Статистика ВК сообщества "ʙᴀɴɢᴛᴀɴ ʙᴏʏs [ ʙᴛs ] ɪᴍᴀɢɪɴᴇ"

0+
— қош келдіңіздер!

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

#BTS_HIT_IMAGINE

#Елестетші, сен өзіңді асырап алған жігітке ғашық болып қалдың.

4 - episode

#Елестетші
— Не болды, Чонгук? Бұл жерде мені көремін деп ойламадың ба? - таңғалыста тұрған Чонгукке қарап.
— Иә, әпке сені көремін деп ойламадым, - бұл да қалыспай.
— Демек, мен жоқта үйге қыз алып келдім де, - киімінің жендерін көтере бастап.
— Эй, ол сен ойлағандай емес, - Айлиннің екі қолына қарап.
— Чон Чонгук, өлдім дей бер, - жүгіріп.
— То-тоқта, түсіндіруге мұрша бер, - Айлиннен қашып.
— Жақсы, - тоқтай қалып. Айлин тоқтаған соң, Чонгукте тоқтап екеуі орындыққа жайғасты. Ал Чонгук сені үйге қалай алып келгенін айтты.
— Менің інім алғаш рет жақсы іс жасап тұр ма? - Чонгукты келеке етіп.

#Елестетші, түс болып қалған уақыт. Сен енді ғана көзіңді ашып бастадың. Кереуеттен тұрып, жуынатын бөлмеге кірдің. Бес минутқа созбай шығып, киіндің. Енді ас жасау үшін бөлмеден шыққаныңда бейтаныс күлкіні естіп тоқтай қалдың.
— Неге сонша күліп жатыр? Чонгук үйге кімді алып келген? - іштей сөйлеген күйі төмен түстің. Жарқын күлген дыбыстар ас бөлмеден шығып жатыр екен. Сен білдіртпей есіктен сығалап тұрып, қарай бастадың. Чонгук және бөтен қыз екеуі сондай жарасымды көрінеді. Сен чемоданды көрдің. Ол екеуіне қарап өзіңді біртүрлі сезіне бастадың. Чонгукты басқа қызбен көру бұл саған ауыр тиді. Бірақ, не үшін?

#Елестетші, сен енді кеткелі жатқаныңда Чонгук сені байқап қалып:
— С/е, кел таңғы ас ішеміз, - күле сені шақырып. Сен оған бұрыла қарап:
— Жоқ, ішпеймін, - деп жүгіре бөлмеңе кіріп кеттің. Чонгук сенің бұл қылығына түсінбей қалды.
— Қазір, - Айлинге осыны айта сенің артыңнан кетті. Ал Айлин сені түсінген сияқты ол жай ғана күлді. Сен есікті жауып алып, есікке сүйеніп, жүрек тұсынды ұстап:
— Бұл жүрекке не болды? Неге қатты соғып жатыр?! - жүрегін ұрғылап. Бірде есік артынан Чонгуктың дауысы шықты.
— С/е, бір нәрсе болды ма? Есікті ашшы, - есікті қағып. Сен лезде өзіңді дұрыстап:
— Ештеңе болған жоқ. Мен де бәрі дұрыс, - еденде отырып.
— С/е, мені екі қайталатпа! - қаталдана. Сен тұрып, есікті аштың да, кереуетке отырдың. Чонгук есіктің ашылғанын көріп, ішке кірді. Сенің қасына келіп отырып:
— Сенде бәрі дұрыс па? - жүзіңнен байқап.
— Бәрі дұрыс дедім ғой, - оған қарамай.
— С/е, маған қарашы, - сенің өтірік айтып тұрғаныңды біліп. Сен оған қарадың. Тек сөйлемедің.
— Бүгін сен қалаған нәрселерді істейік, - сенің көңіліңді табу үшін.
— Жақсы, онда бүгін қыдырайық. Сіз, сіздің қызыңыз және мен, - сен оны айтқың келмесе де, қиналып айттың.
— Менің қызым? - күліп.
— Иә, ас үйде отырған сіздің қызыңыз емес пе? - оған түсінбей қарап.
— Ол менің қызым емес, әпкем, - шілек қата күлді. Сен "әпке" дегенді естіп, ұялдың бір жағынан қуандың. Бірақ, неге екені белгісіз.

Жалғасы бар

#ᴅᴀɴɪᴋ

10 16 ER 2.8044
#BTS_HIT_IMAGINE

#Елестетші ол жұмыстан қолы босамайды, араларын тіпті суық, болмаған соң ажырасуды шештің.

#Елестетші Таң ерте тұра, таңғы ас дайындап болған соң киімін әдеттегідей үтiктеп, оны ерте ояттың. Ол тiптi "қайырлы таң" тілеместен орнынан тұрып кетті. Әдеттегі жайт болса да жүрегiңді ауырататын. Іштей өзің көтеріп жүрген баланы осылай асырасаңдар, ол не жылу сезеді деп ойлатынсың. Иә сен жүктiсiң, бір қызығы оны кеше білгенсің, бірақ оған айтудың орайын таппадың. Жылдамдата оған ұйқысын ашу үшін кофе дайындап қойдың. Ойланып жүргеніңнің кесірінен қанттың орнына тұзды аңғармай салып жібердің. Үстел үстіне отырған ол кофені ыстық болса да iшiп жатыр едi, бiрден жерге лақтырып жіберді, оған шошынған күйде карап калдың.

– Мынау не?Құрып кеткір, сен не? Мұнда тұз салғанбысың? Таңғы асты да жөнді іше алмаймыз!- деп үйден ашулана шығып кетті.

#Елестетші жердегі төгілген кофе мен сынық шыны ыдысты көре тағы ойланып кеттің. Жасаған iстерiңдi есiңе түсiре қантты емес тұзды салып жібергеніңе өзіңді кінәлай бастадың. Не де болса ыдыс сынықтарын жинап жатып жылап отырсың. Еш нәрсені қаламайсың, тек оның саған бұрынғыдай болғаны керек еді. Дұрыс ол еркек адам, оны құшағыңа қысып ұстап отыра бермейсің ғой. Үйге қаражат кiргiзетiн басты адам. Қанша ойламаймын десең де болмады, бірақ, ақыры көптен ойлап жүрген істі жасауға бекіндің. Кешке дейiн үй жинап тамақ әзірлеп болған сәтте есік қағылды. Жай адыммен есікті аштың. Шаршаңқы, солыңқы түрмен келген күйеуiң тұрды. Есiктен былай тұра оны кiргiздiң. Аяқ киімін реттеп, үй ішіне кірді. Бірден ас бөлмеге бұрылмастан жатын бөлмеге кете барды. Ас бөлмеге кіріп реттедің де, оның ізінен еріп кеттің. Ол осы уақытта жуынып, кимiн ауыстырып болған соң кереуетте жатыр екен. Есікті қағып оған қарай:

ㅡ Кешкі асқа түс, саған айтатын әңгімем бар. - лезде осы сөзді айта, шығып кеттің. Ол да қарсы болмай шығып келді. Кешкі асты iшiп отырып:
– Чимин мен бiр шешiмге келдім
– Қандай?
– Ажырасайық -үнсіздіктен соң тіл қата:
– Екеуiмiзде тiптi бiр-бiрiмiзге суықпыз, әрі айқай-шу көп болады. Кейін татулассақ мейлі ғой, осылай бет көрiспестей кетеміз.
– Сонымен
– Және шартым бар, ажырасқан соң сенің маған да, менің құрсағымдағы балаға да еш қатысың болмайды. Ал менің саған.
– Жақсы, ақыры шешiм қабылдаған екенсiң, ажырассақ ажырасайық.

#Елестетші шыны керек оны сен үшiн болмаса да, бала үшiн ажыраспайды деп ойладың. Ол шынымен суық, әрі саған сезімі қалмағаңына көзің жетті. Ол үстел үстінен тұра кетіп калды.Осы сәтте тағы жылап жiбердiң. Өзiңдi не де болса қолға ала, көз жасыңды сүрттің. Орныңнан тұра, iшiндi ұстай:
– Болды, енді сен және мен ғана өмір сүреміз, ешқандай артық адамдарсыз.

#Елестетші үстел басындағы тамақтарды тоңазытқышқа сала, қалғанын жуып жаттың. Неге екенiн бiрде беліңе біреудің қолы тиді. Аяқ асты болған соң, селк ете калдың.Бірақ бұл Чиминнің колдары екенін аңғардың.
– Және мен де өмiр сүремін?
– He? - оның айтқан сөзін түсіне алмай.
– Сонда мен оңай ажыраса салатын адамға ұқсаймын ба? Әлде балам мен әйелiмдi жападан жалғыз далада тұрғызамын ба? Сен менiң жүрегiмнiң жартысысың,ал бала менің қаным. Дұрыс мен жұмыс бастымын бәлкім, суық болармын. Бірақ бұл мен сенi ендi сүймеймін дегенді білдірмейді. Мысалы, сенi қарашы ыдыс жуып тұрсың, ал мен саған барлығын түсіндірудемін, ал сен тiптi маған жақ ашпадың, бұл дұрыс па? Бағаналы бері тыныш тұрғаның жылап тұр едің, жүктіліктен болар осымен үшінші рет жылауың. Ол сені өзіне қарата: – Сөз берем енді ұрыспайтын боламын, егер тағы саған және баламызға қарамай жатсам мені ұрып не ұрыс, себебі сен осындай кезде тіпті үнсіздікпен қалуың жаныма батады.

#akiivals

4 12 ER 1.9142
♨️ЕКІ ОТТЫҢ АРАСЫНДА♨️

                        episode - |13|

-Маған бәрібір.
-Мари!
-Қойшы. Араласпа біздің өмірімізге. Саған айттым емеспе? Жолама деп. Сенің кесіріңнен...
Чонгук күрсініп:
-Саған тиісті ме?
-Дегеніңе жеттің ғой. Не керек?
-Олай деме. Менде мүлдем ондай ой болмады.
Мари көзін жұмып:
-Мен шаршадым... - деді. Чонгуктың да жүрегі жылап жатырған болатын. Өзінің кесірінен бұлай боларын ол әу бастан сезіп еді.
Мари өзін ретке келтіріп:
-Болды, хабарласпа. Ендігі таяқты көтерер менде әл жоқ. - басып тастады. Кейін жыламайын деседе, көзінен жас тамып кете берді. Солай түнімен ұйықтай алмай отырды. Тэхённің жүзіне қарап отырды. Мари Тэхёнды жақсы көреді, бұны Тэхёнда біледі. Мари сезімін айтуға қысылады. Ал Тэхён бұны басқаша қабылдап жүргендей.

