Статистика ВК сообщества "• ʙϙᴛ ᴡᴏʀʟᴅ • qazaqsha imagine & scenario"

0+
ᴡᴇʟᴄᴏᴍᴇ ᴛᴏ ᴛʜᴇ ᴡᴏʀʟᴅ ᴏғ #ʙϙᴛ

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

#IMAGINE_BTS_BQT

#Елестетші Чонгук сенің сыныптасың, әрі крашың. Бірақ ол сені менсіңбейді.

#Елестетші сен беделді Ким отбасында дүниеге келген қызсың. Өмірдің таршылығын көрмей, еркін өскен бойжеткен едің. Ішкенің артында, ішпегенің алдында. Ата-анаң сенің болашағын үшін барлығын қамтамасыз етіп қойған. Содан ба, сен таршылық не екенін білмейсің. Қалтамда ақшам бар, бұл өмірде барлығын ақша шешеді деп жүрген, мең-мең жасөспірім. Әкеңнің ақшасына сеніп жүрген тәкәппар едің. Бірақ, бұл қырсық мінезді баса алатын жеті миллирд адам ішінен тек біреу ғана. Сенің бұл адам төзгісіз, ит мінезің, Чонгук сенің сыныбына көшіп келген күннен басылып қалған-ды. Сен оны бір кіргеннен ұнатып қалған едің. Үнемі оның жанынан айналшықтап шықпайтынсың. Тіпті бұрын төмен тап оқушыларға көрсеткен қорлықты да, қойған едің. Оның себебі, Чон Чонгук. Ол да орта тап өкілінен шыққан қарапайым жігіт болған соң, ит мінезің мен тәкаппарлығынды одан жасырғын келді.

#Елестетші бүгін де сен Чонгуктың жанында айналшықтап жүрсің. Сабаққа беріліп кеткен Чонгук, саған назар аударғысы келмейді.
— Чонгук, сенің ұнатып жүрген қызың бар ма? — ішін пысқан сен, Чонгукке махаббатқа толы жанармен қарадың.
— Оны не істемексің? — Чонгук саған көз қырымен қарады да, қайта кітапқа қарай кетті.
— Туф, сұраққа сұрақ ретінде жауап беруді қойшы. Маған жай қызық болып тұр, — сен ерініңді түштейтіп, сүйкімді жүзбен Чонгукке қарадың.
— Иә, — жауапты қысқа қайырған Чонгук, кітабын жапты да, орнынан тұрды.
— Қазір сабақ басталады. Кешікпей кел! — Чонгук кітабын сөмкесіне салып, оны бір жақ иығына асты да кете барды.
Сен Чонгукты кітапхана есігінен шыққанша көзбен шығарып салдың.
— Эхх, ол тіпті мені елегісі де келмейді. Ал мен ол үшін өзгеріп жүрмін. Қызық, махаббат не істетпейді? — сен жеңіл жымия, сөмкенді алдың да, кітапханадан шығып кеттің.

#Елестетші сен мектептің үшінші қабатына көтеріліп, өз сыныбыңа келдің. Сынып ішіне кіре, сыныпты көзбен бір шолып өтіп, Чонгукке қарадың. Және қасында отырған Лиёнды көзбен жеп бара жатқан сен, ол екеуінің жанына келдің.
— Менің орныма отыруға қандай, құқығын бар, Лиён! — сен қызғаныштан, дауыс тоның жоғары көтерілді.
— С/а, басқа орынға отыра сал! — Чонгук сенен шаршағандай, сабырлы сөйледі.
Бірақ қырсық сен қоясың ба? Жоқ! Керісінше қаның басына теуіп, жарылып кетердей болдың.
— Жоқ! Бұл менің орным болған соң, бұл жерге мен ғана отырамын! — деп сен қырсығып.
— Жетер осымен! С/а, бұл орын әу бастан-ақ Лиён отырған. Сенің бұл орын менікі дейтіндей ол сенің жеке меншік затын емес! — шыдамы шегіне жеткен Чонгук, саған ашулана қарды.
— Сен неге менің жанымнан айналшықтап шыққын келмейді? — деп Чонгук сөзін жалғастырды.
— Себебі, мен сені сүйемін! — деген сәтте, сынып тынышталып қалды.

#Елестетші бір-екі минуттық тыныштықтан кейін, Чонгуктың күлген дауысы шықты.
— Хаха, сүйемін деймісің? Сендей тәкаппар қыз махаббат не екенін біледі ме? Сүйюді біледі ме? — деп Чонгук сені мазақ қылғандай.
— С/а, маған сендей тәкаппар қыздар ұнамайды. Өзімшіл қыздарды ешкім жақсы көрмейді. Тіпті сені көрсе, барлығы сенен теріс айналады, — деп сенің жаныңа келді.
— Айтпақшы, сен жаңа маған кім ұнайды деп сұраған едің ғой. Жақсы сол қыздың кім екенін айтайын. Ол қыз Пак Лиён! Ұқтың ба? Ол сен сияқты тәкаппар, өзімшіл емес, — деп жанындағы орында отырған Лиённың қолынан ұстап тұрғызды да, сенің жаныңнаң қыздың қолынан ұстаған күйі сыныптан шығып кетті.
— Дұрыс. Мен кім үшін өзгеріп жүрмін? — деп сен көз жасынды ұстай алмай, жылаған күйі сыныптан шығып кеттің.

#Елестетші сен жылап, мектеп ауласындағы орындардың біріне отыра кеттің. Көзіңнең жас моншақтап ағып жатыр.
— Алғаш рет ғашық болды. Сол үшін өзгердім. Бірақ, не үшін? Бұрынғы тәкаппар күйімде жүргенде, бұлай қиналмас едім! — сен басынды төмен салып, қолыңмен бетіңді басып жылай кеттің.
— Саған ескерткен едім. Есің де ме? — деген өзіңе таныс дауыс шықты.
Сен бұл дауысты естіп, басынды көтере қарадың.
— Юнги?
— Қырсық бикеш, сені кім ренжітті? — дей бергенде, сен орныңнан тұрып, Юнгиді құшақтап алдың.
— Оу, сол баяғы күйге душар болдым де. Қырсық бикеш, бұрын да сен бір ақымаққа сезіміңді білдіремін деп опық жеген едің. Сол саған сабақ болмады ма? — Юнги саған жауап ретінде, сені құшақтады.
— Юнги, қашан келдің? — сен оны құшақтаған күйі сөйледің.
Ал бұл көріністі сендердің жандарңнан өтіп бара жатқан Чонгук пен Лиён анық байқады.
Сенің Юнгиді құшақтап тұрғаныңды көрген Чонгук, іштей біртүрлі болып қалды.

СОҢЫ ЕМЕС!

#Mochi_Min

5 256 ER 6.6615
#IMAGINE_BTS_BQT

#Елестетші сендер еріксіз үйлендіңдер, бірақ ол саған басынан ғашық болған еді.

#Елестетші сен орта таптан, бірақ ақшамен кішкене мәселесі бар отбасыдан шыққансың. Қазір жұмыстан ата-анаңа ақша алып келіп жүрсің, артыңда тағы да екі сіңілің бар. Ата-анаң өте жалқау, сенің ақшаңды жеп отыра береді. Қызына жаны ашу деген оларда атымен жоқ.

#Елестетші сен жұмыстан келе жатсың. Үйіңе кірген едің, үстел басында сенің отбасыңнан басқа тағы да адамдар отыр. Сен түсінбей қарап тұрған едің, анаң орнынан тұрып, сені жеке бөлмеге алып кетті.
С/а:
- Бұлар кімдер?
Анаң:
- Бұлар саған құда түсіп келіп отырған бай адамдар. Сені келіні қылып өз баласына әпермекші.
С/а:
- Не? Сен менің рұқсатымды алмайсың ба? Мүмкін...,- деп жатыр едің анаң аузыңды қолымен жаба кетті де:
- Бізге қазір ақша керек қой. Сіңілдеріңе киім керек, жақында мектепке барады. Кішкене біздің жағдайымызды да ойласайшы. Бар үстел басына отыр,- деп сенің сөмкеңді алды да, басқа бөлмеге кетіп қалды.

#Елестетші сен үстел басына келдің.
Чон ханым:
- С/а нетке сұлу қыз едің....айтпақшы мынау менің балам Чонгук,- деп баласының иығынан қақты. Сен ол жігітке қарадың. Сымбатты, тартымды жігіт еді. Сенің ішіңде көбелектер ұшып, оны ұнатқандай болдың, бірақ түр бермедің.
Чонгук:
- Мен Чонгук боламын. Танысқаныма қуаныштымын,- деп қолын созды. Сен оның қолын көрмей қалған едің, оныңды анаң байқап қалып, иығыңнан бір қағып жіберген кезде, ішіп отқан тамағыңа шашала кеттің. Дем жетпей, үстел басынан тұрдың да, далаға шығып кеттің. Бәрі де алаңдап орнынан тұрып кетті.
Чон мырза:
- Балам, барып С/а ны қарап кел,- деген кезде Чонгук сенің артыңнан далаға шығып кетті.

#Елестетші сен жерге отырып алып, демің жетпей жатыр еді. Чонгук жүгіріп келіп, артыңнан ұра бастады.
Чонгук:
- Сөйлей аласың ба? - деген кезде сен басыңды шайқап, жөтеле бастадың. Чонгук мәселе неде екенін түсініп, сені орныңнан тұрғызды да, артыңнан құшақтап, ішіңді қысып қалған еді, аузыңнан кішкене ғана нанның түйіршіні ұша кетті. Сен деміңді алып, жүрек тұсыңды ұстадың.
Чонгук:
- Бәрі жақсы ма? -деді. Сен басыңды изедің де, оның қолын беліңнен босаттың. Сосын үйге кіріп кеттің. Чонгук артыңнан қарап тұрған еді.
Чонгук:
- Ах...менің алғашқы махабатым, С/а...мен саған жеттім ау. Бұл біздің бірінші құшақтасуымыз, ал бүгін сені үйіме алып кетемін,- деп бір миығымен жымиды да, кішкентай бала секілді секіріп, қуана бастады...

