Статистика ВК сообщества "АТ БАПТАУ | КӨКПАР"

0+
Аттан аттың несі артық? Аттап басқан ізі артық..

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

ҚЫС ШАРУАҒА ЖАЙЛЫ БОЛСЫН

Бүгін қыс мезгілінің алғашқы күні. Бүгін мен үшін ешқандай да президент күні емес! Президент деп айтса әділетсіз сайлау еске түседі. Сол әділетсіз сайлауға қолын былғап жүргендер мен үшін адам емес! Қазір Қазақ боламын деген адамға ешқандай да қолдау жоқ! Керісінше, арапқұл, орысқұл, кәрісқұл, қытайқұл болуға талпынсаң қолдау табасың. Тек Қазақ болмауың керек! Бұл біздің үкіметтің жүргізіп отырған саясаты. Ал адамдар ең ақыр аяғы өзінен туған баласын қорғаудан да қалды. Шүкірқойлар екпе мәселесінде үкімет айтса салады деп отыр. Себебі нұрсаясат оларды отыз жылда дайын құлға айналдырды. Екпеден оқушылардың алды өле бастады.. Мүгедекке айналғалы тұрғаны қаншама. Адамдардың қараңғылығы сондай өз құқын, өз баласын қорғай алмайтын дәрежеге жетті. Баласын қорғай алмаған адам ана тілін, ата дәстүрін қорғауға бас қатырмайды! Жылқы екеш жылқы да бойындағы шаң тозаңнан арылу үшін ара кідік бір сілкініп тұрады. Сілкіну, ес жиу қабылетін Құдай қазіргінің адамдарына бермеген екен! Ел мен жер, ана тілі, ата дәстүріне бас қатырып жүрген, Қазақтығын сақтап, оны ұрпағына үйрету жолында жүрген жандарға сәттілік тілеймін. Қыс айының алғашқы күні құтты болсын! Шаруа үшін қыс қолайлы өтсін. Қыстан аман шығайық! Жаздың күні шөп бағасын қымбаттатып, қыстың күні екі есе бағасына сатамыз деп, бес мыңдап, он мыңдап, он бес мыңдап прес шөпті жиып қойған, кедей кепшіктің шөп сатып алуына мұрша бермеген мышмықы байлардың бизнесі жүрмей қалсын! Қыс жайлы болып, шөп бағасы өспей қалсын! Әумин!
Еш болмаса балаларды қорғаңыздар..!
А. ЛАШКЕРҰЛЫ фб.

0 0 ER 0.1132
ЖЫЛҚЫ ЖАСЫ, АТАУЫ

Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі.

Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.

Тай – бір жастан асқан, екі жасқа толмаған (еркек, ұрғашы) жылқы.

Арда – енесін екі жасқа дейін емген жылқы төлі.

Құнан – екі жасқа толып, үш жасқа аяқ басқан еркек жылқы.

Байтал – үш жас пен төрт жас аралығындағы құлындамаған ұрғашы жылқы.

Дөнен – төрт жасар еркек жылқы.

Бесті – бес жасар еркек жылқы.

Айғыр – үйірге түсетін аталық жылқы.

Сәурік – жаңадан үйір алған жас айғыр.

Саяқ – піштірілген тай, құнан, дөнен; үйірге қосылмай өз алдына бөлек жүретін тумаған бойдақ жылқылар; үйірден бөлініп, топтан шеттеген бірлі – жарымды бойдақ биелер.

Қысырық – үйірге жаңадан қосылған, әлі құлындамаған жас бие.

Қулық – тұмса құлындаған жас бие.

Бие – аналық жылқы.

Қасаба – көп жасаған мама бие.

Мама бие – үйірдегі кексе, өрбіген ұрпағы көп сақа бие.

Саба бие – қарны «жер сызған», көп құлындаған бие.

Бедеу бие – құлындамаған бие.

Наз бие - әсем жүрісті, көрікті жарау бие.

Ат – ақталған жылқы.

Мәстек – бой тұрқы тапал, кішкене жылық.

Қазанат – дене бітімі ірі, шымыр, мүсінді, құйма тұяқ, ұзақ жолға шыдамды ат.

Сәйгүлік – шашасына шаң жұқпаған жүйрік жылқы.

Саңлақ – ұшқыр, жүйрік ат.

Күйсіз-күлік (күлік-жүйрік) – бапсыз-ақ, әдейі жаратпай-ақ бәйгеден озып келетін жүйрік.

Арғымақ – дене бітімі аса келісті, сұлу, сымбатты, жүрдек, асыл тұқымды жылқы.

Тұлпар – асыл тұқымды, аса төзімді, белді, жүйрік, батырлар мінген жылқы.

Жабы – Қазақ жылқысының байырғы тұқымы.

Тумыш – арғымақ пен Қазақы жылқының буданы.

Қарабайыр – арғымақ пен жабының буданы.

Пырақ – аңызда айтылатын қанатты ат.

Дүлдүл /ақ боз ат/
1. Мұхамед С.А.С пайғамбар мінген қасиетті ақ боз.