Таң.
Тэхён жейдесін киіп жатыр. Мари оның жағасын дұрыстап жатыр еді, Тэхён:
-Саған айтпадым ба?
-Нені?
-Бүгін біздің есеп беру жиналысымыз. Сенің қатысуың қажет.
Мари ойланып қалды. Кейін кешегі Чонгуктың сөзі есіне түсіп:
-Барамын. Сәл күте тұр. - киінуге кетіп қалды.
Тэхён Тонудың жанына барып, аппаратын түзеп қойды. Жанындағы мейірбикеге қарап:
-Мари күндіз үйде болмайды. Таңғы асты осында әкеліп бер. Жақсылап қара, шағым естімейтін болайын. - Тонудың маңдайынан сүйе шығып кетті. Көлігінің жанында тұр еді, іштен Мари шықты. Өте үйлесімді ақ жейде мен күлгін белдемше. Шаштарын бір ұстағышпен ұстатып қойған. Қолында Тэхённің кастюмі.
-Бірдеңе болды ма? - Мари қасын көтеріп.
-Сені сүйемін.
Мари жымиып, оған кастюмін берді. Алайда, қазір оны қандай жағдай күтіп тұрарын жақсы білді. Себебі ол жиналыста Чонгукте болады емеспе?
Солай олар компанияға бет алды.

Ким әулеті.
Суа мен Лису уайымдап отыр. Себебі бүгінгі жиналыста жылдық ақшалар бөлінеді. Бүгін Тэхён әркімнің жұмысын тексеріп, әкесінің алдында жауап береді. Тіптен, кейбір адамды жұмыссыз қалдыруыда ғажап емес.
Лису қиналып отырды.
-Лису, бәрі дұрыс па?
-Иә, дұрыс, дұрыс.
Анасы келіп:
-Қайдағы дұрыс? Саған көп күтім қажет. Барда, демал. Түскі асты Суа жасайды.
Суа қабағын түйіп:
-Оған қандай күтім қажет?
-Оның аяғы ауыр.
-Омма... - Лису ұялып.
Суа көзі үлкейіп:
-Не?
-Не болды? Не шошисың?
-Жәй, құтты болсын. - Суа сабасына түсіп. Тону жетпегенде енді Намджун мен Лисудыңбаласы оған кедергі болатын болды. Кейін ас үйге келді.
-Ыну? Балам, мұнда не үшін жүрсің? Сабағың қайда?
-Бармадым.
-Не? Кхм-кхм. Батырым, неге бармадың?
-Тону бармауымды өтінді. Ол ауырып жатыр, 1 күн сабаққа бармай, оның жанында болайын деп шештім.
-Сен... Жақсы, келесі де менен рұқсат сұрайтын бол.
-Анашым, қорықпа. Мен Тонуды жақсы көремін. Ол Тэхён аға секілді емес. Ол үнемі әкеме дауыс көтереді ғой. Ал Тону ондай емес. Тону менің жалғыз інім. - Ыну өзінің аға екенін сезініп.
-Бірақ... Бәрі Тонуды жақсы көреді ғой. Сен қиналып жүрген жоқсың ба?
-Омма, маған бәрібір. Бірақ ол ауырып жатыр. Ал мен інімнен айырылғым келмейді. - күліп, шығып кетті.
Суа орындыққа отырып:
-Ыну... Сенің мына мейірімділігің ертең өзіңе қарсы қару болады. Ол Тэхённің ұлы. Бәрібір ертең әкесі секілді, сені де қинайтын болады. Бірақ, саған қалай түсіндіремін?

Компания.
Мари мен Тэхён жиналыс басталғанша Тэхённің кабинетінде отырды. Тэхён жұмыс жасап отыр, ал Мари кабинетті қарауда.
-Не болды? - Тэхён оның қозғалмай тұрып қалғанын байқап.
-Жәй. Ештеңе.
-Әдейі істейсіңбе?
-Жоға. Жұмысыңды жасай бер.
Тэхён үндемей қағаздарды реттеп жатыр. Мари қабырғаны ұстап күрсінді.
-Мари, қазір оңдырмаймын!
-Бірдеңе дедім бе? - Мари шошып.
-Айтсаңшы енді.
-Біздің отбасылық сурет қайда Тэхён?
Тэхён түсінбей қалды. Қабырғаны қарап еді расымен отбасылық сурет жоқ екен.
Мари күліп:
-А сен мені кешірмеген екенсің ғой.
-Оның қатысы жоқ. Расымен сурет қайда? - үстеліне жақындап, хатшыға соқты.
-Рея, менің кабинетімдегі сурет қайда?
Мари "Рея" дегенді естіп тұрып қалды.
Тэхён тұтқаны қойған соң:
-Чимин қайда?
-Ол енді Намджунның жанында. Соған қызмет етеді.
-Рея ма саған қызмет ететін?
-Иә, не болды?
-Иә, Тэхён. Не болды? - Рея кіріп келді де, тұрып қалды. Мари оған қарап тұр. Басында Рея сауық кеште өте қарапайым қыз болып көрінген еді. Тіпті кейін кездестіргенде Мари Реяның тек байсалдылығын көрген болатын. Ал қазір. Қазір Реяның үстінде өзіне жарасып, әрі тыртысып тұрған киім. Олда ұзын шаштарын бір қыстырғышпен ұстатып қойыпты.
Маридың ойын, Тэхён бұзып:
-Картина қайда?
-Сіз кеше алып тастасын дедіңіз ғой?
-Не? Мен кеше болмадым.
Мари қабағын түйіп, Тэхёнға қарады.
-Кеше сіздің атыңыздан біреу айтқан болатын, кабинеттегі отбасылық және Мари ханымның картинкаларын алып тастасын деп.
-Мен ешқашан ондай бұйрық бермейтінімді жақсы білесің.
-Кешірім сұраймын. Жиналыс біткенше дұрыстап қоямын.
-Бара бер.
Рея ақырын Мариге қарап жымиды да, шығып кетті.
-Оны не үшін хатшың етіп алдың?
-Қызғанып тұрсың ба?
-Иә. Ал енді айт.
-Не болыпты? Алғым келді, алдым.
Мари үндемей қалды.
-Алғың келген нәрсені ала береді екенсің ғой.
-Ол картинканы мен алдырмадым.
-Иә, саған сендім.
-Мари, ашуыма тимеші.
Мари шыдамай шығып кетті. Есікті тарс етіп жапқанының өзі Реяға күлкі сыйлаған болатын. Кейін Реяға қарады.
-Не болды, Мари ханым?
Мари алара қарап, жүріп кетті. Өзіне қарсы келе жатырған әкесін көрді де, құшақтап алды.
-Қызым? Сен келгенсіңбе?
Мари үндемеді. Тек қана әкесін қатты құшақтап тұр. Жанындағы компания басшылары күліп:
-Әкесін сағынып қалыпты ғой. - десті.
Мари басын көтеріп:
-Бүгінгі жиналысқа мені де шақырды.
-Сені келмейді деп ойлап едім. Келгенің жақсы болды.
-Әке, мен біраздан соң келемін.
-Әрине, бара ғой.
Мари жүріп кетті. Асығып төменгі қабатқа түсті. Намджунның кабинетінің алдына келіп, Чиминді тоқтатты. Чимин түсінбей:
-Мари?
-Не болып жатыр, Чимин?
-Мен Реядан жеңілдім. Сенше?
-Ол кім? Кім сонша?
-Тэхённің өзгеруіне себеп болған сатқын деуге болады.
-Сен Тэхёнға керексің, Чимин. Ол қыз бәрін...
-Сенше?
-Не? Мен?
-Тэхёнді итеріп болсаң, енді оған өзің бас көз бол. Тэхён сені қанша есе жақсы көреді, қанша есе күтті, осының бәрін мойында. Сен оның әйелісіңғой. Онда Рея сен үшін ештеңе емес.
-Чимин...
-Кешір. - Чимин әрі қарай, Намджунның кабинетіне кіріп кетті. Мари дым түсінер емес. Тэхён бәрімен ара-қатынасты бұзып жатыр. Мүмкін емес...

Жиналыс.
Мари ішке кіруге жүрексініп тұрды. Себебі ол жерде Чонгук бар. Әйнектен оған қарап, мүлдем ішке кіргісі келмеді. Бір мезетте Тэхён оның қолын ұстап, ішке еніп кетті. Мари ыңғайсызданып, оның жанына отырды.
Солай жиналыс басталды. Тэхён өз әкесінің алдында есеп жасады. Джин мен Намджун сол орындарында қалатын болды. Әртістер, ноутбуктерде сөз болды. Мари болса, Чонгукке қарап отырды. Оның кешегі сөздері орындалып жатқандай. Ал Чонгук "көрдің бе?" дегендей қасын көтерді.
Жиналыста Тэхён тым қатты беріліп, біраз шаршап қалды. Себебі кейбір есептер араласып жатты. Мари оның қағаздарын дұрыстап, оған кезек-кезек беріп отырды. Солай жиналыс бітті. Мари бәрін әдеттегідей жымиып, шығарып салды. Өз әкесіменде қоштасты.
-Сау болыңыз. - Чонгукке ақырын бас ие.
-Сізде. Аман сау болыңыз. - Чонгук жымиып шығып кетті.
Тэхён оларға бір қарады да, терең тыныс алып:
-Сен...
-Мен онымен сөйлескен жоқпын. Тек қоштастым. - Мари бірінші болып шығып кетті. Тэхён оның артынан еріп, өз кабинетіне келген кезде Мариды бұрып, ернінен сүйе кетті. Мари тынысы тарылып:
-Тэхён...
-Менен ештеңе жасырып жүрген жоқсың ба?
-Жоқ. Ал сен? Сенше?
-Бәрі көз алдыңда. Сенен ештеңе жасырмаймын.
Мари қоя салды. Артық сұрақпен оны мазалағысы келмеді.
Рея ішке кіріп:
-Мырза, мен...
-Саған ешкім есік соғуды үйретпеді ме? - Мари сәл Тэхённан ажырап.
Рея намыстанып қалды. Кейін күліп:
-Мен байқамай қалдым. Тэхён мырза, мына құжат...
-Кейін. - Тэхён қолмен оған шық дегендей қылды. Рея ашудан өтірік күліп шығып кетті. Шықты да Чиминді көріп:
-Не керек?
-Мариды жеңемін деп ойлайсыңба?
-Мазамды алмашы, ақымақ. - орнына отырып.
-Тэхён... Мариды бала кезінен ұнатады. Тіпті оған ешкімді жолаттырмады. Оны Чонгуктенде, бәріненде тартып алды. Оған үйленді. Тіпті компанияның жартысы Маридың атында, ол сол үшін жиналыстарға қатысады. Ал оның балалары осы компанияның мұрагері. Сен білмейтін боларсың, бірақ Тэхённің жүрек тұсында "Мари" деген жазу бар. Ол оны мектеп кезінде жаздыртқан болатын. Ал ойлашы. Сен Мариды оза аласың ба?
Рея үндемей тұр. Кейін күліп:
-Маридың теңі - Чонгук.
-Қателесесің. Бұлай киініп, шашыңды қанша жерден әдемілесеңде, бәрібір Мари секілді болмайсың. Неткен аянышты адам едің, Им Рея. - Чимин таңдайын қаға кетіп қалды.
Рея бар ашуын сақтап:
-Мариге еліктеп жүрген кім бар! Оттамасын!

