Статистика ВК сообщества "Қорқыныш Əлемі/Qorqynysh Álemі♕"

18+
Тіркелеміз! Бұл топта Қорқынышты және де Тылсым,оқыс оқиғалар шығады,Ұсынар жаңалықтарыңыз болса "предложить новость" арқылы қалдырыңыз!

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Құрметке лайық Құрмет қанша лайкқа лайық?

Қуаңшылыққа ұшыраған Маңғыстау жеріне шөп жинап берген батырымызды Қазақ Республикасының бетке ұстар азаматы деп бағалайды халық. Тіл-көзден аман болсын!!!
Қуаңшылықтан малы қырылған Маңғыстау жеріне қолдан келген көмегін аямаған Нағыз Қазақтың, халықтың баласы!

1 14 ER 0.2723
Бір шейхтің әңгімесінен:

Бір күні қайтыс болған әйелдің денесін жуындыруға әкелді. Көшеде қатты шіліңгір ыстық болса да, төбесі ашық көлікпен алып келді. Жолдың бойында оны әкелген бауырластар оның мәйітін бір орнында ұстап тұра алмады. Бауырластар денені мәшинеден сүйреп апарып, әйелдер денені жууға кірісіп кетті. Оның өлі денесін жуып болғаннан кейін мешітте оған жаназа намазын оқыдық. Жаназа намазы әдеттегідей өтті, бірақ оның денесін зиратқа әкеліп, қабірге түсіргіміз келгенде, біз оны өз орнынан мүлде алға жылжыта алмадық. Мен осы тұста сіздерге мәйітті зембілден жердің үстіне түсіре алмағандығымызды айтқым келеді. Сол мезгілде зираттың маңында болған адамдар ауыр көліктің өзін төңкеріп тастайтындай алып күшке ие болса да, олар өлі денені тіпті сантиметрге де жылжыта алмады.Қаза тапқан әйелдің үш ұлы шұңқырда еді, мен денені түсіруге көмектесетіндердің қатарында тұрдым, дегенмен ештеңе істей алмадым. Мына тылсым құбылысты қараңыз! Менің аяғым қабірдің шұңқырының үстінде болды әрі зиратта болғандардың барлығы жабылып, бұл денені қозғай алмағанын көргенде, аяғым дірілдеп, қасіреттен денем қалтырап, қатты қорқып кеттім. Осы көріністі көрген қайтыс болған әйелдің бір ұлы анасының денесі қозғалмайтынын көргенде тізесін бүгіп, айқайлап, қинала бастады. Мен оған "Ештеңе айтпа және айқайлама!" деп қолыммен белгі бердім.Біз қайтыс болған адамға қатысты фиқһта жазылмаған түрлі жағдайлармен кездестік. Сондықтан мен басқа бір шейхке хабарласып, оған жағдайды түсіндірдім. Ол маған: "Құранды оқы!"- жауап берді. Мен: "Бірақ, шейх, Құран өлгендерге бұдан былай көмектеспейді", - дедім. Шейх болса: "Оқы, Алла қаласа, пайдасы тиер", - деп қайталады.Мен Құранның "Ясин", "Кәһф", "Мүлік" сүрелерінен бірқатар аяттар оқыдым. Бұл кезде қабір басындағы бірнеше еркек мәйіттің денесін қабірге түсіруге тырысып жатты. Негізі, өлген денені бас жағынан түсіреді. Мен Құран аяттарын оқып болғанда, мәйіттің аяқтары табыттан ақырындап сырғи бастады. Мен "Аллаға шүкір, жақсы бастама", - дедім.Кенет әйелдің ұлдары анасының мәйітін көрге тастап салды. Мен олардан:
- Неліктен аналарыңды зірк еткізіп тастай салдыңдар? - деп таңдана сұрадым. Олар:
-Біз үшеуіміз де анамыздың мәйітінің алапат ауыр салмағын ұстап тұра алмадық. Егер ұстап тұрар болсақ, онымен бірге үшеуіміз де ауыр салмақпен құлап түсуші едік.Мен әйелдің ұлдарына бетін құбылаға қарай бұру үшін өліктің денесін тартып алуын сұрадым. Оның жүзін құбылаға қарату үшін денесін жарты метрге көтергіміз келді, алайда біз оның астынан қазылып тұрған шұңқырды көрдік. Тіпті мұндай шұңқырды экскаватормен қазып алғың келсе де, соншалықты жылдам қаза алмаушы едің.
Сол сәтте ұлы кенеттен басымды ұстап, өтініп сұрады:
- Анамның құпиясын сақташы! Алла сенің құпияларыңды жасырсын! Мен:
-Ештеңе істей алмаймын, барлығы бұл жағдайды өз көздерімен көрді, - деп жауап бердім. Сонда ол тағы да:
-Иә, осы менің анамның құпиясы болсын, Алла сенің де құпияларыңды жасырсын! Жоғарыға шыққан сәтте мен сізге барлығын өзім баяндап беремін, - деді. Мен оған қазір айтуын сұрағанда, ұлы қабірде тұрғанда емес, жоғарыға көтерілгенде айтатынын білдірді. Ол былай деді:
- Сізден тағы бір нәрсе сұрайын деп едім... Мен жуғаннан кейін анамның жүзін көрдім, ақтық сәтінде оны тағы бір, соңғы рет көрсем деп едім. Мен ұлдарына рұқсат бердім. Мен бұған рұқсат етілген бе, жоқ па, білмеймін. Барлығы аяқталған соң мен ұлынан шешесіне қатысты бар сырды айтуын өтіндім. Алайда ұлы менің басымнан сүйіп, кешірім сұрап, шындықты айтудан бас тартты.
-Бірақ сен маған уәде еткенсің. Ол былай деп жауап берді:
- Иә, мен анамның бет-әлпетін көрмей тұрып уәде бердім, енді көргеннен кейін сізге шындықты айта алмаймын.
Содан кейін ол маған қарап, былай деді:
-Мен сізге бір нәрсені ғана айта аламын, қабірдегі жатқан мына кісі менің анам емес.-Ұлым-ау, қалайша сенің анаң емес, құжатында да сенің анаң екендігі жазылған.-Жоқ, шейх, мен анамды соңғы рет жуындырғаннан кейін көріп, оны сүйгенде анамның жүзі нұрлы әрі жарқын болатын. Ал мына біз жерлеген әйелдің жүзі көмірдей қап-қара әрі қорқынышты болды. Мен бұл өтіп жатқан тылсым жағдайға таң-тамаша болдым. Қабірден тысқа шыққаннан кейін әлгі әйелдің ұлы сол қалпында бар шындықты айтпай, менен қашқақтап кетті. Сонымен қабірдегі осы құпия жасырын сыр қалпында сақталып қалды. Алайда Алланың құдіреті шексіз ғой, бірнеше айдан кейін анасы дүниеден өткен сол жігіттің немере ағасы қайтыс болды, мешітте жаназа намазын оқыған кезде әлгі ұлы да маған жақындау жерде тұрды. Жаназа намазы аяқталған соң ол маған келіп:- Мені таныдың ба, шейх? - деп сауал қойды. Мен есіме түспей тұрғандығын айтып едім. Ол:
- Өткенде мәйітін қара жер қабылдамаған әйелдің ұлымын ғой. Менің есіме барлығы оралып, көз алдымда тізбектеліп өтіп жатты. Бұл жігіттің келбетінен көптеген өзгерістерді байқадым, сақалын өсірген, маңдайынан ұзақ жасалған сәжденің іздерін байқадым, сүннет бойынша киінген.- Мен сол әйелдің ұлы едім, анамның оқиғасын ендігі жерде ешкімнен жасырмай барлық мешіттерде, тіпті жүрген жерімде адамдар ой түйсін деп айтып жүрмін. Ендігі кезекте сізге де айтамын, өткен жолы бар ақиқатты айтамын деп айтпай сізден қашып кетім едім, содан бері ар-ұжданым мені қатты мазалап жүр. Сол жер қабылдамаған ауыр жағдайдан кейін анамның атынан қажылыққа бардым, оның атынан мешіт салдым. Сондай-ақ көптеген жерлерден суық суы атқылаған субұрқақ жасаттым, осының барлығы анамның қабірдегі көмірдей қарайған жүзін көргендіктен, осыны ұмыту үшін жасадым. Сізге бүгін оның бетінің неліктен қара көмірдей қарайып кеткендігін айтамын, шейх.Ал сіздер қайтыс болған әйелдің ұлы не айтты деп ойлайсыздар?! Жігіт сөзін жалғастырып:
- О, шейх, менің анам Аллаға құлшылық жасамаған, ешқашан намаз оқымаған жан болатын.
- Сол кезде осы шындықты айтудан неге бас тарттың?
-Менің дәтім бармады, шейх. Себебі, сіздер жабылып менің анамды қабірге салмақшы болып, ұзақ әуреге түстіңіздер, бірақ қара жердің анамды қабылдағысы келмегенін көру өте қасіретті әрі қорқынышты жағдай еді... Қандай өзекті өртер өкініш пен қасірет дерсіз...
Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы жайында былай деген: "Кімде-кім намазды саналы түрде тастап кеткен болса, ол Алланың қорғауынан айырылады" (Ахмад, 421/6).

