Статистика ВК сообщества "GoOlD"

0+
Оқиғаны оқып,📜 біраз жерге🌌 дейін қиялда. Бұл сенің өмірің. 💡

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

all my love is gone 🌹

chapter 2

автор:mintai🧚‍♀️

Терезеден түскен күн сәулесі, қараңғы бөлмені лезде жарықтандырып жіберді. Ұйқысын қимай, орнынан әзер тұрған Виолетта көзін уқалай, сағатқа қарады. Қарама қарсы кереуетте Мия аузы ашылып ұйықтап жатыр. Уақытты көріп, қайтадан төсекке жаттыда, 5 секунд өтпей жатып, атып тұрды.
-"НЕ?". Қалайша ұйықтап қалдық!
Орнынан тұра сала, Мияны жұлқылап оята бастады.
-Мия, тұр. Сабақтан  кешіктік. Сағат тоғыз жарым болыпты. Тұр тез!
Мия болса, сандырақтап жатыр:
-Өтінемін, маған тауық етінен жасалған бургер және пудинг.
Виолетта басын шайқап:
-Мен мұны оята алмай әлекпін, ал бұл түсінде де тамақ жеп жатырма. Ей, қыз!  Тұр деймін саған. Тұрмасаң, үстіңе мұздай су құямын!
Мия аһілеп-уһілеп әрең тұрды.
-Тууу, Виола!  Сен осы мені көре алмайсыңба?  Бургерді енді аузыма сала бергенде, оятып...
Көреалмаушылық-жаман қасиет.
-Көп сөйлемей тез бол,ендігі бір сағат өтіп кетті.
Виолетта үстіне ақ жейде мен қара классикалық шалбар киіп,шашын жоғарыға буды.Рюкзагына дәптерлерін тез-тез салып жатып,үстел үстінде тұрған қол орамалды көріп,қолына алды.Ары-бері қарады да,сумкасына сала салды.Мияның әлі дайын емес екенін көріп,тағы да басын шайқады.
-Сен әлі отсыңба? Директор универден қуып шыққанын қалайсыңба?! Боянбай ақ қойшы.
Мия айнаның алдында тұрып алып,кірпігін бояп жатыр.

-Қазір 5 минут күт.Профессор шауып алмайды,ары кетсе сабақтан шығарып жібереді.Оның үстіне бүгін жаңа студенттер келеді емеспе? Екі жігіттің біреуі мені көріп ұнатып қалса ше?  Егер жолым болып мені ұнатып қалса,біз кездесуге барамыз. Егер ол менің жігітім болса, маған күнде тамақ әперетін болады. Керемет емес пе,ия?
Виолетта күліп:
-Жә,жоспарың түк қызық емес.Ол жігіттер бізге пысқырып та қарамас.Құр арманды қойда,тез шық.Мен жүре беремін,жетіп аларсың,- деп бөлмеден шықты.

Мия мен Виолетта универдің ішіне жүгіріп кіріп, өз кабинеттерін іздеді.Профессордың айқайына дайындалып,күш жинап есікті тоқылдатты.Ешқандай дауыс шықпаған соң,есікті ашып қараса,кабинеттің ішінде ешкім жоқ екен. Виола:
-Барлығы қайда кеткен? Мия:
-Бүгін сабақ болмайтын шығар.Тууу, мені неге ояттың онда?
-Қумашы,бүгін демалыс емес.Кеше айтса еститін едік қой.
-Мүмкін басқа аудиторияда шығар.Қарап көрейік.
-Жүр.
Екеуі 2 қабаттағы барлық есіктерді ашып көреді,бірақ бәрі бос.
-Қызық бәрі қайда кеткен...?
-Кеттік 3 қабатты көрейікші.
Мия мен Виолетта үшінші қабатқа көтерілгенде,топырлап жиналып тұрған көп студенттерді көреді.
-Мұнда не болып жатыр екен?
-Түк түсінсем бұйырмасын.
Осы кезде директордың кабинетінен декан мен оның артынша 3 студент шықты.Барлығы жамырасып, түрлерін көре алмай әлек.
Мия мен Виолетта көп студенттердің арасына кіріп кетті де, жаңадан келген студенттердің түрлерін анық көрді.Мияның тіпті таңғалғаннан аузы ашылып кеткен.
Декан барлық студенттерге ұрысып,кабинеттеріне жіберді.Өзі бір шетте келген студенттермен сөйлесіп тұрды.Виолетта ең соңында бара жатып,артына қарағыштай берді.Ол тек бір ғана жігіттің түрін анық көрген болатын.Ал екіншісінде маска болды.Виолетта сабағы есіне түсіп жүгіріп кетті. Маска таққан жігіт Виолеттаның өзіне қарап тұрғанын байқап,оның артынан ұзақ қарап тұрды.

Сабақ уақыты.Мия аузы жабылмастан Виолеттамен сөйлесіп отыр.
-Көрдіңба ана жігітті, қандай сымбатты еді өзі? Шаш үлгісі,стилі,жүрісі. Виола,сенесіңба?
Мен өмірімде одан әдемі жігіт көрмеппін.Маска таққан жігіттің түрін көргім  келіп тұрғаныше.Ол да сымбатты шығар.
-Асыра сілтеп жібермедіңба? Ондай жігіттер көп қой.
-Көп шығар,бірақ дәл мұндайлар жоқ.
-Мүмкін.
Мия сәл қабағын түйіп:
-Ал анау қызды көрдіңба?  Тіпті жігіттер емес,қыздардың өзі естері кетіп құлайтындай.
Виолетта дәптеріне лекция жазып жатып:
-Ол жағына енді келісемін.Хас сұлудың өзі екен.
-Қалай ойлайсың,ол екі жігіттің біреуімен кездесемекен?
-Мен қайдан білейін,кездесе ме,жоқ па, ол өз шаруалары.
Профессор артқы партада отырған  екі қызға ашулана қарап,үстелін бір ұрды.
-"Екеуіңді тыңдаймызба әлде сабақ өтемізба?! Дәл қазір орындарыңды ауыстырыңдар!
Мия орнынан тұрып,аянышты түр жасап,басқа орынға отырды.Ал Виолетта Миядан құтылғанына бір жағынан қуанып дәптерге лекция жаза бастады.

Үзіліс уақыты.Мия қарнын тойдыру үшін,асханаға жүгіріп кетеді.Виолетта кешегі алған кітабын өткізуге кітапханаға келеді.
Кітабын орнына қойып,басқа кітаптарды қарап жүргенде, арғы сөре жақтан құлаған кітаптардың дауысын естиді.Сол жерге барса,бір жігіт артқа қарап,құлаған кітаптарды жинап отыр екен.Виолетта жігіттің жанына барып,көмектеспекші болады.
-Сәлем,саған көмектесейін.
Жігіт "жоқ,қажет емес" деп Виолеттаға қарап күлімсірейді. Виолетта таңғалып:
-"Сен...Жаңадан келген студент емессің бе?"
-Ия,жаңадан келдім.Танысып қояйық.Мен Майкл боламын,- деп қызға қолын ұсынады.
-Ал мен Виолеттамын.
-Танысқаныма қуаныштымын!
-Менде.
Виолетта Майклға ұзақ қарап тұрып,Мия айтқандай ақ оның сымбаттылығын мойындайды.Тіпті жымиғаныда ес кетірердей.
Майкл кітаптарды орын орнына қойып,Виолеттаға қарап:
-Егер қиын болмаса,маған көмектесе аласыңба?,- дейді.
-Ыыы...Ия. Әрине.Қандай көмегім керек?
-Мен мотивация жанрдағы кітап іздеген едім.Тауып бере аласыңба?
-Ол сөз боппа? Қазір.
Виолетта ары-бері жүріп,Майклдың алдына біраз кітап үйіп тастайды.
-Міне,сұраған кітаптарың. Майкл таңғалып:
-Оуу,өзің мен ойлағаннанда жылдам екенсің.Рахмет.Керегін таңдап алармын.
Виолетта сәл ыңғайсызданып:
-Сұрағаныма айып етпе.Бірақ,сендер туралы бүкіл универ айтып жүрген.Сендерді байдың ерке,сабақ оқымайтын балалары деп естігем.Сенің кітап оқитыныңды білмеппін.
Майкл сәл ойланып,Виолеттаға қарады да,көзіне көзілдірік тағып:
-Кейде адамдардан естіген сөзге сене бермей,көзбен көргенге не жетсін. Адамды сырттай бағаламай,ішкі жан дүниесіне үңілу керек. Виолетта:
-Дұрыс айтасың,- деп басын изеді.Майкл:
-Сенде 1 курссыңба?
-Ия.Сені қай группаға жіберді?
-Мен заң факультетінде оқимын.
Виолетта Майклдың Дэвидпен бірге оқитынын түсінді.Неге екені,көңілі түсіп кеткендей болды.Виолетта өзіне керекті кітабын алып болған соң:
-Жарайды,Майкл.Сенімен танысқаныма қуаныштымын.Мен сабаққа барайын.Сау бол!
-Менде. Кездескенше!

Осылайша Виолетта кітапханадан шығып келе жатып,жолдан жаңадан келген студент қызды көріп қалады.Ол болса,Виолеттаны менсінбегендей болып,кітапханаға кіріп кетеді.
-Сені іздеп жүрсем,осында екенсің ғой.
Майкл қызға қарап:
-Ванесса,келдіңба? Кітап оқисыңба,мә.Мына кітап сенің миыңның жұмыс жасауына көмектеседі,- деп күледі.Ванесса көзін айналдырып:
-Ой,қандай күлкілі.Кітабыңды көрсете бермеші маған.Кітап оқымақ тұрмақ,бетінде ашпайтынымды білесің ғой.Өзің ақ оқи берші сол кітабыңды.Майкл басын шайқап:
-Сен ешқашан өзгермейсің.
Ванессаның есіне Виолетта түсіп:
-Жана кітапханадан шыққан бір қызды көрдім.Сол... Майкл:
-Виолеттаны айтасыңба? Ванесса:
-Сен тіпті онымен танысып алғансыңба? Фуу,сенің дәрежең осыншалықты түседі деп ойламаппын,аға.
-Ванесса,адамдарды кемсіткеніңді қашан қоясың, өзіңді жоғары санама.Ол жақсы қыз екен.Маған көмектесті. Ванесса түрін тыржыйтып:
-Тууу,қойшы аға.Сен оның түрін көрдіңба. Ол...
Майкл Ванессаның сөзін бөліп:
-Сенен әдеміма?
-НЕ?! Майкл сабырлы дауыспен:
-Өзіңнен әдемі қыз көрген соң,ашуланып кеттің ғой. Мойындасайшы.
Ванесса не дерін білмей:
-Қайдағыны айтпашы.Мүмкін әдемі шығар.Бірақ,соншалықты емес.Біле білсең,бұрынғы универде менен әдемі қыз болмаған,бұл жерде де дәл сондай болады.
Жарайды,мен кеттім,-деп ашуланып,бірақ әдемі жүріспен кетіп бара жатады.
Майкл қарындасының қылығына күліп,кітаптарын оқуды жалғастыра береді.
Сосын қолына телефонын алып,біреуге хабарласады.Бірақ,телефон сөндірулі болады.
-Қап,тағы да кетіп қалдыңба? Саған не болып жүр, Кэмерон? Келмей жатып сабақтан қашу басталды.Эх...

Барлық сабақтар аяқталып,студенттер қайтып жатады.Мия мен Виолетта универдің ауласында отырады.Мия әдеттегідей әңгімелерімен Виолеттаның басын қатыруда.Осы кезде сыртқа Майкл мен Ванесса шығады.Майкл Ванессаны бір иықтап құшақтап алған.Студенттердің бәрі күбірлесіп,өзара әңгіме қылып жатыр.Мия мен Виолеттада оларға қарап отыр.Мия:
-Айттым ғой,саған. Бұл қыз екі жігіттің біреуімен кездеседі деп.Біреуінен үмітім үзілді.Бірақ,екінші жігіт бар ғой.Айтпақшы,ол қайда,-деп жан жағына қарай бастайды.Виолеттада ол жігітті іздегендей болады.

Майкл мен Ванесса универдің қақпасына жақындайды.Майкл:
-Ванесса,сен жатаханаға бара бер.Менің бір жұмыстарым бар.
- Қандай жұмыс? Киноға баратынымыз қайда?
-Киноға кейін барамыз.Сен бірінші жатаханаға жайғасып ал.Мен Кэмеронды алып келемін. Ванессаның түрі бұзылып:
-Аға, онда оны көрсең мынаны айта бар. Мен оған қатты ренжідім, бұл жолы кешірмеймін. Сыйлықта, тәттілерде әкелмесін,-деп қолын айқастырып тұрып алады. Майкл күліп:
-Жарайды, жарайды. Айтамын. Сен бар енді,-деп құшақтап, көлігіне отырып кетіп қалады.

Майкл жарты сағаттан кейін бір бұзылған, қараусыз қалған ғимаратқа келеді.Сыртта көп көліктерді көреді. Ішке кіріп, ең соңғы қабатқа көтерілгенде, топ бооып тұрған өңшең жігіттерді көреді. Олар концерт көріп тұрғандай барлығы домаланып, бірдеңеге қарап тұр. Майкл араларынан өтіп, не болды деп қараса, жерде қан жоса болып жатқан Дэвидті, және оны аямай ұрып жатқан Кэмеронды көреді де, не істерін білмей тұрып қалады.