-Неге кетпей тұрмыз?
-Картинканы әлі ілмепті. Қазір келсін.
Осы кезде ішке Хосок картинкаларды алып келді. Әрең қойып:
-Айщ, белім! Мынаны неге шығарып тастағансыңдар?
-Тэхён шығарсын деп бұйрық беріпті. - Мари иығын көтеріп.
-Мари. - Тэхён қабағын сәл түйді.
-Бұйрық? Қайдағы бұйрық? Кеше ондай бұйрық болмады.
-Иә, мен бұйрық бермедім. Бірақ Рея солай айтты.
-Өтірік айтпаңдаршы. Мен кеше қоңырау қабылдап отырдым ғой. Ешқандай ондай бұйрық болмады. Өзімде таңғалып тұрмын картинканың алынып қалғанына.
Тэхён бұның артында Рея тұрғанын білді. Дым деместен, картинканы өзі іліп қойды.
-Ал разысыңба? - ренжіп тұрған Мариге қарап.
-Рахмет. Несіне әуре болдың. Қоймай-ақ қоюыңа болатын еді.
-Иә, иә. Сенікі дұрыс. Шығайық.
-Сау болыңдар! Мари, Тонуға сәлем айт. - Хосок жымиып, екеуін шығарып салды.

Кеш.
Отбасысы ортадағы диванда жиналып отыр. Мари енесіне қарап:
-Лису қайда?
Нара жымиып отыр. Анасы:
-Лисудан жақсы хабар естідік.
-Ол не?
-Жақында Намджун әке болады.
Бәрі таңғалып қалды. Тіпті Лисудың өзі бұны Намджунге айтпаған секілді. Намджун қуанып, бөлмесіне жүгіре кетті. Марида жымиып отыр. Тэхён орнынан тұрып:
-Ертең жұмысқа түсте барамыз. - деді де көтеріліп кетті. Тонудың жанына келіп, шашын сипады.
-Әке!!!
-Арыстаным. Қалай жағдайың?
-Тамаша! Омма қайда?
-Омма керекпе? Қазір, шақырамын. Мари! Мари!
Мари ұшып келді. Тонуды көріп, жымиып:
-Менің балапаным ояу екен ғой. Тону қуанып:
-Омма, сені сағындым. - деді.
-Менде сағындым.
Тону оның қолынан ұстап:
-Омма... Жаңа сен жоқ кезде мен жалғызсырап қалдым. Сені сағындым. Тіпті жылағым келді. Сонда мен ғашықпынба?
Мари күліп жіберді. Тэхёнда Тонудың бұл сөзіне таңғалып тұр.
-Омма, сен сондай әдемісің... Маған ұнайсың... Сені жақсы... Көремін... - Тону баяу сөйлеп, көзін жұмып қалды. Ал жанындағы аппарат шыр ете түсті.

#ErEkShE

2 85 ER 3.1279
#BTS_HIT_IMAGINE

#Елестетші, сен өзіңді асырап алған жігітке ғашық болып қалдың.

5 - episode

#Елестетші Чонгук сенің қолыңнан ұстай, ас үйге алып келді.
— Сені менің қызым деп ойлап қалыпты, - күле саған қарап. Сен оны білдіртпей ұрып жібердің.
— Ханым, жай ұрсаңшы. Ауыртың ғой, - орындыққа отырып.
— Мен оның әпкесімін. Қызғанудың қажеті жоқ, - саған жылы жүзбен қарай.
— Тентек қыз, сен жаңа қыдырайық дедің ғой. Барып дайындалсаңшы.
— Қазір, - деп балаша жүгіріп кеттің. Айлин мен Чонгук сенің жүгіргеніңе күлді.
— Чонгук? - Айлин оған қарап.
— Иә?
— Сен ол қыздың жүзінен ештеңе байқамадың ба?
— Нені? - дым түсінбей.
— Ақымақ. Ол қыздың саған деген сезімі бар, - деп ас үйден шықты.
— Шыныменде оның маған сезімі бар ма? - ойлана.

#Елестетші, сен айна арқылы өзіңе киім таңдап тұрсың.
— Айщ, қайсысын киемін? - киімдерге қарап. Осы кезде ішке Айлин кіріп келді.
— Киім таңдай алмай жатырсың ба? - жылы жымия, саған қарады.
— Иә, таңдай алмай жатырмын.
— Мен көмек берейін, - сенің қасыңа келіп.
— Жақсы болар еді, - қуанып кетіп. Айлин киімдерге ұзақ қарап тұрып, ақыры бір ашық көк түсті көйлекті алып:
— Осы әдемірек, - саған ұстатып. Сен жуынатын бөлмеге кіріп кеттің. Бес минут өтпей шықтың. Айлин сені көріп:
— Керемет көрініп тұр. Саған сәл ғана макияж жасап жіберу керек, - сені айна алдына отырғызып, жасай бастады. Төменгі қабатта күтіп тұрған Чонгук, сағатына қарап:
— Күтіп тұрғаныма жарты сағат болды. Бұларың әлі жоқ, - басын шайқап.
— Міне, келе жатырмыз, - екеуің төмен түсіп. Чонгук саған қарап қалған.
— Охо, екеуің бірдей көк түсті киім киіпсіңдер. Екеуің жұп болсаңдар, керемет жарасып кетер еді.

#Елестетші, Чонгуктың көлігі ойын-сауық орталығына келіп тоқтады. Іштен үшеуің түстіңдер. Чонгук көлігін құлыптап қойды.
— Кеттік пе? - Айлин екеуіңе қарап. Сендер бастарыңды изеп, жүре кеттіңдер.
— Чонгук, анаған кірейікші, - қорқынышты бөлмені меңзеп.
— С/е, ішіне кірген кезде қорықпайтыныңа сенімдісің бе? - саған қарап.
— Иә, жүрші енді, - деп оның қолынан ұстай жүріп кеттің. Айлин күліп жіберді. Чонгук кассаға келіп:
— Айлин, сен кіресің бе?
— Жо-жоқ, өздерің кіре беріңдер.
— Жақсы, екі адамға, - ақшаны ұсынып.
— Кіре беріңіздер!
— С/е, жүр, - деп екеуің ішке кіріп кеттіңдер. Сен іштей қорқа бастадың. Бірақ білдірмей келесің. Чонгук саған қарап келеді. Бірде дәл сенің төбеңнен бір нәрсе түскен де, сен шыңғырып жіберіп, Чонгукты құшақтап алдың.
— Тыныш болды. Жай ғана өрмекші ғой, - Чонгук күле сенің арқаңнан жай қағып. Сен оны жіберіп:
— Қорқып кеттім, - дірілдеген дауыспен.
— С/е, жылап тұрмысың? - сенің бетіңнен нәзік ұстай, көз жасыңды сүртті.
— Мүмкін, сыртқа шығармыз?
— Шығайық, - Чонгук сені құшақтай, сыртқа шықтыңдар. Сені орындыққа отырғызып:
— Қазір су алып келейін. Осы жерде күте тұр, - деп кетіп қалды. Айлин сенің қасыңа келіп:
— С/е, не болып қалды? - құшақтай.
— Төбеме бір нәрсе түсіп, қорыққаннан айқайлап жібердім.
— Чонгук қайда?
— Су алып келуге кетті.

Жалғасы бар.

#danik

тексеруші бета: #аллен.

1 12 ER 1.7012
#BTS_HIT_IMAGINE

#Елестетші сен оны ұнатасың, ол да сені ұнатады, тек мойындамайды.

#Елестетші С/е таң атқанда-ақ тұрып, өз iсiне кірісіп кеткен. Барлығын біткен соң киініп, сөре де тұрған өзiнiң дайындаған қорабына көзі түсіп:

– Сен, ең маңызды затсың, - деп қорапты ала үйден шықты, жанына сәлден соң ЧоХëн қосылды. Екеуi сәлемдесе бiрге универге жол тартты. ЧоХён С/енiң қолындағы қорапты байқап:
– Тағы да оған алдың ба?
– Ненi.. Қораппа, әрине!
– Мүмкін, керегі жоқ секiлдi өзiң де білесің, алдындағы сыйлығыңа пысқырып та қарамады.
– Ендігісі туған күнiне берiледi, алуы мүмкін.
– Маған бәрiбiр ғой, бірақ ол саған сезiмi жоғын айтқан сайын, сенікі сөнiп қала ма деп қорқам.
– Сөнбейді, тек күтеді.
– Жеттік жүр.

#Елестетші универге жеткен қыз бен жігіт екі жаққа бөлініп кетті. С/е қорапты универ артындағы ағаш түбiне жасырды. Себебі, бұнда көп адам келмейтін, күзетшi де сирек келеді. Жүгіріп өзінің кабинетіне жол тартты. Екі пара өткен соң қоңырау берілді. С/е осы мүмкіндікті пайдаланбақ болып, Хосокты iздедi. Ақыры тапты ол жігіттермен сөйлесіп тұр екен. С/енiң бiр бұрышта тұрып өзінің шақырғанын көрген Хосок жанындағыларға:
– Қазір келемін - деп оған қарай келді.
– Тағы не болып қалды?
– Менiмен жүршi.
– Неліктен?
– Көп сұрақ қойма!

