ТАКСИШІ
Жұмысқа асығып, жиналысқа кешігіп бара жатқан соң, такси тоқтата салдым. Жүргізуші бір ақкөңіл адам екен жол бойы тынбай әңгіме айтып келді. Жұмысқа жеткен соң, қалтамнан 450 теңге таппай 500 теңге бердім. Апыр-топыр болып қалтасын ақтарып, тиын-тебен іздей бастады. Ал мен болсам, бір аяғым сыртта, бір аяғым іште, күтіп отырмын. Болмаған соң: - 50 теңгесін ала салыңыз! – деп едім, маған қарап: - Уақытыңыз бар ма? - деді. -Иә,- дедім. (Бір аяғым әлі сыртта) Көлігін өшірді. Жол көлікке лық тола еді. Көлігінен түсіп, алдымыздағы дүкенге жүгіріп барып, ақшасын ұсақтап, 50 теңге әкеліп берді. Мен болсам: - Бауырым, егер жолақым 550 теңге болғанда, менен 50 теңге сұрармедің?- деп едім: - Оны қайтем сұрап,- деді. - Ендеше неге ала салмадың?- десем, маған бұрылып: - Уақытыңыз бар ма?- деді. - Бар,- дедім. - Онда есікті жабыңыз,- деді. Ашық мінезді таксистпен жүзбе-жүз қалдық. 5 минуттай сөйлестік. Бүгінге дейін ешқандай профессордан естімеген сабағымды осы кісіден үйрендім. Ол мынау еді: - Біз отбасымызда бес ағайындымыз ,- деп бастады. Әкем құрылысшы болып, жұмысы тұрақсыз болатын. Жұмыс шыққан күні үйге көңілді болып қайтатын, ал болмаған күні түр-әлпетінен түсінетінбіз. Тұрмысымыз төмен отбасы болатын. Тамақты жерде отырып ішетінбіз. Тамақ ішіп болған соң әкем «Тоқтаңдар, тұрмаңдар!» - дейтін. Алдымен дастарханға бата қайыратын, сосын бізге ақыл-кеңестерін айтатын. - Жақсы екен. Мамандығым «семинаршы» еді, әкеңіз не үйретуші еді? - Өмірде жетістікке қалай қол жеткізу керектігін айтатын. Бір қызығы әкем жұмысқа кеткенде, үлкен ағам әкемнің роліне кіріп, тесік шұлықпен шалбарының қалталарын сыртқа шығарып: «Адал болыңдар, үйлеріңе харам табыс әкелмеңдер!» десе, бәріміз жатып мазақтап күлетінбіз. Ал анам байғұс шырылдап: «Әкелеріңді мазақтамаңдар. Ол жақсы адам, еңбекқор» деп айтатын. Біздің бір бай көршіміз болатын. Оның екі баласы болатын. Балаларына қалаған нәрселерін алып беретін. Ал біз солардың ескі-құсқы киімдерін киетінбіз. Әкем қайтыс болған соң, алты айдан кейін әлгі бай көршім де қайтыс болды. Оның екі баласына бес қабатты үйі, фирмасы мирасқа қалса, ал біздің әкемізден не қалды деп ойлайсыз? - Иә, не қалды? - Дүкеннен алған қарыздары мен «Балам, әрқашан адал бол, ешкімнің ақысын жеме!» дейтін ақыл-кеңестері қалды. Содан қазір 15 жыл өтіпті. Әлгі екі бала түрмеде жатыр. Үйі де, фирмасы да жоқ. Ал біздер отбасын құрап, бала-шағалы болып, үй алып, астымыздағы көлігімізбен күнімізді көріп жүрміз. Өткенде ғана үлкен ағамыз үйіне қонаққа шақырған болатын. Сонда ағам: Негізгі мирасты біздің әкеміз қалдырыпты,- деп айтқанда, бәріміз еріксіз көзімізге жас алған едік. Шынында да қарап отырсақ, осы уақытқа дейін біреудің бір тиын ақшасын жемеппіз. Қазір шүкір, ешкімнен кем емеспіз. - Иә, өмір дегенің алма-кезек. - Бір қызығы қай жерде тұрасыңдар деп сұрамайсыз ба? - Иә, қай жерде? - Әлгі көршіміздің бес қабатты үйінде тұрамыз. Оны біз сатып алған едік. Қазір бәріміз Мінекей балалар, кейбір адамдар бала-шағаларына машина, үй, басқа да мал-мүліктерін мирасқа қалдырып жатса, кейбір адамдар ақыл-кеңестерін қалдырып жатады. Яғни кім үшін қандай ұғым маңызды болса, соны қалдыруда. Сондықтан да балалар, үлкендердің ақыл-кеңестеріне құлақ асып, байлыққа тасымайтын, жоққа жасымайтын, ешкімнің ақысын жемейтін елдің азаматы болуға тырысыңдар!
Статистика ВК сообщества "МАҢДАЙҒА ЖАЗҒАН ТАҒДЫР"
🌺🍀🌺🍀🌺🍀🌺🍀🌺🍀🌺🍀
БУЛ КУНДЕ ӨТЕР,
БӘРІ ДЕ КЕТЕР.
МӘҢГІЛІК ЕШТЕҢЕ ЖОҚ.
УАЙЫМДАУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ.
МАҢДАЙҒА ЖАЗҒАНДЫ КӨРЕРМИЗ.
Количество постов 12 910
Частота постов 25 часов 39 минут
ER
82.60
Нет на рекламных биржах
Графики роста подписчиков
Лучшие посты
МЕН ЖАН ТАЛАСЫП ПОСТ САЛАМ, БІРІ БОЛМАСА,
БІРІ КЕРЕКТЕРІНЕ ЖАРАП ҚАЛАР ДЕП,
НЕГЕ ЛАЙК БАСЫП КЕТПЕЙМІЗ ? ААА
ОҚИСЫЗДАР ДА?
