Статистика ВК сообщества ""ЖАН мен ТӘН тазалығы""

0+
Әссаламу 'әләйкум уә рахматуллаһи уә бәракатуһ құрметті оқырман! "ТӘН мен ЖАН тазалығы" парақшасына қош келдіңіз!

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

ДӘРЕТКЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙ МӘСЕЛЕЛЕР

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَا أَبَا ذَرٍّ لَأَنْ تَغْدُوَ فَتَعَلَّمَ آيَةً مِنْ كِتَابِ اللهِ خَيْرٌ لَكَ مِنْ أَنْ تُصَلِّيَ مِائَةَ رَكْعَةٍ. (هـ)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: “Әй, Әбу Зәр! Расында таңертең ертемен (үйіңнен) шығып, Aлланың кітабынан бір аят үйренуің сен үшін жүз ракағат (нәпіл) намаз оқудан қайырлы”. (Сүнән ибн Мажа)

Дәрет алу үстінде яки одан кейін бір мүшенің дұрыс жуылғанына күмән туындаса; егер адам уәсуәсәға тап болған біреу, яғни көбіне сондай күмән тудыратын адам болмаса, oл жерін жуады. Ал уәсуәсәға түскіш біреу болса, жумайды, күмәнға көңіл бөлмейді.

Дәрет алғанын нақты біліп, дәретінің бұзылып-бұзылмағанына сенімді болмаған адамның дәреті бар. Oның шүбәсі дәретіне зиян келтірмейді. Aл дәретін бұзатын нәрсе болғанын нақты біліп, одан кейін дәрет алып-алмағанына шүбәлі адам дәретсіз саналады.

23 0 ER 1.7527
ҒИБАДАТТАР ЖАСАУ КЕЗІНДЕ...

Ғибадаттар жасау кезінде сені асықтырушы нәпсіңмен күрес, әрі нәпсіңнің қалауына бағынба...

Имам Мухаммад ибн Солих әл - Усеймин (Алла оны мейіріміне бөлесін) айтады :

Намазда тұрған кезінде өз нәпсіңмен тартыс табасың, сонда онымен арпалыс...

Нәпсің саған: " Тездет! Тездет! Тездет " - деп айтады.

Бірақ, сен оған бағынба!

Қайта сен, нәпсіңе:

"Мен анық білемін, мен өмірімнен осы сәтте әрі осы амалмен пайда аламын" - деп айт.

Егер осы сөзімді сезсең, өміріңнен тек осы және осындай амалмен ғана пайда алатыныңды түсінсең, одан (намаздан, ғибадаттан) арыстаннан қашқандай қашасың ба, әлде тыныштық табасың ба?

Жауап беріңдер ей жамағат!

Әрине, тынышталасың!

Бауырым, осыған ойлан:

"Аллаһу Акбар" деген кезінде ішкі дүниеңде "Бол - Бол!" деп асықтыратын бір нәрсе табасын.

Бауырым сол сәтте: "Асықпа, Асықпа, Асықпа, өйткені маған өмірімнен осыдан басқа ештеңе жоқ, қабірімде, өлім алдында әрі қиямет күні маған осыдан басқа ешнәрсе пайда әкелмейді" - де.

Тыныштал бауырым!

Сондай - ақ, намазда тұрғанда кіммен сөйлесіп тұрғаныңды есіңе ал!

Кіммен сөйлесіп тұрасың, әй бауырым?!

Әлбетте, сен өзің бәрінен де артық жақсы көрінетініңмен; Алламен сөйлесіп тұрасың.

Сен білмедің бе: "Барлық мадақ Әлемдердің Раббысы Аллаға тән" - деген кезіңде, жеті қабат аспанның үстінен Алла Тағала:

"Құлым Мені мадақтады" - деп айтатынын?!

Сен білмедің бе: "Аса Рахымды, ерекше Мейірімді" - дегеніңде, Алла Тағала:

"Құлым Маған мақтау айтты" - дейтінін?!

Сен білмедің бе:

"Қиямет күнінің Иесі" - десең, Алла Тағала:

"Құлым Мені ұлықтады" - деп айтатынын?!

Сөзсіз, осының бәрі рас!

Сен білмедің бе:

"Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!" - деген кезінде, Алла Тағала: "Бұл Менімен құлымның арасындағы нәрсе" - деп айтатынын?!

Сен білмедің бе:

"Бізде тура жолға баста" - дегеніңде, Алла Тағала: "Ал, бұл құлым үшін, ендеше құлыма сұрағаны болсын" - дейтінін?!

Енді, осыдан асқан қандай жақсылық бар өзі?!

