Статистика ВК сообщества "кітапкүнем."

0+
қош келдің кітапкүнемнің күнделігіне❤️

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Мидың мүмкіндіктерін дамытатын 120 әдіс💡

1. Жұмбақтарды көп шешіңіз.
2. Амбидекстрияны дамытыңыз (Екі қолменде жақсы басқару). Сол қолыңызбен тіс тазартып, шашыңызды тарап, компьютер мышкасын сол қолмен басқарып көріңіз. Екі қолменде бірдей жазып көріңіз.
3. Ситуацияны жан жақты ойланып қарап көріңіз. Парадокс деген заттарды ізденіп қараңыз
4. Интеллект-карталарды үйреніп көріңіз.
5. Кейбір сезімдеріңізді өшіріп көріңіз. Мысалы: көзіңізді байлап тамақ ішу.
6. Дәмді толық сезініп үйреніңіз.
7. Бір-біріне мүлдем үйлеспейді деген заттардан ұқсастық іздеп көріңіз.
8. Клавиатураны басқалай орналастырып жазып көріңіз (немесе қарамай жазып көріңіз)
9. Қарапайым заттарды басқалай қолданудың әдістерін тауып көріңіз. Мысалы шегені тағы басқа қалай қолдануға болады?
10. Өзіңізге әдет болып қалған істерді қарама қарсы істерге ауыстырып көріңіз.
11. Шығармашылықты дамытатын техникаларды іздеп көріңіз.
12. Қарапайым нәрсеге тоқтап қалмаңыз. Сұрақты кең көлемде ойланып іздестіріп көріңіз.
13. Күнделікті нәрселерді өзгертіңіз. "Ал егер былай жасасам ше?" деп ойланып көріңіз
14. Жүгіріңіз, ойнаңыз!
15. Суреттерді, картиналарды төңкеріп қараңыз.
16. Критикалық ойлауды дамытыңыз. Көпшілік сенетін заттардан алшақ болыңыз.
17. Логиканы дамытыңыз. Логикалық тапсырмаларды жиі орындаңыз.
18. Ғылыми ойлау қабілетін дамытып көріңіз.
19. Сурет салыңыз, сызып көріңіз. Сізге ол үшін суретші болу маңызды емес.
20. Позитивті ойланыңыз.
21. Шығармашылықпен айналысып көріңіз - мүсінші, сурет салу немесе музыкант.
22. Фокус жасап үйреніп көріңіз. Қолдың ептілігін арттырып үйреніңіз.
23. Миыңызға пайдалы тағамдарды жеңіз.
24. Көбіне сәл аштықта жүруге мәжбүрлеңіз (пайдалы).
25. Спорттық жаттығулармен жиі айналысыңыз!
26. Тік отырыңыз.
27. Көп су ішіңіз.
28. Терең тыныстаңыз.
29. Күлімдеңіз!
30. Бір қызығушылық тауып алыңыз. Сонымен толықтай айналысыңыз.
31. Жақсы ұйқыны қадағалаңыз.
32. Түскі уақытта ұйықтаңыз.
33. Музыка тыңдаңыз (только рэп емес).
34. Баяу, кешігу деген нәрселерден аулақ болыңыз.
35. Әр істің өз техникаларымен жасап көріңіз.
36. Ми туралы ақпараттарды ізденіп көріңіз.
37. Киіміңізді, стильіңізді ауыстырып көріңіз.
38. Өз өзіңізбен сөйлесіп көріңіз.
39. Қарапайым болыңыз!
40. Шахмат немесе тағы сондай үстел ойындарын ойнап көріңіз.
41. Миыңызға арналған ойындарды жиі ойнаңыз (судоку, крассвордтар).
42. Бір орында тоқтап қалмаңыз!
43. Видеоойындарды жиі ойнаңыз.
44. Әзіл сезімін дамытып көріңіз!
45. 100 тізім жасап көріңіз
46. Квота Идей тәсілін үйреніп көріңіз (Idea Quota)
47. Сізге қажетті идеялардың барлығын жинап жүріңіз.
48. Идеяларыңыздың дамуына мүмкіндік беріңіз. Белгілі уақыт аралағында бұрынғы идеяларыңызға қайта айналып келіңіз.
49. «Тематикалық бақылау» жүргізіңіз. Толығымен бір күніңізді бір түсті заттарды, немесе бір маркалы автомобильдерді бақылауға арнаңыз.
50. Күнделің жүргізіңіз.
51. Шет тілін үйреніңіз.
52. Әртүрлі ресторандардан тамақ ішіңіз. Әсіресе ұлттық ресторандардан.
53. Компьютерлік программированиені үйреніңіз.
54. Ұзақ сөздерді керісінше оқыңыз. !ралышутаС
55. Ортаңызды ауыстырып көріңіз.
