Статистика ВК сообщества "АМАЛ ДӘПТЕР | AMAL DAPTER"

0+
- Әһли сүннет уәл жамағат -

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

[club140457047|@amaldapter] - Ардақты Пайғамбарымыз ﷺ қой баққан, сосын саудамен айналысқан. Хадисте: «Аллаһ жіберген пайғамбарлардың қой бақпағаны болмаған. Сахабалар: Сіз де ме?,-деп сұрағанда Пайғамбарымыз ﷺ : Иә, Мекке жұртының қойын тиін-тебенге бағатын едім»,-деген. (БҰХАРИ)

«Қой бағыңдар, өйткені береке сонда», – деп адал кәсіпкерлікті, диқаншылық пен мал бағуды уағыздады.

Қой – жәннаттың жоғарғы жануары
Қой жануары қасиетті Құранда төрт жерде кездеседі екен. Ал Пайғамбардың ﷺ хадистерінде бір емес, бірнеше жерде кездеседі.
Әлбетте, қой малы хадистерде өзге жануарлар секілді жақсы, жуас, пайдалы әрі адал мал түрінде айтылған.
Ибн Омар (родиаллаху анху) жеткізген деректе Пайғамбар ﷺ қой жайында былай дейді:
«Қой – жәннаттың жоғарғы жануары» . Тағы бір хадисте: «Мүминнің мысалы ине жұтып қойған қой секілді», – дейді .

Міне, осы сияқты хадистерді оқи отырып, қой жануарының жуастық пен момындық сипат екенін аңғаруға болады 😊

#құран #сүре #аят #дұға #хадис #сүннет #намаз #насихат #амалдәптер

9 0 ER 0.6551
[club140457047|@amaldapter] - Құранда:
«Адам баласы Біз сүйектерін жинай алмайды деп есептей ме? Күмәнсіз, оның саусақтарының ұштарын да қалпына келтіруге күшіміз жетеді»

(«Қияма» сүресі, 3-4 аят) деген аяттағы саусақ мағынасын білдіретін «бәнана» сөзіне имам Самарқанди:
«Ақиқатында Аллаһ Тағаланың саусақтарды қалпына келтіруге құдіреті жетеді және саусақта жайлылық бар» деп түсіндіреді. Сондай-ақ, миллиардтаған адам баласының ең кішкентай саусақ бедерінің де әртүрлі болуы Аллаһ Тағаланың шексіз құдіретінің дәлелі емес пе?! Әрі мың жылдан астам уақыттан бері Қытай халқы келісім-шарт сияқты заңды құжаттарға екі жақтың саусақ бедерінің ізін бастырып, мұрағатқа сақтауы да Құран ақиқатын растай түссе керек. Соңғы ғасырда ғалымдардың зерттеу жүргізуі барысында, осыдан он төрт ғасыр бұрын «Саусақ ұштарының бедері» жайлы Құранда айтылған ақиқаттың шындығы ашылды.

#амалдәптер #құран #сүре #аят #хадис #дұға #мұғжиза #қияма

8 0 ER 0.5457
[club140457047|@amaldapter] - Жәндіктерлің бірі құмырсқа турасына келсек:
Жер бетінде құмырсқаның 20 мыңнан астам түрі тіршілік етеді екен. Олардың түрлері мен дене-пішімдері де бір-біріне ұқсас болады. Құмырсқалар өз ішінде төрт топқа бөлінеді:

1) – басқарушы (ұрғашы- патшайым),

2) – жұмысшы топ,

3) – (сыртқы қауіптен) қорғаушы әскери топ,

4) – ұрықтандырушы топ.

Құмырсқаны басқарушы арнайы жұмыртқалайтын ұрғашысы болады және ол 20 жылға дейін өмір сүреді. Олар бір-бірімен өзара сөйлесіп жеке қарым-қатынас жасай алады. Сонымен қатар, құмырсқалардың өзіндік иістері болады. Олар бір-бірінің әлеуметтік дәрежесін осы иісі арқылы таниды екен.  

