Статистика ВК сообщества "ISLAM JÁNE OTBASY | الإسلام والأسرة"

0+
www.instagram.com/islam__otbasy/ ✅Біздің мақсат- сіздерді жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару бауырлар.. ✏ИСЛАМ және ОТБАСЫ әкімшілігі.

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

🌸Бүгінгі дұға:
➖Уа Раббым, өлмей тұрып тәубе етуімді, жан тапсыруымның жеңіл болуын және өлгеннен кейін өзіңнің мейріміңмен кешіріміңе ие болуымды нәсіп ете гөр!

🎀Ізгі ниеттім, сізде өзіңіздің хайырлы бір дұғаңызды жаза кетіңізші:

106 12 ER 0.6510
🥀Кейбір жандар қиямет күні қабірлерінен соқыр күйде тіріледі екен. Ол:
➖рабби лимә хәшәртәнии әъмә - Раббым, мені неге бұлай тірілттің?! уәқад кунту бәсиирә - мен көретін едім ғой... - дейді.

Сол кезде Раббымыз:
➖ кәз̃әликә әтәткә әйәтунә - саған менің аяттарым келген кезде, фәнәсиитәһә - оларды елемедің... уәкәз̃әликәл йәумә тунсә - міне, бүгін сен де еленбейсің һәм ұмытыласың! - дейді екен.

😔 Ең өкініштісі, біз осы дүниеде әрхәмур рәхимиин - мейірімділердің ең мейірімдісі деп таныған Жаратушымыздан бір мейірім сөзін ести алмауымыз екен... Алла бұл қасіретті ешкімнің басына салмасын!

P.s: Алдымызға келген аятты өткізіп жібермей барынша тыңдауға тырысайық. Өйткені, бұл әлемдердің Раббысының сөздері...

46 4 ER 0.5086
Болашақ жарыма

Мінезім менің ауыр келген біліп қой.
Жігіттің аты қанша айтқанмен жігіт қой
Ашуланам, ұрсамын да, тиямын
Сен бірақ та сабыр етіп, күліп қой

Қызғаншақпын, мұны да сəулем біліп қой
Жат адаммен сөйлесуді түріп қой
Алла менен елшісінен кейінгі
Есімімді жүрегіңе тігіп қой

Сабырсызбын, шыдамсызбын біліп қой
Ашулансам кетер бірден қызып бой
Пендеміз ғой, бұл қылықты жеңемін
Пенде өзі жаратылыс қызық қой

Ұятты сүйем, оны дағы біліп қой
Ұятсыз қыз, қыз емес ол-шірік қой
Ондай жаннан көп сөз де артық шығады
Ал көп сөзді, көрсетпе, жоқ қыл, тығып қой!

Еркелей білгін, еркелетем біліп қой
Еркелік деген әйелдік жеке құрық қой
Құрыққа түсіп біздерде сезбей қаламыз
Жаныда қыздың, айласы да қырық қой

Баланы сүйем, балажанмын біліп қой
Бала жүзі мөлдір, сұлу, тұнық қой
Жүрегінде кіршіктейін күнə жоқ
"Əке"-десе езіліп кетер жібіп бой

Тəрбиелегін баланы жөндеп біліп қой
Исламменен! Болмасын кейін бұзық ой
Ең бірінші ата-анамды сыйлап өт!
Осының астын қайтара екі сызып қой

Ал мен болсам аялап сені өтемін
Сый беремін іздемей оның себебін
Тəрбиелеп, бағалаймын, сыйлаймын
Өле - өлгенше боламын мықты тірегің

Жақсы "əке", жақсы "ана" боламыз
Небір қиын сынақтарды аламыз
Қуаныш пен бақыт бірге табамыз
Аллаһ алдына қол ұстасып барамыз!
Ин шәә Аллаһ

Әдемі екен...

P/s: авторы белгісіз

46 6 ER 0.3242
ШАРИҒАТТА «БӘЙБІШЕ», «ТОҚАЛ» ДЕГЕН ҰҒЫМ ЖОҚ

Шариғатта «бәйбіше», «тоқал» деген ұғым жоқ. Екеуінің де құқығы бірдей.

Екінші әйел алуға ниеттенген еркекке қойылатын талап – екі әйелінің арасында теңдік, әділдік орнату. Яғни, әлеуметтік жағынан, моральдік тұрғыдан, баспана мәселесінде, төсек қатынасында да бір әйелге басымдық берілмеуі тиіс.

Сол сияқты, бірінші мен екінші әйелден туған балалардың құқықтары да бірдей.

Көпкүйеулікке шариғатта қатаң тыйым салынған. Әйел адам тек бір еркектің жары бола алады. Одан басқа әрекет – зинақорлық, ауыр күнә. Сондықтан, бұл бастаманы қолдамақ түгілі талқылаудың өзі әбестік.



