" Бөлме "
(Автор)
Уакыт/Шам
Ұнның ұнтағыдай құлап бара жатқан қолымдағы шылымның күлі, жерге түсіп үлгерген жоқ!
Бірақ есімде қалғаны, артымнан келген қатты соққы, және есімнен танып бара жатқаным.
Көзімді ашсам 12 адам бір бірімізге қарай байлаулы отыр екенбіз.
Тек менің ғана көзім ашық, қалғандарының басына мата жабылған.
Кенеттен бөлмеге екі жігіт кіріп, маған қарай жақындап келді. Үстерінде қара костюм шалбар, беттеріне музықалық ноталар қара бояумен боялған, ал шаштары ақ екен!
Сөйлейін десем аузымдағы жіп кедергі..
Олар маған қарады да, бұрын қалай болғанын білмеймін, бірақ бұл жолы сенің жолың болған сияқты - деп 1-еуі жымия қарап , қолыма қызыл түсті таблетка берді де, құлағыма
- Есіңде болсын, бұл сенің өміріңді сақтап қалады! Жоғалтушы болма - деп айтты...
Екіншісі бетіме жамылғыны жаптыда бәріне айқайлай бастады..
Бүгінше 1 ғана шарт
Ар бөлмеге 1 қыз 1 баладан кіріп, таң атқанша сонда болыңдар!
Шартты орындамаған адамға не болатынын қазір өздерің көре аласыңдар деді...
Ал сендер сөздеріміз қаншалықты шынайы екенін білулерің үшін, және бұлжытпай орындауларыңа біз көмектесеміз -деп көзімізді ашып ауыздағы матаны шеше бастады..
Орнынан бір жігіт ашуланып тұрып,
- Сендер кімсіңдер? Мен қайдамын ?
Әлгі жігіт осы сөздерді айтып жатқанда, орнымнан тұрып біреуін ұрмақшы болғанмын
- Бояу жағып алған, есі ауысқандар деп екі жігітке атыла жөнелгені сол еді... Кенет екі жігіт қару шығарып, әлгі жігітті атып тастады ....
Қыздар айқайлай бастағанда ішіндегі 1 еуіне тағы оқ атылды ...
- Тыныш, Тыныыыыыш, тағыда кім өлгісі келеді ?? Екі жігіт есуастарша күліп жүр , бізді айналып ...
Бәрі тынышталып қалды.
Қорқып орныма отырғаным сол еді , біреуі жаныма жақындап келді де қаруды кезеніп
Бірдеңе айтқың келеді ме?
Жоқ әлде орныңнан тұрғың келеді ме?
Басыма тағыда соққы тиіп есімнен танып қалдым...
Көзімді ашсам....
Нет на рекламных биржах