Сәлем достар!
Хикая енді қызық болады🔥 Алда әлі шытырмандар көп🌩🔥Сіздерден шабыт аларлықтай шынайы, керемет пікірлер күтемін😍Келесі бөлімде кездескенше🖐 Бұл сәтті "come back" болғанын қалаймын🥺😊

Барьер: 50♥ 25✍

0 21 ER 1.3370
🖤Қайсар Ханшайымым🖤
5-бөлім
Жібек басының қатты ауырғанын сезіп тұрды бір 100 жыл ұйықтағандай сезімде жайлап көзін аша бастады сол кезде алдында күтушісі тұрды таңғалып ішінен
-мен өз әлеміме қайтып оралдымба қалай деді түсінбей Күтушісі
-не түс болғанша ұйықтамақсыңба сенің орныңа мен сабаққа барамынба тұр мектебіңе жоғал деді қабақтарын түйіп айхайлап Жібек оған әлі түсінбей қарап тұр
-іі бүгін қай күн деді Күтушісі
-кешегі күн не күндіде білмейтін топасыңба бүгін 7 наурыз бар мектебіңе тез деп шығып кетті Жібек
-мен 6 наурыз күні ұйықтап тұрғанымда баяғы заманға өтіп кеткен болатынмын ол жақта жүргеніме 3 күн болды ал бұл жақа келгенімде тек таң атқанба не болды өзі әлде мен жай түс көрдім бе деді өз ойынан өзі шатасып ойланып отырғанда күтушісінің
-шықсай мектебіңе ақымақ қыз деп айхайлағаны естілді Жібек тез орынынан тұрып киініп шығып кетті сөмкесін таба алмағансоң ескі сөмкесіне кітаптарын салып қолына қолшатырын алып алды.
Жібек жолда ойланып келе жатқанда алдынан Лилиан шығып оны қатты құшақтап алды Жібек бірден оның өзін құшақтап алғанына шошып кетті де артынша күліп оныда құшақтады Лилиан
-сонша не ойланып жүрсің тіпті менің келгенімді де байқамайтындай деді күліп Жібек
-Лили сен мені тұншықтырып өлтіресің деді күліп Лили
-ой кешір деді отыз екі тісін көрсете жымип Жібек күліп қоя салды екеуі мектепке дейін күліп әңгімелесіп келді Жібек Лилианға барлығын айтып берді Лили оған
-бұл жай ғана сенің түсің болар дегенімен оған сенді Жібек оның өзіне бүртүрлі қарағанымен сенгеніне қуанып қалды Лилиан
-іі мен енді кетейінбе сен менің сенің жаныңда жүргенімді қаламайтын едің ғой деді мұңды жымиып артқа қарай жүріп кетіп бара жатып Жібек
-қаласаң бірге барайық деді жымиып Лилиан
-шынба деп қуанып кетіп оны құшақтап алды Жібек
-жібер болды соған бола сонша қуанасың деді күліп Лилиан
-ой бұл жаңалық қой жүр кешігеміз деп күліп оның қолынан ұстап өзімен әкетті екеуі күліп қосақтасып мектепке кірді мектептің ауласындағылар сыбырлап бір нарселерді айтып жатты Жібек оларды байқап жайлап Лилидің қолын жібере бастағанда Лили күліп оған қарады да оның қолын тас қылып ұстап алды Жібек оған қарағанда Лили жай жымиып қоя салды Жібек іштей
-сонша батыл болуыңның себебі неде деді жымиып.
Лилиан өз сыныбына Жібекті қимай қимай кіріп кетті ал Жібек өз сыныбына кірді кірген кезде үстінен бір шелек су құйылып кетті осындай болатынын білген ол қолшатырын жайып ішке кірді судың бір тамшысыда оған тимеді барлық оқушы қызық іздегендей қарап отырған еді бірақ олай болмағанын көріп бір жағынан Жібектің батылдығына таңғалса бір жағынан өздері күткен қызықты көре алмағанына ашуы келді. Жібек ендігі батыл болу керек екенін ешкімге өзін басындырмайтынын өзіне сендірген болатын жай ғана иығын тіктеп өз орнына барып отырды
Барлығы аузы ашылып тұрды Айка енді оның алдына бармақ болғанда ұстаз келіп оны орнына отырғызды сабақ бойы Жібек белсенді қатысып отырды ұлдар оның ақылдылығына ғана емес сұлулығына да таңғалып ғашық болып оның әр сөзін құлақтарын түріп қойып тыңдап отырды қыздардың оған ашуы келіп отырды сабақ аяқталып ұстаз шығып кеткенсоң алдына сыныптың қыздары жинала қалды Айка
-ия бүл қайдан келген кісілік екен деді ашуы келіп Жібек кітаптарын салып орнынан жайлап тұрдыда Айканың көзіне тік қарап
-қайдан келген күш екен сеніңше мен саған өмірімнің соңына дейін өзімді басындырып қойады мекенмін арманың тым асқақ екен өзің сол арманыңның шыңын көре аласыңба меніңше жоқ деп мырс күліп өзін есік алдында күтіп тұрған Лилианға қарай барды Лилианның аузы ашылып қалған 👍көрсетіп жымиып
- мен сенен осыны күткенмін жаным сол жүр асханаға барып тамақтанайық деп күліп оны жетектеп алып кетті Айка
-мына сұмпайы жаңа ғана не деп кетті деді ашудан жарылардай Құрбысы
-білмеймін философ болып кеткен секілді ғой бір сөзіне де түсінгенім жоқ деді Айка оған ала көзімен қарап кетіп қалды құрбыларыда оның артынша кетті Айка мен құрбылары асханаға келді Айка көзімен күліп отырған Жібек пен Лиланға қарап
-Алау Арай менің айтқанымды дайындадыңдарма бізде қәзір қызық басталады деді қулана күліп
Үшеуі тағамдарын алып Жібек пен Лилианның қасынан өтіп кетіп бара жатқанда Лилиан аяғын тосып қалды Айка оған шалынып құлап тамағы үстіне төгілді асханадағы барлығы бұл көріністі көріп күліп жатты Айка ашуланып орнынан тұрып
-сен не істедің ақымақ деді Лилиан
-ой кешір аяғыма еге бола алмай қалдым деді күліп Айка сен деп оны ұрмақ болғанда Жібек оның қолын қайырып
-қолыңа еге болып жүр сенің оны ұратын құқығың жоқ деп итеріп жіберді Айканың көзіне жасы үймелеп қызарған қолын ұстап Жібекке ала көзімен қарап тұрды Жібек пен Лилиан асханадан шығып кетті
Бірнеше сабақтар аяқталды ал әлгі мектептің сылқымдары тыныш жатты Жібек бұған күмәнданып қалды бірақ ішінен
-ой маған жақсы емеспа не ойлап кеттім оданда Лилиге барайын деп Лилианның сыныбына кірді Жібек
-Лили қайда деді жан жағына қарап сыныптан оны таба алмай бір оқушы
-білмейсіңбане ол кәзір медпункта жатыр деді күліп Жібек шоши
-неге не болды деді уайымдап Әлгі оқушы
-айтқанша мынаны көр деп видионы көрсетті видиода бірнеше қыз оның ішінде Айкада бар Лилианды нұқып шашынан жұлып ұрып жатыр екен бұл оқиға баспалдақтың қасында болғандықтан Лилиан баспалдақтан құлап кетті Жібектің көзіне жас үймелей шошып кетіп
-ол ол кәзір қайда жағдай жақсыма деді көздері жасаурап әлгі оқушы
-айттық қой медпунктте деп жағдайы жақсы шығар білмейміз ұстаз қатты жарақат алмаған деп айтты деді сосын сол жердегі бір қыз
-бұл сенің кесірің жап жақсы ғана қыз еді семен араласқан соң Айкалардың көзіне түсті тыныш қана өзіңмен өзің жүре берсең болады ғой деді ала көзбен қарап бұл сөздер Жібектің сыздап ауырып бара жатқан жүрегіне одан беттер соққы болып тиді көзі жасаурап медпунтке қарай жүгірді
Медпункке келіп Лилиан жатқан жерге қараса Лилиан аузына шокалад тығып жеп жатыр екен Жібек оны көріп сәлде болсын жеңілдегендей болды бірақ оның беттеріндегі жара мен аяғындағы оралып тұрған гипсты көріп жүрегі езіліп жатты жайлап оның жанына барып отырды да жай дауыста
-Лили мені кешірші бұл менің кесірімнен болды сені өзімнен алшақ ұстауым керек еді деді көзінен жасы сырғып өтіп Лили шокаладтарын қойып нәзік қолдарымен Жібектің бұйра бұйра ұшып кеткен шаштарынан ұстап оның басын өзіне бұрып көзінің жасын сүрттіде
-білесіңба сенің бұған кешірім сұрамауың керек себебі мені ұрған олар сен емес олар тіпті саған тиісуге құқығы жоқ білесіңба мен осыған қуанамын сенің мені Лилиім дегеніңді жақсы көремін сен менің жан құрбымсың мен үнемі сенің қасыңда боламын есіңдема сен мені бұрын әлгі қыздардан құтқарып қалғансың сен үнемі менің қасымда жүретінсің менде сенің қасыңда жүремін саған сағыз құсап жабысып алатын боламын деді отыз екі тісін көрсетіп жымиып Жібек күліп
-ақымақ қыз деп оны құшақтап тәуірсіңбе еш жерің ауырмайма деді Лилиан күліп
-жоқ мені білесің ғой шокалад жесем ауырған жерім қойып қалатынын деді күліп Жібек
-жынды деп күлдіде артынша күлкісін жиып алдыда
-мен қәзір келемін сен тәттіні көп жей берме тісің ауырады демалып ал сөмкеңді өзім әкелемін деп кетіп қалды
Лили жымиып қала берді Жібек колидорда тез жүріп келе жатты қолын қатты қысып алған іштей
-осыған дейінгінің бәріне шыдағаным жетер әр нәрсенің шегі болады деп құрбыларымен күліп Лилимен болған видионы көріп күліп тұрған Айкаларға қарай бардыда ештеңе деместен Айканың қолынан ұстап жұлып бұрады да бір ұрып шкафтар тұрған бетке итеріп жіберді екіншісінің шашынан ұстап жұлып дуалға басын ұрды үшіншісінің ішінен теуіп жіберді де
-осы шыдағаным жетеді қажып біттім мен шаршадым түсінесіңдерма шаршадым жетер деді айхайлап бұл көріністі көріп тұрған оқушалардың бірі жанашырлықпен қараса бірі қорқынышпен үрейленіп тұрды
Жібек
-егер кімде кім тағыда Лилиге тиісетін болса менен аяушылық күтпеңдер менің жақындарыма қол көтеріп қорлайтын адам әлі дүниеге келген жоқ деп кетіп қалды
Жібек сабақтар аяқталған соң Лилианның сөмкесін алып медпункқа апарды сабақ бойы оған ешкім сөйлеген жоқ мұғәлімдерде келмеді себебі Жібек Айка мен құбырларын қорқытқан еді
-егер директор немесе басқасы менің алдыма келетін болса әке шешелеріңнің бизнесін күл талқан ететін боласыңдар маған жасаған басқаларға жасаған қылықтарыңның бәрі бүкіл жерде сайрап жүр аттарыңды жазып шығарып жіберсем қалай әке шешелерің сендерді ақтар екен деп айтқаннан кейін Айкалар індемеді себебі ата аналарының ұрысатынын білді
Жібек Лилианның сөмкесін алып медпункқа барса ол телефонға шұқшип жаңағы болған жағдайды көріп шексілесі қатып күліп жатыр екен
-Жібек аналарды қатырыпсың ғой жарайсың сен мен білетін батыл қайсар қызсың деді күліп Жібек медбикені іздеп таппаған соң қолын жасырып Лилианға қарап күліп
-қайдағыны айтпашы асыра сілтеп жібердің жүр сені үйіңе жеткізіп тастаймын деді оны орнынан тұрғызуға тырысып жатты сол кезеде Лилиан
-қан деді Жібектің қолын нұсқап шоши Жібек бірден қолын жасырып
-ештеңе емес жүр деді сулы майлықпен Лилидің қолына тиген өзінің қанын сүртпек болғанда Лилиан оның қолынан ұстап тартып алдыда төсекке отырғызып маз жағып бинтпен орап берді де
-жаңағы жағдай болған кезде орын алдыма ауырсада білдіртпей тұрсыңба олай болмайды Жібек деді Жібек жеңін түсіріп
-ештеңе етпейді жүр үйіңе апарамын деді Лилиан
-мына түріңмен ба мені көлік алып кетеді сеніде жеткізіп тастаймыз жүр деп орнынан тұрды Жібек қарсылық танытқанмен бәрібір оны өзінің көлігіне отырғызып алды
Балалар үйі
Жібек көліктен түсіп үлкен қақпадан ішке кірді ішке кіре сала әдеттегідей оны Күтушісі жұлқылап айқайға басты
-сен тағы не бүлдіріп жүрсің аа мектепте неге төбелес шығарасың аа басыма бәле болып жабыстың ғой сен қыз ақ деп айқайлап жарақаттанған қолынан қысып ұстап алды Жібек қолын жұлып алдыда
-ауырттыңыз егерде сол төбелесті сізде қаламасаңыз менен аулақ жүріңіз егер қаласам Мемлекеттік үйде жетім баланы күндіге ұрып соғып зәбір көрсеткеніңіз үшін сізді 20 жылға соттатырып жібере аламын осымен сіздің озбырлығыңызға шыдағаным жетеді деді айхайлап Күтушісі кішкене сескене қарасада сенбей мырс күліп
-кім сенбе немен дәлелдемексішің ал оны айтшы сен бәлеге тіл бітейін депті менен осыдан кейін құтыла аламын деп ойлайсың ба деді Жібек мырс күліп
-денемнің әр бөлігі дәлел болады сіздің көгергенше ұрып соққан тіпті мені талғанша ұрған бейне жазбаларыңыз менде жетеді соларды көрсетемін де сізді 20 жыл түгілі өмір бойы бостандығыңыздан айыра аламын деді де отты көздерімен аларып ішке кіріп кетті Күтушісі Мария қатқан қазықтай состиып тұрып қалды
Жібек демін ішке тартып шығарып өзін сабырға келтірді де терезеден қатып тұрып қалған күтушісін көріп күліп жіберді де
-сауап саған мыстан енді маған жолай қоймассың деп жата қалды ойланып жатып бүгінгі болған оқиғаны күнделігіне жазбақ болып еді бірақ күнделігін таба алмады
-менің күнделігім қайда мен оны сумкама салған болатынмын деп ойланып тұрдыда артынша ал сумкам қайда ол сонда әлгі әлемдема ол сонда менің түсім болмағаныма мен шыныменде сонда болдымба сонда деді таңғалып ойлап жатып ұйқыға кетті
Таң
Лилиан керіліп ұйқысынан тұрып көзін ашса алдында бөтен адамды көріп шошып кетіп шыңғырып жіберді
-АААААААА сен кімсің менің бөлмемде не істеп жүрсің ақымақ мен кәзір политция шақырамын апаааааа деді айхайлап жігіт оның ауызын жауып
-ей сен өзі кімсің айқайлама сен айт оданда менің бөлмемде қайдан жүргеніңді мен осы елдің ханзадасы Дастанмын деді Лилианның аузы ашылып қалған ештеңе түсінбей қарап тұрып қалды.........

Жібек ұйықтап жатқан кезінде оның бетінен бір нарсе жалап жатты Жібек түсінбей көзін ашып қараса төбесінде бір дәу аю секілді ит оның бетін жалап жатыр екен
-АААА ПАШОЛ ПАШОЛ кет мен қайдамын деді айқайлап қорқып сол кезде Ардақ
-төйй жапшы ауызыңды неге сонша шыңғырасың құлақымды тесіп жібердің ғой Аю бері кел деп итіне қарап сосын сен өзің бұл жерде неге жатырсың бұл жер ат қора ғой деді күліп Жібек
-неее тағыма......
70❤30🖊

0 7 ER 1.0780
all my love is gone

     chapter 1

   автор:mintai

Көктемнің шуақты күндерінің бірі.Чикагоның ең үлкен университетінің аудиториясының бірінде маңызды сабақ өтіп жатыр. Профессор жанталасып,лекция жүргізуде.Бірақ оны тыңдап жатқан жан барма десейші.Тек артқы партада көңілсіз, ақ параққа сурет салып отырған көк көзді қыз ғана профессордың әңгімесіне құлақ түріп қояды.Бойжеткен ендігі суретін аяқтап болып, партаға басын қойып жата кетті.

Бұл кейіпкеріміздің есімі Виолетта болады.Жасы 18 дер шамасында,орташа бойлы,көздері ерекше көк түсті,арықша келген,аққұба,тартымды қыз.
1 ай бұрын өзі қаншама уақыт оқуды армандаған универге түсті.Оны ақылы түрде бұл универге түсіруге ата-анасының жағдайы жеткілікті болса да,ол күні түні тынбай дайындалып оқуға өз күшімен,білімімен тегін
түскен жайы бар. Оның үстіне жатаханағада тегін орналасты.

