Статистика ВК сообщества "Тарихи Деректер ♛"

0+
Бүгінгі күн ертеңгі тарих...

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

МУАММАР КАДДАФИ КIМ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ӨЛТІРIЛДI?

Толық есімі: Муаммар бен Мухаммед Әбу Меньяр Сәлям бен Хамид Әл - Каддафи.

Алайда әлемде бұл ұлы тұлғаның есімін қалай дұрыс жазылатынын ешкім де біле бермейді. Себебі Каддафи есімінің латын әріпімен жазылудың отыздан астам түрі кездеседі. Сондықтан да БАҚ беттерінде оны Gaddafi Gathafi Gadafy Qaddafi деп әр түрлі жазу жиі кездеседі. Ал Каддафиді өз халқы мен африкалықтар Ливияның арыстаны деп атаған бұл атау көсемнің өзіне де ұнаған екен.

Каддафи өмірін зерттеуші биографтар оны нақты қай жылы туғаның анық айта алмайды. Бірақ олар Ливия арыстанның 1940 жылы туған десе Каддафидiң өзі 1942 жылдың жазы айы 19 маусым күні Ливияның итальяндық Сирт қаласынан 30 шақырым жерде туылғанын айтады. Әкесі Мұхаммед Әбу Меньяр әл - кадаффа руынан шыққан өмір бойы түйе мен ешкі баққан араб бәдәуi болса анасы Айша бен Нуран үй шаруасындағы әйел болған. Каддафи әкесінiң өміріне риза болып оны мақтан тұтқан. Ол ешкі мен түйе баққан мұсылманды кедей емес нағыз азат адам деп таныған.

Каддафи шетелге шыққан сапарында бiр қызығы өзімен бірге шұбат алып жүрген екен. Түйе малына ерекше кұрмет көрсетiп өз елінде түйе шаруашылығын дамытуға заң шығарған. "" Үнемі түйені көргенiмде әкемнің жастық шағында түйе баққаның шексіз шөл даланы кезіп жүрген мұсылман адамның азат жүргенiн көзiме елестетемін "" - деп еске алады. Ливия арыстаны

Ал бiрақ Каддафидiң шығу тегі жайлы басқа да деректер бар. Кейбір зерттеушілердің болжамынша Каддафидiң әкесі мүлдем басқа адам болған делінеді. Зерттеушілердiң айтуынша "Азат Франция" офицерi болған француз ұшқышы Альберта Прециози Каддафидiң әкесі дейді. Ұшқыш 1941 жылы Ливияның шөл даласына құлағанда оның денесі сол күйі табылмаған. Осыған сәйкес зерттеушілер оның Каддафидiң әкесі болуы мүмкін дейді. Бірақ та әкесі мен баласы бiр қарағанда бiр - бiрiне өте қатты ұқсас.

