Статистика ВК сообщества "Қазақстан Тарихы | История Казахстана"

0+
Қазақстан тарихы бойынша ең үздік топ
Количество постов 7 549
Частота постов 168 часов 25 минут
ER 3.10
Нет на рекламных биржах

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

📝Ілияс Есенберлиннің "Алла рақымына бөлесін" Көшпенділер трилогиясының 2-кітабында, 1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылу оқиғасы айтылады. Төменде Әбілқайыр ханның батырлар жиналған үлкен жиында айтқан сөзі, және өз-өзімен кең далада жүріп, осы Ресейге қосылу жөніндегі ойлары баяндалады.

🗡Қай халыққа болса да басқа жұртқа бағынышты болу өте қиын. Бірақ біздің жағдайымызда басқа жол жоқ. Жоңғарды жеңсең, ар жағында Қытай бар. Қытай боғдыханына бағыну — тіліңнен де, дініңнен де бірдей айрылу деген сөз. Ал Россия оған қарағанда əділ де, адал да жұрт. Жеріміз де, тағдырымыз да бір.
— Кенет ол даусын көтере сөйледі.
— Жоқ, не десеңіздер де Россияға қосылу — бізге қалған жалғыз жол!
-
Түбі еліміздің де, келешек ұрпақтардың да көзі жетер, бүгінгі əрекетімді ақтар; бізге қалған жалғыз жол — ол Россияның қол астына ену. Бүгін күшті болып көрінгенмен, бар тірлігі құр мал өсіру, өзінен əлсіз елді шабу болған Жоңғар тайпасы да күні ертең не Қытайға, не Россияға бағынады. Күні ертең бізге туған күн оларға да туады. Өйткені, ұлы мемлекетке лайық қайнар бұлағы, көзі тайыз. Өнері, білімі, шығарып
жатқан қорғасыны, темірі, егіп жатқан егіні, өсіп жатқан бау-бақшасы, салынып жатқан қаласы, бекінісі жоқ ел ұзақ өмір сүрген емес. Бір қатты боранда бар малынан айрылып қалатын, елінің шетіне жау келсе құр сойылы мен отты жүрегін ала шабатын біз секілді ел жан-жағыңнан қалың жау қаптап тұрғанда, өз алдына жеке жұрт болып тұру қайда?! Тұра алмайды. Осыны неге түсінбейді олар? Жоқ, біз қайтсек те Россия мемлекетінің қолтығының астына кіруіміз керек. Бұл қазақ еліне бірден-бір келешегі бар жол. Əбілқайыр сəл кідіріп тұрып қалды. Оның сұрғылт көзі тұнжырап кетті. «Мені Ор қаласын салдырмақсың» деп айыптайды. Ор қаласын салдырсам, қазақ елін Россияға бағындыру үшін салдырам. Оны жасырып отырмын ба?

🗡Егер сөзіме көнбесе, айтқанымды күшпен істетем. Күшпен бағындырам! Өз халқыма өзім осылай зорлық көрсетуім, біле білсе сол халықтың өзі үшін емес пе? Бүгінгі ісіме, ертең болашақ ұрпақ алғыс айтады! Ал осы арманым үшін, жолымда кім қарсы тұрса аяғымның астына сап таптаймын! Сол үшін маған қазақ жеріне салынар Ор бекінісі керек! Ол бекіністе мұздай қару-жарақты, аузы түкті көп солдат болуға тиісті! Əрине, қастарым «осының бəрін Əбілқайыр өз басы үшін істейді, орыс патшасының күшімен
бөрімізге хан болғысы келеді!» дейді. Сөздерінде шындық бар, рас мен орыс патшасына сүйенген хан болғым келеді. Күшті хан болғым келеді. Бір жағынан, надан ел-жұртым, сенің қамыңды ойлайтын хан болғым келеді. Халқым, саған адал екенімді кешегі қырғын ұрыстарда көрген жоқсың ба? Өз басымның қамын ойлап қай жерде бұғып қалғаным бар? Алдағы уақыттарда да бұғып қалмаспын! Оған ар-ұятым куə!

