Статистика ВК сообщества "Қазақтың ақыны"

0+
398 500 оқырман

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Білем сені

Инабаттым, ибалым, ұялшағым,
Саған қарай ауады жиі аңсарым.
Алғашқы қадамымды қабылдамай
Жолымды жаймен ғана қия салдың.

Сөздеріңнің бәрі рас, түгел дұрыс,
Сонда да жүре алмайды жүрек үнсіз.
Сезімге сыр білдірмей тұрғаныммен
Көзімде қалып кеткен бір өкініш.

Болғаның ба баладай көп көңілшең,
Шектелгенім емес бұл шетте жүрсем.
Егер мені толықтай ұнатпасаң
Өмірімде ендігі жоқ болушы ең.

Тағдырымның өзіңмен бір өлшемі,
Қайғы жұтпа, көтеріп жүр еңсені.
Жұрттың бәрі жұмбақ деп ойлай берсін
Сен – Менсің ғой, Мен – Сенмін, білем сені.

Жәнібек Салқынбек

12 3 ER 0.4933
Ерекше қызды көрдім көзі әдемі, өзі сары, қолаң шашты.
Қарап тұрып шабыт келді, бойыма аяқ асты.
Тоқтамаймын енді бір өзіңді қаратпай,
Сұлулығың жүректің келіп құлыпын ашты.

Бойжеткеннің маңына жақынырақ тұрайын.
Сұлу қыздың есімін қысылмай енді сұрайын.
Жүрегіңе жүгіргендер көп шығар,
Артыма бәрін қалдырып біріншісі болайын.

Мінезіңе көз тастап бір көрейін,
Текті қыздың руын сұрап білейін.
Тағдыр қосып көңіліміз жарасса,
Бақытым деп қасыма алып жүрейін.

5 5 ER 0.2791
Күзетші
Сүйемін деуші едің ғой,
Сүйегім жерге кіргенше,
Көміліп кетті ме бірге,
Төгілген уәделеріңмен,
Жапырақтары жоғалған күздей.
Есімің қашап жазылған,
Белгі ме, сақталған нөмірің.
Жаңылғанымды мойындап.
Жаңадан бастауға өмірін...
Кедергі келтірді көңілім күдерін үзбей.
Мұң иісі аңқитын, миымның дәліздерінде...
Диуана секілді жүгіріп жалаң аяқ,
Тілегі жарымым жығылды жүрегін іздей.
Жерлеген сені емес жерленген өзімді сонда кетемін аяп.
Ешкімге кездесу бұйырмасыншы,
Соңында... Қоштасса біздей...)))
Ертегі есітіп ұқықтағандарды,
Кеш болмай оят...
Күзетші)

2 6 ER 0.2750
Ғашық болу дегенің...

Ғашық болу дегенің - өміріңнің мәнісі,
Ғашық болу дегенің - махаббаттың белгісі.
Ғашық болу дегенің - көз ілсең де әрдайым,
Көз алдыңда тұрғаны ғашығыңның бейнесі.

Ғашық болу дегенің - жүрегіңнің лүпілі,
Ғашық болу дегенің - жүрегіңнің бөлігі.
Ғашық болу дегенің - сүйген жанды ойлаумен
Мәңгі бақи соғатын жүрегіңнің дүрсілі.

Ғашық болу дегенің - қуанғаны жүректің,
Ғашық болу дегенің - жылағаны жүректің.
Ғашық болу дегенің - біраз уақыт көрмесең,
Сағыныштан сарғайып, сағынғаны жүректің.

Ғашық болу дегенің - шын сүйгендер түсінетін,
Ғашық болу дегенің - шын көңілмен сүйетін,
Ғашық болу дегенің - сезімдердің патшасы,
Екі ғашық мекені махаббат деп білетін.

Фархад Аршатұлы

7 6 ER 0.3059
Сенуге болмайды ешкімге

Қамшының сабындай бес күнде,
Алданба ғажайып кескінге.
Сенуге болады өзіңе
Сенуге болмайды ешкімге.

Жалғанның бір тұтам құйрығы,
Шындықтың шынайы сый-құны.
Алланың ақ жолы ақиқат
Пенденің өзгерер пиғылы.

Біреулер ісіңе құмартып,
Біреулер жатады мін артып.
Орынсыз өтірік мақтаудан
Орынды айтылған сын артық.

Ақкөңіл адал дос қайдасың?
Ескертіп қоятын айласын.
Жалықтым жасанды жандардан
Ойлайтын басының пайдасын.

Қамшының сабындай бес күнде,
Алданба ғажайып кескінге.
Сенуге болады өзіңе
Сенуге болмайды ешкімге.

Жәнібек Салқынбек

6 5 ER 0.2957
"ҚАШЫП ЖҮР"

Махаббаттан айналады басым шыр,
Жайбарақат жазылмайды ғашық жыр.
Сырттай мені сүйген шығар талай қыз
Бірақ менің ұнатқаным қашып жүр.

Жалғыз менде емес мұндай ойын сын,
Үйреніп те қалды әбден бойым шын.
Шын сүйгендер қосылады өмірде
Қосылмайды деген ойлар жойылсын.

