ӘЖЕМНІҢ АҚЫЛ-ӨСИЕТТЕРІ:
• Біреуге жамандық жасасаң да, қайырымын, кесапатын, зиян-зардабын өзің тартасың. Жақсылық жасасаң да, шарапаты өзіңе тиеді. Жасаған жақсылығыңды көпсінбе, міндетсінбе.
• Әлдекімнің жеткен жетістігіне, үйіліп-төгіліп жатқан ырысына, мыңғырған мал-мүлкіне, аспандап тұрған атақ-абыройына көзіңді сүзбе, тымырайып-тыжырайма. Ішіңде қырық пышақ айналмасын. Әркім өзіне бұйырған ғана несібесін жейді. Не артық, не кем емес.
• Адамдардың екі әшекейі бар: әдебі мен кішіпейілділік-қарапайымдылығы. Оның ішінде қыз баланы сүйкімді ететін әшекейі: ол ибасы мен тазалығы. Өзің ұқыпты, жинақы киініп, үйіңді таза ұста. Жансарайың, денең, төсеніш-кілемің, тағам-дастарқаның, айналаң үнемі таза жүрсін.
• Ботам, алақандай жеріңе еге бол. Ертеңің үшін.
• Тұрмысқа шыққаныңша, өсіп-өнген ұяңның ары мен беделісің. Қанатыңды қомдап, қонар жеріңе қонған соң, сол шаңырақтың түтінін түтетіп, отымен кіріп, күлімен шық. Себебі, ендігі жерде, сен сол шаңырақтың шаттығының шайқалмауының ұйытқысысың.
• Көптеген жақсылықтарға жетудің себебі - үлкендердің батасы. Көнекөз қариялардың разылығын көбірек ал, жолың ашылады.
• Жоқтан бар еткен, ең әдемі пішін берген, керекті мүшелерді, күштерді берген ақыл-сана берген, азық-сусыныңды, асап жер дәміңді себепсіз, ақысыз берген құдіретті Алла Тағалаға шүкіріңді айтудан жалықпағайсың, жанботам.
• Омырауыңды одырайтып, етегіңді едірейтіп ашып жүрме. Елдің көзі түспесін, еркектің көзі түспесін. Етек-жеңің жинаулы болсын, қызым. Шашыңды жайма, тым құрығанда өріп қой екі өрім қылып. Шаш жаю - қаралы хабардың, жаманаттың нышаны болған ертеректе.
• Көпшілік алдында аз сөйле. Тіл кіші болса да, айыбы үлкен, қалқам. Қыз баланың сумақай тілді, сыпсың сөзді болғаны - өте сүйкімсіз. Жауласаң, сыпайы әрекет-қимылыңмен, күлімсіреген жүзіңмен, жылы-жұмсақ сөзіңмен жаула адамдардың жүрегін. Көркем мінез иесі бол.
• Шықбермес Шығайбайдың кейпін киме, қарағым. Жомарт бол. Қонақ келсе жайғап, көңілін тауып, төбеңе көтер. Қолыңдағы соңғы бақыр тиының, соңғы сыйың болса да, қолына ұстатып жібер. Одан қазаның ортайып қалмайды. Жылы қабақпен шығарып сал.
• Қыз баланың талдырмаш, жіңішке, үзілердей боп тұрғаны тәуірірек. Артық салмақ қоспа. Қосып алсаң, тез арыл. Аз тамақ жегеннің жүрегі нұрлы, таза болады. Тоқтық ойлануды азайтады. Шектен тыс тоқ адам нәпсісінің тұтқынына айналады. Тоқтық деген құтыртады, қызым.
• Дүниелік болмайтын істерге бола араздасып, біржола көріспей, ара-қатынасын үзіп кететіндерді құлақ естіп, көз көрген талай. Жан-жағыңмен жауласпай, бауыр бол, балам.
• Кедейлік жалқаулықтан келеді. Ешкімге мұқтаж болмау үшін білегіңді сыбана еңбек қыл.
• Жаман мінез жұқпалы келеді. Ортаңды жақсы адамдармен толықтыр. Адамның жүрегі сүзгіш секілді ғой. Жақсыны да, жаманды да сіңіріп алады. Әдемі, көркем қасиеттермен жарқырат жүрегіңнің ішін.
• Берген қол алған қолдан жақсы. Шама-шарқың жеткенінше мұқтаж адамдарға садақа беріп тұр.
