Статистика ВК сообщества "ᴍ ᴀ ʀ s ᴇ ʟ"

0+
➳ ᴇɴᴊᴏʏ ʏᴏᴜʀ ʏᴏᴜᴛɴ﹐ʏᴏᴜ ᴡɪɪʟ ɴᴇᴠᴇʀ ʙᴇ ʏᴏᴜɴɢ ᴀs ɪᴛ ɪs ɴᴏᴡ. ᴊ.ʙ

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Lotos flower

7-bolim

Жерде қансырап жатқан жігіт әлсін-әлсін дем ала,сол қолының тоқтаусыз аққан қанын таза матамен басқан күйі түрегелді.
-Еш жерің ауырмай ма?Бәрі жақсы ма?-деді шыбын жаны шырылдап қоя берген қыз,Мэтке жәрдемдесе орнынан тұрғызды.Кейін жедел жәрдем көлігі келіп әрі қарай өз жұмыстарын атқарды.

Төрт қабырғаға телміре қарап қалған Ванилопа тұңғиық ойға батып кетіпті.Керуетінде ес-түссіз жатқан Мэтке де жәутеңдеген көздерімен бір қарап қояды.
-Жағдайым жақсы.Өзің барып дем алып ал-деді жаңа ғана көзін ашқан бозбала жастықтан басын ала беріп.
-Қозғалма,саған артық қимыл жасауға болмайды-ойын тайдырып жібере, жігіттің кеудесінен итере,орнына қайта жатқызған қыз.
-Сорпа дайындап қойдым, ыстықтай ішіп ал-деді үстел үстіндегі сұйықтық толы ыдысын ала.Жарақаттанған қолының тамақтануға икемі жоқ екенін байқай,өзі бере бастайды.
-Жылы жұмсақ сөйлеп кетіпсің.Кеше ғана түрімді де көргің келмеген еді-деді тамағын ішіп жатып сұрағын әдейі қойған Мэт.
-Көп сөйлемеш,тамақ суып кетеді-деді әңгімені басқа жаққа бұруға талпынған бикеш бұлдана.
-Себебін айтпасаң бұл сорпаны ішпей қоямын....
-Кішкентай баланың қылығын жасап,тағы да ауырып жатқаныңды көрсін дейсің бе?-деді Мэтке ашуланып жатып бұл сөздердің аузынан қалай шығып кеткенін де байқамай,тілін тістей артына бұрылды.
Тағамды үстел үстіне қоя бөлмеден шықпақ болып еді,Мэт қолынан жібермей ұстап алды да:
-Жаныңның қаншалықты ауырғанын білемін.Егер маған түсіндіруге мұрша берсең,арамыздағы реніш сейілері қақ.
-Бәрінде түсінемін,тек қазір....-демек болған қызды өзіне қарай тарта керуетіне жатқызды да:
-Кешірші!Жүрегіңе сызат түсіріп үлгергенде шығармын.Сенің ол нәрсені көргеніңді қаламаған едім.Апамның алдында дәрменсізбін,бірақ уайымдама бұл жәй ғана көзбояушылық.Шын мәнінде той болмайды,алдағы болашақ үшін екі холлдинг жоспар құрған.Және тағы да айтарым бар....Осы уақытқа дейін қанша мәрте айтуға оқталдым,Даниельдің ерсі қылықтарын көруде маған оңайға соқпады.Енді ғана жүрегімнің кім деп соғып жатқанын түсіндім.Мен сені жақсы көремін-деді кеудесі атша тулай,қобалжығаннан маңдайынан ыстық тер шапшып өтті.
-Рас айтып тұрсың ба?Сене алар емеспін.-деген Ванилопа көз жасына ерік бере,жігітті қапсыра құшақтап алды.
Шоколад іспетті шаштарынан мейірлене искей,маңдайынан сүйген Мэттің де кеуде тұсының лыпыл қаққан көбелегі енді ғана орнықты.
-Айтпақшы әлгі адам кім?Сен оны танисың ба?-деді манадан бері теңіздей тереңге сүңгіген ойының қорытындысын шығарған бикештің кеуде тұсы тыным бермей.
-Ол саған ештеңе істеген жоқ па?Оңбаған,кім екені әлі де белгісіз.Ізін тез суытып үлгеріпті.Ендігі менен алыс ешқайда да кетуші болма......
-Осылай қашанғы жатпақпыз,ертең ерте тұруым керек-деді жылы күлімдеген бойжеткен.
-Тағы біраз жата тұрайықшы,сағынып қалыппын.Осы күлкіңді де сағыныппын.Әрдайым жадырап жүргеніңді қалаймын-деген Мэт ерінен жәй сүйіп қойды.

#Таң🌕

Құстардың әсем сыңғырынан тәтті ұйқысын қия түрегелген Ванилопаның жүзіне сүйкімді періште күлкісі қайта жанданыпты.Әндетіп жүріп жуыныпта үлгерді.Дастарханды әдеттегідей жайнатып жіберген.Бірде әлі де бөлмесінен шықпаған Мэтке алаңдай сол жаққа бет бұрды.
-Неге кешіктің?Тіскебасарлар дайын-деді жидесін кие алмай жатқан жігітке қарап үндей.
-Не ғой маған ыңғайсыз болып тұр.Айып етпесең жидемді киуге көмектесіп жіберемісің?-дей айтып болмастан Ванилопа қолына киімін алды да кигізе бастады.Жіңішке саусақтарымен жиде ілгектерін іліп жатыпта сұлу көрінеді.Таңқаларлық сұлулыққа ұрлана қараған Мэт қайтадан ғашық бола бастағандай.
-Мен бәрін көріп тұрмын.-деді мырс жымиған Ванилопа.
-Нннені көріп тұрсың?Мен ештеңе істегем жоқ-деді күмілжи тұтығып қалған бозбала ұялғаннан дұрыс сөйлей алмай қалды.
-Болдым.Кеттік, тезірек жүрек жалғап алуымыз керек-деді асыға ұзын холлға жүкірген кеткен Ванилопа.

#Университет

-Ақымақ,қалай ғана ол сөздер аузымнан шығып кетті?-деді универ дәлізінде әрлі берлі жүрген Даниель Ванилопаға сезімін ашық жеткізген кезін есіне қайта-қайта түсіре,басын ұрғыштай берді.
-Басыңа оттық түсіп кетті ме?Неменеге сонша ұра бересің?-деді жаңа ғана универ ішіне енген Кевин досының ессіз қылығына күле.
-Қайдағы, оттық түссе жақсы ғо.Алдында...-дей байқамай айтып қоя жаздаған жігіт аузын басып қалды.
-Кәне,не жасырып тұрсың?Айтсаңшы,мен жоқта қандай қызық болды -деді қызығушылығы ояна түскен Кевин Даниельдің иығына қолын қоя өзімен бірге ала кетті.

~

Үзілісті пайдаланып универ ауласында кітап оқып отырған Маркусты көзі шалған Мэт әнтек жымия,қолдарын жігіттің иығына қойған бойы жанына отырып алды да:
-Эй профессор,мені таңқалдырудан жалықтырар емессің-деді қолындағы кітабын тартып алған бозбала,досы мен сәл ойнағысы кеп.
-Ондай шақтан әлдеқашан өтіп кеткенбіз.Өткен шақта қалып қойғанбысың?-деді тағы да салқын жауап берген Маркус бал іспетті шаштарын қайырып жатып.
-Оууу,бұны кім айтып жатыр.Мектеп кезіндегі бұзық Маркус па мынау?-деді екі езуі құлағына жете бетіндегі шұңқыры көрінемін дегенше күлген Мэт.Іш пыстырарлық ойындарын қоймайтынына қаны басына шапқан жігіт әрең шыдап отырды.Көзін аларта,кітабын ашып қайта оқи бастады.
-Жә қойдым.Ересек болдық,ақыл тоқтатық.Қыздар жайлы ойың қалай?.....
-Сенде қоймайды екенсің?Маған әзірге ешкім ұнамайды.Бұл универде көңілімнен шығатын қыз жоқ........
-Саған бір нәрсе айтсам бола ма?Не дегенмен досымсың ғой.-деді ойын жинақтай ішіндегі сырларын ақтарғысы келген жігіт,суын ішіп алды да терең тыныстай:
-Менің жауым болмаса бақталасым пайда болған сияқты.Кеше ғана жақсы көретін адамымды ұрлап әкетті.Зияны жақындарыма тиіп кетеме деп қорқамын-деді шындығын ғана айтып отырған жігіт,сол қарақшы жанында отырғанын сезбейді де.
-Әдеттегі жағдай емес пе?Біреудің ойнағысы келген болар-деді ойын шашыратпақ болған жігіт іштей жақындарының қиналғанын Мэттің де сезінгенін қалайды.
-Сен солай ойлайсың?Иә,бәлкім мен асыра сілтеп жіберген болармын.Рахмет-деді Мэт жігіттің дударай шаштарымен ойнай,әдемі қалпын бұзып жіберді.

~
-Енді не істемек ойың бар?Алғаш болып сезімін сен емес,ол айтуы керек еді.Бәрін керсінше жасап былықтырыпсың.Саған көмектесе алмаймын,бұрын қыздарға қалай сезіміңді білдіруші едің?Солай қалжыңдадым дей сал-деді басы қатып отырған Даниельге ақыл-кеңес айтып отырған Кевин.
-Қыздарға ешқашан сен маған ұнайсың деп айтқан емеспін.Олар бірінші келіп ғашық болып қалғандарын айтатын.-деді ызаланған жігіт ешқандай амал таппағасын іштей өзін жазғырып отырды.
-Сен Даниель Аррениуссің.Қызбен бірінші рет кездесіп тұрған жоқсың ғой.Дәл осы қызға келгенде не болып қалды?......
-Білмеймін.Өзімде түсіне алар емеспін.......

~
Самал желге бетін төсей универ ауласын айналшықтап жүрген қыз,жан-жағына үрей көзбен қарап қояды.Алдындағы оқиғадан кейін бойын қорқыныш билеп алған.Содан бері көлеңкесінен де қорқатын болған.Бірде құлағына түрпідей дауыс естілді.Селк ете қалған қыздың жүрегін бұл дауыс оңдырмай шағып алды.
-Сен кімсің? Жақындама-деді бет әлпетін дұрыс көрместен алды артына қарамай қаша жөнелді.
-Тоқта,саған не болған?-дей Ванилопаның артына қуа жүкірген Даниель ештеңе де түсініп үлгермеді.Асқан жылдамдықпен келе жатқан бикештің аяғы жерде жатқан бір тасқа тие,тепе-теңдікті сақтай алмай теңселе тұрып қалды.Сол мезетте Даниель қолынан ұстап қалды да:
-Сонша жүкіргенің не?Елес көргендей құдды-деді өкпесін баса алмай,әлсін дем ала.
-Елес болғаны жақсы еді одан-деді аяғының астындағы тасты алып тастай беріп.
-Сен алдында бәрін қате түсіндің.Мен....мен-деген жігіттің жүрегі лүпілдеп аузына тығылғандай боп,түк сөз таба алмады.Құр ғана қызарып қысылды да қалды.Алғаш рет қыстықты.Мөлдіреген айқыш сұр көздерін көре тұра әрі қарай сөйлеуге бата алмай сасқалақтап тұрды.Іштей айтатын сөздері сайрап жатса да,тіл құрғырға сөз түсер емес.Тілсіз байланды да қалды.
-Біртүрлі болып тұрсың.Айтатын сөзіңді келесі де айтарсың,жолымнан былай тұршы.....
-Ешқайда да кетпейсің........
-Өңің қызарып кетіпті,ауырып тұрған сияқтысың,келесі де айтасың-деді Даниельдің сөзін тыңдағысы келмей.
-Жоқ дәл қазір айтамын......Мен...мен сені сүйемін-деп жүрекпен айтты.Ақылының болмаса өз еркімен шыққан сезім емес,өздігінен ешкім түсініп ұғына алмайтын бір ерекше құбылыстың арқасында туындады.
Көзі ұясынан шығып кетердей Даниельге қарап қалған Ванилопа қазір талып қалардай күйде.Мұндай нәрсені күтпеген де еді.Алдындағы сөздерді мастықттың кесірінен айтты деп есептеп жүрген еді.Нәзік дидары ашық реңді қызғылт түске бояла,жалт бұрылып кете барды.
-Мүмкін емес!Жаңа ғана мен не дедім.Мен оны жақсы көрмейтінімді,ойын болғанын айттым емес пе?Бірақ неге құлағыма басқаша естілді.Асылып өлсем де, кеудемдегі жүрегім бағынбайтын шығар.Ақымақ -дей жынды адамдай есінен алжасты.

~
Бетін салқын сумен жуып жатқан Ванилопа ашудан жарылардай болып тұр.Тоқтаусыз бір бутолка суды сіміре ішсе де шөлі қанар емес.Тамағына әлдене тұрып қалғандай ыстық боп барады.Жанында тұрған адамның қолындағы суын жұлып алды да,оны да кеңірдегі бүлкілдегенше ішіп тауысып тастады.
-Сахарадан келгенбісің?-деді бұл көрініске таңқаларлық көзбен қараған Маркус.
-Не?...Не дейсің?...
-Тағы керек емес пе?Өзім әкеп берейін,болмаса тағы біреуінің суын ішіп қоярсың.-деп жылы күлімдеді де қойды.
-Кешірші шыдай алмай кеттім.Тоқта,сен күлдің бе?Суық жүзіңнен бұрын соңды жылы жымиыс көрінбейтін..-деген қыз мойындағы лотос гүлі іспетті алқасын шеше,бетін қайта жуа бастады.Бұл таныс бұйымды Ванилопаның мойнынан көремін деп ойламаған Маркус бірден ашуланып шықты да:
-Қайдан алдың.Рұқсатсыз заттарыма неге тисесің?Оны әлгі бөлмеден алдың ба?-деді де алқаны тартып алған бойы қалтасына сүңгіте салды.
-Мен ешкімнің затын ұрлап көрген емеспін,ұрламаймында -деді аң-таң болған бойжеткен шағым айтып.
-Ұрлау былай тұрсын,енді өтірік айтайын дедің бе?Түсі көк сары араласқан,лотос гүлді алқа анамның алқасы........
-Анаңда бұл алқаның бар жоғын білмеймін,бір білерім сен қателесіп тұрсың.Оның түсі көк қызыл түсті,яғни менікі-деді алақанын тоса қайтарып бер дегендей ымдады.Кімге тиесілі бұйым екенін тексермек болған жігіт қалтасына қолын сала,алқаның түсін ажыратпақ болды.Көкшіл қызыл түсті екенін көргенде сасқалақтап:
-Қатты ұқсайды екен,кешір-деген күйі,қолына табыстай кете жөнелді..............

~
Мэттің Ванилопаны күтіп отырғанына біраз уақыт болды.Бөлмесінің терезесін тышқанды тосып отырған мысық құсап торуылдап-ақ отырды.Ауық-ауық қол сағатына қарай,төзіме де сарқылып бітті.Көкейінде тағы да әлгі адамның қақпанына түсіп қала ма?деген үрейлі қорқыныш сейілер емес.Кенет жасыл қақпа ашыла,Ванилопа ішке кірді.Терезеден бақылап тұрған жігіттің жүрегі орнына келе,астыға түспек болып еді,телефонына тағы да сол адамнан хабарлама келді.

"Мен туралы тағы да біреуге жақ ашар болсаң, көз алдымда үйіне қарай кіріп бара жатқан бейкүнә қызды бір-ақ сәтте жан тәсілім етемін.Кешке кездескенше"

Соңы🖤
Шарт
110лайк,15 комент

5 29 ER 1.7248
Lotos flower

8-bolim

Хабарламаны оқып болып не істерін білмей сасқалақтап қалған Мэт ұялысын тумбочка үстіне қоя сала,астыңғы холлға жан екпінмен жүкіре түсті.Бітпейтін сабақтардан мезі болған бикеш шаршап келе жатқасын еңгезердей,зор денелі жігітті байқамады да.Қорыққаннан Ванилопаның дін аман екеніне көзін жеткізе құшақтап алған Мэт:
-Сені ендігі көрмеймін бе деп қорықтым.Қайда болдың?-деп маңдайынан сүйіп ғана қойды.
-Ол тағы да келді ме?Болмайды,бұлай қарап отыруға болмайды-деген бойжеткен қолына телефонын ала полицияға қоңырау шалмақ болды.Телефонды қолынан алып алған жігіт артына жасыра:
-Маған сенің амандығың керек.Басқасы қызықтырмайды.Уайымдама,оны полицияның көмегінсіз-ақ шешеміз-деген жігіт тағы біреуге тіс жарар болса,жанындағы сүйіктісінен бір-ақ сәтте айырылып қаларын біледі.
-Өзім үшін сені құрбан ете алмаймын.Түсінші, біздің қолымыздан келмейді.Оданда өз маман иелеріне тапсыруымыз қажет-деген Ванилопа ұялысын Мэттен тартып алғысы келсе де,айтқанынан қайтпайтын қырсық жігітіміз сөз тыңдар емес.
-Мен бөлмеме кеттім.Менен жасырып полицияға хабарласам деп ойлаушы да болма.-деген жігіт артына қарайғыштай жоғарыға көтеріліп кетеді.

#Аррениусттер әулеті.

