Статистика ВК сообщества "НАМЫСШЫЛ ЖАСТАР"

0+
Ұлтының тағдырымен алыспаған, Адамдар қай кезде де алыс маған, Бүйрегі бүлк етпейтін ҚАЗАҚ үшін, Намыссыз қазақ көрсем НАМЫСТАНАМ!!!

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Барлық уақытта армия елдің ұлттық қауіпсіздігінің тірегі, оның азаматтарының тыныштығы мен әл-ауқатының сенімді кепілі болды және солай болып қала береді.
Бұл күні барлық ер адамдарды құттықтаймыз, өйткені әрқайсыңыз өз Отаныңыздың, отбасыңыздың, өз ошағыңыздың қорғаушысы болып табыласыз!

2 0 ER 0.0878
Әйгілі Оксфорд университетінің ғалымы 30 жылдық зерттеу нәтижесін жариялады. Тіпті адам шошырлық.......

2050 жылға қарай немесе одан аз кейін адамдар баланы тек лабораториядан өндіріп алмаса өздері дүниеге әкелетін заман келмеске кетеді екен.

Оған себеп біздің улы химикаттарды тым көп тұтынуымызда депты ғалым еңбегінде. Қазірге дейін адамзаттың көбейуін тежейтін, күнделікті өмірде қолданатын 1000 түрлі зат бар екен.
Әсіресе олардың ішінде біздің түбімізге жететін мына бес түрлі зат екен: (ол кісі тек химиялық атын жазған екен мен жәй халыққа түсінікті болу үшін жақша ішіне ол заттың қайдан келетінін көрсетіп қойдым.)
Жанбайтын пластиктер (пластик ыдыс аяқтар, мысалы торт, печене т.б. пісіретін отқа төзімді қалыптар);
Фталаттар (пластик бөтелке жасауда қолданылады);
Бисфенолдар (алюминий құтының ішінде болады, мысалы алюминий құтыдағы кола, фанта, немесе басқа сусындар да көресіз);
Перфторлы қосылыстар (тамақ жабыспайтын қазанда болады);
Пестиситтер (жемістер мен көкөністердің бетіне шашады).

Одан тыс баллардың күнделікті өмірде қолданатын 27 түрлі заты мен ересектер қолданатын 126 түрлі затта көбеюге қарсы химиялық заттар бар деп жазған екен. Бірақ олардың аттарын жазбапты.

Қысқасы түсінген боларсыздар тек табиғи өнімдерді тұтыну керек.
Ал нәрестерлерге сүт беретін ыдыстарды (сатып алған ыдыстарды) ыстық суға ішін де, сыртын да кем дегенде жатры сағат салып қойыңыз, сосын тазалап жуып қолданыңыз.

Ал үлкендер және балалар пластик ыдысқа ешқашан ыстық зат салып жеуге болмайды, ана Фталат деген бәле тамамға оңай өтіп кетеді.

Пластик ыдыстарды ыстық суға кем дегенде жарты сағат салып қойып, еритін бәлесін ерітіп алып төгіп тастау керек. Бірақ пластик ыдысқа ыстық тамақ салып жеуге мүлде болмайды.

Жоғарыдан байқағандай күйдірмейтін қазанды пайдаланбаңыз. Күйдірмейтін (жабыспайтын) қазан денсаулыққа зиянды, әрі бағасы өте қымбат.

АҚШ да Фталаттар 2017 жылы, Перфлорлы қосылыстар 2018 жылы шектелген екен. Бұл екі түрлі зат та бізде шектелген жоқ. Бәрі білімнің таяздығы. Сондықтан өз денсаулығымыз үшін, өз ұрпағымыз үшін өзіміз күйінейік.........
Жексен Тоқтарбайдың аудармасы

20 0 ER 0.1257
Өтініш анон.
Қазақ тілді жастар неге ғылымға ұмтылмайды?