Осылай екеуi универ артындағы баққа жетті. Қорапты С/е қолына ала, Хосокқа ұсынды:
– Алсаңшы.
– Бұл не үшін?
– Туған күніңмен!

#Елестетші Хосок қорап ұстап тұрды, қарапайым болса да өте әдемі корап болатын. Бiрде оны артында тұрған қоқыс жәшiгiне лақтырып жiбердi.
– Кешiр, бірақ мен сенен сыйлық алғым келмейді. Әсіресе сендей жандардан, өтінемін осындай әдеттерiңдi қойсаңшы. Қысқасы менің саған ұнайтынымды бiлемiн, бiрақ сен маған мүлдем ұнамайсың. Өз орныңды бiлгенiң жөн!
– Бiрақ мен оныыы... - деп, С/е жылап кете барды.

#Елестетші қайтсін енді сол сыйлық үшiн түнгi автобусқа отырмай үйге жаяу қайтып ақша жинады. Тіпті сабақтарын оқымай түнде барынша жасап таңда универге әрең келетін. Қанша еңбектеніп жасаған дүниесi бiр сәтте керек емес деп, тiптi, iшiн ашып та көрмедi. Жай алмаса мейлі ғой, бiрақ қоқысқа тастады. Иә, бұрыннан-ақ С/е Хосокты ұнататынын, күнде тіпті сағат сайын С/е оған келетін, кейде өзінің атынан таңғы ас беретін. Себебi Хосок универге сол кезде кеш келетiн. Барынша оған өз қамқорлығын көрсететін. Тіпті араласып дос болғысы да келген.

#Елестетші келесі күнi С/eге ұстаздардың бiрi жоба тапсырған әрі оған Хосокпен дайындалатын еді. Бірақ Хосокқа айтқан күнi-ақ қырсықты, яғни онымен бірге жоба қорғысы келмеді, сондағы айтқан сөзі:
– Сендей қыздың жанында тұру маған жаралмаған.
Бiрақ С/е бұл сөздерге ренжімейді, жай ғана сол күні ұстазға айтқызып Хосокпен әрең дайындалды. Тіпті Хосок жобаның манызды белігін айту керек. Себебі, С/е'ге қарағанда жұртты назарына іліге алатын адам едi. С/е оған не де болса сенді.

#Елестетші жоба қорғайтын күн де жетті. Барлығы өз жобаларын үздiк қорғады, бірақ Хосок әлі келмеді. Кезек С/енің жобасына келдi, бiрақ Хосок болмаған соң біраз күтуін сұрады. Жиналған адам шамамен жарты сағат күтті. Кейін олар :
– Меніңше оның келетін түрі жоқ. Жобаға адам жауапкершілікпен карау керек.
– Серіктесіңді ертпей қалай бір өзің келе аласың, қорғайсыңдар ма? Шамаларыңның келгенінше қорға, бостан-бос жұрттың уақытын алмай, - деп барлығы біраз сөз айтып кете барды.

#Елестетші иә, сол сәттегі ауыр сөздерді С/е бiр өзi көтерді. Жыламады, жай ғана қадам баса кабинеттен шығып кетті. Бірде алдынан бағаналы күткен адамы шықты:
– Қалай жобаны жақсы қорғадың ба? - бiрақ оның бір сөзіне де жауап бермедi, тiптi бетiне бұрылып та қарамады. Түсінді, бұнысы жай ғана бос қиял екенін. Шынында адам ұнатып ғашық болам десе өзі ақ әрекет етеді. Бірақ, күшпен не басқа жолмен оны ғашық ету мүмкін емес. Адымдарын нық баса универден шыққан С/е саябақта жүрдi. Қалған параларға мүлдем қатыспады, сөмкесін ұстаған күйі саябақта кетіп бара жатты. Жылайын десе жасын шығармауда. Ал осы уақытта С/енi iздеген Хосок әр сәт жан-жағына жалтақтап қараумен болды. Бiрақ С/е көрінбеді. Ақыры кеште батты.

#Елестетші универден барлығы шыға есігі жабылды. Бiрақ сол күйі С/е келмедi. Бiрде жанына досы келе:
– Оны iздеп жүрсiң бе?
Бүгiнгiден кейiн тiптi оған деген iстерiңнен ол өзін өлтіруге барған шығар, кiм бiлсiн бiрақ қай жақтан қарасақ та, сенің жасаған әрекеттерінің бiрi де жақсы деуге тұрмайды.Досым болсаң да сенікі қолдауға келмейтін жайт, - осы сөзін айта кетіп қалды.

#Елестетші Хосок та С/е жүрген саябаққа жол тартты. Неге екенін білмейді, бірақ барғысы келдi. Айналада ешкiм жоқ, тек көше шамдары әсем көрiнiс беруде. Бiрақ осы сәтті қыздың айқайлаған даусы бұзды. Анығында көмекке шақырғандай. Анықтап қарағанда өзiнiң шыр-пыр болып іздеген, С/е жалғыз емес сөмкесiне жабысқан екi бұзақымен бірге. Бiрi оның қолын ұстап алса екіншісі сөмкесін ақтарып әлек. Жігіт осындайда қарап тұрсын ба екеуiн жайратты деуге келмес, бiрақ екеуi де өз жөндеуiне кете барды. Әрi бiраз жарақат та бар. С/е дым болмағандай сөмкесін жинап алды
да, өз жолымен кете барды.

– Ей тым болмаса рахмет айтсаңшы, - деп тіл қатты Хосок.
– Рахмет, болды ма?
– Мен сенi жiгiтше қорғасам мұның не?
– Сені ешкім шақырмады, өзіңе лайық қыздарды құтқарсаңшы.
– Мен негiзi..
– Жақсы сау бол, - оның жанында болғысы келгемеген С/е өз-өзін тежеді. Ал оның осы кезге дейiнгi сөздерi, әлi санасында тұр. Қанша естімейiн десе де болмады. Хосоктан бiраз жер алыстағанда, жерге отыра қалып құлағын басып отырды. Ал көзiнде бүгiнгi күнi шыға алмаған төгiлген жастары.

#Елестетші таң әдеттегідей көңiлдi болып ояна қоймаған С/е, орнынан әрең тұрды әдетте қуанышпен не де болса оянатын қыздың, бүгін бейнесi де білінбейді. Сөмкесін дайындай еш нәрсе жеместен кете барды. Күн бүгiнде бұлтты болып тұр. Кейiн жанына ЧоХён қосылды.
– Сәлем, не болды? Көңiл күйiң жоқ секілді.
– Сен сұрама, мен айтпайын.
– Бүгін сенің жанында отырамын.
– Не үшін?
– Осылай жүре берсең көңiлдi бикешiмнен айырылатын түрiм бар.
– Йай, мейлі отыра бер. Бірақ ұсталып қалма.
Көп созбай барлық студенттер универге жиналды, әркім өз кабинетiнде. Хосок та сенiң тобыңда болғандықтан бір кабинетте отырасыңдар. ЧоХён сенен кейін кiрдi. Ал оны тани қоймаған Хосок, бiр таңданып тұрды. Таңданғаны былай тұрсын сендердi ала көздерімен бақылауда. Тіпті сен сабаққа емес, ЧоХёнга назар аударып отырғаныңа жынданып отырды. Негiзi ол саған жақын жерге отырып кешiрiм сұрамақ болған, бірақ жоспары күл талқан болды. Кейін оған бір ой келді.
– Пак СеДжун мырза, - мұғалімге қараған Хосок.
– Иә, Чон Хосок
– Кабинетте 1/5 кабинетте оқитын жігіт отыр мүмкін сабағына барсын, бұл жерде өздерiнен кiшi курс адамдары оқуда, - Пак мырза көзiлдiрiгiн тағып жанжағына қарады. Дәл орта жерде, С/ енiң жанында отырған ЧоХёға қарады да.
- Ким ЧоХëн кабинеттен шығып, өз кабинетіңе бар немесе осы аптаға бес ескерту жазылады.

#Елестетші Хосоктың бұл iсiне С/е ала көздене карады. Чохён дым деместен шығып кетті, С/е бір нәрсе ойластырғандай, Чохён шыққан сәтте қолын көтерді.
– Иә, Мин С/e
– Пак ұстаз Чохëнның дәптерi қалып қойыпты апарып берсем.
– Әри... - деместен ұстаздың сөзін бөлген Хосок
– Пак ұстаз мен далаға шығып келсем, ЧоХёнға дәптерді өзім ақ алып барайын.
– Бірақ ұстаз...
– Жарайды, Хосок бара бер. С/е, дәптерді бер.

С/е осы жолы шыныменде ашуланып, Хосокты өлтiрердей қарады. Хосок оған ойнақы көздерiмен қарап, дәптерді алып кетiп қалды. Сыртқа шыққанда терезе алдында тұрған Чохëнды көрді. Жанына бара оған дәптерді ұстатты да:
– Ендiгi оның жанынан сенi көргім келмейді.
– Неліктен? - оған сұраулы жүзбен қараған ЧоХён
– Жiгiтсiң ғой өзiңде бұны сөзсіз түсінесің, - Хосок ары қарай кете барды. Ал оның соңынан қалған Чохён күле қарап қалды.

