▪20 жасымда білмеген 20 нәрсе:
1. Әлем сіздің топас болғаныңызды қалайды. Адамдар қаншалықты ақымақ болса, өнімдер мен қызметтерді сату соншалықты оңайырақ болады.
2. Білім жүйесіне көзсіз сену қажет емес. Оқуды бастаған бірінші күнде-ақ оқу бағдарламасы ескіріп кеткен.
3. Тоқтаусыз оқыңыз, мүмкіндігінше көп оқыңыз. Сіз жаңа білім мен тұжырымдамалардың қашан пайдалы болатынын ешқашан білмейсіз, бірақ өмірдің тосын сыйларына әлдеқайда жақсы дайындалған боласыз.
4. Басқалармен қарым-қатынас жасауды үйреніңіз. Адамдардан аулақ болып, сөйлесуге оларды лайықсыз деп санау, келешекте клиенттерді, достарды немесе жұмысты таба алмау деген сөз.
5. Ұялшақ болу – уақытты босқа өткізу. Эмоцияларыңыздың шешім қабылдау процесін басқарып кетуіне жол бермеңіз.
6. Егер сізге басқа адаммен қарым-қатынаста бірдеңе ұнамаса - араласпай кеткен жағдайда осы «бірдеңе» себеп болады.
7. Өзіңізден үлкен адамдармен мүмкіндігінше араласыңыз. Олардың құндылықтар жүйесі мен көзқарастарын, қоршаған орта мен қабылданған шешімдер арасындағы логикалық байланыстарын түсінуге тырысыңыз.
8. Сізді таң қалдыратын адамдарды тауып, олардан асып түсуге тырысыңыз.
9. Уақыт өте адамдар консервативті бола бастайды. Тәуекел істермен айналысқыңыз келсе, жас кезіңізде бастаңыз.
10. Ақшаны босқа құртпаңыз: оны маңызды нәрсеге (соның ішінде стартапыңызға) үнемдеңіз. Бұл сізге ақшаны жинақтауды үйретеді.
11. Ақшаны заттарға немесе тәжірибеге жұмсау арасында таңдау жасағанда, тәжірибені таңдаңыз. Алған әсерлер мен естеліктердің қуанышы жоғарырақ.
12. Жинақтауды үйренген соң, ақша табуды үйрен.
13. Бағдарламалауды үйреніңіз.
Бағдарлама жасағыңыз келмесе, пайдалы нәрсе шығару үшін қолыңызбен бірдеңе жасауды үйреніңіз.
14. Жас кезіңізде салмақ қоспаңыз. Бұл сіздің белсенді өміріңізді 10-20 жылға қысқартады.
15. Тамақты пісіруді үйреніңіз. Бір нәрсе туралы ойлаудың ең жақсы уақыты - ингредиенттерді салатқа немесе сорпаға қосу сәті.
16. Түнде жеткілікті ұйықтаңыз. Ұйқының болмауы шешім қабылдау сапасына қатты әсер етеді.
17. Іс-әрекеттеріңізді жазып алыңыз. Жад жеткіліксіз, қаншалықты керемет болсын.
18. Үлкен арманыңыз болсын. Икемді болған жақсы, бірақ арманыңыз болмаса қандай да бір істе өспей, тек шеңбер бойымен бос жүгірумен боласыз.
19. Қызмет саласын өзгертпес бұрын өз ісіңіздің маманы болыңыз.
20. Адамдарды түзеуге тырыспаңыз. Әлі бүлінбегендерді іздеңіз.
Статистика ВК сообщества "ӘДЕБИ ӘЛЕМ | KZ"
Қазақстандағы N^1 топ🇰🇿 #пайдалы 😎
+8000✔ Ертең-ақ +9000 боламыз ғо😉
(әрбір тіркелушіге үлкен алғыс🙌)
Количество постов 801
Частота постов 87 часов 16 минут
ER
136.84
Нет на рекламных биржах
Графики роста подписчиков
Лучшие посты
Жалынасың, боқтайсың,
Сағынасың, жоқтайсың.
Махаббат кетті, дос кетті —
Жете алмайсың, тоқтайсың.
© Абай Құнанбайұлы
Сағынасың, жоқтайсың.
Махаббат кетті, дос кетті —
Жете алмайсың, тоқтайсың.
© Абай Құнанбайұлы
Рақаттың ең зоры – басқалардың сіз істей алмайды дегенін істей алуыңыз.
©Уолтер Бэджот
©Уолтер Бэджот
Кеше ақылды едім, әлемді өзгерткім келді,
Бүгін дана болдым, өзімді өзгерткім келді.
© Жалаладдин Руми

Нью-Йорк такси жүргізушілерінің бірі әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды:
Мен мекен-жайға келіп, сигнал бердім. Бірнеше минут күткеннен кейін, тағы да сигнал бердім. Бұл менің соңғы рейсім болуы керек болғандықтан, мен кетуді ойладым, бірақ оның орнына көлігімді тұраққа қойдым да, есікке барып, қақтым... «Бір минут күте тұрыңыз», — деп жауап берді көмескі, қарт әйелдің дауысы. Мен бірнәрсені еден бойымен сүйретіп бара жатқанын естідім.