(с) Кіші жүз ханы Әбілқайыр

📗Мәліметтер, Ілекеңнің "Көшпенділер" трилогиясының "Жанталас" 2-кітабынан алынды. #ілиясесенберлин#жанталас#әбілқайырхан#кішіжүзханыәбілқайыр#ресейгеқосылу#орбекінісі#1731#жоңғар#қытайбоғдыханы#көшпенділер [id216578727|@berdiyaruly]

17 18 ER 0.0301
Очень интересное видео! Приведено огромное количество документов, расчёсывающих всю правду. Советую к просмотру!

31 1 ER 0.0270
✅54-ші ерекше атқыштар бригадасының 4-ші батальонының бұрынғы командирі, ал қазір отставкадағы подполковник Федор Иванович Мойсеев Әлияны есіне алып былай деді:

🔹️Әлиялардың менің қарамағыма 1943 жылдың октябрь айының бас кезінде келгені әлі жақсы есімде. Біз Холм қаласының түбінде, Ловать өзенінің оң жағасында тұр едік. Штаб бастығы майор Винокуров мерген қыздарды штаб қарамағында қалдыру, оларды батальон тұрған шептің ой-қырымен, фашистер орналасқан жерлермен таныстыру жөнінде бұйрықты жариялағаннан кейін, жаңа жауынгерлерге мұның бәріне үш күн берілетінін айттым. Әңгіме үстінде менің саяси жұмыс жөніндегі орынбасарым Вала Халық оглы Салаев екеуіміз бойы кішкентай, моншақтай қара көзі аса өткір, қозғалысы тез қызға назарымызды ерекше аудардық. Мен оның жанына келдім де:
Сіз жауынгерлік тапсырмаларды орындауға
нәзіксіз ғой. Майданға қалайша келдіңіз? Жасыңыз қаншада? — дедім. Қыз бірден бойын тік ұстап, сөздерін анық айтып,
жауап берді:
Мен — Молдағұловамын. Қазақстандықпын.Ленинградта балалар үйінде тәрбиелендім. Жасым он сегізде. Комсомолкамын. Халқымыздың төгілген қаны үшін өшімді алайын деп майданға өз еркіммен келдім. Қандай да болсын жауынгерлік тапсырманы орындауға дайынмын! Салаев екеуіміз бір-бірімізге қарадық та, Әлияға фашистерді құртуда табысқа жетуіне тілектестігімізді
білдірдік...

📗 Мәліметтер, "Арулар отты жылдарда" кітабынан алынды. "Қазақстан" баспасы. Алматы 1975

#әлиямолдағұлова#кеңесодағыныңбатыры#арулароттыжылдарда#қазақстанбаспасы#федоривановичмойсеев#мерген#салаев#неміс#1943 [id216578727|@berdiyaruly]

4 3 ER 0.0180
📝Әлия Молдағұлованың "Алла рақымына бөлесін" мергендер мектебіне табандылықпен өзі сұранып барғандығы..

🔹1942 жылдың декабрь айының орта шенінде комсомолец жауынгерлер Ярославль облысының Рыбинск қаласындағы авиациялық техникумда өтетін комсомол жиналысына жинала бастады. Жиналысты жарияланған уақытта бастаймыз деп, секретарь алдында жатқан комсомол мүшелерінің тізіміне бір қарап, кімдер келгенін анықтай берді. Көп ұзамай комсомолецтердің бәрі бір кісідей түгел жиналғанына көзі жетіп, жиналысты ашық деп жариялаймын - деді ол.

- Жақында, — деді комитет секретары,- қалалық комсомол комитетіне ВЛКСМ Орталық Комитетінің бізге аса бір үлкен міндет жүктеген қаулысы келді. Онда осы 1942 жылдың декабрь айында Москва
түбінде Қорғаныс халық комиссариаты жанындағы «Главвсеобуч» басқармасының инициативасы бойынша үздік мерген әйел атқыштар дайындайтын мектеп ашылатыны, сонда оқуға өз еркімен тілек білдірген жасы 19-дан 25-ке дейінгі қыз-келіншектер тек қана комсомол ұйымдарының жолдамаларымен қабылданатыны айтылған. ВЛКСМ Орталық Комитеті біздерден ең таңдаулы комсомолдарды іріктеп, қалалық соғыс комиссариатына ұсынуға зор жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Сондықтан біз ең алдымен сонда оқуға барамын деп тілек білдіргендердің тізімін жасап, содан кейін әрбір еріктіні жеке талқылауымыз керек.

