Статистика ВК сообщества "Наш город"

0+

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Шынайы махаббат - тек кітаптарда... 🥀

«Мөлдір махаббат» С. Мұқанов

234 15 ER 1.2932
Қызда мінез болу керек әдемі,
Ол мінезі тәрбиенің дәлелі.

Қызда сезім болу керек шынайы,
Ол сезімі тағдырының шырайы.

Қызда мұрат болу керек тек қана,
Болашақта болам деген текті Ана.

Қызда арман болу керек осындай,
Олар үшін өмір жолы тосын жай.

355 21 ER 0.9645
«Биссмилләһ!» - «Алланың атымен бастаймын», осылайша әрбір ісімізді Алланың атымен бастаймыз.

«Әссәләму алейкум уә рахматуллахи уә баракатух» - «Алланың сәлемі, есендігі, тыныштығы мен рахметі болсын». Мұсылманның мұсылманға сәлем беруі.

«Аллаһу Акбар» - «Алла Ұлық» - Алланың ұлықтығын ұлықтайтын жақсы жаңалық болғанда немесе жамандық, қиындыққа ұшыраған сәтте де, мұсылман қауымы осы бір сөзді айтады.

«Субханналаһ» - «Алла кемшілік атаулыдан пәк». Жақсы жаңалық, ғажайыпқа тап болған сәтте айтылады.

«Әлхамдулилләһ» - «Аллаға шүкір», «Аллаға мадақ». Берілген барлық ризық-несібенің Алла Тағаладан келгенін біліп, оған иман келтіру. Оның берген немесе бермеген нәселеріне ризашылық білдіру.

«Ма ша Аллаһ» – «Алланың қалағаны болады» – Бұл сөз бір нәрсеге таң қалғанда, ісі оңынан болғанда, қуанғанда айтылады.

«Ин ша Аллаһ» – «Алла қаласа». Бір істі бастауға ниет еткенде, біреуге уәде бергенде, үміттенгенде айтылады.

«Хәсбунәл-лаһу уә ниъмәл- уәкил». – «Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы Көмекші». Қорыққан сәтте, көңілің алаң-елең болғанда, сәтсіздікке душар болғанда айтылады.

«Әъузу бил-ләһи минәш- шайтанир ражим». «Қуылған шайтанның азғыруынан Аллаға сыйынамын» - деп күмән етіп жатқан ісінен тиылады.

«Астағфируллаһ» – «Алладан кешірім тілеймін». Күнә жасап қойып тәубеге келгенде, Алладан кешірім тілегенде айтылады.

«Аллаху Мустаан» - «Алланың көмегі жеткілікті». Шарасыз күй кешкенде айтылады.

«Инна лилләхи уә инна иләйхи раджиун» - «Бәріміз бір Аллаға тиесіліміз және түбінде Оған қайтамыз». Жақын адамыңды жоғалтқанда, бір кісі қайтыс болғанда айтылады.

«Әмин» – «Дұғамызды қабыл ете гөр»

«Баракаллаху фика» – «Алла Тағаланың разылығы болсын! » – рахмет айту ниетімен қолданылады.

«Саллал-лаһу аләйһи уә сәлләм» – «Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын». Мұхаммед Пайғамбардың есімі жазылған, естіген кезде айтылады.

351 5 ER 0.7796
"Ұйқыдан ауырмай тұрғанның өзі жарты бақыт"

© Бейсен Құранбек

30 2 ER 0.4651
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

© Абай Құнанбаев

64 0 ER 0.4211
Жиырма бесімде мен қалай,
Жетпіс бесімде дәл солай.❤

62 4 ER 0.3999
Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үлгі алайық!