БІРІ КЕРЕКТЕРІНЕ ЖАРАП ҚАЛАР ДЕП,
НЕГЕ ЛАЙК БАСЫП КЕТПЕЙМІЗ ? ААА
ОҚИСЫЗДАР ДА?
Құран бағыштау үлгісі:
Фатиха:
"Ағузу биллаһи минәш шайтанир – ражим. Бисмиллаһир рахманир рахиим
әлхәмду лилләһи раббил ъаләмиин
әррахманир рахиим мәлики йәумид диин иййәкә нәъбуду уәиййәкә нәстәъиин
иһдинәс сирәтал мустәқиим
сирәтал ләз̃иинә әнъамтә ъаләйһим ғайрил мәғдууби ъаләйһим уәләд дооооооллиин
(Әмин).
(Әмин әр уақытта іштен айтылады).
«Ықылас» сүресі (3 рет)
Биисмиллаһир рахманир рахим. Қуль һуа аллаһу ахад. Аллаһус сомад. Ләм йалид уа ләм йуләд Уа ләм йакуль ләһу куфуән ахад.
Садақал-лаһул-азыйм. субхана роббикә роббил ғиззати ғамма ясифун уа саламун 'алал-мұрсалин уалхамду-лиллаһи роббил 'аламиин.
Иә, ұлы Алла осы оқылған "Фатиха", "Ықылас" сүресінен болған сауапты Адам ата мен Хауа анаға, Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаһу ьәләйһи уә сәлламға),барша дүниеден өткен пайғамбарларға, сахабаларға, шәһидтерге, дүниеден өткен барша мұсылмандарға, өзімнің дүниеден өткен ата-бабаларыма, әке-шешелеріме, туған-туысқандарыма (аты-жөнiн айту керек) бағыштадым.
Иә, Алла! Ол кісілердің рухтарын осы оқылған құран аяттарымен нұрландырып, қабiр азабынан сақтап, жандарын Жәннәттық ете көр! Бұл дүниеде біліп-білмей істеген күнәларын кешіре көр! Иә,Жаратқан Ием, ақірет күні ол кісілердің амал кітаптарының оң жақтан болуына нәсіп ете көр!
Раббанаа аатинаа фид-дуния һасанатан. уа фил аахирати һасанатан. уақинаа ғазаабан-наар. Әумин!
Қабырғаңызға ала кетіңіз басқаларда үйренсін

Құрметті менің ОҚЫРМАНДАРЫМ!
Биылғы Ораза айындағы, сіздерге тілегім :
Көзінде от бар, сөзінде оқ бар, жүрегінде иман бар, жүзінде нұр бар - адал бауырды тіледім🤲!
Сырыңды шашпайтын, күле қарап бетіңе, артыңнан сөз айтпайтын, сыйластығы шынайы - адал досты тіледім!🤲
Жай хабарласатын, есепсіз араласатын, жақсыңды асырып, жаманыңды жасыратын туғаныңдай болып кететін - асыл құда, жекжат тіледім🤲
Жаны жайсаң нағашыларым амандықта болса екен деп тіледім .🤲
Бір шәугім шайды бөліп ішетін, көрмесек сағынып жүретің көршілерім аман болса екен деп тіледім 🤲
Айтқызбай ұғып жүретін, ыстық-суыққа бірге көніп жүретін, жаны бірге ерлі-зайыптылардың сыйластығын - жан ұяңызға тіледім!🤲
БІЗДІҢ, СІЗДІҢ отбастарымызға амандық, ұл-қыздарымызға сана, бақ-дәулет бер деп тіледім!🤲
Жүректерінде иманы бар, елім жұртым, ата анам, бауырым деп тұратын, еңбек десе құлшынып тұратын өміріміздің жалғасы немерелердің заманы тыныш болса екен деп тіледім 🤲
Ашық аспан бер деп тіледім! 🤲
Жаратқаннан қол жайып, осы ақ тілектерімді қабыл ете гөр, деп - тіледім! 🤲
30 күн оразаны толық ұстайтын жандар қатарынан болайық. Алла Тағала ұстаған оразамызды, тілеген дұға тілектерімізді қабыл етсін ! Әр шаңыраққа бас амандығын, дендерінің саулығын , отбасында бақ береке кетпеуін тіледім ! 🤲
Елдің амандығын , жұрттың тыныш болуын тіледім ! 🤲
Келесі оразаға аман есен жетейік .🤲

ЖАНАЗАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША СҰРАҚ-ЖАУАПТАР
Сұрақ: Исламда мәйіт жатқан бөлмеге шырақ жағып қою бар ма?
Жауап: Мәйіт жатқан бөлмеге шырақ жағып қою дұрыс емес.
Сұрақ: Өлген кісінің жаназасы шығарылғанға дейін түнде, қасында бірнеше адам таңға дейін ұйықтамай күзетіп отыру дұрыс па?
Жауап: Жоқ. Оны шариғатымыз бұйырмаған.
Сұрақ: Мәйітті жууға неше адам түседі және мәйітті қандай йіс сумен жууға болады? Кебінге қалампыр үгітіп салу шарт па?
Жауап: Мәйітті жууда шариғат бойынша жуушылардың саны шарт емес. Шамасы келсе бір кісінің де жууына болады. Алайда көмекшілердің болғаны жақсырақ. Сондай-ақ сүйекке құда-жекжат, туыстарынан түсемін деушілер болса, оған шариғат қарсы емес.