Pov: Виолетта
Неткен іш пыстырарлық сабақ еді. Мен сабақты қанша жақсы оқысамда, кейде ештеңе істемей, отыра бергің келетін кездер болады. Менің парталасыма бәрібір.Ұйықтау үшін келеді. Неге мен олай жасай алмаймын?! Кейде жаман оқитындарға қызығамын: олар қалағандарын жасайды, мұғалімнің не айтқаны оларды қызықтырмайды да.
Қоңырау қашан соғылады екен? Эх, әлі жарты сағат бар екен. Жарты сағат маған жарты жылдай көрінеді.

Pov: автор
Виолетта телефонына келген хабарламаны ести сала, қолына алып, оқи бастады.
"Дәл қазір универдің шатырында сені күтемін" деген хабарламаны оқи сала жүзіне күлкі үйірілді. Жаңағы көңілсіз қалпы әп сәтте жойылғандай. Профессордың сөзін пысқырмастан, орнынан атып тұрып, аудиториядан шыға жөнелді.
Виолетта шатырға мініп, жан жағына қарай бастады. Бір кезде артынан біреу келіп түртеді. Жалт қарағанда, дәл алдында өте сымбатты жігіт тұрады.
-Қалайсың, Виолетта?
-Жақсы, өзің қалайсың?
-Жақсы деуге келетін шығар...
Виолетта жігітке жақын келіп, иығынан ұстап:
-Дэвид, бәрі дұрыспа?
-Виолетта, бір апта бұрынғы әңгіме... Мен сол жайлы сөйлесуге келдім.
Виолетта ол әңгімені есіне алып, өзін біртүрлі сезінді. Не айтарын білмей ұзақ тұрды.
Дэвид оған жақын келіп көздеріне қарады да:
-Виолетта, ия сен маған ұнайсың, бірақ мен сені тек досым әрі қарындасым ретінде ғана көремін.Артық ештеңе де емес. Оның үстіне мен сенің ата-анаңа саған бас көз болып жүремін деп сөз бергенмін. Сен маған сезіміңді білдіргеннен кейін біраз ойландым. Екеумздің арамызда достықтан артық ештеңе болуы мүмкін емес. Өтінемін, сол достығымызды бұзбайықшы.
Виолетта ештеңе деместен, шатырдың ең шетіне келіп тұрды. Көзінен еріксіз жастар шыға бастады. Дэвид қыздың жанына келіп:
-Не істегелі жатсың, Виолетта. Өтінемін олай жасама. Қажет емес,-деп жаны шыға бастады.
Виолетта көзінің жасын сүрте:
-Қорықпа, Дэвид. Мен жауапсыз махаббат үшін өзімнің өмірімді қия салатын әлсіз адам емеспін. Ия, сен дұрыс айтасың. Біз тек қана дос бола аламыз, артық ештеңе емес. Бірақ, бүгіннен бастап, дәл казірден бастап, достығымызды үзгеніміз дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, бұдан кейін сені көрсем, жанымды қоярға жер таппаймын. Маған қиын. Осы уақытқа дейін, маған қамқор болғаныңа рахмет,енді  мен өзіме жауап бере аламын. Сау бол!- дей сала жігіттің көзіне тіке қарай алмай, жүгіріп кетті. Ал Дэвид болса,ештеңе деп тіл қатпады. Терең күрсіне қыздың артынан қарап қала берді.

Виолетта әжетханаға кіріп, айнаға қарады. Көз жасын сүртіп, өз басын ұра бастады.
-"Ақымақсың, сен Виолетта, ақымақсың"!Бала кезіңнен бері дос болған жігітке сезіміңді білдіріп... Ал, не шықты ал. Достықтарың бұзылды. Енді не болады?
Өмірдегі ең үлкен қателігім... Бұл жағдай маған сабақ болғандай. Өмірімде бірінші рет біреуге шын ғашық болдым... Әлде бұл балалық махаббат па?  Не болсада, енді мен ешкімге ғашық болмаймын деп шештім. Енді менің жүрегім тас қамал.
Виолетта түрін ретке келтіріп, әжетханадан шықты. Енді сабаққа кірудің мәні жоғын түсініп, универден шықты да, жатаханаға бет алды. Бөлмесіне келіп, бос тұрған құрбысының төсегіне бір қарап, өз орнына жата кетті. Телефонын алып қараса, құрбысынан 20 қоңырау, 20 хабарлама келіпті. Телефонын дыбыссыз режимге қойып, сумкасының түбіне сүңгіте салды да, орнынан тұрып, киімін ауыстырып, қайтадан жата кетті.
Арада 3 сағат өтті. Ұйқысынан оянған Виолетта көзін ашқанда, өзіне қарап отырған адамды көргенде, шошып шыңғырып жіберді.

Мия, есің дұрыспа?  Шошыттың ғой.Көзіңді бақырайтып, отырып алғаның не?
-Ой,өтірік істемеші,қорыққанда жоқсыңғой.
-Ия саған.Қорыққанда қалай.
Виолетта орнынан тұрып Мияны құшақтап алды.Екеуі универге түскен бірінші күннен ақ жақын достарға айналған еді.Құрбысын бір аптадай көрмегендіктенбе,ұзақ құшақтасты.

-Қалай барып келдің? Анаң қалай?
-Жақсы.Денсаулығы жақсарып қалды.
-Жақсы болған екен.
Мия Виолеттаны жетектеп,төсекке отырғызды.
-Ал, айта бер.Мен жоқта нендей қызықтар болды?
-Виолетта терең күрсіне:
-Айтарлықтай ештеңе де болмады.Бәрі сол қалпында.Мия Виолеттаның көңілсіз түрін көріп,бірдеңе болғанын бірден түсіне қойды.
-Дэвидше? Одан не жаңалық?
-Ол...Бәрі бітті.Достығымыз бітті.
-Не? Сендер сөйлестіңдерме?
-Ия, сөйлестік бүгін.
-Сонымен?
-Болды,ештеңе сұрамашы.Басым ауырып тұр.
-Жарайды,кейін айтарсың онда.

Мия орнынан тұрып,айнаның алдына отырып шашын тарай бастады. Ал Виолеттаның миын әртүрлі ойлар шырмап алды.Дэвидпен дос болған кездегі сәттерін есіне алды.Оған ғашық болмағанымда ғой,достығымыз үзілмес еді деп те ойлады. Бірақ,жүрекке әмір
жүреме?! Оның үстіне қыз бен жігіттің арасында достық болмайтыны да бар.
Виолеттаны тұңғиық ойдың шырмауынан Мия алып шықты.

-Сен универдегі жаңалықты естідің бе?
-Қандай?
- 1 апта сабаққа келмесемде,мен естіп үлгердім.Ал,сен білмейсің.
Виолетта шыдамсызданып:
-Енді айтсайшы,қандай жаңалық?
-Чикакогоның ең үлкен универінен студенттер бізге ауысып келеді екен.
-Сол ма жаңалық?
-Олар жай студенттер емес,универдің элиталары.Ең бай, ең әдемі студенттер. Екі ұл және қыз.
-Не болса,ол болсын.Маған қызық емес.
-Бір қызығы,олар біздің жатаханаға орналасады екен.
Виолетта таңғалып:
-Олар соншалықты бай болса,жатаханаға тұрып не істейді.Қызық екен.
-Білмеймін,директор солай шешіпті.

Виолетта өз өзін ретке келтіріп,үстіне көкшіл түсті көйлек киіп,шашын жайды да,сумкасын асылып,бөлмеден шықты.Профессордың тапсырмасымен универдің кітапханасынан мәлімет іздемекші.Арада бір сағат өтіп,керекті кітабын алып,универден шыға бергенде қарсы алдынан Дэвид шыға келді.Виолетта сасқалақтап, не істерін білмеді.Біраз тұрып,лезде есін жинап,Дэвидті айналып өтпекші болғанда,ол өткізбей жолын бөгеп тұрды.
-Саған не керек,Дэвид?
-Ештеңе,сөйлесейікші.
-Сөйлескенде не айтамын.Айтарымызды айттық емес пе?
-Сен айттың,бірақ мен емес.
-Мен бәрін түсінемін,саған сезімімді білдіріп ақымақтық жасағанымды да білемін.
-Мен екеуіміздің достығымыз бұзылғанын қаламаймын,Виолетта.Менен теріс айналмашы.
Виолетта жылап жібермейін деп өзін әрең ұстады.
-"Мен ештеңе демеймін.Сау бол!" Осылай деген Виолетта Дэвидті айналып өтіп,сыртқа шығып кетті.
Көз жасын тоқтата алмай жүріп келе жатыр.Универдің ауласындағы скамейкаға отырып,бетін басып жылап отырғанда,қасына біреудің келгенін сезіп,басын көтерсе,бір жігіт қол орамал ұсынып тұр екен.Виолетта жігіттің сымбаттылығына басы кеткені соншалық, тіпті не үшін жылап отқанында ұмытып кеткендей.Оған ұзақ қарап отырды да,орамалды алып,жасын сүртті.
Жігіт Виолеттаның жанына отырып:
-"Жылама, көз жасыңды көлдеткеннен жан жарасы жазылмайды. Оның үстіне көз жасыңмен өзіңді әлсіз көрсетесің"-деді.
Виолетта оған жақтырмай қарады.
-Сен менің ішіме кіріп шыққан жоқсың.Мені жұбатуға тырыспай ақ қой.
Бейтаныс жігіт,мысқылдап күліп:
-Мен сені жұбатып жатқан жоқпын.Тек шындықты айтып отырмын.Махаббат үшін жылау- түкке де тұрмайтын нәрсе.Себебі,махаббат жоқ.Ол жай ғана сөз.
Виолетта орнынан тұрып,кетпекші болғанда,жігіт қолынан ұстап қалды.
-Не болды?
-"Қол орамалымды қайтарғың келмейме",-деді қасын көтеріп.
-Жуып,үтіктеп қайтарып беремін.
-Оны қайтаруың үшін тағы да кездесуіміз мүмкін деп ойлайсыңба?
-Мүмкін... Сау бол!
Виолетта кітаптарын құшақтаған күйі,жатаханаға бет алды.
Ал бейтаныс жігіт оны көзімен шығарып салып,қарап тұрды. Өзіне ғана естілер дауыста:
"Біз әлі кездесеміз",- деді де әлсін ғана жымиып,екі қолын қалтасына салып,универдің қақпасынан шыға жөнелді.Ал,бұл көріністі бір бұрышта Дэвид неге екені белгісіз ашуға толы жанарымен бақылап тұрды.
Жауабы жоқ сұрақтар...Шешімі жоқ мәселелер...Ашылмаған құпиялар... Айтылмаған әңгімелер...

Сәлем барлықтарыңызға!
Көптен хикая шықпай кеткені үшін сіздерден кешірім
сұраймыз😔
Сіздерге ұнайды деген үміттемін.Келесі бөлімде кездескенше☺️♥🖐