Олай болса, сенімен сөйлесіп тұрған, барлық нәрсеге Құдіреттінің алдынан қалай қашасың?

Әй, бауырым!

Өзіңді біл, өзіңді біл(кім екеніңді) және не үшін жаратылғаныңды?

Алламен ант етемін! Егер осы сезімді сезе білсек, кез - келген құлшылықты жасау бізге жеңіл бола түсуші еді, әрі дүниенің барлығы бізге арзан болушы еді (ешбір құны қалмас еді)

Егер дүниенің құны масаның қанатына тең келгенде, Алла Тағала кәпірге бір тамшы су да бермес еді.

Алламен ант етейін!

Алайда, дүниенің құны - Алланың алдында ұша алмайтын сол қанаттан да төмен екен.

Міне, осылай имам Ибн Қойим жырлаған болатын, әлі ол рас айтқан.

18 2 ER 1.5220
🌴Қандай да бір жаман іс, күнә жасасаң, артынан бір жақсылық жаса, ол оны шайып кетсін!
(Әбу Зәрр, Абдурахман)

3 12 ER 1.3307
Құранды тез жаттау үшін керек 13 қағида

Құранды жаттап алу – мүміннің қолынан келетін ұлы құлшылықтардың бірі. Өзге мұсылмандардың алдында хафиздердің артықшылығын айтып жатудың еш қажеттігі жоқ. Бұл мақалада Құранды тез әрі сәтті түрде жаттап алудың 13 қағидасы жөнінде сөз өрбітетін боламыз.
Құран жаттау – бұл рухани әрі физикалық жоба екенін естен шығармаңыз. Егер сіз Құран жаттауда шыдап соңына дейін жетер болсаңыз, онда бұл Алланың сізге нәсіп еткен бір мейірімі. Егер сіз Алланың берген бұл нығметін пайдаланғыңыз келсе, онда сіз рухани және физикалық түрде бұл үрдістен барынша пайда алуға тырысуыңыз қажет.

1. Шынайылық.

Ең бірінші көңіл аударатын дүниеңіз – бұл сіздің ниетіңіз болуы керек. Егер ниетіңіз дұрыс болса, Алла қаласа, сәттілікке қол жеткізесіз. Құранды адамдар сізді танып-біліп, құрметтеуі үшін емес, тек Алла және Оның разылығы үшін жаттауға ниеттенуіңіз тиіс. Осы ниетіңіз үшін Алла Тағала ақиретте сізге сый нәсіп етеді. Есіңізде болсын, ниетіңізді әр кез жаңартып отыруыңыз қажет.


2. Табандылық.

Жиі жаттаған сайын, жаттау үдерісі жеңілдей түсетін болады. Жүйелі болу аса маңызды, бір күнді де жібермей жаттаңыз. Аллаға құлшылық етуде демалыс деген болмау керек. Кем дегенде күніне 3 жолдан жаттап отыру керек, ал 5 жолдан жаттай алсаңыз нұр үстіне нұр болар еді. Мұндай қарқынмен, Алла қаласа, бір 5-6 жылда хафиз болып шыға келуіңіз де ғажап емес.


3. Уақыт таңдау.

Көптеген хафиздер таң намазынан кейінгі уақытта Құран жаттауға кеңес береді. Бұл ең қолайлы кез, өйткені ойымыз күйбең тірлік міндеттерінен ада болады.
4. Жағдай.
Сізді ешкім де, ешнәрсе де мазаламайтындай бір оңаша жерді таңдаңыз. Басқа нәрселерге көңіліңіз бөліне беретін болса, сіз Құран аяттарын есіңізде сақтай алмайсыз. Мұның ұялы телефондарға да қатысы бар.


5. Дағдылық.

Құран жаттауға бір уақытта, белгілі бір орында кірісіңіз және бір кітапты ғана қолдануға дағдыланыңыз. Мұсхафтардың әртүрлі нұсқаларынан өзіңізге анағұрлым ұнайтынын таңдаңыз. Көздеген мақсатыңызға жеткен кезде, бұл мұстахаф сізге сондай қымбат болады.
6. Қайталау – оқу анасы.
Аяттар мен сүрелерді қайта-қайта қайталай беріңіз. Сондай-ақ, Құранды тыңдау да артық болмайды.
7. Аудармасымен бірге жаттаңыз.
Құранды жаттамас бұрын оның аудармасымен танысыңыз. Мәтіндегі араб сөздерін олардың мағынасымен салыстырыңыз.


8. Құранды тыңдаңыз.