🔹Қане, аталған мектепке оқуға барам дейтін комсомолкалар қолдарын көтеруді сұраймын. Залдағылардың басым көпшілігі 16—18 жасар жас өспірімдер еді. Сондықтан төрт-бес қыздан басқа ешкім қол көтере қоймады. Соларды тізімге жаза бастаған шақта алдыңғы қатарда отырған құмырсқа бел, қара домалақ қыз орнынан ұшып тұрып:
- Секретарь жолдас, ең алдымен тізімге мені жазыңыз, менің не себепті мергендер мектебіне барғым
келетінін жиналыстан көп бұрын комсомол комитетінде түсіндіріп, өзіңізге де айтқаным жоқ па? — деп еді, оның қасында отырған қыздар:
- Лия, саған мұнда не жетпей жатыр, бәрібір майдандағыларға сенен ешқандай көмек болмайды, - деп оны орнына отырғызғысы келіп, бірі қолынан, бірі
етегінен тартып шулап қоя берді. Зал іші абыр-дабыр болды да қалды. Біреулер: «тізімге тіркеуден бұрын Лияға снайперлік винтовканы ұстатайық. Егер қолы дірілдемесе — жарағаны»,- десе, екіншілері: «Мергендер мектебіне баруға соншама құлшынуының себебiн айтсын. Оны бәрібір қабылдамайды ғой, дегенмен Лияның сырын, мақсатын білгеніміз жөн ғой», – дейді. Жиналыс председателі әрең дегенде залда тыныштық орнатып: Лия, отырсайшы, - десе де бойын ыза кернеген
қыз айтқанға көнбей, комсомол комитеті секретарынан көзін алар емес.
- Лия,- деп сөзін бастады секретарь,
- бағана комитетте ВЛКСМ Орталық Комитетінің қаулысымен жеке өзіңді таныстырдым ғой. Онда мергендер мектебіне, тек он тоғыз жасқа толған қыздар алынады деп айдан анық жазылғанын өз көзіңмен көріп, оқыдың
ғой. Ал сенің «мен - Қазақстандықпын, мен - Ленинградтықпын, бауырластарым жаумен жағаласып, қанын төгіп жатқанда мен мұнда құр оқумен, мотормен
айналысып отыра алмаймын» деуің ешкімге дауа емес. Біздің бәріміз де майданға баруға ынталымыз. Сондықтан комсомол ұйымы ВЛКСМ Орталық Комитетінің қаулысына қарсы шығып, өздігінен саған ешқандай жолдама бере алмайды....
- Ендеше маған рұқсат етіңіздер, қазір мен қалалық соғыс комиссарына барамын, - деді де қайсар қыз буырқанған күйі аяғын тез-тез басып, есікке ұмтылды да, залдан ғайып болды...