1969 жылы Ливияда төңкеріс жасап билiк басына келді. Ол халық жағдайын жақсарту үшін барын салды. Ең алдымен әйел құқығының қорғалуын басты назарға алған. Тiптi оның күзетшілері 40 қызды таңдап алып өмірiнiң соңына дейін оларды өзімен бірге алып жүретін. Бұл әрекеттерге ол мұсылман елдерінде әйелдер құқығының тапталып бара жатқанын көргендiктен барды. Каддафи билiк басында болған кезде өзге елдердің дамуында болып кеткен қателіктер мен олқылықтарды жою үшін арнайы комитет құрып мемлекетте олқылықтар орын алып жатса дереу арада жоюға пәрмен берген. Ол әр адамның өмірінде үлгі тұтарлық азамат болуы тиіс деп есептейтін. Каддафи Махатма Ганди Авраам Линкольн секілді тұлғаларды пiр тұтып олардың жалынды сөздерiн есiгiнiң алдына iлiп қоятын. Каддафи халқының жағдайын жақсарту үшін өз жанын аямады. Билiк басына келе сала өзге елдердің әскери базаларын алып тастады. Тек қана өз елінің әскери қуаты күшті мемлекет қана өзгелерден биік тұрады деген ұстанымды ұстанған басшының бұл әрекетін ел халқы бірден қолдады. Каддафи мемлекеттің жағдайы жақсы болуы үшін алдымен сол елдің халқының жағдайын бiлу керектiгiн жақсы түсінiп барлық әлеуметтік нысандар мен қызмет түрлерін тегін қылуға тырысты. Пәтерақы электр жарығы су мен газ бiлiм саласы медицина бәрі - бәрі тегін болды. Тiптi денсаулық саласына да қатты көңіл бөлген Каддафи дәріханадағы дәрі - дәрмектерді тегін қылды. Ал егер бiреу - мiреу қолдан дәрі жасап сататын болса оған өлiм жазасын қолданған. Сонымен қатар медбикелердiң жалақысы 1000 $ көтеріліп ал шетелге емделушілерге тегін квота беретін болған.Отбасын құру мен отбасы құндылықтарына ерекше көңіл бөлуді жөн деп санады. Сол үшін ол үйленген жастарға баспаналы болсын деп 65000 $ қаражаттан бөліп отырды. Ал нәрестелі болған сәтте жас сәбиге көмек ретінде 7000 $ мемлекеттік қазынадан қаражат бөлінді. Көп балалы отбасыларға арнап арнайы азық-түлік дүкендерін салдыртты. Ол дүкендердегі баға өзге дүгендердегі бағадан 50% арзан болды. Отбасының әрбір мүшесіне жыл сайын мемлекет 1000 $ көлеміндегі бір реттік дотация беріп отырды. Егерде кімде-кім жұмыссыз қалса оған жұмыс тауып алғанше ай сайын 760 $ көлемінде жәрдемақы тағайындады. Муамар Каддафи елінде заңсыздықты толыққанды жойғысы келді. Сол ізгі мақсатты іске асыру барысында барлық риэлторлық (мердігерлік) қызмет түрлеріне қатаң тыйым салды. Ол мердігерлікті алаяқтық деп атап, бұл қызмет түрімен айналысатындарды 10-20 жыл бас бостандығынан айыру жайлы заң шығартты. Мерзімі өтіп кеткен азық-түлікті сатқан сауда орындары жабылып, заңсыздыққа жол берген азаматтар ұзақ жылға темір торға тоғытылды. Ал арақ-шарап сататын мекемелерді өзге салаға бейімдеп беріп мемлекетте алкогольді ішімдік түрлеріне тыйым салды. Ливия Африка құрлығындағы ең шөлді мемлекет екені белгілі. Сахараның бір бөлшегіне жататын бұл шөлді аймақта ауыз су мәселесі бірінші орында тұрған еді. Бірақ Муамар бұл мәселенің де оңтайлы шешімін тапты. Шөл даланың қақ ортасынан су шығаруға бұйрық беріп оған 90 млрд $ қаражат бөлді. Нәтижесі көп күттірмеді. Мамандар барын салып шөл даланың қақ ортасынан 500 метр төмендіктен су шығарды. Ендігі таңда Ливия шөлді аймақ емес жайқалған жасыл мекенге айналып сала берді. Осы игілікті ісі үшін ел халқы Каддафиді "Су шығарған Муамар" деп атап кетті. Сумен қоса жеміс-жидек өсіру шаруашылығы да өркендей түсті. Жеміс жидектің 80% шетелден алатын Ливия енді өзі жеміс-жидек экспортын дамытты. Каддафи өз өмірінің барлық кезеңін күреспен өткізген жан. Ол барлық мұсылман елдерінің басын біріктіріп ортақ ұйым құруды армандады. Израильдің Палестинаға жүргізген саясатын айыптап үнемі Палестинаға қаржылай көмек беріп отырды. Африкадағы тоқтаусыз соғыстар мен аштықты кемсіту мен кедейшілікті ауызбіршіліктің жоқтығының кесірінен деп біліп Африка Құрама Штаттарын құру арқылы бұл мәселелерді шешу керектігін мәлімдеді. Муамар Каддафи билік еткен тұста Ливия халқының саны 3 есеге артып балалар өлімі 9 есеге дейін кеміген еді. Ал адам өмірінің ұзақтығы 51 жастан 74 жасқа дейін ұзарды. Өмірі өнегеге толы Муамар 2011 жылы Ливиядағы азаматтық соғыс кезінде қанқұйлы лаңкестердің қолынан өлер алдында ол былай дейді: Харамалейкум сендерге арсыз - ұятсыздар неткен оңбағансыңдар. Сол сәтте бүкіл әлем диктатор тақтан құлады деп қуана жар салған еді.

Эххх көзі тірісінде жасаған жақсылығын ұмытқан ливиялықтар қазiр бармақтарын шайнап отыр.....

35 32 ER 1.9274
БАХА ФЕСТИВАЛЬ ДЕГЕН КIМ?!.

1990 жылдардың басында Қазақстанда алматылық Баха-Фестиваль­дің (Бақыткелді) дәурені жүрді. Бұл жігіт көпші­ліктің есінде аса қатыгездігімен қалды. Өзімен санаспағандардың тақиясын теріс айналдырып жіберетін батырлығы жайлы да аңыз көп. Ол алматылық бауырларын ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстады. Алайда бұл тірлігі ресейлік «шіренушілерге» ұнамады. Ешкімнің алдында тізерле­меген Баха-Фестиваль небір мықтысымақтарды орнына қойды. Ол 1993 жылы жанындағы төрт көмекшісімен бірге көз жұмды. Қазақстандағы рэкеттерге жа­салған ең бірінші қастандық та осы Бахаға бағытталды.

Шындығын айту керек, біздің елде қылмыс әлемінің серкелері жайлы деректер өте аз. Бұл тақырып әлі де өз дәргейінде зерттеліп жазыла қойған жоқ. Сондықтан да қолда бар деректерді ғана місе тұтуға мәжбүрміз.

Баха-Фестиваль 1963 жылы Алматы облысындағы қазіргі Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. Кіндігі қазақтың ақиық ақыны Мұқағалидың жырларына арқау болған әйгілі Қарасаздың топырағында кесілген. Райымбек батырдың тікелей ұрпағы. Ол кезде Қарасаз «Энгельс совхозы» деп аталатын. Сол Энгельстен бала Бақыткелді ата-анасымен 3-4 жасында көшіп, қазіргі Еңбекшіқазақ ауданына келіп тұрақтайды.

Бақыткелдінің әкесі Қаматай ақиық ақын Мұқағалидың досы болған. Екі отбасы аралас-құралас болыпты. Тіпті, Мұқағали сәби Бақыткелдіні көтеріп тұрып суретке де түскен екен. Бақыткелді дүниеден озған соң, осы үйге келген қонақтар естелік үшін Баха-Фестивальдің суреттерін алып кететінді шығарады. Бақыттың Мұқағали ағасымен түскен суреті сол кезде қолды болса керек.