Жаттамас бұрын өзіңіз жаттайын деп отырған мәтінді бірнеше рет дұрыстап тыңдап алғаныңыз абзал. Осылайша сіз мәтінді жақсы әрі дұрыс жаттай аласыз. Аттары әлемге танымал Құранды мәнерлеп оқитын көптеген адамдар өз шәкірттеріне дәл осындай кеңес береді.


9. Тыңдаушыңызды табыңыз.

Жаттап алған аят, сүрелеріңізді достарыңызға немесе отбасы мүшелеріне оқып беріп отырыңыз. Ең жақсысы әлгі адамның да сіз сияқты Құран жаттаушысы болғаны дұрыс болар еді. Осылайша сіздер бір-бірлеріңізге ұстаз боласыздар.


10. Қолданыңыз.

Жаттап алған сүрелеріңізді намазда қолданыңыз, егер ұмытып қалар болсаңыз, Құранды ашып, есіңізге түсіретін боласыз. Ал уақыт өте келе аяттарды мүлде ұмытпайтын боласыз.


11. Құранды жаттау, қайталау кестесін мүлтіксіз орындаңыз:

* Жаңа көлемді тағайындаған уақытыңызда жаттайтын болыңыз;
* Жаңа аяттарды жаттамас бұрын 7 күн бұрын жаттаған мәтіндеріңізді қайталап отырыңыз. Ең соңғы жаттағандар тез ұмытылатын болады. Осылайша, сіз алдында жаттағандарыңыз бен енді жаттайын деп отырған мәтіндеріңізді байланыстыратын боласыз. Сонымен қатар, бұл ми үшін де үздік жаттығу болады;
* Күні бойы соңғы аптада жаттағандарыңызды қайталап жүріңіз. Күнделікті қайталайтын мәтіндер көлемі 4-5 бетке жетуі керек.

12. Бірізді болыңыз.

Егер әлдебір сүренің жатталуы сізге қиын тиіп жатса, оны тастап басқа бір бетке ауысып кетуші болмаңыз. Тәртіпті сақтаңыз. Тек жаттау тәртібін сақтау арқылы ғана сіз жүзден жүзге ауысып отыратын боласыз әрі сіздің жатталмай қалған аяттарыңыз болмайтын болады.

13. Құранды 3 тарауға бөліп алыңыз.

Өзіңізге ыңғайлы, қолайы болуы үшін Құранды соңынан бастап жаттаңыз. Қысқа сүрелер сізге жақсы түрткі болады. Құранды 3 тарауға бөліп жаттау дұрыс:
1. 28-ден 30-ға немесе 29-дан 30-ға дейінгі жүздер.
2. Әл-Кәһф сүресінен 28-ші жүзге дейін.
3. Әл-Бақара сүресінен әл-Кәһф сүресіне дейін.

14 0 ER 1.1853
Жəннатың бiр сипаты!

Бірде бір кісі:
– Уа, Расулаллаһ! Осы өмірдегі адамға ұнайтын ләззатты нәрсенің бірі ұйқы екені белгілі. Ал о дүниеде ұйқы бола ма? – деп сауал тастайды. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сəлемі болсын) байсалды үнмен:
– Естеріңде болсын, ұйқы – өлімнің бір түрі, ал Жұмақта өлім болмайды, – деп жауап береді. Жаңағы кісі:
– Ал адамдардың көздері талса, қалай демалады? – дейді тағы да.
– Ол жерде шаршау деген атымен болмайды. Олардың әр ісі ләззатқа кенелтеді, – деді де мына аятты оқып берді:
«Раббымыз бізді мәңгілік тұрақтайтын жерге орналастырды. Бұл жерде біз ешқашан жалықпаймыз, әрі шаршамаймыз»
«Фатыр» сүресі, 35-аят.

14 3 ER 1.2596
МӘШҺҮР ЖҮСІП АЙТЫПТЫ...

Жігітті кедейлікке апаратын үш тамыр: желкедегі қырсықтық, шынтақтағы маубастық, құйрықтағы жалқаулық тамырлары.



***

Жер жұтуға тоймайды, от отынға тоймайды. Кісі ойға тоймайды, бөрі қойға тоймайды. Құлақ естуге тоймайды, көз қарауға тоймайды. Ғалым ғылымға тоймайды, жер суға тоймайды. Өлік дұғаға тоймайды, тірі іске тоймайды.



***

Ақымақтың тізгіні – құлағы! Ақылдының тізгіні – көңілі. Ақымақ не нәрсені естісе, естігеніне қанағат қылады. Қатықтай қатып, сүттей ұйып жүре береді. Ақылды не нәрсені естісе, естуіне қанағат қылмайды, ақылына салып, көңілінің дауалауына тоқтайды.