Екі қабатты үйдің алдына тоқтаған қара бугатти маркасындағы көлік ішінен Даниель шыға,бал-бұл жайнаған жүзімен ішке қарай ене кетті.Құлағындағы наушнигін шеше қоңырауды басты.Есіктің арғы жағынан орта жастағы бір әйел есікті ашты да:
-Сізді ата-анаңыз күтіп отыр.Тезірек кіріңіз-деді байсалды қалыпта үн қатқан әйел.
-Олар қашан келді?Маған ескертпеді де-деген Даниель қабағын сәл түйе,ата-анасын жақтырмаған кейіпте сөйледі.Кейін аяқ киімін шеше,орнына сүйретпесін кие көлденеңнен кеткен ұзын сарғыш холлға қарай адымдады.
-Бізді көрмей тұрмысың?Тым болмаса әкеңмен амандасаңшы-деді мөлдір көзді,ұзын қырлы мұрындары доп-домалақ бет пішінін әдемі етіп көрсеткендей сұлу Вианка ұлының тәрбиесіз қылығын ұнатпады.
Бұл сөздер жігіттің көңіліне де дарымады.Ештеңе естімеген адамша бөлмесінің есігін тарс жаба,ішінен құлыптап алды.
-Әлі балалығы қалмаған.Оның тәртібін саған тапсырамын -деген Лео ұлынан гөрі ерте есейіп,ақыл тоқтатқан Селенаға оны тапсырды да,тәбеті болмай орнынан тұрып кетті.Ағалы қарындастың арасы бір-ақ жас.Сырттай қарасаң керсінше Даниель оның інісі сияқты.

~

Керуетінде ойын ойнап отырған Даниель алдында тұрған Селенаны байқамай,жын көрген адамдай шошып кете:
-Төбемде не істеп тұрсың?Ал есікті қалай ашып алдың?-деді жүрек түкпірін ұстаған жігіт компьютерді лақтыра сап.
-Мынаны саған пайдаланудың керегі жоқ,оданда сабағыңды оқы-деген Селена компьютерді жұлып ала,қоқысқа тастай салады.
-Канадада боламын деп есіңнен алжасқанбысың?-деген жігіт ашулана орынан түрегелді.
-Сен ше?Жалғыз өмір сүремін деп ата-анаңның барын ұмытқанбысың?......
-Ақшадан басқа ештеңені де ойламайтын ата-ана маған керек емес-деді осы үшін жақындарына әлі де ренжіп жүрген жігіт айқалап берді.Ағасының аузынан бұл сөзді естимін деп ойламаған бойжеткен бетінен шапалақпен салып қала:
-Даниель ақымақ болма!Бұл сөзіңді ата-анам естімейтін болсын.......
Қызарған беттерін ұстай,бір орында состиып тұрып қалған Даниель үндемеді.Ата-анасының басқа жанұялар сияқты отбасына көңіл бөлмейтініне,бірге уақыт өткізбейтініне кішкентай кезден бастап қапалы.
-Шектен шығып кетсем кешір! Бірақ,сенің де кінәң бар.Келесі де ойланып сөйлерсің-деген Селена салмақты үнмен бөлмеден шығып кетті.

#Кеш🖤

Түн көзге көрінгісіз қараңғы.Далада жым-жырт,тек желдің уілдей соққан даусы болмаса.Желп-желп еткен желде,сықырлаған дауыста,түн тыныштығын бұза алар емес.Бұл көше бейне бір қалың ұйқыға шомғандай.Бір сәт ой төңірегіне шомып кеткен Мэт өзін күнде келіп бопсалайтын адамның кім екенін білгісі кеп дел-сал болып тұрды.
-Кім екен?Қашанғы бұлай жалғаспақ?Ванилопаға тиіспеуі үшін мен енді не істеуім керек-дей өз- өзіне,ішінде жеп жатқан сұрақтарын қоя бастап еді,әлде біреудің қайтарымды дыбысы естілді.
-Өлгеніңді.Қолыңан келе ме?-деді терезеден секіріп мінген Маркус әдеттегідей бет-аузын тұмшалай,пышағын шығара Мэттің алқымына кеп жармасты.
-Сен кімсің?Неге мені өлтіргің келеді.Тым болмаса себебін айт-деді пышақты мойнынан алшақтау ұстауға тырысып,тез әрі әлсін дем алып тұрған Мэт.
-Білгің келе ме?-деді бір жақ езумен мысқылдаған Маркус даусын өзгерте сөйледі.
-Үйіңде емін-еркін жүрген жанның кім екенін білсең,мені де оңай тауып қаларсың?.Үй қызметшісі мұнша ұзақ жұмыс істей ала ма?Күдікті.-деген Маркус түрін тыжырайта,Мэттің мойынын кішкене тіліп жіберді де:
-Ауырды ма?Әлгі қызда дәл осындай ауырсынуды сезінбесін десең,тағы да ескертем ешкімге тіс жарушы болма-дей терезеден қайта секіріп жатқанда оң жақ белін әлдебір зат сырып өтті.
-Ол жаңа ғана не деді?Ванилопаны да жақсы танитын болып тұр ғой.Бірақ,соңғы сөздері шындыққа сәл келетін сияқты-деген жігіт ол сұрақтың жауабын өз аузынан естуге бел байлай,Ванилопаның бөлмесіне жөнеледі.

Есікті рұқсатсыз ашқан жігіт,тәтті ұйқыға балбырап кеткен қыздың ұйқысын қимай,есікті қайта жапты.Түсініксіз әрі күдікті сұрақтың жауабын Ванилопа және Эмилия ғана біледі.Өкінішке орай Эмилияның үйінде болмағанына он күндей болды.Сол себепті өзі ізденуден басқа амал жоқ.Анасының бөлмесінің жарығын қосқан жігіт шкафтар мен тумбочкаларды ақтарып,көрінген жердің бәрін қарап шықты.Маңызды дейтіндей ештеңе табылар емес.Бірде керует астында қалып қойған ақ парақты тауып алған Мэт,аурухана хатын тауып алды.Оның ішінде"Белгісіз бір ер адамның аяқтан тұрып, не тұрып кетпеуі жазылған.Хаттың көнергені сонша бірнеше жылдан бері сақталған сияқты.Яғни ол адам коммада ес-түссіз жатыр,болмаса жүре алмайды.Мэт тек осы нәрсені ғана айқындай алды.Анасына бұл адам кім болып келетіні жігітті қатты қызықтырып қойды.Көнерген сарғыш хатты қалтасына сүңгіте сала,бөлмеден шығып кеткен бойы бөлмесіне қарай адымдады.

~

-Таптың ба?-деді тұтқаның әр жағында үн қатқан Лео кеш батқанда әлі де үйіне қайтпаған Даниельді уайымдай.
-Жалғыз өзі ішімдік ішіп отыр екен.Уайымдамай,ұйықтай беріңіздер-деген Селена тентек ағасын бес саусақтай жатқа біледі.Ол барады деген жерлердің барлығын қарап шығып,соңында осы жерде болатына кәміл сенімді болды.Елден бөлек отыра,осымен он шақты бутолканы тауысқан Даниель масайғаннан сол жерде ұйықтап қалыпты.
-Жиркенішті!Оған сонша не болған.Әкемді ұятқа қалдыратын болды ғой.-деген бикеш нәзік саусақтарымен ағасын демей,көлігіне әрең дегенде жеткізді де ,үйіне қарай жүйітки жөнеледі.

🌺 🌺 🌺

Таң🌄. Күн ұясы енді атып келе жатқан соң, шабдалы тәрізді алқызыл түске боялды.Ағаш жапырақтары сылдырлап,шөп басын тұрғызатындай жел есіп қояды.Универге қарай адымдап келе жатқан Ванилопаның алдындағы жағдайдан бері қол -аяғы дірілдей беретінді шығарған.Үрейге толы жанарымен жан-жағына жалтақтай қарай береді.Кейін анадай жерде универ алдында құжынып,лық толы студенттерді көргенде ғана жүрегі орнына түсе,маңдайынан ыстық тер бұрқ етіп шықты.Қанық жасыл түсті көйлегін тізесіне қарай тартқыштай универ алдына келген бойжеткен скаймейкаға кеп жайғасты.Бетін ұзын журналы жауып тұрғасын дидары анық көрінбеген Селена жанына кеп отырған бикешті бірден танып қойды да:
-Қалайсың?Бірдеңеден қорқып отырған сияқтысың-деді жылы күлімдеген сылқым,іштей өзін жақтырмайтын білсе де амандасты.
-Сен....Сен Селена емессің бе?-деді өз көзіне өзі сенбеген Ванилопа ұшып түрегелді.Мэттің жалған аттастырылған қалыңдығы екенін есіне түсірсе қаны басына шауып,өзін ұстай алмай кетеді.
-Маған тым суық қарадың ғой?Құдды бір затыңды тартып алғандай.Кел отыр сабақтың басталуына әлі бес минут бар-деді Ванилопаның қолынан тартқыштай жанына отырғызып алды да:
-Мэт менің талғамымдағы жігіттердің қатарынан емес.Маған салмақты,бойында ешқандай кемшілігі жоқ адам ұнайды.Сондықтан бекер жүрегіңді аурытып, уайымға салынбай-ақ қой.........
-Мүмкін саған робот ұнар.......
-Неге олай дейсің?-деді күлімдеген Селена.
-Бұл әлемде бойында еш кемшілігі жоқ адамды табу мүмкін емес.........
-Саған мінезінде не болмаса тілінде мүгістігі бар адамның кемшілігін айтпаймын.Сана-сезімнің кемшілігін айтамын.Кейбір адамдардың ой-санасы сүттен әппақ,мөлдір судан таза болады.......
-Сондай адамның болуы мүмкін бе?Егер нағыз өмірде,ондай адамды кезіктірсең не істер едің?-деді сұрақты төтесінен қойған Ванилопа,бұл қыздың аспандағы айды сұрап отырғанмен бірдей екеніне таң қалды.
-Оны ешкіммен бөліспес едім.Дәл сен сияқты-деді де тағы да бетіндегі кішкентай шұңқыры көрінемін дегенше күлді де қойды.
-Сен маған ұнадың.Түсінің мол қыз екенсің.Осы жерде саған сырымды айтып,әңгімелесіп отырсақ қарсы емессің бе?-деді орынан түрегелген Селена бұл универге бүгін ғана көшіп келгентұғын.Сол себепті әзір ешкіммен таныс емес.
-Әрине,мағанда ұнадың-деген қыз сүйкімді бейнеден көзін алар емес.Оның күлгені де жүргені де мінсіз бір құбылыс.

Айтпақшы бүгін универде Мэттің қарасы да көрінбеді.Түндегі жағдайдың кесірінен апасымен тілдесу керек болды.Түні бойы осы жұмбақ күдікті ойдан арыла алмай,ұйықтай алмай шықты.

Тоқтаусыз өтіп жатқан сабақтар кейде Ванилопаның ішін әбден пыстырып жіберетін.Қолындағы қағаз бен қаламын тастай сала,терезеге қараған бойы басын партаның үстіне қойды.Универ ауласында баскетбол ойнап жатқан ұзын бойлы,сері жігіттеріміздің ойынын көріп қызыға тамашалап отырды.Бірде Селенаны көзі шала,қоңырау соққан бетте далаға қарай жүгірді.
-Сағанда бұл ойын ұнайтын бе еді?-деген бойжеткен мырс жымия Селенаға қарай адымдай жүріп еді,ол елемеген сияқты.Бірер минут үзіліс алған жігіттерге қарай кетіп қалды.
-Қайда кетті?-дей жуынатын бөлмеге қарай кіріп кеткен қызға қарап тұрды.
-Мені іздеп тұрмысың?-деді бірде иығына қолын қойған Даниель Ванилопадан ешш қымсынбастан жанына жақындай.
-Оны түсіңде көрген боларсың.-деген қыз иығынан жігіттің қолын ала беріп,шырын толы суын бір-ақ рет ұрттап үлгерді.
-Шабдалы дәмі бар,мен жақсы көретін шырын-деген Даниель қыздың қолынан тартып ала,кеңірдегі бүлкілдегенше іше соңына шейін тауысып қойды.
-Ол менікі емес пе?Рұқсатсыз неге ішесің?-дей бұртия ашуланған бойжеткен Даниельге суық қарай.
-Ғашықтардың ортасында менікі,сенікіі деген дүние болушы ме еді.Жақсы онда саған қарыздар болғым келмейді.Жүр,кеттік-деген жігіттің жүзі бал-бұл жайнай,қызды күштеп өзімен бірге түстенуге алып кетті.

~

-Затыңызды ұмыттыңыз?-деген Селена бір құтыдағы дүниені кетіп бара жатқан Маркусқа көрсете.
-А..я.Ұмытып барады екем.Рахмет-дей алмақ болып еді,қу қыз жуынатын бөлмеге Маркустың артынан бекер кірмеген екен.Құтының ішіндегі пышақ екенін жақсы біллетін Селена,Маркуспен сәл ойнамақ боп бел байлай:
-Ішіндегі зат әлде біреудің мойынын тағы жарақатауы мүмкін бе?-деді Мэтті тұспалдап тұрған бикеш,ол оқиғаны Даниельді іздеп жүргенде өз көзімен көрген еді.
-Не деп тұрсың?Ішінде пышақ бар деп кім айтты....
-Мен оның ішінде пышақ барын айтқан жоқпын.-деді Селена.
-Қайтарып бер.Неге маған шүйлігіп қалдың?.-деген жігіт өз затын алуға талпынып алмаққа бекініп еді, Селена оның алдында жырып алған белінен аямай басып қалды.
-Ай...-дей жаны қалмаған жігіт белін ұстаған күйі кері шегінді.
-Жақсы,сен бәрін біледі екенсің.Келісейік,көксегенің не?-деген Маркус бұл қыздың Мэтті қорқытып жүргенін білетіне көзі жете.

Соңы💚
Шарт 120 лайк,30 комент🖤

Хей, сәлем,қалайсыңдар.Хикая ұнап жатыр ма?Менің ойымша олай емес сияқты,белсенділік аз😔.Қалай ойлайсыңдар Маркус не себепті Мэтті әлі күнге шейін қорқытып жүр?

3 24 ER 1.5714
Z H U B A N Y S H Y M 🫀

Ep. 1. “Күтпеген кездесу”.

Бала күнімде жұрт Лейланы “жүрексіз қыз” деп атайтынына таңғалатын да, ашуланатын да едім. Қызғыштай қорып, ешкімге ренжітуге жол бергім келмейтін. Маған әлемде қысқа қос бұрымы желкілдеген, көйлегі сатпақ, аяқ-қолы ойнап жүріп көгерген, бірақ ешқашан езуінен бала күлкісі кетпейтін жан досымнан ажарлы жан жоқтай көрінетін.

Лейла мен үшін жай дос емес, арқа сүйеушім еді. Бала болып, босқа көңіл-күйім түсіп жүргенде үнемі мені жұбатушы еді. Өмір, шіркін, қатал ғой. Ата-анасы ерте қайтыс болып, отбасын құрмаған жалғызбасты долы тәтесінің қолында мектеп бітіргенше өсті. Оқуға қатты құмар еді, таң атқанша көз ілмей кітап оқып, ұйықтап қалғанда, тәтесінен оңбай таяқ жейтін. Фатима тәтесі оған жөнді ақша беріп, “қыз бала ғой”, – деп, арнайы көңіл бөлген емес. Ертелі кеш үй тірлігімен айналысып, сабаққа әбден зорығып келген күндері жиі мұрны қанап кететін. Асханадан бір бәліш сатып алуға да ақшасы болмаушы еді. Дегенмен мен оның қайтпас қайсар мінезін қатты жақсы көрдім. Қиналып, жастайынан небір сыннан өтсе де, бір сәтке болса да босаңсыған емес. Өзін біреудің аяғанын иттің етінен жек көретін. Қыста киерге киім таппай, мектептен ескі маталарды жинап, өзі күрте тігіп алатын. Азын-аулақ көйлегі, жалғыз қара туфлиі бар, оларды мұнтаздай етіп ұстайтын. Ешкімнен өзін кем санамай, кез-келген қиындыққа қасқайып қарсы тұратын. Іші өртеніп бара жатса да, езуінен сенімді күлкісі кеткен емес.

Бірге өсіп, бір сыныпты бітірдік. Соңғы вальсті бірге биледік. Өзінің дене бітіміне шақ етіп тігіп алған күрең көйлегі әлі көз алдымда. Ал ерніндегі қызғылт далап ажарын аша түсіп, мені сезім буына мастандырған еді. Тек соңғы баяу биден соң мен оны енді қайтып көрмедім. Биыл мектеп бітіргенімізге 10 жыл толды. 10 жыл бойы мен Лейланы сол кештен бері көрмедім. Хабар-ошарсыз шетелге оқуға түсіп кеткен екен. Маған бір ауыз сөз ескертпегеніне қатты налып, алғашқы 3 ай өз-өзіме келе алмадым. Жан досым бірге өткізген қызық сәттерімізді жұлып әкеткендей болды. Жүрегім ауырып, ауылда қала алмадым.

Оқуға түстім, емтихандарды сәтті тапсырдым (оған да мені дайындаған Лейла еді). Стамбұлдың алдыңғы қатарлы университетін бітірдім, ағылшын, испан тілдерін жетік меңгердім. Өз кәсібімді аштым, білдей компания тұрғыздым. Сүйікті қызым да пайда болды, бірақ жүрек түкпірімде Лейлаға деген сағыныш әлі басылмаған еді…

1 жыл бұрын.