1966 жылы Қарасаздан Шелекке көшіп келген соң, Бақыткелдінің балалық шағы қазіргі Еңбекшіқазақ ауданының Сөгеті ауылында өткен. Бақыткелді өте алғыр бала болып өседі. 1-сыныпты Сөгетіде оқып, одан кейін оқуын Шелек ауылында жалғастырды. Математика мен физика пәндеріне деген қызығушылығының арқасында Алматыдағы О.Жәутіков атындағы физика-математика мектебіне қабылданды. 8-сыныптан бастап, бір жарым жылдай сол мектепте оқиды. Бақыткелдінің білімі өз алдына, спорттық қабілеті де жоғары деңгейде болды. Ол спорттық сайыстарда көзге түсіп, артынша өз қалауымен спорттық мектепке ауысып кетеді.

Бақыткелді 17 жасында мектепті тәмамдап, қазіргі Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетіне (Нархоз) оқуға түсті. 1-курсында әскер қатарына шақырылып, борышын өтеу үшін Ауғанстанға аттанды. 1981 жылы алғашқы лекпен Ауғанстандағы соғысқа қатысады.Бақыткелдінің батыр болып қалыптасуына соғыстың ықпалы зор болды. Қылмыс әлемінің серкесіне айналуына да сол Ауғанстанда көрген тағдыры әсер етсе керек. Өзгелер бейбіт өмір сүріп жатқан кезде ол Ауғанстанда қан кешіп жүрді. Мұның бәрі Бақыттың санасына әсер еткен.Ауғанстаннан келе салып, Бақыткелді қайтадан оқуына қабылданды. Бірақ түрлі жағдайларға байланысты оқуын бітіре алмай, баспаханада жұмыс істеп көреді. Сөйтіп жүргенде Одақ ыдырап, жатжұрттықтар елімізде тайраңдай бастады. Сол тұста қазақтың жүректі жігіттері саясат сахнасына көтерілді.

Бақыткелдінің ағасы Амангелді Баясов інісі жайлы сұхбат бергенде: «Мен сізге бір мысал айтайын. Қазақтың белгілі боксшысы Бекзат Сатарханов жиырма жасында өмірден озды. Сөйте тұра, ол өмірге келгендегі миссиясын толық атқарып, Сидней Олимпиадасында қазақтың туын көкке желбіретті. Меніңше, Бақыткелдінің де өмірге келгенде атқаруы тиіс өзіндік миссиясы болды. Ол сол миссияны адал атқарып, өз заманының батырына айналды. Көп азаматтарға көмек қолын созды. Күштілердің бәрі Бақыттан ығатын-ды. Оның жаны әділдікті қалайтын, тәртіпті жақсы көретін, айтқанын орындайтын, орындатқызатын. Мұның бәрі өнер. Бір ғана мысал, Бақыткелді Өскемендегі шешендер мен қазақтар арасындағы түйткілді мәселелерді шешті. Осы оқиғадан кейін оның абыройы қатты өсті» депті.Рас. Сол тұста Бақыткелдінің абыройы қатты асқақтады. Грозныйдан қылмыс әлемінің жігіттері келіп Бақытқа: «Алматы бай қала екен. Осы қаладан бізге жұмыс істейтін бір аудан бер», – деп өтініш айтады. Олар өте үлкен дайындықпен келіпті-міс. «Жоқ» деп айтса, атыс болып, көп адамның өміріне қауіп төнеді. «Иә» дейін десе, «Қазақстандағы барлық мәселені өзіміз шешеміз» деген қағидасына қарсы болады. Бақыткелді әлгі жігіттерге: «Жарайды, Алматыдан бір аудан алыңдар. Бірақ бізге Грозныйдан дәл сондай аудан бересіңдер», – депті. Осы сөзден кейін астамсыған жатжұрттықтар не дерлерін білмей сасып қалады.

Бақыткелдінің осы бір сөзі қанатты сөзге айналып кетті. Бақыткелдінің жолдастары оның адал адамның бәрімен дос болатынын айтады. «Талай жігітке жәрдемдесіп, қолынан келген көмекті аяған жоқ» дейді олар. Баха-Фестиваль қазақтың белгілі қайраткер ұлы Асанбай Асқаровтың басына іс түскенде де қол ұшын созған. Түрмеден шыққан соң Асанбай ағаға «Волга» мінгізді. Асанбай Асқаров Бақыттың осы жақсылығына риза болып, әке-шешесіне алғыс айтып, арнайы келіп, қонақ болған көрінеді.

Кеңес Одағы ыдыраған тұста елімізде бейберекетсіздік басталды. Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс мемлекеттік құрылымдар өз құлқынының құлы болып кетті. Ешкім ешкімге сенбейтін, қазір жасалған келісім-шарт қазір бұзылатын... Бірін-бірі алдаған, бірін-бірі тонаған заманда кімнің ақшасы көп болса, прокурор да, сот та соның сөзін сөйлейді. Осындай әділетсіздікке Бақыткелділер шыдаған жоқ. Ұлтына, нәсіліне қарамай әділетсіздікке қарсы тұрды. Оның атының әлі аталуы, абыройының халық санасынан өшпеуі неліктен деп ойлайсыз? Бұл – әділдігінің арқасы.

Бақыттардың қызметіне шенеуніктердің де жүгінген кездері болды. Бір күні Бақытқа бір жақсы танысы келіп, туысының әлдекімнен алданып қалғанын айтыпты. Бақыт дереу екі жақты да шақыртып сөйлеседі. Бақыттың танысы арқылы келген адам асқақтап, ал екінші тараптағы жігіт қобалжып отырады. Бақыт екеуін беттестіріп, әділдік танысы жақта емес екенін біледі де, істі қобалжып отырған жігіттің пайдасына шешіп береді. Сонда ол таңғалып: «Бұл өмірде дәл осындай әділ адам бар деп ойламаппын», – депті.

