Статистика ВК сообщества "Qara kòziń"

0+
Janģa jaıly JYLÝLYQ🧡

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

✨ Адамның ең ұлы қасиеті - бақытты болуға талпынуы ✨

(с)Сұлтанмахмұт Торайғыров

15 0 ER 2.5126
Бір қыздың еркелігі жүк болмайды,
Бір елдің мұңын көтеретін азаматқа.

20 0 ER 1.9348
Жастау кезімде бір қыздың күнделігінен мынадай жазуды оқығаным бар: "Егер өзіңді қадір тұтқан еркек бірте-бірте саған деген ықыласын суытса, күнәның бір шеті өзіңде екенін ұмытпа!". Сүйе білу бар да, сүйдіре білу бар. Сыйлай білу бар да, сыйлата білу бар. Кейде әйелдер тарапынан мынадай өкпе жиі айтылады: "Мен оны жанымдай сүйем. Неге ол маған сол сезімімнің деңгейінде жауап қайырмайды?". Әйел болып жаратылдың екен — сен еркектен нәзіктігіңмен, биязылығыңмен, мейірімділігіңмен, сезімталдығыңмен, кешірімділігіңмен, тіпті, оған қарағанда, әлдеқайда әлсіздігіңмен ерекшеленесің. Еркек қауымы қашанда әйелді қолдап, қорғауды өзіне жазылмаған, бірақ орындауға тиісті заң ретінде қабылдайды. Сондықтан да әйел болып сұлу болмауға хақың жоқ. Сенің жүргенің, тұрғаның, күлгенің, әзілдегенің, ойланғаның, қуанғаның, мұңайғаның, қайғырғаның, киім киісің, елмен қарым-қатынасың, тіпті шектен шыға ашуланғаныңның өзінде әйелдік мәдениетке тамыр жіберген сұлулық, нәзіктік жатуы шарт. Өзіңе ғашық адамның ықыласын, құрметін, сағынышын төмендетпей ұстап тұруың үшін ылғи да ізденіс үстінде жүруің қажет. Әйтпесе қыздың киімін киіп, сырғасын, түрлі әшекейін тағынып, қарапайым әйел табиғатының кейбір көзге ұрып тұрған ерекшеліктеріне бас ауыртқысы келмейтіндер аз ба?...

Мұхтар Шаханов

27 2 ER 1.7371
✨ Адамның ең ұлы қасиеті - бақытты болуға талпынуы ✨
Сұлтанмахмұт Торайғыров

6 0 ER 1.0745
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға💫

14 0 ER 1.1428
Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.

© Ғабит Мүсірепов

14 5 ER 1.2797
📌не бойтесь дарить согревающих слов и делать добрые дела.

2 2 ER 0.7748
Жаным? Сені сағындым қатты. 😭. Шыннн. Жүрегіммен жақсы көремін. Қыз жүрегімнің ары, намысы жібермеді ме, білмеймін, саған айта алмадым сезімімді. Өзім де таңмын. Жақын араласпаған адамға қалай ғашық болуға болады? Тіпті өмірде де көп көріп үлгермедім ғой. Солаййй. Алыста болсам да, арақашқтық болса да, сені ұмыта алмадым. Сезімім бір сәтке де өшкен емес. Саған хат жазуды бастасам, жүрегім жылап сала береді. Оған сосын көз жасым қосылады. Сенен басқа ешкімді қаламағанмын бұл өмірде. Саған ғашық болғандай ешкімге ғашық болмағам. Саған тигізбеген ернімді, әлі ешкімге тигізбедім. Пәктікті сақтау деген тек тәнге қатысты емес қой, мен жүоегімді де ешкімге ұсынбадым. Өзгені ұнатуға рұқсат бермей келемін. Себебі ол сені сүйеді. Мейлі үйлен, басқаны таңда. Бәрібір сені жібере алар емес. Неге? Осы сұрақты сан айналдырып, түрлендіріп өзіме қоямын. Тымм ауыр сұрақ. Ертеңгі болатын гос экзаменнің сұрағынан да қиын))).

Қазір ұйықтап жатсың. Жаныңда жарың. Мен болар ма ем, оның орнында. Эххх.

Сен мені сағынбайсың ба? Менде көңілің болды ма? Саған кінә арта отыра, мені кешіруіңді сұраймын. Батылсыздығым үшін.

Мен сені қалаймын. Үмітім әлі өшпеді. Сене алмаймын. Адам осыншалық ұнатуы мүмкін ба? Мен оқыған ешбір кітапта, классика, жаңа заман әдебиетіндегі ешбір романда, ешбір әңгімеде дәл мендегідей махаббат болмаған. Мендік сезім ерекше. Сендік сезімді білмеймін. Бірақ сеземін. 100% сенімдімін. Сен мені ұнаттың. Бірақ оңай берілдің. Тез сындың. Мен сені сынадым. Ғашық бола тұра, сынадым. Кеш түсіндім, сынағымның орынсыздығын, ақылға қонымсыздығын.

Әлемде махаббат бар екені рас болса, ақиқат бар болатын болса, әрбірінің өтемін Алла әділ берер болса, маған оралшы. Мен сені қабылдаймын. Қандай жағдайда болсаң да, қабылдаймын. Саған өмір бойы поддержка беруге, сенімен бірге өлуге дайынмын. Бұл хатты сенің жекеңе жазып отырып, "отправить" кнопкасын басуға тағы да батылым жетпеді. Арым жібермейді. Мен кешіктім. Сен қапы қалдың.

Сағат 03:17. Мен де ұйықтадым. Ертең гос экзамен. Ал менің есіме сен түсіп кеттің. Ой, әрдайым есімдесің ғой, жай ғана сені сағынып кеттім. Сағындым да, шарасыздығымды түсініп, жүрегіме тағы салмақ түсірдім. Ауыр күрсіндім.
💔

Админка:Махаббат-бір де у,бір де бал.
Ғажайып күндер әлі сізді күтуде.Уайымдамаңыз♥️

16 5 ER 0.8020
Тіпті, мен естіген едім:қол қусырып бос отырған адамға пайғамбардың өзі амандаспаған екен.Этикет пен әдептің өзі болған пайғамбардың,бір адамның жанынан өтіп бара жатып оған амандаспауы-назар аударарлық жайт.Бірақ, қайтар жолда тура сол адамға амандасады.Қасындағы серіктері мұның сырын сұрағанда:
Алғашында әлгі адам ештеңе жасамай отырды,ештеңе жасамау-өлі адамның сипаты,ал қайтар жолда оның қолына таяқ алып,жерге бірдеңе сызып отырғанын көрдім,ал бұл-тірі адамның сипаты,өмір сүріп жатқанның белгісі,-деп жауап берген екен.

QADYRBAEV
《MENIŃ РОДН OILARYM》

5 0 ER 0.5902
- Арманың бөлек, талғамың басқа еді ғой?! Сэми! Мен сені танымай қалдым. Шашың қайда сиреп қалыпты ғой, самайыңа ақ түскен бе?! Жүзіңнен нұрың тайыпты ғой, көйлегіңде кірлеген бе?! Қолынан ұстағаның кім мынау, махаббатқа сенетінің қайда?! "Өзіңді" қай жерде тастап кеттің...
- Қартайғаным шығар...тұтасың ба?
- Сенің қартаюың мүмкін емес, ескіріп қалыпсың тек қана.
- Байқамай "мені" көріп қалсаң, кездестірші. Сағынып жүрмін, оны.

6 1 ER 0.5796