#Елестетші паралар кезегімен әрең бітті, бүкіл уақыт ішің пысып отырды, ең құрығанда ЧоХён болғанда, бiрақ оны да отырғызбады. Сөмкені жинай, бiрден Чохëнды iздей бастадың. Бiрақ, таба алмадың, мүмкін сыртта күтіп тұрған шығар деп сыртқа да шықтың, iзiм-қайым жоқ. Кейiн жанына біреу келдi, оны Чохён деп ойлаған С/е артына қарағанда Хосокты көріп түрі бұзыла кетті.
– Не үшін келдің?
– Сенi үйіне жеткізіп салмақпын.
— Өзім ақ жете алам, осы кезге дейін,
сенсiз ақ жеттім.
– Тағы да сол Чохёнды iздеп тұрмысың?
– Шаруаң қанша?
– Сұраққа сұрақпен жауап берме!
– Өзіне лайық қыздарды жеткіз, ұнамайтын қызда не шатағын бар. Сабақтағы ісің анау жақсы отырған, Чохëнда не өшің бар еді.
– Ұнамайды.
– Саған ұнап нестейдi? Ол маған ұнаса жеткілікті. Көңілімді көтерген жалғыз жан едi, оны да құрттың.
– Маған айтсаң болар едi.
– Сен керісінше көңiлді түсіретін адамсың, қалай көтермексiң Чохён... - демей жатып С/енің сөзiн Хосок бөлді де:
– ЧоХён, Чохëн! ЧоХён тағы сол Чохëнды айта беруден шаршамадың ба?
– Айтамын, құлағының барабаны жарлығанша айтамын, ұнамаса кете бер. Сені кім ұстайды? Ақымақ неге бұлай жүрсiң? Себепсіз адамға тиісіп ол екеуiмiздiң қарым-қатынасымызға тисетіндей не көрінді?
– Себебі сені сүйем ақымақ қыз!
– Ыы, нее?
– Себебі, сендей ессiзге ғашықпын! Себебi, ол жiгiттен сені қызғанам! Сен маған ұнайсың!
– Сен...
– Иә, мен сені ұнатпаймын деп өзімді өтірік алдадым, сен әр сыйлық әкелген сайын қорапты қоқысқа сенің көзіңе тастаймын. Бiрақ, ақымақ оны қолымен қалай салсам, сен кеткенде солай аламын. Жобаға қатыспауымның да себебі осы.
Кейiн ЧоХëнмен отырғанда өртеніп кете жаздадым, сенi одан алшақ ұстағым келдi. Ал сен маған қарайтын түрің де жоқ, келiп алып ендi тағы сол Чохён... - деген де үндемей қалды. Ерiнiн өз ернімен жапқан С/е, бойын әрең жеткiздi.
– Мен сенi сүйемін, Чон Хосок !
– Менде қырсық ханым! - солай сүйіс тереңірек кетті.

Бета: #john

#akiivals

4 4 ER 1.6219
#BTS_HIT_IMAGINE

#Елестетші ол сенің сыныптасың, немесе жаңа парталасың.

#Елестетші арайлап атқан таң. Ызғарлы аяз, дамылсыз соққан жел. Қысқы ауа-райы дәл осылай сипатын алуда. С/е не бәрi 10-шы сынып оқушысы. Айналасына көмек беруге қашанда дайын, тек адамдардан көңілі қалған, сол үшiн ылғи жалғыз жүреді. Сабақ орташа деңгейде оқиды. Қанша тырысып оқып келсе де, алатын бағасы кiлеңкей төрттiк, сол үшiн болар оқуға ынтасы да жоқ. Сыныпта алдыңғы партада үшінші қатарда отырады.

#Елестетші Әдеттегідей күн сабаққа барлығынан ерте келесің. Себебі кеш келу саған ұнай қоймайтын. Тіпті ерте тұруға дағдыланғансың. Сен сыныпқа екiншi болып келесің. Себебi сенiң алдыңда, ол бiрiншi келеді. Оның бойы ұзынырақ болғандықтан, оны артқы партаға жiберген. Үнемi екi орындықты қосып соның үстiне жатады. Сол жатқанынан парта арқылы көру қиын. Сен сыныптастарың келемін дегенше сөмкені реттей, тақтаны сүртіп шығасың. 7:30 болғанда ғана барлығы келе бастайды. Осылай қаншама күн өтіп жатты. Бүгiн сабақта ол белсендiлiк таныту үшiн алдыңғы қатарға отырды. Сенің парталасың бүгін келмедi. Ал ол екінші қатарға отырып алды дәлірек айтқанда саған қарама-қарсы партада. Мұғалімдер ол белсенділік танытқан сайын мақтай бередi. Нестесiн ендi, ол ұлдардың ішіндегі үздігі. Сол үшін болар бәлкім. Ал сен белсенділік арттырсаң да белгілі. Сондықтан үндемей отырасың. Тек үй тапcыpмacын үзбей орындайсың. Басқа сабақтардан гөрі әдебиет сабағында ашыла түсесің. Себебі сондағы қызықты оқиғалар мен тарихқа негiз болған аңыздар сенi елжiретiп жiбереді. Дәлірек әдебиеттен басқа пәндер сөктей төрт. Осылай ол қатарынан барлық сабақта белсенділік танытты. Бiрақ, сен мұғалімге қарағаныңда оның саған тіреліп тұрған көздерін көрдің. Сен оған қарап қалғанда ол көзiн басқа жаққа тайдырып әкетеді.

#Елестетші міне осылай ол алдыңғы қатарға келуді әдет қылды. Бірақ әдетінше көздерi саған қарап тұрады. Іш пыстырарлық сабақтар болса, ол басын партаға тіреп саған қарап жатады. Бұл сен үшiн ыңғайсыз болғандықтан ойыңды басқа жаққа аударасың. Бүгiн парталасың келді. Әдетінше сенiмен әңгіме құра бастады. Кейiн сен артқы жаққа қарағанда Тэхён телефон арқылы түсiрiп отырғанын көрдің. Бiрақ басқаға емес камера саған бағытталып тұр. Басыңды лезде бұра кеттің. Солай қоңырау да соғылды. Ішке сынып жетекшiлерiң келді. Айтуынша бүгiн орын ауыстырмақ екен. Сен орын ауыстыра қоймадың. Бiрақ парталасың артқы жаққа ауысты. Ал Тэхён сабақта белсенділігі басым болғандықтан оны алдыңғы қатарға дәлірек сенің жаныңа отырғызды. Сен баста қарсы болғың келді, бірақ жетекші айтқанынан қайтатын адам емес. Осылай соңғы сабақ та мәресіне жетті. Бүгін оның дәл сенің жаныңа отыратыны ашуыңды келтірді.

#Елестетші ертеңгi күнi тағы да ерте бардың, екiншi әрине ол екеуiңнiң отыратын орындықтарды қосып жатып алыпты. Басын түртіп ояттың. Кейін басын көтеріп тұрды. Сен сөмкеңді қойып отырдың. Ол басқа жаққа барады деп ойладың, бiрақ ол партаны ысыра сенiң алдыңа жатып алды. Сендегі көбелек ендiгі ұшып кеткен. Бiрден есiңдi жия оны тұрғызғың келді.

– Кішкене ғана тыныш болшы.

#Елестетші арада 10 минут өтті. Сен сабақты қайталап отырдың. Осы сәтте сыныпқа келе жатқан балалардың дауысы естілді. Сен оны басынан ұстап тұрғыза сыныптан шығып кеттiң. Ал ол сол жерде қала бердi. Бетіңді жуып, сыныпқа келдің. Бірінші сабақ ағылшын болатын, мұғалім де келіпті. Үй тапсырмасын оқып бере, сынып жұмысына кірістіңдер. Әдеттегідей Тэхён мүдірмей жауап берді. Ал сен жауабын білесің, тек оны дауыстап айтпай өзіңе естiлердей айтып отырсың.Бұны естiп отырған ол сол жауапты айтып еді, мұғалім жарайсың дестi. Тэхён бірде:
– Мұғалім, бұны мен емес С/е тапты - дедi. Мұғалім таңғала сенi де мақтап койды.
– Бұлай айтудың қажеті жоқ еді. Қанша дегенмен қоятыны бiр төрт.
– Қайдан білесің мүмкін жоғары балл қояр.

#Елестетші бүгінгі сабақтарда ол сенi мұғалімдерге жауап беруге үгіттеп отырды, яғни алға тартты. Бұл бiр жағынан ұнады да, ұнамады да. Солай келесi күн де келіп жетті.
Бүгiн де ол ерте келген, сөмкені партаға қоя өзіңді реттедің. Тақтаны сүртiп сыныпты реттей орныңа отырдың. Осыны күткендей ол партаны тағы итере жатып алды.

– Сен нелiктен алдыма жата бересің? Біле білсең бұл мен үшiн ыңғайсыз.
– Бұл маған ұнайды.
– Сабақта ылғый менiң жауап бергенімде айтудың қажеті жоқ онсызда үздiк оқушы емеспін.
– Бұлда маған ұнайды.
– Неліктен саған ұнайды бұл нәрселер? Тіпті көзқарасың өзгеше, одан қалса бейне жазбаға да түсіріп алған кезің қаншама, ал карама-қарсы отырып тесіліп қарауыңның өзі...
– Өйткені сен маған ұнайсың!

#akiivals

3 7 ER 1.5559
♨️ЕКІ ОТТЫҢ АРАСЫНДА♨️

                        episode - |12|

-Айтшы, сені сүйемін деп неше рет айтуым керек? Айщщщ! - Мариды сүйе берді.
Маридың саусақтарын, құлағын, көзінде сүйді. Ақырын жаңа өзі қызартып қойған бетіненде сүйді. Кейін оның ернінен ажырап, жанына құлады. Кешеде түнімен ұйықтай алмай Тонуға қарады, ал бүгін тым қатты шаршады.
-Қайырлы түн, Ким Мари. - әлі де оған ашуы басылмағанын жеткізіп. Кейін Тэхён Мариды құшақтай, иіскеп, ұйықтап қалды. Ал Мари ше?
Маридың реакциясын қалай жазайын? Тэхённің қазіргісін елемегенде, оны шапалақпен ұрғаны ше? Оған сенбегені ше?
Тэхённің өзгеріп бара жатқаны Мариге сезіліпте жатқан болатын.
Мари шаршап жатырған Тэхённің бейнесіне қарай(pov):
-Мен... Сен айтқандай өтірікшімін... Иә, бұл рас. Бірақ, мен бұны өзім үшін айтып жүрмін бе? Сен бұлай ашуланатындай, мен туралы кімнен естіп жүрсің? Бұрын мен қанша жерден кінәлі болсам, тыңдайтын едің. Ал қазір... Сен мені тыңдамастан, қол көтердің... Мен сенен қорқа бастадым, Тэхён...

