Статистика ВК сообщества "Работа Ростов на Дону"

0+

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Баяғыда бір аусорсақтау жігіт ауылдағы бір жесір әйелдің үйіне барыпты. Өзі аусорсақ болса, өзі жесір әйелдің үйіне барса, не мақсатпен барғаны белгілі ғой.
Келген қонаққа кет демейтін қазақы тәрбиемен өскен әйел, жігіттің меселін қайтармайын деп, бұйымтайын сұраған екен.
Жігітіміз езуі ыржиып, есекдәмесі қозып, "Ой, жеңеше, бір терлесем бе деп келдім" деген екен.
Әйел де әңгіменің мәнісін түсінген сыңай танытып, "Қайыным-ау, ер жігіттің тері шыққаны жақсы ғой, қимылдап терлейсің бе, қимылдамай терлейсің бе?" дейді.
Ойының іске асарына әбден көзі жеткен аусарсоқ, одан бетер шәниіп, "Пәлі, кескен теректей қимылсыз жатқаннан, қимылдап терлегенге не жетсін, шіркін?!" депті.
"А, ол ойың да дұрыс екен, ендеше, терлесек, терлейік" - деген келіншек жігітті қораға қарай бастай жөнеледі.
Келіншектің кетәрі емес екенін, өзі бастап қораға жетелегеніне емексіген жігіт артынан ере жөнеліпті.
Келіншек жігітті ертіп келіп, қиы ойылып, енді шығаруды күтіп тұрған қораға кіргізіп жібереді.
3-4 сағат қи шығарып, борша-боршасы шыққан жігіт, "Жеңеше-ай, бүйткенше қимылдатпай-ақ терлете берсеңіз де болғандай екен..." дейді күмілжіп.
Сол сәтте әйел, "Жарайды, қайыным, олай болса, қимылдамай-ақ терлейік, үйге жүр" деп, үйге қарай ерте жөнеледі.
"Ее, Құдай-ай, ақыры көксегенімді қолыма ұстататын болдың-ау" деген жігіт сүмеңдеп жесір әйелдің соңынан ереді.
Үйге келген соң жақсылап отырып бір шәйнек шайды ішкен жігіттің самайынан тер сорғалайды.
Соны көрген әйел, "Ал, қайыным, қимылдап бір, қимылдамай екі терледің, енді қайт, күн кешкіріп қалды" деп аттандырып жіберген екен.

19 0 ER 0.0407
18 жасқа толмаған уақытым, бір жылдай аудандық газетке фототілші болып жұмыс істедім де, аяқ астынан бәрін тастап, (Алматыға) КазГУ-дің журналист факультетіне құжат тапсыруға жүріп кеттім.
Шілденің 19 күні сол кездегі "Лениншіл жас" (Жас Алаш) газетінің фототілшісі Сиезд Бәсібековке жолықтым. Ол кісі: Болат сен дайын мамансың, саған журфактің қажеті жоқ. Мен де журфак бітіріп, фототілші болып жүрмін ғой, өзіме ұнайды. Сен уақыт жоғалтпа деді.
Бір күннен кейін құжаттарымды қайтып алдым. Сосын ауылдасым (“Қазақфильмнің сол кездегі бас режиссері) Сұлтан Қожықовқа сәлем беруге бардым. Ол кісі орнында жоқ екен. Күтіп жүргенімде залдың бірінен өзара күліп-ойнап, бір-біріне жарасып отырған екі жасты көрдім. Екеуін суретке түсіріп алдым.
Екі жастың кім екенін білген де жоқпын (ол кезде).
Бұл 1969 жыл еді.
Екі жылдан кейін ғой деймін, “Қыз Жібек” киносын тамашалап отырған кезде ғана түсіндім, әлгі фотомның кейіпкерлері кім екен...
Құман Тастанбеков пен Мерует Өтекешова киноға түсіп жүр екен ғой (сол кезде)

Авторы: Болат Омарәлиев

8 0 ER 0.0366
Болашақ жарыма

Қыңыр кетсем, қырсығым деп сүйіңіз,
Қисық кетсем, қорғаным боп сүйеңіз.
Қорған болып, қолдау болып жүрсеңіз
Білемісіз, сіздің сол ғой киеңіз?!