56. Жазыңыз! Әңгіме, поэзия, блог жүргізіп көріңіз.
57. символдар тілін үйреніңіз.
58. әртүрлі музыкалық аспаптарта ойнап көріңіз.
59. Музеилерге барып көріңіз.
60. Ми қабілетін зерттеп көріңіз.
61. Динамикалық оқуды дамытып көріңіз.
62. Өз стильіңізді дамытып көріңіз.
63. Менталды Инженерияны ізденіп көріңіз!
64. Белгілі бір уақыт аралығын сезінген сезімдеріңіз арқылы бағалап көріңіз.
65. Қарапайым құбылыстардың себебін іздеп көріңіз. Аспанның түсі неге көк?
66. Математикамен дос болыңыз.
67. Дворец Памяти құрап алыңыз.
68. Ойлау түсініктерін іздену арқылы ойыңызды өзгертіп көрің көріңіз.
69. —---------------------------------------------------------
70. Жаңа адамдардың есімдерін тез сақтап алуға тырысыңыз.
71. Медитациямен айналысыңыз
72. Әр түрлі жанрдағы фильмдер көріңіз.
73. Телевизордан бас тартыңыз.
74. Фокус қоюды үйреніңіз.
75. Табиғатпен байланыста болыңыз.
76. Математикалық тапсырмаларды орындаңыз.
77. Асығыстықтан бас тартыңыз.
78. Кітап оқыңыз.
79. Әр халықтың мәдениетін үйреніп көріңіз.
80. Қызығушылығыңызды арттырыңыз.
81. Өзіңізге басқа адамдардың ойлау қабілетін теңестіріп көріңіз. мысалы егер ол адам менің орынымда болса қандай шешім қабылдайтын еді?
82. Әлемге басқа көз қараспен қарап көріңіз.
83. Қазіргі қоғамға керекті қабілеттерді үйреніңіз.
84. Тоқтаусыз өмір бойы оқуды жалғастыра беріңіз.
85. Шет мемлекеттерге саяхаттап көріңіз.
86. Әлемді өзгерткен ақылдылардың өмірлерін ізденіп көріңіз (Леонардо, Илон Маск, т.б)
87. Дамушы орта табыңыз.
88. Бәсеекелестік іздеңіз.
89. Тек бірдей ойлайтын адамдар қатырмен ғана емес, сізден басқаша ойлайтын адамдарменде сөйлескен дұрыс.
90. Мозговый штурмдарға қатысыңыз!
91. Өз өміріңізді пландаудың басқа әдістерін қарастырып көріңіз.
92. Барлық проблемалардың түбірін іздеп көріңіз.
93. Ұнаған, ой салған цитаталарды жазып жүріңіз.
94. Қажеттілігіңізді өзгертіп көріңіз. Мәтін теру керек болса комппен емес қағазға, т.б.
95. Классиканы жиі оқыңыз.
96. Оқу бағытын өзгертіп көріңіз.
97. Кітаптардан түйген ойларыңызды жазып жүріңіз.
98. өзіңіздің қабілеттеріңзді анықтауға көп күш жұмсаңыз. Анықтап болған соң сол қабілетті дамытыңыз
99. Өзіңізге проблемаңызды дауыстап айтып көріңіз.
100. Өзіңіздің сезімдеріңізді кішкентай детальға дейін сипаттап көріңіз
101. Брайльдің әдісін үйреніп көріңіз.
102. Дедукция, индукция, чертоги разума, язык жестов үйреніп көріңіз
103. Ғылыми кітаптарды жиі оқыңыз.
104. Өзіңізге түсініксіз нәрселерді жазып жүріңіз, жауабын іздеп көріңіз.
105. Сөз таластырыңыз! Өзіңіздің ойыңыздың нақты әрі дұрыс екенін дәлелдеңіз.
106. Тайм-боксинга әдісін қолданыңыз
107. Миыңызды дамытуға уақыт бөліңіз.
108. Фантазияңызды дамытыңыз.
109. Нейрогимнастикамен айналысыңыз
110. Мықты болсаң өзіңді жең.
111. Визуализацияны қолданып көріңіз. күніне 5 минутыңызды арнаңыз.
112. Өз түсіңізді жазып жүріңіз.Түсіңізді Жорып көріңіз
113. Түсіңізді басқаруды үйреніп көріңіз.
114. Қызық, мағынасы терең сөздерді жазып жүріңіз.
115. Метафора іздеңіз. Абстракты және нақты концепцияны байланыстырып көріңіз.
116. Стресіңізді басқара біліңіз
117. Абайдың қарасөзін оқып түсінуге тырысыңыз.
118. Притчаларды оқып мағынасын түсінуге тырысыңыз.
119. Өзіңізді дамытуға уақыт бөліңіз
120. Сөздік қорыңызды үлкейтіңіз.