Таң. Сағат 8:48.
Тэхён түрін тыржитып, ояна бастады. Қолымен Мариды іздеп еді, жоқ. Дереу көзін ашып еді, расымен Мари орнында жоқ. Шортиы мен сұр түсті футболкасын кие, орнынан тұрып бөлмені, гардеробты, жуынатын бөлмені қарады.
-Марии! - дауыстап шақыра, жүрегі тез соғып кетті. Бір сәтке өмірін Марисыз елестете, жаны қиналып тұрғаны білінді. Шаштары айқасып, тез дем алуда. Бірден бөлмеден шығып, төменге түсіп бара жатырды да тоқтап қалды. Ақырын есігі ашық тұрған баласының бөлмесіне кірді.
Мұрнына аппарат тағылып жатқан Тону, ал оның жанында жатқан Мари. Тону анасының шаштарын ұстап, екеуі де сүйкімді болып ұйықтап жатыр екен.
Тэхённің жүрегі орнына түсті. Өзіне керек отбасысы көз алдында ұйықтап жатыр. Бұл бір жайлылық сыйлағандай болды. Тэхён "Мари кетіп қалды ма?" деп қатты қорқып кеткені бар. Кейін Тонудың жанына жатты. Ал Тону әдеттегідей, ата-анасының ортасында жатыр.
Тэхён ұйықтамады. Тек осылай оларға қарап жатқысы келді. Тонудың аппаратынан шыққан дыбыс қана бөлмені алып тұр. Тонудың шашын ұстап, тәп-тәтті иісін иіскеп-иіскеп алды. Сәлден соң Мари оянды. Басын көтерді де, Тэхёнді көріп тұрып қалды.
-Қайырлы таң.
Мари көзін тайдырып:
-Сағанда.
Кейін шашын ақырын Тонудың қолдарынан алып, орнынан тұра бастады. Тэхён оған қарап қана жатыр. Мари шаштарын жайып, халатын жамылып, шығып кетті. Тэхёнда бірден орнынан тұрып, оның артынан барды. Кірсе Мари айнаға қарай, шашын тарап тұр екен. Енді кірген күйеуіне қарады да, қойды.
Тэхён оны артынан құшақтап алды. Маридың бойы одан кішкентай болған соң бүкірейіп, басын оның иығына қойды. Мари тоқтап қалды. Себебі Тэхён оның желкесінен сүйіп жатырған болатын. Қарсы келмеді, тұра берді.
-Неге ашуланбай тұрсың? - Тэхён басын көтеріп.
Мари сөйлемеді. Бұл оған деген жазасы секілді. Үндемейді, қарсы келмейді.
-Мари. - оның белдерін қысып.
Мари одан босап, шығып кетті. Шықты да, көзіндегі жасты ысырып тастады. Тэхённің оны ұрғаны көзіне елестей берді. Тэхёнді көрген сайын кешегі қорлығы елестеді. Солай таңғы асқа түсті. Үстелді жинап жатырған Нара:
-Жеңеше, кеш тұрдың ғой. Әкемде таңертең көзімен Тэхён ағаны іздеді.
-Кеш ояндық. Бүгін Тэхёнға демалыс болуы керек.
-Аа солайма? Кел, қайтадан үстел жасайын.
-Жоға. Өзім жасап аламын, сен Тонуды алып келші. - деп жатыр еді Тонуды ойнатып келе жатырған Тэхён үстелге отырды.
Тону анасын көріп, мәз.
-Омма, әкем бүгін мені Ынхаға апарамын деді! - қолын шапалақтап.
Мари жымиып, оның алдына тамақты қоя бастады. Тону бірден қабағы түйіліп:
-Омма? - деді.
-Иә, балапаным?
-Сен төбелестіңбе?
-А?
-Неге бетің қызарып тұр?
Тэхён бірден Маридың бетіне қарады. Кешегі өзі ұрған жер қатты қызарып қалыпты. Марида үстелге жайғасып:
-Анасын уайымдап жатыр ма менің балапаным? - оған шырын берді. Кейін Тэхёнға да таңғы асын қойды.
-Омма, егер біреу тиіссе әкеге айт. Ол сені қорғайды.
Тэхённің жүрегі қарс айрылардай болды. Кімнен қорғайды оны? Өзінен бе?
-Иә, иә. Сен айтсаң болды. Ал енді тез тамағыңды тауыс. Әйтпесе Ынхаға бармайсың.
-Эйййй, ондай шарт болмады ғой. - ашулана тамағын жеп жатыр.

Чонгук жұмысқа келді. Тэхённің кабинетінің сыртында отырған Реяның жанына келді.
-Айтшы, бұның бәрі Тэхёнға қол жеткізу үшін бе?
Рея ойланып отыр.
-Мүмкін... - деді қысқа қайырып.
-Не үшін кеше мені клубқа апардың? Менің тез масаятынымды білдің ғой. Тэхён енді Мариды аман қалдырды деп ойлайсыңба?
Рея басын көтеріп:
-Тэхён мен Мари ұрсысады. Кейін ажырасады. Осы емеспе саған керегі? Несіне өтірік бейкүнә болып отырсың?
-Мен Мариды сүйемін. Бұл рас. Бірақ мен саған кешеде айтқанмын. Менің әрекеттерімнен ол жапа шеккенін қаламаймын.
-Қызықсың, Чонгук. Ешқандай ұрыс болмаса, ешқандай күдік болмаса оларды қалай ажыратпақшысың?
Чонгук үндемей қалды.
Рея күрсініп:
-Мен сен үшін тырысып жатырмын.
-Расымен мен үшін бе?
-Өзім үшін де.
-Неге?
-Сенің сұрақтарың іш пыстырарлық. - үндемей шығып кетті. Чонгук оның артынан ғана қарап тұр. Ақырын орнынан тұрды да, Тэхённің кабинетіне кіріп кетті.

Түс.
Мари Тонуды киіндіріп жатыр.
-Онда барған соң жүгірме. Менен алыстап, басқа жаққа кетуші болма.
Тону басын изеп тұр.
-Шығайық. - Тэхён көлігінің кілтін алып. Солай үшеуі көлікке отырды. Маридың ұзын шаштары, киген жарасымды ақ жейдесі мен ашық көк түсті белдемшесі өте тамаша.
-Әке.
-Иә?
-Сен анама тиіскен бұзақыны таптың ба?
-Уайымдама. - деді де Маридың қолын ұстады.
Солай Кон әулетінің шаңырағына келді. Тэхён алған сыйлықтарын ұстай, бәрімен амандасты.
-Оо, біздің тәтті Тону келді. - нағашы ата-әжесі Тону көтеріп алды. Тэхён Ынхаға сыйлықтарды берді.
Ынха жымиып:
-Қош келдіңдер. Неге айтпадыңдар? Сәл ескертіп қойғанда.
Мари оны құшақтап:
-Ойда жоқта келіп қалдық өзіміз.
Тону Ынханы қатты жақсы көреді. Ынханың бойынан басқасының бәрі Мариге ұқсайтын. Ал Тону анасын жақсы көреді. Сондықтан Ынханыда жақын тарту сезімі бар әрине.
Ынха Тонуды сүйіп, помадасын жағып тастады.
-Саған айтатын күшті жаңалықтар бар Ынха.
-Распа? Жүр ендеше. Мен үстел жасайын, ал сен маған бәрін айт.
Олар күліп-ойнап кетіп қалды.
Мари мен Тэхён және ата-анасы ортадағы дивандарға жайғасты.
Маридың ата-анасы өте байсалды, қарапайым жандар еді. Дәл Мари секілді, жұмбақ. Тэхён оларға көмек берген кезде ұялып, өзіміз адал еңбекпен ақысын өтейміз деген болатын. Тэхён сол кезде олардың шынайлылығына разы болған еді. Мари және оның отбасы секілді ақшаға мүлдем қызықпайтын, тәрбиелі отбасы Тэхён іздеген отбасы болатын.
Әкесі мәз бола, Мариды бір қолымен құшақтап отырды.
-Алтыным менің, жағдайың қалай?
-Бәрі жақсы. - Мари сәл еркелеп.
-Тону ше?
-Негізі үйден аппарат арқылы тыныс алып жатқан. Мен сіздерге келіп, көңілі аулансын дедім. - Тэхён жымиып.
-Дұрыс жасадың! - әкесі күліп.
-Тамаққа! - Ынха мен Тону бәрін асқа шақырды.

Үстел басы.
-Балам, жұмысың қалай?
-Жақсы. Сіздердеше?
-Бізде жақсы. Әлгі шетелдік Томастың компаниясына сұраныс жібердік.
-Қашан жіберіп едіңіз? - Тэхён шырынын ұрттап.
-2 апта болып қалды. Естуімше, тіпті 6 ай күткен компанияларда бар екен.
-Томас менің серіктесім. Алаңдамаңыз, сөйлесемін.
Әкесі қасығын қойып:
-Жоқ, балам. Керек емес. Мен сен көмектессін деп айтпадым.
-Жақсы, жақсы. - Тэхён күліп.
Анасы Маридың жанына отырып алып, оның шашын сипай, барлық тамақты алдына тосып отыр.
-Омма... - Мари сәл ұялып.
-Шырын ішемісің? А, айтпақшы. Саған алдында Жапониядан тәтті алып едім, қазір әкелемін.
Тэхён Маридың әр қылығына қарап отырды. Кешегі ұрғаны үшін өкініпте қалды. Маридың көздері Тэхён үшін тұмар секілді. Ал иісі - тыныс.

Кеш.
Тэхён шығатын уақыт болғандай, сағатына қарады.
-Тону жоғарыда, Ынханың жанында. - деді әкесі.
Тэхён жоғарыға көтеріліп, Ынханың бөлмесіне бара жатырды.
-Омма!
-Жоқ, ол сені ұрды ма? Қарашы бері.
-Ұрмады. Соғып алдым деймін.
-Мари! Сен соқсаң тек жарты бетіңді соғамысың? Әкел, мойыныңды көрсет! Қолдарыңды!
-Омма. - Мари қолдарын тартып алды.
-Мари. Кейде ойлаймын. Сені ақшаға сатып жібердікпе деп. Сен тұрмыс құрғалы жатырғанда маған "болып қойдым" деген болатынсың. Біз үшін бе?
-Жоға. Мүлдем олай емес.
-Білмеймін тіпті. Сен жасырып жүрген боларсың. Тіпті қиналып жүрген боларсың. Әлгі енеңде сені ұнатпайды. Тэхён біз болмаған соң сені ұрып...
Мари жымиып анасының қолдарын ұстай:
-Мен бақыттымын. Тэхён маған жақсы қарап жүр. Күнде қуантады, күнде жылы қабақ танытады. Біз бір-бірімізді жақсы көреміз.
-Мари-а... Кешірші бізді. Сені байдың қызы етпегеніміз үшін...
-Қойшы, омма!
-Жақсы, саған сенемін. Жүрегім тынышталып қалды ау.

