Статистика ВК сообщества "МЕНІҢ ҚҰПИЯМ"

18+
Алла жар болсын!

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Менде төсек қатынасы болмағалы көп жыл болды. Жеңілтек әйелдерден емеспін. Жасым болса 45 ке келді, сымбатты, тартымды әйелмін, өзіме, мүсініме көңілім толады, ішіп жеп қараушылар көп, қырындап тисетіндер де бар, тұрмыстамын деп жауап қайтарам ондайларға, комментарийға плюс қойсаңыздар өзім жазамын. 25 тен жоғары. Анон.

2 302 ER 1.2086
Анамыз қайтыс болғаннан соң бір жылдан кейін 1974-ші жылы әкеміз үйленді. Өгей анамыз келе сала ынты-шынтысымен біздің тәрбиемізге кірісті. Ең бірінші дүкеннен мата сатып әкеліп,ұйықтарда киетін көйлек,төсекке жайма тікті.

Үйдің барлығын әктеп тазалады. Бізді ұрмақ түгілі қатты ұрысқан да емес. Бір жағы әкемізден де болған шығар,менің балаларым жастай аналарынан айырылып жылады,енді сен жылатушы болма, дұрыс тәрбиеле деді.
Өгей ана бізге 33 жыл керемет ана болды.

Інім бес жаста болатын, оны туған баласындай көрді. Інім ер жетіп үйленер шақта үш әпке қатты уайымдадық, қандай келін келеді және өгей анамызбен қарым-қатынасы қалай болады деп. Бағымызға қарай ата мен ененің ойын тапқан келін келді.

Ене келінді,келін енені жамандаған жоқ,бірі үшін бірі болысып,жақтасып жүрді. Өгей шешеміз өте тазалықты жақсы көретін кісі еді,келін сол талапқа сай болды. Інім бір түйір болған соң,келін жылда босанып алты ұл туса екен деп тіледім.

Алла арманымды елу пайызға орындады,өмірге үш ұл келді. Екеуі үйленіп үйлі-жайлы,кішісі бойдақ. Әкем сексен беске келіп қайтыс болды,өгей шешеміз әкемген кейін үш жылдан соң өмірден озды.

Екеуі де келінге өс,өн,жамандық көрме деп батасын беріп кетті.
Келін осы күндері айтады: мен келін болып түсе салысымен ініңіз әкесі мен шешесін көрсетіп,бұл кісілер біздің үйдің қонақтары,қашан қайтатыны белгісіз,ол кісілерге аузыңды ашпайсың, ал үш әпкем осы үйден жылап қайтпау керек депті.

Бір жағы сол сөз де қамшы болған шығар және келіннің өзі де тәрбиелі отбасынан шыққанын дәлелдеді деп ойлаймын.

Інім мен келініме қосағымен қоса ағарсын деп біз де батамызды беріп отырмыз.

Камшат Мукашева.