Барьер:45♥ 25✍🏻

0 21 ER 1.2539
🖤 Қайсар ханшайымым🌠
4-bolim
Олар хан алдына барды.
Жібек қарап тұра берді.
Жәдігер
-иіліп сәлем берсеңші неге тұрсың деді Жібекке қарап.
Жібек басын иді де сәлем берді
🤴Хан
-ия естіп жатырмыз жазалау алаңында ұрыс шығарыпсың деді сабырлы қалпында. Жібек:
-болған оқиға менен бұрын келіп қойған ба? деді күліп сол кезде Жәдігер оған тесіп жіберердей қарады ал Жібек дереу езуін жиып алды. Осман Сұлтан
-сен менің құзырымдағыларды силамаған екенсің мен жайлы біраз ғайбат сөздер айтыпсың не дейсің деді. Жібек:
-әрине мен сізді силаймын сіз елдің жердің халықтың өмірін жүк етіп көтеріп жүрген адамсыз мен сізді ғайбаттағаным жоқ менің айтқан сөздерім ғайбатты сөздерге жатпайды деп ойлаймын жане де құзырыңыздағыларды силамайтындай ештеңе істегенім жоқ ал істесем өкінбес едім себебі олар өзінің кімге қызмет етіп жүргенін білмейді олар кім үшін жүргенін білмейді олар халықты силамайды тағы болса халықтың өздерін силағанын қалайды сіздіңше бұл дұрыспа? деді Сұлтан
-ал сен білесіңба кімге қызмет етіп кім үшін жүргеніңді деді сол кезде қол астындағы біреуі
-әрине Сұлтаным сіз үшін деді жағымпаздана. Жібек
-қателеспе барлығы халық үшін халық болмаса бұл қызметтерде бұл тақта болмас еді кейбіреулер соны ұмытып кетеді деді. Сұлтан жымиып
-дұрыс деді де ал сен неге оны құтқардың ол қылмыскер сен сонда қылмыскердің істегені дұрыс деп санайсыңба? Сұлтанның шешіміне қарсы шықаның үшін өлім жазасына кесілетініңді білесің бе? деді сабырлы қалпында сыни көзбен қарап. Жібек
-ұрлық дұрыс емес әрине бірақ ол адамның қарт ауру, анасы жанеде жүріп жүрген екі баласы, мен жүру білмейтін баласы бар, тұрмысқа шықпаған қарындасы бар, ақ некелі жары бар сіз бір адамды өлтіріп бір халық болатын отбасыны өлтірмек болдыңыздар өлім ол жаза емес өлім ол барлық жүктен құтылып ана өмірге өту ал менің ісіме келсек мен дұрыс жасадым деп санаймын. Өлімге келсек өлтіре беріңіз менің бәрібір жоқтар туысымда жоқ қой түбі бәрібір өлеміз ғой деді де артынша жай дауыспен. Лили уақыт ете келе ұмытады деді бірақ бұны ешкім естімеді Ханзада
-сен жаңа қолбасшыны аға деп атамадыңба ол ағаң емеспе сонда деді Жәдігер
-ол менің қарындасым бірнеше күн бұрын мен оны тауып алдым ол жетім екен сол үшін мен оны үйіме қондырып қарындасым ретінде санадым. Оның айтқысы келгені ол менің отбасым екенін ұмытып кеткен ғой ол менің туған қарындасымдай қыз деді жымиып. Жібекте көздері жасаурап оған қарап жымиды ия ол осы үш күннің ішінде отбасы бақытын шын сезінген еді. Сұлтан
-сен сонда қызсың ба?. Атың кім өзің? батыл екенсің маған сенің жауабың ұнады дұрыс айтасың бұл өмірде барлығы өледі тек кейбіреулер оны түсінбей көп күнә жасайды деді. Жібек
-күнәні жасағаның маңызды емес ең бастысы сол күнәні жуып шайу керек ал сіздер әлгі адамның өз күнәсін осы өмірдегі кінәларын жуып шайуға мүмкіндік бермей өз үкімдеріңізді кестіңіздер ал маған келсек мен. Жібекпін ия қызбаласымын Жәдігер аға айтқандай жетіммін деді.
Сұлтан
-сен менің қолбасшымның қарындасы болғандықтан сені бір жолға кешіремін енді барыңдар деп шығарып жіберді Жәдігер
-Жібек сен қалай қалай сөйлейсің өзі мына түріңмен басыңнан айырылатыныңды білесің бе? деді шыға сала ұрысып Жібек үндемей басын төмен түсіріп тұра берді сол кезде үстіне форма киген бір қыз садағын арқалап келе жатты. Жібекті байқап таңғалып оған барды.
Жәдігер иіліп
-ханшаға сәлем бер деді Жібекке сыбырлап Жібек басын көтеріп қызға қарағанда бірден
-Томерис деді таңғалып жымия.
Томерис
-Жібек сен мұнда не істеп жүрсің деп жымиып Жібекті құшақтады Жәдігердің аузы ашылып қалған
-сіздер таныссыздарма? деді Томерис
-мм аа не ғой деп не айтарын білмей тұрып қалды сол кезде Жібек
-аға ол менің құрбым біз жақында танысқанбыз басқа сұрарыңыз барма деді жымиып Жәдігердің көздеріне тік қарап Жәдігер
-аа жарайды мм біз ертең сарайға көшеміз Сұлтанның бұйрығы бойынша саған осыны ескертіп қойайын деген едім деді Жібек
-не шынба мен бұл жердің әдебін білмеймін ғой екі сағат өтпей басым домалап жатпайма деді. Томерис күліп
-саған бұл жер жазалау алаңы болып көрінеме бұл жер сен ойлағандай қауіпті емес деді күліп. Жібек
-қайдам екі рет басым домалап түсе жаздадығо деді түрін тыржитып. Томерис күліп
-Жәдігер Жібек бүгін күні бойы менің қасымда жүрсе болама біз көңіл көтерсек дейміз мен оны сарайды аралатсам деймін деді. Жәдігер
-Томи бірақ ол үнемі бір нәрсені бүлдіріп жүреді оған он адамның бас көз болғанының өзі аз деді. Томерис күліп
-уайымдама сен бара бер мен оны өзім жеткізіп тастаймын деді күліп Жәдігер басын иіп кетіп қалдыю Жібек
-ол сені жаңа қалай атады сендер таныссыңдарма и сосын сен ханша екенсіңғо дә маған бұл жайлы айтпаған едің деді
Томерис
-Жәдігер мен және екі ағам бала кезден бірге ойнап өскенбіз адамдар жоқ кезде біз солай сөйлесеміз ал қалғанын жолай айтамын жүр деді күліп Жібек жүріп бара жатып
-қайда барамыз
Томерис
-барғанда көресің деп күлді
Жібек Ханша берген арнай киімді киіп шаштарын жоғарыға түйіп алды Жібекті үстіндегі киімі керемет ашып тұрды тап бір ханшайым секілді😍
Томерис
-Жібек ханымға садақ пен жебе алып келіңдер деді артындағы қызметкерлерге бұйырып. Жібек
-садақ атамызба деді Томериске қарап Томерис
-ия мен екі ағаларыммен садақ атып жарыспақшы болып едім сен болған соң екі де екі болып жарысамыз керемет емеспе ия сен садақ ата аласыңба деді жымиып Жібек
-іі ия яғни сенің ағаларың ханзадалар ия сол кезде садағын асынған сымбатты жігіт келіп
-ия ханзадалар деді оларға қосылып Томерис
-Жібек бұл менің үлкен ағам Дастан ал Дастан аға бұл менің құрбым Жібек деді таныстырып сол кезде бір жігіт келіп
-ал менің есімім Ардақ болады ана бұзық қыздың кіші ағасымын деді жымиып
Жібек оларға тілін шығарды бұларға қарап тұрған Томерис күліп жіберді
-Жібек сен сонда ағамды тістеп алдыңба уаа сен мені таңғалдырудасың жарайсың деді тоқтамай күліп сол кезде жанындағы көмекшісі
-ханым сіз ханшасыз сізге бұлай күлуге болмайды деді. Жібек
-немене бәле бұл жерде сөйлеуге қарауға тіпті күлугеде болмайды адам ғой олда өтініш барыңызшы ана жақа құйрық құсамай деді жаңалы бері соңдарынан қалмай жүргеніне ендігі жыны келіп. Ардақ күліп
-мә тура айттың меніңде жыныма тиеді артымнан қалмай Томи мына қызды қайдан тауып алғансың өзі не болса соны айта береді екен деді күліп Жібек
-мен тауып алатындай затпедім🗿Томирис
-аға саған айтып едім ғой деді сыбырлап Ардақ даусын шығарып
-нее бұл сол қызба деді Томерис🤦‍♀️🗿Дастан қабағын түйіп
-не болды нені айтып отырсыңдар Томи сен тағыда қашып кеттіңбе саған не деп едім әкем білсе ұрысады ғой қашан тыңдайсың айтқанды деді ұрысып Томеристің ашуы келіп Ардаққа қарап
-ағаа деді жыны келіп
Жібек
-мен сені бүгін алаңнан көрдім ғой әлгі дөрекі нақұрыс емессіңбе? деді сол кезде Дастанда
-бұл әлгі сен көмектеспек болған адамға көмектескен адамба деді Ардақ бірінші Дастанға қарап
-ия көмектеспек болғам бірақ саған айтқаным ұл болатын ал бұл қыз ғой сосын деп Жібекке қарап
-ей сен мені неге олай айтасың деді сұқ саусағын шошайтып оған осы күнге дейін ешкім олай атамаған болатын сол кезде Дастан
-ей қолыңды түсір ол таза жынды сені кәзір ит құсап тістеп алады деді
Жібек
-сендер ұрыса беріңдер мен кеттім деп енді кеткелі жатқанда Томерис оның қолынан ұстап қалды да
-қайда деді. Жібек
-үйге басқа қайда.
Томерис
-тоқта біз жарысамыз деп едік қой.
Жібек
-аа ия жарайды деді
Ардақ
-Тц жарысамыз дейсіңдерма сендер бізді жеңе аламын деп ойлайсыңдарма Жібек
-не күмәнің бармане деді.
Дастан
-болды бастайық деп садағын алды алдымен ұлдар сосын қыздар ататын болды Екі ханзада да нысанаға дөп тигізді Томиристе өз нысанасына оқты дәл тигізді
-Жібек енді сенің кезегің деді Жібек терең дем алдыда садақ пен оқты алып өз орнына тұрды садақтың жібіне оқты қадап ойланып тұрғанда артынан Ардақ келіп садақты ұстап тұрған қолдарынан ұстап
-мінекей былай ұстайсың деді Жібек оның бірден келіп мойын тұсынан сөйлегеніне денесі тітіркеніп кеттіде оқты жберіп қалды оқ нысанаға тимек түгілі жетпеді
-ей сен неге жағаластың сенің кесіріңнен оқ тимей қалды деді оған қарап. Ардақ өзіншелене күліп
- сымбатты болғаныма кінәлі емеспін ғой өзің ебедейсіз болғаныңда деді. Жібек
-ақымақ сендей сүйкімсізді көрсем көзім шықсын деді жыны келіп Томерис пен Дастан күліп жіберді.Дастан
-мына оқты ал біздің ойынымызды екі мүмкіндік беріледі деді күліп Ардақ
-бірақ бұл оқ тура тигенімен жеңісің жартылай болып есептелінеді деді күліп Жібек
-онда сол жарысты еселендіреміз деп шашындағы қара бауды шешіп көзіне байлап өзіндегі және Томеристегі оқты алып атып қалды сол кезде екі оқта екі ханзаданың нысанасындағы оқты тесіп өтті ал ханзадалардың оқтары сынып жерге түсті Ардақтың аузы ашылып қалған. Дастан
-жарайсың деді күліп таңғала Жібек бауды шешіп қайта шашын байлап алды сол кезде
Томерис
-уайй керемет жарайсың деді де артынша ейй сенің қолың жараланып қалыпты ғой деді қан ағып жатқан Жібектің қолын нұсқап. Жібек
-жаңағы садақ кесіп кеткен секілді еш ептпейді деді қолдарын жұмып
Сол кезде Жібектің көздері қараутып талып қалды Ардақ
-ей оған не болды жаңа ғана сау еді ғой оның үстіне қатты тілмеді де. Томерис
-жындысыңба емшіні шақырыңдар деді Дастан
-болмайды білесің ғой.
Томерис
-енді не істейміз деді уайымдай
Ардақ
-отбасына апарайық
Дастан
-ия Жәдігер оның ағасы екен тез апарып тастайық деді де келісіп Ардақ пен Томерис қарапайым киімдерін киіп жасырын есікпен шығып кетті ал Дастан сар аайда қалатын болды
Жібек жайлап көзін аша бастады ішінен түсінбей
-маған не болды өзі ахх басым деп жан жағына қарағанда таңғалып аузы ашылып қалды....
Оқиға кеш шыққаны үшін айып етпеңіздер.
Ұнап жатыр ма? 😌
Шарт 60♥ 25✍

0 31 ER 1.4003
💜Қайсар ханшайымым🖤
6-бөлім
Жібек орнынан тұрып
-құрып кеткір бұл жерге тағыда келдімбе не болып жатыр өзі түсінсем бұйырмасын басқа жерге емес неге дәл осы жерге келіп түсемін бұл жерде өзі бір нарсе барма мені байлап қоятын деп шөптерді шашып өзінен өзі сөйлеп жүрді Ардақ
-сен өзі не деп кеттің патша ат қорасына қалай кірдің бұл жерде күзетшілер көп қой әрі бес күннен бері қайда жүрсің сені Жәдігер үш күн бойы іздеп таба алмады сосын сені өзі кетіп қалды деп ойладық деді Жібек таңғалыспен қарап
-не бес күн сонша күн өттіма
Ардақ
-ия бес күн Тұмар сені ойлап ауырып қалды қыстақта сені олар үш күн күтті Жәдігерде іздеді сен жоқ болып кеттің сосын олар сарайға көшіп келді кәзір Тұмар өте көңілсіз сен қайда болдың ақымақ айтып кетпейсіңбе олар сені отбасы ретінде санаған соң деп шөптер тұрған жерден шықтыда атын ерттеп жатты Жібек оның қасына барып
-өзің ақымақ сен менің басымнан өткен жағдайды білмейсің сондықтан сөйлеме сен мені мына жерден алып шық оданда көп сөйлей бермей деді жыны келіп Ардақ
-Тц сен кімсің маған сенсіреп бұйрық беретін мен сені құтқарамын деп қарауылдарға ұсталғым келмейді сондықтан қалай кірдің солай шық деп атына отырды сол кезде Жібек Ардақтың қолынан шап беріп ұстадыда
-сен неге қарапайым киім кигенсің саған сарайдан шығуға болмайды емеспа егер мені мына жерден шығармасаң мен сені Сұлтанға айтамын деді қулана күліп Ардақ
-отыр артыма тек осы жерден шыққанша ғана одан кейін бір бірімізді көрмейміз деді Жібек күліп атқа міндіде
-атың әдемі екен деді Ардақ қамшысымен ұрып қалғанда ат шауып кетті Жібек әлі Ардақты дұрыс ұстап үлгермегендіктен басын оның денесіне ұрып алды
-Айщ жүремін деп айтпайсыңба топас деді ашуланып ащып жатқан шекесін ұстап жан жағына қараса бірнеше қарауыл ғана тұр екен оның өзі олар ұйықтап жатты Ардақ біраз жерге дейін шауып келдіде оны
-түс деп итеріп жіберді Жібек белін ұстап
-дөрекі нақұрыс дұрыстап айтсаң түсемізғой деді ашуланып Ардақ ашу келіп
-Сен деп енді сөйлейін дегенде Жібек тілін көрсетіп бір жолға түсіп кетіп қалды Ардақ өзінің қап қара атымен орманға кіріп кеттіЖібек Жәдігер мен Тұмардың ескі үйіне барғанда ол жерді басқа адамдарға берген екен Жібек өзін бүртүрлі бір нәрсеге кінәлі секілді сезінді базарды аралап жүрген кезде бір топ адамдардың бір жігітті ұрып жатқанын көрді басқалары жігітке жаны ашып қарап тұрса біреулері мән бермей өтіп бара жатыр екен Жібек әлгі жігітке жаны ашып кетіп
-ей тоқтаңдар ұрмаңдар нестеп жатырсыңдар деп ажыратпақ болғанда төбелесіп жатқандардың бірінің жұдырығы Жібекке тиіп кетті Жібек бірден келген соққыны білмей қалған соң жерге құлап түсті Жібек
-нее сендер жай айтқанды түсінбейді екенсіңдер деп аналармен төбелесе кетті жетімдер үйінде жомарт бай адамдар жетімдер үйіне ақша бөлетіндіктен ол жерде күрес төбелес карате тайквандо бокс секілді спорт түрлерін үйрететін үйірмелер бар болатын Жібектің көңіл көтеретін бірде бір досы болмағандықтан үйірмелерге қатысып уақытын өткізетін солай ол каратеден қара белбеу алған өзінің ұрыс шеберлігімен аналардың барлығын ұрып накауытқа түсірді де қолдарын қағып
-айй бір ақымақтар жай айтқанда қойсаңдар ғой шіркін шеттерінен барлығы қарақшы дөрекілер деді де Жігіттің алдына барып қолын созды Жігіт оның қолынан ұстап орнынан тұрдыда
-рахмет сен кімсі...деп енді айта бергенде көзіне күзетшілер түсті қашш күзетшілер келе жатыр деп жүгіріп кетіп қалды Жібек түк түсінбей қарап қалды жаңағы төбелескендердің арасынан тұра алғандар тұрып қашып кетті күзетшілер келіп қалғандарын ұстап алды жәнеде Жібектіде Жібек түсінбей
-не болды мен не бүлдіріп қойдым жіберіңдер мені деді қолдарын тартып сол кезде Жәдігер келіп
-Жібек деді таңғалып Жібек
-ағаа Бір сарбаз
-ол сіздің қарындасыңызба бірақ олда осы төбелесте болғандардың қатарынан яғни бұл дегенмііз олда заңсыз ақша табады деген сөз тұтқындайықпа Жәдігер
-күте тұршы сен қайда болдың біз сені қалай уайымдағанымызды білесіңбе Тұмар сені уайымдап ауырып қалды деді Жібек мұңайып
-айта алмаймын деді төменге қарап Жәдігер
-неге кететін болсаң неге кетемін деп айтпадың мен саған жаным ашып отбасымның бір мүшесі етіп сені қарындасымдай көрдім ғой сен оны түсінбепсің деді Жібек көзінен жасы ағып кешірші деді Жәдігер оған қарамай
-барлығын зымданға тастаңдар деп кетіп қалдыСарбаз
-бұзық қарындасыңыздыдама деп қалып кетті сол кезде бір қабақтары түйілген бір сарбаз
-барлығын деді ғой яғни олда деп қабағын түйіп қолындағы ұсталған қарақшыны жетектеп алып кетті
Жібекті жетектеп зымданға тастады Жібек жылап отырды сол кезде сол зымданның бұрышында тізесін құшақтап отырған Лилиан оны көріп
-Жібек бұл оңбағандар сені де ұрлап кеттіме деді таңғалып оның алдына барып Жібек шок болып тұрып қалған Лилиан
-Жібек Жібек деп қолдарын сермеп өтті Жібек
-сен бұл жерде нестеп жүрсің бүл әлемге яғни бұл ғасырға қалай келдің деді түсінбей таңғалып Лилиан
-түсінбедім не айтып кеттің деді Жібек
-саған айтқан едім ғой мектепке барар жолда бұл сол жер сен қалай бұл жерде тап болдың деді😲Лилиан күліп
-қайдағыны айтпашы ол айтқаның жай сенің түсің емеспа...... Жібектен жауап жоқ Лилтан өтірік күліп
-қайдағыны айтпа бұл өтірік қой ия деді күліп Жібек тағы да індемеді Лилиан өтірік күліп
-мен кәзір сенің түсіңе еніп кеттім ау точна деп өз өзін шымшып алды бірақ ауырып кетті де жерге отыра қалып жылай бастады Жібек
-не болды жыламашы бұл жерден қайтсекте шығамыз деді Лилиан
-қайдағы шыққан кино көрмейсіңбе мен жаңа ханзада сымақты ұрдым ғой енді ол мені өлтіреді Жібек
-сен оны қалай ұрып жүрсің сенің аяғың шығып кеткен еді ғой деді Лилиан
-аяқтарым әлі жазылмады деді сол кезде аяғын ұстап еді түсінбей жаңа жүгірген кезде де аяғының шығып кеткенін ұмытып кетіп еді қараса аяғы сап-сау түсінбей Жібекке қарады Жібекте таңғалып қолын ашып қалғанда қолындағы кешегі жарақаты жазылып кеткен екен
Жібек пен Лилиан таңғалып қалды Жібек
-не болып жатыр өзі құрып кеткір мен ғана тап болсам мейлі сеніде алып келдім мені кешірші мен бұл жерден қалай кету керек екенін білмеймін деді мұңайып өзін кінәлі сезініп Лилиан терең дем алып жымия
-бұл сенің кесіріңнен болды деп айта алмаймыз ғой мүмкін бұл тағдыр болар оған көңіл күйіңді түсірме сен айтқандай болса егер біз уақыт жоғалтпаймыз мен жалғыз емес сенімен осы әлемде болғаным үшін қуаныштымын көңіліңді түсірме мына жерден құтылайық сен мына жерді маған таныстырасың ия деді жымиып Жібекті құшақтап Жібек
-сен өзі шынымен адамсыңба мен сені періштеге ұқсатамын білесіңбе деді күліп Лилианды құшақтады да бірақ сенің ата анаң мен бірінші жолы сондай болды бірақ мен оған кепілдік бермеймін не болатынын білмеймін деді Лилиан күліп Жібектің бетінен екі қолымен ұстап
-болды ол жайлы ойлай берме не болсада бірге көреміз ата анама келсек мен оларға ренжулімін олар мені іздей қоймас сондықтан әр нарсені ойлай бермей мына жерден шығуды ойластырайық мен жаңа ана ханзада сымақтың жұмыртқасын жарғанмын енді ол мені өлтіруге бұйрық берген болар деді күліп Жібек күліп жіберіп
-неге олай жасап жүрсің және қайсы ақымақты Лилиан
-аты кім еді әлгі Дастан ба сол Жібек
-ойыбу ол тас жүрек жүрегіне мұз қатқан бәле ғой деді Лилиан
-ақымақ извращенец мұз түгілі тас қатсада шаруам жоқ өзі бір нақұрыс біреу екен деді жыны келіп Жібек
-Лили сен неге ата анаңа ренжулісің деді Лилиан мұңайып
-олар мені компания үшін өзім танымайтын бір жігітке атастырып қойыпты деді мұңайып әрі жынданып Жібек екеуі сөйлесіп отырды