"Есеп күні ең бірінші сұралатын амал - ол намаз. Егер оның намазы дұрыс болса, онда ол - ең табысты болғандардың бірі, егер намазы дұрыс болмаса, шығынға ұшыраушылардан болады" (Тирмизи, 411).

Алла Елшісінің (с.а.у.) тағы бір өміршең хадисінде: «Намазды орындамаған адам нұрдан, құтқарылудан айырылады, ол Қарун, Перғауын, Һаман және Умайя бин Халяфпен бірге болады" -деп жеткізілген (Ахмад, 169/2).

44 10 ER 0.2985
Көрге түсіп-шыққан жігіт жайлы хикая

Жаратқанның құлдары имандылыққа әр түрлі жолдармен келеді. Бір адамдар туылғаннан иманды, енді біреудің басына таяқ тигенде, теперіш көргенде Тәңірісі есіне түседі. Ал мен Алланың жолына бір-ақ күнде түскен мына бір жігіт туралы естіген әңгімемді баяндағалы отырмын. Алайда, ол адам Құран оқып, Құдай жолына түсер алдында көрге түсіп-шығуға мәжбүр болған екен.
Оқиға мынадай. «Отырған қыз орнын табады» деген рас қой. Қырыққа қарай аяңдаған бір құрбымызға жаратқанның жақсы бір күнінде құдалар келді. Ескірмейтін ескі дәстүр бойынша қызға сөз айттырып, сырға таға келіпті. Күйеуге шығайын деп отырған қызды да, қызды алайын де жатқан жігітті де жақсы танитын едік. Осы екі достың бас қосуының өзі де Алланың жазуы деп білетін, өзінше бір хикая.
Қысқасы, «Сырға салу» рәсіміне қыз бен жігіттің ең сыралғы достары мен туыстары ортақтасты. Осы күнді шын тілеп жүрген Гүлайымның әпкелері әдемі дастархан жайыпты. Біз көрмеген Арал деген жездесі бар екен. Бес уақыт намазын қаза қылмайтын жігіт ағасы осындай қасиетті күнде дастарханға ішімдік қойылғанын қаламапты. Құдалықтың арты баянды болсын деп, осыны бәрі құп көрді. Есесіне дастархан басында жақсы әңгімелер айтылды. Аңқылдаған Азамат досымыз Гүлайым сұлуды бақытты ететініне туысқандарын сендіріп, көңілдері күпті құдалыққа септескен болдық. Осы жолы Гүлайымның жездесі екі жасқа тұспалдап, ғибрат болатын көп әңгіме айтты. Бірақ, мына бір айтылған оқиға ойымнан еш шықпай қойды. Бұл әңгіменің қаншалықты ақиқат екендігіне бір Алла мен айтқан адам куә. Ал менің естігенім төмендегідей. Сонымен Арал жездеміз тосын бір әңгіме бастады.
Мен сіздерге өзім білетін бір адамның имандылық жолына қалай түскенін баяндап берейін.
«Осы заманның жібі түзу адамы сияқты бұл жігіт те ешкімге жамандық жасап, кісінің ала жібін аттамаса да мұсылмандықты ескіліктің қалдығы деп білетін. Дін парыздарын салт-жоралғы сияқты қабылдап, Құран оқу, намаз оқу, Ораза ұстау дегенді үлкендерден қалған дәстүр сынды көретін еді. Сөйтіп жүргенде қалалық әкімшілікте істейтін осы азамат бір күнде Алланың жолына түсті. Адам өмірден озғанда арулап жуып, аққа кебінге орап, о дүниеге аттандырып салады ғой. Мұсылмандыққа мәйітті жерлеуге тек ер кісілер баратыны белгілі. Жаңағы жігіт те жұртпен бірге жақынын жерлеуге мазаратқа барады. Жаназа шығарылып, ет жақындардың қатарында көрге бірнеше адамның бірге түсіп бақиға аттанған адамды мәңгілік мекеніне қойысты. Осыдан кейін мәйітшілермен қосылып қайтыс болған кісінің отбасына оралғанда, жамбас қалтасында жүрген әмияны жоқ екенін байқап, айналасындағылардың сұрастырып, әбден әлекке түседі. Әмиян жоғалтқан жігіт жүрген жолын, басқан қадамдарының бәрін екшей келе, бүкіл маңызды жеке құжаттары мен қаражаты бар дүниесі көрде қалғанын сезеді. Адамға емес, қағазға сенетін мына қоғамда жоғалған құжаттардың бәрін қайта жасату қиямет-қайым екенін екінің бірі біледі ғой. Содан жаңағы жігіт молдалар мен үлкен кісілерден бірнеше сағат бұрын көмілген көрді қайта қаздыруға рұқсат сұрайды. Ауылдың имамы Аллаға жалбарынып, кешірім дұғасын оқып болған соң, әлекейдей жаланған бірнеше еркек жаңа моланы қайта ашады. Әрине, бала кезімізде осыған ұқсас оқиғаларды әр қайсысымыз да естіп өстік. Бір жаратқан иенің бар екенін әр үйдегі иманы бар үлкендер ұдайы айтып отырады. Алайда, адам баласы қалай болғанда да пенде емес пе?! Басқа түспей, көзбен көрмей Алланың бар екеніне күмән келтіруін қоймақ емес.
Сонымен әлгі жігітпен қосылып қабір қазғандар адам айтса нанғысыз сәтке куә болыпты. Бірнеше сағат бұрын қабірге қойылған мәйіттің үйін қайта ашқанда жерленген адам отыр!.. дейді. Қолында ағаш кісен бар. Бір топ адам мұны көргенде төбе шаштары тік тұрса да, тілдерін кәлимеге келтіріп, Құрандарын тоқтатпай оқып, отырған мәйітті қайта орнына жатқызғанда қолындағы ағаш кісен жоқ болып кетеді. Топырағы кеппеген моланы ашқандар әмиянды тапқанымен, жүздері ақ қағаздай қуарып, бір бірімен ләм-мим деп бір ауыз тілдесуге шамалары келмей, қайтып келеді. Сол әмиянның иесі де бала кезінен ана дүниеде сұрақ-жауаптың болатынын естіп өссе де, осыны үш ұйықтаса түсінде көрмегені ақиқат. Осы оқиғадан кейін әкімшілікте қызмет атқарып жүрген азамат бір ауыз сөзге келместен, ешкімнің уағызын тыңдамай-ақ, бір-ақ күнде имандылық жолын таңдады, дейді Арал жездеміз.

