Статистика ВК сообщества "ҰБТ 2020 | ЕНТ 2020 |ЕНТГЛОБУС/ПИРАМИДА ШПОРЛАР"

0+

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

🔥🔥🔥ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ 2021🔥🔥🔥
📌ЖАРАТЫЛЫСТАНУ бағыты📌

341 13 ER 0.7365
11.05.21 Қазақстан Тарихы 📚

Автор: Танысымның танысы

272 7 ER 0.6087
2022жылғы ҰБТ-ға бекітілген оқулықтар тізімі⚠⚠⚠️ ОФИЦИАЛЬНО

139 8 ER 0.3463
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ 💯
БАЗА ЕСЕПТЕРІ ЖАУАПТАРЫМЕН!!!⚠⚠⚠
Қиын геометриялық есептер

51 0 ER 0.1493
✅Дүние жүзі тарихы🆘🆘
1. ХҮІІІ ғ. картиналарында мифологиялық сюжеттер мен пейзаждар тақырыбында салған кескіндемелер: А.Ватто, Франсуа Буше, О.Фрагонар
2.Б.з.б 479 ж Платья шайқасында: парсы, грек
3.Қызыл Армияның Деникинді талқандау, Солтүстік Кавказдың азат етілуі Закавказ еңбекшілерінің...........................ұзақ мәтін. Мәтінде көрсетілген көтеріліске шыққан жеңісін нығайтуға 1920 жылы 28 сәуірде 11-армияның бөлімдері кірген қаланы анықтаңыз: Баку
4. Б.з.б.Ү ғас.Грекияда теңіз қожасы-Афина
5. Дамыған орта ғасырда Чехия мен Польшада құрылған заі қабылдайтын өкілетті билік- Сейм
6. Ассирия кітапханасын жасатқан-Ашшурбанипал
7. Ресей Тынық мұхитқа шығу үшін басып алған аймақ-Сібір
8. ХҮІІІ ғасырда кескіндеме өнеріне үлес қосқан ағылшын суретшісі-Уильям Хогард
9. 1995 жылы Еуропалық Экономикалық қоғамдастыққа мүше болған елдер: Австрия, Швеция, Финляндия
10. 1915 жылы Антанта жағында соғысқан ел: Түркия
11. ХХ ғасырдың 40 жылдарында орталық және оңтүстік шығыс Еуропа елдерінде орнаған құрылыс-ұлттық демократиялық
12. 2012 жылы Франциядағы сайлауда билікке келген партия: социалистік
13. Балқан түбегінің оңтүстік бөлігінде орналақан ежелгі мемелкет- Грекия
14. Әскери реформаның нәтижесінде Германияда күшті армия құрылған уақыт: ХІХ ғасыр басында
15. Ал қызыл және ақ раушандар соғысы болған уақыт: 1455-1485
16. ХІ ғасырда Қарахан дәуірінде өмір сүрген ойшыл ғалым: Ж.Баласағұн
17. 1717-1718 жж І Петр приказдар жүйесінің орнына енгізген басқару органы: Каллегия
18. Ресесй Федерациясының бірінші президенті: Б.Ельцин
19. Орыстың атақты жазушысы Л.Толстойдың зұлымдыққа озбырлықпен қарсыласпау көзқарасын қолдаған қоғам қайраткері: М.Ганди
20. Ежелгі Египеттіктердің сиынған құдайлары: Тас құдайы Бен бен, Күн құдайы Амон-Ра
21. ХХ ғасырдың ІІ жартысында жаратылыстану ғылымындағы жетістіктер: робот, мини-процессор, ДНҚ малекуласы
22. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың ортасына қарай Хуанхэ өзенінің төменгі ағысы бойында пайда болған мемлекеттер: Шань Ин, Чжоу, Цинь
23. ХІҮ ғасырдың соңында бітпей қалған Қ.А.Иассауи кесенесінің құрылысын аяқтаған тұлғалар: Ұлықбек
24. 27 қыркүйекте 1940 жылы Үштік Одақ аталған әскери бірлестік құрған мемлекеттер: Германия, Италия, Жапония
25. 1115 жылы Италияда тәуелсіз коммуна құқығына ие болған қала мемлекет: Флоренция
26. Басындағы зәйтүн жапырағын бейнелейтін гүлдесте таза алтыннан мүсінделген әлемнің жеті кереметінің бірі: ЗЕВС мүсіні
27. ХІХ ғасыр басында Финляндияның бір бөлігі өткен ел: Ресей
28. І д.ж.с. кейін Қытайға 21 талапты қабылдауға мәжбүрлеген мемлекет:Жапония
29. 1921 жылы Кеңес үкіметімен саяси байланыс орнатқан Қытай басшысы: Сунь Ятсен.
30. XIII ғасырдың басында қабылданған Моңғол мемлекетінің заңы: Яса.

