Статистика ВК сообщества "ZTT | За тебя, Тəке"

0+
THE KAZAKH DRAMA

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

СЕН КҮЛЕСІҢ?

Мен орала бермеймін, өткенге көп.
Кеткендерге айтатын, өкпемде жоқ.
Кеудеме қанжар салдым, деп күлесің
Ол менің жүрегіме, жеткенде жоқ.

Бақытқа айналдырам сорымды мен.
Бұғау үзіп, бұзамын торыңды мен.
Адастырып кеттім деп, сен күлесің,
Бақыттың мен төтелеу жолын білем.

Жағдайың қалай қазір, ай,-қарағым?!
Үндемейсің, жақсы деп айтамадың.
Жалғыз тастап кеттім деп сен күлесің,
Жігер,Мақсат,Арманды байқамадың.

Сен күлесің, естелік, қалады деп.
Жүрегің жазылмайды, жаралы деп.
Сен ұқпаған жыр толы жүрегімді,
Жақында біреу емдеп алады кеп.

Сен күлесің, жылайсың күліп тұрып.
Бүлдіресің барлығын біліп тұрып.
Жанбайсың деп айтуың артық енді.
Мен қалайша өшемін үміт тұрып.

Жаңа сен жақсымын деп айталмадың.
Қалаймысың өткенді қайтарғанын?
Бақыттымын дегеніме сенбейсің бе?
Бір күні тура қарап айтам бәрін.!

0 0 ER 0.0000