Айнаш Есалы

24 5 ER 0.2254
Намазда оқуға болатын, қысқа Құран сүрелері!

[club131288691|Қабырғаңа сақтап қой📌]

44 0 ER 0.2042
Алланың құдіреті деп санаймын...

Ерсін Ерғалиев

Поезда купелес серігім жасы 40 – тан асқан әйел. Жол ұзақ, жолға деп алып шыққан тағамдарымызды дастарханға жайып шүйіркелесіп келеміз. Өзімді таныстырып едім, ол бірден:

«Алланың өзі де рас сөзі де рас» деген мақала жазып па едіңіз, оқығанмын ұнады, сондай уақиға менің де басымнан өткен, - дегенде мен де елең ете қалдым:

- Әңгіме сізде ғой айта отырыңыз жол қысқарсын,- деп оның хикаясына құлағымды түрдім.
- Ол кезді еске алсам көңіліме мұң оралады. Менің мамандығым мұғалім, жыл сайын медициналық тексерістен өтіп тұрамыз, - деді жол серігім, - Сол кезекті бір тексерісте өзімнің «жаман ауруға» шалдыққанымды білгенде аспан айналып жерге түскендей болды. Еңсем түсіп кетті. Сенер емеспін, денсаулығымда ақау жоқ сияқты еді ғой деймін, қайтадан белді емханаға барып тексерістен өттім, диагноз расталып, бойымда сүт безінің обыры басталғанын естідім. Дәрігерлер бұл аурудың алғашқы кезеңі емделсең жазылып кетесің деп маған басу айтып көңіліме үміт отын жаққандай болды. Мен дәрігерлерге емделмей алғашқы кездерде емшілерді аралап кеттім. Ауруым асқына берді, тәбетім жоғала бастады, сыздап ауру күшейе бастады. Балам мен күйеуіме жасыра алмадым, жағдайымды айттым. Олар да бұндай жамандықты естіп, ұнжырғалары түсіп кетті. Ұлым мен күйеуім қоярда қоймай онкология бөліміне жатқызды. Химия терапия ала бастадым. Шашым түсіп, тәбетім жоғалып, құр сүйегім қалды.Бір күні жұбайым мен балам «Сені үйге алып кетіп, үйде емдейміз» деп тұр. Мен: «Дәрігерлер емдей алмай жүргенде, сендер қалай емдейсіңдер» деп көзіме жас алдым. Ішім сезді дәрігерлердің мен үмітсіз деп ауруханадан шығарғандарын.Үйге келгеннен кейін күйеуімнің мінезі күрт өзгерді. Ерте кетіп, кеш келеді, кейде қонбай қалатын күндері де болды. Бір күні: «Екеуміз айрылысайық, енді өміріміз жараспас» деп келіп тұр. Сүйеу болатын күйеуімнің түрі сол болды. Балам бұны естіп үн - түнсіз қалды. Сонымен күйеуім екеуіміз айрылысып, ол мені - тастап кетті. Осы кезде балам: «Анашым, мен сені емдеп шығармын, тек сенің маған көмегің болсын өмірден үмітіңді үзбей еңсеңді түсір ме» деп жігерленіп, бойыма қайрат, күш, сенім берді. Ол жұмысынан босап, келін екеуі мені күтімге алды...
сындай қысылтаяң уақытта анамның қиындық көрсең Аллаға сиын. Алла сонда саған пана болады, қандай қиыншылықтан болсын алып шығады дегені есте. Үйде Әжемнен мұраға қалған Құран кітабі бар еді әжем мен анамның қолдарының табы қалған қасиетті кітап қой деп құшағыма қысып біраз отырдым. Сонда бойыма бір күш құйылғандай әсерде болдым. Мүмкін солай болып көрінді ме. Өзім де құр жаяу емес едім құран аяттарын ежіктеп оқи бастадым. Осылай бар ынтаммен құран ұстап Аллаға жалбарынатын болдым Алладан дертіме шипа беруін сұрадым. Құран кітабі маған сенім берді. Сенім болған жерде өмірге деген деген құштарлық оянады екен. Балам мен келінім күндіз-түні мені күтті. Бар сенімім Алла тағала мен баламның берген жігерінде еді. Балам шөптерден дәрі –дәрмек істеп, халық емін қолданады. Содан тәбетім ашылып құстан істелген сорпадан аздап ішіп бойыма сіңе бастағанда өмірге үміт отым оянды. Бара-бара ауыртпайтын піспелерден қол үзе бастадым.Күннен күнге денеме күш-қуат біткендей болады. Осылай дертімнің емін Алланың құран кітабінен, баламның ықыласынан таптым. Сенсең де, сенбесең де сол. Құран кітабі қолымнан түспейтін болды, қайта қайта оқып жан рахатын таптым. Жүрек қалауымен намазға жығылдым. Бетім бері қарады. Балам қатты қуанды.Мен де масаттанып балама «бірінші Алла, екінші сенің арқаңда дүниеге қайта келгендей болдым. Менің ақ сүтімді ақтадың» деп едім, балам «Анашым, мен сенің тек қана еңбегіңнің бір түнін ғана ақтадым» дейді.Дәрігерлік тексерістен өтіп едім, дәрігерлер обырдың белгісін таба алмады. Бұл Аллаға деген сенімімнің арқасында емделгенім деп санаймын. Бұрынғы жұмысыма қайта оралдым. Әріптестерім, бауырларым, құрбыларым қатты қуанды.Бір күні айрылысқан күйеуім кешірім сұрап келіп тұр. Ыза болып «қай бетіңмен келдің» деп қуып жібердім. Ұлым ләм деген жоқ, тек «Сен қандай шешім қабылдасаң да, қолдаймын» деді. Бірақ оның жүрегінің түкпірінде әкеге деген сағыныш жатқанын сездім. «Алла, маған өмір сүруге мүмкіншілік беріп тұр ғой, кешірейін күйеуімді» деп, оны кешірдім. Ол қатесін түсінген болар деп ойладым. Үйге қайтып келді, бірге тұрып жатырмыз. Қызметіме қайта орналастым. Көңілімді түсірмеуге тырысамын. Обыр ауруы рухы түскен адамдарды иектеп кететінін білемін ғой. Сондықтан ұнжырғамды түсірмей үнемі көтеріңкі көңілде жүргенімді қалаймын, - деп әңгімесін аяқтаған еді. Мен өмірі үшін күресе білген әйелге риза болдым.