• Мәдениетті бол. Ішкі мәдениетің тіптен жоғары болсын.
• Қабағыңды түйіп жүрме. Адамдар сенің жылуыңа жылынсын, шуағыңды шашып, күлімдеп жүр үнемі.
• Үлкен-кіші болсын көмек қолын созып, көбірек жақсылық жасай бер. Ондайда жаның рахаттанады. Көмек жасап алған ләззат бөлек. Ләззат алудың төресі сол.
• Әлдекімдердің ұсқынсыз, көріксіз екенін, сыртқы көрінісін әңгіме етпе. Оның иманы сенен мықты, ішкі дүниесі сенікінен сұлу болуы мүмкін. Күйе жағып, тіл тигізуге тырыспа да. Ар- ожданыңды олай ластап, жүрегіңді олай улама.
• Адамнан емес, Алладан сұра.
• Жұмыр жердегі жұмыр басты пенденің ғұмыры жаялық пен кебіннің ортасында өтеді. Қарап отырсаң, екеуі де мата делік. Екеуінде де қалта болмайды. Бос келіп, бос кетесің. Дүния жиям деп арам тер болма. Ұрпақ әкел өмірге. Артыңда ізің қалсын. Сол ұрпағыңа ақыл айта алатындай білім-өнеге жина, бере алар тәлім-тәрбиеңді түзе. Игі іс жаса. Жақсы қызмет қыл.
• Ертеңгі күні отбасылы боласың. Сондағы айтарым, еріңді сүмірейтпе. Сен еріңе сүйкен қайта. Алдыңда бас болып қасқайып жүрсін. Сүйіспеншілігің мен махаббатыңды сыйла, жылы шырай білдір. Азып-тоздырмай, өзіңнен алға оздырып жүргейсің.
• Жан баласын ренжітпе, жарығым. Айыпты өзіңнен ізде.
• Жасанды дүниелерге жолама. Түр-сипатың да, қылығың да, харекетің де шынайы болсын. Бетперде киме. Шыншыл бол.
• Аз ұйықта. Ризығыңа бөгет болады.
• Қиыншылықтарға төз. Қай нәрсе де оңай келмеген, келмейді де.
• Тәкаппарды Тәңірі сүймейді. Мұрныңды көкке шүйірме.
• Жер-жаһандағы қырғын-сүргін, қулық-сұмдық, зұлымдық арсыздықтан келеді. Ұятың болсын. "Ұят болады" ұғымын түйсігіңе тоқып ал, көкем.
© Ботакөз БЕКСАРЫ
Количество постов 30
Частота постов 35 часов 58 минут
ER
0.16
Нет на рекламных биржах
Графики роста подписчиков
Лучшие посты
Әрбір қыз баласы оқуы тиіс кітаптар:
1. "Махаббат, қызық мол жылдар". Ә. Нұршайықов.
Махаббаттың тұмарына айналған төл туынды әрқашан оқырман қауымның ыстық ықылас-ілтипатына ие болып келеді. Шынайы сезім мен зұлым күштің өмірдегі арпалысына негізделген. Басты кейіпкер Меңтайдың бойынан қазақ қызына тән қылық пен мінезді көресіз, үйренесіз. "Апамның айтқандарын" міндетті түрде жазып, жаттап алуыңыз керек. Сондай-ақ, автордың жарына арнап жазған "Мәңгілік махаббат жыры" кітабы да идеал әйелдің бейнесін көрсете алады.
2. "Махаббат жыры". Ә. Тарази.
Жүректі ізгілікке бөлеп, тілекті егіз арнадан іздеуге қол ұшын беретін шығарманың жүрекке қосымша күш сыйлар қасиеті бар. Әйел баласының артық жүрісі мен қасиет-қадірін таразыға салып суреттейтін жазушының ой ұшқырлығы тәнті қылады. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуді ұмытпасаңыз болғаны.
3. Ф. Оңғарсынованың "Дауа", "Жүрек күнделігі", "Шашы ағарған қыз", К. Ахметованың "Күн шыққанда күліп оян", "Жапырақ – жаздың жүрегі" атты жыр жинақтары да әйел дүниесінің жан айқайын паш етеді. Ақынмен бірге сырласасыз, мұңдасасыз...
4. "Ана бақыты немесе жүкті әйелге арналған күнделік". Ж.Көбекбай.
