Статистика ВК сообщества "Славянское Наследие"

0+

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

"Жақсылық жасауда жарысыңдар!"

Бақара сүресі,148 аят🌸

10 2 ER 0.8138
Арамызда сәресін ішіп отырған жандар бар ма? Ораза ұстап жатырған жандар, ниеттеріңіз қабыл болсын.🌸🤲 ояу болсаңыздар, комент жаза кетейік. 💕

4 61 ER 0.8825
Әйелі күйеуіне.

-Отағасы ?
- Ия, ханшайымым ?
- Сізді намазға шақырамын деп қолын созды.

Қол ұстасып жәннатқа кіру асыл жарларымызбен барша мұсылманға нәсіп етсін.

❤🕋

16 8 ER 0.5512
Қалай өмір сүрсең, солай өлесің !

— 94- жастағы мусульманин Турцидан Мехмед Али Шефлек,құран оқып отырған жерінде қайтыс болды. Құран хафизы болған. Ғумырын Субхан Аллаху Тағаланың қаламын үйренумен өтті.
Хайырлы өлім.

7 9 ER 0.5301
«Олар Алланы ұмытты. Сондықтан Алла да оларды ұмытты (назарына алмайды)»

(Quran, 9: 67)

3 1 ER 0.4935
📖 НАМАЗ БАСТАҒЫСЫ КЕЛІП ЖҮРГЕН КІСІГЕ 5 КЕҢЕС!

Көп адамдар «Менің расымен де намаз оқығым келеді, бірақ қалай бастайтынымды білмей жүрмін», «намаз оқиын десем, біртүрлі жүрексінемін, маған көмектесесіз бе?» деп жатады.

Иә, мұндай сауапты іске үлкен дайындықпен, аса қатты жауапкершілікпен қараған дұрыс, әрине.
Алайда, бұл намаз оқу шынымен де қиын деген сөз емес.
Себебі, намаз оқу сіз ойлағаннан да оңай, негізі.

Біз бүгін намазды қалай, неден бастарын білмей жүрген оқырмандарымызға мынадай қарапайым кеңестерді ұсынсақ дейміз.

Сонымен,

1️⃣ БІРІНШІ,
намаз бастауға ниет етіп жүрсеңіз, алдымен дәрет алудың ретін үйреніп алыңыз.
Себебі, дәретсіз намаз жоқ.
Дәрет – намаздың кілті.
Дәрет алудың үлгісін YouTube арқылы анық көріп, біле аласыз немесе әртүрлі бағдарламаларды жүктеп үйрене аласыз. Бұл – өте оңай, кәдімгі беті-қолды жуу секілді құлшылық қой, 3-4 рет алғаннан кейін өзіңіз-ақ үйреніп кететініңізге сенімдіміз!✊

2️⃣ ЕКІНШІ,
намазды не үшін оқиын деп жүрсіз, соған жауап беріп алыңыз.
Намаз - Алланың разылығына жету үшін, Алла бұйырған іс болғандықтан орындалатын амал. Ал, егер оны біреу айтқан соң немесе біреуге ұнау үшін жасайын деп жүрген болсаңыз, ол мақсатыңызға жетуіңіз мүмкін, алайда, "сауап табу" деген ең маңызды сыйдан құр алақан қалатыныңыз анық.
Сондықтан, алдымен ықылас-ниетіңізді дұрыстап алыңыз.

3️⃣ ҮШІНШІ,
көмекші ретінде «Намаз оқып үйренейік» деген кітапты алып алғаныңыз жақсы. Бұл - мешіттің жанындағы дүкендерде 200-250 тг шамасында тұратын кішкентай кітап, қалтаңызға салып жүруге де ыңғайлы.
Осы ретте бір нәрсені айта кетейік, «мен алдымен бәрін жаттап алайын» деп күтпеңіз. Себебі, бәрібір намаз бастаған кезде көңілдің толқуымен, іштегі тебіреніспен жаттап алған нәрселеріңізді де ұмытып қалатын боласыз.Сүре, дұғаларды жаттауды қолға алыңы. Сөйте-сөйте өзі-ақ жатталып қалады.

4️⃣ ТӨРТІНШІ, көп адам әлеуметтік желіде намаздың уақыттарын сұрап жүреді. Бұл ретте сізге Sajda деген қосымшаны жүктеп алуға кеңес береміз. Осы қосымшаны (приложение) телефоныңызға орнатып аласыз да, ішінен өз қалаңызды таңдайсыз. Бітті! Ары қарай Sajda өзі сізге қай намаздың қай уақытта кіретінін көрсетіп, керек болса, азан шақырып хабарлап тұрады!

5️⃣ БЕСІНШІСІ,
әрі маңыздысы - басында өзгелерге ілесе алмай, қимылдарынан қате жіберіп жатуыңыз мүмкін. Ештеңе етпейді. Үйреніп кеткенше бірең-саран олқылықтар болып тұрады. Қазір барлығымызда телефон бар, көбіміз YouTube көреміз. YouTube порталына Бейнелі намаз ролик асыл арна деп жазсаңыз, ер адамдарға және әйел адамдарға арналған екі ролик шығады. Соны көріп, қайталап, түсінбеген жерлеріңізді имамдардан сұрап, үйреніп алыңыз.

Алла ниетіңізді, тілегіңізді, жақсылыққа қарай ұмтылған амалдарыңызды қабыл етіп, жолыңызды ашсын! Жеңілдік берсін!

56 0 ER 0.5430
— Жүрекке жара салмайтын жалғыз махаббат ол АЛЛАҒА деген махаббат.☝

7 4 ER 0.4483
Кім иманға күпірлік қылса, ақиқатында оның амалы жойылады да, және ол ақіретте зиянға ұшыраушы-лардан болады

📗 Мәйда сүресі 5-аят

4 1 ER 0.4335
📚 Алла елшісі ﷺ айтты:

«Құлдың Аллаға ең жақын уақыты, сәжде кезінде. Сол кезде көбірек дұға етіңдер»

📜 Муслим 482

12 1 ER 0.4462
Сәид ибн Джубәйр айтты:

Жаннатқа ең бірінші шақыратындар - олар Аллаһты кез келген жағдайда мадақтағандар.

Ибн әл-Мубәрак, әз-зухд 206.

6 0 ER 0.4134