Ашулансам, ақылдым деп алдаңыз,
Жанарымның қарасын да аңдаңыз.
Кей кездері көңіл-күйім болмаса,
Аямастан жылы сөзді арнаңыз!

Еркелесем, еркешем деп елтіңіз,
Сүйкімдіңіз, сүйіктіңіз етіңіз.
Анда-санда құшақ толы гүл сыйлау,
Ол енді... өзіңіздің еркіңіз.

Сая құрып, серуендеуге ертіңіз,
Бұзылмасын еш уақытта сертіңіз.
Сырласым деп, мұңдасым деп жасырмай,
Бөлісіңіз болса егер дертіңіз.

Аманатпын, қиянатсыз қараңыз,
Иманымның жартысы деп санаңыз.
Таң намазға күнде бірге оянсақ,
Иншалла, тек жәннәтқа бір барамыз!

Сүйем десем, арыстаным, сеніңіз,
Ерке, қырсық мінезіме көніңіз.
Мен де сіздің қалауыңызды орындап,
Мəңгілікке болам адал теңіңіз!

Авторы: Биззат Серік

53 0 ER 0.0468
Бірде біздің үйде Дінмұхамед Ахметұлымен мазмұнды кеш өткіздік. Мен оған өзімнің жаңа өлеңдерімді оқыдым. Үлкен ұлым Қуаныштан өрбіген Елқанат атты тұңғыш немерем тәй-тәй басқан қалпы қайта-қайта Димекеңнің мойнына асылумен болды.
Шай үстінде Димекең анамнан:
– Жеңеше, неше балаңыз бар? – деп сұрады.
– Рухани балам үшеу. Үлкені — Шәмші Қалдаяқов, ортаншысы – Төлеген Айбергенов, кішісі мына Мұхтар Шаханов, – деді анам.
– Бәрекелді, жеңеше. Қазақтың үш мықтысын дүниеге бір өзіңіз өрбіткен екенсіз ғой, – деп әзілдеді Димекең.
Анам марқұм 13 құрсақ көтерген, менен өзге перзенттерінің бәрін қара жер қойнауына берген, әйтсе де үміт-сенімін маған ғана артып, рухын құлатпаған, қайсар әрі шектен тыс мейірімді адам еді. Шымкентте тұрғанымызда Шәмші Қалдаяқов анда-санда өз үйіне қонып жүретіні болмаса, негізінен, біздің жанұяның бір адамы сияқтанып кеткен-ді. Ал Төлеген Айбергеновтің әр келуі анам үшін үлкен мереке болатын. Қазақтың осы екі дара перзенті де менің анама өздерінің туған анасындай еркеледі. Сондықтан да анам оларды өз перзенттерінің қатарына қосып алған-ды.
– Шәмші Қалдаяқовқа менің құрметім ерекше, — деді Димекең.
– Қайбір жылы маған Нұрғиса Тілендиев келген екен. Әңгіме арасында оған Шәмшіні тауып, маған жолықтыруын өтіндім…
– Иә, Нұрғиса аға біздің үйге, маған телефон соққан. Сіз шақырып жатыр дегенді естіген соң, Шәкеңнің киімдерін ретке келтіріп Алматыға аттандырғанбыз. Қаланың орталығынан үш бөлмелі үй бергізіпсіз және әндер жинағын шығаруды баспаға міндеттепсіз. Сізге ерекше ризалық сезіммен оралды, – дедім мен.
– Талантқа қол ұшын беру кез келген билік адамының азаматтық міндеті, – деді Димаш Ахметұлы. – Төлеген Айбергеновті тым кеш, көзі өтіп кеткеннен соң ғана білдім. Той туралы бір тамаша өлеңі бар ғой. Үзіндісін жатқа оқи аласыз ба?