Шариғат бойынша мәйітті жуу – парыз. Мәйіт иіс май қосылмаған таза сумен жуылса да парыз орындалған болып саналады. Бірақ мәйітті үшінші рет жуғанда суға иіс май қосу – мустахаб. Ал қалампыр немесе басқа нәрселер кебінге қоса оралмайды.
Сұрақ: Егер мәйіт қос жынысты, яғни хунса болса, оны кімдер жууға тиіс? Ерлер ме, әйелдер ме?
Жауап: Балағат жасына жеткен әйелдік және еркектік жынысы бар (хунса мушкил) адамды әйелдер де еркектер де жумайды. Жабылған күйде тәйәммүм алдырылады. Кебіндері ықтиаттық тұрғысынан әйелдердікі секілді бес қабат болғаны жөн. Үш қабат болған жағдайда да жарамды.
Сұрақ: Мәйітті жуындырып, кебіндеп болған соң үйден басымен, әлде аяғымен шығару керек пе?
Жауап: Мәйітті жуындырып, кебіндеп болған соң үйден басымен яки аяғымен шығару керек деген шариғаттың талабы жоқ. Мәйітті үйдің ыңғайына қарай басымен яки аяғымен де шығара беруге болады.
Сұрақ: Сүннеттелмеген мұсылманның жерлеу рәсімі өзге мұсылмандарды жерлегенмен өзгеше бола ма?
Жауап: Жоқ.
Сұрақ: Табыттағы мәйітті көлікке салғанша жерге үш рет қою және үстіне шай, нан тағамдарын қойып, басынан айналдыру қажет пе? (дұрыс па?)
Жауап: Бұлар дінде жоқ, адамдар тарапынан ойдан шығарылған амалдар.

Сұрақ: Кейбір жерлерде жаназа намазы сейсенбі күніне келіп қалса, намазды түс ауа оқу әдетке айналған. Бұған шариғатта негіз барма ?
Жауап: Негіз жоқ.
Сұрақ: Өмірінде намаз оқымаған адамның жаназасы шығарыла ма?
Жауап: Ол мұсылман болса жаназасы оқылады.
Сұрақ: Шошқа баққан немесе оның етін сатқан адамдар өлсе, оған жаназа намазы оқыла ма?
Жауап: Доңыз етін сатқан, оны баққан кісі де шариғат бойынша күнаһар. Бірақ ол діннен шықпайды. Сол себепті ондай кісі дүниеден өткенде жаназасы оқылады.
Сұрақ: Өзге дін өкілдеріне тұрмысқа шығып қайтыс болған мұсылманға жаназа намазы шығарыла ма?
Жауап: Өзін мұсылман санайтын әйелдің өзге дін өкілдеріне тұрмысқа шығуы харам. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Мүшірік әйелдерге иман келтіргенге дейін үйленбеңдер. Сендерге ұнаса да азат мүшірік әйелден мүмин күң артық. Және иман келтіргенге дейін мүшірік ерге мүмин әйелдерді де тұрмысқа шығармаңдар...»,- деген. («Бақара» сүресі, 221- аят)
Өзге дін өкіліне мұсылман қыздың тұрмысқа шығуы – үлкен күнә. Алайда, ондай әйел егер өзге дінді қабылдамай өз дінінде қалған болса, яғни мұсылман боп жан тәсілім етсе, жаназасы шығарылады.
Сұрақ: Мәйітті жуғанда қолданылған медициналық қолғаптар мен алжапқыш (фартук) т.б. заттарды не істеу қажет?
Жауап: Медициналық қолғаптарды қоқысқа тастау қажет. Алжапқышты тазартып жуғаннан кейін қайта қолданса болады.
Сұрақ: Мәйітке жаназа қай уақытта оқылады?
Жауап: Жаназа намазы мәкрүһ уақыттан басқа кез келген уақытта – күндіз болсын, түн болсын оқыла береді. Мәкрүһ уақыт деп күн шығып немесе батып бара жатқан және күн тас төбеде тұрған кездер айтылады.
Сұрақ: Мәйітті жерлеуді асықтыру және бұл рәсімді жедел атқару туралы дәлел бар ма?
Жауап: Имам Алау ад-Дин Касани әл-Ханафи (р.а.) өзінің «Бәдәиъус-Санаиъ» атты кітабында: Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.): «Мәйіттеріңді жерлеуге асығыңдар. Мәйіт жақсы кісі болса жақсылығына жылдам жеткізіңдер, ал жаман кісі болса тозақ иелері бізден алыс болсын»,- деген хадисіне байланысты мәйітті жерлеуді асықтыру мұстахаб, яғни жақсы амал,-деген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) асықтыруды мустахаб еткен.
Мәйітті жерлеуді кешіктіру – сүннетке, мәйітті құрметтеуге қайшы әрекет. Қаншалықты кешіктірсе сонша оның қадір-қасиетін қашырады.
Сұрақ: Өзін өзі өлтірудің діндегі орны не? Жаназасы оқыла ма?
Жауап: Адам баласының өз-өзіне қол жұмсауы адамдық тұрғыдан да, дін тұрғысынан да үлкен қате. Өйткені, жан – Аллаһтың адам баласына берген ең қасиетті аманаты. Өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат. Сонымен қатар ол үлкен күнә жасағандығы үшін тозақта азап тартады Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көптеген хадистерінде өзіне қол жұмсаған адамның үлкен күнәға бататынын, тозақта азап шегетіндігін айтқан.
Өзіне қол жұмсау бұрынғы үмметке де тыйым салынған. Жундуб ибн Абдуллаһ Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Сіздерден бұрынғы үмметтер арасында жараланған бір адам ауруына шыдай алмай қолын пышақпен кесіп, қан тоқтамай қансырап өлді. Сонда Аллаһ тағала «Құлым мен берген жанымды қолдан алды. Мен оған жұмақты харам еттім»» деген хадисін риуаят еткен.