"ҒЫЛЫМ АЛДЫНДА БАС ИМЕГЕН ҰЛТ, МӘҢГІЛІК ӨЗГЕ ҰЛТТЫҢ ОТАРЫНА АЦНАЛМАҚ!"

Көбінесе пабликтер "руымыз анау, туымыз анау, тарихымыз терең, тіліміз бай, Шыңғысхан қазақ", ал ғылыми контент мүлдем жоқтың қасы. Менің байқауым бойынша, неге өзге ұлттың жастары ғылымға жақынырақ? Біздің жастардың қазақ тілінде жасайтын контенттер 99% КВН, әзіл, вайн, қыздар былай болу керек, ұлдар былай болу керек, сөйлейтініміз біреуге ақыл айту, өзімізді ұлықтау. Айналамда еврейлерді жамандайтын талай қазақты көрдім, бірақ сол жамандап жүрген еврейлер Нобель сыйлығының иегерлері саны бойынша ӘЛЕМДЕ көшбасшы боп тұр. Өз балаларына КОРЕЯДА операция жасау үшін миллиондап ақша жинап жүрген талай қазақ аналарын көрдім. Біз дінімізді мадақтаймыз, тарихимызды мадақтаймыз, ал шын мәнінде ғылымға ұмтылмаған соқыр надан халықпыз. Ютуб болсын, вк болсын, тикток болсын ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ жастарға арналған ғылыми контент МҮЛДЕМ ЖОҚ! Сұраныс жоқ па? Неге қазақ тілді жастарда ғылымға деген сұраныс жоқ? Қызығушылық жоқ?. Неге? Неге бұл кезде орыс тілді жастар әлдеқайда белсенді?.

5 7 ER 0.0905
МОҢҒОЛИЯ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 100 ЖЫЛ.