Бақыткелді 1993 жылы 7 қазанда Алматыдағы Жандосов көшесінің бойында орналасқан №12 емханада көз жұмды. Қастандық Кеңсай жақтағы Асқар деген досының үйінде жасалған. Амал не, ауыр жараланған Бақыткелді 11 қазан күні, яғни 30 жасқа толған туған күнінде жер қойнына тапсырылды.

9 21 ER 1.3067
МӘЛІМ ДЕ БЕЙМӘЛІМ ҚАЗАҚ САРБАЗЫ

1944 жылы сәуірдің 12-13 қараған түні Днестр өзенінің маныңда бір ДОТ бар яғни ұзақ қорғаныс нүктесі.Сол жерде жалғыз қазақ тірі қалған еді.Немістердің оқдәрісі таусылып румындарды сол жерді күзетуге қалдырған.Бір де бір дотты көзден таса қылмай жою туралы бұйрық беріледі оларға.Бірақ әлгі қазақ бір апта бойы беріспеді.Суы жоқ оғы жоқ түгі қалмаған еді.Қараңғы түндердің бірінде тасадан шығып жалғыз өзі 20 румынды пышақтап өлтірді.Олардың қаруын алып әрі қарай Берлинге дейін жетті.Бұл батырдың есімі - Тәңірберген Қалилаханов 1916 жылы Алматы облысы Бөрлітөбе ауданы Кесікқұм қыстауында туған....

7 7 ER 0.9743
ЧУКЧАЛАР МЕН ҚАЗАҚТАР ҒАНА ОРЫСША СӨЙЛЕГЕНІНЕ МАҚТАНАДЫ

Христиандардың 31-ші желтоқсандағы жаңа жылын қазақтар үш айдай тойлайды ғой, қасиетті Наурызды қалай өткеріп жатыр екен деп 23 наурыз күні тысқа шықтым. Бұрын «Сарыарқа» деп аталатын қазір аты-жөні беймәлім базардан өтіп Абай мен Алтынсариннің қиылысына бет алдым. Не базарда, не бірде-бір көшеде «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын», «Наурыз құтты болсын!» деген бір ауыз сөз жазылмаған.

Ет дүкеніне кірдім. Қазақтың өзі бағып-қағып өсірген жылқы етінің үстінде «Конина», қазақтың ақбас сиырының етінің үстінде «Говядина», Еділбай тұқымды қой етінің үстінде «Баранина» деген орысша жазулар ғана жатыр. Тауығымның еті «окорочкаға» айналып кетіпті. Ортан жілік, тоқпан жілік, асықты жіліктер – «лытка» деген «атақ» алыпты. Қаным басыма шауып шыға жөнелдім де көрші нан дүкенге бет алдым. Есігінде «открыто» деген жазу! Қазақ даласында егіліп, орылып бастырылған астық нандарының үстінде де «Московский», «Бородинский», «Полтавский», «Лепешка», ал сүт пен айранның үсті толған «Мое молоко», «Зорькин луг», «Мумуня», «Коровье», «Кефир», «Сливочное» т.б. Шашын сап-сары қып бояп алған сатушы қазақ әйелі «Здравствуйте! Что желаете?» деді. «Біз бір жарым миллиард қытайдың ішінде жүріп бір-бірімізбен қытайша араластырмай сөйлейміз, Қазақстанда тұрып сіздерге не болған» дедім. Ол бетіме бажырая қарап «Какая разница?» деді. Шығып баратып: «Чукчалар мен қазақтар ғана орысша сөйлегеніне мақтанады» дедім анаған әдейі есіттіріп. «Сам ты чукча!» деді ол. Қарным аша бастады. Абайдың бойындағы «Қағанатқа» кірдім.

- Біріншіге не бар? - дедім аспаз қызға.

– Говяжий, сосын курийный суп!

– Маған говяжий емес, сиыр сорпасын беріңіз.

– Полный ма, половина ма? - дейді қыз.

– Половина емес, жарты, - дедім.

– Күріш ботқа бар ма?

– А-а, каша рисовая ма? - дейді қарындасым.

– Рис керек емес, күріш бер, - деймін. Даусым дірілдей бастады.

– Бір кесе шәй!

– С молоком ба, без молока ма? - дейді қыз.

– Ойбай, сүт қатқан, ойбай, - деймін күйік көтеріп.

Асханадан шығып Алтынсариннің бойындағы аялдамаға кеп отырғаным сол еді жасы біразға келген әйел келіп: – Осы Абая ма, Алтынсарина ма? - деді.

– Екеуі де емес, - деп теріс қарадым жыным қозып. Ол кетісімен бір қазақ жігіті маған қарап: «Братан сағатыңыз неше болды? - деді. «Братаныңнан» сұра деп тағы теріс айналдым. Қасыма екі қазақ қызы келіп отыра қалып темекілерін тұтатты.

– Әһ! Мұрындарыңды құрт жеп бара ма, анау жаққа барып шегіңдер, - дедім. Орындарынан тұрып бара жатып біреуі маған есіттіріп «Вот ауылбай» - деді. «Что поделаешь, мамбет есть мамбет» деді екіншісі. «О-о, шешеңді!.. - дедім мен де есіттіріп.

Шашын қып-қызыл қып бояп алған қазақ кемпір немересімен келіп «Идем, Абулхаир! Посидим!» - деді. Жүрегім атқақтай жөнелді. Автобус келді. Бақылаушы жігіт «По Абая прямо!» По Абая прямо!» деп бақыра жөнелді. Кіре бергенім сол еді ол да «Брат, за проезд төлеңіз!» - деді.

– Жолақы ма?

– Да, да жолақы! Какая разница!-дейді ол да.