Ұзақ үзілістен кейін есік ашылды. Менің алдымда 90-дар шамасындағы кішкентай әжей тұрды. Ол 1940-шы жылдардағы фильмдегідей мақталы көйлек пен перделі қалпақ киген. Оның жанында шағын чемодан болды. Пәтердің көрінісі сондай, құдды бір онда жылдар бойы ешкім тұрмаған сияқты көрінеді. Жиһаздың барлығы жаймамен жабылған. Қабырғалар мен сөрелерде бірде бір сағат, әшекей немесе ыдыс-аяқ жоқ. Бұрышта фотосуреттер мен шыны ыдыстармен толтырылған картон қорап тұрды.
«Маған сөмкемді көлікке жеткізуге көмектесесіз бе?» — деп сұрады ол. Мен чемоданды көлікке апардым, содан соң әжейге көмектесу үшін оралдым. Ол менің қолымнан ұстады да, біз ақырын көлікке қарай жүрдік.
Ол маған жақсылығым үшін алғысын жаудыра берді. «Бұл ештеңе емес, — дедім мен оған, — мен өз анама қалай қарасам, жолаушыларыма да солай қарауға тырысамын.
«Ой, сен сондай жақсы бала екенсің», —деді ол. Біз көлікке мінгенімізде, ол маған мекен-жайды айтып берді, сосын: «Қала орталығы арқылы айдай аласыз ба?» деп сұрады.
«Бұл ең қысқа жол емес», — деп жауап бердім.
«Ой, мен қарсы емеспін», — деді ол. — «Мен асықпаймын. Мен емханаға бара жатырмын».
Мен артқы көріністің айнасына көз салдым. Оның көздері жарқырап кетті. «Менің отбасым баяғыда кетіп қалды, — деп жалғастырды ол баяу дауыспен, — «Дәрігер маған аз уақыт қалған дейді».
Мен жайбарақат қолымды созып, есептегішті өшірдім. «Қандай жолмен жүргіңіз келеді?» — деп сұрадым.
Келесі екі сағатта біз қаланың ішімен келе жаттық. Ол маған бір кездері лифтші болып жұмыс істеген ғимаратты көрсетті. Біз күйеуі екеуі жаңадан отау құрған кезде тұрған ауданды аралап шықтық. Ол маған бір кездері би залы болған жиһаз қоймасын көрсетті, ал кішкентай қыз кезінде ол сонда бимен айналысыпты.
Кейде ол маған белгілі бір ғимараттың немесе қиылыстың алдында жылдамдықты бәсеңдетуімді сұрайтын және ештеңе демей, қараңғылыққа қарап отыратын. Сосын кенет ол: «Мен шаршадым, өтініш, қазір-ақ жүрейік», — деді.
Екеуміз үнсіз ол айтқан мекен-жайға қарай келе аяңдадық. Бұл аласа ғимарат еді, шағын шипажай сияқты, кіреберіс жолы портиктің бойымен еді.
Біз жеткен бойда екі санитар көлікке жақындады. Олар оның көліктен шығуына мұқият көмектесті. Шамасы, олар оны күткен болуы керек. Мен жүксалғышты ашып, кішкентай чемоданды есіке апарып қойдым. Әжей мүгедектер арбасына жайғасып үлгеріпті.
«Мен сізге қанша беру керекпін?» — деп сұрады ол сөмкесін шығарып.
«Қажет емес», — дедім мен.
«Сіз өмірде табыс табуыңыз керек», — деп жауап берді ол.
«Басқа жолаушылар бар», — деп жауап бердім.
Еш ойланбастан еңкейдім де, оны құшақтап алдым. Ол мені қайта қатты құшақтады.
«Сен кемпірге кішкене бақыт сыйладың», — деді ол. — «Саған алғыс білдіремін».
Мен оның қолын қыстым, содан соң кетіп қалдым... Есік артымнан жабылды, бұл өмірдің тағы бір жабылған кітабының дыбысы болды...
Қайтар жолда көп жолаушы алған жоқпын. Ойға батып, бас ауған жаққа айдадым. Сол күннің қалған адамдарына мен әрең тілге келдім. Бұл әжейге ашушаң жүргізуші немесе ауысымын аяқтауға асыққан адам тап болса не болар еді? Егер мен оның өтінішін орындаудан бас тартсам немесе бірнеше рет сигнал беріп, кетіп қалсам ше?..
Қорытындылай келе, мен өмірімде бұдан маңызды ештеңе істемегенімді айтқым келеді.
Өміріміз ұлы сәттердің айналасында айналады деп ойлауға дағдыланғанбыз, бірақ ұлы сәттер өзгелер ұсақ-түйек деп санайтын нәрселермен әдемі оранып, бізді күтпеген жерден жиі ұстайды.
Аударған: Арман Шайкен

"Көрінген кітапты оқи берген жарамайды, көңілде туған сауалдарға жауап бере алатын кітаптарды оқыған абзал."
