Статистика ВК сообщества "Займ"

0+
Для подбора пишите в сообщения группы

Графики роста подписчиков

Лучшие посты

Кей адамдар 22 жасында университетті бітірсе де жақсы жұмыс табу үшін 5 жыл күтеді.
Кей адамдар 25 жасында атқарушы директор болғанымен, өкініштсі 50 жасында дүниеден өтіп кетеді. Ал басқа бір адам 50 жасында директор болып, 90 жасқа дейін өмір сүреді.
Орта мектептегі сыныптастардың біреулері ата-әже болып қойса, біреулері әлі бойдақ.
Обама 55 жасында зейнеткерлікке шықты, ал Трамп 70 жасында жұмыс істей бастады.
Айналаңдағы адамдардың кейбіреулері сенен озып кеткен сияқты, ал кейбіреуі артыңда қалып қойғандай көрінуі мүмкін.
Бірақ әркім өз-өзінің жолымен, өз-өзінің уақытымен жарысып келе жатыр.
Адамдарды қызғанба. Олар өз уақытының белдеуінде, ал сен өз уақытыңның белдеуіндесің.
Сондықтан сабырлы бол
Сен кешіккен жоқсың
Сен озып та кеткен жоқсың
Сен дәл өз уақытындасың ...

А.Тойшыбайұлы

225 44 ER 0.4363
Туркияда көлік апатынан кейін ер азамат құлшылық жасап, аман қалғаны үшін Аллаға шүкіршілік жасады.

10 7 ER 0.2689
Мемлекет басшысы 4 күндік еңбек демалысында жүр. Шығыс Қазақстан. Бұқтырма су қоймасы.

16 89 ER 0.2797
Суреттегі өзі үшін емес ЕЛІ үшін ұл тудырған асыл әкенің ниеті орындалсын. Тәңірі оған жар болсын. Ия. Бізге батыр емес, ғалым керек, ғалымдар керек!!!
Ақ тілектеріңізді аямаңыздар ағайын.

15 36 ER 0.2436
Өкінішті 😓

Композитор, Қазақстан КСР халық әртісі Ескендір Хасанғалиев ағамыз өмірден озыпты.

6 148 ER 0.2455
Ауғанстан. Кабул әуежайы. Бөлтірігін тістеген қасқырдай, баласын бауырына қысқан әке. Жүзінен өмірімнің жалғасын қайтсемде аман алып шығамын деген қайсарлық пен туған жерін қимай тұрған шарасыздықты қатар көрдім. Балдырғанның көзінде де үрей, қорқыныш бар. Ол қорқыныш денесіне тиген жаңбыр тамшысынан емес, екі тарапты бір-біріне айдап салып, қару-жарақ сатып, миығынан күліп отырған алпауыт елдерде жасалған оқтың ысқырғаны мен бомбаның жарылғанынан пайда болған қорқыныш.
Балақай, қайда жүрсең де аман бол! Ержеткенде туған жеріңді табарсың, сол кезде көздеріңнен қорқыныштың өшпенділікке айналғанын емес, мейірімділік пен қуанышты көрейік!

28 33 ER 0.1722
Ниет түзу болса, бәрі болады!

Туркияда төреші футболшылар үшін ауызашар уақытында ойынды тоқтата тұрды!

15 19 ER 0.1438
"Әлемдік деңгейдегі, бірақ насихатталмайтын (!) мұсылман ғалымдар мен ойшылдар:

1.Ақшәмседдин: Пастерден 400 жыл бұрын микробты тапқан.
2.Әли Құсшы: Астрономия саласының ұлы ғалымы. Айдың формалары туралы алғашқы еңбекті жазған.
3.Әбіл Уәфа: Тригонометриядағы тангенс, котангенс, секанс, тапқан ірі ғалым.
4.Бируны: Жердің айланатынын тұңғыш дәлелдеген ғалым.
5.Әбу Кәміл Шужа: Еуропаға математиканы үйреткен ғалым.
6.Әбу Мағшар: мұхит суының тартылуын ашқан ғалым.
7.Баттани: жиһандағы ең ұлы тапқырдың бірі, тригонометрияға сіңірген еңбегі ересен.
8. Жәбір бин Хайян: атом бомбасы туралы алғаш рет айтқан, химия ғылымының атасы.
9.Жазари: 8 ғасыр бұрын автоматты жүйелерді тапқан, сөйтіп компютерге апарған жолды ашқан ғалым.
10.Дамири: Еуропалықтардан 400 жыл бұрын зоология энциклопедиясын жазған ғалым.
11.Фараби: Дауыстың не екенін алғашқы болып физика заңдарымен айшықтаған ғалым, дауыстың физигі.
12.Ғиясуддин Жәмшид: Математикадағы ондық көбейту жүйесін бірінші тапқан ғалым.
13.Ибн Жассар: Алапес ауруының себебін тауып, осыдан 900 жыл бұрын емдеген ғалым.
14.Ибн Хатиб: Оба ауруының жұқпалы ауру екенін ғылыми тұғыдан дәлелдеген ғалым.
15.Ибн Фирнас: Wright бауырлардан мың жыл бұрын тұңғыш ұшақты жасап, ұшқан ғалым.
16.Ибн Карака: 900 жыл бұрын токарь станогын жасаған ғалым.
17.Ибн Түрік: Алгебра саласының негізін қалаушылардың бірі.
18.Идриси: Жеті ғасыр бұрын осы күнгі әлем картасына ұқсас картаны жасаған картограф.
19.Ибн Сина: Кітаптары Еуропа университеттерінде 600 жыл оқулық ретінде пайдаланылған ұлы ғалым, медицинаның атасы. Еуропалықтар оны Авиценна деген.
20.Қазызада Руми: Өмір сүрген ғасырындағы ең ұлы математик және астрономия ғалымы. Физика заңдарын астрономиямен ұштастырды.
21.Бүкір Уәсим: Тюберкулоз микробын R.Koch мырзадан 150 жыл бұрын тапқан.
22.Ибнун Нәфис: Еуропалықтардан үш ғасыр бұрын денедегі кіші қан айланымын тапты.
23.Піри Райыс: Осыдан 400 жыл бұрын осы күнгіге ең ұқсас әлем картасын жасаған теңізші.

Профессор Фуат Сезгин
Prof. Dr. Fuat Sezgin"

Мұртаза Жүнісұлы

142 8 ER 0.1801
Бәрін өзгерт!

💥 "Пайдасы жоқтың бәрін таста!!! Дәл қазір. Жина да қоқысқа таста!
Мәселен, ылғи аяғыңды қажайтын, кисең болды сүріне беретін туфлиді. Бір жағы істемей қалған құлаққапты. Ескі сервизден қалған жалғыз тәрелкені. Сыртқа шығарып, қоқыстың жанына қалдырып кет. Керек қылған біреу алар. Диетаның тізімін таста. Тоңазытқыштың сыртында ілініп тұрған. Қалжыңсыз)

🌟Күнде кешке таман хабарласып: "Неткен сұмдық!" дейтін қимасың болады. "Иә, әрине!" деп тұрып ойың басқада болса, нең бар оның сұмдығында, екінші жауап қатпа.

🌟Таңертемен: «Тағы бес минут!» — дегенің телефондағы таймерге бәрібір. Не қарғып тұр, не ерте жатып дағдылан. "Ұят боладыға" тіреп, оятқыш қойма. Істемейді!

🌟Баяғыда істеген істеріңе, таңдауыңа, қарым-қатынастарыңа бола өкінбе. Өкініштің түк пайдасы жоқ. Бәрі дұрыс. Сол кездегі сен үшін ол ең дұрыс шешім болған. Сабақ алғаныңа разы бол.

🌟 "Ал, егер..." деме. Ешқашан. Шамаң келсе, істе. Ұнаса — ары қарай жүр. Жапон тілі ұнаса — үйрен, танысқың келсе — хат жаз, басқа жұмыс керек пе — ауыс, шашың ұнамай ма — өзгерт, көңілің тартса — театрға бар. Тағысын тағылар... Тура ертең ұнаған бір істі тындыр. Ойланба. Әрекет қыл.

🌟 Қайта-қайта кешірім сұрау әдетінен арыл. Бір рет айтсаң да жеткілікті. Егер шын себебі болса. Қалғаны артық.

🌟 "Шабадан қарым-қатынас" — бір болу қиын, тастау аянышты. Қолың талмады ма? Әдемі дөңгелегі бар қымбат кейстерге көш. Өзі жүреді. Рахат. Әдемі, жеңіл, жайлы, сенімді. Сөздің төркіні түсінікті ме?