Иә, Алланың құдіреті шексіз ғой!

10 5 ER 0.1467
Эверест шыңы – мәйіттер мекені

Эверест – ажал тауы. Жыл сайын бұл биіктікті бағындырғысы келетіндер көбейіп келеді. Қайтып келмеуі мүмкін екенін біле тұра, альпинистер биікке ұмтылады. Ауаның жетіспеушілігі, жүректің қысылуы, үсік шалу мен түрлі жарақаттар өлімнің себептері болады. Оттегі баллонының бірден жабылып қалуынан аяқ-асты өлімге алып келеді. Оның үстіне биікке көтерілудің қиындығы жайлы ресейлік гималайлық экспедициясының қатысушысы Александр Абрамов: «800 метр биіктікте адамгершілік құндылықтары жүрмейді, ондай экстремальды жағдайда серігіңе көмектесу үшін сенің артық күшің болмайды», – дейді.Эверестте 2006 жылы мамырда болған қайғылы оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді: жәймен үсік шала бастаған англиялық Дэвид Шарптың қасынан 42 альпинист өтіп кеткен, оған ешкім көмектескен жоқ. Олардың бірі «Discovery» арнасының ұжымы болды. Олар өлім аузындағы адамнан сұхбат алып, суретке түсіріп, ары қарай жүріп кете берген.Эвересттегі альпинистер тобы әр жерде шашылып, көмілмеген мәйіттерден өтіп кетеді, олар да альпинистер, бірақ олардың жолы болмаған.Олардың кейбірі құлап қалып, сүйегін сындырып алғандар, кейбірі суықтап қалған немесе жәй ғана әлсеріп қалған, бірақ соңында үсіп қалады.8000 метр биіктікте қандай құндылық болуы мүмкін? Бұл жерде әрқайсысы өздері үшін, аман қалу үшін талпынады.Сол жақта үсіп қалған адамдар да бұл айтылғандар өздері жайлы емес екеніне сенімді болған. Ал, енді олар барлық нәрсе адамның қолында емес екенін ескертіп жатқандай.Қайтып келмегендердің статистикасын ешкім жүргізбеген, өйткені ол жаққа көбіне тек үштен бес адамға дейін тұратын шағын топтардан тұратын адамдар шығады. Бұлай шыңға өрлеудің бағасы $25 000-дан $60 000-ға дейін. Ұсақ-түйекке үнемдесе, кейде өмірінің құнымен төлейді. Осылайша мәңгілік күзеті болып ол жақта 150-ге жуық адам жатыр, мүмкін 200.Сол шыңда болып қайтқан альпинистер арасында қорқынышты әңгімелер жүр. 1996 жылы жапондық Фукуока университетінің альпинистер тобы Эверест шыңына шығатын болады. Жолдарында үндістандық альпинистердің қайғылы жағдайға тап болғанын көреді – әбден аптыққан, үсік шалған адамдар көмек сұрайды. Жапондықтар өтіп кетеді, ал түсетін кезде құтқарудың керегі болмай қалады, олар үсіп қалды.Бұл Эверестты бағындырған бірінші альпинистің мәйіті. Таудан түсер кезде ажал құшады.Меллори шыңды бірінші бағындырған адам ретінде саналады, алайда қайтар жолда қайтыс болып кетеді.Жел мен қар мәйіттің киіммен жабылмай ашық қалған тұстарын жел ұшыртып, сүйек қана қалған. Альпинистерді ешкім көшіруге тырыспайды, тікұшақ ондай биіктікке дейін көтеріле алмайды, ал 50-ден 100 килограммға дейін денені ешкім өзімен алып түсірмейді. Сол күйінде көмілген альпинистар тау бөктерінде жата бермек.