Бүгін 11-07-2021 жыл Моңғолия тәуелсіздігіне 1 ғасыр, яғни 100 жыл толды.
МОНҒОЛИЯ-Орталық Азияның шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Географиялық орналасуы жағынан, қазіргі таңда Моңғолия елі, оңтүстігі, шығысы, батысы Қытай Халық Республикасымен, ал солтүстік бөлігі Ресей Федерациясымен шекараласады-деп айтылады. Ал негізінде Моңғолия оңтүстігі, шығысы Шығыс Түркістан(Шыңжаң) өлкесімен, оңтүстігімен батысы Ішкі Моңғолия автономды облысымен, ал солтүстік бөлігінде Тыва, Бурятия автономиялы Республикаларымен, Забайкальский өлкесімен шекараласады. Монғолияның батыс нүктесі Қазақстан шекарасына жақын, 18 шақырымды құрайды.
Моңғолия жері 1567000 км2 (кейбір деректерде 1566000 немесе 1564116 км2) Жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 18-орында. Елордасы-Ұланбатыр қаласы.
1924 жылдан бері Монғолияның астанасы. Ұлан-Батыр аталуына сол жылдары Комитери ұйымның басшысы Тұрар Рысқұлов пен Тауданбек Дәуітбайдың ықпалы болған екен. Халқының саны 3 млн 403 мың адам(2021ж) оның 94,9%-ы халка моңғолдар, 5%-ы қазақтар, 0.1% қытайлар мен орыстар құрайды. Моңғолия 21 аймаққа бөлінеді Мемлекеттік тіл-моңғол тілі, жазуы-кирилше. Ескі моңғол жазуын да қолданады.
Монғол тілінде халықтың 95%-ы сөйлейді. Қазақтар елдің 5% жуығын құрайды. Валютасы-моңғол тугрик. Үкімет түрі-Парламенттік республика. Елдің парламенті-Ұлы Хурал деп аталады. Моңғолияда 24 партия бар, оның ішінде небәрі 4 партия билікке араласып, парламентке, президент сайлауына үміткер ұсына алады.
Моңғолия аймағында әртүрлі түркі тектес тайпалар өмір сүрген. Ең алғаш хуннулар(ғұндар) өз мемлекетін құрып, Қытайға(Син династиясына) соғыс бастады. Қытайдың қолбасшысы маршалы Менг Тиан елін қорғау үшін, Ұлы Қытай қорғанын тұрғызды. Хуннулардан кейін, бұл жерде түркілер өз империясын құрды.
Моңғол жерінде тарихта өшпес із қалдырған Күлтегін Құтылықұлы(684-731ж) қазіргі Орта жүз құрамындағы Керейлердің арғы аталары Монғолияның Орхон өзені бойында Тоғыз-Оғыздардың жерінде дүниеге келген.
12 ғасырда Моңғол жерінде шағын хандықтар мен тайпа-ұлыстар болды.
Ұлы қолбасшы Тэмужин бүкіл ұлыстарды бір елге біріктіріп, "Мәңгі ел" империясын жариялады.
1206 жылдың көктемінде Тэмужин үлкен құрылтай өткізіп, түркі тілдес тайпалардың көпшілігін басын қосты. Халық Тэмужинді ақ киізге отырғызып, Ұлы хан атағын берді. Тэмужин ұлы хан дәрежесіне көтеріліп Шыңғысхан деген атқа ие болды.
Ұлы хан сайланған кейін, көршілес елдердің жаулай ала бастады. Оның әскерлері ондыққа, жүздікке, мыңдыққа, түмен болып бөлінді.
Негізінен мыңдыққа бөлінген әскерлері соғыста ерекше көзге түсіп, оларды "мың қолдар" деп атады.
Мәңгі ел империясы бүкіл Азия мен Европаның жартысын қамтыды.
Шыңғысхан өмірден өткен соң, өз империясын 4 ұлына бөліп берді. Қазіргі Моңғолия жері Шыңғысхан төртінші, кенже ұлы Төлеге мұраға қалды. Шыңғысхан немересі Құбылай хан империяның елордасын, Бейжің қаласына көшірді. 1368 жылы Қытайдың Минг династиясы төңкеріс жасап, мың қолдарды өз жеріне қуып жібереді. Осыдан бастап, тарихта Моңғолия Қытайдың отары болды деп айтылады. Ал негізінде көптеген тарихи деректерде Моңғолия ешқандай елдің отары болмаған деп дейді.
1911 жылы Цинь империясы құлады. Моңғолия тәуелсіз мемлекет ретінде жарияланды. Бірақ Қытай қолбасшылары Моңғолияға өз әскерлерін кіргізіп, ол жер Сыртқы Моңғолия және Ішкі Моңғолия болып екі аймаққа бөлінді.
