Количество постов 207
Частота постов 370 часов 39 минут
ER
4.11
Нет на рекламных биржах
Графики роста подписчиков
Лучшие посты
Несіпбек Айтұлы: Тәуелсіздік – ұлы той, елдің бақыты
«Тәуелсіздік алып, туымызды тігіп, ел болғанымызға 30 жыл. Бұл – ұлы той, ұлттың, елдің бақыты. Осы ұлы күнді ата-бабамыз, кешегі Алаш арыстары, ұлтын сүйген ұлдар қаншама ғасыр күтті. Осы жолда қаншама қан, көз жасы төгілді. Бүгін міне Нұр-Сұлтан қаласының төріне, бүкіл қазақ халқына, қазақстандықтарға сәлем жолдап, осынау ұлы мерекемен құттықтағым келеді. Келер жылы елорданың арқа төріне көшкеніне 25 жыл толмақ. Бұл екі тойды бөліп-жаруға болмайды. Екеуі де ұлы той.
Бұл біздің ортақ қуанышымыз, елдік мұратымызға жеткендігіміздің белгісі. 30 жыл бекер кеткен жоқ. Осы аралықта үлкен жетістіктерге жеттік. Осы қуанышпен, жеңіспен қалың елді құттықтағым келеді», - деді ақын, Мемлекеттік сыйлық иегері Несіпбек Айтұлы.

«Сарыарқа – тарихтың бастауы»: елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті 🏻🏻🏻