Жалғасы бар...

#semi_sweet

8 161 ER 5.3650
#IMAGINE_BTS_BQT

#Елестетші, сен оны Оливия Родриго есімді америкалық әнші қыздан қызғанып қалдың.

#Елестетші сен Тэхённың некелі жарысың. Грэмми аяқталған соң, Тэхён дереу үйге баратынын айтқан болатын. Алайда, олай болмады. Грэммиден кейін іскерлік сауық кеші болған ба түсініксіз, саған ескертпестен бантандармен жиналып сауық кешке кетіпті. Сен бантандардың концертін көргеннен кейін, Тэхёныңды Оливиядан қатты қызғанып, ішің от болды. Қазір келсе сазайын тарттырамын деп үйде ашуланып жүрсің. Америкада сендердің жеке үйлерің бар. Сен осы үлкен үйде, кештен бері Тэхёнды күтумен әлек болдың. Қоңырау шалсаң алмайды. Оның сауық кеште жүргенін, Намджун арқылы біліп алдың. Оған қатты ренжідің. Таң атуға жақын қалды. Сағат 4:35. Сен бұл уақытта әлі ұйықтамадың. Телефон қарап жатыр едің, үйдің есігінің ашылғанын естідің де, орныңнан тұрып бөлмеден шықтың. Шығып қарасаң есік алдында қисалаңдап тұрған Тэхёнды көрдің. Қолында қоңыр түсті костюмі бар, аяқ киімін шеше алмай тұрды. Оны көріп сен ашуланып кеттің де, жарықты жақтың. Ол жарық жанғанын көріп жоғарыда тұрған саған қарады.
— Әлі ұйықтамағансың ба? - ол аяқ киімін шешіп, үй аяқ киімін киді. Сен баспалдақпен жылдам түстің де, оның жанына барып:
— Маған неге сауық кешке баратыныңды ескертпедің? - ренжи оған қарадың.
— Уақытым болмады. Грэммиді көрдің бе? - ол жымия.
— Әрине, қалай көрмеймін? - көзіңді алартып Тэхёнға қарадың. Тэхён күліп жіберді де:
— Қызғандың ба?
— Йаа, Тэхён! - жаңағы ашуыңды енді шығарып бастадың.
— Өтініш, түш. Тыныш, бақырмашы, онсызда шулы жерден басым ауырып келді, ұйықтайық, - түрінен көрініп тұрды қалай шаршағаны. Саған солай айта жоғары көтеріліп бара жатты.
— Маған, Грэммиден соң бірден келемін дедің ғой, мен сені мына жақта күтіп отырсам, сен ана жақта кеш тойлап жүрдің бе? Тым болмаса сол жерде екеніңді айтсаң болатын еді, - оның артынан айқайладың. Ол орнында тоқтап:
— Мен саған айттым ғой, телефон ұстауға уақыт болмай кетті. Асығыс жігіттер келді де жүр, жүр кеттік деп алып кетті, - ол да саған қарап айқайлай.
— Ал сауық кеште ше? Бір хабарлама жазып жіберуге уақыт таппайтындай мен саған ешкім емеспін бе?
— С/е! Ертең сөйлесейік! - қабағы қатулы болып, дауысы жуан шықты. Сен үндемедің. Ол сол сәтті пайдаланып, бөлмеге қарай кетіп қалды. Сен үндемей ас үйге кіріп, оған сусын дайындай бастадың. Шынымен шаршаған шығар, салқын шырын ішіп алсын деген ойың болды. Шыны ыдысқа құйып, ас үйдің жарығын өшіре бөлмеден шығып кеттің. Баспалдақтар мен жоғары көтеріліп бөлмеге барсаң, төсекте Тэхённың телефонмен мәз болып, хабарлама жазысып жатқанын көрдің. Тіпті, әлі киімін де ауыстырмаған.

#Елестетші шырынды үстелге қойдың да, оның ауыстыратын киімдерін шкафтан шығара бастадың. Ал ол басын телефоннан алған жоқ. Жының келген сен:
— Тэхён! - оның жанына келіп.
— М? - ол басын телефоннан көтермей сөйледі. Сен оның қолынан телефонды жұлып алдың да, кіммен сөйлесіп отырғанын көрдің. Ал Тэхёнда реакция болмады.
— Мұның не сенің? - саған басын көтере қарап.
— Оливия? Сен Оливиямен сөйлесіп отырмысың? - олардың хабарламасын оқыған сен жындануға шақ қалдың.
— Жеке ісіме араласпа! - қолыңнан қайта телефонын алып алды да, жейдесін шеше бастады.
— Тэхён? Бұны қалай түсінуге болады? - сенің жының шығып оған қарадың.
— С/е, өтініш, басты ауыртпашы! - жейдесін ашуланып шешіп төсекке лақтырды.
— Ол қызға хабарлама жазғанда уақыт табылады, ал маған табылмай ма? - ашулана оған айқайлай сөйледің. Сенің бұл сұрағыңды естісе де үндемей шешіне бастады.
— Сен шынымен бантандар мен сауық кешке бардың ба? - шашыңды қайырып, ішіңнен әлдебір күдік пайда бола бастады.
— Не? Нені меңзеп тұрсың? - ол сенің қолыңнан фудболкасын алып киіп алды.
— Құрып кеткір, шынымен бантандар мен бірге жиналып сауық кешке бардың ба деймін?! - бұл жолы да шыдамай айқайлап жібердің. Ол сенің сөзіңді елемей, үстел үстінде тұрған шырынды алып іше бастады.
— Тэхён, жауап бер?! Қайда болдың?
— Жетер С/е! Басымды ауыртып жібердің! - ол айқайлай шырынды ыдысты жерге лақтырып жіберді. Сен шошып кеттің.
— Сауық кешке бармадым. Оливия мен жеке коллаб туралы әңгімелестік. Болды ма? - саған ашулана қарады.
— Н.. Не? - көзің жасаурай оған қарадың. Ішіңде шынайы қызғаныш сезімі оянды. Ішің от болып жанып, не істеріңді білмей кеттің.
— С/е, менің өнердегі жұмыса араласпа! Түсіндің бе? Кіммен кездесемін, қайда барамын ол сенің жұмысың емес!
— Тэхён, мен сенің әйеліңмін. Әйелің болған соң, сенің не істеп жүргеніңді білуге міндеттімін, - ендігі көзіңнен жас ағып кетті. Осы кезде Тэхённың телефонына қоңырау келіп жатты. Саған ашуланып қарады да, телефонды көтерді. Сен жылап тұрып оған бір қарадың да, бөлмеден шығып кеттің.

#Елестетші бөлмеңнен шығып, қонақ бөлмеге беттедің. Ішке кіре есікті іліп алып, жерге отыра қалып жылай бастадың. Тэхённың бұлай сені елемеуін, дауыс көтеруін алғаш көрген сен, тіпті сенбедің. Оны сүйгеніңе өкінгендей отырдың. Қатты жыладың, жастарыңнан көлшік шығуға сәл қалды. Тэхён бұл уақытта ұйықтап қалған да еді. Сен жылап жылап отырған жеріңде ұйықтап кетіпсің. Бірде есіктің тарсылдаған дауысынан шошына ояндың. Сәл ес жиып, айналаңа қарасың еденде жатыр екенсің. Терезеге қарасаң күн шығып кеткен. Таң атып қалыпты.
— С/е, осындасың ба? - есік сыртынан Тэхённың дауысын естідің.
— Не керек? - дедің іштен айқайлап.
— Осында екенсің ғой, мен кетіп бара жатырмын. Ертең бізде концерт соған бі...
— Кете бер! - оның сөзін аяқтатқызбай, суық жауап қаттың. Ол біраз үнсіз қалды да:
— Үстелге ақша тастап кеттім, қаласаң қаланы аралап кел, - есікке кішкене жақындап сөйлей. Сен үндемедің.
— Жақсы, мен кеттім. Кешке келемін, - осылай сөйлеген дауысын естіген сен, кейін кетіп бара жатқан аяқ дыбысын естідің. Ол кетіп қалған соң, бөлмеден шықтың. Шығып едің алдыңнан Тэхён атып шықты. Оны көріп шошып кеттің. Көзің ісіп, шашың жалбырап кеткен Тэхён сені көріп:
— Не болған мына түріңе?
— Есалаңсың ба? Өлтіре жаздадың ғой адамды! - ашулана жүрегіңді ұстадың.
— Түнде менің жаныма жатпадың, осында жаттың. Жыладың ба? - саған бастан аяқ қарап.
— Кететін болсаң, тез кетші, - деп енді жүрмекші едің. Ол қолыңнан ұстап тоқтатып алды.
— Жібер! - сен артыңа қарамай сөйледің.
— Неге тырысып жүрсің? Біртүрлі сұрақтар қойған өзің емес пе, шаршап келген соң айқайлап жібердім!
— Біртүрлі сұрақ? Мүмкін сенің істерің біртүрлі шығар? - артыңа бұрыла қарап, оған ашуландың.
— Сауық кешке жігіттер де барды, бірақ олар өздері көңіл көтерді. Мен және менің менедждерім, Оливия мен оның продюсері отырып коллаб туралы ақылдастық! Неге одан қызғанасың? Оған артық ойым да жоқ!
— Қызғану? Қызғанбаймын. Қаласаң екінші әйелің қылып алып ал! - коллаб туралы естіген сен одан да қатты ашуланып кеттің. Қолыңды одан тартып ала, әжетханаға қарай кетіп қалдың.
— Қырсық! - ол ашулана.