Өз-өзін пышақтап өлтірген адамның жаназасын Пайғамбарымыздың оқымағандығы айтылады. Алайда сахабалар бұл адамның жаназасын оқыған
Имам Ағзам мен имам Мұхаммед және өзге де ғұламалардың көпшілігі өз-өзін өлтірген адамның жаназасы оқылады деп фәтуа берген. Расында өзіне өзі қол жұмсауға діни, рухани өресі төмен адамдар яки психологиялық ауру немесе жындар ықпалымен де барып жатады. Өзіне қол жұмсаған кісі ауыр күнәға батқанымен, діннен шықпағандықтан, жаназасы шығарылады. Алайда, күнәнің ауырлығын білдіру, әрі басқаларға сабақ болу мақсатында жаназаны мүфти, дін ғалымдары, бас имамдар емес, жаназа шарттарын білетін басқа кісілердің шығарғаны жөн.
Сұрақ: Қарызы бар кісінің жаназасы шығарыла ма?
Жауап: Қарызы бар кісінің жаназасы оқылады. Ал қарызы артында қалған мүлкінен беріледі.
Сұрақ: Егер де мәйіт жаназа намазы оқылмай жерленген болса не істеу керек?
Жауап: Марқұмның жерленгеніне көп уақыт өтпеген болса, онда қабір басында тұрып жаназа намазын оқу қажет. Бұл ретте жаназа намазы қабір алдында құбылаға қарап оқылады.
Сұрақ: Жаназа оқылғаннан кейін митинг жасау дұрыс па?
Жауап: Дұрыс емес. Өйткені жаназа намазының өзі діни, шариғи іс-шара болып есептеледі.
Сұрақ: Кейбір кісілер мәйітке жаназа намазы оқылып болысымен, мәйітке конфет, тиын шашады. Қабірге жерлеген соң қабірдің бас жағына ыдысқа су құйып қояды және айналасына күріш шашады. Осындай істердің шариғатта негізі бар ма?
Жауап: Мұндай істер шариғатымызда жоқ қате амалдар.
Сұрақ: Мәйіттің бас жағынан бауырсақ салынған ыдысты айналдырып, үйге алып қалу дұрыс па?
Жауап: Ешқандай пайдасы жоқ, шариғатқа қайшы амал бұл.
Сұрақ: Мұсылмандарды кремация (өртеу) арқылы жерлеуге бола ма?
Жауап: Кремация, яғни, мәйітті өртеу – исламда харам.
Сұрақ: Мәйітті қабірге қоярда аяғымен кіргізу керек пе, жоқ әлде басымен кіргізу керек пе?
Жауап: Мәйітті қабірге қоюдағы шариғаттың талабы – оң жағына жантайтып, жүзін қыбылаға қаратып қою. Ал қабірге басымен яки аяғымен кіргізу мәселесі, қабір ыңғайына қарай атқарылады.
Сұрақ: Мәйітті қабірге жайғастырғанда мәйіттің бетін ашып тастау керек пе?
Жауап: Мәйіт бетінің ашылмағаны жөн.
Сұрақ: Мәйіттің колы немесе аяғы протез болса, протезді немесе не істеу керек?
Жауап: Протезді алмалы тісті шешіп тастау қажет. Ол мәйітпен бірге көмілмейді. Өйткені оның ағзасы емес.
Сұрақ:Зиратқа құлыптас орнату дұрыс па?
Жауап: Қабір басына құлыптасты белгі ретінде суретсіз, мүсінсіз орнатуға болады.
Сұрақ: Қабір басына салынатын құрылыс нысанын бір жүйеге түсіруге бола ма? Яғни, орнатылатын көк тастың көлемі белгіленсе және марқұмның бейнесін қашап естелік орнатылуына тыйым салынса дұрыс болар еді.
Жауап: Ханафи мазһабының ғұламалары мәйіт жерленген орынды қиындықсыз табу үшін, қабір басына белгі қойып, аты-жөнін жазуға рұқсат берген. Алайда зәулім тас, қажетсіз қоршау, үлкен сәнді күмбездер орнату, қашап сурет салу және т.б. осы сияқты амалдар ысырап әрі бәсекелестік болғандықтан шариғатымыз тыйым салған.
Сұрақ: Жол апатынан қаза болғандарға арнап жол бойына белгітас қою шариғатта бар ма?
Жауап: Апат болған жерде белгітас қою шариғатта жоқ. Марқұм үшін ондай белгі қойғаннан гөрі оның атынан сауап үшін садақа беруге болады.
Сұрақ: Қабірстан басына гүл шоқтарын (венок) қоюға дініміз рұқсат ете ме?
Жауап: Қабірстан басына венок және гүл шоқтарын қоюға шариғатымыз тиым салған. Сондықтан оларды сатып алған қаражат мискин-жетімдердерге садақа етіп берілсе сауап болады.
Сұрақ: Зиратты жөндеуге бола ма?
Жауап: Болады, тек қазуға болмайды.
Сұрақ:
А) Біреулер марқұмның киімін үлестіргенде жаңа киім талап етеді.
Ә) Мәйіттің мал-мүлкін бөліске салады.
Жауап: Марқұмның киімі, қаржысы яғни барлық мал-мүлкі оның дүниесі саналады. Сондықтан ең әуелі артында қалған мал-мүлкі марқұмды кебіндеуге, жерлеуге, қарызы болса өтеуге жұмсалады. Одан артылған жағдайда өсиет етілген адам болса, соған беріледі. Өсиет етілген мөлшер қалған мал-күлкінің үште бірінен аспауы шарт. Ал одан қалған мүлкі шариғат бойынша мұрагер саналатын жақындарына дінде көрсетілген есеп бойынша бөлініп беріледі. Марқұмның киім-кешектерінен тәбәрік ретінде таныстарына немесе садақа ретінде мұқтаж адамдарға беруге болады. Жаңа киім сатып алып тарату, яки, таратылуын талап ету дұрыс емес.
