Статистика ВК сообщества "Мейірімді Бол"

0+
шығарма

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Мектепте оқып жүргенімізде: «Адам бір-ақ рет сүйеді, бір-ақ рет өледі», «Әркімге өмір де бір-ақ рет беріледі, махаббат та бір-ақ рет кезігеді», — деген аксиома іспетті ойларын қыздар өлең альбомдарына бояу қарындашпен бадырайта-бадырайта жазып қоятын. Ұмытпасам, ол сөздерді өзім де талай қыздың дәптеріне өрнектедім. Оқушы кездегі ойларымыз да, қылықтарымыз да қызық қой: «Бір ғана қызды шын сүйеміз, өле-өлгенше соны сыйлап өтеміз», — дегенді бәріміз де айтатынбыз, солай болатынына сенетінбіз. Сол тілекпен, сол ниетпен сүйдік те. Қызды да сендірдік, өзіміз де сендік. Бірақ ол қызға үйленбедік. Өтірік сүйдік пе, жоқ, кінә қыздан болды ма, білмедім. Бар шынымызбен, бүкіл жүрек жалынымызбен-ақ сүйген сияқты едік, болмады. Махаббаттың бір-ақ рет болатыны рас болса, онда біздің бәріміз дерлік махаббатсыз үйленген болып шығамыз, өйткені ол махаббатты көбіміз мектеп қабырғасында жүргенде-ақ жоғалтып алдық емес пе? Өйтіп бала кезіңде-ақ бітіп қала беретін болса, онда ол бала-шағадан басқаның басын қатырмаса керек еді, жігіт кезімізде-ақ жынданып кетердей ғашық болдық қой. Бір емес, бір-екі емес, бірнеше қызға көңіл аударғанымыз да бар. Сонда қалай болғаны? Сонша сүюдің ішінде бір сүйгеніміз ғана шын, басқаның бәрі өтірік пе? Онда өміріміздің тең жартысы өтірік те. Адам сенбейтін әңгіме. Соншалық өтірік үшін табиғаттың адам баласына қымбат өмірді сыйлай салуы мүмкін емес. Бар-жоғы алпыс-жетпіс жыл өмір сүретін біз қателескен күнде де, Адам ата — Хауа анадан бұрын жасап келе жатқан жаратылыстың өйтіп қателесуге қақысы жоқ.

— Бексұлтан Нұржекеев,
«Бір ғана махаббат».

44 2 ER 3.5388
c'est la vie(французша оқылуы: сен ля ви) — өмір солай.

15 1 ER 1.4984
түптің түбінде, біз барлығымыз уақиғаға айналамыз.

7 0 ER 1.2670
Ал адамдар, ең әуелі, адасып алмаса, бірін-бірі әсте де іздеп таба алмас еді...

— Оралхан Бөкей,
«Қар қызы».

15 0 ER 1.3871
«Әлемнің мейірімді парықсыздығы» (2018 ж.)
реж: Әділхан Ержанов

10 0 ER 1.0822
һей, сәлем. маған бүгін 20 жас. бірақ, әлі де болса кішкене жауапкершілікті талап ететін іс тындырсам, соның өзіне кеуде керіп жас балаша мақтанамын. бұл тым қызық, жиырма жыл бойы өмір сүріп жатқанымды айтам. әзірге «тұқымы өскір» бұралаңы көп өмірді зерттеумен келемін, сол бұралқы жолдың бірінде сіздермен жолыққаныма алғыс деймін : )

4 5 ER 1.0995
Демек, махаббаттың да биігі бар, төмені бар, тек, өтірігі жоқ. Өтірік өмір сүруге де болмайды, біреуді өтірік сүюге де болмайды. Тіпті, біреуді арам мақсатпен айналдырып тұрсаң да сезімің кәдімгі шын сезім болады. Ал енді әр адамның басында махаббаттың бір рет пе, екі рет пе, қанша рет болатынын кесіп айту қиын. Оның біреу екенін айтып атақтылар мен даңқтылар құлаққа әбден сіңіріп кеткен, сондықтан ол қағидаға қарсы шығу кімге де болса абырой әпермейді. Ол қылығың «мен біреудің бірден-бір махаббатымын» деп сеніп, сол сезімнің рақатын көріп жүрген әйел қауымына да оспадар көрінеді. Егер бұл жайында міндетті түрде бір пікір айту керек болып жатса, тіке айта салмай, әуелі өз махаббатыңның бүкіл тарихын айтып біткен соң барып бірдеме деген дұрыс. Содан оңдысы жоқ.

— Бексұлтан Нұржекеев,
«Бір ғана махаббат».

8 0 ER 0.9435
Сонан соң өтірік сүю, шын сүю, өтірік сезім, шын сезім дегендер табиғатта болатын нәрсе ме, жоқ өзіміздің ойлап тауып жүрген бәлеміз бе — мен соған да күмәнданам. Сүю, сөз жоқ, сезімнің ең биігі. Бірақ сол биіктің де өз шыңы, өз төмені бар. Біз, бәлкім, түсінбей, түсінсек те әлсіреп үзілді-кесілді айтқанды артық көріп оның биігіне шын деп, төменіне өтірік деп айдар тағып жүрген сияқтымыз. Ал, шындығында, сезімнің биігі бар, төмені бар, бірақ өтірігі жоқ. Жоқ. Сезімді тежеуге болады, біреулерден жасыруға болады, — өтірік сезінуге болмайды. Мүмкін емес.

— Бексұлтан Нұржекеев,
«Бір ғана махаббат».

13 0 ER 1.0225
Үміт болмыстан да өміршең.

— Шерхан Мұртаза,
«Тілсіз қоңырау».

4 0 ER 0.9131
Егер ішкі дүниеңізде бәрі дұрыс болса, онда сырт күйіңіз де өз орнына келеді.

Экхарт Толле

5 0 ER 0.8156