Мен тақпақтата жөнелдім:
«Бір тойым болатыны сөзсіз менің…
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ, бірақ…
Ешкімді де билетпей қайтармаймын.
Онда ортаға тасталар ұран сондай,
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай.
Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,
Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам…
Мен өзім де ән салам түн ауғанша,
Менің жаным бұл күнге құмар қанша.
Жығылған палуанға да бәйге берем,
Адалдығы сезіліп тұрар болса…»

– Тамаша! Билігім жүріп тұрған кезеңде осы ақынға және Сізге инедей сәулем түспегеніне өкінемін, - деді Димекең.

(с) Мұxтар Шаxанов

8 0 ER 0.0198
Тағатсыз күткен ыстық үн,
Жаралы хал ғой – ғашық хал.
Күйсандық көрсең, бір тілін
Мені ойлап бар да басып қал.

Тек қана көзге жас алма,
Ойлай бер мені күніге.
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбіне.

Жаныма қап ең жақын боп,
Жүректе бүгін сыздау көп.
Мен болсам кеттім ақын боп,
Азырақ бақытсыздау боп…

Жолығар болсам қайта мен
Сағыныш толы сол шақпен.
Бәрін де саған айтар ем
Жалғыз-ақ тамшы моншақпен.

Авторы: Төлеген Айбергенов

15 0 ER 0.0214
Нүкте...

Сен мен үшін өзгелерден ерексің,
Маған емес, шығармама керексің.
Мезі ететін өмірімде сүреңсіз,
Бір мұңайып, күлуіме себепсің.

Еске түсіп бірге өткізген сəттерім,
Сен жəйлі ойға толып бітті дəптерім.
Гүл сезімге жолдаймын деп өлеңді,
Лирикаға батып кетті-ау пəтерім.

Тілдескенде кетуші едік нұрланып,
Қазір жүрміз бостан-босқа сұрланып.
Арамызда ұялатын түк те жоқ,
Маған олай қарамашы ұрланып.

Кеудемдегі тоң алса да сан арман,
Шықпай жүрсің əлі менің санамнан.
Гүл сезімге жолдай беріп өлеңді,
Ұялатын болыппын ғой қаламнан.

Тауыстың-ау қаламымның сиясын,
Салқындыққа мені қалай қиясың?!
Үнсіздікпен жазаламай жанымды,
Өртеп кетші үмітімнің ұясын...

Бұл сезімнің қояйықшы нүктесін,
Қоштасайық, жүрек сені күтпесін.
Осы жолы ағыл-тегіл жылайын,
Поэзиям көз жасымды сүртпесін.

Мен расында қойдым бүгін нүктесін,
Қам көңілім енді сені күтпесін.
Бұдан былай өлең жазсам əсерлі,
Саған емес, жүрегіңді түртпесін...

Авторы: Жұлдыз Сүлейменова

22 0 ER 0.0225
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні...

1 0 ER 0.0165
Сен бе жылап жүрген?

Отырмысың шықпастан бекер үнің,
Кіріп алып бөлмеңе жеке бүгін.
Екі көзің жас толып отырмысың,
Мен белгілеп қойды деп неке күнін?

Қоя алмастан сен кеткен жетер сұрақ,
Сүйген жаның ендігі кетер жырақ.
Мен үйленіп жатырсам бақыт тіле,
Көз жасыңды төгуің бекер бірақ.

Шыдай алсаң ісіме төз ал мына,
Несі жаман үй болсам өз алдына.
Жатырмысың сулатып жастығыңды,
Естеліктер елестеп көз алдыңа?

Тағдырыңның жүрмісің ісін ұқпай?
Мен жүремін қатеңді түсініп қай?!
Үйленетін күнімді естіп алып,
Жылап жүрген сенбісің үні шықпай?

Авторы: Ерсұлтан Ықыласұлы

12 0 ER 0.0188
💔 Жүректеріңіз жыламасын!
💔 Жүректеріңіз ауырмасын!
💔 Жүрек қалауын тыңдаңыздар!

32 0 ER 0.0235
Үстінде өмір-базар белестің де,
Күліп жүру қиын іс емес мүлде.
Өзі қысқа ғұмырда қапаланып,
Өкпелегім келмейді мен ешкімге.

5 0 ER 0.0159