Қатал тағдыр көз жасыңа қарай ма,
Сүйді екен деп сені сезім аяй ма?
Жарты жолдан қайтқандар көп сүрініп
Қайта тұрып жету керек қалай да.

Жеткізбейді мені өзіне сүйгенім,
Керек пе оған тізерлеп бас игенім.
Өкпелеме, мен де өзіңдей қырсықпын
Қажет болсам, енді өзің кел, үйдемін.

Жәнібек Салқынбек

7 5 ER 0.3451
Сүйем десең

Үш ауыз сөз:
Мен сені сүйем! - деген.
Осынау бақ біздерге тиер ме екен.
Сезім салған жара бар жүрегімде
Сүйем десең сауығам, жиі емделем.

Жиі емделем,
Нәп-нәзік, тәтті үніңнен.
Сен менің сарқылмайтын шаттығым ең.
Бір сәтке де мені еске алмайтындай
Кешің батып, таңдарың атты кіммен.

Айтшы кіммен?
Күн кешіп жүрсің, Күнім.
Қаратуға қауқарсыз құр шындығым.
Пендемін ғой, пендемін қайтем енді
Еш себепсіз сағынтып тұрсың бүгін.

Өлеңім бар,
Өзім бар,
Өзге ешкімім.
Саған жетер жолымнан кездесті мұң.
Қапияда қара өлең жаздым тағы
Баяғыдан белгілі сезбестігің.

Қырсықтығың ұнайды қыңқ етпейтін
Түсірсем де төбеңнен сөз көшкінін.

Жәнібек Салқынбек
20.05.2021 22:32

6 2 ER 0.2895
Ой толғау

Бүгінгі күн ертеңгі жарқын елес,
Бұл да сенің ертеңгі парқың емес,
Адамдарға дұрыс баға беріп үйрен
Жылтыраған барлығы алтын емес.

Қылып жүрсің алдамшы бақытты елес,
Сен алдайсың өзіңді уақытты емес,
Жымиғанға жымиып кете берме
Күлгендердің барлығы бақытты емес

Алдыңнан тұрмас күтіп бақша белес
Бар байлықтың барлығы патшада емес
Кемсітумен біреуді күнә артпа
Сүрінгеннің барлығы ақсақ емес.

Сұрайтындай өзгеден ақыл кеңес
Ақылсыз да мінезін батырды өгеш
Сөйлегенге алданып қалма босқа
Білімдінің барлығы ақылды емес

Пір тұтайық Тәңірді асылды емес
Арғы өмірге ешкімде асық емес
"Сүйем, күйем" дегенге ашпа құшақ
Ұнатқанның барлығы ғашық емес.

Татқызайық жақсылық кесел емес
Бұл күндерді мына мен кешем өгеш
Әр өлеңді оқығанда мұқият бол.
Ақындардың барлығы шешен емес.

Күші бардың барлығы батыр емес,
Өлең жазған барлығы ақын емес,
Адамдарды таңдай біл жаныңдағы
Құшақ ашқан барлығы жақын емес.

Авторы: Ибрагим Асанов
22. 05. 2021 ж
23 : 47

8 3 ER 0.2931
"ҮНСІЗДІК"

Ееей, естимісің сен мені, елес ару,
(Осы саған қиын ба, келе салу).
Бір көрінші көзіме жатырқамай
Сондағы ойым өзіңнен кеңес алу.

Бір жүрек бар кеудемде, сенде де бар,
Пәк сезімге тұрғандай шөлдеп олар.
Жіберейік махаббат майданына
Ауырғанда бір-бірін емдеп алар.

Ұғасың ба, мен сені іздеп жүрмін,
Танып алдым таңбасын іздеріңнің.
Оңашада отырып сырласайық
Керегі бар дәнекер бізге кімнің?!

Құпиям бар айтатын құлағыңа,
Ақтарылып, ашылып, шын ағыла.
Бірақ саған қоятын жалғыз шартым
Иә деуге уәде бер сұрағыма.

Жариялап шықпаған бір атағым,
Айқайласам біреуді жылатамын.
Сондықтан да әлемді дүрліктірмей
Үнсіз ғана сүюді ұнатамын.

Жәнібек Салқынбек

2 2 ER 0.2194
Періштем

Мен сені қатты сағынып жүрмін,
Сезесің бәлкім сен де оны.
Тарылса дағы бағынып жүрмін,
Дүниенің мынау кең жолы.

Қанатсыз көкке ұша алмай қалдым,
Аяй ма өмір сүйгенді.
Құшағыма да қыса алмай қалдым,
Елес боп қалған бейнеңді.

Жанартау болып жарылып кеттім,
Шыдамай сезім өртіне.
Адал болудан жалығып кеттім,
Өзіме берген сертіме.

Қасыңа жедел бара да алмаймын,
Арамыз біздің тым алыс.
Қоңырау саған шала да алмаймын,
Бәрібір үнсіз тұрамыз.

Биіксің білем Эвересттен де,
Сол үшін саған құмармын.
Періштесің сен тең емес пенде,
Мен адам емес шығармын!

#ЖәнібекСалқынбек
13.04.2020

5 0 ER 0.2803