.
Алғаш сездім екенін өмір даулы,
Қимас сезім тырнайды омырауды.
Жылдар өте кездессек танимын деп,
Байлап қойдым мойнына қоңырауды.
Киіктер жүр ойпаңда үйіле өріп,
Жон арқасы қызарып күйі келіп.
Мөлдірімді босаттым, аман жүр деп,
Кете барды секіріп үйірге еріп.
Сол кеткеннен Мөлдірім оралмады,
Жылы жаққа кетті ме, боран алды.
Жалғызсырап мен жүрдім көпке дейін,
Иесі жоқ қаңырап қорам қалды.
Жылдар өтті...
Ерге айналдық жасамыс, қылықты ұлдан,
Өң де өзгерді секілді сынық құмған.
Өткен түнгі түсіме кірген бөкен,
Естелікті жаңғыртты ұмыт болған.
Қайта оралдым балалық өткеніме,
Мөлдіріммен бірге өткен көктеміме.
Түсімдегі көздері өте мұңды,
Сағыныш па, әлде ол өкпелі ме?
Айдай әсем көз еді таң шомылған,
Өртенердей түнгі көз жан шоғынан.
Адамзатқа сенгіш ед(і) әлде, байғұс,
Мерт болды ма қатігез аңшы оғынан.
Көңіл алаң сол күннен әлденеге,
Ойға орала береді әрне демде.
Кім кінәлі?!.
Еркіндікті аңсаған құралай ма,
Ажалына босатқан әлде, мен бе?!...
Ұмыт қылып бір күндік күйбеңімді,
Жыр қып жаздым түсімнен түйгенімді.
Сынға салып пендені қатал тағдыр,
Түсіріп жүр өкініш, күйге мыңды.
Бармағыңды тістелеп қалмас үшін,
Күресе біл, жіберме сүйгеніңді!!!
ЕРКІН ОРАЛБАЙҰЛЫ 14.03.2022
Адам баласына ешқашанда ренжімеу керек.
- Не үшін?!
- Өйткені адам - адам да бола алады, бір мезетте мақұлыққа да айнала алады.
Сол үшін де адамға деген реніш,өкпе орынсыз.
Мақұлыққа не деп өкпелейсің?!..
Құр босқа энергияңды кетіріп өкпелегенше, өзіңе көбірек көңіл бөлген дұрыс.
Жанар Ешназар
- Не үшін?!
- Өйткені адам - адам да бола алады, бір мезетте мақұлыққа да айнала алады.
Сол үшін де адамға деген реніш,өкпе орынсыз.
Мақұлыққа не деп өкпелейсің?!..
Құр босқа энергияңды кетіріп өкпелегенше, өзіңе көбірек көңіл бөлген дұрыс.
Жанар Ешназар
СЕНІ ОЙЛАҒЫМ КЕЛМЕЙДІ
Сені ойлағым келмейді мүлде-мүлде,
Теңесең де енді Айға, Күнге, гүлге.
Жүрексізсің,
Сезімсізсің,
Қаталсың де,
Қалағанша айыптай бер, мейлі тілде.
Қарашаның ызғарындай салқын жайым,
Жыламаймын, күлуге де талпынбаймын.
Түңілдірген сезімдерге тұтқындалып,
Бұрынғыдай өзің жоқта алқынбаймын.
Біз шырқайтын әнімізде қайырма жоқ,
Бол жанымда,
Болмасаң да айырма жоқ.
Біліп-білмей көп қалдырдың көңілімді,
Енді сені ойлайтұғын райым да жоқ.
Ызғар ескен жанда жылу бола-алмайды,
Аяласаң ғана сезім жоғалмайды.
Түсірген соң жүрекке мұң, сызат көптеп,
Үміт өшіп, жалын қайта оралмайды.
Жанар Ешназар
06/11/21ж
Сені ойлағым келмейді мүлде-мүлде,
Теңесең де енді Айға, Күнге, гүлге.
Жүрексізсің,
Сезімсізсің,
Қаталсың де,
Қалағанша айыптай бер, мейлі тілде.
Қарашаның ызғарындай салқын жайым,
Жыламаймын, күлуге де талпынбаймын.
Түңілдірген сезімдерге тұтқындалып,
Бұрынғыдай өзің жоқта алқынбаймын.
Біз шырқайтын әнімізде қайырма жоқ,
Бол жанымда,
Болмасаң да айырма жоқ.
Біліп-білмей көп қалдырдың көңілімді,
Енді сені ойлайтұғын райым да жоқ.
Ызғар ескен жанда жылу бола-алмайды,
Аяласаң ғана сезім жоғалмайды.
Түсірген соң жүрекке мұң, сызат көптеп,
Үміт өшіп, жалын қайта оралмайды.
Жанар Ешназар
06/11/21ж
ЖІБЕК ОРАМАЛ……
Бір кісінің тоғыз ұлы, бір қызы бар екен. Ол кісі менің ұрпағымды жалғастырушы деп тоғыз ұлын қатты жақсы көріпті.