#құран #сүре #аят #дұға #хадис #сүннет #намаз #насихат #амалдәптер

6 0 ER 0.4299
Қадір түні рамазанның қай түні екендігі жайлы екі риуаят бар:

1.Соңғы он күннің тақ түндері деген риуаяттар. Айша (р.а.) анамыз: «Қадір түнін рамазанның соңғы он күннің тақ түндерінен іздеңдер[Бұхари, Муслим, Тирмизи», – деген хадис жеткізген. Және Ибн Аббастан (р.а.): «Қадір түнін рамазанның соңғы он күнінен, қалған тоғызыншы, жетінші және бесінші түндерден іздеңдер[Бұхари, Муслим]», –деген риуаят бар.

Жиырма жетінші түн деген риуаяттар: Омар (р.а.): «Қадір түні қашан екенін кім біледі?» – деп сұрағанда, Ибн Аббас: «Бұл – жиырма жетінші түн», – деп жауап берген екен [Ахмад]». Және де Мұғауиядан (р.а.) келген хадисте: «Қадір түнін жиырма жетінші түннен іздеңдер[Табарани]», – деп айтылған.

Абдулла бин Аббас (р.а.) риуаят еткен тағы бір хадисте былай делінеді: «Пайғамбарға (ﷺ) бір қарт келіп: «Уа, Аллаһ пайғамбары! Мен ауру қартпын, маған түнде құлшылық ету ауыр тиеді. Маған бір түнді көрсетіп беріңіз, Алла Тағала қадір түніне сай келуіне жар болғай», – дейді. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Жетінші (27) түні тұр», – деп жауап береді[Ахмад, Бұхари]».

7 0 ER 0.4620
[club140457047|@amaldapter] - Жәннәт туралы хадистер

Аллаһ Тағала айтады:«Жәннәтта көз көрмеген, құлақ естімеген, тіпті адам жүрегі қалап көрмеген нәрселерді дайындап қойдым», «Істеген игіліктері үшін қандай жақсылық әзірленгенін бірде-бір адам білмейді».

Пайғамбарымыз ﷺ айтады: «Жәннәтта бір ағаш бар. Салт атты оның бір шетін екі шетіне, арнайы дайындалған жүйрік атпен жүз жыл шапса да жете алмайды».

Расулуллаһ (ﷺ): «Жәннәтта сырты ішінен және іші сыртынан көрінетін бөлмелер бар» – деді. Бір бәдәуи тұрып: «Я, Расулуллаһ! Ол бөлмелер кім үшін?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз ﷺ : «Жақсы сөз айтқан, мұқтаждарды тамақтандырған, оразасын ұстап, адам ұйықтап жатқанда намазын оқыған үшін» – деп жауап берді.

Жақсы сөз айтқан дегеніміз – балағат, жалғандық пен өсек аяңнан аулақ болғанды меңзеп отыр. Адамдар намазын ұйықтап жатқанда намазын оқыған – яғни, түнін нәфіл, тәһәжжүд намаздарын оқумен өткізген адам.

Адамның Жәннәтқа кіруіне көп септігін тигізетін нәрсе ол – «Тақуалық пен көркем мінез». Тақуалығымыз артып, көркем мінезділігіміз еш уақытта таусылмауға жазсын!

Тағы бір хадисінде Расулуллаһ (ﷺ) былай деп баяндайды: «Мүминдердің абзалы – жүрегі таза, тілі шыншыл болған мүмин» – деді. Адамдар: «Таза жүрек қандай болады?» – деп сұрағанда. Ол (ﷺ): «Тақуа, күпірліктен таза, күнә істеу ниеті мен әділетсіздіктен аулақ, кек сақтамаған және күншіл болмаған жүрек» – деді.
– «Ондай жүректің иесі кім?
– Дүниені ұмытып Ақыретті қалағандар.
– Одан кейін кім?
– Мінез – құлығыжақсы болған мүмин».
Нағыз мүмин болып, адамдыққа тырысайық.
Баршамызға да екі дүние бақытын нәсіп етсін! АМИН!