– 12-13 жасар орыс баласына жақындадым: Орныңды берші, отырайын!

– Я не понимаю по казахский!

– А что, в школе не изучаете казахский язык?-деймін.

– Изучаем! Но я не хожу на урок казахского языка.

– Почему? - деймін мен.

– А не каждому он нужен, - деді беті бүлк етпестен.

«Да, ты прав, пацан!» - дедім ішімнен ғана. Оған қарап «Сен Қазақстанда туып-өстің, қазақ жерінің дәм-тұзын татып келесің. Егер сен мәдениетті, өзгені сыйлай білетін ұлттың өкілі болсаң, бұл елде қазақ тілін білуге міндеттісің. Анау, неміс, поляк тағы басқа ұлттар қазақшаны тез-ақ үйреніп алады ғой, - деп біраз сөйлегім келіп тұрды да Елбасымның «Орысша сөйлеген адамға қазақша жауап бергендер жазаға тартылады, жұмыстан шығарылады» деген ескертуі есіме түсіп аузымды қос қолыммен баса қойдым.

Үйге келдім. Сырт киімімді шешіп жатып: "Шынымен біткеніміз бе? Қазақтың жойылып бітуіне көп қалмағаны ма?" деппін даусымды шығарып.

Зайыбым (қазіргі қазақтар «жолдасым» дейді):

- Ауруың тағы басталды ма, - деді.

– Иә, мен аурумын! Ауруы меңдеген қазақ деген ұлттың ұрпағымын, - дедім оған есіттірмей. Сосын өлең жазып, соңғы шумағын:

Базарбайлар бас тартса сүре, аяттан
Атанам ба мен дағы «Құдай атқан!»
Қазақ емес «жаңа ұлт» боп
Беймәлімге
Ағып барам құбырмен мұнай аққан

Құр сағымды қуғандай құрық алып,
Мәңгі ел ұлт, ұлы халық
Дінсіз, тілсіз жағаға қазақ жетер
Ескегі жоқ қайыққа мініп алып, - деп аяқтадым.

14 14 ER 1.4882
Ясин сүресінің қасиетінен аман қалған әскер
Бір күні батыр Баукең бүкіл әскерімен немістердің қоршауында қалып қояды. Ашыққан әскеріне қайыңның сорпасын беріп әлдендіріп енді жау ортасынан шығудың жолын іздейді. Баукеңнің досы: «Құтқаратын бір Құдай ғана. Сен маған мына сарбаздарыңның арасынан «Ясин» сүресін білетіндерді тауып бер!» деген екен.

Баукең сөзге келмей төрт адамды тауып, «Ясин» сүресін әскерлердің арасын аралатып жүріп оқытқызады. Сосын, әскердің қазағы, орысы демей бәрінің тілін кәлимаға келтіріп, «Ясин» сүресінің сегізінші аятын жаттаттырып, түнде екі бас намаз оқытып таң қылаң бере бастағанда қоршаудан шығуға қамданады. «Әрбір солдат осы сегізінші аятты оқып, қатардан қалмай, жан-жағына қарамай, бір-бірімен сол дұғадан басқа дүниелік сөзді айтушы болмасын. Әсіресе, немістер жаққа басын бұрып қараушы болмасын» деп қатаң шарт қояды. Солдаттар төрт жағынан «Ясин» сүресін білетін төрт адамды қойып, Баукеңді солдаттардың нақ ортасына қояды. Бұлар жүріп бара жатқанда екі шақырымдай жерде немістер жан-жағына көз салып қарап тұрады. Бірақ, бұларды көрмейді. Сөйтіп немістің үш қоршауын кешіп өтіп, он сегіз шақырымды артқа тастап орманға кірер тұста, артқы жақта қалған соңғы бөлімнің бір орыс солдаты көрмей тұрған немістер жаққа қарап күбірлеп сөйлеп қояды да сол тұста шайқас басталып «Ясинді» оқыған төрт адаммен бірнеше солдат шейіт болады.
Кейін «Ясин» сүресін оқып аман шыққанына көзі жеткен Ворошилов осы оқиғаны Сталинге жеткізеді. Таңқалған Сталин Мәскеуді қорғау үшін Бұқарадан қырық қари шақыртып, дұға оқытқан деседі.

14 8 ER 1.0049
ФИЛИПП ГОЛОЩЕКИНДI ҚҰЛАҚ ШЕКЕДЕН ҰРЫП ТАЛДЫРҒАН ҚАЗАҚ - ЖАЛАУ МЫҢБАЕВ

Жалау Мыңбаев 1892 жылы 16 қарашада бұрынғы Адай уезі Құнан - Орыс ауылында дүниеге келген. 1905 - 08 жылдары Форт - Александровскідегі (Ақтауда) екі сатылы орыс - қазақ мектебінде білім алған.

Жалау Мыңбайұлы қаламынан жел ескен әрі тегеурінді қайсар публицист. Жалауды публицистикаға алып келген сол тұстағы қоғамдық формацияның жай - күйі өскен ортаның сұранымы қажетсінуі өз халқына деген қамқорлық сүйіспеншілік жан - жақты білім ерекше дарын - қабілет публицистикаға иек арттырды.