Ұстаз Ерсін Әміре

18 0 ER 0.2497
ӘЙЕЛ МЫНА 4 НӘРСЕНІ ЖАСАМАЙ ҰЙЫҚТАМАУЫ ТИІС...👇👇👇
----
Әрбір көрген жан лайк басуды ұмытпаңыз....❤
---
Бірде Пайғамбарымыз (с.а.у) жан - жары Айша (р.а) анамызға: " Құранды толық оқымай, Менің және Пайғамбарлардың қолдауына лайық болмай, Барлық мүміндердің разылығын таппай және Қажылықты өтемей ұйқыға жатушы болма" - дейді. Сонда Айша (р.а) анамыз таңданып: " Ата - анаммен ант етейін, мен бұлардың барлығын мұндай аз уақыттың ішінде орындай алмаймын" - дейді.
----
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у) күлімсіреп, былай түсіндіреді:
1. " Ықылас" сүресін 3 рет, "Фатиха" сүресін 1 рет оқысаң, Құран кітапты толық оқыған боласың.
2. Маған және басқа Пайғамбарларға салауат айтып, біздің қолдауымызға ие боласың.
3. Алладан барлық мүміндердің күнәсі үшін кешірім тілеу арқылы олардың разылығын табасың.
4. Ал, " Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә ләилаһә иллаллаһ уәхдаһу лә шәрикә - ләһ ләһул - мулку уә ләһул хамду уә һуә ала кулли шәйинқадир" - тасбиғын айтып, қажылыққа барған боласың.
----
"Бұдан артық нендей оңай нәрсе бар Айша" - деп түсіндіреді.
---
Өзімізге сақтап алып, үнемі орындауды әдетке айналдырайық.

42 3 ER 0.2712
ТҰРМЫСҚА ШЫҒУДЫҢ “ПЛЮСТАРЫ”
(қыздарға арналады)

Біз өткен жолы он үште отау иесі бола алмай жүрген бойдақтарға арнап “Үйленудің жақсы жақтары” деген жазба жариялаған едік. Міне, сол кезде “Енді қыздарға арнап тұрмысқа шығудың “плюстары” да осылай жазылса” деген көптеген өтініш түсіп еді.
Міне, көптің сол қалауын орындаудың сәті бүгін түсіп тұрған сияқты. Сонымен, кеттік.
Тұрмысқа шығудың жақсы жақтары, ол:

- Бұрынғыдай бәрін “өзім білемінге” салып кетпейсің, істейтін ісіңді ақылдасатын, ескертетін адамың болады. Мұның бір жақсы жері, қателесуің азаяды. (“келісіп пішкен тон келте болмайды”)

- Енді бұрынғыдай жұмыс істемесең де болады)
Күйеуіңнің миын жесең де аш қалмайсың😊 (әзіл ғой әрине)

- Енді сенде сырға болады! Бұрын да болған шығар, бірақ бұл ерекше болмақ.

- Еркелейтін адамың болады👌

- Өзіңнің ас бөлмең болады. Ол сенің территорияң, қалай істеймін, не істеймін десең де өз еркің. Байқайсың ба, әр әйелдің ас үйі әртүрлі, ыдыс-аяғы да, қолданатын заттары да, тамақтары да деген сияқты. (сол секілді сенің де ыдыс жуу, тамақ істеу, ыдыс-аяқтарды қолдануға байланысты өз стилің, тәжірибең қалыптасады.

- Бұрынғыдай өтірік шай ішіп жата салу деген жоқ, күнде дұрыстап ыстық тамақ ішесің🙂

- Гүл алып тұрасың😇

- Киім таңдап басың қатпайды, таңдап беретін, көмектесетін адам болады!

- Ана болу бақытына мүмкіндік ашылады👍

- Бұрынғыдай өзіңнің ғана құрбыларың болмайды, енді араласатын ортаң, ортақ жанұялық достарың көбейе түседі.

- Ата-анаң екеу болады.

- Қонаққа жалғыз бармайсың, қол ұстасып бірге барып келесің😉

- Бұрынғыдай “баламды қарап берші”, “үй тазалауға көмектесіп кетші”, “қонақ шақырып жатырмын, көмекке келе аласың ба?” деген сияқты өтініштер азаяды)

- Қыз балаға көбінесе көңіл бөлу (внимание) жетіспейді. Ал тұрмысқа шыққаннан бастап күйеуіңнің бар ойы сенде болады. Сен назардасың!

- Басыңа іс түссе бұрынғыдай бір өзің емес, екеулеп көтересіңдер. Жаныңда ылғи сенімді досың болады👫

- Шаршап қалсаң, оның иығына басыңды қойып демаласың.