“Аслан, кешіре алсаң, кешір. Бірге өткізген әр сәтті ұмытпаймын. Сенімен бірге ғана жаным жай тапты. Бірақ уақыт өтті, сезім өшті. Саған бақыт тілеймін. Шын жүректен, Алсу ❤️”.

Телефон бетіне үңіліп, Аслан бар дүниені ұмытып кетті. 2 аптадан соң неке қидыруға серттескен сүйіктісі оны хабарлама арқылы тастап кетті. Бұдан өткен қорлық бар ма? Бүгін жүргізушісін ерте босатқан еді. Жұмыстан үйге қарай келе жатқан жол бағытын дереу ауыстырып, қала шетіне бар жылдамдықпен айдап келді. Көзі шарасынан шығар күйде. Көліктен шығып, жыраның шетіне келді. Қалайша? Неге олай? Қалай дәті барды? Мазақ қылғаны ма? Басын қысып ұстап, бар даусымен бақырып жіберді. Жұмыстан шыққан соң хабарласа алмай, үздіксіз қоңырау шалған соң ғана Алсу бір хабарлама мен фото жіберді. Өзге жігітпен сүйісіп суретке түсіпті. Осымен 40 рет қайталап оқып шыққан болар… Ойы шашырап, неден жұбаныш іздерін білмей тұр. Қатты ызаға салынып, телефонын жырадан лақтырып жіберді. Көлігінен оттық тауып алып, білегіндегі “А&А” деген жазуды күйдіріп жатыр. Кейін оттық та жырадан құстай ұшты. Қаны қайнап, көлігіне мінді де, әуежайға зымырады.

Аслан жолды аңдап келе жатқан жоқ. Бар ойы келе жатқан көліктердің бәрінен озып, әуежайға лезде жетуде. Рөлді саусақ сүйектері сырқырағанша қысып алған. Өмірінде осымен екінші рет сүйген қызы лақтырып кетіп отыр…

Жігіттің көз алдына Алсумен өткізген уақыты, арнаған күш-жігері, құлай сүйгені келді. Естеліктер жынын одан сайын қоздырды. Ендігі жолға тіпті мән беріп келе жатқан жоқ, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті. Байқаған жоқ, бірақ байқаса да елемеуші еді. Көлік жылдамдығы 200 км/сағ-тан асып кетті, ал қарсы бағытта өзге көлік жақындап келе жатыр… Аслан оны да байқамады. Көз алдына елестей берген сатқын қызының бейнесін жаншып өткісі келді. Қарсы бағыттағы көлік тоқтаусыз дабыл қағып жатыр, бірақ жігіт құлақ түрер емес. Тоғысуға жақындаған сайын көлік жылдамдығын үдете түсуде.

3, 2, 1…

Асланның жүйрік темір қара тұлпары өзге көлікпен соқтығысып, жолдан сырғып ұшып, байланыс бағанына барып соғылды. Қою қара Мерседес шаңға малынды. Алдыңғы терезесі сынып, сол жақ есіктері майысып, өзі басымен рөлге қадалыпты.

– Мырза! – қанға боялған Асланның денесін көріп, соқтығысқан көлік иесі жүгіріп келе жатыр. Демігіп келіп, Мерседестің есігін аша алмай ұзақ бөгелді. – Мырза, тірімісіз?!

Әйнекті теуіп сындырып, жігітті бар күшімен тартып шығарды. Жол шетіне қиналып сүйреп келеді. 3 метрдей ұзаған соң Асланның көлігінің зор жарылысынан екеуі одан әрі ұшып кетті. Көлік үстінен будақтап түтін шығып жатыр. Не тірі, не өлі екенін білмесе де, Асланды өрттен бөлек алып шыққан қыз жерде жатыр. Қақалып, көзін әрең ашты. Аяқ-қолы қара күйе. Есін әзер жинап, не болып жатқанын қайта түсініп, жанында қимылсыз жатқан денеге көз жүгіртті.

– Мырза? Мырза! Көзіңізді ашыңыз! – жігіттің жүрек тұсын уқалап, бетін сілкіп жатыр. Денені ұзақ жұлқылап отырып, кенет тоқтап қалды. Адамды танып қойған тәрізді.

– Аслан?..

The end.

/хикая жайлы пікірлеріңізді қалдыра кетіңіздер 😊/

70❤

3 23 ER 1.4690
°hold me tight|9|

Арада 5 жыл өткен соң
Әуежай. Ұшақтан түскен Меруерт өз туған жеріне ұзақ тамсана қарады. Бес жыл бұрын шетелге кеткен оның еліне енді келіп тұрған беті. Бірден үй ішіндегілерді іздей бастады. Қанша дегенімен оларды бес жыл бойына көрмеді ғой. Жанұясы мен жақын достарына деген сағыныш оны асықтырып тұрса да жүрегінде сол бес жыл бұрынғы жара қайта тартып тұрғандай. Шетелге кету себебі де осы еді ғой. Сол бір жанды ұмыту. Бір уақытта өз жанұясын көзі шалып қалды. Әкесі, анасы, ағасы және жеңгесі Мөлдір. Ал олардың жанында үш жасар балақай. Бәрінен бұрын ол балақайға асықты. Себебі Іңкәрді туылғалы бері тек суреттен қана көрген. Екі жақ та бір-бірлеріне асықты. Барлығы мәре-сәре болып құшақтасуда.
-Сәлем Іңкәржан. Мені таныдың ба?
-Ияя, - деді тәтті тілімен. Бала көңілі пәк қой. Әпкесін көргеніне мәз болып кішкентай құшағын ұсынды. Меруерт оны көтеріп алды. Өзі жеп-жеңіл.
-Қалай, қызым, өзгерістер бар ме екен? - деді әкесі.
-Ия, әке. Бес жылда бірталай нәрсе өзгеріпті ғой. Апа, Альбина мен Аружан келмеген бе?- деп анасына қарады.
-Олар енді келеді. Әне өздері де... - жүгіріп келе жатырған екі жас қызды көрсете. Асыға жеткен екеуі Меруертті бірден кұшақтарына алуға асықты.
-Ай, ай жай. Інкәрді құлатып аламын, - қолына көтеріп тұрған кішкентайды меңзей. Екеуі Меруертке деген жиналып қалған сағыныштарын барынша шығарып алған соң барлығы бірге үйге қайтты. Көлік ішіне отырған үй ішіндегілердің әңгімесі әлі да бітпеуде. Меруерт шетелдегі қызықтарын айтса, Ерболат әкесімен жаңа үй мәселесін шешумен болды.
-Айтпақшы, перделерді үш күннен соң әкелеміз дейді. Меруерт, сенің бөлмеңе арналған шкаф дайын. Бөлмеге орналастырып кетті, - деді Ерболат.
-Мәссаған, жылдам екен. Заттарымды қайда қоямын деп ойлаумен болып едім.
-Әпке сіздің қасыңызға ұйықтайыншы, - деді Іңкәр. Бала болған соң кейбір сөздері түсініксіз естілді. Алайда тәп-тәтті, құлаққа жағымды.
-Әрине, жаным. Сен сияқты тәтті қызбен бірге ұйықтау арман ғой,-деді Меруерт.

Уақыт сырғып өте берді. Барлығы дастарқан басынан тұрып, қыздар жағы жинасуға кірісті. Ал Меруерт жаңа үйді қызықтап жүр. Бес жылда шынымен де біраз нәрсе өзгеріпті. Бәрінен бұрын өзі. Бұрын оқуға кетпей тұрып қандай еді? Ал қазір қандай? Өз бөлмесіне кірді. Бағана ағасы айтқандай олар жаңа көшкен үйге перде алуға асықпаған екен. Іңкәр түнде қорқып қалар деген оймен үй ішіндегілер ескі түс қағаздарды барлық терезеге жабыстырған болатын. Өз бөлмесіндегі біреуінің шеті түсіп тұрғанын байқады. Орта бойлы сұлуым бұны бірден байқай қойды. Басында тұра берсін деп басқа да шаруаларымен жүрген еді. Біраз уақыттан соң бөлмеге келсе түсқағаздар түгел дерлік түсіп қалыпты. Амал жоқ қайта ілу керек. Орындықты терезе жанына әкелді де ақырын терезе алдына мінді. Басқа жан болмаған соң өзіне қиынға соқты. Үй ішіндегілер үйге керек-жарақ алу үшін дүкенге кеткентұғын. Енді жабыстырдым дегенде көзіне даладағы таныс бейне іліккендей болды. Жо, жоқ мүмкін емес. Анықтап қарайын десе терезенің сыртқы беті әлі де тазармаған. Жаңадан салынған ғимарат болған соң әлі толыққанды бітпеген болатын. Көзін барынша уқалап қайта-қайта қарайлаумен болды. Ғимарат алдына келген таныс көліктен Дәулет түсіп келе жатыр екен. Ия, дәл өзі. Жанына келген Ерболаттың көлігінің алдына барып олардың түскенін күтті. Ерболат та көліктен түсіп, Дәулетпен әлдебір нәрселерді талқылай бастады және одан бір қағаздарды алды. Шамасы жұмыс бабына байланысты. Екі дос төс қағыстырды да Дәулет көлігіне мініп кетіп қалды. Меруерт оның кеткеніне дейін қарап тұрды. Бұл тұрысын бөлмеге кірген Іңкәр бұзып жіберді. Оған алаңдаймын деп Меруерт құлап кете жаздады. Бағына орай құламады. Дүкеннен келген тауарларды реттестірген соң барлығы ұйықтап қалды. Ал Меруерт түнімен бағана көрген Дәулетті ойлаумен болды. Оның үстіне екі-үш күннен соң жұмысқа шығады. Ал ол жерде әрине Даулет те жұмыс жасайды. Негізі ол жерге кіргісі келмеген. Бірақ ағасы Ерболат қоярда қоймай көндірді.

Таң ата салысымен Меруерт құрбыларымен кездесуге дайындалды. Бүгінгі күнді ерекше өткізгісі келді. Не дегенімен олар бірге уақыт өткізбегелі бес жыл өтті ғой. Аружан бірден кездесетін жерге баратынын ескертті. Сөйтіп ол дайын болған соң ескертпестен Альбинаның үйіне тартты. Мекен-жайды ұмытпаған екен. Кұрбысының үйін дәл тауып келді. Аулаға кіріп еді әткеншекте отырған кішкентай қызды байқап қалды. Үйіне келген туыстарының қызы деп ойлады. Бірақ бұл ойы қате болып шықты. Себебі бүлдіршін үйден шыққан құрбысы Альбинаға "Анашым!" деп жүгіріп барды. Әрине, Меруерт бұған қатты таңқалды. Альбинаның қызы бар ма? Ойына бірден бес жыл бұрынғы жағдай келді. Қызын кұшағына алған Альбина жанына келген Меруертті көріп сасып қалды.
-Сәлем, Альби, - деді. "Бұл жайында түсіндір" дегендей қызға қарады.
-Күнім, әжеңе бара қойшы. Менің бір жерге баруым керек, - қызын жерге түсіріп. Балақай үйге кіріп кеткен соң Меруерт,
-Ал баста, әңгімеңді...
-Жақсы, жақсы. Жолда түсіндіріп беремін, - деп кұрбысының қолынан ұстап ауладан шықты.
-Әкесі Айбек пе? - деді Меруерт. Ойына бірден сол келді. Әрі қыздың жасы да дәл келіп тұр.
-Ия... - деді.
-Ол біле ме?
-Жоқ, білмейді, - деді. Меруерт басқа сұрақ қоймады. Барлығын өзі айтып берер деп күтті. Көп күттірмей Альбина болған жағдайды егжей-тегжейлі түсіндірді. Айбектен аяғы ауыр болғанын ол басқа қалаға кеткен соң білген екен. Үйіндегілерге қалай айтарын білмепті. Аружаннан да кеңес сұраған. Аружан бірден ата-анасына айтуын ескертіпті. Меруерт өзінің бұдан бейхабар болғанына, әрине, ренжіді. Бірақ амал не? Одан ешнәрсе өзгермейді ғой. Альбинаның ата-анасы бұны естіген кезде бірден ашуға салынған. Тіпті қызға баладан бас тартуын да талап еткен екен. Бірақ барлығы қыздың үйден қашып кетуімен шиеленіскен. Ақыр соңында ата-анасы қызын қабылдап, анасы жұмыстан бас тартты. Не дегенімен бұған кінәлі өзі еді. Жұмыс үшін қызына дұрыс көңіл бөліп, тәрбие бере алмады. Айбекпее әлі хабар алмасып тұрады екен. Тіпті жақында ол да Ақтауға келетінін айтқан.

Арада күндер өтіп жұмысқа шығатын уақыт та келді. Меруерт бұл күнге ұзақ дайындалды. Бүгін ол Дәулетпен бетпе-бет кездесетінін анық біледі. Бірақ өзін қалай ұстарын білмейді. Сол баяғы кішкентай, ерке күйде ме? Әлде бар ойын жұмысқа салған, мақсатты, ақылды әйел заты күйде ме? Ол қазір қандай екен? Сол баяғыша қызқұмар ме екен? Үйленді деп естіп еді. Бұл жағдай да оны бей-жай қалдырмады. Ақыры дайынмын деп ғимарат ішіне кірді. Жұмыстың аурасы мүлде басқаша болады екен. Бос жүрген ешкім жоқ. Біреулерінің қолы толған қағаз, біреулерінің тіпті компьютер мен телефоннан қолы босамайды. Бастықтың кеңсесіне қайта-қайта кіріп шыққан қызметкерлер. Тіпті сол кеңседен айқай да естіледі. Шамасы қатал болса керек. Ал не де болса деп қыз сол кеңсеге кірді. Егде тартқан, шашының біраз жеріне ақ түскен еркек. Екі қасы арасына түскен сызық та айқын көрінеді.
-Саламатсызба, мен Меруерт... - оның қатал жүзін көрген қыз кішкене сасып қалды. Әрине жап-жас қыз бұндай бастықты көз алдына елестеткен жоқ қой.
-А, ия, ия. Ерболаттың қарындасысың ғой. Кел отыр,- ол оны бірден таныды. Ерболат жұмысына жауапты болғандықтан ол оның қарындасынан да жұмысқа тыянақтылық күтті. Барлығы жақсы өтіп Меруерт бастыққа ақылдылығымен ұнады. Жас та болса бойынан біраз талап байқалады. Ол онысын жақсы бағалады. Хатшымен байланысуын ескертіп, шыға беруіне болатындығын айтты. Меруерт кеңседен шыға сала ағасының кеңсесіне асықты. Енді қуанышты жаңалықты бөлісу керек қой. Ол онда кіре салысымен,
-Аға, мені алды. Yes! It is so... , - деп ағылшынша сленгтерін айта бастады. Бес жыл бойы шетелде тұрған қыз шет тіліне әбден жатып алған болатын. Бірақ кенет ол ағасының жанында тұрған Дәулетті байқады. Бірден аузын қолымен жауып алды да өз қылығы үшін ұялып қалды. Ол алғашқы кездесу бұлай болады деп ойлаган жоқ қой. Оның алдында басқаша боп көрінгісі келген еді ғой. Бірақ тым кеш. Дәулеттің жүзінен аздаған қуаныш білінді. Көз алдында сол баяғы өзі ұнатқан кішкентайы. Бірақ қатты өзгерген. Бұрындары белінен келетін шаштарын иығына дейін қысқартып тастапты. Томпиған беті тартылып, бет формасы да өзгерген. Тіпті стилі де өзгеріпті. Бірақ жан-дүниесі сол баяғы кішкентай қыз екеніне сенімді. Екеуінің де ойына бұрынғы сәттер оралды. Махаббат буына енді бата бергенде айырылысып кеткендері, алғашқы сүйіс, алғашқы құшақтасу. Ұмытылуға сәттер... Бірақ бұлардың ендігі маңызы бар ма? Уақыт өте келе ұмытылатын сәттерді қазір ойлап қалсын ба? Әлде өткеннің еншісіне қалдырсын ба? Немесе алдағы уақытқа байлап, болашағына тағы бір кездесу жаздырсын ба? Бірақ бәрінен дұрысы қазір ойлап қалу ғой. Я өткен, я болашақ емес. Уақыт бұндайда сені күтіп тұрмайды ғой. Онымен жарысамын деп өткен мен болашақ көпірінде тұрып қаласың. Не өткен шаққа қайта алмайсың. Не болашақтан үміт күте алмай, қорқынышпен өмір сүресің. Сол қорқыныш қазіргі сәттен туындайтын қателіктер ғой. Адамдар махаббатты ұлы сезімге теңейді. Неге? Өздерін шексіздікке жетелеп, соңында өз жүректерінде қинап өлтіретін болғандықтан ба? Әлде уақыт өте келе жай естелік болып, жүректі жаралайтыны үшін бе? Ал мен үшін ше? Ол мен үшін не мағына білдіреді? Қаламымды қолға алған себебім де осы еді ғой. Бұл махаббат хикаясы енді қалай өрбиді екен?

Қыздың көзі Дәулеттің саусағындағы неке сақинасына түсті. Демек шынымен де басқа жанға үйленген екен.