Ана болу – әйел баласына берілген үлкен бақыт. Жүктілік кезінде осы бақытты сезінумен қатар, болашақ ананың бойында үрей, көптеген сауал пайда болады. Міне, осы кезде қаншама келіншек кітап іздеп, ғаламторды шарлап кетеді. Және ылғи да қазақ тілінде қажетті кітаптардың жоқ екендігін айтып қынжылады. Мұның бәрі де артта қалды. Замандасымыз Ж. Көбекбай жүктілік пен босану туралы қазақ тіліндегі тұңғыш кітапты жазып шықты. Кітап әрбір адамға түсінікті, медициналық терминдер барынша аз қолданылған. Кітап төрт бөлімнен тұрады. «Мен болашақ» анамын!» атты бірінші бөлімде сәбидің құрсақтағы дамуы мен 40 апта көлеміндегі ана ағзасындағы өзгеріс толық жазылған. Босанар алдындағы дұрыс тыныстану, тамақтану, ауруларды азайту әдістері кітаптың «Босанудың бабын біл!» атты екінші бөлімінде жазылған. Егіз қыздың анасы Ж.Көбекбай жүктілік кезінде өз басынан кешкендерін «Ерекше жүктілік немесе менің күнделігімнен...» атты үшінші бөлімге орналастырған. Кітаптың қорытынды төртінші бөлімі қазақтың ана мен балаға қатысты ырым-тыйымдарына, түрлі этнографиялық түсініктерге арналған.
5. "Ұлпан". Ғ. Мүсірепов.
Туындыда қарапайым қазақ қызының ел анасына айналуына дейінгі оқиғалар баяндалады. Қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы мәселесі де қалыс қалмаған. Әрбір адам кітапты оқып шыққаннан кейін қазақ болып туылғандығын мақтан тұтып, өмірлік мақсатын айқындай алады деп ойлаймыз. Ер азаматты қадірлеуді, ата-анаға, ел-жұртқа қамқор болуды үйрене аласыз. Тізіміңізге Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романын түртіп алсаңыз да артық емес.
6. "Айналайындарым менің". Д. Матайқызы.
Жас ұрпаққа арнап ұлттық салт-сананы, дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды өмірбаяндық деректермен байланыстыра отырып өсиет етіп жазған Ділдә Матайқызы Тасмағамбеткелінінің бұдан бұрын жарық көрген «Тәрбие туралы толғаныс» атты кітабы оқырмандардың ыстық ықыласына, үлкен құрметіне бөленген. Сол қалың оқырманның өтінішіне орай, туған тарихымыз, саяси-әлеуметтік тың көзқарастар, алуан түрлі өмірлік мысалдармен толықтырылып, қайтадан жазылған бұл жинақ та сіздердің сырлас достарыңызға айналар деген сенімдеміз.
7. "Бабалар аманаты". З. Ахметова.
Кезінде «Шуақты күндерімен» оқырман жүрегінен орын алған Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» атты кітабы қазақ келіндерінің төлқұжаты болу керек секілді. Халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні, батыр атамыздай тектінің тұяғы, асылдың сынығы - жазушы Бақытжан Момышұлының жан жары Зейнеп апа бұл кітапты ұзақ жылдар жүргізген күнделігінің негізінде жазған. Мұндағы басты әңгіме арқауы батыр атамыздың баяндауында ұсынылады. Автор осыдан отыз-қырық жыл бұрынғы оқиғаларды күні кеше ғана өткендей, тап қазір ғана болғандай көз алдыңызға келтіріп, сондағы Момышұлы шаңырағында айтылған әңгіме, шертілген сырды шешен тілмен баяндайды.

Жаным? Сені сағындым қатты. . Шыннн. Жүрегіммен жақсы көремін. Қыз жүрегімнің ары, намысы жібермеді ме, білмеймін, саған айта алмадым сезімімді. Өзім де таңмын. Жақын араласпаған адамға қалай ғашық болуға болады? Тіпті өмірде де көп көріп үлгермедім ғой. Солаййй. Алыста болсам да, арақашқтық болса да, сені ұмыта алмадым. Сезімім бір сәтке де өшкен емес. Саған хат жазуды бастасам, жүрегім жылап сала береді. Оған сосын көз жасым қосылады. Сенен басқа ешкімді қаламағанмын бұл өмірде. Саған ғашық болғандай ешкімге ғашық болмағам. Саған тигізбеген ернімді, әлі ешкімге тигізбедім. Пәктікті сақтау деген тек тәнге қатысты емес қой, мен жүоегімді де ешкімге ұсынбадым. Өзгені ұнатуға рұқсат бермей келемін. Себебі ол сені сүйеді. Мейлі үйлен, басқаны таңда. Бәрібір сені жібере алар емес. Неге? Осы сұрақты сан айналдырып, түрлендіріп өзіме қоямын. Тымм ауыр сұрақ. Ертеңгі болатын гос экзаменнің сұрағынан да қиын))).