- Тамақ табу, ақша, үй, т.б деген секілді тұрмыстық нәрселерге уайымдамайсың. Оның жауапкершілігін арқалаған өз иесі бар, сен оған тек сенім артасың, қолдау білдіресің, жағдайын жасайсың.

- Ал ең бастысы, сенің жаныңа тыныштық орнайды. Тыным тауып, орнығасың. Керемет емес пе, иә?

Алла әр моншақтыға өз жұбын адаспай табуын нәсіп етсін! Әр қыз ошақтың иесі, әр жігіт отаудың егесі атансын!

30 6 ER 0.2500
Күйеуіңіз үйде болмаған кезде…

Хатими деген тақуа кісінің әйелі де иманды, ақылды екен. Бір күні отағасы ұзақ сапарға кетіп бара жатып әйеліне:

– Мен ұзақ жолға кетіп барам, үйде 4 ай болмаймын. Саған күніңді көру үшін қанша ақша тастап кетейін? – деп сұрайды. Әйелі:

– Менің өмірім қаншалықты ұзақ болса, сонша, – дейді.

– Сенің қанша өмір сүретінің маған мәлім емес қой, – деп таңданады Хатими. Әйелі:

– Олай болса, менің ризығым да сенің құзырыңда деп кім айтты? – дейді.

Отағасы кеткен соң бір көршісі әйелден:

– Күйеуің біраз уақытқа кетті. Сенің ас-суыңа қанша ақша беріп кетті? – деп сұрайды.

Сонда әйел:

– Күйеуімнің өзі де дәл мендей ішіп-жемімізді Берушіге мұқтаж. Бірақ, Аллаға шүкір, Жаратушымыз ризықты барлық адамға береді. Сондықтан менің ризығым әрқашан жанымда, – деп жауап береді.

Иә, адамның қанша өмір сүретіні бір Аллаға мәлім болғаны сияқты, оның ризық-несібесін беруші де – Бір Алла ғана.

22 4 ER 0.2335
Қияметтік әпке-сіңілдеріміздің назарына аз ғана насихат етуді қаладық...

Біздің анамыз Хадиджа, жұмақтың ең ізгі әйелдерінің бірі.
Ол кедей жұмысшыға үйленіп, тіпті үйі жоқ Жұбайы үшін бүкіл мүлкін құрбан етті.
Бай күйеуді қаламады бірақ, өзінің байлығын күйеуіне жұмсады!
...
Қазір болса «біз әлемге бір рет келеміз» дейді қыздарымыз...
Тіпті, жиһаздардың түсіне келісе алмаған кезде ақыреттерінен үзіледі.
Сол үйге кірер кезде ол өзінің құнын жаңа отбасының алдында зат деңгейіне дейін төмендетеді.
Оның аздаған кемшіліктеріне бола мәңгілік өмір сүретін жұбайын ренжітеді және жұбайының жүрегіне «екі күннен кейін тозатын затқа» бола құрмет пен сүйіспеншілікті азайтады...
...
Әпке-сіңілдер , өтінеміз, дүниеде қалдыратын нәрселеріңізге бола жарыңызға зиян келтірмеңіздер.
Ризығыңызды беретін күйеуіңіз емес, ризық Алладан. Сіздің жұбайыңыз бұл бір себепші ғана. Тек сенім Раббыңызға берік болмаса ғана шағым айта бересіз! Өйткені, барына шүкірлік етуден шығып кеттік пе деп ойлаймын!

Фатима анамыздың берекетінің, бақытының не екенін білмейміз бе?; Фатима анамыз үйі жоқ, үйді жалға алушыға үйленді...
...
Оның күйеуі Мәһрі үшін бір тиыны болмаған кезде, ол өзінің сауыт-сайманын әйелі үшін сатып жіберді...
Енді айтыңызшы, біздің Фатима анамыз сіз армандайтын кіршіксіз үйлерге, миллиардтаған құны бар көйлектерге, біз көбірек талап еткен көл-көсір тойларға лайық емес пе еді?

Оның әкесі Хазіреті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа ﷺ былай деуі керек емес пе еді:
- Ей, Али! Сенің үйің бар ма? Сенің жұмысың бар ма? Менің қызымды не арқылы бағасың?
Бірақ, Ол ﷺ не деді?
-Ей, қызым Фатима; оған күң бол, сонда ол саған құл болады, сен оған жер бол, ол саған аспан болады.
☝🏻 Міне бауырлар... Бұл неке және ақиқат.
Біз одан да асқан және ізгірекпіз бе?
Олар бас тартпағанда, біз қалай тәкәппарлық ете аламыз?!
Біз дүниеге бір пақыр болып келіп, ақыретке дүниеден бай болып кетпекпіз бе?!