9-бөлімнің соңы

90❤️ 16k

3 45 ER 1.6140
1- бөлім
- Әй, не істеп жүр мыналар қыздар жақта?! - деген апайдың ащы дауысын естіген ұлдардың әрқайсысы әр жаққа қашып, тығылып үлгергендері қыздардың шкафтарына, енді біреулері төсек астына тығылуда. - Ертең директорға кіресіңдер, сағат деген 21:00- дан кетті. Ұялмайсыңдар ма?! - деп үш этажды басына көтеріп айқайлап келе жатқан дауысы бірінші этажға жүгіріп түсіп келе жатқан Әлиге енді алыстан естілуде. Бойындағы адреналин жүректі дүрсілдетіп, күлдіріп, неше түрлі сезімдердің бастауы болды. Осындай асығыс жүгіріспен келе жатып, өз бөлмесіне енді жетейін дегенде жақын маңнан ағайдың " Бөлмелеріңе жатыңдар, не жүріс ол, туған күн тойламайсыңдар!" деген кіші сыныптарға айқайлап жатқан дауысы шықпай ма? " Апай жетпегендей, ағай қайдан пайда бола қалды?" деп ойлады Әли ішінен. Бағанағы адреналин адреналин бе, міне енді бойын нағыз қобалжу сезімі биледі. Қазір ағайға көріп қойса " Қыздар жақта не істеп жүрсің? " деп ұрсып, директорға алып кіреді ғой. Әли қашар жер іздеп жан- жағын қарай бастады. "Қап, қырсық- ай осындайда тығылар жерде құрып қалады ғой!" деп ашуланып, ойланып та қояды. Тағы да ағайдың айғайынан соң өзінің қайда кіріп кеткенін де байқамай қалды. Құдды бір денесі миына бағынбай бір жерге алып келгендей. Тоқтап, екі қолын тізесіне қойып, еңкейіп, тынысын бір ретке келтірген соң айналасына қарады. Душ... Иә, душқа кіріп кеткеніне өзінің де күлкісі келді.Нақты душ болғанда да, жуынатын жерінде емес. Бергі жағындағы кабинкасында тұрып, терезеге көз тастап, апай мен ағай кеткен соң шығамын деп ойлады. Тек ең қызығы енді басталған болатын. Душтың жуынатын жерінен,яғни түпкі бөлмесінен қыздың ән айтып жатқан, нәзік, жайлы дауысы енді ғана естілгендей еді. Әли енді ғана өзінің қай жерде екенін түсініп, қатты күлгісі келді. Бірақ, күлейін десе де күле алмады. Құдай- ау қай жігіттің басына қыздардың душына кіру деген ой келеді. Енді не істерін білмеді. Қызға ескертейін десе оның шыңғырып, ұстап беретіні белгілі. Шығайын десе де тым кеш. Себебі, қазір шықса ұсталатыны ешкім айтпаса да айдан анық. Жігітке енді ғана дем жетпей, қысыла бастауды. Ал қыз ештеңеден күдіктенбестен, естіместен өзінің әнін жалғастыруда. Әрине, қыз ұл тұр деп ойлаған жоқ қой. Шын мәнінде қыздардың душына кіруге қай ұлдың батылы жетсін?
Енді жігіт ұсталып қалмаудың амалын қарастырып жатқанды. Бірақ, қазіргі істеп жатқан қылығын, ондай амалға аса бір қатысы жоқ. Неге бұлай істеп жатыр, оны өзінің де түсініп тұрғаны шамалы, бәлкім нәзік дауысқа ие жанды көргісі келген болар. Иә, жігітке әрқашан музыкаға қатысты кез келген зат қызық болатын. Өзінің де қабілеті бар оны, достары "сыншы" деп мазақтайтын еді. Оның көңіліне әрбір дауыс жаға бермейтін. Тіпті, кейде айта алмайтындарға қатты сөйлеп, дөрекілік көрсететін кездері де болған еді. Дегенмен мына қыздың дауысы оны өзіне баурап алып кетіп барады. Қызық... Ақырын келіп, есіктің ашық қалған кішкене тесігінен сығалап қараған оның ойындағысының бәрі ұмыт болды. Қыздың баурап алар дауысы мен аппақ әрі нәзік денесі көзге оттай басылатын еді. Қолаң, қара, ұзын, арқасын беліне дейін жауып тұрған шаштары,сол шаштарымен ары - бері ойнап жатқандай ұзын, нәзік саусақтары, қыпша әрі жіңішке белі, түп- түзу, ұзын аяқтары жігітке нәзіктіктің эталоны сияқты көрінді. Әлемдегі ең әдемі, ең сұлу, ең көркем қызды көргендей одар көзін ала алмай, санасы бұны дұрыс емес десе де жігіттің басқаны ойлар шамасы болған жоқ.Бірақ, өмірдегі жақсының бәрі бітеді емес пе? Дәл солай бұл спектакльдің де аяғы болу керек қой. Ештеңе ойында жоқ қыз ақырын ғана суды өшіріп, шашының суын ақырын ғана сығып, енді ғана алдына қарай бергені сол еді, сығалап тұрған жігітті көріп зәре құты қалмады. Сол кездегі көзқарас, сымбатты, нәзік қыз денесі әлі күнге дейін Әлидің есінде. Екі беті дуылдап, қызарып, көздері шарасынан шығардай боп, " Есің дұрыс па?! Сен кімсің?! Мұнда?... "деп бастап жатқанда жігіт есікті қалай жаба салғанын өзі де түсінбей қалды. Өзінің не істегенін енді түсінгендей, жүрейін десе қозғала алмай, сөйлейін десе сөйлей алмай тұрған жерінде қақиып тұрып қалды. Ал қыз болса ашудан жарылатындай, бірдеңелерді сөйлеп жүр, арасында ренжіп те қояды. Кейде булығып, айтар сөзінің де ретін біліп жатқаны шамалы. Әрине, жігітті бәріне айтып беріп, мен масқара боламын ба деген қорқыныш та бар. Енді ғана киініп шығып, алдынан бағана өзіне қараған Әлиді көргенде тіпті, өзінің не айтарын ұмытып қалды. Есі дұрыс адам сондай ұятты қылықтан кейін, өз ісіне ұялып ізін суытпай ма екен? Ал мына бала, тіпті қыздың бетіне, жоқ көзіне тіп - тіке қарап тұр. Қыз, тіптен сасып қалды. Бірден беті қызанақтай қызарып, біресе төбеге, біресе еденге қарап, айналасын енді көргендей бақылап тұр. Ең бастысы Әлидің көздерімен түйісепесе екен деп қашып тұрғандай еді. Әлиде бұны сезді. Ол өмірінде ең алғаш рет бір адамның не сезімде тұрғанын іштей сезіп, ең алғаш рет сол үшін де қысылып тұрған болатын.Бәлкім бұл қыздың ұяңдығы жігітке майдай жаққан болар.
- Есімім - Әли - деп жігіт қолын алға созып, баяғы әдеті мен қылжағына басты. Қыздың бұған, тіпті, ашуы келіп, өзін басқара алмай қалды.
- Адам деген бұндайда кетіп қалып, немесе кешірім сұрамаушы ма еді?! Мен не сенің атыңды сұрадым ба?! Не кешрім жоқ, не басқа жоқ, есімім Әли дейді ғой.Сенің мұнда не істеп жүргеніңді сұрадым ғой, атыңды емес. Атың маған көк тиынға да қажет емес. Ұқтың ба?
Әлиге, тіпті, былай анасы да сөйлемеген болар. Иә, дәл солай, Әли ешқашан өзін басындырған емес. Өзіне қарсы сөйлеткен емес. Кешірім сұраған емес. Бірінші сөз бастаған емес. Ал мына қыздың жағдайын түсініп ең алғаш рет бірінші болып сөз бастағанына алған жауабы осы ма?! Бұл қыз соншама кім еді? Тіпті, директордың өзі қорқа сөйлейтін, бұл балаға қайдағы бір қыз айқайлап, құны жоқтығы туралы айтып жатыр. Иә, Әли ешкімді тыңдамайтын әкесінен басқа. Мектепте Әлиден бәрі қорықса да оның бір жағымсыз қылығы әкесінің құлағына жетсе, аямайтын. Сол себепті, тыныш жүруге тырысатын. Бірақ, қолынан ол әзірге келе қойған жоқ.
- Дәл сол сияқты сенің түкке тұрғысыз денең де маған қызық емес - дегені сол еді қыз көзқарасын Әлиге бағыттады. " Неге сонша жасыл? Жап - жасыл... көздері изумрудты жасыл түсті ... изумрудты" деген ой Әлидің басынан кетпей қойды. Иа, қыздың көзі изумрудты жасыл болатын. Көздер түйіскенде ғана жігіт бұны байқады. Қыздың көздері оған шексіздіктен құралған, терең шұңқыр сияқты көрінді, сол шұңқырда әлемдегі ең әдемі сезімдер бар сияқты, мінсіз, таза, ең қымбат тас секілді көздер... тек бір кемшілігі сол шұңқырға түссең енді қайта шыға алмайтындай еді. Ол шұңқырда жаныңды өртер от бар еді. Ол оттың аты - махаббат болатын. Жігіт ендігі сол шұңқырға түсіп кеткенін де байқамады...

Қайырлы күн🖐. Бұл менің алғашқы хикаям сол үшін қатал болмасаңыздар🥺). Және, тақырыбы жоқ, ойлап таппадым🤔. Хикая біткенде бәлкім сіздер айтарсыздар?). Хикаяның 1- бөлімі қалай?).
70❤

2 14 ER 1.2638
°hold me tight|11|

Мерейтой ойдағыдай сәтті бітіп барлығы үйлеріне кетуге жайғасты. Қолына Дарынды ұстаған Дәулет Баянды таппай қалды. Жанындағылардан сұрап еді бағана сыртқа шығып бара жатырғанын көргендер бар екен. Дарынды ішке тастады да өзі сыртқа шығып, Баянды іздеді. Мейрамхана артына барып еді басқа еркекпен сөйлесіп тұрған Баянды көрді. Әңгімелері жараспай тұрғанға ұқсайды, Баянның жүзінен ашуды байқады. Бірден жандарына барды. Баян Дәулетті көріп сасып қалды.
-Баян, бұнда не істеп жүрсің? - деді Дәулет. Әйелінің бірнәрсе жасырып жүргенін баяғыдан білетін. Жанында тұрған еркекке назар салып еді бетпердесінен ешнәрсе байқай алмады. Баянға қайта кездесеміз деді де кетіп қалды.
-Сенен сұрап тұрмын. Бұл адам кім? Не жасырып жүрсің?
-Шаруаң қанша? Дарынды жалғыз тастап кеткенбісің?
-Балаң бары есіңе түсіпті ғой. Есі дұрыс әйел бұндай уақытта жалғыз өзі бөтен еркекпен кездесе ме? Баян, есіңде болсын егер басыңа қандай да бір қиындық түссе менің араласуыма тура келеді. Соны ұмытпа, - деді. Баянның қолынан ұстады да мейрамхана алдына әкелді. Іштен Дарынды алып шыққан соң үйлеріне кетті.
Меруерт орындықта ұйықтап жатырған Іңкәрді ағасына көтерткізді де далаға шықты. Көзіне бірден Дәулет түсті. Баянның қолынан ұстап алған. Аса қатты мән бере қоймады. Үйленген адамдар ғой деп жылы жаба салды. Бірақ ол жай ғана сылтау екені белгілі ғой. Өзімен бірге шыққан Альбинамен қоштасты да көлікке мінді. Көлік терезесінен әлі де Дәулеттерді бақылап отыр. Жанында баласы да бар. Бес жыл ішінде Меруерт өзіне шектеу қойып үлгергенді. Ақыл-ойы Дәулетті ұмытса да жүрегі ұмытпапты. Бірақ жүрегін тыңдаймын деп біреуін жанұясын бұзғысы келмейді. Көп ұзамай Дәулет көлігін оталдырып, кетіп қалды. Ал ол көлік соңынан қараумен қалды.

Таң ата салысымен Меруерт жұмысқа дайындалды. Жұмыстың аты жұмыс. Кешігуге болмайды. Таңғы асын ішіп болып, ағасымен бірге жұмысқа кетті. Компанияға келген соң бірден өзінің кеңсесіне бармады. Басқа кеңседен құжаттарды алуға тура келді. Оларды алған соң ғана өзінің кеңсесіне кірді. Қолындағы құжаттарға қарап жұмыстың көптігін ұқты. Әр құжаттағы ұсынысқа сәйкес үлгілер жасау керек. Құжат былай тұрсын арнайы клиенттер де келіп өз қалауларындағы ғимараттың сызбасын жасатып кетеді. Осылай қыздың жұмыс күніне де өте шықты. Қағаздарға әбден кіріп кеткен қыздың ойын келген ағасы бұзды.
-Меру болдың ба? Үйге қайтайық.
-Жоқ, аға. Мына сызбаны бітіру керек. Бірақ маған архивтен бұрынғы архитекторлардың сызбасы керек еді. Ол қайда?
-Архив бірінші қабатта. Үйге барып жасасаң қалай?
-Үйге барсам ерініп қаламын. Одан да осы жерден бітіргенім жақсы. Сіз бара беріңіз онда. Болған соң қоңырау шалып айтамын.
-Жақсы, ендеше,-деді де кетіп қалды. Меруерт қолына керекті қағазды алды да архивке барды. Қағазындағы мәліметке байланысты үлгілер іздей бастады. Тапқан соң бірден өз кеңсесіне оралды.

Ерболат үйге кіре салысымен бірден Іңкәрді іздеді. Кішкентай әкесінің алдынан жүгіріп шықты да құшақтап алды. Екеуі бірге ас үйге барды.
-Біздің анамыз қандай тағам жасады екен а? - деді. Әйелі үстелді жайнатып қойған екен.
-Меруерт қайда? - деді Мөлдір.
-Жұмыстары көп екен. Компанияда қалып қойды. Болған соң алып кетемін. Апамдар хабарласты ма?
-Ия, Алла бұйыртса ертең келеміз дейді. Қолдарыңды жуып келіңдер, тамақ ішеміз. Үшеуі кешкі астарын ішіп болған соң Ерболат Іңкәрді ұйықтатуға алып кетті. Ал бұл уақытта Мөлдір дастарқан басын жинауға кіріскен. Іңкәрді ұйықтатып тастаған соң Ерболат қайта ас үйге келді. Ыдыс жуып тұрған әйелінің белінен құшақтап алды. Әрине Мөлдір бұған шошып кетті.
-Есің дұрыс пе ей! Шошыттың ғой. Ыдыстар сынса қайтесің, - ақырын дауыспен күйеуіне ұрыса.
-Ұрыспашы енді. Іңкәр ұйықтады. Не істейміз? - деді Ерболат. Бір нәрсені меңзеп тұр. Онысын Мөлдір бірден түсініп қойды.
-Сен одан да Меруертпен байланыс. Тым кеш болып кетті ғой. Жалғыз өзіне қауіпті.
-Жақсы, жақсы,-деді де қолына телефонын алды. Қарындасына қоңырау шала бастады.
-Ау,аға, - тұтқаны көтерген Меруерт.
-Меруерт болып қалдың ба?
-Жоға, әлі. Өзім хабраласамын ғой,болган кезде.
-Сақ болшы. Мына жерде жеңгең уайымдап жатыр. Саған бірнәрсе болса мені жеп қояын деп тұр, - әйеліне күле қарап.
-Түсіндім аға. Қорықпаңыз жемтік болмайсыз. Кішкентай қыз емеспін ғой. Жақсы, онда. Менің жұмысым көп,-деді де тұтқаны қоя салды. Ерболат әйеліне қайта қарап,
-Естідің бе? Аман-сау екен.

Ас үйде жанұясымен бірге тамақтанып отырған Дәулеттің ойында әлі де кешегі жағдай. Қайта-қайта әйелі Баянға қарап қояды. Онысын Баян бағанадан бері байқап отыр. Дарын асын ішіп болған соң Баян оны бөлмесіне апарып жатқызды. Қайта ас үйге келді де өзінен әлі де жауап күтіп жүрген Дәулетке қарады.
-Маған олай қараудың қажеті жоқ, - деді Баян.
-Не үшін екенін жақсы білесің. Кешегі еркектің кім екенін, онымен не үшін кездескеніңді айтасың, немесе, барлығын өзім іздеп тауып аламын.
-Онсыз да өзім айтамын. Іштей кім екенін тауып та үлгерген шығарсың.
-Дарынның әкесі ме?
-Ия, - деді.
-Не үшін келіпті?
-Бес жыл бұрын керек қылмаған баласын іздеп келіпті. Сағындым дейді,
-Пфф...Не деймін енді? Дарынды ол еркекке жолатпа. Оның қайдағы біреумен байланысқанын қаламаймын. Оны өзің де жақсы білесің...
-Ол қайдағы біреу емес. Дарынның әкесі. Туған әкесі... - оған тістене қарап.
-Маған мінезіңді көрсетпе! Әкесі болса бес жылда бұрын қайда болды а? Сен менің алдыма жылап, жалбарынып келген кезде ол қайда болды? Саған көмектесті ме? Жоқ аларын алып алып зат секілді тастап кетті.
-Сенің қай жерің қиналады. Мені онсыз да жеккөресің ғой. Маған не үшін үйлендің.
-Саған қайта-қайта айтып шаршадым. Дарын үшін дедім емес пе? Меруерт өмірімнен кеткелі Дарын мен үшін жарық сәуле секілді болды. Қазірге дейін өмір сүріп жүргенімде сол. Енді бұл жайында әңгіме қозғама, - деді де кіреберіске барды. Баян оның артынан келді.
-Меруерт келді. Дарынды керек қылмайтын шығарсың...
-Олай деме. Дарынды ешқашан тастамаймын. Ұқтың ба? Ал енді барып ұйықта.
-Сен қайда барасың?
-Компанияға бару керек. Құжаттарым қалып қойыпты. Есікті құлыптап ал, - деп үйден шығып кетті. Баян есікті құлыптап алған соң бөлмесіне барды. Төсегіне жатып алды да өткенді еске ала жылай бастады. Аяғы ауыр, ешкімге керексіз қалған кезде әкесіне баруға батылы бармады. Себебі әкесінің жауабын жақсы білетін. Ал жігіттен сол күйі хабар болмады. Амалы жоқ қыз Дәулеттен көмек сұрады. Міне, содан бері бес жыл өтті. Іштей Дәулеттің өмірі құрдымға кеткеніне өз-өзін кінәләйді. Бірақ бұның бәріне ұлы үшін барды ғой.

