Статистика ВК сообщества "АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ / ABAY QUNANBAYULY"

0+
Қалың елім, Қазағым, қайран жұртым.

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Еңбекке шыда ебiн тап та,
Сабырдың түбi – сары алтын.
Өзiмшiл болма, көптi ардақта,
Адамның бәрi – өз халқың.

Нысап пен мейiрiм, әдiлеттi,
Жаныңдай көрiп жан сақта.
Ол жолда өлсек, немiз кеттi,
Мақсұтқа жетпей қалсақ та.

Зұлым боп елдi қырсаң-дағы,
Қожаңыз себеп болмай ма?
Патса боп қанша тұрсаң-дағы,
Бiр күнi ол дәурен солмай ма?!

- Шәкәрім Құдайбердіұлы

48 2 ER 0.1012
АБАЙ

Қазақтың Абай айтқан барлық мінін,
Кісіге жағымпаздық көрген күнін.
Қалыбы кейбірінің әлі де сол,
Қу тірлік, күнкөріске сатар дінін.
Дос жылатып айтады ащы тілмен,
Адамнан айналасың соны білген.
Зар қылып Абай айтқан өсиетті,
Бұл қазақ қаншалықты құлаққа ілген?!
Өлеңім сол баяғы он бір буын,
Сөзімді «сымпитамын» сығып суын.
Былайша төрт құбыласы түгел Абай,
Неліктен бұл өмірдің ішкен уын?!
Жастықтың күліп-ойнап, жықпай туын,
Басынан өткеріп-ақ нелер дуын.
Бар дерті еді оның жүрегінде,
Жанына дарытқаннан зәһар уын.
Айналаң болса егер топыр надан,
Содан да жапа шегед толық адам.
Бұл Абай заманынан озып туып,
Көз жетпес көкжиекке басқан қадам.
Дананың сөздері тұр нұрын шашып,
Болмыстың сан алуан сырын ашып.
Желкеден әзірейіл төнгендей-ақ,
Бұл қазақ тыңдаса-шы құлақ асып!
Сондайда сіңер бәлкім, санасына,
Бет бұрып, мінәжат қып данасына.
Өнеге, өсиет боп кетсе солай,
Қазақтың баласының баласына.
Қазақтың даласының ой-өрінде,
Кеңпейіл, қонақжайлық қақ төрінде.
Миымды «мың қазғанмен» біле алмадым,
Абайдың даналығы қай жерінде?!
Ақылын айтпаған ғой жаман көріп,
Кемшілік жүргеннен соң биттей өріп.
Соның өзі аз олжа емес, тегі,
Дананы тани алсақ таман келіп.
Сөздері ашар кілт көңіл хошын,
Самалдай қойнауыңа кірер сосын.
Сансырап, бет албаты лаққан жанға,
Абайдың шамшырағын сілте, досым!
Сөйлем мен сөз құрайды мың бір әріп,
Тізілсе, тұрар содан мағына дарып.
Абайдың қиырына көз салам деп,
Дәметіп, үміт еткен мен бір ғаріп!
Дана ол заманадан туған озып,
Заңғарын зерделеймін бойым созып.
Ақыл-ойдың азабы — ең ғибраты,
Армансызбын сол жолда жүрсем тозып.
Жан семірер сөзінің шипасына,
Тәнтімін өлеңінің ұйқасына.
Сіңіп жатыр шымырлап, миым түгіл,
Тініне, «қауашақтың» құйқасына.
Алыптан ақыл-ойым сансырады,
Ет тәнім тамырынан қансырады.
Құзар шыңға жетем деп талап қылып,
Парасат пен пайымым жанұшырады.
Қазағынан жасырмай көңіл сырын,
Әрбір айтқан келеді сөзі шырын.
Шапағат пен шипасы тисін деумен,
Тамылжытқан тамаша өткір жырын.
Қазағына шаршады айта-айта,
Бұл Абайдың ауқымын дендеп байқа.
Түйсігінің тылсымын тану үшін,
Жырларына бас қойдым қайта-қайта.
Құдайдың пендесіне пейілі дархан,
Ұлыны ұғынбаққа ақыл сарқам.
Тылсымға толы ақын жан жұмбағын,
Шеше алмай кетем бе деп тағы қорқам.
Бара алмай тұнығына терең дендеп,
Жан сарайын ұғарсың қайтіп жөндеп?!
Дананың дәргейіне басын иіп,
Жәй пенде сол олжаға әбден көнбек!
Үмітін үзердей боп қазағынан,
Жапа шеккен ақылдың азабынан.
Қорлық көріп иісалмас наданынан,
Татулық деп таусылған табанынан.
Абайдың айтып кеткен сөзі түгел,
Соны ұғып, иланса тегі, бұл ел.
Жырының көркеміне жан қуанар,
Ғайыптай ғажабына һәм жұбанар.
Абай кім? Таңдайыңа бал салушы,
Мен кіммін? Жәй әшейін таң қалушы.
Күндіз-түн, ертелі-кеш жырын оқы,
Жаныңды семіртуге бойға тоқы!
Бұл Абай қазақпен бір кете берер,
Сөздері санамызға жете берер.
Өзі өлгенмен, Құдая, сөзі тірі,
Тыңдаушысы болыңыз сіз де бірі!
Қазақта одан асқан ақын бар ма,
Пайғамбар атандырып хақым бар ма?!
Дана да, әулие де оның өзі,
Ғұлама ғибратты әрбір сөзі.
Абайдың бізге мәңгі сөзі керек,
Ұғатын ұрпақтары болса зерек.
Ұлы ақын жұрты үшін жанып-күйді,
Соның үшін ұлықтап жаным сүйді.
Жазығым: мен Абайды кеш таныппын,
Сондықтан, асықтым да, тез жанықтым.
Жанығып, қармаймын деп түгел ойын,
Ұлылыққа ұмсынды тұла бойым!
Бүгінде күш қалмады білегімде,
Жүрсем де бір Алла деп тілегімде.
Тауысқанша кәрілік атты жемір,
Абай деп өтер енді қалған өмір...
Абайдың мақтанбайық құр атымен,
Ол мәңгі қазақ деген жұратымен.
Астасып жатса қане, айтқандары,
Тәуелсіз еліміздің мұратымен!

Елдос Аймаханбетов

21 7 ER 0.0403