***

Ұры қартайса сопы болады,

Бүркіт қартайса тышқаншыл болады,

Шал қартайса жасындағы көрген-білгенін былшылдап

ертекшіл болады.



Дүние- бір өлексе



Дүние- бір жақсы-жаман өлексе, әркім бір кеміріп кеткен сүйек. Бір ғазиз айтқан:

Бұ дүние фи емес, бір сытхуаны,

Кеміріп неше иттер кеткен, әне ?!

Өзі дүниеқор адамнан дүние аламын деп, пенденің пендесі болғанша, жаратқан бір Құдайдың пендесі бол ?! «Пайданы басыңа қыл, Басыңнан асса досыңа қыл». Өз басына пайда келтіре алмай жүрген жаманнан пайда тиеді деп, қошқардың енегі үзіліп түседі деп үміт қылған ақымақ итқұстай (қасқырдай) болма!





Кімнің дұғасы қабыл болады ?



Дұғасы қабыл болатұғын адамдардың дұғасынан мақұрым қалма !

Ең әуелі дұғасы қабыл болушылар- сасқан, босқан, қысылған, қиналғандардың, олар хақында Айта Кәриме бар...

Екінші, дұғасы қабыл –ата-ана. Ата-ананың дұғасы бала үшін қабылдығына шәк, күмән жоқ. Жастар, балалар, ата-ананың дұғасынан мақұрым қалмаңдар. Шын ықыласпен ата-анасының қас-қабағына қарап, тік тұрып, іші елжіреумен берген батасын алып қалған бала екі дүниеде қор болмайды.

Үшіншіден, қанша оқыған ғылымыңнан бір кәт табуды ойласаң- ұстаздың риалығын ізде.

Төртіншіден, дұғасы қабыл –әділ патшаның халқына қылған дұғасы қабылдығында шәк жоқ, ешбір қате жоқ.

Бесіншіден, Құдайдан қорқынышы бар ізгі тақуа, пірлердің дұғасы қабылдығында шәк шүба жоқ.

Алтыншыдан, ата-анасын шын ықыласпен күтіп сыйлап, ризалығын алған баланың дұғасы қабылдығында шек-шүбә жоқ.

Жетінші дұғасы қабыл –халал жолда жүрген мүсәпір жолаушылар, ораза тұтқандардың дұғасы қабыл. Ауыз ашарында қажылардың дұғасы қабыл, сапарынан қайтып үйіне түскенге дейінгі қырық күнгеше намазхандардың дұғасы қабыл.



Жұлдыздардың бізді бағып-қағу реті



Бала туып жарық, жалған дүниенің жүзіне келген соң Ай құшағына алады. Төрт жыл, төрт айға шейін бағып-қағады. Ай өзі қандай асығыс болса, жас баланы да сондай тез-тез өсіруге ыңғайлайды. Солай болғаны үшін «Бесік баласы бес түлейді» дейді.

Хош, мұнан соң Ғатард құшағына алады, он екі жасқа жеткенше бұл бағып- қағады. Бұл ғылым, білім, жазуышылыққа баулиды. Солай болғаны үшін төрт жастан асқан баланы мектепке беру керек. Дәл осы сөзді жазып отырған жан бес жасында мектепке беріліп, Шар кітапты мәнісімен жаттап, жұрт аузына ілініп, көп көзіне түскен бала.

Он екі жастан асқан соң Зухрат құшағына алады. Бұл ойын –күлкі, сауыққа баулиды. Жиырмадан асқан соң отыз жасқа дейін құшағында болады. Біз өз басымыз Зухраттан аулағырақ қалдық. Не үшін ? десең, Ғатард құшағына түсіп кетіп, сонан басымызды алып щыға алмадық.

Бұл күн (Зухрат) баққан кісісін көзге түсіруге тырысады. Отыз жаста көзге түсуге жарамаған жаман өмірінде түкке жетпейді.

Отыздан асқан соң Миррах құшағына алады. Бұл қайрат, жігер, өткірлікпен алас ұрғызады.

Мұнан кейін Мәшәри құшағына алады. Бұл киініп, түйініп бай болу, әр нәрсеге сай болуды ойлатады, алпысқа дейін бағып қағады.

Алпыстан асқан Зухал құшағына алады. Мұның құшағы бар болсын, өзін ойға салады, дүниеге харыс қылады. Мұның құшағына түскен соң күніңді итке берсін. «Жақсыға жүру жоқ, жаманға өлу жоқ» деген сөзге нанымың күшті болып, өлмегің қара жер деп жүре бергің !