40 3 ER 0.2618
بسم الله الرحمن الرحيم.
🌸Орамал таққым келеді

Алла Тағала «Ахзаб» сүресінің 59-шы аятында: «Әй, пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт! (Үйлерінен шығатын болса) үстеріне жилбәбін (яғни жамылғысын) жапсын! Бұл оларды жеңіл (күң емес, азат әрі пәк әйел екендігін) тануға, оларға бөтен еркектердің тиіспеуіне жақын!» деп бұйырды.🧕🏻🌸

“Орамалдың парыз екенін білгеннен кейін не істеу керек?” деп ойланып жүрсеңіз, кеңесіме құлақ түріңіз...

1) Алламен байланысыңызды күшейтіңіз. 🕋 Намазыңызға, таңғы және кешкі дұғаларға мән беріңіз.

2) Көп дұға етіңіз. 🤲🏻 Алладан отбасыңыздың намазғк келуін және сізді шынайы қабылдауын сұраңыз. Және ешқашан жасаған дұғаңызға күмәнданбаңыз. 🌷

3) Ешкіммен орамал тақырыбында талас-тартысқа түспеңіз❗️ Талас-тартыс болған жерде өзара құрмет жойылып, өшпенділік пен “менікі дұрысты” дәлелдеу пайда болады.

👨👩👦 Ата-анаңыз қарсы болса, тек дұға етіп, бұрынғыдан да жақын болыңыз. Қырсығып, ұрсып қарсы шықпаңыз. Ата- ана ешқашан қызына жамандық ойламайды. Сізді басқа ағымға ілесіп кетті деп қорқуы мүмкін. Бұл жағдайда сізге керегі: дұға және жақсы мәміле.

4) Әдемі, тартымды киініңіз. 🌷Қара түс кімді болса да шошытуы мүмкін. Дінде қара кию “міндетті” деген жоқ.

5) Бұрынғы жаман мінездеріңізден арылуға тырысыңыз. 🌸 Себебі жаман мінез - адамның көркін қашырады. Отбасыңыз бұрынғы жақсы, тілалғыш қызын орамал таққаннан кейін сөз қайтарып, қарсыласқанын ұнатпайтыны айтпаса да түсінікті. 😊

5) Бәрінің сөзіне, мимикасына мән бере бермеңіз. 🔴 Адамдар әртүрлі, бәрінің көңілінен шыға алмайсыз. Бәрінен көңілінен шығуға міндетті де емессіз. Қай уақытта да ақ пен қара бірге жүреді. Бастысы - көркем мәміледе болыңыз. Осының өзі жеткілікті.

6) Білімді, жан-жақты болыңыз. Қоғамға пайдалы болыңыз. ♻

7) Адамдардың сыртқы көрінісіне қарап баға бермеңіз. ❎ Орамалда болсын, орамалда болмасын бәріне бірдей шынайы болыңыз 😊. Бастысы - адамның ❤️ - і ғой.

8) Шынайы мұсылманның үлгісі болуға тырысыңыз. Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын), ізгілерге ұқсауға тырысыңыз 😊

Ардақты әпке-сіңлім!
Алла үшін орамал тағуға ниет етсеңіз, Алла қабыл етсін. Сіз үшін дұғадамын🤲🏻

26 7 ER 0.2319
♦ӘЙЕЛДІҢ МЫНА ІСТЕРІ ЕР АДАМҒА ҚОРЛЫҚ ЖАСАУ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ: - ер адаммен дауласу; - сөзін бөлу; - жұмыстан үйге келгенде мұңайып қарсы алу; - үнемі ақыл айтып, дұрыс өмір сүрудің жолдарын үйрету; - өз-өзіне қарамай, қалай болса солай күтімсіз жүру; - оның көзінше дауыс көтеру; - кекетіп сөйлеу; - достарын жамандау, достарына, туыстарына құрмет көрсетпеу; - өзге адамдардың көзінше құрметтемеу; - күнде мін іздеп, орынсыз ұрыс шығару. ⠀

♦ЕР АДАМНЫҢ МЫНА ІСТЕРІ ӘЙЕЛГЕ ҚОРЛЫҚ ЖАСАУ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ: - оған дауыс көтеру; - уақытында көңіл бөлмеу, еркелетпеу; - оның көзінше басқа біреудің әйелін мақтау; - комплимент айтпау; - ылғи кемшіліктерін айтып, бетіне баса беру; - атын бұрмалап, мазақ ету;
- кекету; - ауыр заттарды көтеруге көмектеспеу; - жасаған тамағына үнемі сын айту; - өзінің асыраушы екенін ұмыту.

51 2 ER 0.2654