Ардақ сарайға жасырын есікпен кіріп келді де бауырлары мен бірге көңіл көтеретін саяжайына келді келсе Дастан мен Томерис отыр екен Ардақ
-ия не істедіңдер бүгін деді орындыққа отырып үстелге аяқтарын қойып шалқайып Томерис күліп
-бүгін бір қыз рұқсатсыз ағамның бөлмесіне кіріпті жәнеде ағамды аямапты деді мазақтағандай күліп Ардақ көзін жұмып жатқан кезде көзін ашып атып тұрып күліп
-не распа менің көргенімненде асып түсті ғой деді күліп Дастан
-не көріп едің сен деді ол теманы жалғастырғысы келмей Ардақ
-мен бүгін кімді көрдім деп ойлайсыңдар деді күліп Томерис
-кімді деді қызығып Ардақ
-тауып көр деді күліп Томерис қабақтарын түйіп
-пал ашамынба айтатыныңды айт немесе мүлде бастама деді ашуланып Ардақ-ой махыл махыл мен бүгін ана дөрекі қызды көрдім Томерис
-қандай дөрекі қыз деді түсінбей
Ардақ
-алдынше ағамды тістеп алған деді күліп Томерис орнынан атып тұрып
-Жібекпа деді Ардақ
-ия сол аға байқайсыңба сен осы күндері қыздардан көп таяқ жейтін болдың деді күліп солай ғой ия Томи деді Томерис отырған жерге қарай қараса Томерис жоқ Ардақ
-ей Томи кәні деді түсінбей Дастан
-енді нені күтіп едің ол әлгі қызға кетті деді шайін ішіп жатып
Томерис қуанышты жүзімен күліп Жәдігер мен Тұмар тұратын үйге келді іште тек Тұмар бар екен Томерис
-Жібек кәні деді Тұмар орнынан тұрып
-Жібек жоқ оны неге іздедің деді Томерис
-ол бұл жерде жоқпа Ардақ оны көргенін айтты ғой деді Тұмар
-не ол қайтып оралдыма деді қуанышты жүзімен жымиып сол кезде ішке Жәдігер кіріп келді
-ия ол келді деді Тұмар
-аға сіз оны білдіңізбе ол қәзір қайда деді Жәдігер қабақтары түйілген күйі Тұмарға қарамай су құйып жатып
-зымданда деді Томерис
-бірақ неге 😧
Жәдігер
-оған бастарыңды қатырмаңдар жәнеде енді ол жайлы әңгіме айтылмайтын болсын деп шығып кетті Тұмардың қуанышы су сепкендей басылды
-әпке ол неге онда оның жағдайы қалай біз енді оны қалай ол жерден шығарамыз деді😥Томерис
-ей көңіліңді түсірме алдыңда осы шахардың ханшайымы тұр емеспа бірінші біз оны көрейік жүр сосын қалғанын ойластыра жатармыз деді де Тұмарды жетектеп зымданға алып кетті

Томерис пен Тұмар зымданға келді келсе Жібек пен Лилиан күліп әңгімелесіп отыр екен Тұмар
-әпке 🥺 Жібек Тұмардың даусынан оған жалт бұрылды да оны көріп қуанып кетіп орнынан тұрды сол кезде Тұмар оны жүгіріп келіп құшақтап алды
-әпке сен қайда болдың біз сені көп іздедік қой деді көзіне жасы тола Жібек
-мен оны саған киін айтып беремін өзіңнің жағдайың қалай жақсысыңба өңің бозарып кетіпті ғой деді Тұмардың шаштарын артқа қарай қайырып топмақ беттерінен ұстап Тұмар көзіне жасы тола жымиып
-әпке сізді көргенсоң жазылып кеттім менде бәрі тамаша деді жымиып Томерис
-ей бізше бізді ұмыттыңдар ғой менде сағындым құрбымды деді бұртиып Жібек пен Тұмар күліп жіберді Томерис Жібекті тас қылып құшақтап алды
-құрбым ау сені сағынып кеттім ғой бұл жерге қалай түскенсің деді Томерис
Жібек
-ол былай деп енді сөйлегелі жатқанда Лилиан қолдарын беліне қойып алды
-қандай құрбы ол менің құрбым Жібек ол не деп тұр деді қабағын түйіп қызғаныштан жарылардай Томерис Лилианға қарады да
-кәдімгідей ол менің жақын жалғыз құрбым әңгімең барма деді Лилиан
-бар болса ше ол менің құрбым сенің емес деді қабақтарын түйіп
Солай екеуі бірін бірінен көздерін алмай ала көздерімен тесіп жіберердей қарап тұрды сол кезде Жібек
-екеуіңе не болды мен сендерді таныстырайын ең болмағанда бірін бірлеріңнің кім екендеріңді біліп алып қырылсаңдаршы Лили бұл Томерис осы елдің ханшасы Томи бұл Лили менің құрбым яғни екеуіңде менің құрбыларымсыңдар бұлай бір бірлеріңді өлтіретіндей қарамаңдар
Тұмар
-әпке сіздер қалай бұл жерге қалай түстіңіз әрі сіздің құрбыңыз жоқ болатын әлде бұл сіз айтқан деп таңғалып тұрып қалды Жібек
-ия бұл сол қыз қалай болғанын мен өз әлеміме өтіп кеттім ол бес күн бұрын емес кеше ғана болған еді бірақ бұл жақта ендігі бес күн өтіп кеткен екен негізі менің кеткеніме ары кетсе бір күн болды бірақ қайта келдім әрі жалғыз емес Лилиде осы әлемге түсіп кетті Томирис
-мен дым түсінбей тұрмын не деп жатырсыңдар деді Жібек барлығын түсіндіріп берді Томерис таңғалып қалды ал Тұмар мен Лили бұл әңгіменің шет жағасын білгендіктен онша қатты таңғалмады
Томерис
-сені мына жерден шығаруымыз тиіс бірақ қалай түстің бұл жерге Жібек
- мен көшеде бір баланы құтқарамын деп ойлап төбелес шығардым сол үшін осындамын мен егер әлгі баланы тағы көрсем мен оны аямаймын сосын тек мені емес Лилидіде Тұмар
-ол бұл жерге қалай түскен Лилиан
-ханзада сымақты ұрғаным үшін деді түрін тыржитып Тұмар күліп
-екеуіңіздіңде ханзадаларда жындарыңыз бар ау келе сала ханзадаларды ұрыпсыздар деді күліп🤣Томерис
-сонда ағамды ұрған сенба ай қайдам сені құтқара алмаймыз ау сен осында қала бер
Жібек
-егер Лили бұл жерден шықпаса менде шықпаймын деп қайта барып орынына барып отырды Лилт күліп оны барып құашқтар отырды Томерис
-ондай болса амал жоқ шығарамыз деп Тұмарға бір нарселерді айттыда екеуі зымданнан шығып кетті
Томерис бақшада сусын ішіп аяқтарын көтеріп қойып жатқан ағасы Ардаққа келді де көздерін мөлейтіп оған қарап тұрды Ардақ
-не болды деді көздерін жұмған күйі Томерис
-аға саған айтарым бар деді жайлап орындыққа жайғаса Ардақ
-айтарың болмаса келмейтін едің ғой айта бер деді Томерис
-аға үлкен ағам бүгін бір қызды зымданға тастаған еді ғой Ардақ
-ия не болыпты оған Томерис
-ағама айтшы оны зымданнан шығарсын өтініш деді көздерін мөлейтіп Ардақ көздерін ашып Томериске қарап
-Томи сенің басыңнан күн өтіп кеткенба мен оны ағама қалай айтамын ол бәрібір оны шығармайды өлтірседе таңғалмаймын әрі неге оны шығарғың келеді деді түсінбей Томерис
-аға ол менің досым деп енді сөйлегелі жатқанда жандарына Дастан келіп
-ия кім сенің досың деді үстелдегі суды ішіп Томирис
-аға бір нарсе айтсам орындайсызба🥺Дастан
-айтатыныңды айт бірақ орындаймын деп айта алмаймын деді Томерис
-аға бүгін сен бір қызды зымданға тастаған едің ғой жәнеде қолбасшы бүгін Жібектіде зымданға тастаған екен сенің оларды шығарып алуға құзырың жетеді ғой өтінемін оларды шығарып алшы деді 🥺Ардақ күліп
-әлгі бопсалаушы ұрысқақ қызда зымдандама жақсы болыпты ғой өзіне жақсы орын тауыпты аға меніңше оларды шығарма оларға сабақ болады деді күліп сол кезде Томерис қабақтарын түйіп
-АҒА пайдаң тимеді ең болмағанда зияныңды тигізбеші деді жынданып Дастан
-Томи әуре болма мен оларды шығармаймын сондықтан көндіруге тырыспа деді Томерис қоймай сұрап тұрып алды бірақ Дастанда мүлде түр бермей айтқанынан қайтпай отырып алды ашулы әрі ренжіген түрмен Томерис орнынан тұрып
-ондай болса менде олармен бірге зымданда отыратын боламын оларды шығармайынша менде суық зымданда отыратын боламын сенде бар қырсықтық мендеде бар деп кетіп қалды Ардақ
-аға оларды шығара салсаң қайтеді білесің ғой Томидің қырсық екенін әкемнің құлағына жетсе екеуіміз үшін жаман болады деді Томеристің ашуланып өзінен өзі сөйлеп жұлқынып кетіп бара жатқанына қарап тұрып сол кезде Дастан
-ол ол жерде көп отырмайды қорықпа ол ондай жерге үйренбеген деді

Жәдігердің үйі
Тұмарда Жәдігерді қанша көндіруге тырысада ол көнбей қойды соңында олда Томерис секілді жасап шығып кетті баста олар олардың келіспейтінін білген болатын сол үшін осындай жоспар құрған еді
Кеш батты Дастан мен Ардақ шай ішіп отырды Ардақ
-аға Томерис әлі зымданда отыр екен оған бармаймыз ба білесің ғой оның тез ауырып қалатынын әрі ол біздің жалғыз қызғалтағымыз емеспа бір айтқанын орындай салсақ қайтеді ол бізге көп өтініш айтпайды ғой бір айтқан кезінде орындамай қойғанымыз дұрыс емес деді Томеристі ойлап Дастан қолындағы кітабын жалғастырып оқи берді сосын кітабын жауып Ардаққа қарап
-жарайды жүр олай қарама маған неге Томи екеуің үнемі бір нарсе сұрайтын кезде осылай айанышты қарайсыңдар түсінбеймін деп тұрып кеттіп қалды Ардақта артынша күліп тұрып оның артынан жүріп кетті екеуі енді зымданға кіргелі жатқанда Жәдігерде келді ол оларға сәлем берді Ардақ
-сен біздің бауырымыздай адамсың қашанғы айтамыз саған бізге олай ізет білдермей ақ қой деп деді Жәдігер
-бірақ бұл менің міндетім деді Дастан
-сен Тұмарға келдіңбе бәсе бұл олардың жоспары болған екен да деді басын шайқай Жәдігер
-ия Тұмар қырсығып таңнан бері осында отыр ол кеше ғана жазылды мен оның тағы ауырғанын қаламаймын деді солай үшеуі ішке кірсе қыздардың күлген дауысы жер дүниені алып жатыр екен Жібек күліп
-кәнекей тас қағаз қайшы деді Тұмар
-а ха ха Томи әпке сіз ұтылдыңыз келіңіз деп қолдарын шертуге дайындай бастады сол кезде Лили
-жоқ бірінші менің кезегім деді де Томеристің басынан шертіп қалды Томеристің аппақ терісінен қызарған шекесі одан әрі қызара түсіп қып қызыл болды Томерис шекесін ұстап тұрғанда Дастанның
-бұл жерде не болып жатыр сен қыз қалайша менің қарындасымды мына елдің ханшасын ұруға дәтің барды мына қыздың басын алыңдар деді

1 15 ER 1.1301
#Shiny
            °You're my light °

7-bolim
 
- жүрек дегеніңіз, қол басындай ет пе, шырағым.
- бірақ, ата, сол қол басындай етке бүкіл жер шары сыйып тұрған жоқ па?
   ©Оралхан Бөкей "Қар қызы"

   Бөлмесіндегі бар заттың быт-шытын шығара қиратып жүрген Дилан қолының қанап кеткеніне мəн бермеді. Тумбочка үстіндегі вазаны құлатып жіберген ол бөлмесіне кірген өзіне ұқсас сарғыш шашты əйелді итеріп жібере жаздады. Бірақ өз-өзін ұстай тоқтап үлгерді. Əйел Диланға бір, бомба түскендей шашылып жатқан бөлмеге бір қарады да басын шайқады.
- Дилаан, мұның не? Қолдарыңда қанап кетіпті. Сен осындайыңды қашан қоясың а?
- Ту, Лили ақырын сөйлеші. Басым сынып барады! - деді əпкесін жақтырмаған үнмен.
- Əрине басың сынады. Егер тағы түнімен ішсең басың жарылып қалар еді.- деген Лилиан Диланды төсегіне отырғызды. - Мен қазір дəрілік қорапшаны əкеліп қолыңды таңып беремін. Осында отыр.
- Ай, Лили ініңді аямайсың ба? - Дилан қолына жақпамай жағып отырған Лилианға қарап.
- Сен өзіңді өзің аямасаң сені ешкім аямайды. Осыны түсін. Ал мен сені аяп жақпамай жағып отырмын.
Інісінің қолын ақ матамен орап болғаннан кейін орнынан тұра есікке беттеген Лилиан жерде жатқан қыздың суретті байқай оны қолына алды.
- Ол мені тастап кетті. - деді төсекте жатқан Дилан көзін жұма екі қолын екі жақа жайды. - Мəңгілікке...Өзгені сүйеді екен...
- Ал сен ол тастап кететіндей қандай да бір опасыздық жасап педің? 
Дилан естімеді ме, əлде естісе де жауап бергісі келмеді ме? Əйтеу үн қатпады.
- Қайырлы таң!- деді Лилиан терезеден атып келе жатқан таң шапақтарына қарап қойып.