*Арабша жұлдыз аттарын білетіндер болса қатесін жөндеп жіберсеңіздер, өтініш ...



Жұлдызың жоғары болсын !



Ұл болсын, қыз болсын, бізден бала туған күні көктегі жұлдыздардан да бір бала туады. Пері деген бір мақұлық бар, одан да бір бала туады. Жын деген бір мақұлық бар, одан да бір бала туады. Құдай деген жұрт аузында біреу бар ғой, ол бір періштені жұмсайды деседі. Осы алтауы жалған дүниенің жүзіне бір сағатта келеді. Осы бала тірі жүрсе осылардың бәрі бұл баламен маңайласа бастайды, жолдастай болады . Осы адамзат сықылды жұлдыздың да жақсысы бар, жаманы бар. Жақсысын сәтті жұлдыз, жаманын нас жұлдыз деседі. Бала туған күндегі туған жұлдыз сәтті болса бақты-талайлы, жұлдызы жоғары болып, басқадан үстем, бөлекше болатындығы сол. Нас жұлдызбен айқасып туған бала болса құнсыз, пұлсыз, жаман кісі атанатындығы сол...

Қырық жылда бір туатұғын жұлдыздар болады. Бұл жұлдызға айқасқан өзгеден бөлекше, туысы басқа болмақ.

Біреудің перісі күшті болады, біреудің жыны күшті болады, біреудің сайтаны күшті болады. Аадмды осылардың қай-қайсы болмасын билеп кетеді. Өз басын өзі алып жүруге жарайтын мыңнан біреу-ақ болады. Осы көрініп жүрген жамандарды біресе жын билеп, біресе сайтан билеп кетіп, жаманның жаманы атанатындығы сол. Біреу кісі өлтіреді, біреу ұрлық қылады, біреу ойнас қылады. Осылардың бәрін Құдай қылдырып тұр дейсіздер ме ? Жоқ ! Жын, сайтан біресе былай ұйытқытып, біресе олай ұйытқытып адамды мыж-тыж, әуре-сарсаңға салады. Періште дейді, айтуға аты бар, өзі жоқ. Осы жетпіс жасқа келгенше соның іске жарап, орынға тұрғанын көргенім жоқ.

19 0 ER 1.2237
Сабыр түбі

Бір отбасының кішкене бөбегі бар еді. Күндердің күнінде Алланың әмірімен сәбиі науқастанып, жан тапсырды. Бұған ата-анасы іштей қатты қайғырды. Бірақ тағдыр ісіне мойынсұнып, сабыр сақтауды ұмытпады.

– Баланы аманат ретінде бізге берген Алла сол аманатын қайтып алды, – деді отағасы жұбайын жұбата:

– Сабыр етсек, баламыз ақыретте бізге шапағат етіп, Жәннатқа бастайтын болады. Сабыр сақтағандарға үлкен сауап уәде етілген. Алланың қай ісінде де хикмет бары сөзсіз.

– Дұрыс айтасың, – деді әйелі де мұңайып, – түбі бәріміздің барар жеріміз ғой, бұйырса, баламызбен Жұмақта кездесерміз. Оны Раббымыздың бізден де қатты жақсы көретініне сенем. Ендігі жерде біздің қолымыздан тек дұға ету ғана келеді.

Бұл иманды жандардың осыншалықты төзімділігі үлкен сауапқа себеп болды. Шексіз ілім иесі Ұлы Алла періштелеріне:

– Ей, періштелерім! Мен пәленше деген құлымды бауыр еті баласынан айырдым. Олар мұны қалай қабылдады, не айтып жатыр? – деп сұрады.
Алланың әр нәрсені бүге-шігесіне дейін білетінінен хабардар періштелер әдеппен былай деді:

– Олар бұған сабыр етті. «Біз Аллаға тиесіліміз. Содан келдік және түбі Соған қайтамыз» деп тағдырға разылық танытты. Шүкіршіліктен танбай, Саған тәуелді екендерін еске алды.

Адамзатқа ғибрат болуы үшін періштелерінен әдейі сұраған Ұлы Жаратушы оларға марапатты лайық көріп:

– Ендеше, бұл құлдарым үшін Жәннатқа бір сарай салыңдар. Оны «Шүкірлік сарайы» деп атаңдар, – деп бұйырды

8 0 ER 1.0288
⏩Өлім азабын кімдер сезбейді?

Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Аллаһу та'алаға ант етемін, өлім періштесін көру мың қылыш соққысынан да ауыр. Тағы Аллаһу та'алаға ант етемін, мүмин құлдың әр тамыры өлім азабын сезбегенше жаны шықпайды.» (Әбу Нуайм)

Өлім азабы дүниедегі азаптардың барлығынан да ауыр.
Бір кәпір ұйықтататын дәрі ішіп немесе наркозбен денесін сезімсіз қылғаннан кейін өлсе де, өте ауыр болған өлім азабын шегеді. Бірақ салих мүмин үстіне оқ жауса да бұл азапты сезбейді.

«Шәһид өлім азабын сезбейді.» (Бәйһақи)

«Шәһид өлтірілуінің азабын тек бүргенің шаққанындай сезеді.» (Нәсаи)

Өлім азабы 70 рет қылышпен турағаннан да ауыр, бірақ Аллаһу та'ала сүйікті құлдарына бұл азапты сездірмейді. Өлім азабы қабір азабының қасында жеңіл болып қалады. Қабір азабы махшар азабымен салыстырғанда жеңіл. Ал махшар азабы тозақ азабымен салыстырғанда жеңіл. Салих мүмин өлім азабын да, қабір азабын да, тозақ отын да сезбейді. Сырат тозақтың үстіне құрылған. Сырат көпірінен бәрі өтеді.
Екі хадис шәрифтің мағынасы:

«Жақсы-жаман әр адам (тозақ үстіне құрылған сыраттан) өтеді. Тек мүминге бұл салқын және саламаттық болады. Ибраһим алейһиссаламға оттың салқын болғанындай. Тіпті мүминдердің суықтығынан тозақ "Мүминнің нұры отымды сөндіріп жатыр" деп айқайлайды. Одан кейін Аллаһу та'ала тақуаларды құтқарады, ал залымдарды сол жақта етбетімен қалдырады.» (Ибн Мажа)

«Қияметте тозақ мүминге "Тез өт, ей, мүмин! Сенің нұрың отымды сөндіреді" деп айқайлайды.» (Табарани)

Салих мүмин рухын тапсыратын кезде рахмет періштелерін және Расулуллаһ алейһиссалам пайғамбарымызды көріп, жан беру ауыртпалығын сезбейді. Бұл таңқалатын нәрсе емес. Расында Мысыр әйелдері Юсуф алейһиссаламның сұлулығына қайран болып, өздерін де ұмытқандықтары соншалық, қолдарын кескенінен хабарлары да болмаған еді.

⏩Өлім азабының ауыртпалығы

Сұрақ: Өлім азабы мың қылыш соққысынан да ауыр екендігі хадисте айтылған. Бұл мұсылмандарға да қатысты ма?

Жауап: Иә, мұсылмандарға да қатысты. Алайда, мүминдер бұл азапты сезбейді. Аллаһу та'ала әр мұсылманға өлерде Расулуллаһ алейһиссаламды көрсетеді және Оның сұлулығын көріп, ол рухын қалай тапсырғанын да білмей қалады. Юсуф алейһиссаламды көрген әйелдер оның сұлулығының алдында саусақтарын пышақпен кескенін байқамағаны сияқты, мұсылмандар да өлім азабын солай сезбейді. Олай болса, дұрыс иманмен өлуге тырысу керек!

16 5 ER 1.2115
Памперс киетін жігіт

Мешітте наиб имам болып істейтін Дархан екеуміз Құран оқитын бөлмеде отырғанбыз. Ұзын бойлы, қызғылт шырайлы жігіт имене есік ашты.