1917 жылы Ресей империясында азамат соғысы басталды, көп "ақ әскерлер" Сібір және Қытай жеріне қашты. Әскери қолбасшы Барон Унгрен өз сарбаздарымен Сыртқы Моңғолия кіріп, Урга немесе Да-Хүрее каласын(қазіргі Ұлан-Батыр) басып алды. Ресейдің қызыл армиясы Моңғолия коммунисттік қолбасшысы Сухэ-Батырды қолдады, ол Унгернның әскерін жеңіп, Сыртқы Монғолияда Моңғолия Республикасы жарияланды. Монғолия 11-07-1921 жылы өз тәуелсіздігін жариялады.
26-11-1924 жылы Моңғол Халық Республикасы құрылды.
Ішкі Моңғолия Қытай еліне тәуелді болып қалды.
Ішкі Моңғолия солтүстік Қытайдағы автономды облысы. Елордасы-Хохат қаласы. Жері 118300 км2 Қытай территориясын 12%-ын құрайды. 2000 жылғы мәлімет бойынша халықтың саны 23 млн 324 мың адам. Оның 79,17%-ы хань-қытайлар болса, 3995349 адамы(17,13%) моңғолдар болды. Одан басқа маньчжурлар (2,14%) мен дүнгендер(0,9%) құрады. 2010 жылы халық саны 24706321 адам, 2020 жылы 24 млн 049 мың адам болды.
Монғолияның солтүстігінде Бурятия автономды Республикасы орналасқан. Буряттар монғолдар туысқан халық. Монғолияның солтүстік шығысында Забайкальский өлкесі орналасқан. Оның құрамында Агин Бурят автономиялы округі бар. Алғаш 27-04-1921 жылы Қиыр Шығыста Бурят-Моңғол автоном облысы болып құрылды. 30-05-1923 жылы Монғол-Бурят АКСР деп өзгеріп, Ресей КСР құрамына қосылып, Чита облысының құрамына енді.
26-09-1937 жылы Агин-Бурят-Моңғол ұлттық округі ретінде құрылды. 16-09-1957 жылы Агин-Бурят Автономиялы округ болды. 31-03-1992 жылы Ресейдің тәуелсіз федеративті субъектісі болды.
01-03-2008 жылы Чита облысы жойылып, Забайкальский өлкесі құрылды.
Тарихи деректер бойынша қазіргі монғолдар ХІІ-ХІІІ ғасырларда араттар немесе телестер, шивей халықтары, аталған-дейді. Тіпті 1921 жылғы дейін қазір моңғол атанып жүрген халықты "халка-деп аталған дейді. Халкаларға моңғол деген атауды Ресей мен Қытай билеушілерімен, тарихшылары таңып берген дейді. Мәңгі ел империясы ХІХ ғасырдың жартысында тарихқа Моңғол империясы енген екен. Мәңгі ел империясын құрған Шыңғысханның әскерлері 90%-ы түркі тілдес тайпалар болса, қазіргі моңғол атанып жүрген халкалар небәрі 6%-ы құрапты. Шыңғысханның 12 биінің барлығы қазақтан шыққан. Оның Ұлы Жасақ деп аталатын жазбасы түгелдей түркі тілінде. "Моңғолдың құпия шежіресі " деген кітап құпия аталуы бекер емес. Шыңғысхан ұлдары мен немерелерінің аты барлығы түркі тілінде.
Қазақ хандығы 1456 жылы құрылған. Алғаш Керей хан(1456-1473ж) мен Жәнібек хан(1473-1480ж) билік құрды. Қазақ хандарының барлығы Шыңғысханның тұңғыш ұлы Жошы ханның ұрпақтары. Қазақтың соңғы ханы Кенесары 1841-1847 жылдары билік құрды. Қазақ халқының көшбасшысы Әлихан Бөкейхан 13-12-1917 жылы Алаш партиясын құрып, 1920 жылға дейін қазақ елінің тұңғыш президенті болды. Әлихан Бөкейханов Төре тұқымы, Шыңғысханның ұрпағы.
Кейде қазіргі дейін, Моңғолияны Халка Моңғол Республикасы деп атайды. Монғолия Халық Республикасы 12-02-1992 жылға дейін социалистік мемлекет болды.
Егер 1920 жылы бүкіл қазақ халқы Алаш партиясын қолдап, сол кезде, қазақ елі Тәуелсіздік алғанда, 100 жылдығын тойлап, қазіргі дамыған 8 елдің қатарына болар ме едік?! Шіркін!
Биыл Тәуелсіздігіміздің осы 2021 жылдың аяғында 30 жылдығын енді атап өтеміз.
Бүгін 11-07-2021 жыл Моңғолия Республиканың тәуелсіздігіне 100 жыл. Барша Моңғолия халқын оның ішінде Баян өлкеде ежелден мекендеп жатқан қазақ бауырларымды бүгінгі Тәуелсіздіктің 100 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Екі ел Қазақстан мен Монғолия арасында ынтымақтастығымыз арта берсін.

Сакен Ташметов.

Қоғам белсендісі.

11-07-2021 жыл.

Алматы қаласы.

3 7 ER 0.0829