🔹Қалалық соғыс комиссариатына
комиссар мен екеуінің сөзін естіген жауынгер Надежда Матвеева былай деді:
Қателеспесем, 1942 жылдың декабрь айының он екісі болу керек. Мен өзім есепте тұрған комсомол ұйымынан жолдама алып, қалалық соғыс комиссарына келгенімде, жуан дауысты еркек:
- Молдағұлова жолдас, айтқанды тыңдау керек. Жасым он тоғызда дейсің, ал қолыңдағы паспортта сен 1925 жылы 15 июньде ғана дүниеге келгенің көрсетілген. Демек, сен жақында ғана он жетіге толдың. Мұның растығын бойың да, мінезің де, бет әлпетің де дәлелдеп тұр, - дегенін есіктің сыртынан естідім.
Оған Әлия:
- Комиссар жолдас, мен Ленин қаласында блокадада болған адаммын, сондықтан бойымның өспей қалғандығын, нәзіктігімді есепке алмаңыз, және көріп тұрсыз ғой, мына паспорт осында берілген. Мұнда менің атым да, фамилиям да дұрыс жазылмаған. Мен
Әлия Молдағұловамын, ал мұнда Лия Магдагулова деп көрсетілген. Мені мергендер мектебіне қалай етсеңіз де жіберіңіз... — деді.— Жібермейтін болсаңыз, кабинетіңізден кетпеймін...
- Сонда осында түнемекпісің?
- Түнеймін! Түнеймін! Түнеймін! Жылаған
дауыс естілді.
- Қанша жыласаң да саған көмек болмайды, техникумыңа бар, оқуыңды оқы!
- Жоқ, бармаймын!
- Ендеше кабинетті босат, жұмыс істеткіз!
- Мен бұл жерден кетпеймін дедім ғой, сіз тілегімді орындағанша осында боламын.
- Бұлай десең, күштеп шығаруға мәжбүр боламын, - деді де комиссар кабинетінің есігін ашып, бір әскери адамды шақырды. — Мына қызды кабинеттен
шығаршы, — деп бұйрық берді. Еңгезердей адам қойсын ба, комиссарға бағынбай тұрған қызды дәлізге шығарды. Кезегім жетіп, комиссарға жолдамамды тапсырып, мергендер дайындайтын мектепке түсу үшін документтерді толтырып, комиссариатынан шықсам,
соның қорасының шеткі бір бұрышында өксіп-өксіп жылап отырған бағанағы өжет қызды кайта көрдім. Байқасам, пiшiнi бiздiң жақтың адамдарына ұксамайды. Неге екенін білмеймін, оны қатты аяп кеттім де, жанына бардым.
- Жылама, сіңілім, мен жиырма бірдемін, әйтсе де менi әрең жiберетін болды. Соғыстың тез арада біте қоятын түрi жоқ. Майданға да барарсың, - дедiм басын сипап. Ол көп уакыт теріс айналып, үн қатпай отырып алды. Мен де қасынан кетпедім. Біраздан кейiн мен тағы да басын сипап:- өкпеңді бас, танысайық, менің атым - Надежда, осы қаланың байырғы тұрғынымын, - дедім.
Апай, кешірерсіз, әр кезде менің талабым осылай оңсыз болып келеді, соған ызаланамын. Менің атым Лия, авиациялық техникумның мотор маманын даярлайтын бөлімінің студентімін...- деп айтты да: - Надя апай, мен бәрiбiр сізбен бірге кетемiн, бiрге оқимын,- деді. Өте жақсы, бірақ бұл талабыңнан не шығарын кім білсін, тіпті комиссарды да ашуландырып, өзіңе қарсы қойдың,- деп шынымды айттым.

🔹Сөйтіп, Лиямен алғаш рет осылай танысып, шүйіркелесiп, дос болып кеттім. Ол күнбе-күн соғыс комиссариатына бара жатып, онан қайтып келе жатып, маған соғады. Өткен өмір жолын, Ленинградта блокадада болған кезде Ленин қаласы тұрғындарының басынан кешiрiп жатқан киыншылықтарын, ерліктерін айтады, кейде карт акын Жамбылдың өлеңдерін оқиды.
- Фашистердің қандай айуан екенін мен Ленинградта блокадада болған бір жылда
жақсы түсінгенмін. Сол кез есіме түсіп кеткенде мына қолыммен ең болмаса бір фашистің кеңірдегiнен алып, буындырсам, я болмаса қолыма винтовка алып, о дүниеге жөнелтсем деп армандаймын. Жоқ, Надюша, мен бәрібір сенімен бірге мергендер мектебіне барамын, көрерсің әлі! — деп кімге екені белгісіз, түсін суытып, жұдырығын түйіп, қолын сермеді.
Лияның фашизмге, жауыз басқыншыларға деген күннен-күнге өрби түскен өшпенділігінде шек жоқ екендігін әлдеқашан сезсем де, бұл жолы оның мақсатына жетпей қоймайтынына көзім әбден жетті. Шынында солай болды да. Ол ақыр аяғында қалалық соғыс комиссарының келісімімен біздің тізімге ілінді, менімен бірге мергендер мектебіне оқуға түсті. Бірақ бұл Әлияның табандылықпен жеңген алғашқы белесі ғана еді...

📗Мәліметтер, " Арулар отты жылдарда" кітабынан қысқартылып алынды. "Қазақстан" баспасы. Алматы - 1975.