🌟 "Әйтеуір кездесеміз" дейтін уәде, қол тигенде хат жазам, істеймін, ала келем, сыйлаймын дегендер — аптадан артық ауада ілініп тұрса, оған дейін ешкім өліп қалмаса, соның бәрінің түк қажеті болмағаны. Ол адам артық жүк. Таста. Жеңілде.

🌟 "Қолымнан келмейді" не "мұны түсінбеймін" деген сөздер — пайдасыз. Оқы, түсін, біл, жасап үйрен, білетін адамның ақысын төлеп істет. Бірақ істе. Өмір өз қажетсіздігіңді түсінуден емес, өмірді жеңілдетуден тұрады. Солай емес пе?

🌟 Көзіңе жас үйіріліп, көңілді сыздататын естеліктерден арыл. Шамаң келсе, ұмыт. Қайтадан еске түссе — «delete»- ті бас. Өмірді улай берме. Енді өзгерте алмайтын нәрсеге бола жылама. Өтті, кетті.

🌟 Үнемі елдің ығына жығылып, "жақсы адам" боп көрінуге тырысу, айтарың бар кезде де басқаның көңіліне қарауды доғар — бұл мінезді түп-тамырымен жұлып таста. Айт, пікір білдір, сұра, түсіндір. Әдепті түрде, мәдениетті түрде өзіңнің ойыңды жеткізіп үйрен. Жақсы адамдар жұмаққа барады, ал жамандар кез келген есікті ашады.

🌟 Қартаюдан қорқу, жаңадан үрейлену, өз сұлулығыңа күмәндану, бақытыңа сенбеу — бәрін қалың қалтаға сап, отқа таста. Күлін көкке ұшыр. Мұның бәрі өмір сүруге кедергі. Еш көмегі жоқ.

🌟 Сынған есік, айна, тұтқа, асүйдегі пеш, шәугім, шайнекті жөндеу қымбат. Таста. Жаңасын аласың. Өзің қалағаныңды ал. Интернетте уақыт өлтіруді доғар.

💥 Осыны оқып болған соң көшеге шығып, серуендеп кел. Далада бәрі басқаша. Самал жел, күн, жауын, қар. Жаяу жүр. Тыныста. Айналаңа қара. Тазалықты сезін. Мұның бәрі өмір ғой. Тіршілік. Бұлар саған жұмыс істейді".

Алла Эльман
Аударған Шынар Әбілда

#өзгерісойданбасталадыІІ

188 4 ER 0.1934
Үлкен қария кісі өлер алдында ұлын шақырып:
-Мынау сағат маған сенің атаңнан қалған, шығу тарихы 200 жылдан ары өткен.
Бұл сағатты саған берер алдын, сен бұл сағатты зергерлік дүкеніне алып барып, сататыныңды айт. Қанша құн берерін айтарсың маған депті.
Ұлы зергерлік дүкеніне барып қайтыпты, әкесіне:
-Әке, зергерлік дүкеніне бардым, бұл сағат үшін 150 доллар ұсынды, сағат өте ескірген деп айтты депті.
Әкесі ұлына:
-Енді ұлым, бұл сағатты ломбардқа апарып сататыныңды айт, құнына не берер екен депті.
Ұлы ломбардқа сағатты апарып,әкесіне қайта келіп:
-Ломбард бұл сағат үшін 1000 доллар ұсынды, сағат өте ескі және тастары қарайған деп айтты депті.
Әкесі ұлына:
-Ұлым, енді сен музейге апарып көрші сағатты депті.
Ұлы сағатты музейге апарып қайта кеп,әкесіне:
-Әке музей бұл сағатты сатып алуға 500000 доллар ұсынды.Сағат өте сирек кездесетін тастардан құралған, музейіміз үшін таптырмас антиквар коллекция болар еді деді депті.
Әкесі:
-Ұлым, мен саған түсіндірмек болған жайтты ұғынған боларсың. Ешқашан бағаңды білмес, бағаламас жерге басыңды сұқпа, қадіріңді білмес жандарға ренжіме.
Өз бағаңды түсірме, жетістігіңе көз жұма қарайтындардың жанында қалма дегім келген депті.
“Адам қадірін білетін жерде жүруі керек!”...

57 9 ER 0.0966