6 9 ER 0.3528
ӨМІР БОЙЫ ДӘРІГЕР БОЛҒАН 104 ЖАСТАҒЫ ЖАПОН ДӘРІГЕРІНІҢ КЕҢЕСІ

1. Салмағыңды ұста. (Жапондықтар салмақ қосуды 10,000 аурудың бастауы деп айтады)
2. Дәрігерге сенбе (Дәрігерлер пен емшіліктің көпшілігі тек пайда табу үшінгі бизнес)
3. Ғылым ешнәрсені емдеген жоқ. (Сол уақытта ғана ауырсынуды басады, бірақ аурудың негізгі себебін емдемейді)
4. Әрдайым алдын-ала жоспарла. (備 え あ れ ば 憂 い な し。 «Дайын болсаңыз қайғы-қасірет болмайды.» Жапон мақал-мәтелі)
5. Ауырсыну - бұл ғажап нәрсе. (Ауырсынуды басатын дәрілерді қолданба деген сөз)
6. Мотивацияны құрметтей біл. (Бір нәрсені байқап көру және оны жаңадан бастау үшін мотивация өте маңызды)
7. Өмірдегі барлық нәрсе үшін шынайы алғыс айта біл. (Бар нәрсенің бәрі сенде болуы міндетті емес. Жақсы көретін адамың, заттар, жұмыс-қызмет. Сондықтан барыңа риза бол.)
8. Жеделсатыны пайдаланба. ( Дененің төменгі бөлігін дамыту - ұзақ және сау өмірдің құпиясы)
9. Уайымдауды доғар. (Болуы тиіс нәрсе болмай қоймайды)
10. Білгеніңмен бөліс.(Білім мұхит сияқты. Мұхиттан шөмішпен су алып, өзгемен бөліскенмен, оның суы ортаймайды)
11. Ақшаға ессіз ғашық болма. (Ақша - бұл тек құрал ғана. Бақыт ол жерде болмайды.)
12. Өнеге бола алатын бірдеме тап. (Өзің ең жақсы жасай алатын нәрсені жасап, басқаларға үлгі бол. Жақсы күле білу, жаза білу өнері т.с.с)
13. Зейнетке шығу туралы ойлама. (Қоғамға белсенді бол.)
14. Әрқашан миыңды жұмыстата біл. (Денеңді шынықтырып дамытқандай, миыңды да істетіп дамыта біл)
15. Ешқашан тоя тамақтанба. (腹 八分 目 。Асқазанның 80% -нан асырма.)
16. Күн сайын бір стакан қызыл шарап іш. (Аурудың алдын алады және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады)
17. Жақсы ұйықтап демалып жүр. (Шаршауды басу үшін 8 сағаттық ұйқы, немесе кем дегенде 6 сағат ұйықтау керек)
18. Шын жүректен күле біл (Стресспен күресудің ең жақсы тәсілі)
19. Кешіріп үйрен. (Ренжігіш адам іштей мүжіледі)
20. Омега 3-ке бай тағамдар қолдан (Сенің жасың емес, ақыл-ойың жас болуы маңызды)

Амантай Тойшыбайұлы.

61 5 ER 0.5363
Үкілердің арасынан мысықты тапсаңыз лүпіл басыңыз 🤔🤔🤔

Таптыңыз ба?

2 27 ER 0.3129
ҚЫСҚА ҚҰРАН СҮРЕЛЕРІН ОРАЗАДА ЖАТТАП ҮЙРЕНЕЙІК. 📚🔍

Сақтап қойыңыз

31 3 ER 0.3292
Бұл жұпқа көз қарастарыңыз қалай?
Махаббат бой ға да қарамайды екенғой иә?

Анон

1 47 ER 0.3423
Анон. Мен өз сырымды айтқым келеді. Уже ешкімге айта алмайм айтқан адамдарм араласпай кетеді. Мен пәк емеспін. Жігітімен болп қойғам, ақшаға да болып бұзылып та кетім. Ка есімді жинадым намаз оқып адам болдым. Тек өмірден түйгенім түзеуге келмитн қателктерде болад екен соны білдім. Бір қателк үшн өлп кетуге де болад екен. Жігітпен жүріп үйленп бала шаға болғым келед тек қателгм жберми тұрад. Достарменде араласпайм сенетн ешкм қамат. Жігтерге сенп сырымды айтсам ойлары пайдаланп кету. Қазірге замагда тек пайда көздитндер жиналды. Ойлайм неге біз үйтік екен. Мен олай стеуме ақша кедергі болмад блмим неге үйтп стегенмді. Каз ақшадан да қиналп жүрм. Бірақ ол іске жоламайм шүкір денсаулғмда жақсы тек өзме ашуланп өлгм келед дос та жігіт керек. Әлде жалғз жүре берсем бекен. Қорқам ертен жалғыз қаламба деп бәрі бетме баса ма деп қаты қорқам.