70 0 ER 0.1414
Осы соғыстардың басым көпшілігі оқулықтарда жоқ, сендердің ой өрістеріңді кеңейту мақсатымен шығарып жатырмын.

Қандай соғыстар оқулықтарда көрсетілген?

Ресей мен Швеция арасында 3 соғыс көрсетілген.
1)1558–1583 жж. Ливон соғысы. Ресей жеңіліс тауып, халықаралық беделі әлсіреді.
2) 1590–1593 жж. соғыс. Борис Годунов осы соғыстың барысында Балтық теңізіндегі Иван-Город, Ям, Копорье бекіністерін қайтарды.
3) 1700- 1721 жж. Солтүстік соғыс. Бұған басты қарсыластары Ресей мен Швециядан бөлек Речь Посполита (Польша мен Латвия), Дания мен Саксония қатысады. Соғыс нәтижесінде жеңіске жеткен Ресей Балтық теңізі жағалауындағы жерлерді иеленіп, теңіз державасына айналады, сондай-ақ империя болып жарияланады.

Осман империясы мен Ресей арасындағы 5 әскери қақтығыс оқулықтарда көрсетілген. Соларды КИКЛОП анықтамалық құралынан алынған үзінді негізінде көрсетейін:

1) Орыс – түрік соғысы (1593–1598 жж) кезінде болгар және серб партизандарының түрік езгісіне қарсы күресі біршама күшейді.
2) Орыс – түрік соғысы (1768 – 1774 жж) Осман имп/ң сыртқы саясатта беделінің түскендігін көрсетті. ◊1.Франция көмегінсіз қалған Осман имп. Еуропадағы иеліктерінен толық айырылды; 2.Батыс елдері түріктерді Еуропа аумағынан толық қуып шығып, “Осман мұрасын” бөлісу мәселесін күн тәртібіне қоя бастады. 3.Англия мен Франция Ресей патшасы ІІ Екатеринаның саясатына қарсы шығып, Осман имп/ң тұтастығын қорғады; 4.Осман имп/н бөлінген аумақтар үшін бәсекелестік күрес “шығыс мәселесін” туғызды.
3) Орыс – түрік соғысынан кейін (1828 – 1829 жж.) Грекия, Сербия мен Дунай ұлыстары Осман империясы шеңберінде өзін-өзі басқару құқығына ие болды.
4) Орыс – түрік (Қырым) соғысы (1853 -1856) ◊себебі: Ресей патшасы І Николайдың Осман имп/ғы барлық православиелік халықтардың орыстар ықпалын мойындауын талап етуі; ◊ІІІ Наполеон Қырым соғысында Ресейге қарсы коалицияның ұйымдастырушысы болды. ◊Қырым соғысы Осман имп/нда танзимат реформасы әрекеттерінің одан әрі жалғасуына кедергі жасады; ◊Англия мен Францияның көмегіне сүйенген түріктер орыстарды ойсырата жеңді; ◊1856 ж. Парижде келісімге қол қойылды.
5) Орыс – түрік соғысы (1877 – 1878 жж.) Балқан халықтарының ұлттық тәуелсіздік алуына мүмкіндік берді ж/е Болгария мем/ң құрылуын тездетті. Соғыстың қорт/ры 1878 ж. 3 наурызда Сан-Стефанода қабылданып, 1878 ж. Берлин конгресінде қайта қарастырылды.

ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН [id394787594|Меруерт Бакытжановаға] жаз

22 0 ER 0.0795
✨ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ✨
МАҢЫЗДЫ ДАТАЛАР💎💎💎

1813 ж. — Лейпциг түбiндегi «Халықтар шайқасы».
1814 ж. — Наполеон Бонапарттың тақтан түсуі.
1814 — 1815 жж. — Вена конгресi.
1814 — 1830 жж. — Франциядағы Бурбондардың қалпына келтiрiлуi.
1815 ж., 20 наурыз — 22 маусым — I Наполеонның «Жүз күнi».
1819 ж. — АҚШ-тың Флориданы қосып алуы.
1823 ж. — АҚШ-тың «Монро доктринасын» жариялауы.
1828 ж. — АҚШ-та Демократиялық партияның құрылуы.
1830 ж. — Франциядағы шiлде революциясы.
1830 ж. — Бельгиядағы революция, Бельгияның тәуелсiздiгiнiң жариялануы.
1839 — 1870 жж. — Осман империясындағы Танзимат реформалары.
1840 — 1842 жж. — Қытайдағы бiрiншi «апиын» соғысы.
1845 ж. — Алжирдегi көтерiлiс.
1846 — 1848 жж. — АҚШ-тың Мексикамен соғысы және АҚШ-қа Техас, Калифорния, Аризона, Нью-Мексико т.б. қосылуы.
1848 ж., 25 ақпан — Францияда Екiншi республиканың жариялануы.
1848 — 1849 жж. — Австрия, Пруссия, Италия, Франциядағы революция.
1849 ж. — Ост-Үндi компаниясының Үндiстанды жаулап алуды аяқтауы.
1850 — 1864 жж. — Қытайдағы тайпиндер көтерiлiсi.
1851 ж., 2 желтоқсан — Луи Бонапарттың мемлекеттiк төңкерiсi.
1852 — 1870 жж. — Франциядағы Екiншi империя.
1853 — 1856 жж. — Қырым соғысы. Париж бiтiмi.
1854 ж. — АҚШ-та республикандық партияның құрылуы.
1854 ж. — жапондық-америкалық алғашқы теңсіз келісімшартқа қол қойылды.
1856 — 1860 жж. — Қытайдағы екiншi «апиын» соғысы.
1857 — 1859 жж. — Үндiстандағы сипайлар көтерiлiсi.
1858 ж. — Ост-Үндi компаниясының жойылуы.
1859 ж. — Австро-итальян-француз соғысы.
1861 ж. — Итальян корольдығының құрылуы.
1861 ж. — 1865 — АҚШ-тағы азамат соғысы.
1862 ж. — АҚШ-тағы гомстедтер туралы заңның қабылдануы.
1862 ж. — Пруссияда үкiмет басына О.Бисмарктiң келуi.
1863 ж., 1 қаңтар — АҚШ-тың оңтүстік штаттарында құлдықтың жойылуы туралы заң күшіне енді.
1864 ж. — I Интернационалдың құрылуы.
1865 — 1877 жж. — АҚШ-тың оңтүстіктегі қайта құрылымдау кезегі.
1866 ж. — Австрия-Пруссия соғысы.
1866 ж. — Солтүстік-герман одағының құрылуы.
1867 ж. — АҚШ-тың Ресейден Алясканы сатып алуы.
1867 — 1912 жж. — Жапониядағы Мейдзи дәуiрi.
1869 ж. — Герман социал-демократиялық (эйзенахтық) жұмысшы партиясының құрылуы. 197