Кейін біршама жылдар өтіп, әлгі кісі қартайып мәңгілік сапарға аттаныпты. Сонда о дүние де оның сауабы мен күнәсі таразы ға түскенде, күнәсі басып түскен екен.
Сосын Алла Тағала оған : "Балаларың таразының сауап жағына бір зат қойса сауабы көбейеді, жұмаққа жіберем" - депті.
Кісі тоғыз ұлымның біреуі болмаса біреуі келер деп артына үмітпен қарап тұрса, қызы жүгіріп келе жатыр екен, қолында жібек орамалы бар.
Бұл орамал не салмақ тартар дейсің, тозаққа баратын болдым деп кісі қынжылыпты. Сонда қыз таразының сауап жағына жібек орамалын салғанда, сол жағы басып кеткен екен.
Сонда Алла Тағала ол кісіге : "Сені құтқарған жібек орамал емес, қызыңның саған деген махаббаты" - деп жұмаққа жіберіпті.
Өмірден өткеннен кейін артымыздан сауап жолдап, дұға жасайтын ізгі, салиқалы, иманды ұрпақтарымыз көп болсын.
Бір кісінің тоғыз ұлы, бір қызы бар екен. Ол кісі менің ұрпағымды жалғастырушы деп тоғыз ұлын қатты жақсы көріпті.
Кейін біршама жылдар өтіп, әлгі кісі қартайып мәңгілік сапарға аттаныпты. Сонда о дүние де оның сауабы мен күнәсі таразы ға түскенде, күнәсі басып түскен екен.
Сосын Алла Тағала оған : "Балаларың таразының сауап жағына бір зат қойса сауабы көбейеді, жұмаққа жіберем" - депті.
Кісі тоғыз ұлымның біреуі болмаса біреуі келер деп артына үмітпен қарап тұрса, қызы жүгіріп келе жатыр екен, қолында жібек орамалы бар.
Бұл орамал не салмақ тартар дейсің, тозаққа баратын болдым деп кісі қынжылыпты. Сонда қыз таразының сауап жағына жібек орамалын салғанда, сол жағы басып кеткен екен.
Сонда Алла Тағала ол кісіге : "Сені құтқарған жібек орамал емес, қызыңның саған деген махаббаты" - деп жұмаққа жіберіпті.
Өмірден өткеннен кейін артымыздан сауап жолдап, дұға жасайтын ізгі, салиқалы, иманды ұрпақтарымыз көп болсын.
ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ-ӨЗ ҚОЛЫҢДА:
Қанша әйел ақылды, данышпан болса да, еркексіз әйелдің бақыты жоқ.Әйелдің еркексіз күні түн.
Тіпті күйеуің жаман болса да, қорғанышың.
Қатты дауыл тұрғанда енесі:" Үйге кір, дауылмен бетіңе жамандық тиер",- десе, енді бірде:" Әдепсіз ауылға келінді апарма",-деп айтады екен.
Керемет сөз.
Мен де жақында тұрмыс құрған сіңіліме айтарым:
Құлыным, ерке өскен балапаным! Келін болып сол босағаны неке қиып аттаған соң, жолдасынның ата- анасына ыстық ықыласыңды аяма.
Енеңді туған анаңдай қадір тұт,сонда сені ел сыйлайды.
Әйелі бұзылған отбасының болашағы
болмайды.
"Ақылсыз әйелдің ашуы көп, төркініне қашуы көп" дегізбей, от басыңның
бақыты бол.
Туыстарына жақсылығыңды аяма.
Үйге келген қонақты қарсы ал.
Қонақпен бірге үйіңе құт- береке кіреді.
Берекелі әйел дастархан - құты, барша
елді тойындырады.
Берекесіз әйел дастарханның
- жұты, қонағын тайдырады.Күйеуіне көп көңіл бөл, киімін таза ұста.Ел сенің
салақтығыңды күйеуіне қарап біледі.
Көп ішінде жолдасыңның аузына қақпақ болма.
Сен оны туған жоқсың.
Оңашада күйеуіннің миын ашытып, туыстары туралы ғайбат сөйлеме. Олардың жаман жақтарын өзі де біледі.
Мінезіңді көрсетпе. Аузына келгенді сөйлемеген дұрыс.
Қанша бала тапсаң да бақытты басыңнан ұшырып аласың.
Еркек сырт (түз адамы).
Олардың серілігін кешіре біл. Қанына сіңген серілік қасиетті сен жоя алмайсың.
Жаман әйелдің күйеуі мезгілінен бұрын қартаяды. Еркектің қалтасы құр
болмауы керек.Бар ақшасын сыпырып алма. Күйеуіңді түсінуге тырыс.
Ер азамат кеңінен ойласа, сен әр қырынан, терең ойла. Онсыз өмірді көз алдына елестетіп көр. Бетін аулақ қылсын...
Сен анасың , кешіре біл.
Еркектің тамағы тоқ, үйде
сыйы болса, тұсаулы аттай алысқа кетпейді - деймін...
Сен жаман болсаң, әулетімізге сөз келеді.