#Елестетші Тэхён үйден шығып бантандарға қарай кетіп қалды. Кеше түнде сен оның жанына жатпағаныңнан, түнімен мазасызданып шыққан еді. Ұйқысы келіп, әрең көлік айдап барады. Бірер миунттардан кейін Тэхён жігіттермен болды. Бәрі жиналыпты.
— Ертең алғашқы күн, сондықтан барынша мұқият боларсыңдар, - сөйлеп отырған Бан Шихёктың сөзін бөліп, есіктен Тэхён кіріп келді. Бір орынға жайғасып, Бан Шихёктың сөзін тыңдай бастады.
— Концерт біткен соң, дереу елге қайтамыз. Елге барған соң өздерің білетіндей жаңа камбэк дайындау керекпіз. Әдеттегідей, камбэк. Камбэктің артынан бірнеше әртістермен коллаб болады. Джиннің соло камбэгі шығады, - жігіттерге қарап. Жігіттер шулап кетті.
— Ууу, бұл күшті болайын деп тұр ғой, - Хосок күлімдей.
Бәрі солай өз ойларын айтып, жоспарларын талқылап отыр. Ал, Тэхённың бар ойы сенде болды.

#Елестетші сен бұл уақытта үйде кино көріп жатыр едің. Үстінен Бантандардың V Live та отырғанын көріп, дереу кірдің. Енді кіргенге ұқсайды, бәрі амандасып жатты. Сенің екі көзің Тэхёнда болды. Жігіттер Грэмми туралы әңгімелерін Армилермен бөлісіп жатты. Сен үнсіз олардың әңгімелерін тыңдап отырдың. Тэхённың қайта-қайта телефонға қарай беруі, сені алаңдатпай қоймады. Әр қараған сайын еріксіз күліп, жымиып отырды.
— Айщ! Мынау! Тағы да сол қызбен сөйлесіп отыр ма? Не қылған коллаб ол? Айщ! Жыныма тиеді бұл! - ашуланып телефоныңды сөндіріп тастадың. Төсегіңде ары аунап, бері аунап ішің қатты пысты. Тэхён қалдырған ақша есіңе түсіп, қаланы аралауға шығатын болдың.

#Елестетші Тэхён ән айтып дауысын жаттықтырып отыр еді, оған қоңырау келді. Жымия тұтқаны көтеріп сөйлесе кетті. Әрине, тұтқаның иесі Оливия болатын.
— Бүгін боссың ба? - Тэхён жымия.
— О не дегенің, босаған кезде айтарсың. Аха, жақсы, - күліп тұтқаны өшірді.
— С/е бе? Жағдайы қалай екен? - жанына жайғасқан Чимин. Тэхённың түрі лезде өзгеріп кетті.
— Аа, иә. Жағдайы жақсы.
— Кеше маған 10 рет хабарласыпты. Оған жауап беретін уақытта болмады ғой. Ренжіп қалмапты ма? - Чимин күліп.
— Жоға несіне ренжиді. Біздің уақытымыз босамайтынын түсінеді ғой, - Тэхён да күліп.
— Бүгін үйге барсаң, сәлем айта сал.
— Кімге сәлем айтады? С/е ге ме? - араларына Джин қосылып.
— С/е демекші Тэхён неге оны алып келмедің? - Хосок та жандарына жайғасып.
— Кеше оған сауық кешке баратыныңды ескертпедің бе, байғұс қыз бәрімізге хабарласып шықты ғой, - Намджун да алмасын тістей жігіттердің жандарына келіп.
— Айгуу, айтпа. Маған 12 рет қоңырау шалыпты, - Хосок күліп.
— Тэхёнға таңғалам, С/е ні Америкаға әкелуін әкелді. Бірақ, өзі Оливия мен басы қатып жүр ғой, - әдеттегідей өз ойын айта салатын Юнги.
— Оливия? Эй, сен не сандырақтап тұрсың? Ол жәй сценарий ғой, - Намджун күліп.
— С/е дей ханшайым тұрғанда, Оливияның артынан жүгірмейтін шығар, - Чимин де күліп.
— Э, сүйтсең айырып кетеміз! Мына бәріміз, - Джин күліп мазақтай.
— Тэхён Оливиямен коллаб шығарады. Әрине, Джин хённимның солосынан кейін, - Чонгук телефоннан көз алмай free fire ойынын ойнап отыр.
— Осы сол коллабты шығырмай-ақ қоямыз ау, - Намджун жігіттерге қарап.
— Неге? - жаңадан бері үнсіз тұрған Тэхён.
— Неге сен? Басқа біреуге берейік. Мысалы, Чонгук немесе Чимин.
— Мен өзім айтамын. Жігіттер, осыдан кейін бұл әңгіме талқыланбасыншы, - Тэхён орнынан тұрып, үнсіз кетіп қалды. Қалған жігіттер үнсіз қалды.

#Елестетші тағы сол кеш батты. Сен үйге кештеу келдің. Үйге келсең, үйдің жарығы жағулы тұр. Тэхён келіп қойған сияқты. Үйге кіріп келсең, қабағы қатулы Тэхён сені күтіп алды. Оны көріп тағы қорқып кеттің.
— Елессің бе немене. Не істеп тұрсың бұл жерде? - ашулана аяқ киіміңді шешіп жаттың.
— Қайда жүрсің? - ол қолын айқастыра.
— Қыдырып келдім.
— Кіммен?
— Кіммен? Менің Америкада бір танысым бар ме еді? - аяғыңа үй аяқ киімін киіп, ас үйге қарай оның алдынан өтіп кеттің. Ол сенің артыңнан ерді.
— Қайда бардың?
— Жәй зоопаркке барып сосын... Саған неге есеп беруім керек? Өзің айтқандай, сеніңде менде енді жұмысың болмауы керек! - жымиып сөмкеңді үстел үстіне қойдың.
— С/е! Мені жындандырма! - ол сенің артыңнан ас үйге кіріп келді.
— Сені жындандырғым да келіп тұрған жоқ, шырын құйып алайын, сосын бөлмеме кетемін, - жоғарыдан шыны ыдысты алмақ болдың. Тэхён болса әлі ашуланып тұр. Аяқ-асты шыны ыдысты аламын деп жерге түсіріп алдың. Ыдыс жерге түсіп, шашылып кетті. Тэхён екеуің шошып кеттіңдер. Ол жаныңа дереу жетіп келді де:
— Бәрі жақсы ма, тіліп кетпеді ме бір жеріңді? - деп колыңнан ұстап көріп жатты. Сені арырақ апарып сынған шыныны жинай кетті. Сен үнсіз оған қарап тұрсың.
— Абайламайсың ба? Қолыңды не болмаса бетіңді тіліп алсаң не болатын еді, - сенің жаныңа келіп. Сен үндемедің. Ол сенің бетіңе үңіле қарап қалған.
— С/е, - деп сөйлегелі жатыр еді.
— Мен ұйықтаймын, - деп сөмкеңді алып, ас үйден шығып кеттің.
— Құрып кеткір, көңілін қалай табамын енді? - Тэхён өз-өзіне ашуланып, ас үйде қалып қалды.

#Jenna ал көңіліңді қалай табады екен енді?

21 113 ER 4.8482
#IMAGINE_BTS_BQT

#Елестетші , жұмыстан бас алмайтын күйеуіңді, саған деген қызғанышы оятса.

#Елестетші , сендердің отау құрғандарыңа 4 жылдан асты. Орталарыңда 3 жасар Джэхён атты ұлдарың бар. Чонгук жұмыс деп жүріп отбасына көңіл бөлуді қойды. Сағанда, баласына да дұрыс қарамайды. Үйге кешігіп келмейді, өз уақытында келіп, өз уақытында кетеді. Бірақ тек жұмысты ойлайды. Бір жағынан әкесімен бизнес жолында өскендіктен, психикасы осындайға үйреніп кеткен деп ойлайсың. Кейде оған "мені болмаса да, балаңды ойнатып, қыдыртсаң болады ғой" дейсің, бірақ ол Чонгуктың басына да кірмейді. Ұрыс шықса болды, "сендерді асырап, бағып-қағу үшін жұмыс істеп жүрмін" дейді. Олай жұмыс істеп бақытты қылудың қажеті қанша, егер баласына бір "балам менің" деп айтуға уақыты жоқ болса.