   Арада 4-5 күн өтті. Осы күндерде ешқандай өзгеріс бола қоймады деуге болар. Альберттің жұмыстары көбейе Элизамен сөйлеспек түгілі үйге кеш келетін болып жүр. Бикеш бүгін қызын ала өз үйіне барып келмекші. Арияның қолынан ұстап қызметшілерден басқа ешкім жоқ үйден шықты.
- Анашым, қайда барамыз?
- Эмм...қалай айтсам екен. Ари, əйтеу бір жерге барамыз.
- Құпия ма? Əлде Иза тəтеге барамыз ба? Сонда барсақ күшті ғой. Иза тəте маған əдемі көйлек тігіп беремін дегенн.
- Жоқ, жаным Изабельге емес. Менің үйіме.
- Аа, түсіндім. Онда барайық.

   Аулаға кіргеннен кейін Элиза жылы естеліктері мен қызықты сəтерге толы үйін жымия қарап, Арияның қолынан жетектей үйге қарай беттеді. Есікті ашып қалғанда біреу бар екпінімен жүгіре Элизаны құшақтап алды.
- Лиза əпке! - деді Алан.
- Оу, Алан қалайсың? Өсіп қалыпсың ғой.- деген ару Аланды қыдықтай жөнелді.
  Элиза біресе өзіне, біресе Аланға таңырқай қарап ештеңе түсінбей тұрған қызын ұмытып кеткендей болды.
- Анашым, бұл сіздің үйіңіз бе?
- Иə,Ари. Бұл менің үйім. Мынау - деді бикеш Аланды қолынан ұстап- Сенің ағаң, дейінбе? Əлде құрдасың дейінбе? Эмм...Жақсы, Бұл -Алан. Менің ағамның ұлы. Ал Алан, мынау - Ария. Менің қызым.
- Лиза əпке, сіздің қызыңыз бар ма? Ал мен неге білмеймін? - деді Алан көздері бақырая, таңғалғанын сездірді.
- Енді біліп тұрсың ғой, жаным. Айтпақшы анаң қайда? - деді Лейланы көргісі келгендей Элиза мойнын соза.
- Анам... ұйықтап жатқан. Қазір оятып келемін.
- Жоқ болды,- бикеш айтып ауыз жиғанша жоғарыдан Лейла күлімдей түсіп келе жатты.

- Ария мен Аланды көрмедің бе? - деді Элиза қайтатын уақыт болғанын сезе, үй тазалап жүрген қызметшіге.
- Ханым, олар артқы аулада ойнап жүр.
- Жақсы. - деп бірден артқы аулаға шыққан бикеш екеуін көргенде басын шайқай ақырын күліп қойды. Бір-бірін қуалап аулада айналып жүрген екі періштені көргенде еріксіз жымиғың келеді. Қашып жүрген Ария Элизаның қасына келе, құшақтап алды.
- Мен жеңдім. - деді Аланға тілін шығара.
- Жоқ, біз олай келіспедік қой.
- Болдыы, үйге кіреміз. Аздаған уақыттан кейін күнде батады. Ал, біз Ария екеуміз қайтуымыз керек.
- Негеее?- деді Алан сүйкімді бұртиып. - Бүгін осында қалыңыздаршы.
- Жоқ, жаным. Болмайды.
- Біз тағы келеміз. Сосын тағы да ойнаймыз, Алан. Кездескенше! - деді Ария.
- Жақсы, сау болыңыз, Лиза əпке! Кездескенше, Ария!
   Анасы мен қызы Лейла, Аланмен қоштаса үйлеріне қайтты.

  Кешкі уақыт. Күйеуімен жəне ұлымен ас ішіп отырған Лейла терең күрсінді.
- Не болды? - деді Эндрю жарының көңілсіз түріне алаңдап.
- Бүгін Элиза қызымен келіп кетті.
- Қалай бəрі жақсыма екен?
- Иə, Ариямен жақсы тіл табысып кетіпті.
- Менің қарындасым балажан ғой. Бəрінің көңілін таба алады.
- Арияда сондай екен. Мен онымен көп ойнадым. Олар кетіп қалды. Бірақ қайта келетінін айтты. Сонда қайта ойнаймыз,- Аланда тыныш отырмай, əңгімеге араласа.
- Ал онда оған неге өкінгендей болып отырсың, сүкімдім? - деген жігіт бикешті еркелете қарап.
- Бəрі жақсысы жақсы ғой. Бірақ Дилан қайта оралыпты.
  Диланның есімін естігенде Эндрюдің түрі бұзылып кетті. Қалың қабақтары түйілгенінен-ақ ашулы екенін білуге болады.
- Ол сұмырай Сиднейде не жоғалтыпты? Қарындасысды үндемей-ақ жылатып кеткені аздай, тағы не керек екен?
- Ол жағы белгісіз. Бірақ Элизаға бұрынғы сезімді қайтарайық деген секілді сөздер айтыпты.
- Айщщ, мен оған көрсетемін. Ол оңбағанды тура жанын көзіне көрсетер ме еді!
- Болды, ашуланба. Оның сазайын тартыратын күн əлі келер. - деді Лейла сүйіктісінің қолынан нəзік ұстап.

  #Pov Элиза:
Арияны балабақшасына апарып тастап, фирмаға жол тарттым. Фая ханым Альберттің тым шаршап жүргенін айтып, тамақ апарып бер деп еді. Көліктен түсе ішке кіріп едім,қызық, барлығы маған иіле құрмет көрсетіп жүр. Оларға əдеттегі жылы жымиысыммен жауап бердім де Альберттің кабинетіне келдім. Алдымды хатшы қыз кес-кестей:
- Мырза бос емес. - деді əбігерлене. Алдындағы жағдай қайталанбауы үшін оған түсінбеген көзқараспен қарай, ары итеріп жібердім. Ол маған түйілген жанарымен, біраз қарап тұрды да кетіп қалды. Мен есік алдында біраз бөгеліп тұрып қалдым. Неге екені белгісіз ішімде əлдебір күш кірмеуімді қалағандай, кежегем кейін тарта берді. Сонда да өз-өзімді жинадым да, есікті тоқылдата ,артынан аштым. Көз алдымдағы көріністі көргеннен көрмегенім жақсы еді. Хатшы қыздың неге сонша кіргізгісі келмегенін түсінгендеймін. Тұрған орнымда тапжылмастан біраз тұрып қалдым да, Альберт əлгі қызды итеріп жібергенде ғана есім кіргендей болып сыртқа шығып кеттім.
Ғимарат ауласындағы скамейкада отырмын.
Жанарым толып өзіме бағынбай жатқан жастарымды ұстауға тырыстым. Ішімді əлдебір сезім билеп, не болып кеткенін түсінбедім. "Не қалап жүр едің, сонша?", "Ақымақсың, ақымақ!" деймін өз-өзіме. Бірақ неге? Неге ішімді жаман сезім билеп кетті? Əлде бұл, махабат па? Жо-жоқ ондайға сенуден қалған адаммын. Онда не? Белгісіз. Жоқ, ол оның өз өмірі. Араласпа. Айщщ, не болып кетті? Сансыз сұрақтарға жауап таппай көлігіме беттедім.
#Povend

Қара түсті креслода бойын тік ұстай ойланып отырған, Лилианның назарын бөлмеге кірген жігіт бұзды.
- Міне, айтқаныңызды орындап келдім.- деді Лилианға қызыл түсті папканы ұстата. Əйелде соны күтіп отырғандай қолынан алды да ашып оқи бастады. Əрбір бетті аударған сайын көздерінде арамдық белгісі ойнайды. Соңғы бетін жапқаннан кейін папканы жігітке қайтадан берді.
- Диланға беретін бол! - деді де үстел үстіндегі шарапты іше бір езуіне қарай арам күлді.
          ▪▪▪▪▪▪▪▪▪

  Қалайсыздар? Жазып үлгермей қалармын деп ойлап едім. Бірақ уақыт таптым. ( Хикая желісіне аздаған өзгерістер жасадым. Байқаған шығарсыздар?!) Есептесем финалғада жақын қалыпты. Енді белсендірек болсаңыздар. Соңы қалай болғанын қалайсыздар? Пікірлеріңізді жаза кетіңіздер.
#Shiny 

0 10 ER 0.9385
#Shiny 
               °You're my light°

6-bolim

Күлкің жүректі жазатын дəрі шығар, бəлкім...

    Кешкі уақыт. Сол баяғы Винтер жекежайы. Кешкі ас ішіп отырған отбасы. Бірақ алдындағыдай тып-тыныш емес. Ария аузы жабылмастан бүгін Изабельдің тігінханасынан көрген қызықтарын Фаяға айтып жатыр.
- Ұлым, деді Фая. - Ертең кешке Харли ханым мен Броун мырза кəсіпкерлік кездесу ұйымдастыратынын  білетін шығарсың.
- Ия, апа. Бізді де шақырған.
- Соған Элиза екеуің барып келсеңдер.
Біз Ариямен үйде қала береміз. Солай ма,Ари?
- Мхм, біз қала береміз.
- Жақсы - Альберт бұдан өзге ештеңе айтпады.
- Ал сенше, қызым? Ертең кешке қосымша жоспарларың болмаса...
- Жоқ. Ертең кешкісін боспын.
- Онда жақсы болды.

  Уақыт зымырай өтіп келесі күнде келіп жетті. Кеш болып қалған уақыт. Бүгінгі кешке дайындалып жүрген Элиза төсегінің үстіндегі қорапқа қарай жымиып қойды. Оның кəсіпкерлік кездесуге баратынын естіген Изабель өзінің "əдемілік" туралы кеңестері мен міндетемелерін қыстырып қойып, бикешке бір көйлек беріп жіберді. Ал Элиза оны əлі киіп көрмеген.
Альберттің жұмысынан келгенін естіген бикеш ақырындап дайындала бастады. Изабельдің "ғажайып" деп таныстырған көйлегін қораптан шығарды. Əрдайым жабықтау жəне ашық немесе нəзік түсті көйлек киіп үйренген Элиза бұл көйлекті кие алар ма екен?
Бикешті күткеніне он минут болған Альберт тықыршый бастады. Көлігіне сүйенген күйі қайта-қайта сағатына қарап "кешігеміз-ау" деген ой маза бермей тұрғанды.
- Сізді көп күттіріп қойдым ба? - кенеттен шыққан нəзік дауыс серінің назарын өзіне аудартпай қоймады. Бірақ сол нəзік дауысқа онша үйлесе қоймайтын алды ашықтау қою қара түсті көйлек киіп, қоңыр түсті шашын аққу мойнына түйе, құлағына ұзынша пішіндес келген сырға таққан Элиза тым сұлу еді. Альберт бұл сұлулыққа тілі байланып қалғандай аздаған секундтар үнсіз тұрды да:
- Отыр,- деді көліктің алдыңғы есігін аша. Бикеште Альберттің сымбаттылығына аз таңырқамаған еді. Қара шаштары қайырылған, үстіне де шашы түстес қара смокинг киген жігіт көкшіл көздерімен əлемнің бар сұлулығын жинап тұр.
 
