Статистика ВК сообщества "Имандылық айнасы"

0+
Адамның көзі - жүрегінің айнасы. Чистота - половина имана.

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Жоқтан бар жасап, азан шақырып тұрған мұсылман! 1989 жыл екен. Тарихи сурет.

10 12 ER 1.7659
Ері бар әйелдің, бөтен еркекке қиылып сүзіле қарауы үлкен пәлекет (күнә). Тек қарап қана қоймай, бір қасын көтеріп қойып, сызылып әңгіме соқса, бұл пәлекеттің пәлекеті, 100 есе үлкен пәлекет. Осындайға алданбаған еркектің дәрежесі Жүсіп пайғамбардың дәрежесімен тең болады екен...

РУМИ

22 20 ER 0.7855
Қазақстандағы және де Орта Азиядағы ең үлкен мешіт.

Мешіт 3 бөліктен тұрады.
Харам-басты ішкі алаң;
Сахан - ашық аспан астында орналасқан сыртқы алаң;
Ревак-сыртқы алаңды қоршап салынған, үлкен дәліздерден тұратын бір бөлігі.

Мешіттің басты бөлігінен Алла Тағаланың 99 есімі жазылған биік қабырғаны көре аласыздар.
Ішкі көріністі сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!)

Басты бөлігінде әлемдегі ең үлкен кілем (қолмен жасалған) жайылған. Гиннес рекордтар кітабына салмағы 20 тонна болатын аспа шам (люстра) және ең үлкен қолмен тоқылған кілем енуі мүмкін.

11 0 ER 0.3720
Бұл кісі ауызашар күтіп отыр. Аллаға барына шүкір 🤲

3 2 ER 0.3520
Алла жанұяңыздың берекесін арттырсын, шаңырақтарыңыз шайқалмасын.

3 3 ER 0.2874
Абдусаттар, Абдуғаппар, Бауыржан, Ерсін, Ризабек, Қабылбек, Еркінбек барлығы уақытша. Біздің иншаАлла бірлігіміз, ынтымағымыз керек. Бірлік пен ынтымақ болса, иншаАлла, бұл елден мыңдаған бауыржандар, мыңдаған қарилар шығады. Ауызбіршілік, ынтымақтан Алла Тағала айырмасын!

(с) Ұстаз Сансызбай Құрбанұлы

0 4 ER 0.2795
Айтыскер ақындар арасында Ринат Заитов қаңтар қырғыны жайлы шындықты шыңына жеткізіп жырлады.

Ақын халықтың ыстық ықыласына бөленген, бірақ ұзақ уақыт аламан айтыстың додасында өнер көрсетпей кеткен болатын.

Киелi өнердiң шамын жағып жүрген Ринат Заитов өзінің бір сұхбатында: «Айтыстың ажалы шындықты аңырата айтып жүрген ақындардың сөзiнен және ақиқаттан болуы мүмкiн»,- деген еді.

Қашанда шындықты айтатын, халықтың мұң-мұқтажын шумақтап жеткізетін ақындарымыз көп болғай.

10 2 ER 0.1733
🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордаға жиналған жамағатқа ислам дінінің құнды екенін, оның бейбітшілік ұғымдарын насихаттайтынын айтты. Сондай-ақ елімізге татулық пен береке тіледі.

Жиналған қауым арасында, әлем чемпиондары, депутаттар, әкімдер болды.

«Жұртымыз қашанда бейбіт өмірді бағалай білген. Біз осы ұстанымнан айнымаймыз. Ол үшін елімізге береке-бірлік, өзара түсіністік қажет. Ислам адамдарды бөлінуге емес, бірлікке шақырады. Имандылық – ең асыл қасиет. Сондықтан, дәстүрлі дініміз ұрпақ тәрбиесінің өзегі болуы керек. Ұрпаққа осындай өнегелі тәрбие беру – бәріміздің ортақ міндетіміз» – дейді Мемлекет басшысы.

Ауыз бекіткен барша мұсылман бауырларымыздың дұға-тілегі қабыл болсын! 🙌🏻

1 14 ER 0.1777
,,Жапалақ деген құс болады. Өзі он жұмыртқа табады.Соның бәрін бірден жарып ұшырмайды. Екеу екеуден жарып, бала қылып ұшырады. ,,Бәрін бірден жарып бала қылсам, тамақ жеткізе алмаспын,, деп, өзі намаздыгерден жоғары, бесіннен төмен бір ақ мезгіл ұшады. Алса, бір тышқан алады, алмаса, ала алмай қалғаны. Сонда да құстың семізі болады, себебі қанағат қылғаннан. Адам қанағатты содан ғибрат алса керек. Байғыз деген құс бар. Кәріптікті, бейшаралықты мойнына алып, таста жатады. Қайда бұзылған ойрана жай болса, сонда жатады, су ішпейді, бидай, тары жемейді. Аузына көлденең тістеген қылдан да жіңішке жалғыз шөп болады. Оны да жемейді, құр тістеп жүрсе керек. Қазақта бір сөз бар. ,,Тұрымтай екеш тұрымтай да тайлы биенің етін жейді,, деген. ,,Бір тауыққа һәм дән керек, һәм су керек,, деген. ,,Бір нәрсені қорек қылып жейтұғын болсам, соның әуресімен болып, бейнетке қалсам керек,, деп, сол үшін ешкімнің көзіне түспейді, жанға көрінбейді. Тақ Сүлеймен пайғамбарға барша құстар қызметкер құл болғанда , ол келмеген. Сонда Сүлеймен патша:
- Не үшін маған келмейсің? - дегенде. - Менің жалған дүниеден ешбір керек қылған нәрсем жоқ. Сенен не іздеп келейін? деген. Осы сөзімен құлдықтан халас болған. Адам мұны ойлап, пікір қылуы керек. Ұшқан құсты торға түсіретін, жүйрік аңды орға түсіретін тамақ екен. Жұтқын тамағына ие болған адам торға да түспейді, орға да түспейді. Осы күнгі адаммын деп жүрген адамдардың жауы иегінің астында болып кетті. Ол жау не десеңіз, жұтқан тамақ. Жалғанда мазаққа, ақиретте азапқа түсіретін тамақ. Артық тамақтан тартынған бәрінен халас болады.,,
Бабаларымыз айтқан-ақ екен!

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.

12 3 ER 0.1730
Әбсаттар қажы Дербісәлі дүниеден өтті. Иманы жолдас болсын!

0 11 ER 0.1570