5 238 ER 0.8593
Сәлеметсіздер ме анонды түрде шығарсаңыз.Әбден қиналып кеттім.Кімге айтарымды білмеймін.Сіздермен бөліскім келіп отыр.Мен өзім қыз баламын.Жасым 16да.Ата-анам ,әпкем, бауырым бар құдайға шүкір.Мәселе менің әкемде.Ол кісі бұрыннан бері ішеді.Мамаға үйленбей тұрып.Жұмыс істемейді.Мамам еден жуады мектепте.Тұрмыстық жағдайымызда нашар.Мектеп оқып жүргенде мектеп формасын да әперетін ақша жоқ.Бір форманы 3-4жыл киетінмін.Қанша жағдайымыз жоқ болып әкем күн көрсетпесе де өзім мектепте барлық шараға қатысып белсенді болып жақсы оқыдым.Соның арқасында 9-дан кейін мұғалім мамандығына грантқа түстім.Қазір 2 курс.Мен қалада мама-папа ауылда.Айтеу өзімнің 20000степендияма күн көрем.Мамалардан ешқашан ақша сұрамағам олардың өздеріне де жетпейтінін білем.Әкем жұмыс істемесе істемей ақ қойсын тым болмаса ішпесе екен.Ішіп алса үйдегілерге айғайлап боқтайды.Мамам осының бәріне шыдап жур.Мамамды аяп кетем.Әкемді де бәрін мамам асырап отыр.Туыстарымыз бізді адам құрлы көрмейді.Мама папаны менің көзіме жамандай береді.Әбден жүйкем жұқарды.Осының барлығын ойлап ауру болатын болдым.Қазір қыс ал мен болсам 2-3жыл болған күздік тесік ботинкамен журм.Жарайды жағдайымыз нашар болсын оғанда көндім.Бірақ әкем ішкенін қойса екен.Күнде құдайдан тілеймін.Бір тілегімді орындамады.Емдетуге де тырыстық.Бірақ өз ниеті болмаған соң әсері жоқ.Каникулда үйге де бара алмаймын.Жылына тек 3 айлық демалыс пен қысқы демалыста барамын.Жолға ақша жоқ себебі.Осы оқуға түскелі бір тиын сұрамадым.Жол ақшамды да өзім дайындап барам.Әбден қиналып біттім.Жұмыста жасаймын.Оқуымды да оқимын.Үйдегі мама мен бауырыма алаңдаймын.Бауырым әкеме араша жасай алмайды.Әлі кішкентай.Өзім барда маманы әкеге ұрғызбаймын.Осының барлығын көз жасым төгіліп жазып отырмын.Кейде осы өз өзіме қол жасай салайынба деп ойлаймын.Бірақ мені тоқтатып тұрған тек анам.Соңына дейін оқысаңыздар рақмет!Барлығы шынайы.