Дәулет компания ішіне кірді. Өз кеңсесінен қажетті құжаттарды алуға бара жатырғанында Меруерттің кеңсесінің жарығы жанып тұрғанын байқады. Не үшін жанып тұр екен деп жанына барды. Кеңсе ішінен ұйықтап жатырған Меруертті көрді. Жанында аяқталған үлгі жатыр. Компанияда не үшін қалғанын енді ұқты. Жанына барды да қызға ұзақ қарап тұрды. Есіне екеуінің алғаш жеке қалған кезін алды

__________
Үй жұмысын орындап жатырған Меруерт үй есігінің қағылған дауысын естіді. Орнынан тұрды да есікті барып ашты. Келген ағасы Ерболат және оның жанында әбден быт-шыты шыққан Дәулет. Меруерт оларды ішке кіргізді де есікті қайтадан құлыптап алды. Арада 20 минуттай өте шықты. Ерболат дәлізге келіп сырт киімін кие бастады.
-Меруерт, есікті жауып алшы. Мені Мөлдір шақырып жатыр. Шұғыл шаруа шығып қалды дейді. Айтпақшы менің шкафымнан Дәулетке киімдер шығарып дайындап қойшы. Жақсы, сау бол,- деді де кілтін алып шығып кетті. Меруерт есікті жауып алған соң ағасының бөлмесіне барды да киімдерді дайындай бастады. Бір уақытта бөлмеге беліне тек орамал байлап алған Дәулет кіріп келді. Меруерт оның жартылай жалаңаш денесін көріп, ұялғаннан басын төмен сала салды. Беті қызарақтап, не айтарын білмеді де қолындағы киімдерді Дәулетке бере салды. Енді шығып бара жатқанда,
-Тұра тұршы, - деді Дәулет.
-Ау? - оның жауабынан соң Дәулет қызға ақырындап жақындай түсті. Одан қашқан қыз да артқа қарай шегінген сайын жарға жақындай түсуде. Ақыры жарға жетіп те үлгерді... Бұрылып қашпақ болып еді Дәулет екі қолымен жарды ұстап, қоршап алды.

______________


Бөлмені салқындатқыш қосылып тұр екен. Ал Меруерт үстіндегі жұқа киімімен тоңып жатыр. Ауырып қалар деген оймен қызды оятты.
-Меруерт, тұр. Үйіңе бар... - деді. Ақырын көздерін ашты. Дәулет қыз оянған соң қолына салқындатқыштың пультін алып, сөндірді.
-Ұйықтап қалыппын, - деді Меруерт. Сызбаларын реттеп сала бастады.
-Жақсы сызады екенсің, - деді қағаздарға қарап.
-Енді шетелде оқып келген жоқпын ба? Білімім жоғары,- мақтанышпын сөйлей. Бірақ жігітке жанарын бұрып та қарамады.
-Үйіңе жеткізіп тастайын, - деді Дәулет.
-Ағам алып кетеді.
-Оны мазалап қайтесің. Мен де шығып бара жатырмын. Жолай түсіріп кете қоямын. Өтініш, бас тартпашы, - деді. Меруерт ойланып қалды. Бір жағынан ағасының да мазасы алғысы келмейді. Дәулетпен де барғысы келмейді. Бірге барса оның қандай әңгіме қозғайтынын жақсы біледі. Бірақ келіспеске амал жоқ.
-Жақсы, - деп жауап берді. Дәулет бұған іштей қуанғанды, бірақ сыртқа білдіргісі келмеді. Екеуі бірге ғимараттан шығып көлікке отырды. Жол бойына Дәулет қызға қайта-қайта қараумен болды. Қандай әңгіме бастарын да білмейді. Бірінші шетел туралы сұрайын деп шешті.
-Шетелде оқыған қалай екен?
-Біраз қиналдым басында. Кейін үйреністім ғой.
-Етті сағынған шығарсың, ә?
-Әрине. Қазақтың етіне жететін тағам жоқ қой, - күліп жіберді.
-Басқа қандай өзгерістер бар?
-Басқа болғанда қандай?
-Мені көргеніңдей, үйлендім. Жанұям бар. Ал өзің ше? Біреуді кезіктірдің бе? - бұл сұрақ екеуіне де ауыр тиді. Бірақ Дәулет сонда да білігісі келді.
-Жоға, жеке өмірге уақытым болмады, - деді. Оның не үшін сұрағынын анық біліп отыр. Дәулет ішінен мені ұмыта алмаған ғой деп топшылады. Шынымен де солай еді. Бес жылы Дәулетті аңсаумен болды. Әлеуметтік желілерде оның Баянмен бірге түскен суреттерін көріп жылап алатын. Баянның орнында өзі болуы керек еді. Осындай ойлармен жолға қарап отыруды жалғастырды. Дәулет басқа әңгіме таппады. Сөйтіп қалған жол бойына екеуі де жақ ашпады.
Көліктен түскен Меруерт өзі тұратын подъезден шығып келе жатырған Айбекті көрді. Қолындағы бірнеше құжаттарға қарап не үшін келгенін түсінді. Айбек те Меруертті байқады. Дұрыстап бақылап еді Меруерт Дәулетпен бірге келіпті. Әрине бірден қате ойлап қалды. Дәулеттің үйленген адам бола тұр жас қызбен бірге жүргеніне таңқала қоймады. Екеуінің бұрындары бір-бірін ұнатақаны белгілі ғой. Дәулет көлігін айдап кетіп қалған соң Меруерт өзін күтіп тұрған Айбектің жанына келді.
-Сәлем, - деді жігіт. Қыз жай дауыспен амандасты. Меруерт Айбектің жүзіне қарап-ақ оның қандай ойда тұрғанын байқады. Сұрай ма деп еді сұрамады. Айбек те бұған аса қатты назар салғысы келмеді. Бірақ Меруертті бұндай әрекетке барады деп ойламап еді. Артық ештеңе айтпады да кетіп қалды. Оның артынан қарап тұрған қыз да көп ұзамай подъезге кірді.

11-бөлімнің соңы

90❤️ 15k

2 33 ER 1.3540
11-бөлім🔥

Өмірден әдемілік күтпе
өзің әдемі етіп өмір сүр💫

Ая Алидің бетінен аямай ұрды
- Али мен сендерге ойыншық емеспін айналайын мен сені жақсы көріп жүрсем бар ойың мені пайдаланума мен осыншалықты төмен көрдіңба. Менде ет жүректі пендемін менде де жүрек бар ауырады. Калай маған ұялмай сені жаксы көрем деп айтып тұрсың. Мен сені сүйіп қателескен екенмін мен сені өзгерді деп ойлап куанып саған ессіз ғашық болсам сенің маған істегенің осы болдыма рахмет. Енді көріспеген сөйлеспеген адамым сен бол Али, ашулана көздерінен ыстық жастар тоқтар емес. Қуанышпен қайғы бірге келсе қалай көтерер едіңіз. Жастарын қанша сүртседе тоқтар емес досым дегені жақсы көріп өзін алдаған болса, сүйемін деген адамы өзін пайдалану үшін бәрін жасағын енді түсінгенін Ая жылай берді. Жаңа ғана қуаныштан бақыттан басы айналып жүрген еді 1 минут жетті сол қуанышты тоқтатуға. Бөлмеге кіріп өзіне тағылған тәжді лақтыра салды енді керегі қалмағандай. Бірнеше күн сабаққада бармады. Тоқсанның соңы бітіп қалды.

Біреуге қуаныштың артынан щайғы келсе біреуге қайғының артынан қуаныш келді.

Сол күні Маржан жыламсырай кетіп бара жатты. Көздері жасқа толып ештеңе көрмедіде. Алдында келе жатқан Бауыржанға соғылдыда қолына нәзік құлай кетті. Бауыржанда қолында көздерінен жастары тамшылай қарап тұрған мөлдіреген көздерді көре түсініксіз үнсіз тұңғыйық көздерге қарап тұрды. Алыстан биік туфлимен тоқылдатып келе жатқан Аяулымды да байқамады. Маржанды ұстап тұрған Бауыржанның қолын алған кезде ғана байқаған еді. Маржан мамық төсекке құлағандай жерге құлай кетті. Өзін әрең ұстап тұрған Маржан жерде балаша еңіреп жылай кетті. Жерде баладай тәтті болып жылап отқан сұлу қыз өзіне Бауыржанды баурап үлгерді. Бұлай болғанына ашулана Аяулымға көздерімен алара қарап Маржанның жанына отырды. Бұл көрініске шыдай алмаған Аяулым жанынан қою қара костюмде қолын қалтасына салып сымбатты жігітті көре мойнына асыла кетті
- жаным қайда жүрсің сені сағындым, құлағына жақындап кеп
- 5 минут үнсіз шыда, деді мөлдіреген көздерімен қарап көмектес дегендей қыпсыра құшақтап алды. Бауыржан жерде жылап отырған қыздың шашын артына қайыра көтеріп алды да Аяулымға қарай
- Бақытты бол Аяу сенен бұндайды күтпедім біздің арамызда бәрі біткен екен, ішінде аздап қызғансада қолындағы Маржанның бала тәтті қылығы баурап алды. Сымбатты жігіт Манас Аяулымды енді түсінгендей көмектескісі келіп өзіне қара ернінен нәзік сүйіп қойды
- кеттік жаным, қолынан ұстай алып ертіп кетті. Бауыржанда бұрыла кетіп қалды. Маржан басқа мектепке ауыссада Бауыржанмен кездесіп жүрді. Ал түсініспеушіліктен туындаған махаббат тіптен қызық. Манас пен Аяулымда кездесіп үлгерді. Ернар басқа мектепке ауыспады. Бұл бәстен ешкім жеңбеді. Ернар мен Али қаратам деп жүріп өздері сүйіп қалды. Демек бұл бәс өз күшін жойды.

Тоқсанның соңынада келіп үлгерді. Ая киімдерін асыға жинап жатты. Чемоданын сүйретіп мектеп алдынан шығып машинасын күтіп тұрды. Сағатына қарай жан жағына жалтақтап қарай берді. Кенет алдына зулай келіп қара қою мерседес көлігі тоқтады. Ішінен қара болып киінген Ернар түсіп
- Ая жүр жеткізіп салайын, есікті ашып күлімдей.
- жоқ керек емес өз көлік шақырып қойдым қазір келеді, жолға қарай келіп қалар деген үмітпен.
- көлікті қайтарып жібердім кеш болып барады кеттік пе Ая, чемоданын қолынан алып көліктің артына салып. Күтпегег жерден Аяның жанына соңғы үлгідегі ақ вмв көлігінен аппақ болып киінген Али түсті
- Аяны мен жеткізіп тастаймын, Ернарға жақындай көліктің артына барып чемоданды алмақ болып. Ернарда қарсыласа
- мен жеткізіп тастаймын Ая менімен барады, бір бірін ұруға дайын тұрған жігіттерді Аяның айқайлаған даусы бұзып
- қойыңдаршы болды жетер жаяу қайтам көзіме көрінбеңдер, ашулана чемоданды алып адымдай алдыға жүріп кетті. Артынан екі көліп бірінен бірі қалыспай еріп отырды. Қанша тоқтатуға тырысмада Ая чемоданын сүйретіп жүре берді. Кейде жолдан көлік тоқтатып та жүрді. Солай тағы бір рет тоқтатып еді бір әдемі вмв көлігі тоқтады. Ішінен Али мен Ернарға таныс бейне көліктен түсті де Аяның чемоданын алып көліктің артына салып кете барды. Ая көлікті айдап келе жатқан аққұба келген кірпігі ұзын қайырылып тұр, көздері қара қоңыр тұңғыйық, шашы артына қайырылған, қыр мұрынды, еріндері қыздан бетер әдемі, киген киімі өзіне құйып қойғандай жарасымды ұзақ қарап отырды. Бар сұлулықты бір өзіне бере салғандай. Енді ғана көліктің ішіне қарап отырды. Тым әдемі ерекше жасалған таңғалып
- көлігіңіз әдемі екен, күлімдеуді ұмытқан қыз бейтаныс әдемі сымбатты жігітке күліп қарады.
- ұнағанына қуаныштымын, Аяның періштедей пәк жүзіне қарап жымиды.
- сіздің есіміңіз кім болады? Алиді қайдан танисыз?, таңғала сұрады бейтаныс жігіт.
- аа мен Аямын Али мен Ернар менің сыныптасым ғой
- Алиге кім боласыз
- мен...мен Алидің егізімін Алихан, күлімдей сөйлеп
- мүлдем ұқсамайсыздар ғой, таңғала қарап отырды.
- иа әкем ерте қайтыс болды сол үшін Алидің әкесі менің әкемнің жақын досы болған мені асырап алды, Аяға көзінде қаншама сыр жасырулы көздермен қарап отырды. Аяның айтқан мекен жайға да келіп үлгерді. Көліктен түсе Аяның номерін сұрап үлгерді. Ая да еш қарсыласпай бере салды. Осылай демасыл дың алғашқы күндері өтіп жатты. Ая көкесінің үйіне кіріп киімдерін реттей бастады. Телефонға хабарлама келді. Ая қолына ала тез танып үлгерді. Осылай түннің жарымына дейін сөйлесіп жатты. Қайырлы түн тілеп ұйықтап қалды.

Таңның сәулесі Аяның бетіне түсе еріксіз оятып жіберді. Сағат 09:10 көрсетіп тұр. Ая жуынып өзіне жарасымды қара көйлек сыртына кажак аяғына ақ красовки киді. Телефонын алып үйден шыққаны сол екен есік алдында машинаға сүйене Алихан күтіп тұр екен. Іштей қуана кеткен Ая күлімдей жанына барды. Алихан Аяның сұлулығына тамсана қарап тәтті қылығы өзіне тартып тұрды
- сәлем Ая, күлімдей қолын созып.
- сәлем, қолын алып тәтті күлкісімен күліп қойды. Есікті ашып көлікке отырды ұзақ жолда сөйлесіп отырды. Әдемі теңіз жағасына серуендеуге келді. Аяқ киімдерін қолына ұстай теңіздің жағасында жүрді. Кенет Алихан Аяға су шашып жіберді. Осылай су шашып ойнап жүр тым әдемі көрініс. Осылай кешкі уақытта болып қалды. Аяны үйіне қайтуды жөн деп шешті. Ая үйіне қайтар жолды ұйықтап кетті. Келіп жеткенде Аяны Алихан оятуға қимай ұзақ қарап отыра берді. Бетін де бір мін жоқ тап таза періштедей пәк жүзіне қарап отырып жай ғана бетіне түскен шаштарын қолымен қайыра бергенде сезіп үлгерген Ая ұйқысынан оя кетті. Көліктен түсіп Алихан мен қоштасып үйіне жақындай келді. Алихан Аяның артынан қарайлап тұр. Аяның алдынан таныс бейнені байқады. Жақындаған сәтте оның Ернар екенін байқады. Ренжулі Ая көздерін басқа жаққа аудара жүріп келе жатты. Кенет алдынан роза гүлдеріне толы жарқырап тұрған шамдардан жасалған жүректі байқады. Ернардың қолында 50 роза гүлі көліктің артына салынған үлкен жұмсақ аюды байқады. Жақындай бергенде шамдар жарқырай салютер атыла бастады. Ернар Аяны қолынан ұстап жүрекке алып келді. Қолына роза гүлдерін беріп
- Ая мені кешір бәрі үшін кешір, сөздерін Аяның көзіне тіке қарай сенімді түрде айта бастады. Ая қуанып кетті көздерінен жасы шығып
- ия кешірдім, қуана Ернарды құшақтап алды. Алыстан Алихан әліде қарап тұрды. Енді ғана миы қортып үлгерген Алихан қызы болуға ұсыныс жасады деп ойлай көлікке отыра кете барды.
Ая Ернардың құлағына сыбырлай
- мен әлі қызың емеспін, күліп жіберді. Қатты қысып құшақтап алған Ернар Аяны жібере
- аа кешір, күліп тұрды. Осылай Ая үлкен Аюды құшақтап гүлдерді Ернар үйіне кіргізуге көмектесті. Ая үйге кіргенде көкесі Айым алдынан шығып қуанып
- ваууу қандай әдемі біздің күйеу балама?,күліп Аяға қарады. Қызырып кеткен Ернар
- аа әлі емес, ақырын сыбырлай күліп қойды. Көкесі аюды қолына алып үйге кіргізіп
- біздің қыздың көкесі де бар әліде жігіті жоқ қонжық алатын, күліп ас үйге шай қоюға кіріп кетті. Ернарда көкесінің жылы жүзін ұнағаннан
- келесі жолы сізге міндетті түрде алып беремін, үйге кіріп диванға отырып. Аяда
- көке қойсаңызшы, Ернарға қарап
- көкем ойнап айта береді, күлімдеп отыра берді. Көкесі Ая Ернар бірге шай ішіп әңгіме айтып отырды. Қалай түн жарымы болғанында байқамай қалды. Ернар сағатына қарап 11:12 болғанында байқады.
- кеш болып барады екен қайтайын, Аяға қарап.
- жарайды күйеу бала қона салмадыңба Аяның жанына, күліп отырды Ая мазақтай сөйлеп.
- көкеее.... күйеу бала емес қонбайды қайтады, бұлдана Ернарды қолынан ұстай есікке тарта. Ернарда күліп жіберді Аяның бала қылығына
- мен кеттім көкетай, сырт киімін алып шығып кетті. Ая үйден шығып көліктің алдына келіп Ернарға қарай
- келгеніңе рахмет қуанып қалдым, жәй адымдай барып Ернарды бұл жолы өзі қыпсыра құшақтай алды. Ернарда бұл сәттің ұзақ болуын қалағандай құшағына қыса құшақтап тұрды. Құшағынан босата Аяның көздеріне қарап тұрды да еш ойланбай Аяның ерінен нәзік сүйді. Бәрінен бас тартқан Ая тіптен Алиден бірақ Ернардан еш бас тартқан емес. Үнсіз жай ғана көзін жұмып тұра берді. Өзінің қаншалықты қате жібергенін өзіне лайық емес жанды таңдағаны жанына қатты батты. Енді бәрін түсінген Ая үнсіз көзінен тамшы жас тамды. Ернар Аядан алыстай көзінен аққан жасты сүртіп
- сен менің күнәлі сүйкімді періштемсің менің жанымда қалшы, ақырын сөйлеп Аяға қарады. Ая не дерін білмей
- көкем күтіп қалды кеттім, қолын бұлған балаша жүгіре үйге кіріп кетті. Еріксіз Ернар күліп тұрды. Бұл өмірде одан асқан бақытты жан жоқтай көлікке отыра желмен бірге жарысқа айдап кетті. Ая үйге кіріп бөлмеге тез кіріп кетуге асығып жүгіре кетіп бара жатты.
- келдіңба жаным бір тал розаңды өзіме алып қалдым, Аяға қарап күліп отырды.
- ойй көке ала беріңіз аюды өзім алам
- гүлдің бәрін санап шықтым 50 екен, таңғала гүлдерге қарап иіскеп отырды.
- көке койыңызшы бөлмесіне кіріп төсекке құлай кетті. Күлімдеп тәтті ұйқыға кетті.