Сұрақ: Жыртыс жырту, киім үлестіруге бола ма?
Жауап: Біріншіден, бұл амалдарды дініміз жүктеген, міндетті түрде істелуі тиіс "парыз" амалы деп түсінбеген жөн. Бұларды жасамаған жағдайды ешкім күнәһар болмайды. Екіншіден, ешкім кәдесіне жаратып, пайдасына асыра алмайтын бір жапырақ жыртыс таратқаннан гөрі, сол жыртысқа кететін қаржыны жетім-жесір, жоқ-жітіктерге таратқан әлдеқайда сауапты. Үшіншіден қайтыс болған кісінің киімін ертеректе "тәбәрік" ниетімен елге тарататын. Ал бүгінде бұл әдет жағымсыз әдетке ойысқан сияқты. Кейбіреулер кісінің күнделікті киімін емес, керісінше дүкеннен жаңадан сатылып алынған жаңа киімді таратуды шариғат қағидасы секілді талап етіп жатады. Тіпті базбіреулер "ұят болмасын" деген түсінікпен қарызданып, қымбат киім алып, аяғы бұл іс өзгелермен бәсеке, бақталастыққа да ұласып жатады. Сондықтан мұндай амалды атқармаған жөн.
Сұрақ: Кейбіреулер жерлеу рәсімі біткен соң мәйітке жабылған кілемді үйіне алып кетеді. Осы дұрыс па?
Жауап: Мәйітке жабылған кілем де мәйіт иелерінің мүлкі саналады. Сондықтан мәйіт иесі мүлікті қаласа садақа ретінде, әйтпесе, өздеріне алуы немесе мешітке беруіне болады.
Сұрақ: Құранды бастан-аяқ хатым етіп, сауабын өліге бағыштауға бола ма?
Жауап: Болады. Құранды бастан-аяқ хатым етіп, сауабын өліге бағыштау сауапты амалға жатқандықтан шариғатымызда рұқсат етілген.
Сұрақ: Кейбіреулер мәйітке Құран оқығаны үшін ақша талап етеді. Сол дұрыс па?
Жауап: Шариғат бойынша Құран оқығаны үшін ақша талап етуге болмайды.
Сұрақ: Кейбір жерлерде бейіттің әр бұрышына арнап «төртқұлақ» деп орамал таратылып, төрт адамға Құран оқытылады. Құран оқу ұзақ уақытқа созылады. Осындай амал шариғатқа сай ма?
Жауап: Шариғатымызда бейіттің әрбұрышына арнап «төртқұлақ» деп орамал таратып, төрт адамға Құран оқыту жоқ, бірақ Құран оқытып, сауабын өліге бағыштау бар. Қабір басында Құранды бір адам оқыса да жеткілікті. Ауа-райының ыстық-суықтығын, әрі бейіт басына барған кейбір адамдардың қарт, науқас және асығыс екендіктерін ескеріп, қабір басында бірнеше адамның ұзыннан-ұзақ Құран оқымағаны жөн. Құранды кейіннен толықтай хатым етіп, сауабын бағыштауға да болады.
Сұрақ: Қайтқан кісіге әр жұмада Құран оқыту үшін ас дайындап, молда шақыру қажет пе?
Жауап: Бұл нәпіл садақа түріне жататын амал. Яғни, істесеңіз сауабы өліге жетсе деп үміт етіледі. Бірақ жасалмаған жағдайда күнә емес. Сондай-ақ, Құран оқыту үшін міндетті түрде ас дайындап, дастархан жаю да шарт емес. Дастархан жаймай-ақ, кез-келген уақытта өзіңіз білген аятты оқып, сауабын марқұмға бағыштай беруге болады. Ал егер көп кісі шақырсаңыз, жұртқа діни уағыз-насихат, ғибратты әңгімелер айтылуы үшін имам, молдаларды, шақырған жөн.
Сұрақ: Мәйітке арнап жетісін, қырқын, елу екілігін және жылын беру шариғатта бар ма?
Жауап: Ас беру шариғатымыздың міндетті түрде атқарылуы тиіс парыз амалдарына жатпайды. Яғни, жасалмаған жағдайда ешбір адам күнәһар болмайды. Бірақ жалпы алғанда жұртқа тамақ таратудың сауапты іс екенін хадистерден және кейбір Құран аяттарынан байқаймыз. Сондықтан, жетісі, қырқы, жылы деп нақты күндерді санап жатпай-ақ, кез келген күні сауабын қайтыс болған кісіге бағыштап жоқ-жітіктерге, мұқтаж жандарға тамақ таратып, ас беру абзал. Ал мұқтаж жандар қатарына жатпаса да туған-туыс, жора-жолдастарын жинап ас беруге де шариғат қарсы емес.
Жетісі, қырқы және жылы шариғатта белгіленбегендіктен оны тек рәміздік атау ретінде ғана орындаса болады. Сондай-ақ, «жетісінде мәйіт ісінеді, қырқында бүйтеді, ал елу екінші күні еті мен сүйегі ажырағанда мәйіт қатты қиналады. Сондықтан ас беріп, дұға жасау керек екен» деген таяз түсініктердің исламда ешбір негізі жоқ.
Дінімізде міндетті түрде қарызданып немесе өзіңе қажетті қаржыңды жұмсап өлі атынан үлкен мал сойып, садақа бер деген үкім жоқ. Ас ысырапқа жол берілместен атқарылуы тиіс.
Сұрақ: Қайтқан кісінің 5, 10, 15, 20 жылдығы деген атпен ас беруге бола ма?