#Елестетші , әдеттегі күндердің бірі. Үйде тек сен ғана. Джэхён балабақшада, күйеуің жұмыста. Үйдің тірліктерін істеп, заттарды ретке келтірдің. Джэхёнды балабақшадан алып кететін уақыт болған соң, бірден киініп, үйден шығып кеттің.
Балабақшаға келіп, балаңды іздей бастадың. Қарасаң, балаңды бір жігіт көтеріп жүр екен. Біртүрлі болып, бірден олардың жанына бардың.
— Кешіріңіз, бұл менің балам.
— Сіз Джэхённың анасы боласыз ба? Негізі балабақшаның бүгінгі уақыты жарты сағат бұрын біткен. Барлығының ата-анасы алып кеткендіктен, тек Джэхён ғана қалып, жылаған еді. Жұбату үшін көтерген едім, — деді жігіт.
— Солай ма? Кешіріңіз, рақмет, — дедің басыңды иіп.
Бірде ішке бір адам кіріп келді. Оның бейнесі саған таныс көрінді. Анықтап қарап едің, күйеуің Чонгук екен. Басқа жігіттің қолында тұрған Джэхёнды, олардың жанында тұрған сені байқап қалды. Ішінде әлдебір көбелектер ұшып жүргендей. Әрине, баласы мен әйелін басқа еркектің жанында көру, барлық ер қауымы үшін жағымсыз емес пе? Ол сендердің жандарыңа келіп:
— Не істеп тұрсыңдар?
— Сен мұнда қайдан жүрсің? — дедің Чонгукке.
— Баламды балабақшадан алып кетуге келгенмін. Болмайды ма? Әлде мына жігітпен алып кетуді жоспарлап па едің?
— Кешіріңіз, қате түсініп қалмаңыз. Мен балабақшаның директоры боламын. Жұмыстан қайтарда жылап отырған баланы көрген соң, жұбатқым келген еді. Ал мына ханым енді келді. Енді Джэхёнды алсаңыздар, менің шұғыл шаруаларым бар еді.
— Иә, әрине, — деп жігіттің қолынан Джэхёнды алдың.
— Сау болыңыздар! — кішкене иіліп, балабақша есігінен шығып кетті.
— Баланы маған бер! — дей, Чонгук баланы өзіне ала, алдыға түсіп, кетіп қалды. Баласын алып кетуге келген Чонгукты көріп, біраз таңырқап қалдың. Үндемей, оның артынан ере бердің.

#Елестетші , үшеуің көлікте келе жатырсыңдар. Чонгукке қарап-қарап қоясың. Олда жанарын саған түсіре береді. Бірде Джэхён есіне бірнәрсе түсіргендей түр жасап, қалтасынан бір кішкентай ойыншықты шығара, ойнай бастады. Сен оны байқап:
— Балам, мұндай ойыншығың жоқ еді ғой. Қайдан алдың?
— Аға берді.
— Жаңағы аға ма? — Чонгук жоғарыда тұрған айнадан, баласына қарап сөйлей.
— Иә.
— Жылаған соң, берген шығар, — деп сен еш эмоциясыз отыра бердің. Чонгук қызыл жанып тұрған соң көлігін тоқтатып, баласына қарады.
— Балам, мынаны лақтыра сал. Мен саған қазір үлкен ойыншық алып беремін, жақсы ма?
— Шынымен бе?
— Иә, ана жердегі дүкенді көрдің бе? Сол жерде ойыншықтар сатады. Қазір сол жерге тоқтап, саған үлкен ойыншық алып беремін, — Чонгук алыста тұрған ойыншық дүкенін саусағымен баласына көрсетіп.
— Жарайды, — деп Джэхён кішкене ашылған терезеден әлгі ойыншықты лақтырып жіберді.
— Ақылдым сол, — Чонгук баласына қарап жымия. Әкесінен жылы сөз естіген кішкентай бала, өз-өзіне риза болып қалды.
Чонгук айтқандай, ойыншық дүкеніне тоқтап, Джэхёнды ішке алып кірді. Ойыншық әлемі түсіп кеткен балақай, көзі түскен ойыншықтарды таңдап жүр. 5 секунд сайын таңдауы өзгере береді.
— Мынаны аламын! О, жоқ, мынаны. Әлде мынаны ма?
— Онда бәрін алайық! — деді ұлының қылықтарына күліп келе жатқан Чонгук.
— Бәрін бе?
— Иә, сен айтқан ойыншықтардың бәрін аламыз, — деп баласын көтеріп алды.
— Аппа, мен сізді жақсы көремін! — деді Джэхён Чонгуктың бетінен сүйіп.

#Елестетші , Чонгук ұлына ойыншықтарын алып беріп, үйге жол тартты. Сен оған қарап:
— Чонгук, дүкеннен азық-түлік алып келу керек еді. Дүкенге соғып қайтсақ.
— Мейлі, барайық, — дей, рульді супермаркетке қарай бұрып жіберді. Солай үшеуің супермаркетке кіріп келдіңдер.
— Ал, не аламыз?
— Үйде ұн мен күріш бітті. Соларды алу керек, — деп, тележка алып, керек заттарды сала бастадың. Ұлдарың Джэхён тәттілер толған сөрені көріп, үлкен шоколадтарды алып, технично тележкаға салып жіберді. Оны шеттен байқап тұрған Чонгук ыржиып қояды. Заттарыңды есептетіп тұрғанда, өзің алмаған шоколадтарды көрдің. Оларды алып, Джэхёнға көрсеттің.
— Джэхён~а…, — дедің, оған сұраулы жүзбен.
— Омма…, — олда саған ыржия қарап.
— Бала ғой, ала берсін. Осы жасында жемегенде, қай жасында жейді? — Чонгук баласын қорғап шыға.
— Мейлі, — дей, оларды да есептетіп жібердің. Әдеттегідей ақшаны Чонгукке төлетіп, алдыға түсіп кеттің.

#Елестетші , сүйтіп жүріп үйге жеттіңдер. Алған заттарыңмен ұлың мен күйеуіңе тағам дайындап бердің. Екеуі қуана-қуана жеп алды.
Түн. Сен жуынатын бөлмеден шығып, шашыңды кептіріп отыр едің, бөлмеге ұлын ұйықтатып келген Чонгук кірді.
— Ұйықтамағансың ба?
— Жуынып шыққанмын.
— Мағанда жуыну керек еді, — Чонгук шкафты ашып, киімдерін шеше бастады.
— Жуынып ал онда.
— Ұйықтап қалма бірақ, — күле.
— Кетші. Бүгін ерте тұрдым, ұйықтау керек.
— Бәрібір оятып аламын, — дей, жуынатын бөлмеге кіріп кетті. Сен күле, тездетіп жатып қалдың.
Арада біраз уақыт өткен соң, Чонгук шыға, сенің жаныңа жатты. Артыңнан құшақтап:
— Ұйықтамағансың ғой, — дей, мойныңнан иіскеді.
— Ұйықта.
— Бағанағы жігітпен сені көргенде, не сезінгенімді білесің бе?
— Қызғандың ба?
— Жоқ, ана жігітті аяп кеттім. Жастай кетті-ау дедім ғой.
— Кетші, мен әлі қартая қойған жоқпын ғой.
— Бетіңе әжім түсіп кеткен ғой.
— Ақымақ, ол безеу, әжім емес!
— Бәрібір кәрісің ғой, — күліп, сенен қаша бастады.
— Мен кәрі кемпір болсам, сен қартайған қақпас шалсың!
— Немене?
— Сен менен 2 жасқа үлкенсің негізі. Ал, сөзіңді баста, ҚАҚПАС ШАЛ.
— Солай ғой? Онда қақпас шалыңнан саған сыйлық, — аяғыңды сыйпалай.

— #kimebalnnie: нигімді жаттап алыңыздар.

17 44 ER 4.0068
#IMAGINE_BTS_BQT

#Елестетші сен өз әкеңе тұрмысқа шығуыңа тура келді.

Сен Ким С/е атақты  «V» компаниясының президенті Ким Тэхенның қызысың, яғни, өгей қызысың. Үлкен зәулім сарайда әкеңмен бірге тұрасың. Негізінен, сен оны өз әкеңдей көрмейсің. Оған себеп оның саған ешқашан әке махаббатын бермегенінде. Ол саған әке ретінде емес, тап бір ағаң ретінде болды.

Жалпы сенің бұл үйге келуің былай басталды. Ол осыдан 7 жыл бұрын алғаш рет отау құрған болатын. Бірақ, екі жастың ортасында бала болмады. Олар баланы ұзақ күтті. Еш нәтиже болмағандықтан, бала асырап алуды шешті. Балалар үйіне келген кезде Тэхенның көзіне сен ерекше болып көріндің. Бірақ, оның әйелі сені онша ұната қоймады. Уақыт зымырап өте берді. Сен сол уақыттан бері осы үйде тұрып келесің. Ең бірінші келген кезде барлығы саған қамқор болды. Бірақ, уақыт өткен сайын олардың шын бейнесі ашыла бастады. Оның әйелі нағыз қаныпезер болып шықты. Ол сені күн өткен сайын жек көре бастады. Ал бұның себебін сен мүлдем түсінбейтінсің. Күнде көретінің таяқ және оның ащы айқпйы. Саған айтпаған сөзі мен істемеген ісі қалмады. Бірақ, бұлда өз шегіне жетті.

                         [Flashback ]

Бір күні жұмыстан ерте келген Тэхен үйден шығып жатырған қамшының дауысы мен сенің ащы айқайыңды естіді. Ол жоғарғы қабатқа көтерілген кезде көрген көрінісіне аң-таң күйде қарап, тұрып қалды. Сенің жерде шашылып жатырған киімдерің, қолында ұзын қамшысы бар оның әйелі және жерде қолы байлаулы сен отырсың. Ең аяныштысы сені бейнең болатын. Себебі, оның әйелі сені " жөзекше, әркімнің астынан бір шыққан "деп кемсітіп, ұрып-соқты, қолыңды кісендеп, үстіңгі киіміңді шешіп тастап, арқаңды қамшымен сабағаны және сол орынан тоқтаусыз ағып жатырған қан адам жанын түршіктіреді. Бұның барлығын көріп тұрған Тэхен өз әйелін жөнге салды. Сен үшін сол кезде Тэхенның жылулығы керек болды. Ал ол дәл уақытында келді.