Алихан бөлмесіне кіргенде өзіне біреу тесіле қарап тұрғанын байқады. Жақындай келгенде
- Али, таңғала көремін деп күтпеген Алихан.
- сені Аяның жанынан көрмейтін болайын екі рет қайталамаймын, қатулы түрмен айтты.
- Али мен тек.... сен... дұрыс түснбедің, бауырына жылы сөйледі.
- сен менен бәрін алдың Санияны да бәрін алдың енді Аяны маған қалдыр, көздеріне жас тола әрең сөйледі.
- Али негізі мен ештеңе алмадым кате түсінбеші бауырым, бауырына сағынышымен құшақтап арқасынан қақты.
- бұл саған өтініш пен жалыныш емес ескерту ескертем саған Аяны жайына қалдыр, құшағына қысып тұрған Алиханды итеріп жіберді. Орындыққа құлай кеткен Алиханның беті сырылып тамшы қан шығып тұрды. Ашуланып өзін ұстай алмай өзі әрең жүрген қарым қатынасты одан сайын күйрете
- жайына қалдырмасамшы менде оны сүйем, таныстығы аз уақыт болсада сүйіп үлгерген Алихан тіке көздерімен қарап тұрды.
- мен Аяны сүйемін ол мендік осыны миыңа тоқып ал, Алиханды итере есікті қатты жауып кете барды. Бетіндегі қанды ақырын жүргізіп сүртіп қарап төсекке жата кетті.

Таң...
Ая төсектен тұра жуынуға кіріп кетті. Шашын сүрте гүлдермен аюға қарап әдемі жымиа киімдерін киіп далаға шықты. Өзі жалғыз бәрінен ойынан шығару үшін демалу үшін саябаққа келіп отырды. Жан жағында еш уайымсыз балалар ойнап жүрді тым әдемі. Күлкілері бейне жаннатта жүрген періштелер секілді. Ұзақ қарап отырды. Жолдың соңынан қолына көптеген балмұздақ ұстаған Ернарды байқады. Жанына келіп отырды.
- сәлем, балмұздақтарын ұсына амандасты.
- сәлеммм охоооо мен ұнататын балмұздақтар ғой неге көп, қуана алып жеп үлгерді.
- бәрі сен үшін, жеп отырған Аяны лезде құшақтай алды. Ештеңе түсінбеген Ая
- не болып қалды?, Ернарға қарады.
- сәл осылай отыра тұршы, үнсіз құшақтай мейірлене искеді. Кенет Ая Али келгеннен байқады. Али ашулана келіп Аяның қолынан бар күшімен тартып қатты қысып ұстап тұрды. Қаңбақтай жеңіл қыз орынан ұщып кете жаздады, Алидің қатты қолы тіптен кісендай ауыртып тұрды. Бойын ашу ыза қызғаныш билеген жігіт
- Аяда шаруаң болмасын түсіндіңба ол менікі, Ернарға мен менсіп сөйледі.
- Али сен бұл жерде артық сиақтысың Ая кеттік, екінші қолын ұстап өзіне тартты. Ая екі бөлініп қалуға шақ қалды. Ендігі ұрыс керістен қызғанудан шаршаған Ая орынанда тартқылаған жігіттерге қарай
- жіберіңдерші ауырды мен ақ кетіп қалайыншы өтінем деді жылап көздерінен жастары сырғып түсті. Енді ғана түсінген жігіттер Аяның қолынан жіберді. Қолдары қанталап кеткенін көре жігіттер кешірім сұрай бастады. Ая Ернарға жылап
- Ернар мені алып кетші Алидің жанына тастамашы өтінемін, жүруге әлі болмай отыра кетті. Ернар өксіп жылап отырған Аяны қолына көтере алып кетті. Али үнсіз артынан қарайлап тұра берді. Бірдеңе істеуге еш қауқарсыз. Енді бәрінің қадірін Аяны енді түсінгені сол енді бәрі тым кеш еді. Қолында барды бағалай алмады. Күздің қоңыр жапырақтары үзіліп түсіп жатты Алиді жұбата. Бәрі тым кеш Али үшін. Қанша қиналып жүрген Ернардың түнек күндерінен жадырап күнде шықты тек сабыр керек. Аяны құшақтай көтере кетіп бара жатқан Ернар қолында жылап өзіне қарап отырған күлкілі жүзіне қарап көліп күліп жіберді.

Бөлім ұнайды деген ойдамын ❤🔥
Қолдауларыңызды күтем 🔥❤
Бәрі өзгеріп жатыр ❤🔥
Қызық алда😍🔥❤

0 20 ER 1.2117
2-бөлім 🔥

Өмірден әдемілік күтпе
өзің әдемі етіп өмір сүр💫

Күздің күні арайлап көкке көтерілді. Бәрі ұйқысын қимай әзер тұрып жатты. Ал Ая ерте тұратын стадионға жүгіруге бара жатса Ернардың жүргенін көріп Ая ештене деместен өзі жүгіріп жүре берді. Ернарда үнсіздікті қалап Аяға қарап бір жылулықты сезгендей болды. Сөйлегісі келді бірақ тілі байланып қалғандай үнсіз күйде болды. Бар сұлулықты тек осы қарапайым бейнеден көрді. Тым ерекше. Интернатка оралды. Бәрі асығып киініп кейбірі сабағын реттеп те жатты. Осылай үлкен көз тартарлық мектептің құлақты жарып жіберердей қоңырауы соғылды. Ия бірінші сабақ алгебра басталды. Апай балалардың білімін тексергісі келгендей 30 тест жазылған ақ бетті алып сыныпқа асыға кірді. Бәрі кітап бетін ашпаған, кітап алып келуге ерінетін ерке тотайлар сабағын 5 оқитын білімді балалар еді. Ал енді бәрі қиналып отырды. Ая бірінші бітті 27 минутта апайдың үстеліна қойды. Апайға қарап
- Жеңіл болды деп сәл жымиды. Сосын орнына барып отырып Камиллаға түсіндіріп жатты. 30 минутта Ернар бітті. Солай қалғандарыда еріккеннен сурет салып та беріп жатты. Ая сәл айналасына қарап
- бұл мектепте өмір сүру мүмкін емес... басын партаға қойып қалай ұйықтап кеткенін өзіде байқамай қалды. Тәтті ұйқыны қоңыраудың ашшы үні бұзып жіберді.
Келесі сабақ д/ш еді. Бәрі киініп шықты бәрінде бірдей қара түсті киім бәрінің келбетін айқындап тұрғандай. Енді жетпегені 11 А мен Ә бірге сабақ өткізетіні болды. Үлкен сәнді ерекше салынған стадионда баскетбол болып жатыр. Бұл жерде әр сыныптың ерекше сымбатты жігіттермен көз тартарлық ойнайтын ұлдар ортада қыздардың басын кетіріп ойнап жүрді. Баскетболды Али мен Ернар керемет ойнайтын ия бәрі олардың ойнағандарына аузы ашыла қарап отыратын әсіресе оған ессіз ғашық махаббат ауруымен ауыратын жандар. Бауыржанда олардан қалыспайтын. Ал параллель сыныпта жақсы ойнайды. Осы мектептегі екі сыныпқа қарсы тұра алатын сынып жоқ десекте болады. Ия ойын қызып жатты ал Ая олардың ойындарына мән беріп отырған жоқ өзі жеке әлемде отырды. Солай 6/5 есебімен (А) сыныбы жеңген еді. Ә сыныбында Манас сырт келбеті мінсіз көрінетін сымбатты жігіт. Ия олда Аяға өзінше ғашық болып үлгерген еді. Бір кезде А сыныбымен мен Ә сыныбының қыздары сөзге келіспей қалды. Аяның жеке әлемін осы шу бұзған еді. Ая орынан тұрып жан жағына қарады. Стадионның шетіне топ қыздар жиналып қалыпты. Ая
- қашан тыныштық болады осы мектепте... қызық не боп қалды екен іші бір жамандықты сезгендей жүгіре тез жетіп барды өзінің қалай дәл ортасына жетіп барғанын байқамай да қалды. Қыздардың төбелесіп жатқанын көріп адымдай артқа шегінді
-қап Ая ортасына жетіп барғаның не көзіне түскен шашын құлағына қайырып
- менің қатысым қанша кетіп бара жатқанда таныс бейнені көргендей артына жалт қарап Аяулымды көрді.Аяулымның тым нәзік терілері тырнықтан сырылып жатқан соң шыдамай жерге құлап түсті. Ая еш ойланбастан барып Гүлімді шашынан тартып тұрғызып бетінен қаттылау келген қолымен салып қалды. Гүлім жылағысы келіп Аяны ұрмақ болғанда Ая Гүлімнің қолын қатты қайырып итеріп жіберді жерге бетімен құлап дар даусымен айқайлады. Беті сырылып қан тамшылап жатты. Гүлім қарсыласуға әлі келмей көзінен тек жастар құлап жатты. Ендігі кезек Гүлімнің сыныптастарында Ая біреуін итеріп құлатса біреуін ұрып біреуін аяғынан теуіп құлатты. Ия бір көрсе бірі көрмеді Гүлімнің даусынан стадиондағы тірі жанның бәрі оларға қарап тұрған еді бәрі Аяның ұрғандарына куә болды. Ая Гүлімнің шашын қатты қысып ұстап тұрғызып
- сендер кімсіңдер соншаа ааа мына қолдарыңды жинап жүріңдер өлімдеріңе асықпаңдар енді көрсем аямаймын. Сен қыз аспаннан түс айналайын сенің орның жерде деп Гүлімді итеріп жібереді. Гүлім Аяны артынан итеруге орнынан тұрғанда тосыннан шапалақпен аямай салып қалды. Ая
- түсінбегенсің ау дим шамасы мен 2 рет қайталамаймын деп жақындап Гүлім артқа шегіне жүрге кетті. Ия өз жеңілісін мойындағандай қаша жөнелді. Ая Аяулымды тұрғызып
- жақсысыңба? деп жымиды.
Аяулым
- ия рахмет саған сен болмағанда баяғыда өліп қалар едім деп кұшақтады.
Ая
- жақсы жарайды болды жылама
Аяулым
- алдындағым үшін кешір деді өз ісіне ұялғандай басын төмен түсіріп үнсіз жылап тұрды.
Ая
- сенде мені кешір жыласаң сүйкімді болады екенсің.
Аяулым
- жылағанын ұмытып кеткендей күліп жіберді.
Ая қыздарға қарап
- енді бұндай жағдай қайталанбасын төбелессіз ақ шешуге болады негіз деп жымиды. Сәл қатал тұрге еніп
- БІРЕУГЕ ТИІСПЕ ТИІСТІ МА АЯМА деп айтты. Ұлдар Аяға қарап мұндай батылдық күтпеген еді. Бәрі таңырқай қарап тұрды. Ия тым батыл көзге бірден түсетін ерекше жаратылыс еді. Бәрі Аяның ісіне риза болса керек. Алиде көріп ерекше ешкімге ұқсамайтынын өзгеше жан деп біле бастады. Ия шынымен бұндай батыл қызды 1 ші рет көруі еді. 11 А қыздарыңа осылай үлгі бола білді. Әркім өз дегенін жасап жүретін. Көмектесу қол ұшын тигізу атымен жоқ еді. Ая келгелі бері бәрі өзгерді. Бұл қыздар мектептің үлгілі қыздарына айналды. Ия басқа сыныптың қыздары ештеңе демейтін болды. Бәрі 11 (А) сыныбын құрметтейтін болды. Қыздар арасында бәрі Аяны өздерінің старстасы ретінде қабылдады. Кез келген нәрсе болса бәрі Аяға келіп көмек сұрайтын ешқайсының бетіп қайтармай бәріне көмектесетін еді.
Ия осы кезде қоңыраудың ашшы үні естілді. Енді ғана естерін жинап стадионнан шығып киімдерін ауыстырып сабаққа шаршап бәрі баяу қозғала бастады.Қоңырау соғылды ешкім елемеді де бәрі сабақща кешігіп кіріп жатты. Ая әлі келмеді. Ая гардеробта жылап отырды. Ия оның бәрінен жасырған көзінде тылсым күш бар. Қолындағы қызылдау келген матадан ортасында керемет қызыл тасы бар браслетті шешсе көзі кып-кызыл боп нұр шаша бастайтын еді. Сыртынан қарасан вампир дерсің. Жарақаттанса еш аурғанды сезбейді. Қан шығып жатсада мән бермейтін еді. Ең қызығы ол ақ пен қараны ажырата алмайды. Ешкімге зияны жоқ тек қорқынышты бейне. Бұның себебін Ая қанша іздеседе таппады.
Еске алу!
Кішкентай Ая далада қуаныштан ойнап жүрді еш уайымсыз. Небәрі 5 жаста болды. Сол кезде алдына бейтаныс бейне келіп қолын ұстап еді оның көздері кып-кызыл болып нұр шаша бастады. Аяның бойын өзінің бойынан артық күш билеп бейкүнә қыз шыдай алмай бар даусымен айқайлап жерге сұлық құлай кетті. Бейне сол жерден шешілмеген жұмбақ тәрізді лезде ғайып болды. Анасы Лейла қызының ашты үнінен тез шығып өзіде үрейлене үйге алып келді. 1 ай бойы Ая ұйқыда жатты мең зең болып. Дәрігерлер де шарасыз күйде еш емін таба алмады. Көзінің қызыл нұры еш қайтпады бір қызығы еш ауырсынуды мүлдем сезбейтін. Қыз үшін 1 жыл 1 айдай көзді ашып жұмғанша өте шықты. Тура сол күні үйге бейтаныс әйел келді. Ата-анасы қуанышпен төрден орын беріп ыстық шаймен қарсы алды.
Лейла
- қызым келеғой шай ішейік.
Ая
- ия мам бара жатырмын деп жүгіріп үстелге кеп отырады. Бейтаныс әйел оның көздерін көріп қорыққаннан емес таныс жағдай тәрізді орнынан атып тұрды
- бұл көздері туылғаннан барма деп айтып қалды.
Әкесі Нұрлан
- жоқ 1 жыл бұрын пайда болды
Әйел қызға жақындап келіп қолына браслетті тақты. Қыздың көзінің қызыл нұры қайтып кетті . Әйел оған ақ пен қара түсті көрсетіп еді еш айыра алмады. Қолын қатты қысып ұстап еді еш ауырсыну болмады. Лейлаға қарап
- бұл тылсым күш бойына дарыған оны кетіремін деп әуре болмаңдар. Ол кетсе ол өлім құшады. Оны тек өзі ғана кетіре алады.
Әйел осы сөздерден сыртқа шығып кетті. Әкесі мен анасы бұның емін бар екенін біліп бал бұл жайнап қуаныштан дала шығып жан жағына қарап көшеде тірі жан жоқ. Содан кейін қолындағы браслетті шешпей өмір сүрді.
Еске алу аяқ талды!
Ая әлі гардеробта жылап отырды. Осының бәрі есіне түсіп кетіп еріксіз жылады. Браслетті шешіп еді. Қараңғы жер лезде қып қызыл болып жарқырап нұр шашырады. Ая сәл болсын есін жиып браслетті тағып сабағына бару керек екенін енді түсінгендей асыға бастады.Сыныпқа кіріп еді апай оны жерден алып жерге салды. Ая сағатына қараса 9минут кешігіпті. Бұл сабақ ағылшын еді. Апай ұрсып болғасын орнына отыр деп айқайлады. Ая орнына баяу қозғала барып отырды
Камилла
- қайда болдың.
Ая
- маңызды емес деп үнсіздікті қалағандай кітаптарын шығара бастады. Ая ағылшын тілінде еркін сойлейтін. Тіпті Аяның ағылшынша тілдік қоры талайларды мойындатқан еді. Апайда Аяны тексергендей қарап сабақ айт деген көзбен қарады. Ая тақтаға шығып тіпті кітапқа қарамай тақырыпты көріп сайрай бастады. Даусы тым нәзік естіген жанды баурап аларлық түсінбесеңде тыңдай бергің келетін. Сынып тып тыныш Аяның айтқанын ұйып тыңдап отырды. Ернарда Аяны асыра бағаламағанын кеш түсінді се керек іші өртеніп бара жатты. Ұйқыдағы Алиде нәзік дауыспен мінсіз сойлеп жатқанына басын көтеріп тыңдап отырды. Аяның жағымды даусы жүрегінің түкпіріне дейін детсе керек. Ия қарапайым сөздер бірақ қаншалықты құдіретті дерсің. Ая сөзін аяқтап орнына отырды. Апай
- керемет жарайсың деп бағалады. Ал Ернар Ая келмей тұрып сабақ айтып тастаған еді. Оған жақсы деген 1 ауыз сөзбен бағалаған еді. Осылай Ернар тағы Аядан төмен болып бара жатқанына іштей мың рет өкініпте үлгерген еді. Сабақ аяқталған соң бәрі асханаға қарай бет алды. Ал Ая болса орнынан енді тұрып жатыр. Камилла оған қарап күле бастады. Оның орындығына біреу қызыл бояу жағып кеткен екен. Ая отырған белдемшесі қып қызыл болып кетеді.
Ая терісіне сыймай
- Али сені өлтірем түсіндіңба деп сөмкесін артына жауып алара кетіп қалады. Камилла артынан күлкісін тия алмай жүре береді. Олар гардеробка келіп белдемшесін шешіп спартивкасының сымын киіп алып жуып жатады. Ая ептіріп әлек боп болды. Оны көріп тұрған Камилла күлкіден жарылайын деп
- Ая өте әдемі болып тұрсың
- Ками енді күлсең суға шомылдырам қазір. Камилланың күлкісі бәсеңдеді.
Белдемше қатты кебе коймады бірақ киіуге тура келді . Бұл соңғы сабақ еді. Олар ерте барып алады. Ая Алидің асханадан шығып сыныпқа келе жатқанын көреді. Есікке шелекпен су құйып қызыл бояу араластырып қойып қояды . Бұл тарих сабағы ия сынып жетекшінің сабағы екенін Ая білмесе керек. Ая мен Камилла есікке қарап күліп отырады. Сол уақытта Али мен ағай сыныпқа бірге кіреді. Ал бояу екеуіне бірдей құйылып Аяның көзі шарасынан шығып кете жаздады. Ия бұндайды күтпеген тосыннан сый болды. Камилла болса ішіне сыймай күліп жібереді. Ая
- ағай сіз мұнда нестеп жүрсіз.
Ағаи
- менің сабағымғой
Али
- сен істедің ба есалан.
Ая
- менің қатысым қанша деп өзін ақтап алу үшін.
Али
- қалай ұялмай өтірік айтып тұрсың?
Ая
- сен қалай айтып тұрсың деп екеуі дауласып кетеді. Ағай екеуіне қарап
- Бүгін сыныптың еденін жуып терезелерді сүртіп айнадай қылып кетесіңдер. Және тағы залдың деп үлкен залды көрсетеді.
Ая
- өз ісіне мың рет өкініп үлгерген еді.
Ағай
- сабақ болмайды қайтуларыңа болады. Бәрі қайтуда тек Ая калды. Ал Али болса өзіне сеніп
- өзің жу түсіндіңба менің бұндайға уақытым жоқ. Алдынан күтпеген жерден әкесі шығып күліп
- іске сәт ұлым деп иығынан қағып кетіп бара жатады.
Али
- әке жоқ тек бұл жолы емес деп қарап қалады.
Ая
- әкеңде көмектеспеді ақшаңда ештене шешпеді деп күліп кетіп қалады. Гардеробка келіп спартивкасын киіп алады. Алиде ашудан жарылайын деп киініп шығады. Екеуі сыныпқа келіп еденді жуа бастайды. Али Аяны шлабрамен аяғын шалып қалады бар өшін алғандай. Ая оңбай құлайды. Ая тұрып оны итеріп жібереді. Али оны спартивкасынан тартып екеуі бірге құлайды. Бұл көріністі әкесі де көріп жүзіне күлкі үйіріледі
- Ияяя Алиді өзгертер жалғыз жол осы ғана сиақты деп өө жұмысымен кетіп қалды
Али
- ай ауырды не зілдейсіңғой
Ая
- менба саған мені тарт деген деп ала қарап тұрып кетеді.
Али
- мен ауырып тұрмын сені көтерем деп
Ая
- ақымақ өзіңғой
Али
- өзің тазалай салсаң болады
Ая
- сағанда айтылдығой
Али
- сен өтірік айттың өзің жуатын шығарсын деп өтірігін бетіне баса.
Ая
- жарайды деп кінәсін мойындағандай еденді жуа бастады. Али орындықты партаның үстіне қойып отырып алды. Аяның әрбір қимылын жібермей бақылап отырды. Ішінен
- ешбір көз бояушылык жоқ бәріне өзі жалғыз қарсы тұрады ақша қызықтырған емес көздері ерекше бір жаратылыс өзі сондай әдемі оо жок жок тек бұны жақсы көрмеймін тоқта. Біраз уақыттан кейін
Али
- Ая маған ана қара файылды бере салшы деді өзіне жақындағанын қалағандай.
Ая
- өзің ал керек болса.
Али
- мен шығып түсіп жүргенше жақын тұрсыңғой бере салшы.
Ая
- қазір деп үстелға жақындап қараса 4 файыл тұр түссіз тығырыққа тірелгендей қарап тұрды. Үстелде 3 ақ 1 қара еді.
Ая ойланып қатты қорқып көзін жұмып біреуін алып еді ол ақ болды. Ая апарып берді.
Али
- мен саған қараны десем неменеге ақты алып келдің.
Ая
- қайта барып тағы алып еді олда ақ болды.
Али
- аурусыңба қара әкел деп жынданады. Ая қорқа бастайды. Тағы алып еді ақты алды.
Али
- сенің денің дұрыспа өзі қара деймін саған деп іштей біртүрлі бола бастайды. Ая соңғысын алып апарып береді.
Али
- бір файылды зорға бердіңғой тегі. Ая ештене демеді. Солай екеуі сыныпты біткеніне мәз болып залға шығып қарап өні қашып кетті .
Али
- кеттік қашып кетейік дейді.
Ая
- бірінші рет дұрыс нәрсе айттыңғой деп басынан ұрып жібереді.
Али
- ей ақымақ қыз деп. Аяның артынан жүгіріп бара жатқан әдемі бір кзрігісті ұзақ тамашалып тұрды. Интернатқа келгесін Ая шаршап жатып ұйқтап қалады ия келгені кеше ғана бүгін 1 ескерту алып үлгерді. Камилла болса Ернарды көруге асығып бөлмеден шығып кетеді. Солай уақыт өтіп жатты. Ая кешкісін оянып сабағын реттеп қайтадан жатып ұзақ уақыт ойланып ата анасын сағынған еді. Сомен бәрі ұйқыға кетеді.