#әлиямолдағұлова#надюша#арулароттыжылдарда#фашизм#кеңесодағыныңбатыры#мергендермектебі [id216578727|@berdiyaruly]

7 1 ER 0.0168
✅Тұрсын Жұртбай ағамыздың Бауыржан Момышұлы атамыздан "Алла рақымына бөлесін" алған сұқбатынан үзінді:

📝Ал Мағжанды мен көрдім. Кейде Мағжанның ажалына себепші болдым ба? – деген де ойға келемін. Соғыстан кейін мен әскери академияда болдым. Бірақ та армияның өзіне сұрандым. Новосибирь қаласындағы дивизия командирі етіп тағайындады. Бірде: Совет Одағының маршалы, армия қолбасшысы әскери поезд арқылы, Новосибирь вокзалы арқылы Қиыр Шығысқа кетіп бара жатқаны, менің оған жағдайды баяндауым туралы бұйрық түсті. Вокзалға келдім. Сібірдің қысы қатты. Әскери состав келгенше перронда ары-бері жүрдім. Көзім жүк почтасын қабылдайтын қоймаға кіріп-шығып, шанаға жүк тасып жүрген егде адамға түсті.

🔸️Түрі азият, азияттың ішінде қазақ сияқты көрінді. Қасына барып: «Қазақпысыз?»,- дедім. Қазақ екенін білген соң жөнін сұрадым. Сөйтсем: «Среди гор, среди скаль, Александрия централь»,— дейтін атақты концлагерьдің жүгін тасиды екен. Аты-жөнін айтқысы келмеді. Соның арасынша екі-үш рет кіріп-шығып үлгерді. Дауысымды қатайтыңқырап сұрап едім: «Жастар сендер білмейсіңдер ғой. Мен – Мағжан Жұмабаев дегенмін», – деді. Сол арада өзім оқулықтан жаттаған «Шал» деген өлеңін жатқа айтып бердім. Тағы да бір-екі жәшікті шанаға сап үлгерді: «Ә, мені ұмытпаған екенсіздер ғой. Біледі екенсіңдер ғой», – деп кемсеңдей сөйлеп, өзімді сұрады: «Ә, Бауыржан Момышұлы деген сіз екенсіз ғой. Естігенмін. Білемін», – деді. Өтірік емес, шын Мағжан екеніне көзім жетіп, лагерінің командирін сұрадым. Сол арада поезд келіп, вокзал жабылып, сарт та сұрт боп кетті. Мен де асығыс маршаллға рапорт беруге асықтым. Жарты сағаттан кейін жаңағы жерге келсем, әлгі шал кетіп қалыпты. Лагерьдің командирін танитын едім, қаладағы әскери кеңесте кездесіп тұратынбыз. Телефон шалып, Мағжан — қазақтың үлкен ақыны екенін, оны жеңіл жұмысқа ауыстыруын өтіндім. Ол келісті. Содан арада үш-төрт ай уақыт өтті. Әскери қарбаластан қол босамады.

Бір жолы әлгі лагерь бастығын
Новосибирьскідегі әскери кеңесте көріп
қалып, өтінішімнің не болғанын сұрадым.
Сонда ол: «Жерлес ақыныңнан айырылып
қалдық. Сен тапсырғаннан кейін мен Оны
жеңіл жұмысқа - хат тасушы етіп
ауыстырғанмын. Көктемде Енесай өзенінің сеңі бұзылған кезде, почта таситын қайық аударылып кетіп, суға кетті. Сүйегін таба алмадық»,- деді маған. Мұңайып мен қалдым. Міне, менің Мағжанның өліміне себепші болмадым ба - деп ойлайтыным осы қарағым»,- деп сөзін аяқтады...

📚 Тұрсын Жұртбай "Жансар" [id216578727|@Berdiyaruly]
#мағжанжұмабаев#бауыржанмомышұлы#жансар#тұрсынжұртбай#ажал#көмек#новосибирь#сұқбат#сібір#ұлыақын#қазақ

8 3 ER 0.0146
📝«Жас Алаш» газетінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №42 санында атыраулық журналист Сәния Тойкеннің: «Осы бетімізбен кете берсек, тамтығымыз да қалмайды» деrен Мағжан Жұмабаевтың ұлы сөзін тақырып етіп алған үлкен мақаласы жарияланды. Онда жасы 90-нан асқан Құлсары қаласының тұрғыны Абдулла Әбдірахмановтың Магадан облысының Сусуманск ауданындағы лагерьде ақын М.Жұмабаевпен болғаны айтылады. Ол кісі көргендерін есіне түсіріп:

«Мағжан 1948 жылы жазасын өтеп шығуы керек екен. Бірақ, сол лагерьде жүрген кездері өзара төбелескен екі тұтқынның біріне болысып, арыз жазып беремін деп айыпты болып, үстіне тағы жыл жамалған. Мен Мағжанмен тек кешкі 8 сағаттық ұйқыға бөлінген демалыста жауаптасатын едім. Сібірде жүрген күндері әйелінің қасында болғанын айтатын. Тірлікте мен тартқан бейнетке тең пенденің ішінде Аюп деген пайғамбар ғана шыдаған дейтін. Көбіне төмен қарап тұнжырап отыратын. Бірақ, бір нәрсеге кейігенін көргенім жоқ. Шамасы, бәріне көнген тәрізді»- дейді Абдулла қарт сол күндерді есіне түсіріп.

Абдулла Әбдірахманов ақсақал өзінің Мағжанмен ұзақтау сырласуға мүмкіндігі болмағанын айтады. Өйткені, Сусуманскіге айдалып келген 100 қаралы адамды, ішінде Абдулла қарт та бар, көп адамды Чукоткаға жұмысқа алып кеткен. Ол жақтан кері оралғанда Мағжан жұмысқа шыға алмай, аурулар қатарында жатқан көрінеді. Мағжан көршi камерада, астыңғы бөлікте жатты. Төсегі бұрышта, қабырғаға тіреліп тұратын еді. Мен 6 айдан соң көргенімде жөтелі ұлғайып, ауруының меңдей бастағаны байқалды. «Маған жақындама жұғады» дейтін өзі. Өмірінің соңғы сағаттарында аяғын баса алмай еңбектеп қалды, дейді ақсақал. Бір күні таңертең жұмысқа кетер алдындағы бес қатар сапқа түзеп, түгендеп жатқанда Мағжанның мүрдесін әкетіп бара жатқанын көрдім. Ақынның ауру, аштық пен цингадан зардап шеккен денесі тұлып болып ісіп кеткен. Үстінде бәріміздікіндей көмірленген қара киімі бар, беті ашық жатыр екен. Менің оның қасына барып: «Қош, арысым!» деуге мүмкіндігім болған жоқ. Екі көзімнен жас парлап, іштей «иманды бол, алдыңнан жарылқасын» дегеннен басқа қолымнан ештеңе келмеді, оның өлі денесін 3-4 адаммен бірге терең шұңқырға апарып, бетін күрей салды. Бұл – 1951 жылдың қаңтар айы еді, – дейді.

«Екі дүние – күн мен түн, өмір, өлім,
Бірі - бесін, біреуі – даяр көрің.
Бала болып жата бер бесігіңде,
Сар даланың еркесі – қазақ елім»
деп жырлаған ұлы ақын осылай дүниеден өтіпті.

📚Мәліметтер, Тұрсынбек Жалғасбайдың
"Жүректегі иман гүлі" кітабынан алынды.
#мағжанжұмабаев#ақын#өлім#түрме#айдалу#сәниятойкен#тұрсынбекжалғасбай#чукотка#мағжанжұмабайұлы#абдуллаәбдірахманов [id216578727|@berdiyaruly]

3 3 ER 0.0109
1737г. приглашение Абылая стать султаном рода Атығай...?

Согласно показаний переводчика Романа Уразлина (1737г.) генерал-майору Л. Саймонову становится известно, что некто "Вор Рысай" с товарищами приезжает к Абулмамбет хану и просит дать им в ханы "брата его" Абылая. Скорее всего речь идет о приглашении Абылая стать султаном рода Атығай. Насчет личности "Вора Рысая" есть два предположения либо это Ырысай дед Құлсары батыра, либо неправильно прочитан оригинал донесения и имеется ввиду не "Вор", а "Бори Рысай", то есть отец Құлсары батыра Бөрі Ырысайұлы из рода Атығай Құдайберді.
Согласно народных преданий Абылай был "ханом в Кокшетау 48 лет", соответственно если он умер в 1780 (1781)г., то год избрания его султаном в 1732(1733)г. Ханом же Среднего Жуза и части родов Старшего и Младшего Жузов Абылая избрали в г. Туркестан в 1771г.

В любом случае для того, чтобы подтвердить данную версию необходимо изучить оригинал документа, который хранится в РГАДА Ф248, КНИГА 1164, копия документа в ЦГА РК, Ф2300.

0 1 ER 0.0040