 1917 жылдан Маңғыстау уездік кеңесінің мүшесі. Сол жылы желтоқсанда Түркістан (Қоқан) автономиясын Маңғыстау өңірі адайларының қолдайтындықтарын білдіру мақсатында Қоқанға барды. Мұстафа Шоқаймен осы жолы танысқан ол 1919 жылы көктемде оны теңіз арқылы шетелге шығарып салды. 1919 жылы "Бірлік" жастар ұйымының төрағасы 1920 – 23 жылдары Маңғыстау уездік атқару комитетінің азық - түлік бөлім бастығының орынбасары Адай уездік милиция бастығы Адай уездік ревкомының (1923 – 24) төрағасы қызметтерін атқарды. Мыңбаев БК(б)П 14 - съезінің қазақ облыстық 3 – 5 партия конференцияларының Қазақстан кеңестерінің 4 – 6 - съездерінің делегаты болды. Қазақ АКСР Кеңесінің 5 - съезінде Қазақ АКСР ОАК - ның төрағасы болып сайланды. Бұл қызметте жүріп республикадағы барлық басқару органдарын жергіліктендіру (қазақтандыру) ісіне басшылық жасады халықтың әлеуметтік жағдайын және денсаулық оқу - ағарту мәдениетін жақсартуға күш салды. Мыңбаев қазақ халқының мүддесіне қайшы келетін Кеңес өкіметінің солақай саясатын сынға алып балама жол ұсынған С.Сәдуақасов Н.Нұрмақұлы т.б. тобында болды. 1926 жылы 25 қаңтарда Қазақстан өлкелік комитетінің пленумында бұл топқа ұлтшылдар деп айып тағылып қатал сынға ұшырады. Ф.Голощекиннің тапсырмасымен БК(б)П қазақ өлкелік комитетінің бақылау комиссиясы Мыңбаевтың үстінен іс қозғады. Мыңбаев ұлтшыл атанып сынға ұшырады. 1927 жылы орнынан алынып Гурьев (Атырау) округі атқару комитетінің төрағасы қызметіне төмендетілді. Ол бұл қызметі барысында Гурьев округінің мұнайлы өңір екенін ескерiп ауыр өнеркәсіпті дамытуға күш салды.

Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшысы Филипп Исаевич Голощекин 1926 жылдың күздің қысқа айналар уақытында кабинетіне ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы Жалау Мыңбаевты шақырып алып шұғыл түрде ортадан шыққан жоғары шаруашылығы бар қазақтардан бастап олардан да ауқыттыларының малдарын тартып алып иелерінің дүние - мүлiктерiн кәмпескелеп өздерін жер аударуға тапсырма береді. Жалау Голощекиннің бұл айтқандарына ашуын келтіріп тұрса да өзін сабырлықпен ұстап бұл icтi көктемге қалдырайық деп сұранады. Сосын байлардың малын қыста жинап алсақ олардың қыстан аман шығуы қиындық туғызады. Оның үстіне тек мал ғана қырылып қоймай малдан айырылған халық та қырылады дейді. Бұрыннан да көптеген мәселелерді шеше алмай жүрген Голощекин Жалаудың айтқандарына құлақ аспай орындықта отырған Жалаудың жанынан арлы - берi жүріп оны сен контрсың өкімет пен партия саясатына қарсы шығып отырсың. Сен нағыз ұлтшылсың деп жерден алып жерге салып балағаттайды. Оған шыдамы төзбеген Жалау бiр сәт аузынан ақ ит көк ит шығып жатқан Голощекинді құлақ шекеден бiр ұрып талдырады. Қайратты жігіттің соққысынан мұрттай ұшқан ол 2 - 3 минут есіннен танып қалып кенет есін жиып еңбектеп барып телефонға жабысып тетікті басып қалғанда арғы жағынан: Филипп Исаевия не болып қалды деген Сталиннің даусы естіледі. қол - аяғы дірілдеп тұрып Жалау Мыңбайұлының оны ұрғанын баяндайды.

Сөйтіп Сталин Жалау Мыңбайұлына дереу Москваға келуін бұйырады. Сталин оны жеке қабылдап ұруының себебін сұрайды. Жалау бәрін баяндап береді. Екеуінің сыйыспайтынын білген Сталин оны Гурьев округі атқару комитеті төрағысы кызметіне жұмысын ауыстыртқан екен. Бірақ сұрқия саясат деген істемей қоймады Голощекин асыра сілтеу болмасын аша тұяқ қалмасын деген жымысқы талабы орындалып кәмпескелеу науқаны жүре бастағанда соның салдарынан Ұлы ЖҰТ жылы атанған ашаршылық жылдары белең алады

Қазіргі Қазақстан шекарасының оңтүстік - батыс бөлігі осы Жалау Мыңбаевтың арқасында сақталып қалған. 1920 – 23 жылдары Маңғыстау уездік атқару комитетінің азық - түлік бөлім бастығының орынбасары болып тұрғанда сол жылдардағы жұттан аштықтан халықты аман алып қалуға өте көп күш салған. Яғни орталықтың рұқсатынсыз - ақ Астрахань Хиуа өңірлерінен астық алдыртқан. Өнер саласына да қосқан үлесі бар. А.В.Затаевичке 4 ән жаздыртып қалдырған екен. Ж.Мыңбаев төраға болып тұрған тұста қазаққа қазақ аты берілді яғни КирЦИК КазЦИК деп өзгертілді.

Ақыры 1929 жылы қызметінен өз еркімен кетiп ауыр науқастан көз жұмады.....

10 3 ER 0.7659
5 жыл Coca-Cola ішкен жігіт миында ісік пайда болып, буындары істемей қалғанын айтты

Әлеуметтік желіде 5 жыл бойы үздіксіз кока-кола ішкен жігіт оның зияын айтып, өзгелерге ішпеуге кеңес береді.