   Көлік əдеттегідей əсем ғимарат ауласына тоқтады. Өзі есікті аша шыққан бикеш Альбертті аз күтіп тұрды да онымен бірге ішке қарай беттеді. Кенет қолын əлдебіреудің ұстағанын сезген Элиза серіге көздері бақырая қарап еді, Альбертте ешқандай реакция жоқ екенін көре түсінді. Иə, жұптың рөлін сомдауға тура келеді. Бірақ бикеш бұған пəлендей қинала қойған жоқ. Өзінің əдеттегі жымиысымен жымия шын бақытты екенін сездіруге тырысты.
   Бұл жұп аздап кешіксе де оған мəн берілмегендей болды. Кешті ұйымдастырушы Харли мен Броун бұлардың қасына келді.
- Оо, Альберт, балам қалайсың?
- Жақсымын, өздеріңіз қалайсыздар?
( Броун отбасы мен бұлардың арасында туыстық байланыс болғасын осылай тым жақын адамдарша сөйлесіп жатыр)
- Бізде сол. Фая мен Уельсон келе алмады ма?
- Ия, олардың орнына біз келдік.
Харли Элизаны бірден байқаса да, Альберттің артынан қалмай жүретін сылқымдардың бірі болар деп ойлағанды. Бірақ өз ұлындай болып кеткен жігіттің "біз" деп жақын тартуына қарап, бикешге назар сала бастады. Онша ашық емес қою түсті көйлек, коңыр əрі жинақы түрде түйілген шаш, орташа биіктіктегі қара түсті аяқ киім. Əдемі күлкі, сұлу жүз.
- Ал, сен сонда Альберттің əйелі болдың ғой?,-деді  Харли.
- Ия, ханым. - тағы да өзгемеген сол жылы жымиыс.
- Бұның қалай, бізді тойға шақырмадың ғой?! - Жоқ, үлкен той əлі болмады.
- Аа. Солай де, бəсе Уельсон ондай жағдайда үнсіз қалмаушы еді.
  Харли мен Броун өзге қонақтар бар екенін естен шығармай соларды қарсы алуға кетті. Альберт бикешті сол жерге қалдырып кетті де, маңызды мəселерімен сөйлесуге кетіп қалды. Элиза мұндай кештерге келіп үйреніп қалғандықтан абыржымастан коктейль ішіп тұра берді.
Əрқашан өзі секілді достарының қасында жүретін Дилан бикешті көре бірден қадалып қалды.
- Кімге сонша қадала қарап тұрсың?- деді əдайым бəрін назардан тыс қалдырмай тұратын Лиам. Кейін оның көзқарасын бағдарлап көрді де мырс етті.
- Иə, оның өзге қыздардан ерекше əрі сұлу екені рас. Бірақ ол тұрмысқа шыққан. Альберт Уельсонның əйелі.
- Солай ма?! - одан басқа сөз айтпаған Дилан қолына екі сусын алды да Элизаға қарай беттеді.
Диланды осындай үлкен кеште кездестірем деген ой бикештің үш ұйқтасада түсіне кірмеп еді. Өзіне сусынды ұсына берген серіге сəл түйіле қарады да, басын шайқады:
- Мен алкогольді коктейль ішпеймін.- деді.
- Жақсы, өзің біл. Бірақ амандық-саулық сұрасуды ұмыттың ғой деймін.
- Өтінемін, өткенді ұмытып... жəй ғана таныс болып қалайықшы. - деді Элиза өтінгендей болып.
- Неге? Сен мен жоқта шынымен біреуге ғашық болып үлгердің бе?
- Ия, шынымен. Алл сені көрсем сол бір жағымды да, жағымсыз естеліктер есіме түседі.
- Жағымсыз? Сен нені меңзеп тұрсың?
- Болды созбақтай бермейік. Мен тұрмысқа шыққан əйелмін. Осымен бітті.
- Жақсы, солай болсын. Онда жəй таныс ретінде биге шақырсам. - деді Дилан басталған баяу əуенді музыканы ести салысымен. Жігіттің өзіне ұсынған қолына қалай жауап берерін білмей қалған бикеш сəл тосылып қалды.
- Қара, оны биге шақырды, ал оның қарсы шықпасы анық. - бағанадан бері Тиананың құлақ етін жей, зарлап тұрғанына мəн бермеген Альбертті бұл сөз үнсіз қалдырмады. Басын бұра өзінен бар болғаны 5-6 метр арақашықтықта тұрған Элизаға қарады. Бикеш қасындағы жігітке келісерін не келіспесін білмей тұрғанды.
- Жақсы,- деп Диланға қолын ұсына бергенде біреу ұстап алды.
- Бірінші биді өз əйеліммен билейін деп едім.
Сұлу серінің сөзіне таңғалып қалды. Əсілінде сабырла түрмен тұратын. Альберттен мүлде күтпеді деуге болады.
- Қарсымысың? -деді бір қасын көтере.
Əрине, мұндай көзқарас пен сөзден соң қалай ғана қарсы шығуға болады?! Элиза үндеместен басын изеді де Альберт ұстап тұрған қолына қарады.
Ортада билеп жүрген Элиза мен Альберт тым əдемі көрінеді. Белінде тұрған қолдан аздап ыңғайсызданған бикеш басын жерден көтермеді. Альберттің жаңағы ісін мүлде түсінбегендіктен өзінен сұрағысы келіп тұрса да сұрай алмады.  Себебі ол тым жақын.

#Pov Альберт
Көлікті жол жиегіне тоқтата жұқа көйлекпен тоңып қалған Элизаның үстіне жаптым. Ол ұйқыда еді. Бетіне түсіп кеткен шаштарын құлағының артына қайыра жүзіне біраз уақыт қарап тұрдым. Қабағын түйе костюмді өзіне дұрыстап жауып қойды. Сондай сүйкімді. Тіпті оның билегені де есiмнен кетпепті. Күлгені де. Айщ, мен не ойлап отырмын?! Өз-өзімді іштей сөге байқаусызда аспанға қарап едім, Авалон есіме түсе кетті. Мен оны бүгін бір ретте есіме алмаппын-ау. Көзімді жұмсам сол бір сүйкімді əрі жылы жымиыс. Бірақ ол Авалонға тиесілі емес. Мүмкін, бұл жаңа сезімнің алғашқы белгілері болар. Жо-жоқ мүмкін емес. Көлікті оталдыра жүріп кеттім.
#Povend
          ▪▪▪▪▪▪▪▪▪

Хэллоу! Бұл сіздерге бөлім ұнады деп ойлаймын. (Өзімеде ұнады;) Ойларыңызды жаза кетіңіздер.
#Shiny

0 10 ER 0.8853
#Shiny
             °You're my light °

8-bolim

Өмірдегі ең әдемі нәрсе: барлық кемшіліктеріңді біле тұра, сіздің әлі де керемет екеніңізді ойлайтын бір жанның болуы.
©Эрнест Хемингуэй

   - Арии, абайлап жүрсеңші.
Шарларды іліп жатқан бикеш ары-бері жүгіріп жүрген  қызына қарап жымиып қойды.
- Анашым, менің туған күніме шынымен бəрі келеді ме? Аланда ма?
- Ия, жаным. Бəрі келеді.
- Жақсы болды ғой. Бəрі келеді. Бəрі... - əндете жоғары жаққа көтеріліп бара жатқан Ария үйге келген Альбертті байқап қалды. Дереу əкесінің қасына жүгіріп келді де мойнына асылды.
- Неге үйге көп келмедіңіз? Сізді сағындым ғойй,- деді Ария əкесіне бұртия сөйлеп.
- Атаңның Флоридаға кеткенін білесің ғой. Сосын менің жұмысымда екі есе көп болды. Ертең менің ханшайымымның туылған күні болғандықтан атаң бүгін түнгі рейспен қайтады.
-Шын ба? Атамда келе ме? Мен оны қандай сағындым десеңізші? Алақай, атам келеді !! Алақай! - қуанышты дауыспен өз бөлмесіне кетті.
Альберт Элизаның өзінің келгенін білседе бір сөз айтпастан үнсіз шарларды іліп тұрғанына таң қалғандай болды. Үй іші тып-тыныш. Бейне бір ешкімі жоқ қаңырап тұрған үйдей. Элиза ештеңеге мəн берместен, тіпті Альберттің өзіне қарап тұрғанын байқамастан өз ісін жалғастыра берді. Кенеттен аяғы тая, орындықтан құлайын деген аруды Альберт ұстап алды. Көздері бір сəтке түйісе қалған екеуінің жүрек дүрсілдері бір-біріне естілгендей болды. Тым химиялы көзқарас. Бірақ бикеш сəттің ұзаққа созылғанын қаламай:
- Кешірім сұраймын, - деді де шетке ысырыла кетті. Альберт қызға бірнеше секундт көз тастады да жоғары көтеріліп кетті.

- Айщщ, соқыр! Көзіне қараса қайтеді?! - рөлден сөйлене түскен Изабель өз көлігіне соқтығысып қалған темір тұлпардан шығып келе жатқан серіге ашулана қарады. Стильді киініп,көзіне қара көзілдірік таққан жігіттің сымбатты екені айтпаса білінгендей. Өзіне қолын айқастыра бұрқылдай сөйлеп тұрған қызға қарап көзілдірігін шеше қолына алды.
- Аай, сен...сен əлгі оңбаған! Мені аңдып жүрмісің?! Алдында телефонымды сындырып едің, енді көлігімді де сындырғың келе ме?,- деді Изабель Криске.
- Асықпаңыз, Джонсон бикеш. Мен саған бес нəрсе айтқым келеді. Біріншіден, менің есімім ешқандайда "оңбаған" емес. Ата-анам қойған Крис Чарльз деген атым бар. Екіншіден адамды көрмей жатып өлшеп-пішуге болмайды. Мен сені аңдып жүрген жоқпын. Үшіншіден, ол кезде мен сенің телефоныңды сындырмадым, сен оны өзің жерге құлатып алдың. Төртіншіден жолдың қақ ортасына кенеттен емес, шетке тоқтау кереу. Ал соңғысы яғни бесіншіден сенің көлігің сынған жоқ, дəй ғана сырылып кетті.
- Ха, сенің маған оны үйретуге құқығың жоқ. Сосын мен өзім білемін не істейтінімді. Маған араласпа! - деді Изабель асфальтті биік өкшесімен тықылдата ашуланғанын білдірді.
- Өкшең сынып қалмасын. Əп-əдемі туфлиіңның сəні кетіп қалар.
- Туф, сөзді көбейтпе!! - деген бикеш ұялысын қолына ала уақытты көрді. - Қап, қарғыс атқыр! Сенің кесіріңнен маңызды жиналысқа кешігіп қалатын болдым. Сен нағыз оңбағансың! Жердің құрты!
   Бар даусымен айғайлаған Изабель көлігіне бірден отырды да, серіні шаңға тұншықтыра, зулап кетті.
- Алтыншыдан, соншалықты дөрекі болған қызға жараспайдыы! - деді Крис бикеш естімейтінін білседе.

   Түн ортасы болып қалған уақыт. Арияның қасында ұйқтап жатқан Элиза кенет оянып кетті. Бикеш шөлдегенін сезеіп, орынан тұрды да ас бөлмеге қарай беттеді. Ұзынша келген кең дəлізде дыбыссыз жүрген Элиза Альберттің бөлмесінің есігі ашық тұрғанын байқай, ақырын ішке кірді. Жұмыс жасап жатып, шаршағаннан креслосында ұйықтап кеткен Альбертті көргенде жүрегі аздап алабұртып кетті. Төсектің үстінде тұрған жұқа жамылғыны ала, жігіттің үстіне жаба бастады. Альберт ұйқтап жатсада сол баяғы сымбатты кейпінде. Бикеш серіге екі-үш минут көз тоқтата қарады да қап-қара шаштарынан бір рет сипай өтіп, бөлмеден аяғының ұшымен баса шығып кетті.

  Ертесі. Винтер виласының алдында неше түрлі қымбат көліктер жиналып қалған. Бір жағынан кішкентай Арияның туған күні болса, екінші жағынан Альберт пен Элизаның үйленгенін білдіру үшін жақын адамдарды жинады десекте болады. Шақырылғандардың бəрі дерлік келмесе де, көбінің жиналып қалғаны байқалады.
Элиза келуін сұраған соң Изабель де баруға келіскен еді. Міне өзіде таңырқап келе жатыр. Сондай зəулім үй, əрі стильді түрде жасаған. Аузы ашылып жүрген ару біреумен соғылып қалды.
- Абайламайсың ба? - Изабель жақтырмаған үнмен бұрылып кете бермекші еді.
- Оу, Джонсон бикеш? - деген дауыс бикешті тоқтатты.
- Əй, сен əлгі оңбаған Крис! - деді Изабель онымен қайта кездескеніне күйінгендей болып.
- Мен оңбаған емеспін. - деді жігіт сабырлы дауыста.
- Қайта есіміңді қоса айтқаныма мың да бір рахмет айт. - деді Изабель көзін айналдыра. - Ха, сенің мені аңдып жүргеніңе шүбəм қалмады, оңбаған Крис. Енді немді сындыратыныңды бір құдай білер.
- Джонсон бикеш, мені оңбаған деп атау сіз үшін тым дөрекі естілмей ме?  - деді Крис аруға бір қасын көтере қарап.
- Сыпайы болғансымақ. Сен мен үшін өмір бойына "оңбағансың"!
- Ал бұл қарым-қатынасымыздың ұзаққа созылатынын білдіре ме? - деді сері қуаңқы түрде жымия.
-...- Изабель енді ауызын аша бергенде қастарын үстіне ақшыл көйлек киіп, ұзын шашын жайып жіберген Элиза келді.
- Изабель,мен сенің келетініңді біліп едім. - деді бикеш құрбысын бір иықтап құшақтай.
- Əрине, сен өтініп қоймағансоң... десең. Мұндайлар менен қалған ғой.
- Крис? Қалайсың? - Элиза Кристі енді байқады. Крис болса бикештің қолынан сүйе:
- Мен сіздің сұлу екеніңізді айтыппа едім, Уельсон бикеш?! - деді.
- Оны өзімде білемін. Айтпақшы мен екеуіңді таныстырмаппын ғой. - деген қыз екеуіне кезек қарап жымиды.
- Крис,-деді Изабель жақтырмаған үнмен.
- Изабель, - Крис бикешке қарап күле.
- Сендер таныссыңдар ма?
- Сен жаңа ғана оның есімін айттың ғой. - Крис пен Изабель бірдей сөйлеп қалғандықтын, үшеуіде сəл үнсіз тұрып қалды.
- Аа, мен ұмытып кетіппін. Байқамаппын да.
- Жүрші, - деді Изабель Элизаның қолынан тарта. - Ария ханшайым қайда? Мен оны құттықтағым келеді. 
- Ол ата-əжесінің жанында. Оңға қарай жүре бер.- деді қолымен нұсқап.
- А, солай ма? Рахмет.
  Изабель кетіп қалғаннан кейін бір стақан шырынды ала ішіп тұрған бикештің ұялысына хабарламалар келіп жатты. Телефонын аша оқи бастаған Элизаның түрі бірден бұзылғанын байқауға болады. Дереу жан-жағына жалтақтай қараған ол, өзінен алыстау жерде өзіне жымия қарап тұрған Диланды көрді. Дилан бикештің өзін тапқанына қуанғандай қолындағы сусынды көтере ішіп алды. Артынша тағы да хабарламалар келе бастады. "Сені артқы аулада күтемін" Бұл сөзді асығыс оқыған ару жоғарыға көтерілді де бөлмесіндегі тумбочканың тартпасынан конвертті ала қайта төмен түсті. Ешкім байқамағанына көзі жеткен соң, артқы есік арқылы аулаға шықты.
- Сен мұнда не істеп жүрсің? - деді бикеш шақырылмаған қонаққа қабағын шыта қарап.
- Оу,сабыр. Тосынсыйым керемет болады деп ойлап едім. - деген Дилан ыржия.
Оған ашулы жүзбен қараған Элиза артқа бұрылып, ішке қарай беттеді.
- Альбертті сүймейсің ғой. Бірақ Ария үшін осылай жасап жүрсің ғой, солай ма? - Диланның бұл сөзі тым елеусіз шыққанмен аруды назарын аудартпай қоймады. Ол қайтадан жігіттің қасына қайтып келе түсініксіз жанармен қарады.
- Сен бұны қай...
- Сен бұны қайдан білесің дегің келе ме?! Менің төрт көзім бар есіңде болса егер. Алдымен, сен маған неге өтірік айтқаныңды айтшы? Неге?
Бикеш үн қатпады.
- Неге деп тұрмын саған ,естімеймісің? НЕГЕ??
Үнсіз жүре беруді дұрыс санамаған Элиза терең дем алды да:
- Себебі сен...сен өзімшілсің! Əрі опасыз! - деп Диланның қолына конвертті ұсынды.
Оның сөзіне сенбегендей болған Дилан конвертті аша көре бастады. Əр түрлі суреттер. Бұл суреттердің бəрінің басты кейіпкері Дилан десекте болады. Тек оның қасындағы адамдар. Нақтырақ айтқанда қыздар. Бұл суреттерді Дилан тым өз-өзіне риза болып көрінді. Оларды бірінен кейін бірін көрген жігіт аздап үнсіз тұрып қалды.
- Бұларды көргенде қандай сезімде болғанымды түсінбейсің бе? Ия, түсінбейсің. Францияға кеткен төрт жылда саған қанша рет қоңырау шалып, хабарлама жібердім. Ешқандай жауап жоқ. Білемісің, мен шындықты сенің өз аузыңнан естігім келгендіктен номерімді де өзгертпедім. Мен өзімнің сені жақсы көріп, саған сеніп, алданып жүрген ақымақ, əрі ол үшін жəй ғана көңіл көтеру болғанымды білгенде...
- Сен мені аңдып жүрдің бе?
          ▪▪▪▪▪▪▪▪▪

Бəріңізге сəлем! Негізі кеше жазып қойып едім. Интернет дұрыс болмай, жібере алмадым.) Сіздерге ұнады ма, бұл бөлім? Қандай ойларыңыз бар? Арасын енді созбауға тырысамын.