#амалдәптер #құран #хадис #сүре #аят #жаннат #shapagatnur

14 0 ER 0.5304
[club140457047|@amaldapter] - Омар Ибн Абдулазиз (Аллаһ рақымына алсын) : "Cөйлеген сөздердің есебін беретінін білетін адам өте аз сөйлейді, КЕРЕКТІ СӨЗДЕРДІ ,ҒАНА АЙТАДЫ.

📕 [ӘЛ-БИДАЯ УӘ ӘН-НИҺАЯ 9/225]

#құран #сүре #аят #дұға #хадис #сүннет #намаз #насихат #амалдәптер

10 0 ER 0.4494
[club140457047|@amaldapter] - Екіжүзділердің жүректеріне дерт кірген. Ол дерт адам денесіндегі болатын кәдімгі жарақат емес. Ол дерт – рухани (діни) ауру. Екіжүзділер тура жолға түсе алмағандары үшін мұсылмандарға қызғананышпен қарайды. Мұсылмандардың ақыреттегі қол жеткізетін жетістіктерін іштарлықтары себебінен қабылдай алмайды. Бұл жайында

Құран Кәрімде: «Адамдардың кейбіреулері, екіжүзді (мұнафықтар): «Аллаға, ақырет күніне сендік» дейді. Бірақ олар сенбейді. Олар (өздерінше) Аллаһты және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді. Олардың жүректерінде дерт бар. (Күншілдік дерті). Сонда Аллаһ олардың дертін арттыра түсті. (Мұсылмандар дамыған сайын күншілдіктері қоза түсті). Сондай-ақ оларға өтіріктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар»
[Бақара сүресі, аят 8] - делінген.

Ибн Ғаббас, Сағид ибн Жубәйр және Икрима (Аллаһ олардан разы болсын) сияқты сахабалар жоғарыдағы аяттағы «дерт» сөзінің түпкі мағынасы күмән келтіруді меңзейтінін айтқан. Тағы басқа тәпсірлерде «дерт» сөзі рияшылдық, екіжүзділікті білдіретіндігі келтіріледі.

#құран #сүре #аят #дұға #хадис #сүннет #намаз #насихат #амалдәптер #amaldapter

8 0 ER 0.3675
[club140457047|@amaldapter] - Адам баласы Аллаһтың нәсіп еткен тағдырына разы болып, кез-келген қиындықтарға, дерттерге сабыр етуі қажет. Басқа түскен қиындықты әркімге айтып шағымданбау. Қиындыққа сабыр етіп, Аллаһтан медет сұрағандарға Аллаһ береді және қиындықтан шығудың жолын сұрап, Аллаһтан жәрдем тілесе, Жаратушы Раббымыз оның дұғасын қабыл етеді.

#хадис #аят #дұға #Алматы #Астана #Шымкент #Қарағанды #Ақтөбе #Тараз #Павлодар #Өскемен #Семей #Орал #Қостанай #Қызылорда #Петропавл #Атырау #Ақтау #Теміртау #Түркістан #Көкшетау #Талдықорған #амалдәптер #амалдаптер #amaldapter

2 0 ER 0.2875
[club140457047|@amaldapter] - Харам етілген ойынға қызығушылық танытқан адам жоғарыдағы мысалда көрсетілгендей басынан өзін тыймаса, соңы өкінішке апарып соқтырады. Өйткені харам жолмен табылған дүниеде береке болмайды. Отбасын сол ақшамен асырамақ болса, отбасы мүшелеріне жұмсалған дүниеден пайдаланған әрбір әрекет үшін күнә жазылады. Жоғарыдағы аятта «Құмар ойындар шайтанның лас істерінен» делінген. Құран Кәрімде құмар ойындар мас ететін ішімдіктермен бір қатарға қойылып, олардың адамға, отбасына, қоғамға және моральға тигізетін кесірі бірдей екені көрсетілген. Сондықтан, шариғат адамға зиян келтіретін ойындардың бәріне тыйым салады. Құмар ойындарына – ақша тігіліп ойналатын кез-келген ойын түрін жатқызуға болады. Еңбексіз әрі пайызбен табылған ақша халал болып есептелмейді.