Қазір ұйықтап жатсың. Жаныңда жарың. Мен болар ма ем, оның орнында. Эххх.
Сен мені сағынбайсың ба? Менде көңілің болды ма? Саған кінә арта отыра, мені кешіруіңді сұраймын. Батылсыздығым үшін.
Мен сені қалаймын. Үмітім әлі өшпеді. Сене алмаймын. Адам осыншалық ұнатуы мүмкін ба? Мен оқыған ешбір кітапта, классика, жаңа заман әдебиетіндегі ешбір романда, ешбір әңгімеде дәл мендегідей махаббат болмаған. Мендік сезім ерекше. Сендік сезімді білмеймін. Бірақ сеземін. 100% сенімдімін. Сен мені ұнаттың. Бірақ оңай берілдің. Тез сындың. Мен сені сынадым. Ғашық бола тұра, сынадым. Кеш түсіндім, сынағымның орынсыздығын, ақылға қонымсыздығын.
Әлемде махаббат бар екені рас болса, ақиқат бар болатын болса, әрбірінің өтемін Алла әділ берер болса, маған оралшы. Мен сені қабылдаймын. Қандай жағдайда болсаң да, қабылдаймын. Саған өмір бойы поддержка беруге, сенімен бірге өлуге дайынмын. Бұл хатты сенің жекеңе жазып отырып, "отправить" кнопкасын басуға тағы да батылым жетпеді. Арым жібермейді. Мен кешіктім. Сен қапы қалдың.
Сағат 03:17. Мен де ұйықтадым. Ертең гос экзамен. Ал менің есіме сен түсіп кеттің. Ой, әрдайым есімдесің ғой, жай ғана сені сағынып кеттім. Сағындым да, шарасыздығымды түсініп, жүрегіме тағы салмақ түсірдім. Ауыр күрсіндім.

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Менен неліктен тым алысқа кеттің екен, жан әкешім! Әке! Әке! Әке! Айқайласам да жүректен шыққан жалынды сөзімді естір емесің. Махаббатымды, мейірімімді, бар сезімімді бір өзіңе жеткізгім келеді.Аспанға қарап, өзіңді шакырып күрсінуден шаршадым.. Әкешім, мен бұл азапқа шыдай аламын. Бірақ... жүрегім жылап қоя береді. Орының ойсырап бос калдыСағынып кеттім. ЖүрегімӘкешім, алтыным, бар асылым, махаббатым, шапағатым, асқар тауым, қорғанышымСағынып кеттім бір өзіңдіАллам өзі сабыр берсін
Осының алдында бір қыз жаздығой 3жыл бұрын болған оқиғаны,ол қыздыкіне менікі тым қатты ұқсас екен)2017 жыл,маған вк дан бір бала жазды,менің друзьяамда бар екен,қарасам біздің мектептің бір баласы,мүлдееем бар екенінде білмейді екенмінғой))"Привет,қалайсың?"-деп жазып жіберіпті,мен жауабымды қайтарып "не үшін жаздың?"-деп қояамғой,енді жігітпен сөлесіп көрмегемғой,ол кезде екеумізде кішірек едік,тіпті тым кіші"жәй,іш пысып кетті"-деді.Сөлесіп жүрдік,1 ай уақыт өтті ол маған *қызым боласың ба?* деп ұсыныс жасады,ол менің ең алғашқы махаббатым еді,ол кезде махббаттың не екенін білмейтін едім..иә дедім!
