Жаным? Сені сағындым қатты.

. Шыннн. Жүрегіммен жақсы көремін. Қыз жүрегімнің ары, намысы жібермеді ме, білмеймін, саған айта алмадым сезімімді. Өзім де таңмын. Жақын араласпаған адамға қалай ғашық болуға болады? Тіпті өмірде де көп көріп үлгермедім ғой. Солаййй. Алыста болсам да, арақашқтық болса да, сені ұмыта алмадым. Сезімім бір сәтке де өшкен емес. Саған хат жазуды бастасам, жүрегім жылап сала береді. Оған сосын көз жасым қосылады. Сенен басқа ешкімді қаламағанмын бұл өмірде. Саған ғашық болғандай ешкімге ғашық болмағам. Саған тигізбеген ернімді, әлі ешкімге тигізбедім. Пәктікті сақтау деген тек тәнге қатысты емес қой, мен жүоегімді де ешкімге ұсынбадым. Өзгені ұнатуға рұқсат бермей келемін. Себебі ол сені сүйеді. Мейлі үйлен, басқаны таңда. Бәрібір сені жібере алар емес. Неге? Осы сұрақты сан айналдырып, түрлендіріп өзіме қоямын. Тымм ауыр сұрақ. Ертеңгі болатын гос экзаменнің сұрағынан да қиын))).
Қазір ұйықтап жатсың. Жаныңда жарың. Мен болар ма ем, оның орнында. Эххх.
Сен мені сағынбайсың ба? Менде көңілің болды ма? Саған кінә арта отыра, мені кешіруіңді сұраймын. Батылсыздығым үшін.
Мен сені қалаймын. Үмітім әлі өшпеді. Сене алмаймын. Адам осыншалық ұнатуы мүмкін ба? Мен оқыған ешбір кітапта, классика, жаңа заман әдебиетіндегі ешбір романда, ешбір әңгімеде дәл мендегідей махаббат болмаған. Мендік сезім ерекше. Сендік сезімді білмеймін. Бірақ сеземін. 100% сенімдімін. Сен мені ұнаттың. Бірақ оңай берілдің. Тез сындың. Мен сені сынадым. Ғашық бола тұра, сынадым. Кеш түсіндім, сынағымның орынсыздығын, ақылға қонымсыздығын.
Әлемде махаббат бар екені рас болса, ақиқат бар болатын болса, әрбірінің өтемін Алла әділ берер болса, маған оралшы. Мен сені қабылдаймын. Қандай жағдайда болсаң да, қабылдаймын. Саған өмір бойы поддержка беруге, сенімен бірге өлуге дайынмын. Бұл хатты сенің жекеңе жазып отырып, "отправить" кнопкасын басуға тағы да батылым жетпеді. Арым жібермейді. Мен кешіктім. Сен қапы қалдың.
Сағат 03:17. Мен де ұйықтадым. Ертең гос экзамен. Ал менің есіме сен түсіп кеттің. Ой, әрдайым есімдесің ғой, жай ғана сені сағынып кеттім. Сағындым да, шарасыздығымды түсініп, жүрегіме тағы салмақ түсірдім. Ауыр күрсіндім.
Админка:Махаббат-бір де у,бір де бал.
Ғажайып күндер әлі сізді күтуде.Уайымдамаңыз♥️