Жауап: Жағдайы бар адамға қайтқан кісінің артынан құдайы ас беру шариғатта тиым салынбаған. Бірақ, сол үшін қарызданып, несие алып өзіне қиындық тудыру дұрыс емес. Ол ысырапкершілікке жатады.
Сұрақ: Марқұмның жетісі, қырқы, жылына сиыр немесе жылқы сою да талап етіліп жатады. Осы дұрыс па?
Жауап: Марқұмның жетісі, қырқы, жылына сиыр немесе жылқы сой деп талап ету – харам. Оны бәске айналдыру дұрыс емес. Садақаны әркімнің шамасына қарай беруіне болады.
Сұрақ: Кісі қайтыс болған үйде немесе мейрамханаларда ас беруге шариғат қалай қарайды?
Жауап: Қаза болған үй иесінің мәйіт жерленгеннен кейін қоғамдық дәмханаларда ас беруіне болады. Бірақ, ас беру әрбір мұсылманға міндет болмағандықтан, ас беруім керек деп қолындағы аз дүниесін шашуға немесе шаш етектен қарыздануға болмайды. Әркім ол істі шама-шарқына атқаруы тиіс.
Сондай-ақ, ас – кісі жерленгеннен кейін ғана беріледі. Алыстан келген көңіл айтушыларға көрші, ағайындары тамақ әзірлеп берсе болады. Алайда кейбір жерлерде кісі жерленбей жатып, көпшілікті, жергілікті тұрғындарды шақырып қонақасы беріп жатады. Бұл дұрыс емес.
Сұрақ: Ас беру кезінде жарыса сөз сөйлеген дұрыс па?
Жауап: Ас үстінде ғибратты әңгімелер мен уағыздар айтылып, жұртты имандылыққа шақырылғаны дұрыс.
Сұрақ: Кісі қайтыс болған үйде сол жылы құрбан айттан бір күн бұрын шек шалу дұрыс па?
Жауап: Сауабын өліге бағыштап кез келген уақытта құрбан шалуға болады. Бұл жайлы пайғамбарымыздың екі қошқардың біреуін өзі үшін, ал екіншісін үмметі үшін шалғандығы сахих хадистерде риуаят етілген.
Кейбір адамдар құрбан айтта өз атынан құрбан шалу уәжіп бола тұра, қайтыс болған кісіге сауабын бағыштап құрбан шалумен шектеліп жатады. Бұл дұрыс емес. Яғни, қайтыс болған кісіге сауабын бағыштап құрбан айтта мал шалғысы келген кісі, егер, өз атынан құрбан шалу міндеттелген жан болса, (қарызы жоқ және негізгі қажеттілігінен тыс 85 гр алтын яки құнына тең қаражаты бар адам) онда өз атынан да құрбан шалуы шарт. Ал егер екі құрбан шалуға шамасы жетпесе, онда тек өз атынан шалады. Бұл құрбан айтта құрбан шалу уәжіп болған жандарға тиесілі үкім. Ал шариғатта құрбан шалуға міндеттелмеген жандар (негізгі қажеттілігінен тыс 85 гр алтын яки құнына тең қаражаты жоқ жандар) өздерінің атынан немесе қайтыс болған кісіге сауабын бағыштап құрбан шалуларына рұқсат. Тағы бір ескеретін жайт, сауабы қайтыс болған кісіге бағышталып шалынатын құнбанның құрбан айтқа бір күн қалғанда шалынуы шарт

Фатиха сүресін бір оқығанда 70.000сауап жазылады. Өз қабырғаңа сақта да тегін сауаптан бас тартпа
اَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيم بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِِ
اَلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ ﴿1﴾ اَلرَّحْمَـنِ الرَّحِيمِ ﴿2﴾ مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ ﴿3﴾ إِيَّاكَ نَعْبُدُ وإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ﴿4﴾ اِهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ ﴿5﴾ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلاَ الضَّاۤلِّينَ ﴿6﴾
Ә’узу биллаһи минаш-шайтанир-ражим
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
«Әлхамду лилләһи раббил-’аләмиин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-диин, ийәкә на’буду уа ийәәкә нәста’иин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзина ән’амта ’аләйһим, ғайрил-мағдууби ’аләйһим уәладдааал-лиин»
Мағынасы:
Қуылған шайтанның (кесірінен) Аллаһқа сыйынамын Рахман һәм Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын.
1. Барлық мадақ пен мақтаулар әлемдердің Раббы - Аллаһқа тән.
2. Ол Рахман һәм Рахымды.
3. Есеп күнінің, ақырет күнінің жалғыз Иесі.
4. Саған ғана ғибадат етіп, Сенен ғана жәрдем тілеп, көмек сұраймыз.
5. Бізді тура жолға сал.
6. Бізді өзіңнің ашуыңа, қарғысыңа ұшырағандар мен тура жолдан тайған, адасушылардың жолына емес, ырыс-береке мен ізгі-жақсылықтарыңды, ерекше шарапатыңды төккен салиқалы құлдарыңның жолымен жүргіз.

Өлгеннен 30 минуттан кейін денеде рефлекс деген ештеңе қалмайды.
Сүйектер босаңсығаннан кейін ауыз бен көз шарасы ашылып қалады. Босалту жүйесі де толығымен босаңсып, жеңіл дәрет ағып кетеді.
Өлімнен 24 сағат өткеннен кейін дене шіри бастайды. Бактериялар өз жұмысына кірісе бастайды.
Бірінші болып шіритін ағзалар көз, ми және ішек-қарындар.
Мәйіт семіз болса тез шіриді, тұзды суда буылып өлгендердің шіруі бәсең болады.
