Статистика ВК сообщества "ӨМІР ӨЗЕН..."
Қош келдіңіздер топ оқырмандары😊 жақынырақ танысып отырыңыздар бәріде сіздер үшін 😉
Количество постов 17 417
Частота постов 2 часа 21 минута
ER
38.52
Нет на рекламных биржах
Графики роста подписчиков
Лучшие посты
Тобымыздағы ана , қыз- келіншектерді бүгінгі 8- Наурыз мерекесімен құттықтаймын! 🥰🥰🥰
Неткен әдемі сөз!
Бір патша "Ең жақсы әрі көркем сөз айтқан адамға 400 динар берем!"- деп жарлық шығарыпты. Келесі күні нөкерлерімен сапарға шығады. Жолда жас зәйтүн ағашының шыбығын отырғызып жатқан тоқсандағы қарияны жолықтырады. Патша оған: «Мына көшетіңіз жеміс бергенше жоқ дегенде жиырма жыл керек. Төріңізден көріңіз жақын қалғанда жемісін көрмейтін іске неге арамтер болып жатырсыз?» – дейді.
Сонда қария: «Бұрынғылар еккен ағаштың жемісін біз теріп жеген болатынбыз, енді біз еккен ағаштан кейінгілер жемей ме?!» – дейді. Патша: «Неткен әдемі сөз!» – дейді де, қарияға 400 динар бергізеді. Ақшаны алған қарт күлімсірейді. Сонда патша: «Неге күлдіңіз?» – деп сұрайды. Қария: «Зәйтүн ағашы жиырма жылдан кейін жеміс берсе, менің ағашым қолма-қол жеміс берді!» – дейді. Патша бұл сөзге одан әрі таңғалып, тағы да 400 динар бергізеді.
Қария тағы да күлімсірей түседі. Патша себебін сұрағанда: «Зәйтүн ағашы жылына бір-ақ рет жеміс берсе, менікі екі рет жеміс беріп тұр емес пе?» – дейді. Бұл жауапқа қайран қалған патша тағы да 400 динар бергізеді. Сосын атын тебініп, қарияның қасынан жылдам қозғалып кетеді. «Неге асықтыңыз?» – деп таңырқаған уәзіріне: «Мына қарияның қасында тұра берсек, сөздері таусылғанша қазынамызды тауысып бітетін түрі бар» – деген екен.
Осылайша, жақсылық та еш таусылмай, әрдайым өз жемісін үздіксіз бере бермек!
Жақсылықтарыңыз таусылмасын Жақсылар....

Өткенде қайтыс болған шалдың асына барғанымда естігенмін. Бір кісінің әйелі бала үстінен қайтыс болып, оның артында екі баласы қалыпты. Сүйген жарынан айырылған еркек біразға дейін үйленбей жүріпті. Бірақ, әйелсіз үй қаңырап тұрады ғой. Үйдің берекесі кетіп, екі балаға ана іздеп, ақыры таныстарының ақасында бір шүйкебасты әкеледі. Әлгі келіншек ә дегеннен туыстары мен көрші-көлемге ұнап қалады. Момын. Көп сөйлемейді. Үй шаруасына да тындырымды келіншегіне күйеуі де риза болыпты. Бұл кезде кіші ұл екі жасқа келіп, үлкені төрт жаста екен. Кішісі өте мазасыз, беймаза болғандықтан жаңа түскен келінді онша-мұнша жақтыра бермепті. Өз құрсағынан шықпаған баланы кім бауырына бірден баса қойсын? Енесі мен атасы оған аса мән бере қоймапты. Солай уақыт жылжып жүре береді. Бір күні ата-енесі кіші ұлды үйлендіріп, соның қолына кетеді. Ал, күйеуі болса машинист болып теміржолда жұмыс істегеннен соң, кейде апталап жолда болады екен. Кіші ұл анасын сағынады ма, әлде уызына жарымай ембегеннен бе, кім білсін, әкесі жолға шыққаннан аңырап жылай береді. Осы кезде өгей ананың ішіне сайтан кіріп, екі баладан құтылудың жолын іздейді. Бұлар өздері рәзездің(разъезд) дәл жанында тұрғандықтан, өгей шешейге бұл тиімді болады. Сөйтеді де, екі баланы қолынан жетектеп поезд жолдың үстіндегі реліске байлай бастайды.
- Апа, не істеп жатсыз? -дейді үлкені күлімсіреп.
- Осы жерде жатсаңдар, қазір поезд келеді соны көресіңдер, қозғалмаңдар, жарай ма?- дейді өгей ана алдаусыратып.