1756 — 1763 жж. — ағылшынның Ост-Үндi компаниясының Үндiстанды отарлауы.
1759 ж. — Абылай ханның Қытайға бiрiншi сауда керуенiн аттандыруы.
1773 ж. — Англияда Үндiстанды басқару туралы заңның қабылдануы.
1774 ж. — Ресей мен Түркия араларындағы Кучук-Қайнарджи бiтiмi.
1774 ж. — Филадельфияда бірінші құрлықтық конгрестің мәжілісі.
1775 — 1783 жж. — Англияның солтүстiкамерикалық отарларының тәуелсiздiк үшiн соғысы.
1776 ж., 4 шiлде — АҚШ-тың құрылуын жариялаған тәуелсiздiк декла-рациясының қабылдануы.
1783 ж. — Версаль бiтiмшарты. АҚШ-тың тәуелсiздiгiн мойындау.
1787 ж. — АҚШ Конституциясының қабылдануы.
1789 ж., 5 мамыр — Франциядағы Бас штаттардың ашылуы.
1789 ж., 14 шiлде — Бастилияның алынуы. Француз революциясының басталуы.
1789 ж., 26 тамыз — Адам және азамат құқықтары декларациясын қабылдауы.
1791 ж. — ағылшын Маккартнидiң Қытайдағы елшiлiгi.
1791 ж. — Құрылтай жиналысының Францияның тұңғыш Конституциясын қабылдауы.
1792 ж., 10 тамыз — Францияда монархияның жойылуы.
1792 ж., 21 қыркүйек — Францияда Бірінші республиканың орнатылуы.
1793 ж. — якобшiлдер диктатурасының орнатылуы.
1794 ж., 27 шiлде (9 термидор) — Франциядағы термидорлық төңкерiс. Якобшiлдер диктатурасының құлатылуы.
1795 ж. — 1799 — Францияда үкiмет басында Директорияның кезегі.
1795 ж. — Алжир мен АҚШ араларындағы шарт жасалуы.
1796 — Иранда Каджарлар әулетi билiгiнiң орнауы.
1799 ж., 9 қараша (18 брюмер) — Франциядағы мемлекеттiк төңкерiс және консулдық биліктің орнатылуы.
1803 ж. — АҚШ-тың Луизиананы сатып алуы.
1804 ж. — Наполеон Бонапарттың Францияның «императоры» атағын қабылдауы және Бірінші империяның жариялануы.
1805 ж. — янычарлардың сұлтан III Селимнiң реформаларына қарсы бүлiк шығаруы.
1805 ж. — Трафальгар мүйісі жанындағы шайқас, адмирал Нельсонның жеңісі.
1805 ж. — Аустерлиц түбiндегi шайқас.
1812 ж. — Ресейдің Наполеон әскерлерімен Отан соғысы.
1812 ж., 7 қыркүйек — Бородино шайқасы.
1812 — 1814 жж. — ағылшын-американ соғысы. ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕ
1600 ж. — Англияда Ост-Үндi компаниясы негiзiнiң қалануы.
1603 ж. — Жапонияда Токугава сегунаты билiгiнiң басталуы.
1607 ж. — Ағылшындардың Солтүстiк Америкадағы тұңғыш тұрақты қонысы Джеймстаунның (Виргиния) негiзi қаланды.
1628 — 1644 жж. — Қытайда Ли Цзычэн басқарған шаруалар соғысы.
1636 — 1637 жж. — жапондықтарға елден тыс шығуға тыйым салынды. «Жабық есiк» саясаты.
1640 ж., 13 сәуiр — 5 мамыр — Англиядағы «Қысқа парламент».
1640 ж., 3 қараша — Англиядағы «Ұзақ парламенттiң» (1653 ж., 20 сәуiрге дейiн) мәжiлiс құруы. Ағылшын революциясының басталуы.
1641 ж. — Жұлдызды палата мен мен Жоғарғы комиссия соттарының жойылуы.
1641 ж., 22 қараша — «Ұзақ парламенттiң» Ұлы ремонстрацияны қабылдауы.
1642 — 1646 жж. — Англиядағы Бiрiншi азамат соғысы.
1644 ж. — Маньчжурлардың Қытайды жаулап алуы, Қытайда Цин әулетi билiгiнiң басталуы.
1645 ж. — Кромвель қол қойған жаңа үлгiдегi әскер құру жөнiндегi актiнiң күшiне енуi.
1645 ж., 14 маусым — Кромвель әскерiнiң Нейзби түбiндегi жеңiсi.
1648 ж. — Англиядағы Екiншi азамат соғысы.
1648 ж., 6 желтоқсан — Ұзақ парламенттi «Прайд тазалауы».
1649 ж. — Англияда республика жариялануы.
1649 ж., қаңтар — Англияда I Карл король өлім жазасына кесілді.
1649 — 1651 жж. — диггерлердiң қозғалысы.
1651 ж. — Ағылшын республикасы Навигациялық акт қабылдады.
1653 — 1658 жж. — Кромвель протекторатының кезегі.
1660 — 1688 жж. — Англиядағы Стюарттардың қалпына келтiрiлу кезегі.
1684 ж. — Қытайда «Қасиеттi лиганың» құрылуы.
1689 ж. — Ресей мен Қытай араларындағы Нерчинск келiсiмiнiң жасалуы.
1696 ж. — I Петрдiң Азов бекiнiсiн басып алуы.
1723 ж. — Түркияның Иранның солтүстік-батыс бөлігін басып алуы.
1730 ж. — Патрон Халилдiң Стамбұлда көтерiлiс шығаруы.
1736 ж. — Нәдiрдiң Иран шахы болып жариялануы.
1736 — 1739 жж. — Нәдiр шахтың Үндiстанға жорығы.
1747 ж. — Ахмед-шахтың Үндiстанға қарсы басқыншылық соғысының басталуы.
1751 — 1780 жж. — «Энциклопедия» шығып тұрды.
1757 ж. — Қытайға еуропалықтардың келуiне тыйым салынды.
1755 — 1759 жж. — Цин империясының Жоңғария мен Шығыс Түркiстанды басып алуы.
199
1870—1871 жж. — Франция-Пруссия соғысы.
1870 ж., 2 қыркүйек — Пруссия армиясының Седан түбiндегi жеңiсi.
1870 ж., 4 қыркүйек — Париждегi революция, Франциядағы Екiншi империяның құлауы.
1871 ж., 18 қаңтар — Версальда Герман империясының жариялануы.
1871 ж. — Герман империясы конституциясының қабылдануы.
1871 ж. — Германия мен Франция араларында Франкфурт бiтiмшартына қол қойылуы.
1871—1873 жж. — Франциядағы А.Тьердiң президенттiгi.
1871 — 1890 жж. — Германиядағы О.Бисмарктың канцлерлiк етуi.
1872 ж. — I Интернационалдың Гаага конгресi.
1873 ж. — «Үш император одағының» құрылуы.
1874 — 1880 жж. — Англиядағы Д.Дизраэлидiң консервативтiк кабинетi.
1877 — 1878 жж. — орыс-түрiк соғысы.
1878 ж. — Берлин конгресi.
1879 ж. — Австро-герман одақтың құрылуы.
1882 ж. — Германия, Австро-Венгрия және Италия араларындағы Үштiк одақтың құрылуы.
1884 — 1885 жж. — француз-қытай соғысы.
1885 — 1889 жж. — Франциядағы буланжешілдердің қозғалысы.
1889 ж. — Жапония Конституциясының қабылдануы.
1894 — 1895 жж. — жапон-қытай соғысы.
1894 ж. — «Қытайдың қайта өрлеу қоғамының» құрылуы.
1894 — 1906 жж. — Дрейфус ici.
1898 ж. — испан-америкалық соғысы
1898 — 1900 жж. — Қытайдағы ихэтуаньдар көтерiлiсi.
1899 ж. — АҚШ-тың Қытайда «ашық есiк» саясатын жариялауы.