Қолдауларыңызға рахмет🥰
Сіздерге ұнайды деген ойдамын😘🔥
Мен үшін әрбір комент маңызды ❤
Түсініктікпен қараған жандарға рахмет ❤🔥
Қызықты жазуға тырысамын 😍❤🔥

0 18 ER 1.1959
4-бөлім
Сәрсенбі. Сағат 14:00. Қыздар бөлмесі.
-Қандай киноға кіретіндеріңді шештіңдер ме?-, деп айна алдында түскі бірден бастап, бетін бояп тұрған Глорияның сұрағына бәрі жамырай, жан-жақтан жауап беріп жатты.
-Туй, Лу ашық қызыл деймін. Ашық қызылмен бояшы. – деп Луға ернін боятып отырған Вильда да- Білмеймін, неде болса 11 сыныптармен баратынымыз жақсы болды ғой- деп күлді.
-Саған 11 сыныптар болса боды ғой, Вильда, тіпті, солармен бірге Сахараға да бара бересің- деген Лудың жауабына басқалары күлсе, Вильда жай ғана бетін тыржита салды.
-А, айтпақшы, естідіңдер ме, кеше Алан мен Арон қайта төбелесіпті ғой?! Тіпті, біріншісінен де артық жаға жыртысқан сияқты. Бірін- бірі сабап тастағандай. Беттерінің сау тамтығы қалмапты- деген кезекті қыздардың әңгімесіне бағанадан бері ештеңеге мән бермей отырған Мелис пен Каролина да құлақтарын түрді.
-Ай осы, Вильда сен осындайдың бәрін қайдан естисің? Бүгін олар таңғы аста да, түскі аста да болған жоқ қой. Ал сен болсаң көрген адамдай сөйлейсің.
-Енді -, деп Вильданың бастап жатқан әңгімесін ары қарай Мелис қанша тыңдағысы келсе де, ести алған жоқ. Себебі, жанына заттарын жинасып отырған Сара жаңа әңгіме бастап кетті. Нақтырақ, Сара өзімен – өзі отырып сөйлесіп отырғандай, Мелис, жауап қатпақ түгілі мән беріп те отырған жоқ.
-Мелис, өтінем, маған бұлай әділетсіздік танытпашы. Алан сенің жаныңды ауырту үшін әдейі мені пайдаланғаныбелгілі емес пе? Өтінем, ішіңнен тынбашы. Мелис...
‘Иә, Сара сенің кінәң емес. Бірақ, менің де жаным ауырып бара жатыр соны түсінесің бе? Мен үйіме барып, бәрінен демалып келуім керек. Мына жер мен үшін зындан сияқты. Барған сайын демалуым қиындап барады.’ деп қаншама рет жауап қатқысы келгенімен, ішінен бір нәрсе жіберген жоқ. Жай ғана үндемей заттарын жинастыра берді. Ал Сара болса жай ғана күрсініп, орнынан тұрып кетті.
***
-Қойшы,Сара. Мелис үйіне қайтып кетті екен деп, біз де киноға бармай қалуымыз керек пе?! Бармаса өзі кінәлі. Аланмен араларына түскен жоқпыз ғой. Бір жігіт үшін сонша қиналғаны несі?! Онсызда өмір сүруге болады. Қане, сенде бір, киноға емес, өлімге кетіп бара жатқандай. Күлші, қане. Күл- деген Вильданың сөздерінен кейін Сара күлуге тырысса да, ішінен бір нәрсе маза бермей қойды.
-Вильда дұрыс айтады. Болған жағдайға сен кінәлі емессің. Өзіңді олай жей берме.- деген Лудың айтқан сөздеріне біраз таңқалса да, өзін біраз жеңіл сезініп қалды. Вильданың айтуынша “Қар патшайымы” деген лақап ат алған Лу бәрін байқаса да, ешбір мәселеге араласпайтын. Оған қоса одан ауыр сөздерге қарағанда , осындай жылы сөздерді естіген кімге болса да қызық көрінер еді.
- Лу, 11 сыныптарда бізбен бірге бір автобуста бара ма?
-Иә, бірақ алаң болма. Алан мен Али өздері бөлек барады. Ылғи, осылай бір жаққа шыққанда ол екеуі бөлек, Аланның отбасымен бірге барады. – деген Лудың сөздерінен кейін Сараның бойында бір жеңілдік сезімі байқалды. Бір жағынан ол Лудың осылай қарапайым әрі тез түсінгеніне ерекше қуанды әрі іштей миллиондаған алғыс сөздерін айтты. Тағы кім біледі, Аланның Мелиске қасарысып не істерін? Мелистің өзі мына жерде болмаса да, неше түрлі құлақтар мен көздер, ауыздар бар дегендей. Оның үстіне Аронның тағы Аланмен төбелескенін, оның жарақат алғанын енді Сара мүлде қаламайды.
***
-Қалайсың, жаным? Қатты ауырып тұрсың ба? Неге ертерек айтпадың? – деген Мелистің анасының дауысы шыққаннан кейін, Мелис жай ғана басын изеп қоя салды. – Көлікке отыра ғой – деп анасы қызының бетінен сүйді. Өзін кешелі бері көтере алмаған соң, Арон отбасына хабарласып айтқан еді. Енді міне ауырып тұр деген сылтаумен үйіне қайтып бара жатыр. Кешелі бері дұрыс ұйықтай алмаған қыз, көлік терезесіне басы тие салысымен қалай ұйықтап кеткенін де білмей қалды.
***
Кеш. Сағат 18:00. Мелистің бөлмесі.
-Әпке, әпке, әпке ояншы. Әпке!- деген Сессидің айқайынан Мелис қалай шошып оянғанын да түсінбей қалды.
-Сесси. Не болды? Жылағанбысың? Не болды, алтыным?
-Әпке,..- деп өксіп, жылап айтамын дегенше өңі бозарып кеткен аналары келіп,- Мелис, Арондар барған кинотеатрға террористер шабуыл жасап, бомбалап тастапты. Сол жерде болғандардың бәрі қазір ауруханда екен.- дегенді естіген соң Мелистің өзін бомбалап тастағандай күй кешті. Сөйлейін десе сөйлей алмай, тұрайын десе тұра алмай да қалды. Тым болмаса Сесси ұқсап жылай алса ғой, шіркін. – Омар(анасының күйеуі) ауруханаға кетіп қалды. Тезірек жиналыңдар, бізде шығамыз- дегеннен соң ғана Мелис тұрып жинала бастады. Бар- жоғы бес минуттан соң оларда жолға шықты. Іштей Арон мен Аланның аман қалуын тілеп келеді. Басқаларын ойлауға шамасы келген жоқ. Тіпті, Ароннан қарағанда Аланға көбірек алаңдап келе жатқан сияқты... Әрине Ароннан алмаған махаббатты ол Аланнан алды емес пе?
***
Жарылыс болғаннан 3 сағат бұрын. Кинотеатр.
Егер Сараға өміріңде ең тез болған құбылысты айт десе, ол ойланбастан ол осы жарылысты айтушы еді. Тек қана Сара емес, сол жарылысты көрген барлық бала солай дермеді? Бәрі қасқағым уақытта болды. Бірақ,
сол кішкене уақытта болған оқиға бәрінің өмір бойына ұмытылмастай естерінде қалды. Өте өкінішті...
Сараның есінде Лу екеуінің қалай киноға кіріп, бірге отырғандарына дейінгі кезең анық есінде. Ары – қарай бәрі шала-шала, еміс-еміс қана. Киноның жарты сағаты өтер-өтпес қара киінген, қара маска таққан адамдар Саралар отырған залға атып кіріп, көзіне көрінген кез-келген адамды атып жатты, қалғандары шыңғырып, қаша алғандары қашып жатыр. Бес минуттың ішінде-ақ адам сенгісіз хоас басталып кетті. Лу мен Сара болса, болып жатқан оқиға әлі де болса сене алмай, бір орында қатып қалды. Екеуі де қанша қашқысы келсе де, қорыққаннан аяқтарын алдыға не артқа баса алмай қалғандай еді. Сараның өне бойы дірілдеп, түршігіп кетті. «Осының бәрі түс болса ғой» деп те ойлап қояды. Ал содан соң өзін біреу қолынан ұстап, сүйреп келе жатқаны, ал арттарында Лудың жүгіріп келе жатқаны есінде. Содан кейін бір қуыста тығылып, Лу және Али, Алан тағы да бір кішкентай қыз отырғаны есінде. Кішкентай қыздың да көзінен қорқыныш білінеді. Ол қызды Алан қатты құшақтап алыпты. Ал Сараның қолынан Али қысып ұстап алған. Арасында « Сара есіңді жи» деп қояды. Айнала сондай шулы, адам айқайлары, атыс- шабыс, өздері сияқты топырлаған адам. Осының бәрі 5-10 минутта болған оқиға болса да, Сараға сол кезең шексіз созылып кеткен сияқты көрінді. Енді міне тағы да қашып келеді, қаптаған адамдармен бірге қай жаққа жүгіріп бара жатқандары да Сара үшін белгісіз. Арттан тағы да атылған әрі шыңғырған адам дауысы шықты. Сол дыбыстан қорыққан адамдар абыр-сабыр күйде, бір-бірін итеріп, қағып-соғып, жүгіріп келеді.Осылай қаптаған тобырдың итерісуінің арқасында Али мен Сараның қолы үзіліп, Сараны бір қуысқа қарай итеріп, шығарып жіберді. Али артқа бұрылып, оған қарай барайын десе де, қолын созайын десе де алдыға қарай жүгіріп келе жатқан адамдар тобы Алиді алдыға қарай сүйреп әкетті. Дәл осылай Мелинда (Аланның қарындасы) мен Аланның қолы да үзіліп кеткен болатын. Он минутта өткен жоқ, адамдардың қалың тобына қарамай ол қарындасын іздей бастады. Алан қанша жерден қызды сыйламас оңбаған болса да, қарындасына келгенде оның жөні бөлек болатын. Әлемнен ол сияқты керемет ағаны іздеп таппассың.
-Мелинда, Мелинда, жаным! Қайдасың! Мелинда! – өмірінде ол бұндай қорқынышты, тіпті, Али екеуі түнгі бұзақылармен төбелескенде де, түрмеге бір түнге қамалғанда да сезбеген шығар. Әр жақтан қаптаған оқтың дауысы, адамдардың жылауы, шыңғыруы, айқайлауы естілуде. Бұлар қашып бара жатқан есікті де жауып тастаған сияқты, енді сол есіктен де бері қарай адамдар қашып келе жатыр. Адамдардың бәрін енді тырп еткізбей ұстап алды. Тығылғандары тығылып үлгерді, қалғандарының басына мылтық кезеулі. Олар, тіпті, үнінде шығарып отқан жоқ. Бірде:
-Джонс Паркер, сенің осы ғимаратта болғаның қандай жақсы болды!- деген бар ғимаратқа естілетін дауыспен айтылған адам есімін естігенде Аланның үстін суық тер басып кетті. «Бұларға менің әкемнен не керек?!» деп ойлады ол. Алайда көп ойланбастан ол өз сұрағына жауабын алды. – Егер, қазір 15 минутта бізге, осы жерге 4 тікұшақ шақыртпайтын болсаң, қызыңның өмірімен қош айтыса бер. Қызың сен үшін қаншалықты қымбат екенін көрейік?. Дәл қазір ортаға шықта, біздің көзімізше шақыр. Әйтпесе, сүйкімді қызыңның кіп-кішкентай өлігін қолыңа аласың. Оны менде, сенде қаламасымыз анық қой. Уақыт кетті. – дегені сол еді Алан дәл ортада көзі байланған өзінің қарындасын көріп, дірілдеп кетті. Тура төбесіне дәлденген екі мылтықты қарындасы көріп тұрған жоқ, оған да шүкір, бірақ қорыққаннан дірілдеп отырғанын алыстан, тіпті Алиде байқады. Жылап, «Аға қайдасың? » деп сыбырлап, дірілдеп, өне бойы қалшылдап кеткен. Бұл Алан үшін өміріндегі ең ауыр соққы болды.
- Мелиндаға тиіспе, одан да мені ат! Мені ата сал! -деген балаға мылтық ұстаған адамдар түсінбей қарап қалды. Әрине, қайдағы бір қыз үшін өз жанын құрбан етуге дайын бұл қандай батыр өзі?- Мен Джонс Паркердің ұлы -Алан Паркермін- дегенді естіген олардың басшысының езуінде қайта күлкі пайда болды.
-Бұл өзі бір керемет болды ғой. Не деген қаһарман аға десеңші?! Естідің бе, Джонс балаларың сен сияқты емес, батыл екен. Қане шықсаңшы енді!
-Балаларыма тиіспе, айтқаныңды орындаймын. Тек оларды жібер. – деген дауыс шыққан жаққа қараған басшы өзіне таныс сұлбаны көріп, жымиды.
-Олай болса, бірінші шартты орында. Тікұшақ келген сәтте ғана қызыңмен қауышасың. -деп Мелинданың жанынан аспанға оқ атып қалды. Қатты қорыққаннан қыз одан сайын қатты жылай бастады. Ал екінші жақта оған жете алмай жатқан Аланның да жүрегі минутына 90 рет соғып кетті.
Арада 1 сағаттай уақыт өткенде, ғимарат үстіне тікұшақ келіп қонған еді. Тек Джонстың шақырған ғана тікұшағы емес, тағы 5 тікұшақ келіп қонды. Бұл көптен күткен спецназдар еді. Алайда, бұны біліп қойған террорлар басшысының ашуында шек болған жоқ. Ол жоғары қашып бара жатып, жерде отырған кішкентай періштеге оқ атып жіберді.
-Шартты бұзғаның үшін , өмір бойы жаныңда жара болып қалсын!- деген оның айқайына енді ешкімде мән беріп жатқан жоқ еді. Бір нәрсенің дұрыс емес екенін сезіп жатқан кішкентай Мелинданың қорқынышында шек жоқ еді. Ал Алан оқ атылмастан бұрын, террористер қашып бара жатқанда-ақ оған қарай жүгіріп бара жатыр еді. Кішкентай періштесі қорықпау үшін, оған енді бәрі бітті, бәрі жақсы деп айту үшін. Әкесі мен анасы да екі жақтан оған қарай бара жатты, тіпті, Мелинданы өз қарындасындай көріп кеткен Алиде оқ атылған соң кішкентай періштеге қарай жүгіріп бара жатқан еді. Алайда, олардың бәрі кеш қалды. Оқ атылды... ал оқтың жылдамдығымен жарысу мүмкін емес еді... «Бәрі бітті...Мелинда, жаным...мені кешір» деп ойлап, жүгіріп келе жатқан Аланның көзінен жас тамшылары біліне бастады. Бірақ, кейде тағдыр бізге түрлі тосынсыйларды дайындап қоймай ма? Бәрі бітті дегенде, екінші шеттен басқа амал, есік ашылғандай болады. Дәл солай тағдыр сол күні Аланға да екінші бір мүмкіндік бергендей болды. Оқ атылды... және сол оқ тиді... бірақ Мелиндаға емес, оны сол жерде, қайдан келгені белгісіз, құшақтап отыра қалған Сараға. Бағана ғана қорыққаннан құтқармақ түгілі жүре алмай тұрған қыз, енді міне кішкентай періштенің өмірін сақтап қалған еді. Бірақ, Сара оны ойлап тұрған жоқ... ол жай ғана алыстан «әке, доғаршы, өтінем, әке қойшы» деген бұлыңғыр сағымды ғана көрді. Ол Мелинданы емес, өзін құтқарғандай еді. Оқ тиген қыз денесі жерге құлап түсті...