Қуанып кеткен екі балақай мәз болып жатады. Сөйтеді де өгей шешей сәбилерден құтылғанына мәз болып, үйге қарай қаша жөнеледі.
Сәбилердің алаңсыз аспанға қарап жатқанына да біраз уақыт өтеді. Бұл кезде кеш те батыңқырап қалған еді. Біреуі былдырлап, екіншісі күлімдеп поезды күтіп жатқанында, гүрілдеген паровоздың дауысы шығады. Қатты шыққан дауыстан қорқып кеткен қос құлыншақ шырқырап жылай бастайды. Үлкені байланған жіпті итергенімен күші жетпейді. Осы кезде Құдайдың құдіретімен паровоз кілт тоқтай қалады. Ішінен машинист пен көмекшісі шығып, жерге қараса екі сәбидің тыпыршып, жылағанын көреді. Жалма-жан екеуін шешіп, хабарландыру береді. Кейін машинистен сұраған ғой:
- Қалайша білдіңдер?-деп. Сонда әлгі жүргізуші:
- Қатты зырғып келе жатқан едім, бір ақ киінген келіншек қолындағы қызыл орамалымен қол бұлғай берді. Шошып кеттім де, әрең тоқтай қалдым. Тоқтағаным сол еді, әлгі әйел жоқ боп кетті де, есесіне мына екі сәбидің жатқанын көрдім,- депті күрсініп.
Құлындарым, аналарыңның тілеуін тілеңдер. Сорлы шеше бала үшін отқа түседі, шоққа да табаны күйеді. "Әкемді алсаң, ал, Құдай, шешемді қой. Шекпен тоқып берсе де өлмеймін ғой", -деген екен бір байғұс. Әкенің жақсы көргені жездедей-ақ. Әйел өлсе, олар төсек жаңғырта салады. Сондықтан да, ұйықтар алдында: Анашыма ұзақ өмір бер деп ұйықтаңдар, деп әңгімесін аяқтады.
Сол әңгімеден кейін қанша жылдар өтсе де, поездға мінер кезде әлгі қос сәбиді арашалап қалған ананың әруағы елестейді.
Аналарымыз аман болсыншы!

Тобымыздың тұрақты оқырманы Қуаныш Тұрсынбай бүгінгі туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз! Жасыңа жас қосыла берсін.Әлемдегі бар жақсылықты тілеміз. Армандарың орындалсын
Жеңешем
Бөлісу
Мына бір жілікті айналайын Әдешжан мүжісінші. Ауылдағыдай қайдан болсын түге, тісін тісіне қойып отыр ғой. Мына қалтаны да салдым, ауылдың дәмі ғой. Айтпақшы, әлгі жаман немесі бар екен-ау тағы. Ой, былдырлаған неме-ай, өзін де сағындым-ау әбден. Өстіп жүріп оны да тосырқатып жібереді ғой енді.
Апам тынымсыз сөйлеп жүр. Калбалақтап қолы әр нәрсеге бір барады. Бір чемоданды жайлау үшін әп-сәтте үйдің ішін аударыстырып тастады.
– О немеге де сақтағаным бар еді, ұмытпасам осында ма екен? Апам енді сырлы кебеженің қақпағын көтерді. Әрең дегенде жиналып болып жолға шықтым. Апам оны- мұны айтып бір тынар емес. Екі жылдан бері, ана ғой… қатты сағынса керек, ақырында көзіне жас алып, қамығып қалды.
Жалғыз ағайым – Әдеш осыдан екі жыл бұрын институтты бітіре сала үйленіп, сол күйінде қалада тұрып қалған. Үйленген соң, жеңгем екеуі аз уақыт үйде болып кеткен. Одан кейін қайтып соққан жоқ. Анда-санда хат аламыз. Жуырдағы бір хатында ағайым: «Жорай демалысында келіп кетсін», – депті, соған шыққан бетім еді бұл. Оның үстіне апам-ақ шыдатар емес. «Сенен басқа біреу болса жүз барып,жүз келетін жер осы. Сенің-ақ кежегең кейін тартады да тұрады. Айналайын, қызметінен-ақ шыға алмай жүр ғой сорлап», – деп күнара қайталап қоймайтын. Жеңгемді де қайтып көруге асықпын.
Қалаға түнде келіп түстім. Мезгілсіз келгендіктен қорқыныш билеп еді, дегенмен көрсетілген мекен-жайы бойынша таксист жігіт дәл әкеп түсірді. Үлкен қызыл есікті қаққыштап жатырмын. Әлден уақытта барып:
– Бұл кім? – деген өктем дауыс естілді. Тани кеттім, жеңгемнің зор даусы.