Әулеттің аты,сенің көтерген туың, туымызды жықпа жаным!
Төрің де, көрің де сол босағада болсын!
Қанша әйел ақылды, данышпан болса да, еркексіз әйелдің бақыты жоқ.Әйелдің еркексіз күні түн.
Тіпті күйеуің жаман болса да, қорғанышың.
Қатты дауыл тұрғанда енесі:" Үйге кір, дауылмен бетіңе жамандық тиер",- десе, енді бірде:" Әдепсіз ауылға келінді апарма",-деп айтады екен.
Керемет сөз.
Мен де жақында тұрмыс құрған сіңіліме айтарым:
Құлыным, ерке өскен балапаным! Келін болып сол босағаны неке қиып аттаған соң, жолдасынның ата- анасына ыстық ықыласыңды аяма.
Енеңді туған анаңдай қадір тұт,сонда сені ел сыйлайды.
Әйелі бұзылған отбасының болашағы
болмайды.
"Ақылсыз әйелдің ашуы көп, төркініне қашуы көп" дегізбей, от басыңның
бақыты бол.
Туыстарына жақсылығыңды аяма.
Үйге келген қонақты қарсы ал.
Қонақпен бірге үйіңе құт- береке кіреді.
Берекелі әйел дастархан - құты, барша
елді тойындырады.
Берекесіз әйел дастарханның
- жұты, қонағын тайдырады.Күйеуіне көп көңіл бөл, киімін таза ұста.Ел сенің
салақтығыңды күйеуіне қарап біледі.
Көп ішінде жолдасыңның аузына қақпақ болма.
Сен оны туған жоқсың.
Оңашада күйеуіннің миын ашытып, туыстары туралы ғайбат сөйлеме. Олардың жаман жақтарын өзі де біледі.
Мінезіңді көрсетпе. Аузына келгенді сөйлемеген дұрыс.
Қанша бала тапсаң да бақытты басыңнан ұшырып аласың.
Еркек сырт (түз адамы).
Олардың серілігін кешіре біл. Қанына сіңген серілік қасиетті сен жоя алмайсың.
Жаман әйелдің күйеуі мезгілінен бұрын қартаяды. Еркектің қалтасы құр
болмауы керек.Бар ақшасын сыпырып алма. Күйеуіңді түсінуге тырыс.
Ер азамат кеңінен ойласа, сен әр қырынан, терең ойла. Онсыз өмірді көз алдына елестетіп көр. Бетін аулақ қылсын...
Сен анасың , кешіре біл.
Еркектің тамағы тоқ, үйде
сыйы болса, тұсаулы аттай алысқа кетпейді - деймін...
Сен жаман болсаң, әулетімізге сөз келеді.
Әулеттің аты,сенің көтерген туың, туымызды жықпа жаным!
Төрің де, көрің де сол босағада болсын!
Көріктім-ау, көңілдің көгіндесің,
Жүректесің, түсімде, өңімдесің...
Маған ғана тиесілі жанарыңнан,
Жәудір мұң, тамшы жастар төгілмесін.
Көріктім-ау, көңілдің шыңындасың,
Сағынышпен бұл күнде мұңым басым.
Тау шыңындай еңсеңді биік ұста,
Тауда шөгер, еңсең бірақ жығылмасын.
Әттең бірақ белгілі сезбейтінің,
Белгісіз қалағаның, көздейтінің.
Сағынышым сағымды сындыруда,
Сенсіз менің белгілі төзбейтінім.
Тартқан сені
ерекше сыйғып маған,
Өткеніме өкінем сыйды ұқпаған.
Сүйгеніме өзіңді айып етпе,
Жетті "сүй" деп жүректен бұйрық маған.
Аңдаусызда өзіңе ғашық болды,
Аңғал жүрек ақылмен миды ұқпаған.
Жүрегіңді демеймін сыйға тартқың.
Бір күндері
Жүрегіңе жүрегімді сыйғып барам...
Расул Асқарұлы
Жүректесің, түсімде, өңімдесің...
Маған ғана тиесілі жанарыңнан,
Жәудір мұң, тамшы жастар төгілмесін.
Көріктім-ау, көңілдің шыңындасың,
Сағынышпен бұл күнде мұңым басым.
Тау шыңындай еңсеңді биік ұста,
Тауда шөгер, еңсең бірақ жығылмасын.
Әттең бірақ белгілі сезбейтінің,
Белгісіз қалағаның, көздейтінің.
Сағынышым сағымды сындыруда,
Сенсіз менің белгілі төзбейтінім.
Тартқан сені
ерекше сыйғып маған,
Өткеніме өкінем сыйды ұқпаған.
Сүйгеніме өзіңді айып етпе,
Жетті "сүй" деп жүректен бұйрық маған.
Аңдаусызда өзіңе ғашық болды,
Аңғал жүрек ақылмен миды ұқпаған.
Жүрегіңді демеймін сыйға тартқың.
Бір күндері
Жүрегіңе жүрегімді сыйғып барам...
Расул Асқарұлы