Қан-жоса болып отырған сенің жаныңа жақындап, үстіндегі костюмын саған жапты. Сенің мына түріңе шыдай алар емес. Ал сен қатты жылаудасың. Денеңдегі жардан бұрын, саған айтылған ауыр сөздер жүрегіңе тиіп, жаныңды сыздап ауыртуда. Ол сені қолына көтеріп алып, бөлмеңе алып барды. Төсегіңе жатқызып, шығып кетпекші болды. Бірақ, бірдеме жібермей тұрғандай, саған байланды да қалды. Ақырын кері бұрылып, сен отырған жерге жақындады. Үстіңдегі өз костюмын ысырып тастаған кезде үстіңгі байлығың толығымен көрінді. Ал сен оны жауып әлексің. Бірақ, ол дәрі қобдишасын алып, жараларыңды емдей бастады.
— Қатты ауыр ма? Кешірші, ертерек сені құқара алмағаным үшін. Мен бәріне кінәлімін, - сенің мойын тұсыңа жақындай арқаңнан ақырын сүйді. Ал сенің бойыңнан ток жүріп өткендей ештеңені түсінбей қалдың.
                           
                             [end]

Міне, содан бері 5 жыл уақыт өтті. Сол оқиғадан кейін оның әйелінің бар лас тірліктері ашылды. Яғни, ол-есірткі ұйымының басшысы болғаны, жас қыздарды байларға сатқаны және оларды аяусыз өлтіргені, ең сорақысы Тэхенның көзіне шөп салып, оның байлығын тартып алмақшы болғаны анықталды. Осының барлығын Тэхен сенімен болған жағдайдан кейін анықтап, білді. Ол әйілімен ажырасып, оны сот төрелігіне табыстады. Ал қазір сендер тыныш өмір сүріп жатырсыңдар.

Тэхен үнемі жұмыста, ал сен енді мектеп бітіріп, универге дайындалып жүрсің. Екеуің қазір ағалы-қарындас секілді араласасыңдар және дос секілді сырласасыңдар. Екеуіңнің бастан кешкен қызықты сәттерің өте-өте көп. Ол сен үшін ерекше жан. Бір қызығы сен әлі оның қағаз түрінде заңды қызысың және ол сенің әкең, бірақ бұл ақпаратты ешкім білмейді. Яғни, оның қызы бар екенінен барлық адам бейхабар.

Бүгін күн ұзаққа емтиханға дайындалдың. Қатты берілгенің сонша, тамақтыда дұрыстап ішпедің. Бөлмеңнен шықпағаныңа барлық үйдегі қызметшілер уайымдап жүр.
— Кішкентай ханым, қазір Ким мырза келеді. Өтінемін, төменге түсіңіз, тамақ дайын, - бір қызметші есік сыртында тұрып, айқайлап.
— Иә, қазір барамын. Әзірге, мазамды алмаңдар, - жұмыстарыңнан басыңды алмай.
Бірақ, түні бойына дайындалып, отырған орныңда шаршап, ұйықтап қалдың.

Түнгі 02.00. Үйге кірген Тэхенды барлық қызметші орындарынан тұрып, қарсы алып жатыр.
— Хо ханым, қайдасыз?
— Иә, мырзам мен мындамын. Айта беріңіз?
—Менің ханшайымым қайда?
— Ол өз бөлмесінде. Бүгін түк те тамақ жемеді, күні бойына емтиханға дайындалды. Тоқтай тұрыңыз, мырза, сіз массыз ба? Мырзаға бөлмесіне баруға көмектесіңдер, - Хо ханым жанындағы қызметшілерді қолымен шақырып. Жүгіріп келе жатырған қызметшілерді Тэхен елеместен жоғарыға көтеріліп кетті.

Сенің бөлмеңнің тұтқасын ақырын ашып, ішке енді. Үстел үстінде ұйықтап жатырған сені көрген Тэхён сенің сұлулығыңа тамсана қарап тұрды. Ұзын шаштарың үстел үстіне төгілген, қалың қастарың, ұзын кірпіктерің, шиедей еріндерің және жоғарыдан түскен жарық сені қайталанбас туынды дай көрсетіп тұр. Ол мас болса да сені қолына көтеріп, керуетіңе жатқызды, бірақ тепе-теңдікті сақтай алмай өзі сенің үстіңе құлап кетті. Сол сәтте, еріндерің бір- біріне тиіп кетпесі бар ма? Ол сенің сұлу бейнеңе қозғаны соншалық, арадағы қатынасқа қарамай сені аймалай бастады...

Жалғасы бар...

#DeQueen

6 101 ER 3.9941
#IMAGINE_BTS_BQT

#Елестетші, сен байлыққа белшеңнен батып өскен қызсың. Бір күні Мин әулеті өз үйлеріне серіктестерін жинап, беделді сауық - кешін өткізді. Сол күні Мин әулетінің арбаға таңылған перзентін көріп қалдың. 26 жыл құпияда келе жатқан Юнгиді алғаш көргеннен ұнаттың. Адаммен сөйлеспейтін, мүгедектер арбасында отырған жігітке ғашық болғаның сонша, оның үйіне күтуші болып орналастың.

#Елестетші, Юнги әкеңді көрген сәтте не істерге білмей, абдырап, бір орында тұрып қалды. Жерге қарап,  телефонмен сөйлесіп келе жатырған әкеңді көріп өзіңнің де зәрең зәр түбіне кеткендей.
— Айщ! - Юнги жан жағына қарайлап. Сен тіптен қозғала алмай қалғансың. Оң жақта тұрған есікті ашты да, қолыңнан ұстап, ішке кіріп кетті. Есіктің тарс жабылған даусын естіген Кан мырза жан жағына қарады. Ұшқан шыбын да көрінбейді.
— Бұл не болғаны? - айналасына бір қарап қоя берді. Жүрегің соққан күйі, Юнгиге қарап қалғансың. Юнги терең тыныстап, есікті жапты. Бос бөлме, есігі ашылмағанына көп болғандай. Ішіндегі заттардың шаңы да сүртілмепті. Юнги бөлме ішіне зер салған соң ғана біртүрлі күй кешті.
— С/Е, - саған қарай. Юнгидің даусынан соң ғана есіңді жидың. Денең қалтырап, әлі де дірілдеп тұр. Бұны байқаған Юнги сенің қолдарыңнан ұстады да, көздеріңе тіке қарады.
— Бәрі жақсы, - сені сабырға шақыра. Жерге отыра қалдың. Юнги үнсіз, қолыңнан сипап қана тұр. Аяқтың дыбыстары анық естіле бастады. Шамасы Кан мырза есік жанынан өтіп, қонақ бөлмеге жол тартқан сыңайлы. Юнги бұл бөлмеден тезірек шыққысы келетіндей. Есікті тезірек ашып, сені жетектей, өз бөлмесіне кіріп кетті.
— Рахмет, - терең тыныстай, Юнгиге қарадың. Юнги жылы жымиды. Қолыңды алғың келіп еді, Юнги жібермеді. Түсініксіз жанарыңмен оған қарадың.
— Жанымда қал, - сені жібергісі келмей.
— Мырза?
— Сенің қолыңнан ұстау мүлде бөлек сезім. Даусыңды естіп, жүзіңді көргенде мен мүлде бөлек әлемге тап боламын... - қос жанарыңа тіке қарай.
— Ю... Юнги... - таңданып. Юнги қолыңды босатты. Бұнысын тым асығыстық санап та үлгерді. Сенде үн жоқ. Юнгидің осы сөзін асыға күткен едің. Бірақ осы мезетте өз ісіңнен өзің қорықтың. Юнги отырған арбаға үңіліп бір қарадың да, кетіп қалдың. Сен кеткен бойда Юнгидің жүрек соғысы сыртқа шықты. Істеген ісіне, тым тез берілгеніне ұялды. Ал сенде мүлде бөлек сезім. Кешегі сезімге деген сенімің бір мезетте жоқ болғандай...

#Елестетші, тығылып бөлмеңе жеттің. Жүрегің тым тез соғып, есіңнен бірер сәтке айырылдың. Тынысыңды қалыпқа келтіріп, кереуетке құладың. Жүрек тұсыңды ұстпдың да:
— Саған не болды? Неден қорқасың? - күбірлеп сөйлей. Қорқыныш сезімі өңе бойыңа билік жүргізді. Өзіңді жоғалтып, сезіміңе деген сенімсіздік пайда болды. Қызық, кешегі ессіз ғашық С/Е қайда? Қалың ойлардың тұңғиғына сүңгіп, ұйқы әлеміне аттанып кеттің.

#Елестетші, жуынып болған Юнги ақырын келіп кереуетіне жайғасты. Өзін қазір бейшарп еркек ретінде сезініп отыр. Ханшайымға қол созған қауқарсыз мүгедек... Еркектік намысы жанына маза бермеуде.
— Сухёк... Сенің кесірің, - тістене сөйлей. Юнгидің интонациясы құлаққа түрпідей тиеді. Қорқынышты. Жек көрініш пен кекке деген құлшыныстың бары сезіледі. Қызық, мына албасты Сухёк не істеді? Юнги жаңбырлы ауа - райына ұзақ қарап отырды. Терезеге тыныштық бермей жатырған тамшылардың даусы...
— С/Е, қызығушылықты махаббатпен шатастырып алдың ба? - мұңая сөйлеп. Аянышты дауыс пен бейне. Сүйкімді жүзін мұң басқан. Адам аштықтан не таршылықтан құса болып өлмейді екен. Адам махаббаттан өледі дейді. Юнги үшін жауапсыз махаббат болып қалар болсаң, Юнги ендігі мына қиындыққа толы өмірмен қоштары анық. Пешенесіне тек қиындық жазылған ба? Қызық...