1. Көп сөйлемейтін.
2. Жаман сөз айтпайтын.
3. Өзгелермен ерегіспейтін.
4. Сөзі мен ісі сай келетін.
5. Әрқашан ойланып жүретін.
6. Берген уәдесіне берік болатын.
7. Салақтықты жаны қаламайтын.
8. Ешкімнің кемшілігін іздемейтін.
9. Сыпайы және кішіпейіл болатын.
10. Туған-туыстарын құрмет тұтатын.
11. Адал болған азықты алып жейтін.
12. Ретсіз не болса, соны сөйлемейтін.
13. Әрдайым байсалдылық танытатын.
14. Дүние істеріне бола ашуланбайтын.
15. Көрші ақысына қатты көңіл бөлетін.
16. Жүрегі өте жұмсақ, сезімтал болатын.
17. Күмәнді нәрселерден өте сақ болатын.
18. Баршаның қайғы-қамына ортақтасатын.
19. Пайдасыз нәрселермен еш айналыспайтын.
20. Көңілі ұнатпаған мәселеде үнсіз қалатын.
21. Кімге болса да бірінші болып сәлем беретін.
22. Кешірімділігі соншалықты – кек сақтамайтын.
23. Адамдардың әрдайым табысқа жетуін тілейтін.
24. Әркіммен ақылы мен түйсігіне қарай сөйлесетін.
25. Сөйлегенінен гөрі ой үстінде жүруі көп болатын.
26. Жеке басы үшін ашуланып, өзгеден өш алмайтын.
27. Айыбы мен кемшіліктері үшін ешкімді кекетпейтін.
28. Адамдардың қасынан ақырын және күлімдеп өтетін.
29. Сөйлеген кезде айналасындағыларды баурап алатын.
30. Өзгелер үшін жақсылық әкелмейтін сөзді айтпайтын.
31. Жүзінен әрдайым нұр төгіліп, жайдары болып жүретін.
32. Әдетте, жаман сөздерді аузына алмайтын.
33. Сөйлеген кезде кем сөйлеп немесе артық сөз айтпайтын.
34. Үй иесі рұқсат бермейінше, табалдырығынан аттамайтын.
35. Шындық пен адалдыққа келгенде, алдына жан салмайтын.
36. Киім кигенде мақтаншақтыққа жол бермей, орташа киінетін.
37. Ақиқатқа қайшы келетіндей сүйіспеншілікті қабыл етпейтін.
38. Шаш пен сақалдың үрпиіп, шатасып тұрғанын құптамайтын.
39. Ешкімнің бетіне келіп немесе артынан айыптап кінә артпайтын.
40. Сөйлесіп тұрған кезде жүзін басқа жаққа бұрып алып кетпейтін.
41. Жетімдердің басынан сипап, оларға қамқор болуды бұйыратын.
42. Кез-келген мәжіліске қатысқанда жеке дара бөлініп отырмайтын.
43. Киімнің әдемі киілуін әмір етіп, масқаралыққа түсуін ұнатпайтын.
44. Есігін қағып жәрдем сұрай келген кісінің бетін қағып қайтармайтын.
45. Балалардың бақытты болуын тілеп, оларды қарғауға тыйым салатын.
46. Ар-ұяттың күштілігінен қатты дауыспен күлмейтін, тек күлімдейтін.
47. Адамзаттың ардақтысы болса да, ел қатарлы қарапайым өмір сүретін.
48. Сөйлеген сөздері тізілген моншақтай тартымды, әрі берекетті болатын.
49. Кедейлердің жабырқау көңілдерін көтеріп, оларға мейірбандық танытатын.
50. Сауда-саттықта әдептілігі сондай – ел оны сенімді («әл-Әмин») деп сипаттайтын.
51. Адамдардың ең жомарты болса да, оның жомарттығы оразада тіптен арта түсетін.
52. Кедейлермен қатар отырып тамақтанатыны сондай – олардан ерекшеленіп тұрмайтын.
53. Ізін басқан достарына: «Бұл дүниеде бір бейшарадай, яғни жолаушы секілді бол!» – дейтін.
54. Күнә не, сауап не, әмір не, тыйым не екенін білмейтін адамдардың жағдайына қайғыратын.
55. Өзіне дұшпандық жасағандарды кешіріп қана қоймай, оларға құрмет пен мәрхамат танытатын.
56. Қиыншылыққа немесе әлдеқандай жағдайға түскен кезде әдепсіздікке салынып ашуланбайтын.
57. Қасында отырып ең соңынан сөйлеген кісілердің өзін бірінші кісіні тыңдағандай мұқиятпен тыңдайтын.
58. Адамзат баласының ең мәртебелісі болса да, достарына: «Мені Алланың құлы, әрі елшісі деп атаңыздар», - дейтін.
59. Әйел заты адамдық қасиеттен айрылып қорланған дәуірде: «Жәннат аналардың аяғының астында», - деп, оларға құрмет көрсетілуін айтып, дәрежелерін көтеретін.
60. Ол әрдайым таңертең үйінен шығарда: «Иә, Раббым! Тура жолдан адасудан және адастырылудан, алданудан және алдандырылудан, хақсыздық етуден және хақсыздыққа бас ұрудан, құрметсіздік етуден және құрметсіздік етілуден саған сыйынамын», - дейтін.

236 1 ER 0.5125
Өзгер. Алға ұмтыл. Ойлан. Тәуекел ет. Құласаң, тұр. Әрекет қыл. Қағидадан бас тарт. Жетістікке жет. Арманда. Жаңалық аш. Сен. Тоқта. Өзіңді тыңда. Есей. Жең. Өмірге ғашық болып өт.

✍ Пауло Коэльо

91 5 ER 0.3349
Мұқағалиді тірілтіп алып, махаббатыма ішіп барсам ба?

48 17 ER 0.2735
Әйтеуір аман бол🍃

Біз жайлы хикая тәмам болды, бәрібір амал дәптерімдесің.❤

67 19 ER 0.2215