Графики роста подписчиков
Лучшие посты
Суреттегі жігіт – соғыс кезінде құралайды көзге атқан мергендігімен аты шығып, жаудың 397 адамын жер жастандырған Төлеуғали Әбдібеков деген жерлесіміз. «Қара ажал» деп атапты немістер оны. Немістер оның көзін құрту үшін Берлинде арнайы кеңесіп, Европаның үздік мергендерін даярлайтын Цоссен қаласынан ең мықты снайперлерді іріктеп алып, шығыстағы майданға жіберіпті. Төлеуғали ағамыз солармен аңдысып жүріп, немістің командировкамен келген 24 мергенін тағы мүлт кетірген!
🏻 Жолымбет Мәкіш
--
Осы топқа, яғни "АҚ пен ҚАРА" тобына тіркеле кетуіңізді және достарыңызды шақыруды сұраймыз.. Күніге осындай мағыналы жазбалар салып тұрамыз. Топта арзан әңгіме, өсек- төсек мүлдем болмайды. Лайық деп тапқан жазбаны басқада топтарға таратуға көмек беріп, лайк басып, жазба жіберіп, қолдап тұрыңыздар. Бағыт бағдарды бірге түзейік ағайын!!!

Қазақ өнерінің тарландары.
Жандары жəннəттық болсын.
Мəңгілік ешкім де, ештеңе де жоқ екен..
Жандары жəннəттық болсын.
Мəңгілік ешкім де, ештеңе де жоқ екен..
БОЛҒАН ОҚИҒА!…..
Гимнастикамен айналысатын бала бүкір болатын... Қаншама жылдар бойы мектепке келгенде оны менсінбейтін сыныптасы "БҮКІР" деп мазактап карсы алатын...Ол мектепке келе жатканда алдымнан сол шыкпаса екен деп құдайдан тілеп келетін еді... БІрақ мазақтау токтамады! "Бір рет емес, бірнеше жыл! Күн сайын! Шыдамның да шегі бар емес пе?!
Бала акыры шыдамады! Үйінен пышак алып шыкты да, мазактай бастаған сәтте оны өлтіріп тынды...
Гимнаст баланың сотына қорғаушы-адвокат болып Анатолий Федорович Кони тағайындалған еді.. Сот басталды!
Сөз кезегі қорғаушыға берілді..
-"Амансыздар ма құрметті алқабилер!"
"Аманбыз Анатолий Федорович!"
Сәлден кейін ол қайтадан:
-"Амансыздар ма құрметті алқабилер!"деп кайталады..
-"Иә, иә аманбыз Анатолий Федорович!"
Ол сәл тұрды да:
-"Амансыздар ма құрметті алқабилер!" деді үшінші рет..
"Анатолий Федорович, біз сізді естідік, аманбыз, сөзіңізді жалғастырыңыз" деді сот төрағасы ашуланып...
Анатолий Федорович еш саспастан, жымиып тұрып:
-"Амансыздар ма құрметті алқа билер!" деп кайталады... Залда у-шу басталды... Айкай! "Бұл кімді мазақ қылып тұр"
деп алкабилер түтігіп кетті...Анатолий Федорович жымиған күйі амандасуды жалғстыра берді... Ашуын ұстай алмаған сот төрағасы айкайлап "Мына жерден кет, енді бұл жерге келуші болма" деп ауыр сөздер айта бастады... Алқабилер сот төрағасын қолдап залдың ішінде өз-өздерімен қырылып жатты....
-"Мен сіздермен небәрі 37 рет мәдениетті түрде амандастым!" деді жымиған Анатолий Федорович...
"Ал ол өмір бойы "БҮКІР" деген мазакка көніп келді"деді де орнына барып отырды... Бала ақталып шыкты! Бұл сот тарихындағы қорғаушының ең қысқа сөзі болатын!……………….

МЕЙІРІМ
Такси тоқтаттым. Рөлде әйел кісі отыр екен. 1,5 км немесе жаяу жүретіндердің тілімен айтқанда 3 аялдама жердегі мекенжайға 300 тг ұсындым. Алдыңғы тоқтағандардың бәрі 500-600 теңгені сұрап, алмай кетті. Ал мынау әйел-таксист бағаны келісіп алайын десем, тыңдамайды тіпті. Тіке: «Мін, отырсаңшы», деп бастап, 300 теңгені ұсынғанымда басын изей берді. Іштей жолай болды ғой деп ойладым.
Көлікке отыра бере сөз бастады: «Пәлен көше дедің бе? Ә, иә, мен ол жерді білемін. Осы жердікімін ғой, талай барған жер. Қазір мен бір көше айналып апарып тастаймын, өйткені алда жалғызбағытты жол. Онымен көлік әрі жүре алмайды», деп бір тоқтады. Қатты қашық емес жерге әдеттегіден көп сұрап, таксистердің қоғамдық көліктер тоқтаған карантинде құдайлары бергенін айттым. Ол: «Мен бос уақытымда осылай адамдарды тасимын. Өзім баға қоймаймын, сұрағанын аламын», деді. Отырғаныма 2-3 минут өтіп кетсе де көліктің айналасына сол сөзден кейін бажайлай қарадым. Өзім автомобильдердің маркасын танымаймын, сонда да қымбат машина екені көрініп тұр. Іштей «Жағдайы жақсы болса, неге такситлетеді екен? Қайырымдылық дейін десем, әйтеуір жолаушыдан ақша алады», деп ойлап үлгергенім сол еді, рөлдегі әйел ойымды оқып қойғандай:
–Мен адамдарды тасығаннан түскен ақшаға құрылыс жүргіземін. Менің балам – мүгедек. Апарып емдетпеген жерім жоқ. Ақыры Құдайға: «Баламды осылай жараттың ба? Ендеше маған сол сынақты көтеретін күш-қуат бер!», дейтін болдым. Осыған дейін мүгедек балаларға арнап монша салдырдым. Қатарынан кем өскен перзентімнің алдындағы аналық парызымды осылай өтегім келді. Қазір енді мүгедек балалар мен олардың ата-аналарына арнап мешіт салдырып жатырмын. Соларға ыңғайлап жасасам деймін. Ал осылай адам тасып тапқан ақшаны сол құрылысқа жұмсаймын. Құдай жеткізсін! Осы балам үшін жақсы қызметімді де тастадым. Жекеге кеттім. Мемлекеттік қызметте жүріп балама қарай алмайтыным анық еді, – дей бергенде келіскен жерге де жеттік. Каспиіне айтылғаннан артықтау аударып жібердім, алғысын айтып әлек.
«Мұндай ерекше балаларды қарапайым моншаға да апара алмайсың, қандай жақсы», деп ойладым. Бәрінен бұрын ананың жүрегін айтсаңызшы, алай-түлей күй кешіп түссем де, қамқорлығына алған талай балалар көз алдыма келгенде, жүрек бір сәт тыныштық тапқандай болды. Адам адамнан түрімен емес, жүрегімен ерекшеленеді екен-ау..
Айдана Шотбайқызы