32 0 ER 0.0877
14.05.2021
Джт
1.Қара жер
2Жапониядағы әскери адам
3.Сәулет өнеріндегі постмодернизм өкілі
4.Абстракционизм өкілі
5.Б.з. 2 мыңжылдығында Батыс Суданда пайда болған мемлекет(-тер)
6.1641 жылы жазда Англияда пайда болған өкіметті(или өкілетті) бар болған ел(-дер)
7.1960 жылдардағы Дэн Сяопиннің жаңа "реттеу" реформалары ма бірбәле
8.Тоталитарлық және қуғын сүргінді арқау еткен көркем шығармалар(типо сондай сұрақ)
9.Мәдени интеграция формалары
10.1944 жылғы 30 тамызда президент болған Франция басшысы
11.III Напелоенның келуімен нешінші республика құрылды Францияда
12."Социализм және саяси күрес" кімге тиесілі (типо сондай сұрақ)
13.1624-42 жылғы басқарған кардинал:
14.Палестина мен Иракқа 1940 жылы протектарот орнатқан ел(-дер)
15.1699 жылы Ресей патшалығы поляк корольі II Александрмен қай елге шабуыл жасау туралы келісімге келді

40 0 ER 0.0829
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Activity book
Батыс Түрік қағанаты

жалпы осындай дәптерлерді интернетте таратуға болмайды, авторлық құқықты бұзышылық болып табылады. Бірақ менің автор ретінде оны тарататын құқығым бар. Игіліктеріңе асырыңдар💎

19 0 ER 0.0549
Шыңғысхан Жамұқаны жеңіп жалайырларды бағындыру кезінде одақтасты:

0 3 ER 0.0190