- Ассаламуғалайкум!
- Уағалайкумуссалам! Келіңіз.
- Рахмет.
Орындыққа жайғасып, құлақшынын қолына алған жігіт үнсіз қалған соң, сұрақты біз қойдық.
- Иә, Құран оқытайын деп пе едіңіз?
- Жоқ, - Сәл күрсініп қалды. – Бір сұрақпен келіп едім.
- Жақсы. Сұраңыз, білсек, жауап берейік.
- Сұрайын дегенім... – Төмен қараған жүзі қызарып, біраз үнсіз отырып қалды.
- Айта беріңіз. Қысылмаңыз.
- Сұрайын дегенім... Дәреті тоқтамайтын адам намазды қалай оқиды?
- Тоқтамағанда, қалай тоқтамайды?
- Тамшылап тұрады.
- А-а. Бұны шариғатта «үзір» деп атайды. – Дакең түсіндіруге кірісті. – Қандай да бір дәретті бұзатын нәрсе үздіксіз болатын болса, мысалы: зәр тамып тұрса немесе қан ағып тұрса, ол адам әр намаздың алдында дәрет алуы тиіс. Ал дәрет алып болғаннан кейін намаз үстінде тағы да тамып жатса, ол намазды бұзбайды. Басты шарты: әр намаздың алдында дәрет алып тұру керек.
- Иә, оны білем. - Жігіт төмен қарап отырып сөзін жалғады. «Адамның бетіне қарамайды екен...» - Менің сұрайын дегенім: егер зәр киімге тиіп кетсе, не болады?
- А-а. Киімге тиіп кетсе, біздің мәзһаб бойынша, егер ол нәжістің көлемі алақан аумағынан аспаса, намаз оқи беруге болады.
- Асып кетсе ше?
- Асып кетсе, киімін ауыстыруы керек немесе жаңағы жерді үш рет жуып, жақсылап сығып тастап, оқи берсе де болады.
- Ал егер ауыстыратын киімі жоқ болса немесе ауыстыруға ыңғайлы жер жоқ болса ше?
- Жаңа айттым ғой, ондай жағдайда үш рет жуып жіберу керек.
- Ал қыста, аязда ше?
- Енді, ондай жағдай ылғи бола бермейтін шығар?
- Кешіріңіз, ылғи болса ше?
- Қалай сонда? – Дәкең таңырқай сұрады.
- Солай, ылғи тамып тұрса...
- Енді... Онда шүберек салып жүру керек.
- Шүберектен де өтіп кетеді ғой... – Қолындағы бас киімін сығымдаған жас жігіт тағы біраз үнсіз қалды. – Кешіріңіздер. Негізі, мен өзім туралы сұрап отырмын... Намазымды бастағалы екі айдай болды...
- Бәрекелді! Қабыл болсын!
- Рахмет, аға...
- Сонда, қашаннан бері бұлай ауырып қалдыңыз? Емделіп көрдіңіз бе?
- Аға, мен... – Көздері жасаурап, төмен қарап кетті. – Мен туылған кезімнен осындаймын... Мені әуелі «өмір сүрмейді» деп ойлаған екен. Өйткені... Артым бітеу болыпты... Операция жасап, ашыпты... Бала кезімнен тоқтамайды дәретім... Талай жерге барып көрдік, болмады...
Дархан екеуіміз бір-бірімізге қарадық. Не айтарымызды білмей дағдарып қалдық.
- Жігіт болған соң қиын екен, аға... Әрине, «Аллаға шүкір» деймін... Көзімді ашып, бұл өмірдің сынақ екенін, қиындықтың сыйы – мәңгілік Жұмақ екенін түсіндіріп қойғаны үшін мың мәрте шүкір етем!.. Міне, намазымды да бастадым. Бірақ, «Қабыл болмай ма?» деп, қорқып жүрмін... Шалбарыма өтіп кетеді...
- Кешіріңіз, атыңыз кім?
- Жанат.
- Жаке, қалың ғылып шүперек салып алсаңыз... Солай істеп көрдіңіз бе?
- Аға, мен... Мен памперс киіп жүремін... Бірақ тоқтамай тама берген соң, одан да өтіп, шалбарымды былғайды... Намаз оқығалы күніне үш памперс ауыстырып киемін...
- А-а... Бір памперс қанша тұрады сонда? – Аңғал Дәкең сұрақты қоярын қойып алып, ыңғайсызданып қалды.
- Біреуі 500 теңге. Ең үлкенін алам ғой... Аға, мен бай жігіт емеспін, бірақ, таза жүру үшін, намазым үшін қайтсем де алуым керек... Жарайды, оны қойыңызшы. Шалбарға өтіп кеткен жағдайда не істеу керек? Жаңағы алақандай мөлшерден асып кетсе?
- Ондай жағдайда, яғни ауыстыруға мүмкіндік жоқ болса, онда сол қалпымен оқи бересіз де... Немесе үйге барған соң, қаза қылып оқисыз. Негізі, бұл сұрақты муфтиятта Пәтуа бөлімі бар, сол жерден барып сұрасаңыз, дұрыс болады.
- Жақсы, аға. Негізі, біраз кісілерден сұрастырғам. Сіздер сияқты айтқан. Бірақ бір күдік кетпей-ақ қойды: «Намазым қабыл ма? Жоқ әлде...» - Жанары боталап, булығып қалды.
Менің де өңешіме толқын тығылды. «Уайымыңнан, көз жасыңнан айналдым, бауырым! Қалай жұбатсам екен сені? Көңіліңе қалай демеу болсам екен?..»
- Бауырым, Жәке, қорықпаңыз, уайымдамаңыз, қабыл болады, иншаалла... Алла Тағала адамға шамасы жетпейтін жүкті артпайды. Сондықтан шариғатымызды барлық жағдай қарастырылып, жеңілдіктер белгіленген. Кез-келген құлшылықты шамамыздың келгенінше атқарамыз. Естіген шығарсыз, мысалы: намазды тұрып оқи алмасаңыз, отырып оқисыз, отыру қиын болса, жатып оқисыз, тегі болмаса ишарамен оқисыз; дәрет ала алмасаңыз, тәяммуммен, ол да мүмкін болмаса, ештеңе істемей-ақ ниет етіп, намазыңызды оқисыз. Қабыл болады... Айтайын дегенім: сіздікі «үзір жағдай» болғандықтан, әр намаздың алдында дәрет алсаңыз болды... Білесіз бе: сіздің бір намазыңыз біздің жүз, тіпті мың намазымыздан артық болуы мүмкін! Өйткені, хадисте айтылғанындай, адам құлшылығын қаншалықты қиындықпен атқарса, оған соншалықты еселеніп сауап беріледі, дәрежесі өседі. Сондықтан еш уайымдамаңыз. Барынша тырысып, сақтанып, оқи беріңіз намазыңызды. Алла разы болсын сізге!..
- Иә, иә. Сіздікі үзірлі жағдай ғой. Қабыл болады, иншаалла. – Дархан да жігерлендіре тіл қатты.
- Рахмет сіздерге! Мен онда жүрейін.
- Жақсы, бауырым, жолыңыз болсын!
- Алла жар болсын, Жәке!
- Әмин. Рахмет. Сау болыңыздар.
- Сау болыңыз.
Есік жабыла сала, екеуміз бір-бірімізге қарадық.
- Қандай қиын, ә?
- Мықты жігіт екен!
- Күніне 3 памперс алса, айына 45 мың теңге! Бұл дегеніңіз кішігірім бір айлық қой!
- Айтпаңыз, Дәке! Басқасын айтпағанда, тек дәреті мен намазының қабыл болуы үшін жұмсалған шығыны!.. Шүкірсізбіз екенбіз ғой біз!..
- Иә-ә, Алеке... – Дархан күрсінді. Мен де күрсіндім. «Я, Жаратқан ием! Біз сияқты әлсіз пенделеріңнің қателік-кемшілігін кешіре гөр... Жанат бауырымның ықыласындай ықылас бере гөр бізге... Бауырымның иманына қуат, науқасына шипа бере гөр! Өзіңнің разылығың үшін жұмсаған дүниесін еселеп қайтара гөр! Ісін жеңілдетіп, рыздығын кеңейте көр!.. Я, Алла, бергеніңе сансыз шүкір!..»