109 6 ER 1.5367
“Таң атты. Өмір өтіп жатыр. Уақыт өтіп жатыр, сені күтетін түрі жоқ.

Ал сен болсаң, мәңгілік өмірің бардай әлі ертең деп жүрсің. Сен ертеңге ешқашан жетпейтініңді түсінбейтіндей сондай ақымақсың ба? Уақыттың қандай қымбат нәрсе, оның қайтып келмейтінін, саған берілген уақыттың аз екенін түсінетін уақыт жетті деп ойламайсың ба. Уақыт мәңгілік, өмір шектеулі. Уақыттың шексіздігінің саған пайдасы жоқ, себебі саған берілген уақыт шектеулі. Түсінген адамға біздің уақытымыз өте тығыз. Оның тығыздығы соншалық оның аяқ астынан қашан таусылып қалатынын білмейміз. Бүгінгі күн сенің уақытыңның соңғы сәттері болуы мүмкін. Уақыттың тығыздығын көре тұра, оны құр босқа өткізуге қалай дәтің барады. Онсызда тамақ ішу, жуыну, ұйықтау сынды міндетті нәрселерге жеткілікті кетіп жатыр уақытың. Ендігі уақытыңды қолға алу қалды. Өзіңді басқара біл, уақытыңды жоспарла. Секунд демейін, минутыңды бос нәрселерге жоғалтпауға тырыс... “

41 4 ER 1.1838
Ақшаны тұтынушы ретінде емес, инвестор сияқты жұмса. Мысалы, бургер алып жегің келді дейік. Нәпсі қалауына еріп, бірден сатып алсаң, сен тұтынушысың. Бір реттік ләззаттан басқа ешқандай құндылыққа ие болмадың.

Ал егер бургер жегің келгенде, өзіңе шарт қойсаң ше? Мысалы, "ағылшынша 50 жаңа сөз жаттасам ғана, бургер алып жеймін" деп. Жаңа сөздерді жаттап шығасың. Енді бургер сатып ала берсең болады. Бұл жолы сен инвестиция жасадың: кішігірім жеңіске жетіп, сол үшін өзіңді марапаттап, өз-өзіңе деген сенімді нығайта түстің. Бұл да – құндылық.

Тұтынушы болма, инвестор бол: бір нәрсе сатып аларда "жұмсайын деп жатқан ақшам маған қандай құндылық әкеледі?" деп өзіңе сұрақ қойып ал.

38 12 ER 1.2151
🔴Ұйқының сырлары:
1.Түнгі сағат 22:00 - 2:00 арасындағы ұйқының сапасы 2 есе көбірек.
Яғни, осы уақыттағы 1 сағ ұйқыдан 2 сағ ұйқының энергиясын аласыз.
22:00 - 2:00 арасы 4 сағат болса, оны ×2 ге көбейтесіз, сонда 8 сағат ұйықтағандай энергия аласыз.
Түнгі сағат 2:00 - 3:00 де ұйқы сапасы түсе бастайды. Яғни, 1 сағ ұйқыдан жарты сағаттық ұйқының энергиясын аласыз.
*Таңертең ояна сала, күн шыққанға дейін ҰЙЫҚТАУҒА және ГОРИЗОНТАЛЬДІ күйде төсекте жатуға болмайды.