Соңында шіритін мүшелер жүрек, қуық, бүйрек.
Алғаш шірігені үшін азқазан мен ішектерде бактериялар көбейе бастайды, соның салдарынан қарынға жел толады.
Бұл жел қарынның ісуіне себеп болады. Терінің жоғары жағына су жинала бастайды, денеде біріккен күкірт қышқылынан дененің түсі қарая бастайды.
Күн сайын ісе бастаған қарын жарылады және кеуде төмендейді. Бұл жағдайда қабірдің үстінен естілетіндей қатты дыбыс шығады.
Шамамен 4 жылдан кейін адам толығымен сүйек болып қалады.
Әдемілігің, сұлулығың, байлығың, тәкәппарлығың, атақ-даңқың қайда қалды? Жер бетінде тәкәппар, кішкентай тауларды мен жараттым экосындағылар, өзінің кішкентай миымен басқа адамдарды төмен санайтындар, өмірді кішкентай сәттіліктер мен өткінші жеңістерімен мақтанып жүретіндердің соңы осы.
Ақшаның сатып алған адамдардың соңы осы. Атақ-даңқ үшін өзін сатқандар, достарын сатқандар, қиындыққа ұшыраған адамдардың үстінен езіп қорлайтындардың соңы осы.
Сұлулығымен, өмірі бойынша жүзін әрлеумен, денесі құрғамасын деп әр күні қымбат кремдер жағып жұмсатылған дененің соңы осы.
Өмірін фитнестерде айнаның алдында өткізіп, мақсаты денесін әдемілеп сомен инстаграмға сурет қоятын кісілердің соңы да осы.
Оқыңыз, білім алыңыз, жұмыс істеңіз, жеңістеріңіз көп болсын, адамдарға пайдаңыз тисін бірақ өмірді үлкейтпеңіз. Өзіңізді үлкейтпеңіз. Тәкәппар болмаңыз. Қолымызда тек қана жасаған жақсылықтарымыз бен жасаған жақсы амалдарымыздан басқа ештеңе қалмайды.

Керемет ғибрат!!!
Баяғыда қолы қарулы жігіт бір кісіні абайсызда жазым етіп алады. Қайтыс болған кісінің балалары жиналып, қазыға барады. Казы: "Жазасы - жанға-жан, өлім үкімі" - дейді.
Үкімге кесілген жігіттің соңғы сөзін тыңдайық деседі ел. Жігіт: "Жырақта тұрушы едім, дүниемді жанұяма табыстайын, еліммен, балаларыммен қоштасайын, қарыздарым бар еді, соны өтейін.
Үш күн рұқсат берсеңіз» - дейді. Сол кезде қазы көпшілікке қарайды да: «Бұған кепіл болатын адам бар ма?» - дейді. Ешкім үндемейді. Себебі, бейтаныс жігіт алдап кетіп, келмей қойса, оған кепіл болушы жазалануы мүмкін. Тағы сұрайды. Бұл жолы да ешкім үндемейді.
Сол кезде қарт сахаба Әбу Зар шығып: «Мен кепіл боламын. Оны танымаймын, бірақ, келмей қалса, жазасын өтеуге дайынмын» - дейді. Бәрі қатты таңқалысады.
Үш күн үш сағаттай өтеді де, кетеді. Халық қайта жиналады. Жігіт жоқ. Адамның бәрі уәде беріп кеткен жігіттің жолына қарап тұр. Бірақ ешкім көрінбейді.
"Алдады-ау" деп сандарын соққалы тұрғанда, алыстан жігіттің қарасы көрінеді. Жүгіріп келеді екен. Сонда оның уәдесінде тұрғанына бәрі таң қалады. Ол болса: «Ауылым алыс болғаннан кешіктім, бәріне үлгердім, енді өлімге дайынмын» - дейді.
Сонда қазы жігіттен: «Сен өлетініңді біле тұра осында келдің, неге қашып кетпедің?» - дейді. Ол: «Мен сертімде тұрмасам, кейін мұсылмандар арасында серт жойыла ма деп қорықтым, сол үшін келдім» - дейді.
Қазы Әбу Зарға бұрылып: «Сен бұл адамды танымасаң да кепіл болдың, себебі не?" -дейді. Әбу ақсақал: «Кепілге адам шықпаса мұсылмандар арасында бауырмашылық әлсірей ме деп кепіл болдым» - дейді.
Ал әкесі өлген балалар: «Егер біз кешірмесек, мұсылмандар арасында кешірімділік жойыла ма деп қорқамыз, сол себепті біз де кешірдік» - дейді.
Міне, уәдеде тұру, бауырмал болу, кешірімді болу, мейірімді болу бұлардың түбінде шүкір қылу тұрса керек.
Түйін: Əр адам барға шүкіршілік еткенде дүниеге мейірім шуағы жайылады екен……………..

НАМАЗ БАСТАҒЫСЫ КЕЛІП ЖҮРГЕН КІСІГЕ 5 КЕҢЕС!
⠀
Көп адамдар «Менің расымен де намаз оқығым келеді, бірақ қалай бастайтынымды білмей жүрмін», «намаз оқиын десем, біртүрлі жүрексінемін, маған көмектесесіз бе?» деп жатады.
Иә, мұндай сауапты іске үлкен дайындықпен, аса қатты жауапкершілікпен қараған дұрыс, әрине.
Алайда, бұл намаз оқу шынымен де қиын деген сөз емес.
Себебі, намаз оқу сіз ойлағаннан да оңай, негізі.
Біз бүгін намазды қалай, неден бастарын білмей жүрген оқырмандарымызға мынадай қарапайым кеңестерді ұсынсақ дейміз.
⠀
Сонымен,
1️⃣ БІРІНШІ,
намаз бастауға ниет етіп жүрсеңіз, алдымен дәрет алудың ретін үйреніп алыңыз.