Барлық альпинистер өзімшіл емес, сонда да арасында көмектесетіндер болады. Бірақ олардың көбісінің өлімдеріне тек өздері кінәлі.Оттегісіз шыңды бағындыру мақсатында рекорд орнатпақ болған американдық Френсис Арсентьева(2-3 суретте) Эвересттің оңтүстік бөктерінде түсіп бара жатқан жолда қатты әлсіреп қалады. Жайлап тоңа бастаған әйелдің қасынан әлемнің әри қиырынан альпинистар өте бастайды. Біреуі оған оттеге береді (алғашында ол рекортын бұзып алу аламын деп бас тартады), басқалары ыстық шәй құйып береді. Тіпті, ерлі-зайыптылар оны лагерьге сүйреу үшін адамдарды жинамақ болады, алайда біраз уақыттан соң өз өмірлерін қауіпке тіге алмай, кетіп қалады.Таудан түсу кезінде бір-бірлерін жоғалтып алған американдықтың күйеуі, орыс альпинист Сергей Арсентьев оны лагерьде күте алмай, іздеуге кіріседі. Салдарынан өзі де қайтыс болады.2006 жылдың көктемінде Эверестте 11 адам қаза тапты. Әрине, егер сен ауқатты болсаң, сені гидтер алып жүреді. Егер оған шамаң жетпесе, тірі қалуға мүмкіндігің болмайды.
«Жол бойындағы мәйіттер – тауда өте сақ болу керектігінің үлгісі. Бірақ жыл сайын шыңды бағындырғысы келетіндер көбеюде. Статистика бойынша жыл сайын мәйіттердің де саны артуда. Таудағы үлкен биіктікте қарапайым өмірдегі құндылық негіздері жүрмейді. Мәйіттерді көре тұра тауға шығуға болмайды. Бұны қалыпты нәрсе деп қарамау керек», – дейді альпинист Александр Абрамов.

22 28 ER 0.1703
Қабірдегі өмір...

Ислам дінінің бес парызының бірі – иман келтірудің жеті шарты болса, солардың арасындағы маңыздыларының қатарында өлгеннен кейін қайта тірілуге және қиямет қайымға сену бар. Өлгеннен кейін қайта тірілуге, пенделердің осы фәни тірлікте жасаған жақсы-жаман әрекеттері үшін жауап беретін қиямет қайымға сенбеу, ислам дінін мойындамау болып табылады. Яғни, ислам дінінде өлімнен кейінгі өмір мәселесі еш дау туғызбайтын ақиқат шындық.

«Өлі едіңдер тірілтті, сосын қайта өлтіріп, қияметте қабірден тұрғызады» дейді қасиетті кітап Құран. Өлімнен кейінгі өмір мәселесі ислам дінінде аса маңызды орын алады. Құранда қамтылған ең негізгі мәселелердің қатарында қиямет қайым, оған сенушілер мен сенбеушілердің жайы бар.
Алламен кездесетін, осы дүниеде жасаған жақсы-жаман істері үшін толайым жауап беретін қиямет күніне сенбей нәпсінің құлына айналған пендені о дүниеде не күтіп тұратындығы Құранда аққа қара жаққандай анық айтылған. Одан қалды Пайғамбарымыздың хадистерінде де ол жөнінде жан-жақты баяндалған.Өлім жайындағы ислам дінінің түсініктері туралы не айтуға болады? Өзге дәстүрлі діндерден өзгеше, ислам дінінде өлген адамның қабірдегі өмірі жөнінде ұғым бар. Соны өзімізше рет-ретімен баяндап көрелік. Адамның жаны шыққанмен, оның нәзік тәні денені тастап кетпейді. Нәзік тән өзін жоқтап жылаған туыс бауырлары мен ақырғы сапарға шығарып салуға келген таныстарын көріп, естіп тұрады дейді.Тек жаназасы шығарылғаннан кейін ғана оның құлағы бітеліп, ести алмайтын күйге түспек. Шариғат жолымен өлген адамды жуып, намазын шығарған соң қабірге әкеліп жерлейді. Мұсылманша жерлеудің бір өзгешелігі, қабірдің жанынан қуыс қазылып, лақатталады. Яғни, мүрде жер астындағы бос қуыста кебінге оралып жатқызылады. Жерлеген адамдар қабірден қырық қадам ұзаған соң өлгенді тергейтін Мәңкір-Нүңкір періштелері келіп, тергеуге алмақ.Егер пенде тіршілігінде күнә жасап, шариғат жолымен жүрмеген болса, оны періштелер қатты азапқа салмақ. Жаны қиналған пенденің жан дауысы шығып, төңіректі дүр сілкіндіре айқайға басатын көрінеді. Бірақ, оның ащы даусын жан-жануарлар естісе де, адам естімейді. Қазақтың: «көріңде өкіргір» деген сөзі осыдан шыққан болар, бәлкім. Пайғамбарымыз айтты деген мынадай әңгіме бар. Мұхаммед ғалейкиссалам бір мұсылманды жерлеуге барады. Өлік қабірге қойлып, оны көміп жатқан сәтте пайғамбарымыз: «о, мұсылмандар, осы күнге мықтап дайындалыңдар, қабірдегі бірінші күн ең ауыр күн, сол күннен дұрыс өтсеңдер, арғы жағы жеңіл болады» деген екен.Өлген пенденің көрер азаптары қабірден басталады дейді. Періштелердің тергеп, азаптайтыны өз алдына, жердің жан-жақтан қысып, тұншықтырар көр азабы да аз болмайды. Күнәкар пенде үшін азаптың ауыры қиямет күні, яғни жасаған іс-әрекеттері үшін Алланың алдында жауап берер күні келмек.Құранда жазылғандай «ол күні қабірдегілер көздері алайып жүгіріп бара жатады». Құлақ тұндырар ащы дауыс үрейлерін алған қабірде талай тауқыметті бастарынан өткерген пенде тақтайдай болып тегістелген жердің бетінде барар жер, басар тауы қалмай, найза бойы биіктікке әкелінген ми қайнатар шыжыған күннің астында өзінің тағдырының қалай шешілерін күтіп жүз жыл тұра ма, мың жыл тұра ма белгісіз.Пайғамбарымыз «ол күні тамұқ адамдарға жетпіс мың құлаш жерге жақындатып қойылады, оны жетпіс мың періште ұстап тұрады» дейді. Егер періштелер ұстамаса, долданған тамұқ оты адамдарды жұта салуға ұмтылады екен. Пенде оң жағына қараса да күнәлі істерін, сол жағына көз салса да тіршілікте жасаған жамандықтарын көріп, алдына қарағанда өзіне долдана ұмтылған тамұқ отына көзі түсіп зәре-құты қашады.Ислам дініндегі о дүниедегі өмір жөніндегі түсінік адамды өткінші фәни дүниенің бес күнгі қызықтарына алданып, нәпсінің шырмауына шырматылып ар ұялар жаман істер жасаудан сақтандырады, діни парыздарын орындап, қайрымдылық, жомарттық, кешірімділік, кішіпейілділік сияқты адами ізгі қасиеттерді бойына дарытып, нағыз адамша тірлік кешуге үндейді.