2.Таңғы сағат 10:00, түскі 13:00 арасы СИЕСТА уақыты.Бұл уақытты пайдаланып қалу керек.
Өйткені, осы уақыт аралығында 1 сағ ұйықтау-4 сағ ұйықтағанға тең болады. Сонда, сізге жарты-ақ сағат ұйықтап алуға болады, өзіңізді сергек сезінетін боласыз.

Ұйықтау барысында сыртқы факторларға (бөлме температурасы, төсек жәйлылығы, т.б) мән берген жөн.

69 20 ER 1.2921
Бірде банк тонауға барған ұры банктің ішіне кіріп, былай деп айқайлайды: «Қозғалмаңыздар. Ақша мемлекеттікі. Өмір өзіңіздікі» дейді. Барлығы тынышталып қалады. Бұл – «Адамның ойлау жүйесін өзгерту» деп аталады.
Үстелдің үстінде жатқан әйелге ұры: «Мәдениетті болыңызшы, бұл зорлау емес, ұрлық» деп айқайлайды. Бұл – «Кәсіби болу» деп аталады. Өз ісіңізді ғана істеу.
Банк тонаушылар үйлеріне қайтқанда, кіші ұры (үйренуші) үлкен ұрыдан (6 жылдық тәжірибесі бар адам): «Аға, қанша ақша алғанымызды есептейік?» дейді. Оған үлкен ұры ашулы түрмен: «Сен ақымақсың. Ақшаны санау үшін бізге көп уақыт керек. Бүгін теледидардан қанша ақша ұрлағанымызды айтады» дейді. Бұл – «Тәжірибе» деп аталады. Қазіргі кезде қағаздағы жазулардан гөрі, тәжірибе маңыздырақ.
Тонаушылар кеткен соң банк менеджері басшысына xабарлап, дереу полицияға xабарлауды сұрайды. Бірақ, банк басшысы оған: «Тоқтаңыз. Банктен өзіміз үшін 10 млн доллар алып, оны бұрын иеленіп алған 70 млн долларға қосайық» дейді. Бұл – «Ағыспен бірге жүзу» деп аталады. Яғни, жағымсыз жайтты өзіңе пайдалану.
Басшы: «Әр ай сайын ұрлық болып тұрса ғой» дейді. Бұл – «Жеке бас бақыты жалықтыратын жұмыстан маңыздырақ» деп аталады екен.
Келесі күні жаңалықтардан банктен 100 млн доллар ұрланғандығы туралы xабарланады. Ұрлықшылар мұнша сома ұрлағандарына сенбей қайта-қайта ақшаларын есептеді, бірақ, олар 20 млн доллар ғана ұрлаған. Ұрылар қатты ашуланып: «Біз 20 млн доллар үшін өмірімізді қатерге тіктік пе?» дейді.
Банк менеджері 80 млн долларды саусағының ұшын қимылдатпай алып алды. Сондықтан, ұры болғаннан гөрі білімді болған дұрыс. Бұл «Білімнің құны алтынмен бірдей» деп айтылады.
Банк менеджері бақытты еді. Өйткені, оның шығындары осы ұрылар арқылы жабылып кетті. Бұл «Мүмкіндікті пайдалану» деп аталады.
Сонымен, бұл жерде шын ұры кім?

Ағылшын тілінен аударған – Балнұр Қожагелді ©

46 18 ER 1.2134
Күніне ақылдыға, ақымаққа, байға, кедейге де 24 сағат беріледі. Кем де емес, артық та емес. Кім дұрыс пайдаланса, сол жеңіске жетеді.

8 0 ER 0.8356
СЕН НЕГЕ ӨЗГЕРЕ АЛМАЙСЫҢ?

Сен кино көріп не кітап оқып, не мықты біреудің оқиғасын естіп шабыттандың да, «Ендi күн сайын таңғы 7-де тұрамын; 50 сөз ағылшынша жаттаймын, 100 рет отжимание жасаймын» деп тiзiм құрып тастадың. Жақсы.

Ертеңіне 7-де тұрдың. 50 сөз жаттадың. 100 рет отжимание жасадың. Өзіңе көңілің толды. Ертең қайталаймын дедің.

Ертеңіне ояндың, бірақ тұрғың келмейді. Тұруың керек, сөз жаттауың керек, отжимание жасау керек. «Не деген қиын! Одан да кішкене жата тұрайын. Iстемесем, ешкім жазалайын деп тұрған жоқ қой». Басында осы ой тұрады.