Дерте шалдыққан жігіт өзінің 5 жыл Кока-кола сусынын шығаратын зауытта істегенін айтып өтті. Өзінің айтуынша, сол уақыттарда коланы күнделікті таңғы, түскі уақыттарда ішіп жүрген. Осыдан соң тістері ойылып қалады. Оны коланың салдарынан екенін ескермеген жігіттің миында ісік те пайда болған. Дәрігерлер оның жазылуын екіталай деп жорамалдаған. Жігіттің сүйек буындары да істен шығып, соңы артроз дертіне айналған. Видеодан жігіттің балдаққа сүйеніп тұрғанын да байқауға болады.

Сусынның қалай жасалатынынан хабардар жігіт оның өте зиян екенін, тіпті тәттілігінен адамды қант диабетіне шалдықтыруы мүмкін екенін ескертеді.

Науқас жігіт өзінің қателігін өзгелер қайталамаса деген ниетпен басындағы жағдайды айтып берді.

18 13 ER 1.4206
Сержант Стабби - Бірінші дүниежүзілік соғыстың соғыс иті.
Сарбазға қыша газы туралы ескерте отырып және зардап шеккендерді тауып отырды.
Ол 18 ай қызмет етті, 17 шайқасқа қатысты. Ол соғыстан аман өтіп, 1926 жылы бейбіт жолмен өз өмірінен кетті.

3 1 ER 0.8943
ТIРIДЕЙ ҚАЗАҚТЫҢ ТЕРІCIН СЫПЫРҒАН - ДЖА ЛАМА НЕМЕСЕ ДАМБИЙЖАНЦАН ДЕГЕН ИТ

1912 - жылы Алтайды ата - мекен көне баба жеріміз деп мекендеп жатқан Керей қазақтарына мәңгілік қасiреттi оқиға туылды. Адамды ата салу аса салу ұрып өлтіру әр түрлі тәсілмен зорлап өлтіру бер жағы екен. Адамды етінен тірідей терісін сыпырып тұлып жасап іреп сойып өлтіру оқиғасы туылды. 

Моңғол елінің билеушісі Боғдыханға адал болған Дамбийжанцан өлкені реттеуге рұқсат алып Алтай тауларына келiп сонда мекендеп жатқан Қобда мекенi маңайындағы қазақтарды шекарадан асырып моңғол жерлеріне көшiрiп оларды солай билесек деген ой сап ете қалады. Моңғолды билеген дiн басшыларына қазақтардың шекарадан асып не арғы жағында не бергi жағында көшіп - қонып еркін жүргені кейбір ауылдары сол кездегі Қытайды билеген Цинь патшалығымен араласып тұратын ел басшылары да бары ұнамай сол үшін оларды Моңғол жеріне қарай көшірсек Цинь патшалығынан бiзге қауіп жоқ деп сенді. Қазақтарды билейтін уақыт жетті деген желеумен қару алып Дамбийжанцан 500 әскерiмен қазақ ауылдарын шауып бiрiнен соң бiрiң басып алып әйел - бала кемпiр - шал демей бәрiн аяусыз өлтіреді. Тiрi қалғандарды Дорвод далайханың дамби өлетінің хошунына (елді - мекен) күшпен айдайды. Еркіндiктi аңсаған қазақтар ешқашан жауға оңай берiлмедi. Кейбірi қарсыламыз деп аяусыз жаншылып жатты олар қанша қарсыласса да жау тiсiн батыра түсті. Сол кездегі моңғол қазақтарынан ел билеген билердің бiрi шеруші руының Қылаң руынан шыққан топ өз еріктерімен айдауға қосылып кетті. Алайда қазақтардың көрсеткен қарсылығы Дамбийжанцанға қатты соққы болды. Себебі ол 500 әскерiмен шайқасып жүрiп 300 әскерiмен ғана аман қалады. Кейін ол нағыз айуандық әрекетке көшеді. Енді ол мынадай үндеу тастайды: Қарсыласқан адамды малымен қоса қырыңдар аямаңдар ешқайсысын дейді.

Содан соң Дамбийжанцан бiр топ жасақ жинап Қарақас руы Ақынбектiң ауылын шауып күшпен айдай бастайды. Жастарын ұрып - соғып кемпір - шалдарды тез жүрмедiңдер деп таяқ астына алады. Мiне мына қорлықты көрген Ақынбек қолына қамшысын алып моңғол әскеріне ұмтылады. Ал әлгілер болса мынау қамшымен бiзге не iстей алады деп қарқ - қарқ күледі. Содан Ақынбек жақындап келген 4 әскерді қамшымен сарт ұрып құлатады. Өкiрiп құлаған қанiшер әскерлер сол жерде жан тапсырады. Қалған әскерлер естерің жия салып алыстан шалма лақтырмақ болғанда қолынан қамшысы түспеген Ақынбек тағы да бір екеуін сарт ұрып құлатады. Сол кезде топ басшысы Ақынбектiң аяғынан атып есеңгіреп тастайды. Содан соң қанiшер әскерлер оны байлап тастайды.