Хазреті Әли мен Абдулла ибн Аббас және бірнеше табиғиндердің пікірі бойынша: «Нарды мен шахматқа құмар (ықтималдыққа сүйеніп ақша тігу) араласатын болса, ол – мәйсир», – деген деректер де айтылады.
Ғаламтор жақсы дамып, құмар ойындары әлеуметтік желілерде де етек алуда. Футбол командалары мен нақты бір спортшыға жанкүйерлік танытып, соның жеңісі үшін ақшамен бәстесіп, пайызбен жеңіл пайда табуды көздейтіндер қатары артып отырғаны өкінішті.
Аллаһ елшісі ﷺ: «Кімде-кім досына құмар ойынды ойнауға ұсыныс білдірсе, оның садақа беруі – міндет», - деген (Бұхари).

Яғни, адал табысы жоқ жерге шақырудың өзі күнә. Жеңіл табыс, құмар ойындарының бәрі де адамға психикалық және моральдық, материалдық залал келтіретіндіктен Исламда қатаң тыйым салынып, харам етіледі. Дүниеқоңыздықтың арты үлкен қауіпке апарып соғары даусыз. Сахабалардың өздері жеңіл табыс түгілі адал еңбекпен келетін дүниеге мүлдем қызығушылық танытпаған. Өйткені, әрбір нәрсе үшін Алла алдында сұралатынымызды олар әсте естен шығармаған.

Ақпарат ihsan.kz сайтынан алынған ⬆️

#амалдәптер #құран #сүре #аят #дұға #хадис #сүннет #намаз #насихат #шапағатнұр

7 0 ER 0.3370
[club140457047|@amaldapter] - Ешбір пенде өзінің қашан және қай жерде қайтыс болатынын болжап біле алмайды. Бұл ғайыпқа тән мәлімет, оны тек Аллаһ ғана біледі. Құранда бұл жайында былай дейді:

وَمَا تَدْرِي نَفْسٌ مَّاذَا تَكْسِبُ غَداً وَمَا تَدْرِي نَفْسٌ بِأَيِّ أَرْضٍ تَمُوتُ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ خَبِيرٌ

«Ешбір жан ертең не болатынын білмейді, ешбір жан қай жерде өлетінін білмейді. Шындығында, Аллаһ – бәрін Білуші һәм Хабардар» (Лұқман сүресі, 34-аят).

Жан алушы періште адамдардың жалбарынғанына қарамайды, Аллаһтың әмірін орындайды. Пенденің ажалы жеткен сәтте қандай күйде, қандай халде болмасын жанын алады. Ол туралы Құранда былай делінеді:



أَيْنَمَا تَكُونُواْ يُدْرِككُّمُ الْمَوْتُ وَلَوْ كُنتُمْ فِي بُرُوجٍ مُّشَيَّدَةٍ

«Қайда болсаңдар да сендерге ажал жетеді, тіпті, тұрғызылған мұнараларда болсаңдар да» (Ниса сүресі, 78-аят).

Мұсылман пенде әрдайым өлімді еске алып, ақырет дайындығына қамданып жүруі тиіс. Себебі ажал айтып келмейді. Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Аллаһың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Қызықтарды қиратушыны – өлімді көп еске алыңдар», – деген. (Тирмизи риуаяты).

Шәддад ибн Аус (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Зерек – нәпсісін төмен ұстап, өлімнен кейінгіге дайындық жасаған адам, ал дәрменсіз – нәпсісі мен қалауына еріп, Аллаһтан шексіз үміттенген адам». (Тирмизи, Ахмад риуаяты).

#құран #сүре #аят #дұға #хадис #сүннет #намаз #насихат #амалдәптер

9 0 ER 0.3675