#Елестетші, атқан таң қайырлы болмады. Бөлмеңнің есігі тарсылап қояр емес. Шошына есігіңді ашып қарсаң, азуын көрсетіп Мин ханым тұр.
— ҰЛЫМ ҚАЙДА? - бетіңе айқайлап. Сен түсінбей қалғансың.
— Ханым? - жәутеңдеген жанарыңмен елең ете.
— ТАПА ТАЛ ТҮС БОЛЫП ҚАЛДЫ. ҰЛЫМДЫ ҚАРАЙЛАЙТЫН УАҚЫТЫҢ ЕМЕС ПЕ? ҚАЙДА ОЛ? ҚАЙДА КЕТТІ? НЕ БАҚЫЛАП ЖҮРСІҢ? - бетіңнен салып қалып.
— Біл...мей...мін, - жыламсырай.
Жекейжай ішінде үлкен шу көтерілді. Мин ханым сенің жан алқыңнан алмасы бар ма? Аяйтын емес. Жекежайдың ән бұрышындағы камералардың бірінде де ештеңе сақталмаған. Юнгидің қайда екені беймәлім. Тіпті көлік жүргізушісі де тұтқаны көтермейді. Ақыр соңында құпиялықты сақтау туралы құжатқа қол қойып, үйіңе кеттің. Сухёктің ізі көрінбейді. Сен келін болғың келген әулеттің шынайы бейнесі көрініп қалғандай. Кешегі бұрмаланған сезімдерің, ене ретінде көрген адамыңның ащы шапалағы...

#Елестетші, көзіңнің жасын әрең тиып, үйіңнің есігін қақтың. Сені көрген отбасың шокта қалған. Оқуды кейінге қалдырғаныңды айтып, қайта орналастың. Бетіңде қалған шапалақтың ізін бояулар әрең жасырып тұр. Бөлмеңе келіп өксіп жыладың. Юнгиге жүздеп хабарлама жазып шықтың. Жауап жоқ.
— Неге кеше дұрыстап әрекет етпедім? - жылаған сен. Юнгиге қайта қоңырау шала бастадың. Көзіңнің жасы телефонға ағып, біраз әбігерге түстің. Қырсық жармасып алғандай. Кешкісін сені Юнгидің жоғалуынан да жаман хабар күтіп тұрған болатын.



#эифоrия: маған " ескерт, шабыт " деген арзан пікір керек емес. " Ескерт, шабыт " сөздерінің авторлары, ескертусіз қаласыздар.

барьер: 200 лайк, 80 коментарий.

11 94 ER 3.9067
#IMAGINE_BTS_BQT

#Елестетші, оның анасы сені бір көргеннен ұнатып қалды. Ал, енді өзінің ұлымен сені үйлендірмекші.

▪️ Part - 4▪️

Әуенді қосып оқыңыз!

Арада бір апта өтті.

Ендігі аптада Мин ханым мен Хиён келеді. Сенің жағдайың мәз емес. Ең сорақысы, аяғың ауыр екен. Юнгиге айтпақшы болып, талай оқталдың. Бірақ, ол Юнаның жанынан шықпай жүрді. Күнде Юнги мен Юнаның көзбояушылық махаббатына куә болып қажып кеттің. Қазір де сол бір көріністі көріп, іштей қынжылдың.
— Юнги, мен Мин ханым келгенше өзімнің үйімде тұрамын деп шештім. Ал, Мин ханым келген кезде ажырасу құжаттарын дайындаймыз, - қанша қиын болса да, әрең айттың. Тамағың да өксік толып тұр. Қазір бірдеңе десе, жылап жіберетін сияқтысың.
— Юна, осы жерден тапжылма. Артымыздан келуші болма! - деп сені өз бөлмелеріне алып кетті.
— Не дедің? Қайталашы? - Юнги барынша сабыр сақтап.
— Мин ханым келгенде менен құтыласың. Өзің таңдаған Юнамен бақытты боласың. Мен саған енді кедергі болмаймын, - дедің көз жасыңды әрең ұстап.
— Мен Юнаны таңдадым деген жоқпын!
— Қойшы, Юнги! Сенен әбден көңілім қалды. Егер, мен басқа жігітпен осылай жүрсем, сен қандай күйде болар едің? - бұдан артық жасыңды ұстай алмай, жылап жібердің.
— Олай айтушы болма! Олай болмайды да! - Юнги сені құшағына басты да:
— Ешқайда кетпейсің! Ешкімге бермеймін сені! - маңдайыңнан сүйе.
— Юнги, менің а...
Астыңғы қабаттан тарс еткен дауысты естіп, Юнги жүгіріп шығып кетті. Сенде артынан келдің. Келсең, Юна ес-түссіз жерде жатыр екен.
— Юнги, мен жедел-жәрдем шақырайын.
— Жоқ, көлікпен апарамын. Сен үйге қара! - деп Юнаны көтеріп, алып шығып кетті.
— Оған не болды екен? - деп уайымдап қалдың.
Арада екі сағат өтті. Сен есікке телміріп отырғанда, Юна мен Юнги үйге кіріп келді. Түрлеріне қарасаң, өте бақытты.
— Бәрі жақсы ма? - олардың жандарына барып.
— Иә, өте жақсы! - оның сөзін естіп жымидың.
— Себебі, Юнги екеуміз жақында ата-ана атанамыз. Менің аяғым ауыр! - деді Юна ащы күліп. Сенің жымиған түрін, бірден жиырылып қалды. Көздеріне жас тола, Юнгиге қарадың. Ол басын салбыратып, саған қарауға беті жоқ.
— Өте қуаныштымын! Аман-есен босанып ал. Юнги жақсы әке, керемет күйеу болады деген ойдамын! - өтірік жымия, бөлмеңе жүгіріп кеттің.
— Оған не болды? - Юна өтірік түр жасап. Юнги ештеңе демей, сенің артыңнан кетіп қалды.
Бөлмеңе келіп, төсекке құлай кеттің. Жастыққа бетіңді басып, жылай бастадың. Юнги артыңнан келіп, құшақтады.
— Кешір, солай болып қалды, - өз ісіне қатты өкіне.
— Неге кешірім сұрап тұрсың? Керісінше, қуансаңшы. Әке боласың! Мин ханым Юнаның аяғы ауыр екенін білсе, оны күндердің бір күнінде қабылдайды. Ал, мен өз жолыммен кетемін, - Юнгидің бетіне қарамай.
— Айтпақшы, мен жайлы жаман ойда қалғаныңды қаламаймын. Мен саған, иә ақша үшін тұрмысқа шықтым. Ол ақша Хиённің еміне керек болды. Хиён бұрын мүгедек болатын. Қазір, Мин ханымның арқасында жүгіріп жүр. Мен тек бауырым үшін осындай іске бардым.
— С/е, тастама мені! Мен сені сүйемін! (Әйтеуір мойындады-ау). Басқалары тек сенің көшірмең сияқты. Неге, маған ертерек айтпадың? - Юнги жылап.
— Сүйем-күйем деген артық сөздерді жинастырайық. Бәрібір, уақытты артқа қайтара алмайсың. Істеген ісіңді мойныңмен көтер! - бетіне қарамай, шығып кеттің.

Өз үйіңе келіп, өкіріп жылап жібердің. Бүкіл ішіңдегіні осы арқылы шығарғың келіп, қатты шыңғырып жылай бастадың.
— Юнги мені сүйетінін мойындады. Бірақ, бәрі кеш. Ол мені емес, Юнаны таңдады. Бізді емес, соларды таңдады, балам! - ішіңе қолыңды қойып.
— Ұл болсаң, әкең сияқты сымбатты боласың! Бір өкініштісі, сен толыққанды отбасыда өспейсің. Ештеңе етпейді. Мен сені қолдан келгенше, жақсы өмірде өсіремін!

Сен болған жайттың бәрін Мин ханымға жеткіздің. Ол ештеңе істей алмайтынын біліп, сені қолдады. Әрі Юна немересін көтеріп жүрген соң, ажырасуға мүмкіндік берді.
Бүгін Мин ханым мен Хиённың келетін күні. Сол себептен, Мин вилласына жол тарттың.

Жалғасы бар...

#MisS_KisS

4 108 ER 4.0511
#IMAGINE_BTS_BQT

#Елестетші, оның анасы сені бір көргеннен ұнатып қалды. Ал, енді өзінің ұлымен сені үйлендірмекші.

▪️ Part-5▪️

Әп-сәтте Мин вилласына да келдің. Әлі Мин ханым мен Хиён келмегендіктен, қонақ бөлмеде күте тұруды шештің. Біраздан соң астыңғы қабатқа Юнги түсті. Сені көріп, жанына жетіп келді.
— С/е, сөйлесейікші! - Юнгидің түрі әбіржіп кеткен. Жаны сені іздегені көрініп тұр.
— Мин ханым келсін. Жақсылап сөйлесіп, сосын бір-бірімізді көрмейміз!
— Мен ешқандай ажырасу құжатына қол қоймаймын! - сенің қолыңдағы парақтарды алып, жыртып тастады.
— Есіңіз дұрыс па? Ессіз адамның тірлігін жасауды доғарыңыз. Осы жағдайдың болуына өзіңіз кінәлісіз.
— Иә, мен кінәлімін. Бірақ, қатемді түсіндім ғой. Неге мүмкіндік бермейсің? - Юнги аянышты түрмен.
— Адамдар қателігін тек ол жағдай шегіне жеткенде ғана түсінеді. Сіздің ойыңызша, мен Юна'мен осы үйде тұрып, ары қарай сіздің әйеліңіз болып жүре беруім керек. Солай ма? Сіз тек өзіңізді ойлайсыз! - оған жасқа толы, ашулы көздеріңмен қарай.
— Юнаны бала дүниеге келгеннен кейін, босатамын. Өз жолымен кетеді. Ал, екеуміз бірге боламыз.
— Сізге өзіңізден басқаның барлығының тағдырлары ойыншық секілді.
Осы сәтте Мин ханым мен Хиён кіріп келді.
— Әпке! - Хиён сені құшақтап.
— Қалайсың? Жақсы демалдың ба? - сен оны кері құшақтап.
— Жаман емес.
— Бөлмеңе бара тұр. Мен шақырғанға дейін келуші болма!
— Жарайды!
Мин ханым жабырқаулы күйде, диванға отырды.
— Ұлымның осыншалықты жауапсыз болғаны ма? Отбасының күйреуіне жол бергені, дұрыс болмады.
— Омма! С/е, ешқайда кетпейді. Бұрынғыдай менің әйелім болып қала береді.
— Жап аузыңды! Онсызда жап-жас қыздың тағдырын құрттың. Ажырасасың! Әлгі салдақыңмен үйленесің. Некесіз туылатын балаңды өсіресің! Жетесіз! - Мин ханым айқайлап.
— Юнги мырзаның арқасында ажырасу құжаттары жарамсыз болып қалды. Тағы жасатып, беріп жіберемін. Мин ханым, сау болыңыз! Хиённың емі үшін сізге алғысым шексіз. Қашан да көмекке әзермін! - оны құшақтадың.
— Хиён! - сіңліңді шақыра. Көп ұзамай, ол да келді.
— Рахмет! - Юнгиге жасқа толы көзіңмен, жымия қарап. Юнгидің көзінен пора-пора жас ағып жатыр. Қазір ол шарасыз. Өткен істеріне өкінгені соншалықты, өз-өзін өлтіріп тастағы келіп тұр.