Алғадай Әбілғазыұлы

4 7 ER 0.9212
Пайғамбар үйреткен намаз

Ардақты сахабалардың бірі Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Бір күні Алланың Елшісі (ﷺ) мешітке келді де бір шетіне отырды. Біз де оның жан-жағында қатарлас отырған болатынбыз. Сол уақытта сырттан бір адам келіп намаз оқи бастады. Әлгі адам өзінің құлшылығына соншалықты көңіл бөлмеді. Алайда Алланың Елшісі (ﷺ) ол адамды көзімен сырттай бақылап отырған. Намазын оқып болды-ау деген уақытта Пайғамбарымыз (ﷺ) намаз оқыған адамның жанына барып, алдымен сәлем берді. Сосын оған: «Намазыңды басынан бастап қайта оқы. Өйткені, сен шынайы намаз оқыған жоқсың», - деді.

Әлгі адам қайтадан алдыңғыдай намазын оқып шықты. Сосын Пайғамбарымыздың (ﷺ) алдына барып сәлем берді. Сәлемін алған хазіреті Пайғамбар (ﷺ) тағы да: «Барып, намазыңды қайтадан бастап оқы, өйткені, сен намаз оқыған болып есептелмедің», - деді. Бұл жағдай үш рет қайталанды. Ақырында ол адам: «Сені ақиқатты айту үшін жіберген Аллаға ант етейін, бұдан басқасын жасай алмаймын. Маған ең дұрысын үйрет», - деді.

Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) оған мыналарды айтты: «Алдымен намазға тұрған кезде тәкбір ал. Сосын Құраннан жеңілдеу келген аятты оқы. Онан кейін рукуғқа бар. Дене мүшелерің толығымен қимылсыз қалғанға дейін тұр. Сосын қайтадан жақсылап тік тұр. Артынша сәждеге бар. Бүкіл дене мүшелерің қимылсыз қалғанша сәжде қыл. Сосын басыңды көтеріп, бүкіл денең қимылсыз қалғанға дейін отыр. Намаздың барлық рәкағаттарында осылай жаса!»

11 1 ER 0.8530