Осы кезде ішке Тону кірді:
-Омма! - Мариды құшақтап.
-Біз шығайық. - есік алдында күтіп тұрған Тэхёнді көріп.
Солай бәрі қоштасып, Тэхён Мари мен Тонуды алып, үйге келді.
Тонуды бөлмесіне жатқызып, аппаратын тығып қойды. Тону әп-сәтте ұйқыға кетті. Тэхён бөлмеге келсе, Мари төсекте жатыр екен. Теріс қарап, жатыр.
Тэхён оның жанына жатып, арқасын ұстады. Ақырын сипап өтті.
-Ұйықтап жатқан жоқсың.
Мари үндемеді. Кейін Тэхёнға қарай бұрылып, көздерін жұмды.
-Көзіңді аш.
Мари көзін ашты.
-Маған тура қара.
Қарамады. Тэхён оның иегін көтеріп:
-Сенікі дұрыс емес болса да, ренжимісің?
-Демек, сенікі дұрыс екен ғой? - Мари оған қарап.
-Мари!
-Не? Тағы да ұрамысың? Әлде шашымнан тартасыңба? Осы ма дұрыс?
-Сен өз қатеңді түсін. Сен менің рұқсатымсыз бармауың қажет еді. Не болсада менімен бірге бөлісуің қажет еді.
Мари көзі жасқа толып:
-Мен сені қорғаушым деп келдім ғой... Сен кеше ұрғанда... Мен өзімді керексіз сезіндім. Мен сенен ұяламын дедім ғой, неге тым болмаса ескертпедің?
-Сені қызғандым. Әрі сен мені алдадың. Дұрыс болып шықты, сен әлі де мені өзіңнің күйеуің ретінде санамайсың. Менімен ақылдаспайсың.
-Не дұрыс болып шықты? - Мари түсінбей.
-Мен сені кешірмедім, Мари. Сен ешқашан мені қабылдамайсың. Бұл басында-ақ белгілі еді.
-Бұның енді артық, Тэхён.
-Мен сен үшін бәріне дайынмын. Тіпті сен үшін 4 жыл шыдадым. Ал сен не істедің? Менен қашқақтаумен, Чонгукпен кездескеніңді жасырумен келесің.
Мари үндемей тыңдап қана жатты. Расымен ғой? Неге Мари Тэхённан қашады?
-Иә, менікі дұрыс емес... - Мари одан көзін тайдырып. Кейін Тэхённің қолын ұстап:
-Кешірші. Мен енді өтірік айтпаймын.
-Кешірейін бе?
-Иә.
Тэхён оның шаштарын қайырып:
-Кешіремін әрине. Бірақ. Енді саған сенбеймін.
Мари түсінбей қалды.
-Түсінбедім?
-Сенің әр басқан қадамыңды аңдып отыратын жағдайға жеткіздің.
-Тэхён... Кешірім сұрап тұрмын ғой... - қолдарын қысып.
-Осы дұрыс шешім. Және менің рұқсатымсыз үйден шықсаңда, біліп отырамын. Енді мен "рұқсат береді" деп ойлама. Егер осыған бағынсаң, саған сенуім мүмкін. - оны бір қолымен құшақтап алды. Мари қабағын түйіп қана, тыныш жатыр.
Ішінен:
-Тэхён ешқашан мені ұрып немесе бұлай шектеу қойған емес. Оған не болып жатыр?
Солай екеуі ұйқыға кетті.

Түн. Сағат 3:34.
Маридың телефоны шырылдап жатты. Мари ақырын тұрып, қараса белгісіз номер екен.
-Түн ішінде кім болды? - тұтқаны көтеріп:
-Иә?
-Мари! - Чонгуктың дауысы естілді.
Маридың ұйқысы ашылып кетті. Көзі бақырайып, тұтқаны қойып тастады. Сол бойда тағы қоңырау келе берді.
-Ақымақ... Неге соғып жатыр!!! - көтермей қойды. Сәлден соң Тэхённің телефоны шырылдады. Мари қараса сол Чонгуктың номері.
-Айщ! Мынау тағы не бүлдіргелі жүр?
Ақыры өзіне қоңырау шалғанда тұтқаны көтерді де, Тэхённан алыстап:
-Есің дұрыс па?
-Өтініш, мені толық тыңда!
-Сау бол!
-ИМ РЕЯ!
Мари тоқтап қалды. Кейін құлағына қайта тақады.
-Мари. Рея - Тэхённің сүйіктісі болуы әбден мүмкін.
-Мені бұлай алдай алмайсың.
-Кешегі оқиға үшін кешірім сұраймын. Бірақ, мен әдейі сені шақырмадым. Шамасы бұл Реяның ісі.
-Сен оның басшысы емессің бе?
-Әңгіме ода емес. Рея Тэхёнді азғырып жүрген секілді. Мари, егер сенде қазір қиындықтар болып жатса, Тэхён өзгеріп жатса - бұл Реяның ісі!

#ErEkShE

Басты рөлді толық оқыдыңыздарма?

2 70 ER 2.6157
#BTS_HIT_IMAGINE

#Елестетші, сен өзіңді асырап алған жігітке ғашық болып қалдың.

2 - episode

#Елестетші, ұясынан қызарып шыққан күн, Сеулге өз шуағын шашып тұр. Қала тұрғындары таң ата салысымен күнделікті тіршіліктерін бастап кетті. Жаяу жүргіншілер аялдамада өздерінің маршруттарын асыға күтуде. Жолда кезекпен кезек жуытқып жатқан көліктер, бір жерге асығып тұрғанды. Кейбірі үшін таң әлі атпағандай ұйқыда жатыр. Олардың арасында сен бар едің. Көзіңе күн түсіп, саған ұйқы берер емес. Ақыры күннің шуағы сені ұйқыдан тұрғызбай қоймады. Сен кереуеттен тұра салып, жуынатын бөлмеге кіріп кеттің. Жуынып болған сен, кешегі жаңа киімдеріңнің біреуін алып кидің. Телефоныңды алып, астыңғы қабатқа түстің. Сен диванда ұйықтап жатқан әкеңді көрдің. Сенің ойыңа ол тұрамын дегенше таңғы ас дайындап қою келді. Сен күліп, ас бөлмеге кіре, өзіңе ұнайтын тағамның жасалуына керек заттарын алып, кірісіп кеттің. Осы уақытқа диванда жатқан Чонгук, орнынан тұра бастады. Мұрнына келген иіс, оны ұйқысынан тұрғызды. Ол ұйқылы ояу ас бөлмеге кіріп келді. Көзін сәл ашқан ол, сенің таңғы ас жасап тұрғыныңды көріп күлді.
— Қайырлы таң, С/е!
Дауысты естіген сен, артына қарап:
— Қайырлы таң. Қазір ас дайын болып қалды. Барып жуынып келіңіз, - күле қайта алдына қарадың. Чонгук өз бөлмесіне кіріп, жуынып, киімін ауыстырып, ас бөлмеге қайта келді.
— Отыра беріңіз. Қазір асты салып беремін, - деп енді жүре бергеніңде аяғың тайып, құлауға сәл қалғаныңда Чонгук орынан лезде тұрып, сені ұстап қалды.
— Абайласаңшы, - деп сені тұрғызып.
— Рақмет! - деп әрі қарай жүріп. Чонгук қайта орнына отырды.

Таңғы асты ішіп болған соң, сен ыдыстарды жуып болып, қонақ бөлмедегі диванға отырып, теледидарды қостың. Барлық арнаны қарап шыққан соң:
— Ой, көретін дым жоқ қой, - деп өшіріп тастадың. Жоғарыдан түсіп келе жатқан Чонгук, сені байқап:
— Үйде уайвай бар. Егер қаласаң теледидардан әлеуметтік желіге кірсең болады.
— Рас па? - сен мұны естіп қуанып.
— Иә. Мен сәлден соң, келемін. Есікті құлыптап ал. Ешкімге ашушы болма, - деп үйден шығып кетті. Ал сен есікті іштен бекітіп алып, теледидарды қайта қосып:
— «Алхимия душ» көремін, - деп алғашқы бөлімін бастадың.

****

Чонгук қала сыртындағы үйге кіріп:
— Қалайсыз, апа? - күлімдеп. Қарт кісі күліп:
— Жақсымын балам.
— Дәрілеріңіз таусылған жоқ па?
— Әлі жетеді.
— Апа, бүгін сізге біреуді таныстырамын. Сізге азық-түлік алып келдім. Қазір қызметшілер келіп, бәрін өзідері дайындай. Сен ештеңе істемей тыныш жат. Жарайды ма?
— Жақсы, балам.
— Ал жақсы. Мен қайтайын апа. Кешке келемін, - деп шығып кетті.

***

— Мырза, Чонгук үйінен жалғыз шықты.
— Ал менің қызым ше?
— Ол үйде жалғыз отыр. Барып қайтсаңызшы
— Жоқ, олардың көзіне көрінбеймін. Жақсы боссың.

***

Сен дораманың қызығына батып кеттің.
— Мына Мудоктың тым күші жоқ екен ғой. Қап, оны аяп тұрмын, - дегенде есік тарсылдады. Сен есік алдына тұрып:
— Бұл кім? - дедің.
— С/е, бұл мен Чонгук.
— Қазір, - деп есікті аштың.
— Не көріп жатырсың? - теледидарға қарап.
— «Алхимия душ» деген дораманы көріп отырмын, - диванға отырып.
— Менде отырып көрейін, - сенің қасына отыра.

Жалғасы бар...

#danik

4 8 ER 1.5093
#BTS_HIT_IMAGINE

#Елестетші ол екеуің кездейсоқ көшеде кездестіңдер.

#Елестетші қақаған қыс мезгілі. Аяз да бетті ызғарлатып, суық күй кешіруде. Осы сәтте үйінен адымдап 10 жасар қыз шықты. Далаға шыққан бетте беті-қолы тоңа бастады. Әттең қолқабын да ұмытып кетіпті. Ендігі үйге баруға ерiнiп кайта жүре берді. Қарды басқан сәтте қырт-қырт етіп сықырлап жатыр. Анасы жiберген дүкенге жол тартты. Аяз осы кезде біршама төмендеді, енді қар жауып жатты. Бірде көше қуысында бір ер адам тұрды. С/е қуыспен өтер жолда оның шылым шегіп тұрғанын анық байқады. Тіпті бөтен адамнан қорқудың өзі бұл қызда жоқ болатын сол себептен болар, сол жігіттің жанына тоқтады. Оған қарады да:
– Бұлай жасамаңыз! Денсаулығыңызды ойласаңызшы!