©Лев Толстой
©Лев Толстой
...Мысалы менің қолымда щвейцариялық алтын сағат жоқ. Бірақ мен әлі де тірімін. Құдайға шүкір. Сағаттың болмауы уақытымды тездетіп не баяулатып жатқан жоқ. Міне, мәселе қайда жатыр? Мақсаттан басқаны көрмеу оның құлы болып кетуге апарып соғады. Басқаша айтқанда, ол сені жұтып тынады. Өмірдің рақаты бір шыңға шығып, уақытша эйфория аяқталған соң өлермендікпен басқа шыңға қарай асығу емес. Өмірдің мағынасы өмір сүруде.
"Қ" әрпінен басталатын әрбір сөздерден шағын әңгіме жазып шықтым. :)
~~~~~~~~~~~~
ҚАШҚЫННЫҢ ҚУАНЫШЫ
Қаңтардың қаһарлы қытымыр қысы. Қансонарда құйрық қыса құмырсқадай құжынаған қасқырлардан қақтығыссыз құтылғанымен, қайғысы қабырғасын қайыстырған Қамбардың құты қашты. Қарны құлындай құрылдады. Қайқиған қымбат қайығын қайранға қалдырып, қайратты қолдарымен қойны-қонышын қармалады. Қалтасында құрышын қандырмайтын қатқан құрт қалыпты. Құбыжықтай қомағайлана қылғытты. Қақырып, қайыра құсты.
- Қолқамды қырды, құрғыр!
Қиядан қара қарғалар құйқылжи қарқылдаған қоңырқай қырқаның қамысты қойнауындағы қызыл қырғауылға қиыла қарады. Қалтарыстағы қойтастардан қояндардың қисық қос құлағы қылтия қараңдайды. Қарсыдағы құлама құзды қиқулаған құзғын құстар қаптапты.
Қайырымсыз қатыгез қоғамнан қажыған қайыршыдай қатты қалжырап, қалың қарға қолдорбасын құшақтай құлады. Қасқа қалғыған қалпы қорс-қорс қорылдаған. Қас қарайғанда қалмақтың қырық қарулы қуғыншысы құтырына қоршап, құрсаулы қоршауда қозғалмаған қазақты қан қақсаған қайқы қылыштарымен қақпақылдап, қаумалап қоймады.
- "Қалыңдыққа қидым" құжатына қол қойыңыз, қу қақпас. - Құндыз құлақшыны қайысқан, қыз-қырқынға құмары қанбайтын қаныпезер қонтайшы қоқилана қатқыл қақты.
Қанқұйлы қастандықтың қай-қайсысына қаймықпаған қазекең қайсыбір қауіп-қатерлерден қорықпайтын. Қайта қасындағы қабандай қылжақпастың қылығы қайран қалдырған.
- Қандай? Қайсы?
- Қасы қиылған қарындасың Қарлығашты қатындыққа қисаң, қандастарыңа қорлық қылмаспыз. Қарамағымдағы қаламның қызметшілеріндей қалайы құтыларға қымыз құйып, қызмет қыласың. Қарыздарыңды қайтармайсың. Қалжыңсыз. Қалай?
- Құп, құрметті құда. Қане.
Қиялы қалықтап, қаққан қазықтай қақиып, қатырғы қағазға қауырсынмен қолын қиғаштап қойды. Қарсыласпады. Қажеті қанша? Қасиетті қанжары қынабында, қола құмырасы қоржынында, қорадағы қой-қозысы қобызы құйқылжыған қадірлі қосында қалды. Құдіретті құдайы қарасты. Қуанбағанда қайтпек қазір?
- Қазаны қотарылмаған қонақжай құтты қонысыма қайтайын, құрсын.
▪ Арман Шайкенов ️

Ұзақ мерзімді қарым-қатынас.
Шындығына келсек, серіктесің шынымен жаныңа жақын болып кеткен кезде ғана ұзақ мерзімді қарым-қатынаста мағына болады.
Сен оның жүріс-тұрысын зерттедің, көңіл-күйін сезесің, барлық сырын білесің. Сен одан не күту керектігін және белгілі бір жағдайда қалай әрекет ету керектігін білесің. Оның әлсіздігі мен кемшіліктері сені тек күлімсіретіп, қандай да бір жылулық сезімін тудыртады. Сен оған өзімсінген түрде: «бұл жолы не бүлдірдің?» деп сұрақ қоя аласың. Таң қалдыратын артық әрекеттерді жасауды доғарасың да, тек өз-өзіңмен боласың. Сені әлдене үшін емес, жай мына өзің үшін жақсы көретінін түсінесің. Және бұл көңілге жағымды бола түседі. Сен сол адамның жанында өмір сүресің. Ал сен үшін ең бастысы - жұбың екеуінде бәрі жақсы болуы.
Тұрақты қарым-қатынас жауапты нәрсе, тіпті оңай емес, бірақ бұл соған тұрарлық, өйткені тек сонда ғана олардың болашағы бар.