14 21 ER 0.1536
Астанада 8-ші қатарда ілініп тұрған баланы көршісі құтқарып қалды.

3 20 ER 0.1292
Қызым алдын -ала ескертіп жүреді...

Бір түнде ойнап, мәз болып жүрген жалғызымнан айырылып қалады деп кім ойлаған? Қызым еш ауырмастан, бір күннің ішінде,бір түннің ішінде өмірден өтті.Тәтті ұйқыда жатып көз жұмды. Дәрігерлерде ұйықтап жатып жүрегі тоқтап қалғанын айтты. Зар еңіреп жалғызымнан осылай айырылып қалдым. Бірге ойнап, бірге сабағына алып барып, алып қайтып қалаған заттарын алып беріп, еркелетіп өсірген қызымды күнде сағынып жылай беремін, жылай беремін.Әкесі күнде жұмыста, жұмыстан кеш келеді. Таңнан кеш батқанға дейін менде бір қайғы, қызым қайтып келердей күтумен боламын. Бірде ас үйде отырып терең ойға шомылып қызымды ойнатып отырыған кездерді елестетіп отырып қызымды шақырдым, құлыным мені сағынбадың ба? Неге маған келмейсің? Деген сәтте қызымның бөлмесінен:

- Анашым...
Деген дауыс шыққанда қорыққанымнан тілімді жұтып қоя жаздадым. Өзімнің қорқынышымды жеңіп, жетіп жүгіріп бардым. Барсам қызым ойыншықтарымен ойнап отыр түсім бе ? Жоқ өңім маған қарап:

- Әкем енді сізді жақсы көрмейді ме ? Неге ол Настямен жүр?

Мен аң - таң қарап отырғаным сол еді қызым жоқ болып кете барды.
Қайтадан ас бөлмеге келіп өз- өзіме келе алмай біраз отырып қалғанда,есіктен әкесі яғни күйеуім келді. Мен күтіп алмай отыра бердім. Жәй ғана:

- Енді мені жақсы көрмейсің бе?- деп сұрадым.
- Не деп тұрсың?
- Шыныңды айта берсең болады!

Сол кезде:
-Иә, мен басқа біреуді жақсы көремін,соңғы кезде өз өзіңе қарамайсың, жылап отыра бересің! Көңіл бөлмейсің! ...

-Настя,ма?

- Сен не мені аңдып жүрсің ба?
Деген кезде үндемей кетіп қалдым. Көп ұзамай айырылысып кете бардық.Арада бірнеше ай өткеннен соң қызым тағыда бөлмесінен "анашым".... деген сәтте жетіп бардым.

- Анашым, ертең таңертен әжемдікіне бармай -ақ қойшы жәрәй ма?
Деп тағы да ғайып болды.Мен ертеңіне бармадым. Шамалы уақыттан соң хабардан мен мінетін ауылға жүретін автобус жолда аударылып біршама адамның өмірін қиыпты. Мен тағыда таң қалдым.Арада біраз уақыт өтіп ауруханаға жатып қалдым.Сонда тағыда қызым келді. Бұл жолы бұрынғыша анашым деп күліп қуанышты жүзбен емес,мұңайып маған қарап:
- Анашым өз- өзіңді күт,сізде рак емделіңізші мен сіздің өмірден өткеніңізді қаламаймын, әлі де сізде уақыт бар жазылып кетесіз (деп мұңды дауысымен) ғайып болды...

9 13 ER 0.1242
Тар орын...

— Кішкене кезімнен тар жерлерді, тар орындарды аса ұнатпаушы едім. Тар көшеге тап бола қалсам, өз-өзімнен қысылып, тезірек өтіп кетуге асығатынмын. Ауа жетпей қалатындай болып тыжырынатын сол тар орынға бүгін еріксіз кіруге мәжбүр болып отырмын.Мені ақ матамен орап, ұзын табытқа салыпты. Көзім жұмулы болса да, маңайымдағылардың даусын анық-ақ естудемін.