Хей, барлықтарыңызға сәлем. Осы бөлімі аздап қызықсыздау болып қалды білемін. Бірақ, келесі жолы қызықты етуге тырысамын.

3 14 ER 1.1718
Жалғасы)
Сабақтың бітуіне он бес минуттай уақыт қалды. Меллиссия басқалармен сөйлесіп, өз көңілін аулауға тырысып отыр, бәлкім Алан мені қызғандыру үшін Сараны пайдаланды ма екен деген арам ойда басына келіп, тұрақтап алды. Мелис бірінші сабақ бойы басқа балалармен ойнап- күліп отырды ғой, Аланда дәл солай Мелиске жан ауыртпалағын көрсету үшін менің жақын құрбымды пайдаланды деп ойлап қояды. Қазірде басқа балалармен ойнап отырған ол, арасында Аланға ұрланып қарап қояды." Алан мен сенсіз де бақыттымын, көрдің бе?" дегендей өтірік күліп, жанындағы Уильяммен ойнап отыр. Тек Алан Паркер оған қарап та отырған жоқ. Коралинада сабақ бойы тек Аланға қараумен болды. Ол Аланның қолындағы қалам мен қағазға қарап, біреудің бейнесін салып отырғанын көрді. Алан өте талантты әрі керемет суретші болатын. Тек ол көрінген затты не адамды сала бермейтін, тек өзі қатты ұнатқан адамды я болмаса қиялын салатын еді. Тіпті, осы күнге дейін Алидің өтінішімен Алидің өзін салмай жүрген адам дәл бүгін кімді салып отыр екен? Әрине, Аланның көзқарасының кімге бағытталып отырғанын көзі көрмейтіннен басқасының байқамауы мүмкін емес болатын. Тек ұйқыдағы жасыл көзді ару да байқаған жоқ.
Алан оның изумрудты көздерін қатты салғысы келсе де, қазір ол көздер жабылып тұрған еді. Бірақ қалған мінсіз бейнесін дәл солай қағазға түсірді. Тіпті, мұрнындағы меңіне дейін ұмытқан жоқ. Әдемі, томпақ еріндерін бар ықыласымен салды. Бірақ, бұл қызға бағытталған жалғыз көзқарас емес еді. Ең артқы партадан оған тағы да бір өткір Алидің көзқарасы бағытталған еді. Ол көзқарас иесі де, яғни Әли, қыз еріндерінің дәмін көргісі келетін, ол да қыз иісі тек өзіне тиесілі болғанын қалайтын. Ол да Питер Схиффті онша жақтырта қойған жоқ. Және сол екі көзқарастың айырмашылығы бірі қыз жүректерімен ойнағанды жақсы көретін, мейірімді, сезімтал жігіт болса, бірі өте суық, қыз баласы жақсы көргенімен, жанына жолауға қорқатын жан еді. Ал екеуінің ұқсастығы екеуі де осындай сезімді алғаш рет бастарынан кешіп тұрған болатын. Алан суретті салып боламын дегенше сыныпта тек Каролина және Лу, Сара ғана қалған еді. Али колидорда біреумен телефонмен сөйлесіп тұрған болатын. Алан орнынан тұрып, суретке ұзақ, бағалау ретінде қарады да, тез қадамдап Сара ұйықтап жатқан партаға суретті қойып, " қыздар кете берсеңдер болады" деп шығып кетті. Алиді өзімен бірге ертіп бара жатып, ол да телефонның аржағындағы адамға айқайлап, мазақтап қояды. Алан Алидің иығынан құшақтап, күліп келе жатыр. Алан да Али сияқты жан досы үшін жан беруге дайын адам еді. Қазір екеуінен де бақытты адам жоқтай. Ләйім солай болғай.
Каролина Луға " Сараны өзім оятамын, сен бара бер "деген соң, Лу заттарын жинап, құлағына құлаққабын қыстырып колидорға шығып, бөлмесіне қарай асыға кетіп бара жатты.Ал Каролина болса Сараның партасындағы суретті алып, ұзақ қарады. Шыныменде өте әдемі болыпты. Мона Лизаның портретіндей болмаса да, өнер туындысвндай болыпты. Астына, тіпті, атақты Алан Паркердің қолы қойылыпты. Коралина жүрегі ауырып кетті, құдды бір тұншығып жатқандай. Көзінен ақырын ғана жас тамшылап жатқан ол, қолындағы суретті жыртып- жыртып қоқыс шелегіне тастай салды да, Сараны оятпастан есіктен жүгіріп шығып кетті. Тесса "зарядкадағы телефонымды ала келші" деп Луға хабарласып, өтінген соң амалсыздан сыныпқа қайта келген Лу сол жердегі көріністің бәрін көрді. Мүмкін Лудың сол жағдайды көруінің өзі бір тағдыр болар. Лу Тесса телефонын алды да, барып Сараны оятып, екеуі бірге сыныптан шығып кетті.
♤♤♤♤♤
Кеш. Сағат 20:27. Аула.
Мектеп ауласында жүріп серуендеп жүрген Арон мен Сараның ара- қатынасы бүгін әдеттегідей емес. Себебі, Сара көңілсіз. Бұрынғыдай Аронға асылып, күліп, еркелеп келе жатқан жоқ. Арон Сараны қыз ретінде жақсы көрмесе де, оның көңілсіздігі біртүрлі жанына батып тұрды. Мелис туралы сұраса да ашып ештеңе айтып келе жатқан жоқ. Бір жағынан сол үшін аздап ашуланып та қояды. Бірақ, Сара міндетті емес қой. Әрқашан көңілді жүріп, адамдардың бәрінің көңіліне бірдей қарап, солар үшін жан беріп, күлкі сыйлауға. Кейде ол да шаршайды. Кейде оған да ауыр. Оның үстіне сабақтан кейінгі жағдайдан соң, Мелис ешкіммен сөйлеспей, тамақ ішпей жатып алды. Әлі де солай жатыр. Арон да сол үшін уайымдап жүр. Сара да сол үшін мұңлы. Басқалар себебін білмей дал, ауырып қалды ма деп қояды, себебі Мелис ауырмаса ешқашан тамақтан бастартпайтын. Ал Сара себебін де біледі ғой. Құдай - ау...
- Сара, не болды? - деді бірде екеуі бір орындыққа келіп отырғанда. - уайымға салынып кеткенімді қалайсың ба? Мелисте сол... ауырып қалды ма екен?... - деп екі шұңқырын көрсетіп ақырын жымиды, тек сол жымиысының артында қаншалықты мұң жатқанын тек өзіне ғана аян. Жүрегі кешегі жағдай үшін ауырып тұрса да, бүгінгі Мелистің төсектен тұрмай жатқанына қатты уацымдап кетті. Сол себепті, Сараны алып шығып сұрап алмаққа бекінді. Бірақ, одан да келіп жатқан пайда шамалы.
- Арон... мені кеш...ірші - деп Сара жылай кетті. Тоқтамай жылады. Өксігін баса алмады. Арон қыздың жылағанын көріп, біраз абдырап қалды. Көзжасын сүртіп, еңкейіп:
- Не болды? - деп қорқып кетті- Неге кешірім сұрайсың? Сара, өтінем, қорқытпашы...Сара - дегеннен кейін қыз Аронның құшағына өзі тығылып, сол жерде қатты - қатты жылады. Әрине, Арон бұл құшақта Сараның емес Мелистің болғанын қатты қаласа да, Сараны итерген жоқ. Сара біраздан соң, басылып, жылағанын қойған соң ғана бүгінгі болған оқиғаны бастан- аяқ Аронға баяндап берді. Ол Аронның ашуланатынын білсе де, мұншалықты көздері қызарып кетеді деп ойлаған жоқ. Оның үстіне дәл қазір Арон өз іс- әрекеттерін басқара алмай тұр еді. Орнынан қалай атып тұрғанында байқамай, Аланға қарай жүгіре беттеді.
- Арон, өтінемін, қойшы! Арон - деп артынан жүгірген Сараны, тіпті, қыстырған жоқ.Арон жүгіріп келіп, Аланның бөлмесіне баса көктеп кірді де, Аланды қайта тағы бір қойды. Сараны астындағы апай, сағат 21:00- ден кейін ұлдар жаққа кіруге болмайды деп ұстап қалған болатын.
Аланда бұл жолы осы төбелесті күткендей, Аронға қарсы жауап қайтарды. Төбелеске араласайын деген Алиді тоқтатқан ол Аронды аяусыз соққыға жықты. Ал енді бірде Арон Аланды аямай ұруда. Енді міне жағасынан ұстап алып " иттің ғана баласы, қалайша Сараны пайдаландың?! Сараны Мелис үшін пайдаланып, Мелистің жүрегін ауыртқың келді ме? Мелисте тек сол қыздың ғана бар екенін біле тұра, сен солай пайдаландың ба?!!!" дегенді естігенде Аланнан басқа Алиде жұдырығын жұмған болатын. Жұдырығын қатты қысты. Ол қазір Аронға қатты ашуланып тұр еді. Ашуы да орынды еді. Себебі, мектепте бір сабақ бойы ұйықтағандықтан ол Аланның Сараға істеген қылығын көрген жоқ. Ал Аронға Сараны пайдаланып жүргені үшін ашуы келді. Арон дәл қазір Сараны ойлап төбелесіп жатқан жоқ. Ол әдеттегідей, кешегідей Мелис үшін төбелесіп жатыр. Сараның кіршіксіз сезімен ойнап жүргеніне ашулы еді.
- Мен оны пайдаланды деп кім айтты саған? ! - деп Аланда дауысы қарлыққанша айқайлады- бәлкім мен сол сөздерді шынайы айтқан шығармын. Бәлкім мен шынымен Сара Дюссельдің иісін өзімдікі еткім келген шығар. Тек иісін ғана емес, тәнін де, жанын да, денесінің әрбір миллиметірін, тіпті, ол тыныстайтын ауаны да өзімдікі еткім келген шығар а?! - дегенде ғана Алидің ауыр, ашулы көзқарасы Ароннан Аланға бағытталған болатын. Алидің миы айтылған сөздерді қорыта алмай тұрып қалды. " Сара Дюссель?.. Ол Сарамен қашан танысып үлгерген? Қарғыс атсын, сен қайдан білесің Алан сол қызды? Қайдан?! " деген ой басында музыка сияқты тұрып қалды. Бәлкім ойын шығар дегендей Аланның жүзіне қараған уақытта Аланның бет- жүзінен ойынның ізі де байқалған жоқ...
- Тек Арон Пайпер сен кім үшін төбелесіп жатырсың?! Сара үшін бе әлде Меллиссия ма? Меллиссияны пайдаланғаныма мені өлтіргің кеп барады ма?!- дегенді айтып Алан ессіз күлкісімен күлді. Арон оны тағы да жұдырықтай бастады.Ал Алидің ендігі оған көмектесуге шамасы болған жоқ. Оның құлағы шыңылдап, естіген сөздеріне әлі де болса сене алмай тұрған еді... аузынан шыққан жалғыз сөзі "Сара Дюссель" деген сөз болатын.

Хей, қайырлы күн. Хикая қалай болып жатыр?) Ұнап жатыр ма?) Кемшіліктерім мен түсініксіз жерлер болса айта отырыңыздар). Түзетуге тырысамын😊😉.

0 18 ER 1.1455