Арада бір ай өтті.

Юнги екеуің ажырасып, тыңдыңдар. Мин ханым Юнаны үйден қуып шықты. Себебі, оның шын мәнінде аяғы ауыр емес екен. Және ол өте көп жыныстық қатынасқа түскендіктен, бедеу болып қалған. Юнги сен кеткелі, тірі өлікке айналды. Ешкіммен сөйлеспейді. Компания жұмыстарымен мүлде айналыспайды. Мин ханым оның бұл жағдайына куә болып, сары уайымға салынған. Енді амалсыз саған келіп тұр.
Есік қоңырауы соғылғандықтан, барып аштың. Мин ханым сені көріп, жылап жіберді.
— Мин ханым, кіріңіз. Не болды сізге? - сен оны жетектеп, қонақ бөлмеге әкелдің.
— Отырыңыз, қазір су әкелемін.
— Қызым, өтінемін қайта орал. Өмірімізге қайта сән бер. Юнгидің қазіргі түрін көріп, амалсыздан келіп тұрмын. Сен кеткелі, менімен бірде-бір рет сөйлескен жоқ. Бөлмесінен шықпақ түгілі, тамақ та ішуден қалды. Азаннан кешке дейін сенің суретіне қарап, өз-өзін ұра береді, - Мин ханым тоқтамай жылай кетті. Сенде онымен қоса, жылай бастадың.
— Юна қайда? Ішіндегі баласының жағдайы қалай?
— Ол шын мәнінде жүкті емес екен. Баламды алдап соққысы келіпті. Ақыр аяғында не болды? Ұйып отырған отбасының күл талқанын шығарды. Ұятсыз! - Мин ханым ашулана.
— Не? Қалайша? Сонда ол мүлдем жүкті болмаған ба? - сен шок күйде.
— Иә, бәрін жалған ойластырыпты.
— Сұмдық. Мен қазір! - деп ас үйге кіріп кеттің. Тоңазытқышты ашып, ішінен ащы кимчиді алып жей бастадың. Мин ханым саған қарап аузы ашылып қалған.
— Қызым, сен жүкті емессің бе? - Мин ханым жаныңа жетіп келе.
— Мен бе? Негізі... Иә, мен жүктімін. Және бұл сіздің немереңіз!
— Шынымен бе? Айщ, мен әже боламын! - Мин ханым қуанғанынан секіре.

Мин ханым сені және Хиёнді ақыры үйіне алып кетті. Үйге кіре сала, Юнги екеуіңнің бөлмелеріне келдің.
Әдеттегідей, сенің суретіңді құшақтап жатыр екен.
— Юнги~аа! - сенің дауысыңды естіген Юнги, орнынан атып тұрды.
— С/е? С/е! - жүгіріп келе сені құшақтап алды. Тас қылып құшақтап, сені жіберместей болып тұр.
— Енді кетпейсің бе? Менімен бірге боласың ба? - Юнги сене алмай.
— Иә, мәңгі бірге боламыз! Үшеуміз бірге бақытты өмірге қадам басамыз!
— Үшеу? Сенің аяғың ауыр ма? - Юнги таңғала.
— Иә, сен әке боласың! - сен күле. Юнги жаңалықты естіп, сені көтеріп айналдыра бастады.
— Юнги, мен саған ренжіп қалдым. Мен кеткелі, дұрыстап тамақ ішпепсің ғой. Маған дені сау күйеу, ал баламызға мықты әке керек!
— Өз қолыңмен тамақ жасап жібер. Сенің тамағыңды сағындым! - қайта-қайта мойныңды иіскелеп, тоймай жатыр.
— Мойнымнан мойын қалмайтын болды ғой енді! - сен күле, ас үйге кетіп қалдың.

СОҢЫ!

#MisS_KisS

8 28 ER 3.2282
#IMAGINE_BTS_BQT

#Елестетші ол сені бір балаңмен тастап кетті. Ол екеуіңді тастап, басқа әйелдің артынан ерді. Бірақ 10 жыл өткен соң, кеш болды.

— Әке, бүгін менің туған күнім! - қыздарың Чонгукқа жүгіріп келіп.
— Білемін, әрине. Қызым, туылған күнің құтты болсын! Жаным сол, - Чонгук қызын құшақтап, бетінен сүйіп - сүйіп жатыр.
— Бүгін үйде қонатын шығарсың? - сен.
— Көрерміз, - саған суық қарап, сен үтіктеген костюмді кие, есікті ашып, кетіп қалды. Бірде оның телефонының хабарлама дыбысы естілді.
— Қалдырып кетіпті ғой, - сен оның телефонын ұстап. Оны қосып едің, "Жаным" деген контактағы адам жазыпты. Сен шок болдың. Хабарламасында: "Қашан үйіме келесің? Сені күтіп отырмын..."
— Не? Жа...жаным? - сен көз жасынды шығара бастағанда, ішке қайта Чонгук кіріп келді. Ол сенен телефонды тартып алды.
— Неге аласың? - Чонгук ашулана, қайттан шығып кетті. Сен әзер өзіңді ұстап тұрсың. Жүрегің қатты жараланғаны сонша, аяғың қалтырап жатыр.
— Анашым, мен мектепке кеттім, - қызың сөмкесін артына іліп алып. Сен оны құшақтап:
— Бара ғой. Түгел ме, кітап, дәптерің?
— Иә, 2 мәрте түгелдегенмін, - ол күлімдеп.
— Жарайсың, - сен басын сипап.
— Мен бара берейін, - қызың саған қарап.
— Аа, иә... Бара ғой, - сен есікті ашып.
Терезеден көлікке қызын отырғызып жатқан Чонгукты көрдің. Терезеден бақылап тұрған сені көріп, тағы да суық қарады.
Сен ас үйге кіріп, стақанға су құйдың.
— Неге екен? Неке мені басқамен айыр бастады? - сен жылай бастап. Сен тынышталу үшін су ішіп жатырсың. Тыныштала, көз жасыңды сүртіп жатырсың.
Кеш болды. Қызың екеуің дастарқанды әрлеп жүрсіңдер. Чонгук болса, диванда телефонынан көз алмайды. Сен оған қарап қоясың. Дастарханға соңғы қасықты қойған қызың, әкесіне қарады.
— Әке?
— Ау, күнім?
— Дастарқан дайын.
— Балапаным, қазір келемін. Жұмыстан жазып жатыр еді, - Чонгук телефонынан көзің айыра алмай.
— Әкесі, тез келсеңші. Қызың күтіп қалды ғой, - сен қызыңның қолын ұстап отырып.
— Қазір, қазір! - Чонгук диваннан тұрып.
Дастарқанға жайғасқан ол, бір жерден сыйлық алды. Сыйлық үлкен екен. Бұны көрген қызың, әкесін дереу құшақтап алды. Сен де күліп қоясың.
— Рақмееет! Ішінде не бар?
— Өзің ашып көре ғой, - Чонгук күле.
Қызың асыға сыйлықты ашты. Ашқан еді, шоколадтар, ойыншық қуыршақ және әдемі білезік.
— Әкеее, бұл сондай күшті сыйлықтар! - қызың қуаныштан аузын аша.
— Сенен немді аяйын? Ал анасы, тортты кес, - саған салмақты түрде. Сен тортты кесіп жатқан едің, оның көз салғаны есіңе түсіп, тоқтап қалдың.
— Анашым? - қызың сені есіңе оралтып.
— А?
— Тортты кессеңші дейміз, - Чонгук.
— Анаң қартаяйын деген бе? - Чонгук күліп.
Сен тортты кесіп, бірінші қызыңның алдына, сосын Чонгуктың алдына қойдың.
— Бүгін де қыдырайықшы? - қызың Чонгукқа қарай.
— Қызым, бүгін қолым бос емес. Жұмысым бастан асып жатыр, түсінесің ғой, иә? Жасың 6'ға толды ғой?
— Иә!
— Менің қызым өсіпті ғой. Үлкен қыздар түсіне алады. Сен де түсінесің ғой, иә?
— Иә!
— Жаным сол, - Чонгук қызының шекесінен бір сүйіп. Чонгук сендермен тағы 1 сағат отырды.
— Мен барып тынығып келейін, - Чонгук қызының басын сипалап қойып. Сен дастарқанды жинап, ыдыс жуған соң, бөлмеге кірдің. Бөлмеде Чонгук әлі ұйықтамапты.
— Чон... - сен қасына отырып.
— Ақша керек пе?
— Жоқ, сенімен сөйлескім келеді.
— Ал не туралы? - Чонгук телефонды қойып.
— Мен... мен сенің көңілдес қызың бар екеніңді білемін...
— Не? Сонда менің телефонымды тінтідің бе? - Чонгук ашулана кетіп.
— Мен саған алып барайын дегенде, қосылып кетті. Чонгук, мен қызыммен кетемін, - оның көзіне қарап. Осы сәтте ол сенің бетіңнен бір шапалақ ұрды. Сен шок күйінде, бетіңді ұстап тұрсың.
— Ке... кешір! - Чонгук өзі түсінбей қалып. Сен оған жасқа толы көзіңмен қарап:
— Сен... Көңілдесің, немесе мен және қызың. Таңда, - сен ашулана. Чонгук бұған жауап бере алмады.
— Мен Лананы сүйемін, - Чонгук.
— Түсінікті. Қызыңнанда ма?
— Мен сені де сүйемін, - Чонгук сенің қолыңды ұстап.
— Жоқ! Ұстама! Жақындама... Мен сен секілді арсызбен тұрғым келмейді! Бар көңілдесіңе, қызыңнан артық көресің ғой!
— Қой деймін саған, Солли естіп қояды!
— Ол да ерте ме, кеш пе, білетін болады!
— Жап деймін аузыңды!
— Мен немесе сен кет!
Осы сәтте Чонгук ұрып жіберді. Ұра, сенің екі қолыңды ұстай:
— Өзің кінәлісің! - Чонгук сені төсекке итере. Сен жылай бастадың. Бір күнде бәрі өзгерді. Чонгук бөлмені босатып кетті.
— Тыныш жата алмайсың, осы үйде, - Чонгук сыбырлай, үйден де шығып кетті.
Төсекте жылап жатқан саған қызың Солли жүгіріп келді. Сені бірден құшақтап алды.
— Қызым, жүр кетеміз, - сен оның қолынан ұстап.
— Әкем ше? - қызың жылауға шақ қалып.
— Кейін, - сен оны көтеріп.