бірақ 1ақ апта жүрдік,неге?мен қатты ұялатынмын жанымдағы сестраларым прикол ұстап,тиісетін)Алайда біз сөлесіп жүрдік,сосын қайтып қосылдық 2-3ай шамасында жүрдік-ау шамасы)сосын қайта екі жаққа кеттік.Бұл жолы неге деп ойлайсыз?Себебі..... иә біздің ата-анамыз,достарымыз тіпті сынып жетекшіміз білетін)))ағам біліп,оған енді еркектерше аңгіме айтқанғой,ағалары бар қыздар түсінетін шығар)ол өзі маған айырлысамыз деп нақты айтпады,жазсам жауап бермейді"жан,жан не болды"-деп мен қалдым.Бұл неге үйтті екен деп таңқалдым***"біз бірге бола алмаймыз'-деді.Мен жағыдайыым...тура жаңа жылда...(2019)маған сағат беріп кетті,сағат берсе ара-қатынас тоқтайды деп айтушы едіғой(((маған жаңа жылда өте қиын болды..содан хат-хабарсыз кетті,қатты бауыр басып қалыппын)әрине ағамның айтқанын тыңдадым,бірақ маған ол жайлы өзі ештеме айтпады,тіпті тіл қатпады...қатты депрессияға түстім,қатты жыладым бір күн тұрмай тамақ жемей жаттым,үйдегілер қатты уайымдады!ҚАБЫЛДАМАЙМЫН! дедім..әтттеңңңң..сол кезде қабылдамағанымда ғой,иә сіздер ойларсыздар әрине қабылдама деп,бірақ жақсы көрсең тіпті өз-өзіңді таба алмай қалады екенсің,жүрекке әмір жүрмейді дегендей)бір күні,біраз уақыт өткеннен кейін фейк страница мен жазып тұр,"танысайық"-деп.Ол екенін білмедім,иә деп таныстық)"сен мені танып тұрсынғой,мен сені қатты сағындым"-деді!көзмінен жас аға кетті.Ұззааақ сөлесіп жүрдік,біздің ара қатынасымызға бір қыз түсті,сыныптас қызы оны ұнатып қалған)мен ол қызды мүлдем жақтыртпайтынмын."біз енді сөлесе алмаймыз"-деп жазып жіберді мен түсінбей,барлығын сұрадым ол айтты)ішім өртеніп барады,мен не істей аламын?!қош бол,дедім де қойдым... Ойлап отырсыздар ма,енді точно қабылдмаған шығар деп☺өзіме қыздық сөзімде бердім,осы жерден барлығы бітті деп,қайдаам)келді... сіздер ойлайтын шығарсыздар,ойыншық болыпсың-ау,керек кезде кетіп,керек емес кезде лақтырып)жо-жооқ!
дәлелдеді!мен сендім...осылайша,1жарым жыл жүрдік,барлығы бізге қызықты)ал ана қыз,сол бетте сол жерде қалды)қазір ол да жігіт болды,мен де қыз болдым..қазір сөлесеме деген ой кеп отырған шығар,иә!бірақ бұрынғыдай тартылыс күші жоқ...анда-санда жазып,жалпы сәлеміміз дүзу)бірақ нақтылай айтқанда ода да менде де әлі 3жарым жылдық сезім бар секілді)
Түйін:сені шын жан тәнімен жақсы көрген адам,қандай қиыншылықтар болсын,айрлысып кет,оған сенің орның бөлек!Ешқашан қыздар,ара қатынаста гордость болмаңыздар,бірақ жігітке де тәлпіштеніп қадіріңізді жоғалтпаңыз,Қадірлі бол!
Ұзақ болса ренжімеңіздерші,ал соңына дейін оқығандарға рақмет!

8 августа 2022
Москва, ЦАО, Хамовники
В сквере Девичьего поля (бежал от Садового кольца) найден КОБЕЛЬ КОРГИ. Без ошейника и адресника. Придержали. Мог прибежать из центра, с Арбата, из Парка Горького.
Ищем старых хозяев!!!!
Контакт: 89251459123 Илия
Пожалуйста, перешлите это объявление в группы и чаты соседей — вдруг её узнают. собака в сильном стрессе без своих хозяев(

Кроме растягивания флага 22 августа на Поклонке будет еще и бесплатный праздничный концерт.
В 17:00 начнут выступать разные колективы и артисты. Самые известные, наверное, это Чайф и Уматурман. Так что если вы поклонники их творчества, то это хорошая возможность послушать их.
Нам с вами повезло, далеко ехать не надо - садимся на Арбатской и до Парка Победы.

Доставщик еды так торопился развести заказы, что сшибил собачку которая была пристегнута на поводке. Лапку поранил и зуб вышиб
какие-то два нарика орут на всю улицу и кидаются картошкой на детскую площадку. 5 дом, 6й этаж. Окна на площадку