Себебі, дәретсіз намаз жоқ.
Дәрет – намаздың кілті.
Дәрет алудың үлгісін YouTube арқылы анық көріп, біле аласыз немесе әртүрлі бағдарламаларды жүктеп үйрене аласыз. Бұл – өте оңай, кәдімгі беті-қолды жуу секілді құлшылық қой, 3-4 рет алғаннан кейін өзіңіз-ақ үйреніп кететініңізге сенімдіміз!
⠀
2️⃣ ЕКІНШІ,
намазды не үшін оқиын деп жүрсіз, соған жауап беріп алыңыз.
Намаз - Алланың разылығына жету үшін, Алла бұйырған іс болғандықтан орындалатын амал. Ал, егер оны біреу айтқан соң немесе біреуге ұнау үшін жасайын деп жүрген болсаңыз, ол мақсатыңызға жетуіңіз мүмкін, алайда, "сауап табу" деген ең маңызды сыйдан құр алақан қалатыныңыз анық.
Сондықтан, алдымен ықылас-ниетіңізді дұрыстап алыңыз.
⠀
3️⃣ ҮШІНШІ,
көмекші ретінде «Намаз оқып үйренейік» деген кітапты алып алғаныңыз жақсы. Бұл - мешіттің жанындағы дүкендерде 200-250 тг шамасында тұратын кішкентай кітап, қалтаңызға салып жүруге де ыңғайлы.
Осы ретте бір нәрсені айта кетейік, «мен алдымен бәрін жаттап алайын» деп күтпеңіз. Себебі, бәрібір намаз бастаған кезде көңілдің толқуымен, іштегі тебіреніспен жаттап алған нәрселеріңізді де ұмытып қалатын боласыз.Сүре, дұғаларды жаттауды қолға алыңы. Сөйте-сөйте өзі-ақ жатталып қалады.
⠀
4️⃣ ТӨРТІНШІ, көп адам әлеуметтік желіде намаздың уақыттарын сұрап жүреді. Бұл ретте сізге Sajda деген қосымшаны жүктеп алуға кеңес береміз. Осы қосымшаны (приложение) телефоныңызға орнатып аласыз да, ішінен өз қалаңызды таңдайсыз. Бітті! Ары қарай Sajda өзі сізге қай намаздың қай уақытта кіретінін көрсетіп, керек болса, азан шақырып хабарлап тұрады!
⠀
5️⃣ БЕСІНШІСІ,
әрі маңыздысы - басында өзгелерге ілесе алмай, қимылдарынан қате жіберіп жатуыңыз мүмкін. Ештеңе етпейді. Үйреніп кеткенше бірең-саран олқылықтар болып тұрады. Қазір барлығымызда телефон бар, көбіміз YouTube көреміз. YouTube порталына Бейнелі намаз ролик асыл арна деп жазсаңыз, ер адамдарға және әйел адамдарға арналған екі ролик шығады. Соны көріп, қайталап, түсінбеген жерлеріңізді имамдардан сұрап, үйреніп алыңыз.
Алла ниетіңізді, тілегіңізді, жақсылыққа қарай ұмтылған амалдарыңызды қабыл етіп, жолыңызды ашсын! Жеңілдік берсін!

Фатиха» сүресі:
Ағузу биллаһи минәш шайтанир – ражим.
Би – исми – л лаһи – р – рахмани – р – рахим.
Әл – хәмду лиллаһи рабби – л - әләмин.
Ар – рахмани- р – рахим.
Мәлики йауми – д – дин.
Ий – ака нағбуду уә ий - әкә нәстағин.
Иһдина – с – сирата – л – мустақим.
Сирата – л – ләзинә әнғамта ғалейһим ғейри – л - мағдуби ғалейһим уа – ла- д – даллин (Әмин).
(Әминді әр уақытта іштен айтады).
«Ықылас» сүресі:
Би – исми – л – лаһи – р – рахмани – р – рахим. Құл һуа аллаһу ахад. Аллаһу – с – самад. Ләм йалид уа ләм йуләд Уа ләм йакүн ләһу күфуән ахад. Садақол – лаһул – азим. Сүбіха раббика – раб – бил иззәти амма Иаси – фун уа сәламун аләл – мурсалин Уолхамду – лиллаһи раби – бил аламин (Әмин). Сүбханә Раббикә-Раббил-ғиззаты ғамма йәсифун. Уә саламүн ғаләл-мурсәлин. Уәлхамду лиллаһи Раббил-ғаләмин.
(Қүран соңында)
Иә, Ұлы Алла осы оқылған Фатиха, Ықылас сүрелерінен болған сауапты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), Пайғамбарларға, Саха-баларға, Әулие-Әмбиелерге, Шаһи-дтерге, дүниеден өткен барша мұсылман-дарға (өзімнің дүниеден өткен ата-бабаларыма, әке-шешелеріме, туған-туысқан-дарыма, аты-жөнін айту керек) бағыштадым. Иә, Алла! Ата бабаларымның рухтарын шат-шадыман етіп, осы оқылған Құранның нұрымен нұрлан-дырып, қабір азабынан сақтап, жандарын жәннатта ете гөр! Иә, Алла! Біздерді – үй ішімізді, халқымызды қайғы – қасіреттен, қорлық – зұлымдықтан, табиғи апат-тардан, мың бір атты пәледен, жүз бір атты пәледен сақтай гөр! Дұға тілектерімізді қабыл етіп, екі дүниеде де нығметіңе бөлей гөр! Раббәна атина фиддүния хасанәтән. Уә Фил-ахирәти хасанәтән уә қина ғазәбәннар. «Раббымыз!
Қабырғамызға ала кетейік!