3 83 ER 0.4303
Мың құпиясы бар меновазин
Меновазин әр отбасының дәрі қобдишасында бар, бірақ оны қалай дұрыс пайдалану керектігін көбі біле бермейді. Сондықтан кез келген дәріханадан табылатын, бәріне қолжетімді бағадағы дәріні қолдануда пайдалы кеңестер ұсынбақпыз.
🛑- Радикулит кезінде мойынды, желке тұсын, омыртқаны майлаңыз. Бұл дертіңізді айтарлықтай жеңілдетеді. Ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде денеңізді майлай отырып, буындардағы тұздардың шөгуін толық емдеуге болады.
🛑- Жүрек ауырғанда, бас ауруы, тіс мазаласа, құлақтың айналасын күніне 2 рет майлау керек.
🛑- Аяқтарыңыз ауырып, мүлдем көтере алмайтындай болсаңыз, күніне 1 мезгіл табан мен тізелеріңізді майлаңыз. Нәтиже керемет болады.
🛑- Меновазин құлақ ішіндегі құлықты тоқтатып, ауырсынуды және қабынуды жояды.
🛑- Безеуге миникопресс жасаған (мақтаға меновазин сіңіріп, кішкене саусақпен қысасыз), оның көмегімен банкаларды қойып, дезинфекциялауға болады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті.
🛑- Егер бас ауруы мазалап жүрген болса, меновазинді шекеңіз бен самайыңызға жағыңыз. Әсері бірден байқалады.
🛑- Меновазин геморройға да көмектеседі. Таңертең жуынып болған соң, сұқ саусағыңызға бинт орап алыңыз. Оны «Меновазинаға» батырып, тік ішекті бір «сүртіп» майлап шығасыз. Қатты ауырады, бірақ шыдамдылық қажет. Осы процедураны 5 рет қайталағаннан кейін геморройды мәңгіге ұмытасыз.
🛑-Сүт безінде ауырсынуды, шаншуды сезсеңіз, ауырған жерді дереу осы препаратпен сүртіңіз. Ауырсыну тез басылып, қабыну жойылады. Онкологиялық аурулар кезінде қолдануға болмайды!
🛑- Суық тиіп, жөтел мазаласа, денеңізді меновазинмен сүртіңіз. Арқа мен кеудені аталған препаратпен сылап, кейін бірден жылы орамал немесе жүн свитерді киіңіз де, жылы төсекке жатыңыз. 2-3 рет жасау арқылы жөтелден құтылуға болады және сіз қайта ауырып қалмайтын боласыз. Егер сізде ангина басталса, дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерден басқа, меновазинмен тамақ аймағын сүртіңіз, жылы оранып жатыңыз. Ал мұрын бітеліп жатса, алдымен бір мұрын тесігін жауып иіскеп, содан кейін басқасын жауып, қайталайсыз.
🛑- Еріндегі герпес. Мақта дискісін меновазин ерітіндісіне малып алып, ауру аймағына басып тұрыңыз. Герпестің орнына меновазин жақпа майын жағуға да болады.
🛑- Құлақ ауруы. Мақтаны спиртті ерітіндімен сулап, құлаққа күніне 2 рет 15-20 минутқа жағыңыз.
🛑- Венаның варикозды кеңеюі кезінде меновазинді пайдалану аяқтағы ауырсыну мен ауырлық сезімін жояды, ісінуді азайтады. Ерітіндіні табаннан жоғары қарай жеңіл қозғалыстармен жағу қажет.
🛑- Егер сіз ұйқысыздықтан зардап шегетін болсаңыз, меновазиннің спирттік ерітіндісінде мақта тампонын сулап, желкені, құлақтан құлаққа дейін сүртіп шығу жеткілікті. Ешқандай ұйықтататын препараттардың көмегінсіз-ақ тыныш ұйықтайсыз.
🛑- Гайморитте меновазинді ауырсыну белгілері мен ісінуді басу үшін қолданады. Аурудың көзі – инфекция, оған препарат әсер етпейді. Бастапқы симптомдарды, ісіну және ауырсынуды жою үшін сұйықтықтың аз мөлшерін гаймор қуысына жағып, жеңіл массаж жасау керек. Меновазиннің әрекетін күшейту үшін бұл аймақты жұқа матамен жабуға болады. Немесе бинт пайдалана аласыз. Әсерді күшейту үшін, маңдайға және самайға жағады.
Ақнұр АСЫЛБЕК.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)

44 7 ER 0.3300
🌟 АЛЛА НИЕТІН ҚАБЫЛ ЕТСІН 🤲

Суреттегі кісі Бангаладештік қария. Бұл үлкен кісінің ет жақындары, тіпті артынан ерген ұрпағы да жоқ екен. Бірде қария ғұмыр бойы маңдай терімен жиған (он мың долларға тең келетін) қаражатын Алланың үйіне әкеліп, барлығын мешіттің жарығына жұмсайды. "Ата! Мұнша қаржының барлығын неге мешіттің жарығына ғана төледіңіз?" - сұрағанда, қария: "Дүниеден өтсем артымнан дұға қылар ешкімім жоқ. Мешітті жарықтандырсам, осы амалым қабірімді жарық етуге себін тигізер", - деп жауап берген екен.

4 14 ER 0.2166