Бұл жерде саған кайдзеннің PDCA деген құралы көмектеседі. Мысалы, 7-де тұруды алайық. Негізі күн сайын 8-де тұрып жүрсің.

P - plan: кішкентай өзгерісті жоспарла, мысалы, тұру уақытын 15 минутқа шегер, яғни 7:45-те тұр.

D - do: жоспарлған істі жүзеге асыр.

C-check: тексер. Жаңа өзгеріс қалай, жеңіл тиді Me? Ары қарай жалғастыруға дайынсың ба?

A - action: Жауап "иә" болса, осы өзгерісті стандарт етіп бекітіп ал. Яғни, әбден үйренген соң тағы да 15 минут шегеріп, 7:30-да тұруды жоспарла. Жауап "жоқ" болса, Р-ға барып, кішкентай жаңа өзгерісті жоспарла, мысалы, тұру уақытын 15 емес 7 минутқа шегер.

Тіл үйрену де солай. 50 емес, 5 сөзден баста.

Отжимание 10-нан баста.

Сонда миыңа олар оңай көрінеді. Істемеуге сылтау таппайсың. Дереу орындап тастайсың.

50 0 ER 0.9918
Чек-лист: Ағылшын тілі

☕ Біз ең алдымен үлкен мақсатты бөліктерге бөліп тастаймыз:

• Speaking (сөйлеу);
• Writing (жазу);
• Listening (тыңдау);
• Reading (оқу);
• Vocabulary (сөздік);
• Grammar (грамматика);

☕ Енді әрбір кіші мақсатты меңгерудегі өзіміздің әдісімізді жасаймыз:

• Speaking

~ Әлеуметтік желілерден ағылшын тілінде сөйлейтін адам тауып, сонымен аптасына бір рет сөйлесемін. Кейбір заттарды атағанда ағылшын тілінде атаймын. Ағылшын тілінде фильм көремін...

• Writing

~ Әлеуметтік желідегі парақшамды ағылшын түрінде жүргіземін. Шағын тақырыптарға қолымнан келгенінше топик жазып тұрамын...

• Listening

~ Ағылшын әуендерінің мағынасына мән беремін. You Tube-тан TED Talks видеоларын көремін. Осы тілде субтитрсіз фильм қараймын...

• Reading

~ Өзім оқыған кітаптың ағылшын тіліндегі нұсқасын алып оқимын. Instagram-да жаңалықтарды ағылшын тілінде шығаратын парақшаларға тіркеліп, солардың постын күнделікті оқып отырамын...

• Vocabulary

~ Күніне өзім білмеген 10 сөзден жаттап отырамын. Ол үшін маған кейбір смартфондағы приложениелер көмектеседі.

• Grammar

~ Грамматиканың өзі үлкен тақырып болғандықтан, мен оны тағы да бөліктерге бөлемін. A0, A1... деңгейдегі грамматиканы түсініп, конспект жазамын...

☕ Әр тақырыптарды қалай меңгеретініңізді ойластырғаннан кейін оларды 1 аптаға шашып тастаймыз. Бірақ сіздерде баланс болу керек.

~ Дүйсенбі күні Listening, ал сәрсенбі күні Speaking деген секілді. Бірақ Grammar екі күнде бір рет қана болса, Vocabulary күніге айналысуды қажет етеді. Қалғандарымен аптасына бір-екі рет айналыссаңыз жеткілікті.

☕ Бастысы - барлығын бірқалыпты орындаңыз. Сізге ешкім оңай үйренесіз деп уәде бере алмайды. Оның барлығы шыдамдылықты талап етеді. Толық меңгердім демейінше, ағылшын тілін меңгеруді жалғастыра беріңіз және тапсырмаларды кейінге қалдырмаңыз.

62 0 ER 0.9845
Самооценканы қалай көтереміз?