Осыдан 10 жыл өтті. Сол оқиға болған үй. Үй іші шашылып жатқан киімдер. Осы 10 жыл бойы Чонгук ішіп келеді. Әр түн сайын әртүрлі жеңіл жүрісті қыздармен түн өткізеді.
Қыз киімін денесіне жабыстырып, киінуге шығып кетті. Үсті жабық Чонгук болса, удай мас. Қасында тұрған шарапты ішіп, тыр жалаңаш қыздың денесіне қарап тұр. Жеңілтек қыз кетіп қалды. Чонгук басының ауырғанынан ұйықтап қалды. Түс көрді.
《Түсі》
Солли оған жүгіріп келе жатыр. Чонгук оны көтеріп алды. Келе жатқан сен, сенің жүзіңде күлкі.
— Қызым... - Чонгук Соллиге қарап.
— Мен сенің қызың емеспін! - бірде Солли қабағын түйіп. Одан түсті де, басқа бір еркекке жүгіріп келді. Ол саған қарады, сен оған ұзақ қарап тұрып:
— Сенен басқаны таптық, сенен жақсы адамды! - сен күле басқа еркектің құшағына жайғастың.
— С/е! Солли!
— Әкетааай! - Солли басқа еркекке қарап күлімдеп.
— Әке? Сенің әкең - мен! Мен! - Чонгук оларға жүгірді. Бірақ, жүгірген сайын, олар алыстап барады.
《Түсінен оянды》
— МЕН! - Чонгук терімен тұрып. Төсекке отыра қалды, бетін қолымен жапты.
— Солли... Қызым... - Чонгук жылай бастап.
— Оларға оралуым керек! - Чонгук айқайлап.
Ертесі. Сенің ата анаңның үйі. Чонгук сол үйдің алдында тұр, есікті тоқылдатты. Бірде есікті бұрыңғы қайын атасы ашты. Ол оны көріп шок.
— Чонгук???
— Иә, Сәлеметсіз бе?!- Чонгук оған иіле.
— Сәлеметсің бе... Сен неге келдің?
— Солли мен С/е... Олар қайда?
— Енді кеш, лларды қайта оралта алмайсың, - сенің әкең терең дем ала.
— Не?
— С/е басқа адамға тұрмысқа шықты. Солли болса, енді сен ұмытып кеткен, басқа адамды әке деп жүр. Бәрі кеш... - әкең есікті жаппақ болып.
— Маған мекен - жайын бересіз бе? Өтініш, - Чонгук есікті ұстап қалып. Чонгук ақыры, сенің қазіргі тұрып жатқан үйіңнің мекен- жайын біліп алды...

ЖАЛҒАСЫ БАР...

#Manica

P.S: Эхх... деффресия болып отырмын😂

7 168 ER 4.6735
#IMAGINE_BTS_BQT

#Елестетші сені әкең құмар ойынға тігіп, ұтылып қалды.

#Елестетші сенің әкең құмар ойындарға беріліп кеткен. Бірақ сендер әкелеріңнің арқасында өмір сүрдіңдер, себебі ол еш бір ойында ұтылған емес. Бүгін ол кезекті бір ойынға кетпекші, айтуы бойынша мафиялардың бастығының өзі оны ойынға шақырған екен. Галстугін жөндей, аяқ киімін киді.
С/а:
- Әке бармай ақ қойсаң кәйтеді? - әкеңе алаңдай, бармауға көндіруге тырыстың.
Пак мырза:
- С/а, бүгін маған сенің қолдауың керек, мафияның бастығын жеңу оңай емес,- деді саған үмітті көздерімен қарай.
С/а:
- Жоқ бармаймын, мені ондай тірліктеріңізге араластырмаңыз,- әкеңнің алдына тұра есікті бүркедің.
Пак ханым:
- Жібер бәрібір қалуға көндіре алмайсың, өзіңде қосылып барып кел бірдеңеге ұрынып қалмассын,- күле.
С/а:
- Жақсы омма көндірдіңіз,- күле спортивкаңның үстін кие әкеңе кеттік тегендей есікті аштың.
Пак ханым:
- Жолдарың болсын. Файтинг! - қолымен сермей есікті жапты.

#Елестетші әкең екеуің клубқа кіріп келдіңдер, іші ішімдікке сасып кеткен. Сен жиіркене спортивкаңның жеңімен мұрныңды жапқылай би алаңының ортасынан кесіп өттіңдер.
Сендерді алдыларыңнан еңгезердей екі жігіт қарсы алды, иықтарыңнан ұстай вип бөлмеге кіргізді. Домалақ үстелдің төрінде қара шашты жігіт отыр мафияның бастығы сол секілді. Аузындағы темекіні аспанға үрлей көзімен әкеңнен бір жүгіртіп, сені астыңнан үстіңе дейін сынап шықты. Екеуіңнің көздерің түйіскенде мырс күле әкеңе қарады, сен ұяла жерге қарадың.
Пак мырза:
- Сәлеметсіз бе Ким мырза. Мен бүгін жалғыз емеспін, бұл ойында мені қолдайтын қызымды ерте келдім. Қарсы емес шығарсыз? - басын ие.
Ким мырза:
- Жоқ не үшін қарсы болайын, қайта қызыңның сұлулығын көріп тамсанып отырмын. Бүгінгі ойын қызықты өтпек отыр,- деді көзімен орындықты нұсқай.
Әкең тап бір соның күшігі секілді айтқанының бәрін орындап зыр жүгіріп жүр “әлгі мафияның бастығы соншалықты мықты болғаныма?” Дедің іштей. Жігіт шамамен 24-26 жас аралығын да, сымбатты келген киімі өте мықты талғаммен таңдалған. Көзің қолындағы сағатқа түсті, сен бұл сағатты кеше ғана пандераның статусынан сатылымға шыққанын көрген болатынсың. “Демек шіріген бай ғой” дедің таңдана.

#Елестетші Әкең сені жанына шақыртып карталарға үрлеуіңді сұрады, айтқанын істей әкеңнің картасына үрледің. Ойын қызып кетті, бастапқы кезең де әкең Ким мырзаға дес бермей тек жеңумен болды.
Пак мырза:
- Өкінішке орай бүгін сіздің сәтті күніңіз емес секілді,- деді жымия.
Ким мырза:
- Ерте қуанба Пак сырза, бгл не бәрі 1 кезең әлі алда 2 кезең бар,- төрт бұрышты күлкісі мен ыржия арақтан аздап ұрттап қояды.
Айналасын қыздар қаптай, бірі картасын үрлесе екіншісі ернінен сүйе айналшықтап жүрді. Бұл тірлігіне қисық күлдің іштей “тап бір бо*қа үймелеген шыбындар секілді” дедің. Бұл күлкіңді әлгі Ким байқап қойды, сен ұяла күлкіңді сап тидың.

#Елестетші 2 кезеңде әкең жеңіле бастады, үйді де ақшаларын да тіпті көліпті де қойды бірақ ұтылып қалды.
Ким мырза:
- Қалай 3’ші кезеңге әрекетің бар ма? - деді шылымын шеге.
Пак мырза:
- Ақшаның бәрін қайтарып аламын,- деді ашуына міне.
С/а:
- Әке болды қойшы қайттық онсызда дымсыз қалдық қой, неңді тікпексің? - дедің тістене.
Пак мырза:
- С/а үндеме! - зілді көз қарасын тастады.
Ким мырза:
- Шынымен қызың дұрыс айтады, дымсыз қалдың неңді тікпексің?
Пак мырза:
- Қызымды тігемін.

Жалғасы бар…

#Roni 🦋

6 142 ER 4.6006