– Мен, Жораймын ғой… – дедім ақырын.
– Ә, ә… Жорка, сенбісің?.. – Самарқаулау сөйлеп жеңгем ілгекті ағытты.
Үйге кірген соң, ұйқылы-ояу есіней тұрып жеңгем:
– Ал, шешін енді, – деді.
Сәл кідіріп, тыжырынып тұрып:
– Киімдеріңді анда іл де, мына диванға қисая сал. Анау ақ одеялды жамыларсың, – деді де менің чемоданымды алып
ішке еніп кетті.
Біраздан соң барып:Біраздан соң барып:
– Жораш! – деген әлдекімнің жұмсақ даусы естілді. Әдеш ағам екен. Ол өзіне тартып, қатты қысып арқамнан қаққанда, ағамды қаншалықты сағынғанымды енді сездім…
Ертеңгісін тұрсам, біраз уақыт болған екен. Тұрып киіне бастадым. Ағайым екеуміз енді шүйіркелесіп амандық сұраса бастағанымыз сол еді, ішкі бөлмеден жеңгем шыға
келді. Ұйпа-тұйпа болып, жаңа оянғандығын танытып жүр. Қолында шырылдап жылаған бала. Шамасы мезгілсіз мазалап оянса керек.
– Айызың қанар әлі-ақ, жұбатшы мынаны! – Баланы ағамның алдына әкеп тастай салды. Әдеш баламен болып кетті.
Жеңгем үй жинауға кірісті. Іс арасында ағама әлденелерді айтып болмады. Менің түнде ұйқысырап аунап шығатын әдетім болушы еді, сол әдетіме басып бүгін де диваннан
аунап түскенімде, ақ одеялдың бір шеті былғанып қалыпты.
Соны көріп жеңгем біраз сөйлеп алды.
Осы кезде Болатты көтеріп үнсіз жүрген ағам жеңгемнің көп сөзін доғарайын деді ме, әлде ойына түскен сол болды ма:Апам не сәлемдеме жіберіпті, Рақыш? – деді жұмсақ дауыспен.
– Төңкеріліп қазына келді дейсің бе? Бар… Әне көр…
Келген күннен бастап-ақ жеңгеме ішім суи бастады.
Ауылда болған кезде аз күнде сырын кім біліпті. Қарсы шауып, шабаланып тұрған біреу екен. Әсіресе, ағайымның апшысын бір уыс қып, жеп жібере жаздайды. Әдеш ағамның бұрыннан-ақ бұйығы, момындығы өзіме аян. Енді жеңгемнің алдында тіпті қауқарсыздығын көріп, аяп кеттім.
Бір-екі күннен соң-ақ қайтуға жинала бастадым. Өзіме қажетті нәрселерімді алдым да, кетерімде: «Келінге
айтарсың, ауылды жерде кәлеш-мәсісі түспегір кейде кездесе
бермейді», – деп ескерткен еді апам. Ол байғұс келінінің кім
екенін қайдан білсін, қалған ақшамнан жырмыштап жүріп оған да жеткіздім.
Жүрер алдында ағама апамның сәлемін айттым: «Жүрердей-ақ жүрді ғой шетте. Енді реті келсе, ауылға келсін. Сондай мұғалімдікті ауылда да істеп жүр ғой жұрт. Жетер енді, қатын-баласын жатсындырмай. Әдешке осыны айт», – деп тәптіштеп құлағыма құйып берген. Әдеш тыңдап болып, күмілжіп, қарсы алдында отырған Рақышқа қарады. «Не дейсің» дегеннің қалпы.
– Басымды кесіп алсаң да баспаймын ауылыңа! – Беті бүлк етер емес, қаймықпай қасқая қарап тұрып айтты.
Мен киініп жинала бастадым. Әзірлеп қойған чемоданымды ала бергенімде:Мынаны сала сал. Мамочкаң шәй ішер, – деп жеңгем азанғы шәйдан қалған конфет, печеньелерді газетке орап,
ұсынып тұр екен. Мен мырс еттім де:
– Алмаймын, рақмет. Ауылда печенье, кәмпит молшылық қой, – деп шығып кеттім. Жартылап ашық қалған есіктің саңылауынан жеңгемнің:
– Қарай гөр өзінің кесірін, – деген даусы естілді…
Авторы:Тынымбай Нұрмағанбетов