1️⃣Өз-өзіңізге қарау:

▪️Физикалық тұрғыда.
Бірінші неге осыдан бастау керек? Өйткені, мен өзгеремін деп бастайтын адамдар көбіне руханидан бірінші бастап, шыдай алмай тастап кетеді. Сіз бірінші дене, бет күтіміне мән бере бастағанда өзгерісті 1-2 аптада байқайсыз солай ма? Яғни, сізде демофин гомоны бөлініп өзіңізге құрметпен, маңызды адам ретінде байқайсыз. Өзгеріс сезілгенде, әрі қарай дамуға құлшынысыңыз артып, самооценкаңыз көтеріледі.
▪️Интелект.
Адам өз интелект жағынан дамытып, өзгерісті 2-3 айдан кейін ғана байқайды. Сіздің ой-өрісіңіз өзгереді, көзқарасыңыз өзгереді. Кеңірек ойлап бастайсыз, даналықты игере бастайсыз, тіл үйренесіз. Сөйтіп өзіңізге едәуір құрметіңіз артады.
▪️Рухани.
Сіздің мінезіңіздің өзгеруіне 2-3 жылдай уақыт кетеді. Сабырлы, көркем мінезді, тәуекелшіл, рухани бай бола бастайсыз.

2️⃣Қабілет арттыру.

Сіздің қолыңыздан не нәрсе оңай және жақсы келеді. Сіздің сүйікті ісіңіз болу керек. Мысалы, торт пісіруді алсақ. Осы бағытта профессианал болыңыз. Мыңызды зат: әр ұсақ детальға назар аударыңыз!
*Бір істің хас шебері болуға 10.000 сағат қажет екен. Ал, оның өзі қазіргі 5 минутыңыздан басталады.

3️⃣Естеліктер жинаңыз, заттар емес.

Мысалы, сіз көп тер төгіп, бірінші жалақыңызды алдыңыз. Сізде таңдау бар анаңызға сыйлық жасау, мысалы тоңазтқыш әперу немесе жеңісіңізді тойлау. Біз әрине біріншісін таңдаймыз Бірақ ол қате!!!
Психологтардың өзі адам жеңіске жеткен жетіп, еңбек етсе өзін марапаттау қажет екенін қайталаудан жалықпайды.
Тәтті Естелік арқылы сіз өзіңізге мақтанышпен қарайсыз, бейсалы түрде самооценка артады. Естелікке мысалдар-шет елге саяхатқа шығу, жақындармен тойлау т.б

4️⃣Сөздің сиқыры бар.

Инстаграмда отырып мағынасыз, негативті посттар, жаңалықтар көрсеңіз. Мұңды әуен тыңдасаңыз. Самооценка төмендейді. Ол сізге байқалмайды да. Сондықтан тек жақсы, позитивті информациялар алыңыз.

5️⃣Жетекшіңіз болсын.

2-пункте жазғанымыздай қабілетіңізді арттырарда, жетекшіңіз болсын. Қалай түсінеміз? Тортты сізден де керемет пісіретін немесе сіз қандай да бір саланың маманысыз. Өсу үшін бұдан да жоғары денгейге жету үшін, жетекшіңіз болса, сіз оның істі оңай, жеңіл жасағанына қарап, миыңыз да соған үйренеді. Сізде қорқу, жалығу болмайды. Керісінше көзіңізге жеңіл боп көрінгендіктен, қолыңыз тез үйренеді.

Ең бастысы: Сіз, өзіңізді жақсы көріп, өзіңізге құрметпен қарап, маңыздылығыңызды түсінуіңіз керек. Өзіңізді жақсы көріп, жақсы білім алып, дамыңыз.♥️

56 10 ER 0.9977
НӨЛ БОЛҒЫҢ КЕЛМЕСЕ ОҚЫ📌

🌾 Физмат факультетінің профессоры бір күні студенттеріне өмірлік сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студенттеріне қарап: «Бұл - адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет», – деп түсіндіреді.Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: «Ал бұл – жетістіктеріңіз. Бойыңыздағы адамгершілікке
жетістік қосылса, адам 1-ден 10 бола қалады. Тағы бір 0 - тәжірибеңіз. Тәжірибесі болса адам 10 емес, енді 100 болады», - деп кезек-кезек 0-дерді қоса береді. Қосылып тұрған әрбір 0 саны адамды 10 есе байытатынын түсіндіреді. Бір
кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын өшіреді. Сонда тақтада тек 0 сандары қалады.
Профессор студенттеріне былай дейді: «Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бәрі түк те тұрмайды».

Түйін: Расында да, біз қаншалықты жетістікке ұмтылсақ та, адамгершілік қасиетіміз болмаса, ол істі жетістік деп санау қиын. Өйткені қандай да
бір жетістіктің өзі адамзаттың өмірін жеңілдету үшін жасалады емес пе?

Дереккөз:Қазақша Мотивация каналы

49 2 ER 0.9614