2. Ерекше жүйрік, айтулы тұлпар.

Суын – аңызда айтылатын су жылқысы.

Бұрақ /пырақ/ – Мұхамед С.А.С пайғамбар мініп аспанға ұшқан ат.

Ғалымжан АСҚАР

5 5 ER 0.1330
ТАКА ТАСУ УЗБЕКИСТОНДА

Өзбектер така тасуға милиондарды тігіп жатқанға еш таңқалмаңыз. Өзбектің милион сомы Қазақтың қырық мың теңгесі болады екен. Бір қойдың ақшасына да жетпейді. Өзбектер ысырыпшыл халық емес!
Атырау мен Жетісудың арасын былғап, енді Өзбек көкпарына тұмсығын тығып жатқан біздің теке тасығыштар ол жақтың да көкпарын былғауда. Атадан келе жатқан көкпар ережесін бүлдіруде. Тартысты жойып, дәл біздегідей теке тасуға айналдырды. Олардың бірін-бірі қамшылап, төбелесіп жүргені содан. Көкпар дерті, көкпар ауруы осы біз жақтан барып жұқты өзбекке...
Қазіргі мынау Қазақтың көтеріп бергіштері өзбектің соңында жүріп, серкені ақша үшін соларға көтеріп беріп жатқаны өте ұят болды. Мұны намыссыз жағымпаздар жарыса жазып, мақтанға айтып жатса, намыстылар жағы мұның ұлтымыз үшін өте ұят екенін, Қазақты кезекті масқаралау екенін айтуда..
Айтпақшы, өзбек президенті Қазақстанға екі күндік іс сапармен келеді деп жатыр. Ертегібасы жерді жырымдап сатып жібермесін! Байқаңдар Қазақтар!
А. ЛАШКЕРҰЛЫ фб.

0 0 ER 0.0283
ҚАЙДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК

Көкпарды қырғыздың алып қойғаны сол « 4×4 » қырғыздың ережесімен ойнап жүргендер. Оны нұротан контроль жасайды. Сол 4×4-ті қорғап жүргендер нағыз сатқындар солар! Сол сатқындар бірі біліп, бірі білмей қорғап жүр қырғыздың ережесін! Бұл көкпарға саясаттың араласып кеткені белгісі...
Ал мен ҚАЗАҚПЫН! Және атам Қазақ шапқан көкпар ережесімен көкпар өткізе білемін. Себебі менің рухым тәуелсіз..☝ Көкпарды күштінің тірлігі деп осыдан айтқан Қазақ! Сол Қазақ көкпар ережесімен "Тайлақ"," Сырдария", "Тайбурыл","Әулие Ата" командалары өнер көрсетті. (ютуб-93) Міне, Қазақтың намысын сол кездің жігіттері қорғады. Сол көкпаршылар мен қазіргі теке тасығыштарды салыстыруға еш келмейді. Өз ұлттық ойыны көкпарға өзгенің ережесін қолдану тәуелсіздік емес ол !!!
А. ЛАШКЕРҰЛЫ фб.

0 0 ER 0.0283
ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІНЕ 35-ЖЫЛ

Тәуелсіздік дейді? Кейде күлкің келеді. Кімнен, неден, қашан, қайдан алған тәуелсіздік екенін ұғу қиын. Бір білетінім: билік халықтан тәуелсіздігін алды. Қазіргі билік халыққа тәуелсіз! Олай дейтін себебім: билік сайлауды өзі өткізеді. Президенттен бастап, әкімқара, шенеунік, депутаттарды үкімет өзі сайлайды. Билік халықтан, елден әлдеқайда алшақ кеткен, елмен санасуды қойған. Қара халық болса әупірімдеп күн кешуде...
Ал, 1986-жылы, 16-желтоқсанда Қазақ жастары алаңға орыс озбырлығына қарсы көтерілген болатын. Оны "Желтоқсан оқиғасы" деп атап жүр. Ол оқиға емес! Ол КӨТЕРІЛІС, дүмпу. Жастар не үшін, неліктен көтерілді? Оның себебі сол кездегі билік, ешқандай да сайлаусыз, халықпен кеңеспей, Қазақ ұлтына басшы етіп орыс ұлтының өкілі колбинді тағайындаған болатын. Қазақ жастары алаңға осы үшін, Қазақ халқына ҰЛТЫ ҚАЗАҚ басшысының келуін талап етті. Көтерілісті сол кездегі билік армия арқылы басып жаншыды. Колбин орнынан кетті. Бірақ та, отыз жыл болды, міне, әлі күнге Қазақ елін сол орыс тілді билік басқарып келеді. Оған дәлел: Ана тіліміз тәуелсіздігін алған жоқ!
Ел ата дәстүрінен жаңылды, ата дінінен адасты. Ел мен жер үшін, ұлт үшін, ұрпақ болашағы үшін жақ ашқан белсенділерді қудалайды. Сонда, біздікі қайдағы тәуелсіздік, қайдағы демократия..???!!
Еее, Қазақ өзімізді өзіміз қашанғы алдар екенбіз..
А. ЛАШКЕРҰЛЫ фб.