– Байғұс, жастай кетті-ау. Алда бітіретін талай істері, көрер қызығы көп еді, – деп мүсіркесіп жатыр.Шынымен де, көп жұмыстарым бітпей қалды. Балама қос қабатты үй, әйеліме шетелдік мәшине, үйді жиһазға толтырсам деген ойым, жаңа фирма ашып ақшаны күреп табам деген жоспарларым – бәрі де жартылай бітпей қалды.Бірден тосыннан естілген «Болды, бәрі де өтті, кетті» деген дауыстан құлағым шыңылдап қоя берді.Ішімнен, шіркін, әлі өтпегенде ғой дедім. Тәп-тәуір-ақ көлік айдаушы-ем қалай ғана қазаға ұшырадым екен? Бірте-бірте не болғанын еске түсіріп жатқанда, достарымның табыттың есігін жаппақ болып ыңғайланғандығын байқадым. Енді бір сәтте табыттың саңлауынан ішке құйылған күн сәулесінен басқа айналам тас қараңғы түнекке бөленді. Қанша тыпырламақ болып, барынша айғайлағым келгенмен бұнымнан түк шықпады. Қатты қорыққандықтан ештеңе де ойлай алар емеспін. Аздан кейін табытты иыққа артып, жайлап қана бір жаққа апара жатқандарын сездім. Дәл осы кезде жайлап жаңбыр себелей бастады. Сірә, жаназамды шығару үшін мені мешітке апара жатыр-ау деймін. Мешіт демекші, есіме түскенін қарашы, тіршілігімде үйге тиіп тұрған мешітке аяқ аттап көрмеппін. 50 жасқа толғанда барлық нашар әдеттерімді тастаймын, әрі намазды да сол кезде оқып, жақсы адам болам деп ойлаушы ем.Құлағымның түбінен бағанағы дауыс қайта естілді.

– Болды, бәрі де өтті, кетті.

Жаназа намазым оқылып біткеннен кейін, имам сол жерге жиналғандардан менің қандай адам болғандығымды сұрады. Іштерінен біраз адамның үндемегенін де сезіп жатырмын. Мен оларға кезінде жамандық істеген едім. Ойпырым-ай, аяқ астынан осы бір апатқа ұшырамағанда, бәрімен қайта достасар ма едім.Мешіттегі жұмыс біткеннен кейін мені иыққа көтеріп, ырғала қайта жолға түстік. Жаңбыр құйып кеткендіктен, табыттан сорғалаған тамшылардан кебінім суға малшынды. Мен бірақ сонда да достарымның әңгімесінен құлақ алар емеспін. Олардың кейбіреуі доллар құнының төмендеп, жоғарылағанына қызыл кеңірдек боп айтысып жатса, енді біреулері теледидардан көрген кешегі әзіл-сықақ тамашаны әңгімелеп келеді. Алдыңғы жақтағы біреу екіншісінің құлағына:

– Жер хабар бермесін, марқұмның дәл бүгін өле қағанын қарашы. Қазылған моласына жеткенше-ақ, малмандай су болдық, – деп сыбырлады.Мен шалыс естіген болармын деп өз-өзімді жұбаттым. Әйт­песе, кезінде осы достарымның той-томалақ, қызықтарында көмектесіп менен көп жүгірген кім бар?!
Молаға да жеттік-ау деймін. Мені жерге түсірді. Әлсіз, жеңіл денемді табыттан алып, біраз су толып қалған шұңқырға абайлап қойысты.
Ұзыннан-ұзын жатқан күйімде маңайыма көз салдым. О, тоба! Қабір деген осы емес пе?
Осы уақытқа дейін қабір жайлы қалай түк ойланбағам? Достарым болса, тезірек көміп кетуге асыққандай.Көзге түртсе көргісіз қараңғыда қалған мен шарасыз күйде:

– Иә, Алла Тағала! Бар ісімді, бүкіл пендешілік қылықтарымды түзетерлік тағы бір мүмкіншілік берші? – деп жалына бастадым.
Таныс бір үн тағы қайта­ланды:
– Болды, өтті, бәрі бітті!

Үстіме күрекпен лақтырылған топырақ дауысы күн күркіріне ұласқандай. Ақырғы рет тыпырлап барып, ышқына оянып кеттім. Тұла бойым қара терге малшынып, қатты терлеппін. Өз үйімде, өз төсегімде тып-тыныш-ақ, аман-есен жатыр екем. Тек қана көрші бөлмеде тұратын дәрігер досым қасымда екен. Маңдайымды ұстап көріп:

– Болды. Бітті. Аман-есенсің. Еш ауруың жоқ, – деді.Атып түрегелдім. Қатты терден төсегім де су болып кетіпті. Далада найзағай күркіреп, жаңбыр құйып тұр екен. Өзімнің тірі екендігіме әбден көзім жеткеннен кейін:
– Я, Алла Тағала! дедім ішімнен, – маған түзелу үшін тағы бір мүмкіндік бергенің үшін мың да бір шүкір! Бұл мүмкіндікті енді жібермеспін………………….


Б. Әлібек

13 2 ER 0.1113