#Елестетші жігіт қызға бұрылып қарады. Неліктен екенін оның түрін көрген әрбір бала қорқатын, бірақ бұл қыз ерекше болды. Қызға бастан аяқ қарап еді қызарып, қатып қалуға шақ тұрған саусақтарын көрді. Шылымды жерге тастап аяқпен езіп тастады. Жай ғана жымиды да, жерге жартылай отырды. Жігіт пен қыздың бойлары бірдей болды. Жігіт оған өзінің үлкен қолғабын кигізді де:

– Сен оны қайдан білесің? - деп сұрады
– Мен барлығын білемін! - деп жымия кетті қыз. Қыз күлгенде беті одан әрі ажарланып кетті. Жігітте жымия жауап беріп:
– Мына қара суықта нестеп жүрсің?
– Анам дүкенге жұмсады.
– Жалғыз өзің қорықпайсың ба?
– Неліктен қорқамын, мен батыл қызбын. Дәл әкем айтқандай.
– Жарайсың! - ол шынында қыздың бұл әрекеттеріне таң қалды. С/е'ні дүкенге ерте, оған керек жарағын өзі алып берді. Ал апасы берген ақшаны өзіңе алып қал деді. Бұл кішкентай қыз болғандықтан, дүкен ішінен қуыршақ аю мен қоса бір тәтті сатып алды да, оны қызға ұсынды. Қыз қуана алғысын білдірді. Осылай ол оны үйіне дейін алып барды. Қолындағы толы заттарымен С/е үйге зорға дегенде кірді. Сырттан оны бақылаған жігіт жай ғана күлді де:
– Әлі-ақ сені табармын, кішкентай қыз - деп өзі жолымен кете барды.

#akiivals: жалғасы жоқ!

1 4 ER 1.2975
#BTS_HIT_FANFIC

💢ДЕТЕКТИВ ЧОН💢

БАСТЫ КЕЙІПКЕР: Чон Чонгук, Пак С/е
ҚОСАЛҚЫ КЕЙІПКЕР: BTS мемберлері, Чон Ари
ЖАНР: экшн, детектив, трагедия, +18, хэппи
БӨЛІМ САНЫ: 10-15
АВТОР: #danik & #ᴅᴇcnэй/#ᴅᴇᴠɪʟ

♨ 1-бөлім ♨

— Жас қыздың өлімі орын алды, - жан-жағынан қоршау мен жалмаған полиция қызметкерлері жүр.
— Бұл жолы қандай себептен өлді екен? - қанның іздеріне көз жүгірткен жас полиция киімді киген жігіт.
— Белгісіз. Қыздың мәйітін зерттеп жатыр, - келесі жас полиция.
— Әр үш күн сайын болып жатқан оқиғаның себебі болу керек, - жан-жағына қараған жігіт, алыста тұрған бір бейнені байқап қалды. "Бұл кім?" деген оймен қарап тұрып, көз жазып та қалғаны бар. Ойында бірнеше сұраққа тап болып, шешімі жоқ, белгісіз бейнені көзден де тыс қылып алды. Тек ойында "Бұл оқиғаның себепшісі әлгі бейнедегі адам ба?" жауабы жоқ маңызды сұрақта қалып қойды.
— Детектив Кимде келді, - көліктен түскен ірі денелі жігітті байқап. Тэхён қолына қолғап киіп, қылмыс орнына қарай жақын келіп:
— Қыздың аты-жөнің анықтай алдыңдар ма? - жас полиция қызметкеріне қарап.
— Иә, есімі Пэ Рона, 18 жасар қыз екен, - Тэхёнға қарап.
— Түсінікті. Ал, қылмыс қалай орын алған? Бейнекамералар қаралды ма?! - істі қарастырып жатқан қызметкерлерге қарап, ақырын қанның ізіне жақындады. Қызметкерлердің бірі қойылған сұраққа басын төмен түсіріп:
— Қарастырдық, бірақ, ештеңе таппадық. Қылмыскер алдын-ала дайындалғаны көрінді. Ким Тэхён бұл жауапқа ашуланып, орнынан тұрып кетті де:
— Ақымақ, бұл қылмыс кемінде жарты жыл уақыт қайталанып жатыр. Біз бұл қылмыстың алдын алмасақ ертең сенің де бойжетіп тұрған қызың осындай өліммен өлім құшады. Тез бәрін мұқият қарап шығыңдар, - өзіңе келіп түскен қоңырауға жауап бере:
— Иә, бұл Ким Тэхён. Не? Бұлай болмайды. Мен қазір бөлімшеге барамын күте тұрыңыз, - тұтқаны қойып айналасына бір қарап, қолымен шапалақтап өзіңе қаратты:
— Мені бөлімшеге шақырып жатыр. Жұмысты сендерге қалдырып кетемін. Абай болыңдар. Егер де бір айғақ тауып жатсаңдар бірден маған ескертіңдер, жақсы ма? - қарап тұрған қызметкерлерге көз тастап.
— Жақсы, детектив Ким мырза. Жолыңыз болсын! - жұмысты әрі қарай қарастыра бастады. Өзіңе керек жауапты естігем Ким Тэхён полиция көлігіне қарай жүріп кетті.

Таныстыру:

Ким Тэхён бес жылдық тәжірибесі бар детектив. Осы уақытқа дейін өзіңе берілген тапсырмаларды анықтап, қылмыскерлерді ұстаған. Бұл жолы өзіңе келген қылмысты ашу қиын болып жатқаны рас. Ең қызығы үйленген екі жасар ұлы бар. Жасы 26-да.

Аяқталды.

***

Кеш болған уақыт. Қараусыз қалған ғимаратта белгісіз адам көлеңкесі байқалады. Ішкі қадамдарың нық басқан адам байқалады. Ешқайда жарық жоқ болса да, бұл ғимаратты жаттап алғаны белгілі. Есікке жақындаған адам, ішке кіруге қобалжуды білмей есікті бір қаққаннан іштен "КІР" деген дауысты естіген бойда кіріп кетті. Қараңғы бөлме. Ешкімнің жүзі байқалмайды. Тек:
— Жұмысты жақсы атқардың. Бірақ, оларға күдік ұялаттың. Мен саған не дедім. Қызды өлтіріп сол орыннан кетіп қал деп едім ғой. Өз өліміңе асығып жатырсын ба? - даусы қатты шыққан бойда әлгі адам тіл қатты:
— Мен ұсталған жоқпын. Қорықпаңыз сізге жақсы жаңалығым бар.
— Қандай жаңалық? - сабырға түсе.
— Пэ Рона сіздің бәсекелесіңіздің ұнататын қызы екен. Бұл сөзге таң қалған:
— Не? Сонда Пэ Рона мен Мин Юнги бір-бірін ұнатады ма?
— Иә.
— Бұл маған ұнай бастады. Бірінші соққыны дәл тигіздім, - жынды адамдарша күле кетті.

***

Полиция бөлімшесіне келгелі, компьютерден бас алмаған Ким Тэхён әлденені іздеп жатыр. Осы кезде ашулы бастығы келіп:
— Детектив Ким, сен әлі бұл қылмыскерді ұстай алмадың ба? - ашуланған бастық алдында тұрған Ким Тэхёнға айқайлап.
— Мырза, - ақталуға тырыспаған күйі үнсіз қалды. Онсыз да ашулы бастығына бірнәрсе айтайын десе одан бетер ашуландырып алатынын түсінді.
— Ким Тэхён, бұл істі саған сеніп тапсырдым. Бірақ, маған ешқандай жаңалық келген жоқ. Жарты жыл уақыт өтті бірақ, сенген қойым сен болдын демекші бұл істі тоқтат. Енді бұл істен сен айналыспайсың.
— Мырза маған мүмкіндік беріңіз, - бұл жұмысты жақсы аяқтаса ұзақ демалыс алатын еді.
— Артық сөзсіз.

***

— Ханым, мынаны не істейін?! - деп шылым шегіп тұрған қызға қарап сөйледі. Қыз шылымды тастап:
— Лу, ақымақ болмасаңшы. Бұрындары бізге не дейтін еді? Солай жаса, - бір миығымен күлген қыз, өзінің құрбысына қарай.
— Бірақ, бұл қауіпті емес пе?
— Біз онсызда қауіпті ортада жүр емеспіз бе?  - күлген қыз бір көзін қысып. Құрбысы күліп:
— Мин Юнгидің қақпанына бару қиын С/е. Ол біздің түпкі мақсатымызды біліп қойса құримыз.
— Уайымдама мен бірінші ойынды бастадым ғой. Тек оның әрекеттің білу керек. Оның соққына құлдырамай қарсы тұру керек емес пе?  - қызға бас бұрып қарадың да:
— Іске кіріс. Саған сәттілік.
— Рақмет!

***

— Мырза, Пэ Рона ханым үйіне келмегіне екі күн болыпты. Ата-анасы да білмейді. Полицияға арызданыпты,  - болған оқиғадан хабарсыз қалған Мин Юнгидің кабинетіне жүріп келген қызметкері:
— Мырза жаңалықтарды қараңызшы,  - алдына планшетті қойды да, өзі қараған жаңалықты қойып берді.

Жаңалықтар:

— Қайырлы кеш! Бүгін басты жаңалықтармен таныс болыңыздар.
1. Белгісіз өлім құрбаны кім болды? Әлі күнге дейін полиция қызметкерлері неге үнсіз? 2. Ананың көз жасына қалған қылмыскерлер қашанға жарысынбақшы? 3. Еліміз де орын алып жатқан оқиғалардың себебі "Мафия" емес пе?  - жүргізуші жігіт сөз сөйлеп:
— Белгісіз өлім құрбаны болған адамның аты-жөні анықталды. Он сегіз жасар Пэ Рона азық-түлік алу үшін кешке дүкенге бара жатқан қиылыс көшеде орын алған. Бейне камера жоқ қиынылыс болғандықтан, полиция қызметкерлері қылмыстың не себепті орын білмей отыр. Полициялар не себепті екенің үстінде. Дәл қазір байланыста әріптесіміз Пак Чимин:
— Қайырлы кеш! Дәл қазір қылмыс болған орындамын. Қылмыстың не себепті орын алғаны белгісіз бірақ, бұл соңғы жарты жылда қайталанып жатқан оқиға екені анық.


Бірінші бөлімнің соңы.

Сценарий авторлары: #danik & #ᴅᴇcnэй
P.S: бірінші бөлім көңілден шықты ма?

2 6 ER 1.2975