0 0 ER 0.0212
ҚЫЗЫЛ-САРЫ ЕСКЕРТУ
ҚАҒАЗДАРЫ ЖӨНІНДЕ

2011-12 жылдардан бастап көкпар жөнінде жазған жазбаларым газет бетінде шыға бастады. Онан кейін әлеуметтік желіде тарады.Не үшін жаздым? Менің қолыма қалам алдырған ол құрдымға кетіп бара жатқан көкпар дәстүрі болатын... Көкпар жөнінде жазбаларым қырғызға жеткен болуы керек, "көкпар біздікі" деп менімен таласқан қырғыздар да болды. Себебі менің көкпар жөнінде тарихи деректерден алған, және көкпаршы аталардан есіткен, сол аталардың қасында жүріп, көкпардан көрген білгенімнен түйген жазбаларымда көкпардың Қазақ халқына тиесілі екені анық және мықты дәлелдемелер арқылы көрсетілді. Көкпар жөнінде жазған сол дәлелдемелер кітап бетіне түсіп те үлгерді. Енді оны ешкім жоққа шығара алмайды! Қызыл-сары ескерту қағаздары қырғыз ережесіне бертінде 2017-18 жылдары енгізілді. Ал менің жазбаларымда қызыл-сары ескерту қағаздары о бастан, олардан бұрын жазып жүргенмін. Мақсатым: спорттың басқа да түріндегідей, көкпарға да қызыл-сары ескерту қағаздары арқылы тәртіп орнату болды. Бір айта кетерлігі: қызыл-сары ескерту қағаздарын қазіргі күні біреулер "теке тасуға" қолданып жүр. Ол үшін мен жауапты емеспін! Теке тасу басқа, көкпар басқа. Теке тасуда көкпардың атын жамылып, мінберде тұрған тамада тек мақтанға қошаметке сөйлейді. Теке тасуда көкпар ережесі шет қалған. Сондықтан да теке тасуда тамаданы ешкім тыңдамайды. Теке тасуды әр өңірдің қоқи қораздары рулить етеді... Ал көкпарда қолданылатын "қызыл-сары" ескерту қағаздары тек тойбасшыға тиесілі. Тойбасшы көкпарды басқарады. Тойбасшы көкпар ережесінен сөйлейді және шабандоздың ереже бұзбауын бақылайды. Тәртіп бұзған шабандозға ескерту қағаздарын көрсететін де сол тойбасшы. Осыны біліңіздер! Демек, көкпарға енгізілген қызыл-сары ескерту қағаздары ол мына менің, Қазақтың идеясы! Бізде тек идеяны ұрлаушылар бар. Сол ұрлықшылардың өзге ұлт ережесіне қызмет етіп жүргені өкінішті))
Сондай-ақ, осыдан екі-үш жыл бұрынға дейін әлеуметтік желіде көкпар жөнінде бір мақалам шықса,«көкпар біздікі емес, көкпар қырғыздікі» -деп, атып шығып, менімен тайталаса кететін талай Қазақты да көрдім. Олар санасы уланған Қазақтар. Олар құлдықтың қамытын мойнына киіп үлгерген Қазақтар. Себебі теке тасу басшылары соңғы 20-жыл бойы көкпарды қырғыздікі деп оқытып келді. Әсіресе, жастардың санасы қатты уланды. Санасы уланбаған Қазақ төл туындысын, ата мұрасын қорғай біледі ғой...
Қазіргі күні көкпар жөнінде жазбам шықса, маған қарсы келетіні жоқ! Оның себебі санасы уланған ұрпақтың көзін ашу жолында, көкпардың Қазақ халқына тиесілі екеніне дәлелдемелер келтіріп, онан сайын жаза түстім. Сол жазбалар әлеуметтік желі бетінде тұр! Шындық сөз елге тез тарайды. Және шындық сөзді елге таратып ала кетушілер де көп. Өте көп. Әсіресе, менің көкпар бағытындағы оқырмандарыма рахметім шексіз. Сондай шыншылдарға, шындық сүйерлерге Алланың нұры жаусын деймін! Шындық жерде қалмайды деген сөз осындайда айтылған болса керек. Сол еңбектерімнің арқасы болар, қазіргі күні "көкпар қырғыздікі" -деп тайталаса кететін Қазақ кеміді. Егер де, өз ата мұрасын ұмытқан, көзі соқыр, санасы уланған Қазақ кездесе қалса, соның алдына көкпар жазбаларымды көлденең тартып отыра беретін болдым. Сол үшін де, ел ішінде, көзі ашық, көкпар жанашырлары көп болсын! Көкпарды бабалар шапқан негізгі өз ережесімен, өз жөн-жоралғысымен өткізген жерде ғана көкпар Қазақтікі болып табылады. Басқасы бос сөз, құр әурешілік, құр айқай болып қала бермек..
А. ЛАШКЕРҰЛЫ фб.

0 0 ER 0.0141