Бұл хабарды естіген Дамбийжанцан қарсыласқан жiгiттi ауылының алдында терісiн тiрiдей сыпырып тастаңдар деп бұйырады.
Біраздан қазақтың арыстандай азаматы қолындағы қамшысын қасарсып қысқан қалпы тұлып боп етінен терісі тірідей айырылып сыпырылады.
Егер кiмде - кiм қасарысып маған қарсы шығатын болса осылай оның терісін сыпырып аламын деп қорқыту үшін есiк алдына тұлып қылып iлiп қояды. Дамбижанцанның тағы бір жауыздығы сол кезде қазақтармен бірге моңғолдың ұсақ руларының бірі уранхай ұлтымен қазақтардан 15 бойжеткенді тартып алып байларға тарту етіп әскер және қару алмақ болады. Бірақ жолда сырқаттанып қалғандықтан бақсы - балгердің айтуымен ең сұлу қыз деген уранхай ұлтының қызының басын шаптырып соның қанына қолын малып тұмауынан айығудың жорағасын істеткенін күні - бүгінге дейін ақсақалдар күрсіне айтады. Ал ана 15 қызды қазақ- уранхайдың аңшы жігіттері баспалап жүріп жауыздарды бірін қалдырмай қырып барып құтқарып қалады. 
Дамбийжанцан қазақтарды батыс Моңғолиядан қуып Ресей мен Қытай жеріне тықсыра қуды. Дәл осы кезден мұсылман мен будда ара - қатынастарында түйткілді мәселелер пайда бола бастады. Дамбийжанцанның дін жолындағы ең қатал айуандығы мұсылмандарды зорлықпен пұтқа табындырудан басталды. Мұсылман діндарлары Смайл (Қалмақ) Төленбайұлы Шыбарайғыр руының азаматтары Тұрап Кітапбайұлы (1898-1949) Мұратбай Шіңкеұлы Ботағара Шәку руынан Арсалаң Белдемшеұлы (1865-1922) қатарлылардың басына темір ноқта салып Мүнжигтегі Шар цех пұтханасына қарай айдады. Қазақ жастарын әскер қатарына күшпен тартып жасөспірімдерді Шивэрт күреніне (хүрээ) шавь немесе шәкірт лама дәрісіне жүгіндіріп төбелеріне шыны төңкеріп айдар қойғызды.
Айдаған көшке кедергі болады жүре алмайды екен - деп қырық баланы Увс өлкесіндегі Қызыл белдің үстіне қайыс арқан мен байлап қалдырып аштан ит құсқа жем қылдырып өлтірді.

Ауылды сабалап айдағанда жас балаларды тура көшке кедергі болады деп анасынан тартып алып өлтіріп отырыпты.
Әйтеуір жетер жерге жетті енді айтқандарың болсын - деп соңғы бірнеше күн ешбір кісі қарсыласпағасын өздері де шаршаған әскерлер сәл босаңсып демалуға кіріскен күні түнде барлық қазақ қопарыла әскерлерге тап берді. Кейбір жігіттер әйелше киініп алып ұйымдастырып Көрімбәй бастаған жігіттер киіз үйдің уығынан найза істеп әскерлерді кіндігінен шаншып көкке тік көтергенде шырылдаған әскердің жан айқайы соғыстың басталу белгісі еді. Таң атқанша өздеріне тісін батырып айуандық зұлымдық пен айдап көшіріп келген әскердің бірін қалдырмай қырған қазақтар таң ата келген жақтарына қайта көшіп Қобда бетіне мекендеуге аттанады. Бірақ осы жолы қазақтар үшке бөлініп Қылаң бастаған шеруші руы маңдайдағы жазмышын тосып Алтай - Қобда бетіне барып мекендейміз деседі. 
Ал Сүгірбай бастаған 300 отбасыны будда дініне кіргіземіз - деп келген 33 әскердің бірін қалдырмай қырып салды да ұлтымызды сақтау үшін қайда көш десеңде көшеміз бірақ басқа дінді қабылдамаймыз бабалардан жалғасқан исламмен қаламыз Ресейге көшіп жан сауғалайық - деп бір тобы қазіргі Шүй Қос - ағаш қазақтарына кезіндегі найман руына барып паналайды. Қылаңмен ерген топтың жартысы Шынжаңға көше кетеді. Ал Қылаң тобы Қобда бетіне келген соң моңғолдың астанасына дін басы ел билеушісі Боғдыханға болған жәйді баяндап хат жолдайды. Өздерінің моңғол еліне деген адалдықтарын білдірді және болған оқиғаны дұрыс түсінуге тырысуын өтініп сол кездегі бар қазақтың атынан Қобдадағы орыс консулы арқылы хат жібереді. 
Бұл оқиға болған жер моңғолдың батыс аймағының бірі Увс жеріндегі (өрөг нуур)- деген жер еді. Яғни қазақша Өрікті көл. Сол айдалған жұртпен бірге болған барын өз көзімен көрген шеруші руының күйшісі Сеиітжән бұл көл Өрікті көл емес "өлікті көл" болды сондықтан естен кетпес қасiретті ұрпағымыз мәңгілік ұмытпай сабақ ала жүрсін деп Өрікті көл күйін шығарған еді. Ал шеруші руының батыры Қылаңның арман мақсаты орындалып моңғолядағы қазақтар жеке ұлттық аймақ боп орнап сондағы аз қазақтың арыстай ұлдары мен қыздары ұзақ жылдардың қатал тағдырдың сынағынан аман өтіп бір ел болып бейбіт өмір сүруде.
Ал Қылаң Шынжаңдағы қалың малды мәнжуға бағынушы адамды моңғолға бағындырып әкетіп мәнжу билігінен бас тартқандықтан мәнжу әкімшілігі артына түсіп тіміскілеп жүріп не бір тыңшы қанышер жауыздарын жіберіп жүріп Қылаңның басын шапқызған еді.

Дамбийжанцанның бұдан кейінгі тағдыры 1921 жылы Коминтерннің тапсырмасымен Моңғолияға келіп арнайы міндет атқарған Б.З.Шумяцкийдің назарында болды. Дамбийжанцан 1922 жылы шілденің 16 - күні Д.Сүхбаатар жанжиннің бұйрығымен тағайындалған Нанзад Дугар бейсілердің қолынан қаза болғандығы айтылады......

12 19 ER 0.9444
Ташкенттегі қазақ қызы, 20ыншы ғасырдың басындағы фотосурет

4 3 ER 0.9132