#Shiny

0 5 ER 0.7299
#Shiny
               °You're my light°

5-bolim
   
   Махабат- адасу...бір қыздың өзгелерден ерекшелеу болып көріне бастауы. Г.Менкен

  Ария ұйықтап қалғаннан кейін, орнынан дыбыссыз көтерілген ару ашық тұрған терезені жабуға беттеді. Терезе қаламын ұстай бере сырттағы отырғышта отырған Альбертті көзі шалды. Ақ түсті жұқа көйлігінің үстіне қоңыр жемпірді іле сала Элиза да  сыртқа шықты. Айналаны күндізгідей жарқытандырып тұратын ай сəулесі болмаса да, аулада орналасқан шамдардың жарығымен Альберттің жанына келді.
- Қасыңызға отырсам, қарсы емессіз бе? -деді өзінің сабырлы əрі нəзік даусымен.
- Жоқ. - Альберт əдеттегідей қысқа да нұсқа жауап берді.
- Адамдардың қасына отырарда рұқсат сұрау əдетің бе?
- Эмм...əдетім деп айта алмаймын.
- Ал ол адам рұқсат бермесе ше? Не істейсің?
- Отырмаймын. Мүмкін басқа жақтан орын табылар.
  Арада тағы да тыныштық, ара-тұра көше бойымен өткен көлік дыбысыннан басқа ештеңе естілмейді.
- Альберт мырза- деді бикеш Альберттке тік қарады, көкейдегі сұрағына нақты жауап тапқысы келгендей. - Сіз шынымен Арияға жақсы ана бола алады деп ойламайсыз ба?
- Неге бұл сұрақты қайтадан қойып тұрсың?
- Алдындағы жауабыңыз нақты жауап емес қой.
- Ал, мен міндеттімін бе?
- Иəə, ....енді ойыңыз маңызды..
- Жақсы, жауап беруге тура келеді,Иə. Қалағаның осы ма? - Альберт Элизаға тым сабырлы кейіпте қарады. Бикеш аздап жымиды.
- Қайырлы түн!- осы сөзді айтқаннан кейін орнынан өз-өзіне риза болған кейіпте тұрған ару кенет тоқтап қалды. Сəл тоқтап серінің манағы сөзін қорытқан Элиза дереу артына бұрылды да біреуге соғылып құлап қалды. Дəлірек айтқанда құлаған жоқ. Өз-өзін ендігі жерде жатқан шығармын деп ойлаған ол ақырындап көзін ашты. Əлдебіреудің көкшіл əрі байсалды көздері мен мінсіз бет пішіні. (Біліп тұрған шығарсыздар) Жүрегі шамадан тыс қатты соғып кеткен ару беліндегі қолдарды сезгенде ғана есі кіргендей болды. Дереу жөнделіп алған Элиза Альбертке жалтақтай бір рет қарағаны болмаса ойындағысын алмады.
- Сырт суық, ішке кір.
Элиза да осы сөзді күтіп тұрғандай қызарып кеткен бетін екі қолымен ұстап алған күйі, өз-өзіне ашуланғандай тез жүгіре кетті.
  Үйге кіріп бара жатқан бикешке бір , аспандағы жапырлаған нуы жиі жұлдыздарға бір қараған Альберт терең тыныстады.
- Авалон, мен мүмкін берген уəдемді орындай алмаспын. Бірақ сені ұмытпаймын.
Көп ұзамай жігітте үйге қарай беттеді.

  Таңмен таласа тұрып ас үйде таңғы ас дайындап жүрген бикеш бір тыным таппады. Бүгін демалыс күні болған соң Фая ханым қызметшілерді таратып жібергенді. Өзі бір шаруалармен кетті.
Элиза дайындап болған салатын үстел үстіне қоя бергенде ас бөлмеге шашы əдеттегідей ұйпа-тұйпа болған Ария кірді.
- Қайырлы таң анашым,Əжем қайда?
- Сағанда қайырлы болсын Ари. Əжең бір жұмыстарымен сыртқа шығып кетті. Айтпақшы сен жуындың ба?
- Жоқ, əлі.
- Онда былай істейміз- Сұлу Арияның қасына жүрелей отырды.- Сен қазір беті-қолыңды жуып кел. Сосын екеуміз таңғы ас ішеміз. Эмм... Сосын мен сені бір жерге апарамын.
- Қайда?
- Ол құпия... Бар енді тез, жуын.
Ария жүгіре баса ас бөлмеден шығып кетті. Элиза панкейктің қамырын табаға құя бергенде ұялысы шырылдай бастады. Басында Изабель шығар деген оймен телефонын қолына алған бикеш, дисплейдегі таныс емес нөмерді көре аздап тосылып қалды.
- Алло? - телефонын құлағына қыстыра сала панкейкті екінші жағына карай аударды.
- Сəлем! Қалайсың?- арғы жақтан сабырлы жігіт дауысы естілді.
- Жақсы. Бұл кім?
- Мен сені бірден таныдым. Ал бұл сенің мені ұмытқаның ба, Лизам?
- Мен сізді танымады... - дей берген Элиза тоқтап қалды. Құлағындағы ұялысын қолына ала:
- Дилан? ,- деді аздап дірілдеген дауыспен.
- Иə, Лизам. Бұл мен. Бірақ сенімен бұлай сөйлесе алмаймын. Өтінем сағат 11ге таман қолың бос па?
-.....Иа
- Жақсы, əдеттетегідей жерде кездесейік.
  Телефонын үстел үстіне қойғаннан кейін бикешті ой теңізіне бастып кетті деуге де болатын еді. "Дилан" деген есім есіне əлдебір естелікті оралтты.
   #өткенгеоралу
  4 жыл бұрын. Саябақта қол ұстаса, күлісіп жүрген жұп тым бақытты көрінеді. Кенет жігіт күліп тұрған жүзін бірден жиып алды да, қасындағы сұлу бикештің қолынан ұстай тоқтатып, саябақ орындықтарының біріне отырды. Жүзінде əлдебір қобалжу бар. 
- Лизам, мен саған бір нəрсе айтқым келеді.
- Иə, айта бер. Тыңдап тұрмын. - ару серіге жымия қарады.
- Мен жақын арады Францияға кетпекпін. Компания жұмыстары бойынша.
- Мен сені күтемін. - деді тағы да жымия. 
- Мен онда ұзағырақ жүріп қалуым мүмкін. - жігіт сенімсіз дауыспен.
- Онда менде сені ұзағырақ күтемін. - дей серіні құшақтап алды.
   Олар бір-біріне күлімдей қарады. Шынымен бақытты əрі жарасымды жұп.
  #өткенгеоралубітті
- Анашым, панкейк күйіп жатыр!-, Элизаны терең ойынан суырып алған осы сөздер болды. Дереу газды өшіріп жіберген бикеш күйе қап-қара болып кеткен панкейкті қоқысқа тастаған соң терезені ашты.
- Неге алмай тұрдыңыз?
- Ойланып кетіппін, Ари,- деді үстел үстіне тағамдарды қоя бастап.  

  Саябақ. Қызының қолынан ұстап алған Элиза алдыға қарай жүріп келеді. Бұлар скамейка да отырған жігітке жақындады. Сол бейне, сол жер, сол адам.
- Сəлеметсіз бе?
- Сəлем! - сағатына қарап отырған жігіт назарын бұларға енді ғана аударды. Орнынан тұра бикештің бетіне үңіле қарады.
- Лизам? - деді күлімдеген Дилан.- Сені қалай сағынғанымды білсең ғой.
Кенет күліп тұрған жүзін жия, Элизаның екі иығынан ұстап алды.
- Бұл өтірік қой. Эндрю маған өтірік айтты ғой. Солай ма? Сен тұрмысқа шықпадың ғой?
  Бикеш Диланға біртүрлі көзқараспен қарады. Иығындағы оның қолдарын түсіріп тастады.
- Бұл шын. Эндрю саған шындықты айтты.
- Сен мені күтемін деп уəде беріп едің ғой!
- Кейде уəдені де орындамайтын кездер болады.
- Анашым,бұл ағай кім?
- Ол - менің  танысым.
- Лизам..
- Сау бол!
Элиза Диланнан бұрыла кетіп қалды. Ария оны тарта құлағын сыбырлай:
- Анашым, құпия жер деген осы жер ме? -деді.
- Жоқ, Ари. Ол жерге енді барамыз.

  Кетіп бара жатқан екеуінің артынан ұзақ қарап тұрған Дилан енді көлігіне беттеді.
- Танысым дейді ғой. Қарғыс атқыр! Мен сен үшін осыншалықты төмен түстім бе, Элиза?! - деп ашулана рөлді бір ұрды. - Ха, тоқтай тұр. Сенің күйеуің құдай болса да, бəрі бір мендік боласың!!!

- Дилан қайта оралыпты.
  Арияға өзі тіккен киімдерді көрсетіп жүрген Изабель тоқтап қалды да қыздың қасына жетіп келді.
- Не???  - бикештің дауысы тым қатты шықты. - Хаа, ол оңбаған қалай ғана дəті барады?!! Онымен кездестің бе?
- Ия - Элиза терең күрсінді.
- Не деді? Менің пайымдауымша ол өкінгенін айтып,кешірім сұрады ғой.
- Жоқ, мен оның сөзінен де, көзінен де ешқандай өкінішті сезбедім. Тіпті керісінше.
- Ай құрбым-ауу,- деген Изабель бикешті қысып құшақтай. Ария ештеңе түсінбеседе Изабельмен бірге анасын құшақтап алды.
          ▪▪▪▪▪▪▪▪▪

Қалайсыздар? Қызық енді басталған секілдіме? ;)
#Shiny

0 6 ER 0.7464
#Shiny
             °You're my light °

10-bolim |Final|

Сүйгенді сүю керек. Ақтық демің қалғанша...

#Pov Элиза:
Арада бірнеше күндер өтті. Ария мен ата-əжесі бір тусының үйіне қонаққа кеткенді. Мен кешкі астан кейін үйде жалғыз отырмын. Ішім пыса Изабельге хабарласып, алайда ол қолының бос болмай жатқандығын айтып, кешірім сұрады. Ұялымды шұқылап отыр едім, бір номерден хабарламалар келе бастады. Басында мəн бергім келмеді, бірақ қайта-қайта келе беруі мазамды ала бастады. Ашып оқыдым. Шынын айтқанда біртүрлі сезімде бола, үстіме ештеңе киместен сыртқа жүгіріп шықтым. Альберт келген екен. Бірдеңеден қалғандай ентелеп шыққан мені көргенде аздап түсінбей қарады. Мен оның аман екеніне көзім жеткен соң, жүрегім орнына түсті. Жымия Альберттің қасына келдім.
- Сырт суық қой, - деді ол үстімде жұқа көйлектен басқа ештеңе жоқ екенін байқай.
- Тоңған жоқпын.- дедім мен оған əлі жымиып қарап, аздап тоңып тұрсамда. Алдыңғы жағдайды мүлде ұмытып кетіппін. Бірақ есіме алғым келмеді. Осы сəтте мен оған не сезетінімді тəптіштеп айтып бергім келді. Түнгі салқын самал денемді тітіркендіріп жіберді. Үйге кіруге оқтала бергенде...Кенет... Кенет қараңғылықта тұрған бір бейнені көзім шалып қалды. Оның кім екені көрінеді, маған қарап бір езуімен жымиып тұр. Ал қолындағы... Мен Альбертті құшақтап алдым да бұрылдым. Ол ештеңе түсінбей тұр. Мылтықтың атылған дауысы естілді. Оның артынан Альберттің "Элиза!" деп айтқанын құлағым шалып қалды. Көз алдымды белгісіз қараңғылық басып, құлай бердім. Өзімде сол қараңғылыққа түскендей едім.
#Povend

Бір жылдан кейін.
- Түүй, апам қашан шығады? - деді екі қолын айқастыра көліктің жанында арлы-берлі жүгірген кішкентай қыз. Үстіндегі нəзік күлгін түсті көйлегін қолымен сүйкімді желпіп-желпіп қояды. Көлік ішінді айнаға қарап шашын қайырған жігіт, қызын шақырды.
- Ари, апаңды шақырып келші. Қазір кешігеміз.
- Жарайды!- аяғы тиер тиместен үйге қарай жүгіре жөнелді. - Анашым!
Орташа үлкендіктегі үйді басына көтере, жоғары көтерілді.
- Ау, Ари. Қазір...күте тұрыңдар... - айнаға қарап отырған əйел жылы үнмен. Шашын аздап түзегеннен кейін артына бұрылды да, өзіне аузы ашыла қарап тұрған қызының бетінен сүйіп алды.
- Жүр, əкең күтіп қалар
Сыртқа шыққан екі ханшайымға Альберт есікті ашып қарсы алып тұрды. Элиза алдыға,  ал Ария болса əдеттегідей артқа отырды.

  Байқағандарыңыздай бір жылда көп нəрсе өзгерді. Альберт пен Элиза бір-бірін шын сүйіп, бақытты отбасы болды. Изабель мен Крис үйленбекші. Бұл отбасы соған бара жатыр. Ал Лейла мен Эндрюдің Аланнан бөлек Рэй есімді ұлы бар. Лилиан мен Диланның қылмыстары ашылып, ондаған жылға түрмеге жабылды.

- Анашым, Изабель əпкенің көйлегі сондай əдемі болатын шығар.
- Əрине, жаным. Бель деген ерекше емес пе?! -деді Элиза күлімдей жауап беріп.- Айй, бұзық. - бикеш ішін ұстап қойды.
- Не болды, анашым?
- Інің ішімді теуіп жатыр.
Альберт қызы мен жан жарына қарап бақытты жымиып қойды. Əрине, бұл жігіттен артық бақытты жан бар ма? Бірақ бір ғана секундт бар бақытты ұшырып жіберуі мүмкін ғой.
Кенет көліктің қарсы алдынан шыға келген жүк көлігі бұрылып үлгермей қалды да, екі көлік бір-бірімен соғылып қалды.
Артқы жақта отырғандықтан Арияға көп ештеңе болмағанды. Есікті күшпен ашқан қыз алдыңғы орында қанға боялған ата-анасына қарап жылап жіберді. Бірнеше секундтан кейін жарылған көлік екпінінен жылап жатқан Ария артқа қарай ұшып кетті.
        
         The end...
         ▪▪▪▪▪▪▪▪▪

Осылай болып қалды, енді. Бұл хикаяны да аяқтадым. Шынымды айтсам бұл менің жазған үшінші хикаям. Но алдыңға екеуі аяқталмай қалып, хикая деген нəрседен бір жыл қол үзіп кеткен болатынмын. Мен сіздермен қоштаспаймын, тек келесі кездескеше! Сау болыңыздар!

#Shiny

0 11 ER 0.8164